Космополиттік қоғам немесе жаһандану


Космополиттік қоғам немесе жаһандану
Адамзаттың өресі сан ғасырлар бойы өсіп, олардың саналы әрекетті әрқашан да қоғамға оңды - солды әсерін тигізіп отыруы, ол - өмірлік заңдылық. Осыдан кейін «Заман өзгерді деп емес, заман орнында, керісінше адам өзгерді» деп жататын философтардың көбінесе айтатын сөздерінен мынаны ұғуға болады. Ия, расында да адамның мына әлемді тануда санасы өзгереді, сана өзгергеннен кейін өмірге деген жаңашылдық пайда болмақ. Әрине өмірді жаңа қырынан тану сананың қоғамға әсерінен туындамақ. Сөйтіп жаңашылдық орын алған жерде адамдар сол қоғамға бейімделе түседі.
Еуропада азаматтық қоғам орнағаннан кейін, жаңа құрылымдар пайда болды. Алдыңғы өткен қоғамдағы өмір сүрген адамдарды жаңа өмір салтына бейімдеу үшін жаппай сауаттандыруға көшті, ағартушылық дәуір келді, адам теңдігін орнататын қоғам құрыла бастады. Адамзаттың еркін өмір сүруіне, демократиялық үдерістердің етек алуына жол ашылды. Ашықтық. Мәдениет арасындағы байланыстар ашық түрде алмаса бастады. Азаматтық қоғамның басты құралы, ол - ақпараттық тор болды. Әрине азаматтық қоғамның басты мақсаты адамзатты саяси әлеуметтендіру, ақпараттық қоғамға лайықтау болып табылды. Соның нәтижесінде олар басты құрал ретінде ақпараттық құрылымды алды.
Мақаламыздың мақсаты осы жаһандану құбылысы кезіндегі ұлттық сипаттың жойылуы сөз болмақ.
Алдымен қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымызды білмей тұрып мәдениетіміздің кешегісі мен бүгінгісін ажыратып алу қиынға соғады және келешекке болжам жасауда ауыр болады. Жаһандану құбылысы адамзатқа несімен пайдалы және несімен пайдасыз екенін ұғынып алсақ қана ұлттық руханиятымызды берік сақтап қалуға даңғыл жол ашылады. Ол үшін қазіргі жасөспірімдердің ой - өрісіне қарап әрекет жасау да тәрбиенің басты түйіні болып саналады.
Алдымен біз қандай қоғамда жасап жатқанымызды терең түсініп алу үшін жалпы адамзаттың қандай құбылысты бастан кешіріп жатқанына назар аударайық.
Жаһандану дегенде ең бірінші ойға оралатын оймақтай ғана орам, ол - шекарасыз қоғам. Қоғам болғаннан кейін адамзат үшін пайдасы да, зияны да болмақ.
Қоғамтанушылардың талдауына құлақ түрсек адамзат ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап Жаһандану деген термин етек алды. Бұл термин «Шекарасыз әлем», «Біртұтас әлем» деген ұғымды білдіреді. Жаһанданудың жалпы адамзатқа пайдалы жақтарын және егер алдын алмаса адамзатқа зардабын тигізетін пайдасыз жақтарын өзімше саралап көрдім.
Жаһандануды қозғалыс деп алатын болсақ мынадай қозғалыстарды атауға болады:
- Ақпараттық қозғалыс. Ақпараттық технологияға жататын: Интернет жүйесі, электронды пошта, электронды баспасөз, спутниктік теледидар, ұялы телефондар әлемдік байланыстарды жақындата түсуде. Бұдан жиырма жыл бұрын мұндай техникалық мүмкіндіктер адам санасына кіріп те шықпайтын.
- Тауарлардың елдер арасындағы қозғалысы. Егер осыдан 20-30 жыл бұрын Халықаралық сауда көлемі Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) 30%-ын құраса, қазіргі күні 70 % -ға жетті. Демек Халықаралық стандартқа жататын тауарлардың көлемін арттыруға дүние жүзінің барлық елдері жұмылуда.
Иә, жаһандану - тауарлардың қозғалысы. Мәселен қазіргі күнделікті өмірде көріп жүрген немістің көлігі, түріктің терісі, арабтың кілемі, жапонның озық үлгідегі электронды технологиялары, қытайдың тұрмыстық заттары жер ғаламшарын айналып жүр. Ал, ақпараттық қозғалыстар жердің түкпір - түкпірінен дер кезінде хабар беріп жатыр.
Әрине мәдениет арасындағы ашықтық, байланыс жақсы - ақ, алайда жат мәдениеттің төл мәдениетті құлдыратып, оның жойылуына алып келе жатыр. Ұлттың этникалық сипаттары өшіп жатыр. Бұл М. Шаханов айтпақшы космополиттік қоғамға немесе ұлттың ата - бабасынан келе жатқан ұлт ерекшеліктерінің сабақтастығы ұлт санасынан өше бастағанын көрсетеді.
Еуропада азаматтық қоғам орнағаннан кейін алдыңғы қоғамда шонжар болғандар кейінгі қоғамда өз иеліктеріндегі байлықты жеке меншікке өткізіп алды. Отары бар елдер байлықты өз елдеріне тасыды. Осылайша олар қор жинап тауар өндіруге көшті. Адамзатқа қажетті тауарларды өндіріп оны өзге елдерге алып шықты. Осыдан барып тауарлар арасында бәсекелестік пайда болды. Тауарлар көптеп шыққаннан кейін олардың арасындағы бәсекелестік стандарттық және сапалық тауарларға бөліп тастады. Бұлардың бәрін айтып отырғанымның себебі қазіргі кездегі ұлттың этникалық сипаттарының жойылуы осы тауар шығарушы елдерге тәуелділігімізде болмақ. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жылда өзінің дәстүрлі жолдауларында бәсекеге қабілетті елдердің терезесімен тең болу үшін алдыменен өз елімізде тұтынатын тауарларды көптеп шығаратын зауыттарды көбейту керек екенін айтады. Жаңа тауар, жаңа технология бүгінгі әлемнің басты қаруына айналып отыр. Жаңа тауар шыққаннан кейін көп ұзамай өзге елдерді соған тәуелді етіп алады.
Жаһанданудың қазiргi заманғы қоғамдарға мәдени тұрғыда тiкелей жаңа серпiн беруi ұлттың мәдени саналуандық проблемасына тiкелей ықпал етiп, бiзге бұрын белгiсiз болған алапаттар мен соларға шара қолданудың жаңа тәсiлдерiн табуды талап етедi.
Бiрқалыпты және белгiлi стандартты мәдени үлгiлердi бүкiл әлем бойынша тарату осы заманғы мәдени жаһанданудың тiкелей салдарына айналып отыр. Бұған бiрқатар факторлар себеп болды, солардың iшiнде мәдени ықпал жасау мен қарым-қатынас үшiн шекаралардың ашықтығы, бұқаралық ақпарат құралдарының, әсiресе ғаламды “виртуалды деревняға” айналдырған телевизияның теңдессiз әсерi, және ең соңында, адамзат баласының бұрын-соңды болмаған әлеуметтiк жұмылғыштығының ауқымдарын атап кеткен жөн. Осының нәтижесiнде мәдениеттердiң ассимиляция мен басқа мәдениетке сiңiп кету қаупi төндi.
Жаһандану құбылысы мiндеттi түрде бiрыңғай (бiртұтас) мәдениет құруды талап етпесе де, зерттеулер көрсеткендей ол, космополиттi және мәдени бiркелкiлiктi, бұқаралықты, ұлттық мәдениеттердiң, әсiресе әлемдiк аренада бекiп үлгермеген, басым емес мәдениеттердiң шекараларын жою үрдiсiн енгiзiп отыр. Мұндай жағдайда мәдени жаһандану әсiресе бiздiң мәдениетке қауiп-қатер тудыруы әбден мүмкiн. Бiрақ бұл жаһандануды терiске шығаруды емес, керiсiнше, оған сын көзбен қарай отырып, “бiраз” өзгертулер мен түзетулер жасауды меңзейдi.
Осы кезеңде өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың ұлттық емес бірыңғай жаһандық стереотиптік санада ойлауы бұл ұлт сабақтастығының үзіліп, тамырсызданған космополиттік тұлғаға айналуын көрсетеді. «Біз осындай болған едік» - деп ұлттық ерекшеліктерін тарихтан ғана оқитын дәрежеге қазір жетіп отырмыз. Міне жаһандану құбылысының ұлтты жоюға арналған миссиясы осыменен ерекшеленбек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz