ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама



Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама 5
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы 5
1.2 Қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 7
1.2.1.Ақпараттық жүйенiң құрылымы 7
1.3 "Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың" ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы 7
1.4 Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы. 8
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 11

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түріне айырылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы жақсы дамып келе жатқан экономика секторларының бірі - банк саласы. Дағдарысты және ифляциялық процесстерді жеңумен байланысты қазіргі Қазақстанның экономикасының проблемалары, банк жүйесінің одан әрі дамуы мен жетілдіруінде орасан зор практикалық мәні бар. Сонымен қатар соңғының дамуы банктің нарыққа шығуын либеризациялау, несие операцияларын жүргізу, банк қызметін талдау, тәукелді басқару және тағы басқада бағыттарды қамтиды.
Ақшалай қаражаттар нарығын, әсіресе, несиелік қаржыларын реттеу мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу процесіндегі маңызды құралдарының бірі болып табылады. Елдің экономикасында қандай ақша массасы айналыста екендігінен, көптеген экономикалық көрсеткіштер байланысты болады.
Мемлекеттік қазынадағы несие резервтерінің болуы елге сәйкесінше халықаралық экономикалық саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Несие процесстерінің қалай қалыптасқанына байланысты, өзінің тауарларын дүние жүзінің нарығына шығарушы көптеген кәсіпорындар- экспортшылар түсімділігіне тәуелді. Сондықтан мемлекет үшін маңызды міндеттерінің бірі елдің несие қаражаттары нарығын реттеу болып табылады. Яғни осының барлығы мемлекеттік бюджеттің көлеміне байланысты.
Курстық жобаның өзектілігі: қазынашылық бюджетінің кірісін бақылау жәнеде кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып беру,.
Курстық жобаның мақсаты: кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Қазіргі жағдайы: клиенттерге көрсетілетін дәстүрлі және дәстүрлі емес әртүрлі қызметтер саласы. Қазақстан нарықтық экономикаға өтуінен кейін, екінші деңгейдегі банктердің салыққа көрсететін жаңа қызметтерінің бірі несие операцияларын жүргізу болып табылады
Курстық жоба: кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.
Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлiмiнде ақпараттық жүйенi құрудың маңызы мен мақсаты, ҚР аудан қазынашылығында ақпараттық жүйенiң өмiрлiк циклы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен "Қазынашылық кіріс бюджетін бақылаудың" ақпараттық жүйесiнiң концептуалды сызба-нұсқасы берiлген.
" Бюджет кірісін бақылау" бөлiмiнде "Бюджет кірісін бақылау" есептер кешенiнiң орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы нұсқаулары жазылған.

1. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама

1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы

Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше.
Қазақстан Халық Банкі 80 жылдан астам уақыт өзінің клиеттерінің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттің ең ірі қаржылық институттарының бірі, бүкіл ұлттық көлемдегі филиалдар жүйесін меңгерген, оның негізі бірқалыптылық және тұрақтылық.
Соңғы жылдары елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, ішкі экономикалық қызметтерге деген қызығушылықты тудырып отыр. Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның түрлеріне, сонымен қатар қаржылық-несиелік тіреуіштер.
1994 жылдың басында Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінде Басты Қазынашылық Басқару құрылды.
Қазынашылықтың құрылуымен қаржы жүйесінің нормативті және құқықтық базалар, жаңа механизмнің құрылуы және кассалық бюджеттің атқарылуы туралы жұмыстар жеңілденді.
Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарының және қаржы құралдарының қорлары болып - мемлекеттік бюджет табылады.
Ол Қазақстан Республикасының республикалық бюджетін және жергілікті бюджеттерді - облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен республикалық бюджет - заң болып саналады. Барлық мемлекеттік бюджеттердің кірістері қазынашылықта жинақталады және барлық мемлекеттік бюджеттен кеткен шығыстар қазынашылықтың қарамағында жүріп отырады.
Қазынашылық комитеті республикалық мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуы - Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының үкімімен, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулы және жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің үкімімен, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің жарлықтарымен, Қазынашылық комитетінің деңгейі туралы және қаржы процедурасының ережесімен барлық бюджет жүйесінің бөлімдері қызмет жасайды.
1996 жылы шығындарды қаржыландыру және республикалық бюджеттің орындалуы екі параллельді сыныптама бойынша жүрді.
Қазынашылық жүйесінің негізгі элементі болып Орталық банкте Біріктірілген Қазынашылық Шот (БҚШ) саналады.
1996 жылы 6-шілде айында Қазақстан Ұлттық банкінде Біріктірілген Қазынашылық Шот ашылды. Оған мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасы облыс қазынашылығын басқару кезіндегі кассалық кірістері мен шығыстары аударылады және жазылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазынашылық Департаментіне Біріктірілген Қазынашылық Шотына электронды тапсырыс бойынша түбіртек шот береді. Берілген құжат Қазынашылық Департаментінің Мәліметтер базасына автоматты түрде жазылады. Мемлекеттік бюджеттің деңгейін берілген құжатты өңдеуден өткізіп шығарады, содан кейін оны Үкімет басына және Қаржы Министрлігіне жібереді.
Қазынашылық өзінің қарамағында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің актілерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативті-құқықты актілермен басқарады.
Қазынашылық - мемлекеттің бекіткен ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға. Қазынашылықтың мемлекеттік тілде жазылған мөрі және штампы бар, бланктің үлгісі, сондай-ақ заңмен сәйкес келетін банкте шоттары бар. Қазынашылық өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түсе алады.
Қазынашылықтың толық аты - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті мемлекеттік мекеме.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің белгілеуі бойынша Қазынашылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі босатқан Төраға басқарады.
Қазынашылықтың ұйымдық құрылымы Қаржы Министрлігінің құрамындағы Қазынашылық Комитетінен және әр территория бойынша бөлінген облыстардан тұрады. Қазынашылық Комитетінің басқару құрамындағылар:
oo республикалық бюджеттің орындалуы;
oo республикалық бюджеттегі бухгалтерлік есеп және есеп беру;
oo банктегі операциялардағы бухгалтерлік есеп және есеп беруі;
oo мемлекеттік қарыздардың нақтылығы;
oo несиелендіру;
oo ақпараттандыру;
oo бюджеттің кассалық орындалуын бақылау;
oo бюджеттік есептің әдістемесі;
oo технологиялық операциялар және есеп саясаты;
oo сонымен қатар бөлімдері бар:
1 қазынашылықты жетілдіру жобасын іске асыру;
2 ұйымдық.
қызығушылықты тудырып отыр.
Соның ішінде қаржылық басқару және қаржылық саясатқа, қаржылық бақылау және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазынашылық ақпараттық жүйелері
Есеп берудің құрылмы
“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау
Қазынашылықты ұйымдастыру ,оның бюдежттің орындалуындағы рөлі
Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
АҚ «Халық банк» тарихы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Шетелдік валюта операцияларының есебі
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Пәндер