Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі
бағыттары
1998 жылы Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалауға және ұрпақтардың
ынтымақтастығы әлеуметтік қағидатынан дербес зейнетақы жинақтары қағидатына
кезең-кезеңімен өтуді жүзеге асыруға кірісті. Әлеуметтік қамсыздандыру
жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілген
реформа нәтижесінде Қазақстанда базалық, міндетті (ынтымақты және
жинақтаушы) және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерінен тұратын
көпдеңгейлі жүйе құрылып, қызмет көрсетеді;

- тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму негізінде зейнетақы бағдарламасын
қаржыландыру арттырылды. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері үздіксіз өсірілді.
14 жыл ішінде (1998-2012 жылдар) ең төменгі зейнетақы мөлшері 11 есеге
(2 440 теңгеден 26 211 теңгеге дейін) артты, орташа зейнетақы – 10 есеге
(3 964 теңгеден 38 765 теңгеге дейін), ең жоғарғысы – 7 есеге (7256-дан
56047 теңгеге дейін) артты.
- жинақтаушы жүйені енгізу және қызмет етуінің практикалық іс тәжірибесі
жинақталды;
- азаматтардың зейнетақы жинақтары өсуде. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 3183,2 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақының орташа
мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қосқанда) 41912 теңгені құрайды немесе
жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 40% асады.
Келешекте ынтымақты жүйеден зейнетақы төлемдерінің мөлшері азаятын болады
(азаматтардың 1.01.1998 ж. дейін жинақталған еңбек стажы азаюына
байланысты). Бұл азаю жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін төлемдермен
өтелетін болады деп көзделген.
Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ұзақ қызмет етпеуі зейнетақымен
қамсыздандырудың әлеуметтік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауына және ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген
отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан
әрі дамыту шараларын қабылдауды тапсырды.

Қазіргі кезде ҚР базалық , міндетті және ерікті деңгейден тұратын
көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қызмет етеді.
Базалық денгейде-зейнеткер жасына жеткен адамдарға базалық зейнетақы
төлемі (БЗТ) төленеді. Ол еңбек стажына және бұрын алған табысына
қарамастан, баршаға бірдей мөлшерде белгіленеді.
Міндетті денгейде - зейнеткерлерге бюджеттен ынтымақты (еңбек)
зейнетақы және жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақтаушы зейнетақы
төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өткен кезде (1998 ж.) еліміздің
азаматтары үшін оларда 01.01.1998 ж. жағдайдай бойынша кемінде 6 ай еңбек
стажы және 1995 жылдан бастап қатарынан кез келген 3 жыл үшін жалақысы
болған кезде бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық
зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек стажы әйелдер үшін 20 жылды және
ерлер үшін 25 жылды құрайды.
Зейнетке шығар кезде еңбек өтілі болып, бірақ белгілі бір себептермен
табысы туралы мәліметтерді тапсыра алмаған жағдайда ең төмен зейнетақы
тағайындалады (ағымдағы жылы 19066 теңге).
Белгіленген жағдайларға қарай ынтымақты зейнетақыны тағайындау және
төлеу шамамен 2043 жылға дейін сақталады.
Алайда, әйелдер үшін 2018 жылдан бастап, ерлер үшін 2023 жылдан
бастап зейнетақыны есептеуге ұсынылатын еңбек өтілінің қысқаруына
байланысты зейнетақы толық емес және үнемі азайып отыратын мөлшерде
тағайындалатын болады.
Анықтама үшін: ынтымақты зейнетақы 2012 жылы тағайындалған ынтымақты
зейнетақы алушылардың саны 104 мың адамды құрады. Оның ішінде 91,2 мың
адамға зейнетақы толық мөлшерде, ал 12,7 мың адамға (жалпы санынан 12% )
толық емес мөлшерде тағайындалған.
ЖЗҚ төленетін жинақталған зейнетақы жалақыдан 10% мөлшерде міндетті
зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
қатысушыларына төленеді.
Зейнетақы жинақтарының мөлшері зейнетке шыққаннан кейін 18 жыл ішінде
(халықаралық стандарт) зейнетақы төлемдерін ең төмен мөлшерде зейнетақы
төлеуге жететін болса, әйелдер 50 жаста, ал ерлер 55 жаста зейнетақы алуға
құқылы.
Егер жинақтың мөлшері аз болса, жинақтау жүйесінің қатысушылары
өздерінің жинақтарын аннуитет (сақтандыру) компаниясына ауыстырумен
зейнетақы аннуитетін сатып ала алады. Зейнетақы аннуитетінің иесіне
зейнеткер қайтыс болған жағдайда мирасқорлық құқығынсыз ең төмен зейнетақы
мөлшерінде өмірлік зейнетақыға кепілдік беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан және сақтандыру компаниясынан
(аннуитет бойынша) төленетін төлемдер арасындағы айырмашылық ЖЗҚ төленетін
төлемдер мирасқорлық құқығын бере отырып, сол құқық аяқталғанға дейін, ал
екінші жағдайда – өмір бойы мирасқорлық құқығынсыз жүзеге асырылуынан
тұрады.
Қазіргі кезде зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері 376 мың теңгені
құрайды. Зейнетақы төлемдері орташа 4000 теңге мөлшерімен (тұтастай
экономика бойынша орташа айлық жалақыдан шамамен 3-6%) шамамен 901 мың
зейнеткерге төленді.
Сарапшылардың есебі бойынша кемінде 30 жыл жинақтаушы зейнетақы
жүйесіне қатысу өтілі болған және зейнетақы жарналарын тұрақты аударған
(жылына 12 рет) кезде барабар зейнетақы (жалақыдан кемінде 40% шердмөле)
алуға болады. Осындай стандарттармен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы
жүйесінен төленетін бұрынғы төлемдер аз, бұл екі түрлі себеппен:
жүйенің сәйкесінше жас болуы (оған небары 15-ақ жыл) және
зейнетақы жинақтарының инвестициялық табыстылығының төмен болуымен
түсіндіріледі.
Бірінші себепке келетін болсақ, онда уақыт жүйені кемелділікке
әкеледі, екінші кедергі күрделілеу және ол сақталған жағдайда, осылайша
болашақ зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне теріс әсер ететін
болады.
Басқаша айтқанда – зейнетақы активтерін тиімді орналастыру және
олардың табыстылығын арттыруға қажетті жағдайлар жасау есебінен жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру – уақыт бұйрығы.
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан, ол болған уақытта
макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен
екінші жағынан - ынтымақты зейнетақы жүйесінің ауысуымен байланысты
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі алдағы өзгерістермен байланысты.
Жұмыспен қамту серпінділігі, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту ЖЗЖ
дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Егер 1998 жылы
халықты жұмыспен қамту деңгейі экономикалық белсенді халықтан 86,9% құраса,
бүгінде ол 94,7 % тең, ал абсолюттік әлпетте жұмыспен қамтылған халық саны
осы кезеңде 2,4 млн. артты және 8,5% млн. адамды құрайды.
Жұмыспен қамтылған халықтың табысы да артты. Бір қызметкердің орташа
айлық жалақысы экономика бойынша соңғы 15 жылда 8 есеге артты және ағымдағы
жылғы ақпанда 98 736 теңгені құрады.
Егер 2001 жылға қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шамамен 3 млн.
жұмыспен қамтылған адам қатысып, олардың ЖЗҚ зейнетақы аударымдары 53
млрд. теңгені құраса, 2012 жылы белсенді қатысушылардың саны 5,7 млн.
адамға, ал зейнетақы аударымдары 507 млрд. теңгеге жетті.
Қазіргі кезде жылына кемінде бір рет МЗЖ аударатын шамамен 50% өз
бетінше жұмыспен айналысатын халық ЖЗЖ қатысушысы болып табылады.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы
мөлшері 3,2 трлн. құрады, алайда, зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері бір
қатысушыға небары 376 мың теңге.
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізгеніне 20 жыл толады.
Осы уақытта зейнеткер жасына жеткен зейнетақы жүйесіне қатысушылардың
олардың жүйеге қатысу өтіліне және зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған
табыстарына барабар зейнетақы алуға құқығы бар. Осындай жағдайда 20 жаста
ЖЗҚ төленетін жаңа зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі болған кезде толық
ынтымақты зейнетақы тағайындау тәртібі қолданатын ойлау инерциясы да
сақталады.
Өкінішке орай, ЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдерінің деңгейі ағымдағы
жылдың басында экономика бойынша ОАЖ шамамен 4% ғана құрады. Қалыптасқан
жағдайдың себептері зейнетақы жүйесінің жетілдірілмеуі шеңберінен шығады.
Бұрынғы табыстарын алмастырудың осынша төмен деңгейі көбінесе қор
нарығының дамымағандығына және зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау
мүмкіндіктерінің шектелуіне негізделген.
Қазақстанның дамыған қор нарығы қабылдауға және зейнетақы активтері
өспелі ағымын тиімді орналастыруға дайын болмай шықты (МЗЖ жыл сайынғы
сомасы шамамен 2,5 млрд. АҚШ $құрайды).
Қолданыстағы шектеу зейнетақы активтерін инвестициялық пайдалануда
минималды қатермен, бірақ инфляция деңгейінен төмен табыстылықпен
байланысты мемлекеттік құнды қағаздарға (ағымдағы жылдың басында 45,3%)
салу қайта иемденуге әкелді.
Анықтама үшін: Латын Америкасы елдерінде (Чили, Бразилия, Аргентина) ЖЗЖ
қызмет еткен алғашқы жылдары салушылардың зейнетақы активтері
инфрақұрылымдық жобаларда – аэропорттар, автомобиль және темір жолдар,
теңіз порттарын салуға инвестицияланды, 10-15 жыл ішінде олардың құнының
орны толтырылды.
инвестициялық портфельдерді әртараптандыруға жеткілікті ынта
болмаған, ЖЗҚ пайдаланылған инвестициялық стратегиялар да аяқталмаған болып
қалды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың ынтымақты жүйесін ауыстыруға қатысты
Ол уақытқа дейін зейнеткер болғандарға және зейнеткер жасына жеткен
және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі бар (кемінде 6 ай) адамдар үшін ЖЗЖ-
ға қалыпты көшуді қамтамасыз ету үшін ынтымақты жүйе сақталғанын атап өткен
жөн.
Бұл ретте толық зейнетақы тағайындау үшін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер
үшін 25 жыл міндетті еңбек өтілі белгіленді.
1998 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 930 мың адамға (зейнеткерлердің
жалпы санынан 53%) тағайындалды, олардың 95% толық еңбек өтілінің бар
екенін растады, 5% толық емес еңбек өтілі бар. Соңғы жылдары толық емес
еңбек өтілі бар зейнеткерлер санының артқаны байқалады: мәселен 2006 жылмен
салыстырғанда жаңадан қосылған зейнеткерлердің жалпы санындағы олардың үлес
салмағы екі еседен артық артты: 5%-дан 12% дейін.
Ынтымақты зейнетақы мөлшерінің кемуі 2018 жылға дейін білінер-білінбес
болады, одан кейін зейнеткер жасына жеткен барлық адамдарда толық ынтымақты
зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілінің болуымен байланысты ол өте
елеулі болады.
Қазіргі кезде ынтымақты зейнетақының кемуі болжанған жинақталған
зейнетақымен емес, көбінесе базалық зейнетақымен өтеледі.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері:
Зейнетақы төлемдерінің алдыңғы табыс пен еліміздегі өмір сүру деңгейіне
сәйкестігін қамтамасыз ету.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып
жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде
жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты және жинақтаушы, және
ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.
Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылаулар және ашықтық қағидатында
жүргізіледі.
Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына
бағытталатын болады?
Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі бүкіл және әрбір
адамға қатысты болатындығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, зейнетке шығу
құқығына әлі еңбек сіңіретіндерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс
істейтіндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б.
қатысты болады.
Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекет, жұмыс беруші және тікелей
азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажетті қамтамасыз етуге
жауапкершілікті бөлуді көздейтін адам мүддесінде жүзеге асырылады.
Жаңа тәсілдер үстіртін мағынада өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты,
әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға;
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленеді.
Зейнетақы жүйесін жаңғыртуға жауапты мемлекеттік органдар. ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру
бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау
және түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа тәсілдердің енгізілуін
бақылауды әзірлеу бөлігіне.

ҚР Президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық
нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) – инвестициялық стратегиялар
және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде
ұсынымдар әзірлеу саласында.

ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды,
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық
стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.
Жаңғырту бағыттары
ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген Зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заң жобасы шеңберінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру көзделді.
Бұдан басқа ҚР Үкіметі жанындағы ведомоствоаралық комиссияның талқылауына
мынадай мәселелер шығарылды:
* тұрғындарды ЖЗҚ қызметтерімен қамтуды кеңейту;
* зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін
өзгерту;
* зейнетақы жасын біріздендіру;
* еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды
зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті
жүйеге өту.

Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зейнеткерлер үшін
өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған мемлекеттерді анықтады. Әлем бойынша
қариялар үшін барлық жағдай жасалған үздік мемлекет ретінде Швеция танылды.
Сондай-ақ, алғашқы үштікке Норвегия мен Германия кірді.
Жалпы үздіктер ондығына олардан басқа Нидерланды, Канада, Швейцария, Жаңа
Зеландия, АҚШ, Исландия мен Жапония енген екен. Зейнеткерлерге әлеуметтік
жағдай жасалмаған мемлекет ретінде Ауғаныстан танылған. Бір қызығы мамандар
бұл тізімге Қазақстанды мүлдем енгізбепті.
Ал, бұрынғы Кеңес одағына мүше мемлекеттерден Эстония 29 орынға табан
тіреген екен. Грузия болса - 37, Латвия – 45, Литва – 50, Армения – 51,
Тәжістан – 52, Белоруссия – на 60, Қырғызстан – 63, Украина – 66, Молдава –
76 және Ресей - 78 орынға жайғасыпты.
Алпысты алқымдаған қариялардың өмір сүру деңгейін зерттеу барысында
медициналық қызмет, әлеуметтік белсенділік және білім алу деңгейі сынды бір
қатар параметрлер негізге алынған. Жалпы әлем бойынша Солтүстік Еуропа
елдері зейнеткерлердің жандарына жайлы деп танылып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, зейнеткерлік жасты ұлғайту дамыған
елдердің күн тәртібінде тұрған  өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Мысалы, 2010 жылы Германия, Италия елдерінде зейнет жасы ұзартылып,
нәтижесінде бүгінде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы  Германияда – 67,
Италияда – 65 болып тұр. Ал Дания мен Норвегияда әйелдер зейнетке – 67
жасында, Швейцария елінде – 64 жасында шығады. 
Ал зейнеткерлік жасы сәйкестендірілген елдердің қатарына жататын Жапонияда
әйелдер мен ерлер өз еңбектерінің зейнетін – 70 жасында, Австрия,
Испания,Канада, АҚШ, Швеция елдерінде – 65-ке жеткенде көре алады екен. 
 
БҰҰ сарапшыларының мәлімдеуі бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан
тұрғындарының орташа өмір сүру жасы 65 жастан жоғарылап, еліміздегі
қарттардың саны арта түсуі мүмкін. Сондай-ақ, қарттардың арасында әйелдер
қауымы басым түсіп, ерлер қатары сирей бастауы ықтимал. 
 
Қазақстандық әйелдер еліміздің ішкі жалпы өнімінің 40 пайызға жуығын
қамтамасыз етеді және негізгі жұмыс күші болып есептеледі. Мүмкін
зейнеткерлік жасын көтеру арқылы мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Қазақстанның әлеуметтік жүйесі
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік реттеу жолдары
Қазақстан Республикасының президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық негiздерi
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Пәндер