Қазақстан республикасындағы сақтандыру . Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. Қазақстан республикасындағы сақтандыру5
1. 1 Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері5
1. 2 Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы7
1. 2. 1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері8
ҚОРЫТЫНДЫ10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:11
КІРІСПЕ
Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық - несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Курстық жобаның өзектілігі: Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.
Адамзат алдына қойған қажеттілік пен тапсырмалардың артуына байланысты есептеудің мәні мен қажеттілігі арта түсіп, бұл қажеттілік есептеуді механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Адамдарға тез жұмыс істейтін көмекшілер керек болғандықтан бұл есептеуіш техниканы толық жетілдіруге мәжбүр етті, бірақ енді механикалық емес, ал электр механикалық негізде.
Бұл жағдай электронды есептеу машиналарының (ЭЕМ) пайда болуымен түпкілікті өзгерді. ЭЕМ-нің қарқынды дамуы 1980-жылдардың соңында басталды. Осыдан кейін ғана тым үлкен интегралды жүйелерді қолдану, тез әрекет жасау, әмбебаптық және басқа да мүмкіндіктер қолданыла бастады.
Бізді қоршаған, әлемдегі айналымдағы ақпараттар ағыны өте ауқымды және уақыт өте олар артуда.
Сондықтан, үлкенді-кішілі кез келген ұйымда тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін деректерді басқарумен қиыншылықтар туындайды. Кейбір ұйымдар бұл үшін папка толған сөрелер қолдануда, бірақ көпшілігі компьютерлендірілген тәсілдерді таңдайды. Бұл - үлкен көлемдегі деректерді сақтай алатын, жүйелей алатын деректер қоры болып табылады. Бүгіннің өзінде деректер қорынсыз көптеген қаржылық, өнеркәсіптік және т. б. ұйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес.
Қазіргі жағдайы: ЭЕМ файлдарында ақпарат сақтау қағаз жүзіндегіге қарағанда арзанырақ. Үлкен көлемді сақталған ақпаратты қолдану үшін жүйелік құрылғылардың, деректерді жіберу құралдарының, жадының дамуынан басқа, сұрауларды енгізе алатын, файлдарды оқи алатын, сақталған деректерді модификациялай алатын, жаңа деректерді қоса алатын және сақталған деректер негізінде шешім қабылдай алатын адам мен ЭЕМ арасындағы диалогты қамтамасыз ететін құралдар керек.
Бұл функцияларды орындай алатын мамандандырылған құралдар жасалған - деректер қорын басқаратын жүйелер (ДҚБЖ) .
Осыларды қорытындылай келгенде, көтеріп отырған мәселемді өзекті емес деп айтуға болмайды. Компьютері бар әрбір кәсіпорын өз мамандарының жұмысын автоматтандыруға тырысады. Бұл олардың жұмысын оңайлатады және тездетеді.
Осыған байланысты сақтандыру компанияның жұмысын автоматтандыру қажеттілігі артып отыр.
Курстық жобаның тақырыбы : «Сақтандыру компанияның ақпараттық жүйесін құру және жобалау».
Курстық жобаның мақсаты: сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды алу, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және архивті сақтау процесін автоматтандыру болып табылады
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.
- Қазақстан республикасындағы сақтандыруСақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің, олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес, оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады.
Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:
- қоғамдық қорғаудың жүйесі;
- әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;
- жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медициналық сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі бар:
- бюджеттік әдіс;
- сақтық әдісі.
Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттің қаржысын, яғни бүкіл қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-қорларды шаруашылық жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын-ала қарастырады.
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып отырады;
- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
1. 2 Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы
Технология дегеніміз - материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз - түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз - ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В. Апатова, В. Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».
Д. Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз - бұл ақпараттық технология .
1. 2. 1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері
Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр.
Түрлі ақпаратты-техникалық жаңалықтарды басқару аппаратының арзандауы мен кішіреуі ретінде қабылдау керек. Мысалы телефон, радио, телевидение, персоналды компьютерлер, локальді және глобальді - Интернет компьютерлік желілердің шығуы кәсіпорынды басқарудағы ақпаратық қамсыздандыруының дамуына алып келді. Ақпараттық процесс жұмыс күшінің өнімділігінің жоғарлату, өндіріс процессінің тиімді ұйымдастыру құралы ретінде жаңа техниканың жұмыс істеу шарты болып табылады .
Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды береді:
- біртұтас мәліметтер базасы негізінде басшылар мен қызметкерлерге толық, шынайы және жедел ақпаратты қамтамасыз ете отырып кәсіпорынды басқару тиімділігін жоғарлату.
- документтердің айналымын оптимизациялау мен стандарттау арқылы іс жүргізу процессін жеңілдету.
- процесстерді автоматтандыру арқасында қызметкерлерді көптеген жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді.
- басқарудың барлық деңгейінде ақша құралдары мен материалды-тауарлы запастардың сенімді бақылануын қамтамасыз етеді
- орталық аппарат пен бөлімшелердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету
- ақпаратты өңдеудің барлық деңгейлерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т. б.
- Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және қаржылық немесе кез-келген басқа талдау үшін ыңғайлы түрде беру және басқарушылық шешімдерді қабылдауда оларды пайдалану.
- кәсіпорынның бизнесс (технологиялық) операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.
Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі. Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте үлкен мәнге ие.
АЖ мен оның басты компаненті - ақпараттық технологияны жобалаудың технологиялық тізбегінің міндетті базалық конструкциясы болып технологиялық операция - технологиялық процестің бөлек тетігі табылады.
Жүйенің адаптациялық қасиеттері ұйымның өндірістік және ішкі басқару ортасының айналасындағы сыртқы фон өзгерістеріне бейімделу қабілеттілігін көрсетеді. Тапсырыс берушінің маңызды міндеті - жобалау кезеңінде бүкіл жүйенің функциялануында маңызды мәнге ие басқарушы және шығатын параметрлер мәндеріндегі ауытқулар жіберу шекараларын қалыптастыру.
Жалпы түрде есеп қойылуы төрт принципиалды маңызды компоненттерден тұрады:
- ұйымдық-экономикалық схема және оның сипаттамалары;
- қолданылатын математикалық модельдер жиыны;
- есептеу алгоритмдерінің сипаттамалары;
- жүйенің ақпараттық моделін құру концепциясы.
Сақтандыру компаниясы бір-бірімен автоматтандырылған жүйемен байланысқан.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, сақтандыру компанияның автоматтандырылған компьютерлік жүйені қолданудың мынадай ұтымды жақтары бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz