Кохлеарлы имплантталған балаларды тілге оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
кохлеарлы имплантталған балаларды тілге оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманында, естімейтін
жандардың үзілген үмітін жалғап, айналадағы барлық дыбыстарды естуге
мүмкіндік туды. Заманауи жоғарғы технологиялық әдіс ретінде, естімейтін
жандарға арналған кохлеарлы имплантация қазіргі таңда кеңінен қолданылып
жатыр. Кохлеарлы импланттар зақымдалған естудің қызметін атқарып,
естімейтін жандарға еститіндер қоғамында толық қанды өмір сүруге, ғылыми
тілдегі заманауи термин - интеграциялауға (біріктіруге) мүмкіндік береді.
Енді осы кохлеарлы имплантация дегеніміз не? Оны қалай қолданады? Оның
ерекшелігі неде? Жалпы алғанда есту қабілеті зақымдалған жандар естулерін
жақсарту үшін есту аппараттарын тағады. ЕА көбі дыбысты күшейтіп қана
қойғандықтан, есту қабілеті терең зақымдалған жандарға көмектеспейді. Егер
адамның құлағында орналасқан есту рецепторлары зақымдалса, онда заманауи
цифырлық, күшті ЕА да көмектеспейді. ЕА мен естімейтін тек бір қатар
дауысты дыбыстар мен алыс емес жерден қаттырақ сөйлеген адамның дауысын
естуі мүмкін. Тек естуі, түсінуі емес. Себебі ол тек дауыты дыбыстарды
естігендіктен, айтылған сөзді тек дауыстыға қарап түсіну қиын. Себебі
естімейтін адамдар жоғарғы жиіліктегі дыбыстарды естімейді, ал көптеген
дауысты дыбыстар жоғары жиіліктегі дыбыстар болып табылады. Сол себептен
мұндай естімейтін адамдарға (медицинада сенсоневральды естімейтін дейді,
яғни сырттан келген дыбыстарды электр импульстеріне айналдырып, есту
жүйкесіне жіберіп тұратын есту рецепторлары зақымдалған) ЕА мен айтқан
сөзді түсініп, сөйлеуге үйрену өте қиын.
КИ де естуді протездеудің бір түрі болып табылады. Бірақ, КИ ЕА сияқты
дыбысты күшейтпейді. КИ сенсоневральды естімеушілік кезінде, зақымдалған
есту рецепторларының орнын алмастырып, сырттан келген дыбыстарлы электр
импульстеріне айналдырып, есту жүйкесіне береді.
КИ – хирургиялық операция арқылы адамның құлағының ішіне зақымдалған
рецепторлардың қызметін атқаратын электродтар тізбегі енгізіледі.
Бірақ, КИ тек хирургиялық операциядан ғана тұрмайды. Алдымен таңдау жүреді.
Яғни КИ кімдерге жасайды?
КИ ең алдымен естіп, сөйлеп жүріп белгілі бір себептерге байланысты
(жарақат, минингит т.б.) естімей қалған балалар мен ересектерге өте тиімді.
Қайтадан естуін қалпына келтіріп, ары қарай толық қанды өмір сүруіне жағдай
жасайды. 2-3 жасқа дейінгі, жаңа зерттеулер бойынша 1,5-2 жастағы туғаннан
естімейтін және 3-4 деңгейдегі нашар еститін кішкене балаларға өте жақсы
әсер етеді. Ерте жаста жасалған имплантацияның әсерінен қалыпты балалардың
мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда ондай жағдайлар біздің
тәжірибемізде бар. Жалпы ЕА көмектеспейтін естуі терең зақымдалған жандарға
жасалады.
Тағы бір ескеретін жағдай операциядан кейін жүргізілетін оңалту шараларының
маңызы өте зор. Сол себепті де біздің мақаламыздың мақсаты – қохлеарлы
имплантталған балаларды тілге оқытудағы әдістеменің ерекшелігін ашып
көрсету болып табылады.
КИ жасанды құрылғы болғандықтан оның табиғи естуден айырмашылығы бар. КИ
көмегімен қабылданған дыбыстар өзгертіліп естіледі. Бірақ тәжірибеде
көрсеткендей адам өзгертілген дыбыстарға тез бейімделіп, үйреніп кетеді.
Бірақ осы үшін міндетті түрде маманмен оңалту шаралары жүргізілуі керек.
Әсіресе кішкентай балаларға операциядан кейін сурдопедагогтың көмегін
алмаса КИ әсері болмай қалады. Қазіргі таңда КИ операциясы бізде
Респбликалық Ақсай балалар емханасында мемлекеттік тапсырыспен тегін
жасалады. Сондай-ақ ақылы түрде де жасалады. Өте қымбат тұратын мұндай
операцияны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен біздің үкіметіміз осы
жағдайды ескеріп, мемлекеттік квотамен тегін жасалады. Жаңадан ендіріліп
жатқан технология болғандықтан оңалту шараларын жүргізетін әдістемелердің
бәрі орыс тілінде. Қазақ тілінде әдістеме жоқ. Тіпті, қазақ тіліндегі
мамандардың саны да аз. Нәтижесінде, қазақ балаларын орыс тілінде оқытып,
өзі естуі зақымдалған, өз ана тілінде сөйлей алмайтын баланы орыс тіліне
үйретіп жатырмыз.
Соңғы жылдары кохлеарлы имплантация естімейтін балалардың естіп сөйлеу
тілін қабылдауды оңалтудың тиімді әдісі ретінде Қазақстанда белсенді дамып
келе жатыр. Естімейтін баланың естіп қабылдауын психологиялық тұрғыдан
қарастырғанда, баланы естіп сөйлеу тілінің негізгі кезеңдерін қарастыру
керек Кохлеарлы имплантация жасалғаннан кейін естімейтін баланың есту
табалдырығы 1-деңгейге (25 – 40 дБ) жетеді. Бірақ есту деңгейі нашар
еститін баланың деңгейіне жетсе де, оның қабылдау деңгейі естімейтін балаға
тән. Сол себепті кохлеарлы имплантталған балалардың естіп қабылдауының
ерекшеліктерін естімейтін баланың естіп қабылдауының дамуымен тығыз
байланыста қарастыру керек. Есту қабілеті зақымдалған баланың естіп
қабылдауын дамыту туралы айтқанда психологиялық тұрғыдан үш категориясын
қарастырамыз.
Бірінші категориядағы балаларға арнайы оқыту және тәрбие алмаған мектеп
жасына дейінгі балаларды жатқызамыз. Олардың сөйлеу тілі қалыптаспаған,
есту және кинестикалық бейнелері де жоқ, сөйлеу тілін естіп қабылдау
механизмі қалыптаспаған. Осы категориядағы балаларға кохлеарлы имплантация
жасалғаннан кейін естіп сөйлеу тілін қабылдауын дамыту үшін жүргізілетін
түзету – педагогикалық жұмысының нәтижесі ұзақ уақытқа созылады, себебі,
бұл жұмыстың тиімділігі баланың есту тәжірибесінің болуына байланысты.
Екінші категориядағы балаларға ауызша сөйлеу тіліне
көру–тактильді–кинестикалық негізде үйренген және өздерінің қалдық естуінің
көмегімен сөйлеу тілінің элементтерін қабылдап үйренген. Бұл балаларда
сөйлеу жүйесі қалыптасқан, оларда көру арқылы және сөздік кинестикалық
бейнелері құрылған, еріннен оқу арқылы сөйлеу тілін көріп қабылдауы
қалыптасқан, бірақ бірінші топтағы балалар сияқты есту арқылы қабылдауы мен
сөйлеу тілін есту арқылы қабылдау механизмі қалыптаспаған.
Үшінші топтағы балаларға кейіннен естімей қалған балалар жатады. Есту
қабілетін жоғалтқанға дейін бұл балалардың сөйлеу жүйесі толығымен
қалыптасқан және сөйлеу тілінің есту және кинестикалық бейнелері толық
қамтылған, сөйлеу тілін есту арқылы қабылдау механизмі де қалыптасқан.
Бұндай балаларға кохлеарлы имплантация жасалған кезде, естуін жоғалтқан
уақыт пен иплантация жасаған уақыт аралығы өте маңызды. Өйткені кохлеарлы
имплант көмегімен бұрынғы есту бейнелерін қалпына келтіру оңай және тез
болады.
Еститін балалармен салыстырғанда естімейтін балалардың алғашқы сөздерді
қалыптасуға негіз болатын сенсорлық базасы басқаша болады. Еститін
балалардың алғашқы сөздері есту арқылы қалыптасса, естімейтін балалар көру
арқылы, қозғалыстарды сезіну арқылы (арикуляция, дактильдеу, жазу)
қалыптасады.
Сөйлеу тіліне қатысы жоқ дағдыларды дамыту есту мен сөйлеуге тікелей қатысы
болмаса да, бірақ, олардың дамуына өте қажетті. Осы психомоторлы
қабілеттердің қалыптасуы нормамен сәйкес жүзеге асуы керек.
Кохлеарлы имплантталған балалардың импланттың көмегімен сөйлеу тілін түсіну
процесіне бірнеше факторлар әсер етеді. Осы аталған факторлар имплантталған
балалардың сөйлеу тілін дамытуда ескерілетін маңызды болып табылады. Осы
факторларға:
i.
Сөйлеу тілін естіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz