КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І – ТАРАУ. КОСТЮМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қазақ ұлттық костюмінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2 Костюмнің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .13
ІІ ТАРАУ. КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
2.1 Костюм формасы мен
силуэті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.2 Костюмдердің әлеуметтік
дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Нұрлы жол-болашаққа бастар жол Жолдауында-Біз Жалпыұлттық идеямыз
- Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы
Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда
бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан-2050
Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік
Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді
бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын,
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің
70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық
Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен
бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.
Халқымыздың ұлттық киімі – біздің өшпес мәдени мұрамыз. Ұлттық
киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Қазақ
халқының әлемге өнерін паш етеді. Атадан балаға мирас болып келе жатқан
байлығымызды одан әрі дамытып, әлемге таныту біздің міндетіміз. Киімді ою -
өрнектермен, кестелеп әшекейлеп шығара білген ұлттық өнерімізді бағалауға
тиіспіз. Ендеше ұлтымыздың бет – бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді
қастерлеу, дамыту бүгінгі ұрпақ еншісінде. Еліміз тәуелсіз ел болғалы бері
ұлтымыздың рухы биік бола түсті. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларды
артқа тастап, өзінше даму, өзгеру процессі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ
халқының қол өнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты.
Қазақтың ұлттық киімі болғандықтан оны әшекейсіз немесе ою - өрнексіз
көзге елестету мүмкін емес. Халқымыз киімге ою - өрнектің түр – түрін
пайдаланған. Мысалы: әуеге, әсемдікке, жануарларға қарап та ою - өрнек
шығарған. Бұл коллекцияда кәдімгі ұлттық киімде қолданылатын ою - өрнек
алынған. Ол былғарыдан қырқылып алып, жапсырылған, яғни кестемен
қондырылған десе де болады.
Ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық өнерімізді бойымызға дарытып, оны
жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Өрісі биік, өрісі кең өнер атауының
қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да
өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне
ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түсті. Ал қандай да болсын өнер
және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан біз оларды
халық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік
бұйымдар, киім үлгілері, қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны
мәлім.
Қазақ киім – кешегі – ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің
ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық тамғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне
көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына
сіңірген құбылыс.
Негізгі мақсат атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық киімімізді
кәзіргі заманға сай етіп, жаңа стильде етіп шығару.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас
ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият тексерген. Киім – кешекті әр
жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр
ұқсастығын, пішімін, бояу – нақышыш сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер,
кейуаналар киетіндерін ажырата білген.
Қазақтың киім – кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің
деңгейін, шаруашылығының даму үрдісін, тіптен меңіреу табиғаттың әсерін,
сол сияқты көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Оның ізін жоғалтпай,
әрін тоздырмай әлі де болса ел иелігіне қызмет ететіні даусыз. Тіпті егде
тарта бастағандардың киім-кешегіндегі жас ерекшеліктеріне байланысты
европалық нұсқа мен дәстүр сарынының қатар пайдаланылып келе жатқанының
өзінде үлкен мән бар.
Осындай толассыз дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қол өнері өз дамуында айтарлықтай
жоғары деңгейге көтерілді. Қазақ киім-кешегі-ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе
жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық тамғамын, сәндікке,
үйлесім бірлігіне көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының
жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Қазақтың киім-кешегін халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін,
шаруашылығының даму үрдісін, тіптен меңіреу табиғаттың әсерін, сол сияқты
көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады. Қазақы киімнің қоныштылығы,
пішімінің мұқият ойластырылғаны ондағы киім табиғатымен біте қайнасқан
келбет пен әшекей бірлестігін қазіргі киім үлгілерінде де кеңінен
пайдалануға болатынын көрсетеді. Қазақы киімді қастерлеу әрі құрмет тұту
елдің есейгенін, оның өскелең өмірін танытады. Өйткені қазақ киім-кешегі-
ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан
сезімталдық талғамын, сәндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдіке ұмтылған
жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс.
Зерттеудің мақсаты, міндеті: Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын
жоғалтпай, костюмінің ұлттық киімдердің жасалуы. Костюм негіздерін
анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І – тарау. КОСТЮМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Костюмнің көмегімен адамның табиғи сырт келбетін өзгертуге болады:
тұлғаның көлемі мен бойының биіктілігін көзбояушылық әсер арқылы ұлғайтуға
немесе кішірейтуге немесе олардың қатынасын өзгертуге, кемшіліктерді
жасыруға болады. Сонымен қатар, костюмнің түстері арқылы көздің, шаштың
және беттің түсін айқындап, адамның ішкі жеке маңыздылығын бейнелейді.
Ұқыпты әрі жинақы адамның костюмі болбыр, ұқыпсыз адамның киімінен өзгеше
болып келеді.
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету
құралы болып табылады.
Костюм арқылы адамның ішкі жан дүниесі - темпераменті, рухани және
ақыл ойы, эстетикалық талғамы мен тәрбиесін айқындауға және анықтауға
болады. Қазіргі өндіріс саласында модель, модуль сөзі кеңінен қолданылуда.
Модуль - латын тілінен аударғанда - өлшем, бейне, норма деген мағына
береді, модуль бұл - киім, аяқ киім, бас киімдерді; белгілі бір бұйымның
түрі мен маркасын сериялы шығаруға эталон ретінде қолданылады. Модель -
латын тілінен аударғанда - үлгі деген мағынаны білдіреді. Өндірісте
сериялы нақты киім шығаруда киім моделі үлгі болады. Сондықтан киімді
моделдеу — бұл жаңа киім үлгілерін әзірлеу барысы.
Киімді моделдеу процесінің басты мазмұнын –композиция құрайды.
Киімнің әсемділігі мен мәнділігі композициялау өнерінің
арқасында іске асады, яғни киімның жеке бөліктері және олардың түсі мен
формасы, материалының өзара үйлесімділігін костюмнің әсемділігін құрайды.
Композицияның негізгі компонентгеріне мыналар жатады: көркемдеу стилі,
силуэт пен сызықгар, материал пропорция, түс, әшекей. Тарихқа көз салсақ,
әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стильі қалыптасқан. Олар
сәулет өнерінде, тұрмыстық бұйымдарда байқалады. Белгілі бір стильдің
өзінде киімнің жеке бөлікгерінде өзгерістер болады. Бұл өзгерістер белгілі
бір уақыт аралығында байқалады және ол киім тарихында сән ағымы яғни -
мода деп аталады. Модаға байланысты киім жаңарып және жетіліп отырады.
Әрбір мода бағытына сай киімнің мынадай сызықтары айқындалады: силуэтті,
конструкторлы және сәндік.
Силуэт сызықтары — иық сызығы, бел сызығы және бұйымның төменгі сызығы
(киімнің орналасу деңгейіне және қыналу дәрежесіне қарай). Осы негізгі үш
сызық арқылы киімнің силуэтін айқындап, оның мәнділігін арттырып
пропорционалдығын ашып көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің әлемдік көркем мәдениеттен алатын
орнын анықтау, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі костюмдердің айырмасын,
жалғастығын көрсету мақсаты көзделеді. Қазақ ұлттық костюмдері туралы шет
ел этнограф-суретшілері салған бейнелері, ежелгі киім үлгілерінің көне
нұсқалары, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған алтын адам
киімі, қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киімі үлгілері, Ш. Уәлиханов
салған Боранбай, Тезек төренің ұлттық киімдері, Абайды оқығанда атты
көркем графикадағы ерлер мен әйелдердің, байлар мен сұлтандардың, сал
серілердің мерекелік киім үлгілері, қазақ эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа,
Баян сұлу, Айман-Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың киімдері алғашқы нұсқа
ретінде ұсынылады. Егеменді Қазақстан дизайнерлері Б.Асанова,
Қ.Нұрқаділова, Б.Исмайлов, А.Кауменова А.Бапани, Ж.Сахиева,
Л.Жағамбаевалардың ұлттық салт-дәстүр мен көркемдің дәстүрге негіздерген
киімдерді дизайнерлік жобалау бағыттары анықталады.
Әлемдік өркениеттің дамуындағы қазақ мәдениетінің, оның ішінде қазақ
халқының ұлттық киімдерінің орнын анықтау маңызды өнертанымдық проблема
болып табылады. Қазақ костюмі ұлтымыздың көркем мәдениетінен ерекше орын
алатын бұйым. Қазақ костюмдері халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне
байланысты туындаған, адамды ыстық пен суықтан қорғауға, әсем етіп
көрсетуге арналған мүмкіндік пен шеберлер еңбегінің нәтижесі ретінде
танылады. Біз ақсақалын ардақтаған салт-жоралғысын салмақтаған жұрттың
ұрпағымыз. Қазақтың ұлттық костюмінің қалыптасуын мен дамуы зерттеудегі
маңызды проблема қазақ киімінің ежелгі формаларының үлгілерін табу мен оның
көркемдік ерекшеліктерін өнертанымдық тұрғыда тану, оларды әлем халықтарына
таныстыру, даму жолдарын көрсету – қазақтың өнертанымдық зерттеулеріне үлес
қосатын ерекше бағыт болып табылады. Қазақтың ұлттық костюмдері, қысқы,
жазғы, көктемгі және күзгі болып, ерлер мен әйелдер киімдері, балалардың,
қыз бен жігіттің киімдері болып анықталады. Сонымен қатар батырлар мен
аңшылардың, салтанат пен мереке киімдері болып жіктеледі. Қазақ костюмдері
туралы шет ел этнограф-суретшілері Н.Аткинсон, В.Краплот, А.Мартов,
Е.Стасовтардың салған суреттерінен иллюстрацияларынан, графикалық
туындыларынан қазақтың ежелгі киім үлгілерінің көне нұсқаларын байқауға
болады. Мұнан соңғы көне үлгілер, Пазырық қорғанынан табылған алтын адамның
киімі де бізге сол кездегі ежелгі киім үлгілерін елестетеді. Бірқатар киім
үлгілерінің ежелгі нұсқаларының көріністері археологиялық қазба
жұмыстарының негізінде табылған білезік, қапсырма т.б. алтын мен күмістен
жасалған әшекей бұйымдардан да адам бейнесін және сол бейнедегі ежелгі киім
үлгілерін байқау қиын емес.
Қазақ арулары мен батырларының дәстүрлі киімі үлгілері казақтың батырлар
жырларында шеберлікпен сомдалған. Бұл жырларға арқау болған Айман - Шолпан,
Қыз Жібек, Құртқа, Гүлбаршын киген ұлттық костюмдер қазақ сұлуларының
қайталанбас бейнелері асқақтата көрсетілген. Сол сияқты Алпамыс, Қобыланды,
Ер Тарғын, Төлеген сынды батырлардың сипаттаған киімдері ұлттық көркемдік
дәстүр үлгісін көрсетеді. Қазақ арулары мен батырлары киімдер үлгісінің
бірқатары Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, К.Баранов, Қ.Телжанов, Т.Ордабеков сынды
көрнекті суретшілердің өнертанымдық, көркем шығармашылық бағыттағы
ізденістерінің нәтижесі болып табылады. Көне ұлттық киім үлгілерін қазіргі
тарихи-өлкетану және өнер мұражайларынан көруге болады. Қазақ жерінде
айдауда болған жылдары шет ел суретшілерінің бірқатар суреттері өмір
шындығынан алынған шынайы суреттер салумен айналысқан.
Қазақ сән үлгілеріндегі ерекше костюм - бойжеткеннің киімі. Қазақтың сұлу
қыздары кестелі ою өрнектермен көмкерілген, асыл тастармен безендірілген
сәукеле, қамзол, қос етек көйлек пен аяқ киім бойжеткеннің бет әлпетіне
ерекше ажар беріп, дене келбетін ерекше көріктендіріп, тартымды ете түскен.
Ұлттық костюмнің дизайнерлік жобасын жасау үдерісінде қазіргі шеберлер
халықтың салт-дәстүріне, ырым тиымдарына ерекше көңіл аударуда.
Мысалы:адамның күші алақаннан шығып кетпесін деп, білезік тағып жүрген.
Сақина, сырға тіл көзден қорғауға қолданылған, ерлер көлемді үлкен жүзік
таққан. Бұл аталғандар ұлттық киімнің қосымшасы ретінде қабылданған.
Қалыңдық киімін оның шашбау, алқа, білезік, қапсырма, сақина, сырға сияқты
аксесуарлардан бөліп қарауға болмайды. Мұны ұлттық костюмінің сән үлгілерін
жасауда қолданылатын ұстаным ретінде тануға болады.Қазақ эпосындағы
Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың бет
жүзі мен дене сұлулығын асқақтатып көрсететін бірлік олардың әдемі пішіліп,
әдемі тігілген киімдерімен қатар алтын мен күмістен жасалған безендіру
элементтері болған. Батырлар жырларындағы ақындар мен жыраулардың
суреттеген қазақ сұлуларының киген киімдері, ежелгі қазақ қыздарының
дәстүрлі киімдерінің сән үлгілері ретінде тануға болады. Бұл аталған
көрсеткіштерге киімді безендіруге қолданылатын ою өрнектер, камзолға
тігетін қапсырма, бас киімге тағатын үкі, киім жағасына қолданатын, бөрік
жиегіне тігілетін қымбат бағалы аң терілері казақтың дәстүрлі киіміне
ерекше сән беріп тұрған. Қазақ халқының көрнекті суретшілері халық мұрасын
зерттеу нәтижесінде ұлттық костюмдер эскиздерін көптеп жасаған. Бұлардың
қатарында кинофильмдер мен сахна актерлеріне арнап жасалған суретші
С.Романовтың Құлагер атты эскизін, суретші Г.Исмайлованың Қыз Жібек
фильміне арнап салған ұлттық костюм эскиздерін айту орынды. Қазақ
костюмінің дамуына ерекше үлес қосқан кино мен театр суретшілері болды.
Олардың ішінде Г.Исмайлова, Ә.Исмайлов, С.Романов, А.Ғалымбаевалардың
есімдерін ерекше атауға болады. Олар батырлардың, сал серілердің, абыз
аталар мен абзал аналардың костюмдерінің эскиздерін жасауы, олардың қазақ
сән өнеріне қосқан ерекше үлесі ретінде танылады.
Қазақ костюм тарихының дамуына үлес қосқандардың қатарынан
мәдениеттанушылар ерекше орын алады. Бұлардың қатарынан С. Қасиманов, Х.
Арғынбаев, М. Мұханов, Т. Тәжімұратов, Ғ. Иляев, С. Төленбаев, Қ.
Әміргазин, Д. Шоқпаров есімдерін құрметпен атауға болады. Олар ұлттық
костюмдердің көркемдік ерекшеліктерін қоғам дамуымен байланысты қарастырып,
олардың ерекшелігін ашуға үлкен үлес қосты. Ұлттық костюмді қалпына
келтіру, дизайнерлік жоба жасауда қолдану, дизайнның кәсіби мамандарын
даярлау ісі жалғаса түсті.
Қорыта айтқанда қазақ ұлттық киімдерінің үлгілерін іздеу, табу және
оларды сараптау бізге әлемдік көркем мәдениеттен қазақтың дәстүрлі және
қазіргі костюмдерінің алатын орнын анықтауға, ежелгі, дәстүрлі және қазіргі
костюмдердің айырмаларын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Қазақ ұлттық
костюмдері туралы мәліметтер шет ел этнограф-суретшілері салған
суреттерінен, археологиялық қазба жұмыстарының негізінде табылған
материалдардан, салған графикалардан, әдеби шығармалардағы сипатталған
дәстүрлі костюмдердің көркем көріністерін негізге алуға болатыны
айқындалды. Қазақтың дәстүрлі киімдерін дизайнерлік жобалау барысында
ерлер мен әйелдердің, байлар мен сұлтандардың, сал-серілердің, жыраулардың,
сұлу бикештердің киім үлгілері, қазақ эпосындағы Алпамыс, Ер Тарғын,
Қобыланды, Қамбар батыр бейнелелері, Гүлбаршын, Құртқа, Баян сұлу, Айман
Шолпан, Қыз Жібек сынды сұлулардың киімдерін негізге алуға болатыны
көрінді. Қазақ дизайнерлері жобаларында ұлттық салт-дәстүрге құрылған
дизайнерлік жобалау бағыттарына басымдық берілгенін белгілі болды. Қазақ
ұлттық киімдерінің түпнұсқаларын табу мен костюм дизайнының дамуын зерттеу
бізге қазіргі костюмнің болашағын айқындауға бағыт бағдар беріп, оның
жалғастығын табу жолдарын көрсетеді.
Қазақтың тұңғыш суретші қызы Айша Ғалымбаева қазақ ұлттық киімдерін
түбегейлі зерттеп, олардың көркемдік ерекшелігін ашып көрсетуге арналған
сан мыңдаған эскиіздер жасап, оларды қалыпқа келтіріп, қайта дамуына ерекше
үлес қосқан. Ұлттық кимдерімізді қазіргі заманға сай етіп сән үлгілерін
шығарады және қайта дамуына ерекше үлес қосқан.
Костюмді тігуге кеткен мата және де ұсақ - түйек материалдар жиыны
болды.
1, 5 м мата түсі қанық көк 1800тг
0, 5 м қызыл түсті мата 800тг
1, 5м астарлы мата 400тг
1м қатырма 325тг
12 дана ілмек 150 тг
2 дана плетчик 120тг
4 дана тас 500
3 түрлі шынжыр 0, 5 м - ден 400тг
1 дана машина жіп 35 тг қанық көк
Бұл қатаң стильдегі костюмдерідң бірі. Ол әскери формаға ұқсас жартылай
қынамалы, ұзындығы бөкседен түсетін тік жағалы. Артқы бөлік:
- қақ ортасынан тігіс түскен және 2 иық тұсынан кант түсіріп
тігілген.
- бүйір тұсынан ойық етіп басқа матадан тігілген. Ойық астынан тағы
бір ойық түскен. Осыған кант түсірілген.
- артқы бөліктің ортасынан белдікті өткізуге арналған төртбұрыш мата
жапсырылған, оған кант берілген.
Алдыңғы бөлік:
- дәл артындағыдай етіп 2 ойық түсірілген. Осы 2 ойықты тігіп болған
соң жан тігістерін қосамыз. 2 жан тігісін тігіп болған соң иықты қосамыз.
Бұл киімнің кеуду бөлігінің біткені. Кеуде бөлігін тігіп болған соң жеңді
қосамыз - қолтық астынан 2 қымтыма түсірілген. Алдыңғы бөлікті артқы
бөлікке қоспас бұрын тігіп аламыз
- жең бұл 2 тігісті болып келеді. Жеңді қоспас бұрын жең нүктесін
тауып аламыз. Сосын барып қосамыз. Содан соң жағаны қосамыз. Жағасына
кант берілген. 2 иығынан пагон қойылған. Содан соң плетчик қоямыз.
Астар кең етіп пішілді. Ол адамның қимыл –қозғалысына ыңғайлы болу үшін
пішіледі. Астарды тікпес бұрын жеңін етегін қайырып астарды сосын барып
тігеміз. Астарды ең алдымен қосу үшін жеңінен бастап тігеміз. Қосар
алдында жеңінен не болмаса жанынан тігіп жатқан кезде ашық тастап кетеміз.
Ол астарды киімге теріс қаратып тігу үшін керек.
Астарды тіккенде жеңнен кейін жанына яғни бортқа қосамыз. Сосын астын
қосамыз. Барлық бөлшектерді тігіп біткен соң сәндеу жұмыстарына кіргіземіз.
Ол бұйымды әдемі етіп көрсету үшін тігіледі. Костюмді белдікке. Өңірдің
астыңғы бөлігіне білінбейтін етіп ілмек тігілді белдікке де, ілмек тігілді.
Жағасына екі жанынан шынжыр ілдім, сәнді көріну үшін.
Ең соңында бұйымды үтіктейміз.
Іс тігуге пайдаланылатын құрал - жабдықтар
1. ине
2. жіп
3. сымтаспа
4. оймақ түрлері
5. қайшы
6. түйрегіш
7. бор
8. сызғыш
Ине; ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болмаған. Бұдан 600
жыл бұрын инелер болаттан жасала бастады. Инелер қол инесі және іс
машинасының инесі болып екіге бөлінеді. Қол инесінің диаметрі, ұзындығы әр
түрлі. Қайс тігетін 3 нөмірімен қалың матаны нөмір, ал таралмайтын 3 нөмір,
кестетігетін 0, 2 нөмір болады. Іс машинасының инелері жуандығына қарай
бөлінеді. Қол инесі мен іс машинасының инелері мата түріне қарай сай тігу
керек.
Жіптер; қазіргі заманғы жіптер саласы әр түрлі синтетикалық жіптер
төзімді мықты келеді. Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына
жарамды. Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедері тігістерінде
түйме торлағанда өте қолайлы. Бұл тігісі машинасына жарамсыз. Себебі
үзілгіш өңгіш №10, 20, 30, 40, 50 - түрлері бар. Ине ежелгі дәуір
адамдарының мата туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың
терісінен жасады.
Аң терісін тігу үшін балықтың сүйегін қыздырып біз ретінде пайдаланды.
Кейін біздің ұшын бұрғылап көз жасады. Содан біздер алғашқы инелер
есебінде қолданылды. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс инелер
пайда болды инелер негізінен екіге бөлінеді қол инесі және машина инесі.
Қол инесінің диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, он екі нөмірі бар.
Ал машина инелерін тек жуандығына қарап ажыратады іс тігетін ине түзу
сырты жылтыр үшкір болып келеді.
Жіптер ерте кезде жіпті сол тігілетін бұйымның матасының ұзын бойынан
жыртып алған. Пішілген бұйымды көктемей бірден тіккен.
Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де пайдаланған. Ретіне қарай
жөрмелеу тігісі, қайып тігісі, шаша қайып тігісі пайдаланған. Жібек жіптер
қасиеті жағынан жарамды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай жіптерді
пайдалануға болады.
Сантиметрлік таспа дитциметрлік, миллиметрлік бөліктерден тұрады.
Таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе мүмкіндік болса
жаңа таспа пайдаланған жөн.
Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері
Машина жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын, және электр қоспасы
бар столмен жабдықталады. Сонымен қатар винтті айналмалы орындықпен
жабдықталады. Бұл орындық адам бойына қарай орындық биіктігін құрастыруға
мүмкіндік береді. Машина столының астыңғы оң жағында токқа қосатын арнайы
қысқыш бар.
Машина столының беті тегіс және таза болуы шарт. Машинлардың ортасында
қол жұмыстарын орындауға арналған стол орналастырылған.
Стол бетіне тек қана өңделетін детальдар және өңдеуге керекті құрал
-жабдықтар жатуы тиіс. Табиғи жарықтан басқа бөлменің ішінде жергілікті
жарық күші болуы тиіс.
Жұмыс аяқталған соң, өңделетін жұмыскер өзінің жұмыс орнын тазалап
барлық құралдардаы өз орнына қойып, машиналармен жарық машина көзін өшіру
керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс уақыты мен жұмыс орны, еңбек өнімділігі
мен сапасын арттырады.
Пішу жұмыстарының техникалық шарттары.
Пішуге арналған детальдар негізгі және көмекші бұл лекалдар арқылы
бүкпелердің, бүрленің, қалталардың орныласу жайларын анықтауға арналған.
Барлық лекалдар негізгі жіптің бағыты көрсетіледі.
Лекалды орналастыру кезінде негізгі жіптің бағытынан басқа матаның
суреті мата түрлерінің бағыты ескеріледі. Егер мата суреті және түрінің
белгілі бір бағыты бар болған жағдайда бір уақытта пішуі шаот. Түгі және
біркелкі боялған болмаса суретінің бағыты жоқ. Әр түрлі бағытта
орналастырылған.
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Қол жұмысының ержелері:
- Ине мен түйреуіштерді арнайы тостақшаға қадап қою керек.
- Инені киімге қадауға ауызға салуға тиым салынады.
- Көктеу жұмыстарын орындағанда саусаққа оймақ кию керек.
- Қайшы ұсынғанда сабымен ұсыну керек.
Тігін машиналарында сітейтіндерге арналған ереже:
- Тігін машиналарында жұмыс істеуге алғашқы нұсқадан кейін ғана
кірісуге болады.
- Жұмыс бастар алдында машинаның жөнді екенін тексеру қажет, ахауы
болса механикті шақыру керек.
- Жұмыс кезінде қолды машина инесіне жақын ұстауға болады.
- Метал тежеуіште резеңке киесіз жұмыс істеуге болмайды.
- Электр двигательін өшірмей тұрып мойканы тазалауға және майлауға
сондай-ақ машина инесіне ременді салуға тиым салынады.
- Машинаның айналып тұрған бөлігі жанына қайшы және басқа аспаптарды
қоюға тиым салынады.
Электр үтігімен жұмыс істеуге арналған ереже:
- Үтікті электр жүйесіне қосқанға дейін тұғырын тексеру керек.
- Электр үтігінің ыстылығын саусақпен тексеруге болмайды.
- Электр үтігін желіге қосқанда және ажыратқанда бауынан ұстауға
болмайды.
- Ысып тұрған үтікті суға салып немесе су бүркіп суытуға болмайды.
- Үтікті электр бауының үстіне қоюға болмайды
- Ахаулы үтікпен жұмыс істеуге және электр сымын өз білгенінше
жөндеуге болмайды.
- Үтікпен жұмыс істегенде резеңке төсеніш төселу керек.
- Жұмыс біткен соң үтікті аяқ астында электр көзінен ажырату қажет.
- Жарақаттанғанда , дене күйгенде медициналық пунктке бару қажет.
Негізгі сызба тор
1. А1 а1 =СгII +Пг=45, 5+7=52, 5
2. А0 а=Шс+Пшс=19. 5+1=205
3а1 а2=Шг+(СгII - СгI)+Пшп=17, 5+(45, 5 - 45)+0, 5=18, 5
4А0 У=0. 4 Дтс=0. 4 * 43=17. 2
5. А0Г= Взу+ Пспр+25+0. 5=25. 5
6. А0 Т=Дтс+Пдтс=43+0. 5=43. 5
7. Т Т1 =1. 5
8. ТБ=0. 5 * Дтс - 2=0. 5 * 43 - 2=19. 5
9. ТН= Дизд = 70
10. Г1 Г2 = = 6, 8
Артқы бой сызбасының есебі
1. А0 А2 = +Пшс= +0. 5=7
2. А2 А1= = =2, 3
3. А2П1 = Шп+1, 5=13+1, 5=14, 5
4. Г1 П1 =Впк + 0дтс=45+0, 5= 45, 5
5. А2 в= = = 4, 5
6. в в1 = 2, 0
7. в в2 =7
8. Г1 П3= +2=+2=9, 8
9. Г1 1= 0, 2 Г1 Г4 +0, 3=0, 2 * 14, 5+0, 3=3
10. Г1 Г2= ==7, 3
Алдыңғы бой сызбасының есебі
1. Г1 Г3 = - 1, 0=- 1=9, 2
2. Т9 А3 =Дтп + 0, 5 + Пдтс+0, 5=44+0, 5=44, 5
3. А31 А4 = А А1 - 0, 5=7 - 0, 5=6, 5
4, А31 А5 = А31 А4 +1, 0=6, 5+1=7, 5
5. А4 Г7=Вг =24
6. А4 А9 2*(СгІІ - СгІ)+(0, 2 - 2, 0) = 2*(45, 5 - 45) - 1, 5=2, 5
7. Г4 П6 == = 7, 5
8. А9 П5 = Шп=13
9. Г4 2=0, 2 Г1 Г4 =0, 2*13, 5=2, 7
10. 3 - 4=1 - 1, 5
Қымтыма
S1В=Аа1 =(Cт+Пг ) - ТТ1 = 52, 5 - (39, 5+2) - 1, 5= 12, 5
Г3 2 S = = 1, 3
Г3 3 S == 0, 3
Жең
Др 62 О2 Л = Дрзоп : 2+3= 62 : 2+4, 5 =35, 5
Оз30 О2
Окис 1, 8 қымтыма М1 М2=( Окис+Поп)
Покс 6 - 8 = (62 - 37) - (18 - 6) =13, 3:3= 6, 6
Негізгі өлшем
СШ мойынның жартылай орамы19. 5см
СгІ кеуденің І - ші жартылай орамы45см
СгІІ кеуденің ІІ - ші жартылай орамы 45. 5см
Сг ІІІ кеуденің ІІІ - ші жартылай орамы 44см
Ст белдік жартылай орам39. 5см
Сб бөксенің жартылай орамы 52см
Дтс артқы бойдың бетке дейінгі ұзындығы 43см
Впк артқы бойдың белге дейінгі көлбеу ұзындығы 45см
Вг кеуде биіктігі 24 см
Шг кеуде кеңдігі 17. 5см
Цг кеуде ортасы 15см
Шс арқа жалпақтыға 19. 5см
Бпрз арқадан қолтық ойындысына дейін. 25см
Оп иық орамы 30см
Оз білек орамы 18см
Др жең ұзындығы 62см
Шп иық орамы 13см
Ди жалпы ұзындық 70 см
1.2 Костюмнің негізгі түрлері
Қазақтың ұлттық костюмдері негізінен мынандай түрге бөлінеді:
іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері,
әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер.
Бұларға мынандай киімдер жатады:
Іштік киімдер
1. Бешпент. 2. Дамбал. 3.Жейде, көйлек.
4.Қамзол. 5.Күртке (желетке). 6.Шалбар.
Сыртқы (өң) киімдер
1. Жадағай шапан. 2.Жарғақ. 3.Күпі. 4.Сырмалы шапан.
5.Тайжақы. 6.Тон. 7.Шапан. 8.Шидем. 9.Ішік.
Сулық киімдер
1.Аба. 2.Кебенек. 3.Кенеп. 4.Сырттық. 5.Шекпен.
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта
жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен
де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай
бөрік т.с.с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге
бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай
б өліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және
әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.
Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық
жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес,
көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен
тігілу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткен. Орта жүздің шапандары көбінесе
бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең,
жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға
жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің
шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған
қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола
тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар.
Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу
деп атайды. Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп
атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш
салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы
жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі.
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа
бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей,
сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен,
қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп
қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға
барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың
таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы дейтін мәтелі де осыны
аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда
киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті
тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар,
салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын
тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді
қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп
саналған.
Сыртқы костюмдер
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңнын терісінен жүні ішіне
қаратып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz