1931-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАНША ЕДІ



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1931-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҚАНША ЕДІ?

Бұл сұрақ ашаршылық тарихын зерттеушілер үшін аса маңызды, тіптен басты мәселе деген болар едік. Осы жылдардағы ауыл халқының, оның ішінде қазақтардың санын бұрмалап көрсету тарихи шындықтан адастыратынын кез келген зерттеуші ұмытпауы тиіс. Қазақ халқының 1930 жылдың басындағы нақты санын білмей ашаршылықтан қырылғандардың пайыздық үлесін анықтау мүлде мүмкін емес.
Бұл мәселеде мұрағат қойнау - ларында қажетті деректер сақ - талғанын да атап көрсетеміз. Негізінен бұлар Бүкілодақтық санақ көрсеткіштері. 1926 жылдың соңында Кеңестер Одағындағы қазақтардың саны - 3 млн. 968 мың адамды құраса, ал 1937 жылғы санақ мәліметі бойынша қазақтар - 2 млн. 862 мың адам, ал 1939 жылдың басындағы санақта - 3 млн. 842 мың адамды құрады. Ашаршылықтың демографиялық салдарларын зерттеушілер әдетте осы мәліметтерді басшылыққа алып, оларды салыстырмалы түрде талдайды. Олардың арасында шетелдегі Роберт Конгвест, Робер Дэвис, Стивен Уиткрофт, Никола Пианчиело және тағы басқалар да бар.
Дегенмен де, зерттеушілер үшін негізгі деректерді құрайтын бұл санақтарда қазақтардың саны бұрмаланып көрсетілгені ешкімді ойландыра қоймайды. Мұны дәлелдеу үшін 1897 жылғы халық санағына жүгінейік: бұл кезде қазақтардың саны - 3,5 млн. адамды құрады. Осыны бастау етіп алар болсақ, 1921-1922 жылғы ашаршылықта қазақтардың 30 па - йызы қырылғанын ескергеннің өзінде де, 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағының қазақтардың санын толық қам - тымағанын байқау қиын емес. 1916 жылғы патша үкіметінің есепке алу санағынан қаймыққан қазақтар 1926 жылғы санақтан жасырынып қалуға тырысты. Зерттеушілер осы мәселені ескере бермейді. Ал 1937 жылға қаңтардағы және 1939 жылғы қаңтардағы санақтардағы қазақтар санын салыстырғанда, кейінгі санақ көрсеткіштерінің қазақтарда орын алған ашаршылық құрбандықтарын азайту үшін адам санын асырып көрсететінін байқау қиын емес. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай, 1937 жылғы санаққа жауапты адамдар (санақ басқармалары басшылары) түгелдей атылған соң, 1939 жылғы санақты жүргізушілер ашаршылық жалмаған аймақтарда адам санын (оның ішінде қазақтардың) үстемелеп көрсетуге амалсыздан барды. Бұлай болмаған жағдайда соңғы санақты жүргізушілер де алғашқылардың қасіретті тағдырын құшатын еді.
Бұдан шығатын қорытынды: аталмыш Бүкілодақтық санақ мәліметтері 1930-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының санын анықтауда негізгі дерек көздері бола алмайды. Оларды мұрағат қойнауындағы әртүрлі мекемелердің ресми мәліметтерін талдауда қосымша, жалпылама және жанама деректер ретінде ғана пайдалануға болады. Өкінішке қарай, шетелдіктерді айтпағанда өзіміздің зерттеушілерміз де осы санақтардағы олқылықтарды ескере бермей жүр.
Шындықты іздестірер болсақ, басты деректер қатарына Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Отырықшыландыру жөніндегі рес - публикалық комитеттің техникалық кеңесінің ресми мәлі - меттері де есепке алынуы тиіс. Осы мекеменің 1931 жылы 14 желтоқсандағы мәжілісінде мемлекеттік жоспарлау мекемесінің ресми мәліметі тыңдалған. Бұл бо - йынша Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар санының 706 мың екендігі атап көрсетіледі. Олардың 42 мыңы, яғни 5 пайызы ауқатты қожалықтар еді. Бұл дегеніңіз, сол жылдары осы мекемеде қызмет жасаған М.Г.Сириустың есебі бойынша, 4 млн. 236 мың қазақ болып шығады. Ол кезде Қазақстандағы барлық ауыл халқының (басқа ұлттарды қосып есептегенде) саны - 5 млн. 800 мыңнан асып түсетін.
Бірақ бұл деректердің де кемшілігі бар: біріншіден, мұнда ашаршылықтың алғашқы жылында қырылған қазақтар есепке кірмей қалған; екіншіден, мұнда тек көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының саны ғана есепке алынған. Әйтсе де, бұл көрсеткіш сол жылдардағы қазақ халқының 90 пайызға жуығы болып табылады. Отырықшы қазақтарды есептемегенде, осы жылдары қазақтардың 6 пайызға жуығы қалаларда тұрғанын ұмытпауымыз керек. Бұл жылма-жыл өткізілетін, біршама шынайы қала халқының санағында көрсетілген. Алайда қазақ халқының саны 1928 жылғы ірі байларды тәркілеу науқанынан бастап қысқара бастағанын ескеруге тура келеді. Бұл мәселеде де бізде нақты мұрағаттық дерек бар. Ол бойынша 1928 жылы қазақтардың барлық қожалықтарының саны - 826 мың (яғни 4 млн. 800 мыңнан астам адам) екенін көреміз. Бұлардың 120 мың қожалығы отырықшы болса, 700 мыңнан астамы көшпелі және жартылай көшпелі еді. Міне, қасіретті зобалаң қарсаңындағы қазақтың нақты саны осындай.
1937 жылдың 14 ақпанында рес - публика санақ басқармасының бастығы (Қазнархозучет) Сама - товтың Мәскеудегі бастығы Кравальға және Мирзоянға жол - даған мәліметі бойынша, 1930 жылы 1 маусымда ауыл халқының саны - 5 млн. 873 мың адам (оның ішінде қазақтар 4,5 млн-нан асып түсетін) болатын. Осылайша, ресми деректер ашаршылық қарсаңындағы Қазақстандағы қазақ және басқа халықтардың ауыл шаруашылығындағы санын анықтауға мүмкіндік беретінін ескергеніміз жөн. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін жанама ресми деректер де баршылық. Олардың ішінде Л.Мирзоянға жазылған Алтаудың хатындағы ( Ғ.Исқақов, И.Қаболлов, Ж.Арыстанов, В.Айбасов, Ғ.Тоғжанов, У.Жандосов (Ораз Жандосовтың ағасы)) ресми мәліметтер де бар. Онда хат авторлары Қазсовнаркомның мәліметі бойынша 800 мың қазақ шаруашылығынан (4 млн. 800 мың адамнан) 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылықтары (2 млн. 250 мың қазақ) қалғанын атап көрсетеді.
Босқындардың саны қанша?
Бұл мәселеге байланысты мұрағат қойнауларында деректер өте көп. Өйткені кезінде Мәскеудегі Тұрар Рысқұловтың арнайы тапсырмасымен Қазақстан басшылығы үкімет жанынан Босқындарды шаруашылықтарға орналастыру комитетін құрған болатын. Оның өкілдері қазақтар босып кеткен Кеңестер Одағының аймақтарында жұмыс жасап, босқындар санын анықтаумен және оларды Қазақстанға қайтарумен айналысты. Осыған қатысты құжаттар мұрағат қойнауларында сақталған.
Босқындар саны Тұрар Рыс - құ - ловтың Иосиф Сталинге жазған екінші хатында да әртүрлі аймақтар бойынша біршама нақты көрсетілген. Сонымен бірге Батыс Сібірдегі, Орта Еділдегі, Қырғызстандағы, Орталық Азиядағы қазақ босқындары туралы мәліметтерді сол аймақтың басшылары да Мәскеуге және Қазақстанға жолдаған ресми және жедел хаттарында нақтылай түседі. Олардың бәрін тарихи салыстырмалы түрде талдар болсақ, 1932 жылдың 1 ақпанына дейін қазақстандық 1млн. 500 мың адамның босқыншылыққа ұшырағанын байқаймыз.
Бірақ босқыншылық 1933 жыл - дың шілде айына дейін созылды. Қазақстан үкіметінің 1933 жылы Мәскеуге берген ресми мәліметтеріне қарасақ, 1931-1933 жылдары Қазақстан бойынша ауыл халқының саны - 2 млн. 600 мың адамға кеміген. Бұл негізінін қазақ қожалықтарына қатысты. Жылдар бойынша қарастырар болсақ, 1930-1931 жылдары (маусым айындағы есеп) ауыл халқы 759 мың адамға кемісе, 1931-1932 жылдары 1 млн. 887 мың адамға, 1932-1933 жылдары 733 мың адамға, барлығы - 3 млн. 379,5 адамға кеміген. Атап көрсетер бір нәрсе, бұл мәліметтер қайтыс болғандарды да, тірі бос - қындарды да қамтиды. Яғни, мұрағат қойнауындағы деректерде аштық құрбандары мен тірі қалған босқындар сандары көбіне бірге көрсетіледі. Мұның өзі босқындар санын ашаршылық құрбандарынан бөліп көрсету қажеттігін туғызады. Өйткені тірі қалған босқындарды анықтамай, аштан өлгендердің санын нақтылау мүмкін емес.
Санақ мәліметтерін талдағанда, көрші республикалардан Қазақстанға қайтпай қалған қазақтардың 300 мыңнан астам адам екенін аңғара аламыз. Қазақстанның өз ішіндегі босқындарға келетін болсақ, бұл мәселеде де нақты деректер бар. 1934 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстандағы шаруашылық, өндіріс орындарына орналастырылған босқындар саны - 628,2 мың адам (139,6 мың қожалық). Жалпы 1933-1934 жылдары Қазақстанда 640 мың адам (160 мың шаруа қожалықтары) босқындарға көрсетілген көмектің нәтижесінде Қазақстанға орналас - тырылды. Жалпы босқындар - дың Қазақстаннан шығып кеткен 500 мыңнан астамының 200 мыңдайы Қазақстанға қайтып оралды. Л.Мирзоян өзінің 1933 жылы 23 наурызда Сталинге және Молотовқа жазған хатында респуб - лика ішіндегі босқыншылыққа ұшыраған халықтың санын - 300 мың адам ( 90 мыңнан аса қожалық) деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, Қазақстанның 30 ауданында босқыншылық орын алғаны туралы Голощекиннің 1932 жылға 9 қыркүйекте Мәскеуге жазған хатында нақты атап көрсетіледі. Жанама және ресми деректерді талдау нәтижесінде алапат ашаршылықта 1930 жылы қазақ босқындарының саны жалпы алғанда ( шетелдегілерді қосып есептегенде) 1 млн. 100 мың - нан асып кетті.
Босқындар санын толығырақ көрсету үшін шет елге өткен қазақтар санын анықтап алуымыз керек. Бұл мәселенің осы уақытқа дейін едәуір бұрмаланып келгенін де айтпасқа болмас. Тағы бір айта кетер нәрсе, Қазақстан тарихына байланыс - ты іргелі зерттеулерде Қазақстанда аштан қырылғандар шығынын аман қалған босқындар есебінен жауып, осылайша ашаршылық құрбандарын азайтып жіберетіндер де бар. Мысалы, Роберт Конквест Қазақстанның шекаралық аудандарынан Батыс Қытайға 200 мың қазақ көшіп кетті десе, ал ресейлік тарихшылар Ю.А.Поляков, В.Б.Жиромская, И.Н.Киселев олардың санын 1,3 млн. адамға жеткізеді. Әсіресе соңғылардың Қытайға өткендердің санын ешбір негізсіз тым ұлғайтып көрсетулері Қазақстанда аштан қырылған қазақтардың сандарын көпе-көрнеу азайтып көрсетуге алып келетінін айтуға тура келеді.
Өкінішке қарай, Қытайға кеткен қазақтар санын 500 мыңдай адам деп көрсететін қазақстандық тарихшылар да (Б.Төлепбаев, В.Осипов) бар. Мұның өзі кейбір зерттеушілерді аштық қасыретіне байланысты қате қорытындылар жасауға итермеледі. Егер 1930-1933 жылдары Қазақстанда қысқарған ауыл халқының саны босқындарды қосып есптегенде - 3 млн. 379,5 мың деп есептесек, қазақтарды шет елге көптеп көшіріп жіберу аштан қырылғандарды азайтады. Мұндай қорытындылар, сөз жоқ, ашаршылық жылдарындағы тарихымыздың шындығын кө - легейлейді. Айта кетер бір мәселе, Қы - тайға кеткен қазақтар саны ОГПУ-дың шекаралық бөлімдерінің мәлімдемелерінде және Қытайдағы КСРО барлаушыларының құпия баяндауларындағы деректерде нақты көрсетілген. Олар бойынша тіптен Қытайға көшкендердің әлеуметтік құрамы да нақтылана түскен. Мысалы, 1930 жылы Қытайға 15 мың 302 қазақ өткен болса (олардың 3 510 - байлар, 5039 - орташалар, 40463 - кедейлер, 2290 - колхозшылар), ал 1931 жылы Қытайға өткендер 36 965 адам (олардың 7542 - байлар, 3606 - орташалар, 14 840 - кедейлер, 8469 - колхозшылар) екенін көреміз. Яғни екі жылда Қытайға өткендер саны барлығы - 49 мың 759 адамды құрайды.
Сонымен қатар шекарадан өтерде ұсталғандарының да саны деректерде атап көрсетілген. Мысалы, 1931 жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейінгі аралықта ғана шекарадан 14 мың 412 адам ұсталған. Шекараны бұзып өтпек болған босқындардың қанды қырғынға ұшырағандары да тарихи шындық. Ресми мәлімет бойынша 1930 жылдың өзінде ғана Іле округінің шекарасынан Қытайға өтерде 1000-нан астам қазақ босқындары өлтірілген. Дегенмен де, Батыс Қытайда 1931 жылдың 1 қарашасынан бастап шекара күзеті барынша күшейтілді. Дәл осы кезеңде Кеңес үкіметі тарапынан да шекараны күзетуге байланысты қосымша шаралар қолға алынды. Өз кезегінде Батыс Қытайдың Үрімші және Чигучак губернаторлары 1932 жылдың наурыз айында Қытай шекара күзетіне КСРО-дан өтіп келген босқындарды жедел кейін қайтару туралы арнайы нұсқаулар берді. Бұл бойынша босқындарды жасырған Қытай шекрашылары жауапкершілікке тартылатын болды.
Айта кетер нәрсе, 1930 жә - не 1931 жылдардағы Қытай мен Қазақстанның шекаралық аудан - дарындағы халықтың қысқаруы туралы Мемлекеттік Жоспарлау мекемесінің мәліметі де бар. Ол бойынша осы кезеңде Қазақстанның шекаралық аудандарында халық саны - 87 мыңдай адамға қысқарған. Сонымен қатар Қытайдағы бар - лаушылардың мәліметтері бойынша Батыс Қытайда осы жылдары Қазақстаннан көшіп келген 60 мың адам өмір сүріп жатты. Осыларды және 1932 жылы шекарадан өткендерді және шекара бойындағы қарулы қақтығыстарда қайтыс болғандарды қосып есептейтін болсақ, Қытайға өткен қазақтардың санын 70 мыңның айналасы деп көрсетер едік. Бұларға Ауғанстанға және тағы басқа шет елге өткендерді қосып санағанның өзінде күштеп ұжымдастыру жылдарында шет елге өткендер саны шамамен 100 мыңның айналасын ғана құрайды. Шекаралық ОГПУ органдарының мәліметтерінде қазақтардан кейін Қытайға көп көшіп жатқан ұйғырлар болып табылатыны атап көрсетіледі. Олар негізінен Жаркент және Октябрь аудандарынан көшіп кетті. Қытайға кеткендер арасында дүн - гендер мен орыстар да бар. Бұлар Жаркент, Лепсі, Үржар және Зайсан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
Ашаршылық нәтижесі
Ашаршылықтың демографиялық салдары
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу
Пәндер