Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
І. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
1.1 Түбір. Түбірлес 5
сөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
Жұрнақ-жалғау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
II. Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту
2.1.Түбір. Түбірлес 17

... ... ... ...
2.2. 25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3. 27
Жұрнақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
2.4. Күрделі 30

... ... ... ... ... ... ..
III. Көмекші мектеп оқушыларының сөз құрамы тақырыбы
бойынша қателерінің түрлері.
Зерттеу 33
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу 37
нәтижесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
IV. Көмекші мектеп оқушылардың сөз құрамы бойынша
түзету 44
жұмыстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 56
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланған әдебиеттер 57
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
КІРІСПЕ
Зерттеудін көкейкестілігі. Қазіргі кезеңдегі арнайы педагогиканың
өзекті мәселерінің бірі - мүмкіншілігі шектеулі балаларға қазақ тілін
үйрету және оқыту.
Бүгінгі күнге дейін, көмекші мектептерде қазақ тілінде және қазақ
тіліне әдістемелік құралдар жоқтың орнында. Сондықтан, Республиканың барлық
арнайы білім беру ұйымдары, жалпы білім беру мектептеріне арналған
әдістемелік құралдармен жұмыс жасайды, бұның өзі түзету жұмыстарын
жоспарлау менен өткізуге қиындық туғызады.
Аталған проблеманың әуезділігін және осы кезеңге дейін қазақ тілінде
әдістеменің жоқ болуына байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын -көмекші
мектептің 5-7 сынып оқушыларына Сөз құрамын оқыту деп алдым. Сондықтан,
біздің жұмысымыздың
Зерттеудің мақсаты:
Қазақ тілінде оқитын көмекші мектеп оқушыларының Сөз құрамы
тақырыбы бойынша жіберетін қателер түрін анықтау.
Сондай-ақ, қазақ тілінде оқу жүргізілетін көмекші мектепке арналған
Сөз құрамы тарауына әдістемелік құрал жазу.
Зерттеудің міндеттері:
Бақылау эксперименті арқылы 5-7 сынып оқушыларының Сөз құрамы бойынша
жіберген қателерінің түрлерін анықтау.
Қателерді түзету жұмысында қолданылатын тиімді тәсілдерді жүйелеу.
Зерттеу пәні қазақ тілінде оқу жүретін көмекші мектептегі түзету-
дамытушылық оқыту үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Егер ақыл-ойы кем балалардың психофизикалық, жас және тіл
ерекшеліктерін ескере отырсақ, сонда Сөз құрамы тақырыбын оқытудағы қазақ
тілі сабақтарында қолданған әр алуан жұмыс түлерінің (өзіндік жұмыс,
диктант, мазмұндама, шығарма) негізінде, түзету-дамытудың оқыту әдістемесін
құрастырсақ, онда 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білім және
орфографиялық дағдыларын қалыптастыруда жетекші рөл атқара алады.
Зерттеу әдістері:
Көмекші мектеп 5-7 сынып оқушыларының құжаттарымен танысу.
5-7 сынып оқушыларына зерттеу эксперимент өткізу.
5-7 сынып оқушыларының эр түрлі жазу жұмыстарын зерттеу, нәтижесін
талдау.
Зерттеу базасы:
Алматы қаласында №7 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, Жанұя кешені.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының Сөз
құрамы бойынша білімі зерттеліп мағлұмат алынып отыр.
Зерттеудін практикалық мәнділігі:
1) Зерттеу барысында мағлұматтарды, нұсқауларды ескере отырып,
көмекші мектеп оқушыларымен жұмыс барысында сапалалығын арттыруға
болады.
Зерттеу қорытындыларын көмекші мектепке арналған оқу әдістемесін
құрастыруында негізге алуға болады.
Зерттеу нәтижесі жасалған тұжырымымен нұсқауларды көмекші мектеп
оқушыларына оку үрдісінде қолдануға болады.
І. Тарау. Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
1.1. Түбір. Түбірлес сөздер
Оқыту экспериментіне әдістеме құрастырылып, оған эксперименталды жұмыс
5-7 сыныптарда жүргізілді.
Бақылау экспериментінің әдістемесі 4 топтамалы міндеттен тұрады.
- Бірінші топтамада оқушылар Сөз құрамы кестесін толтырады, яғни
кестеде жазылған сөздерге морфемді талдау жасайды.(сөздер саны 5-7
сыныптарда көбейтілді) 5-7 сыныптарда екі сөзден қосылды.
Екінші топтамада - оқушылар бақылау диктантын жазды, кейбір сөздерге алдын-
ала мағынасы, құрамына және дұрыс жазылуына талдау жүргізілді (ол сөздерді
сынып тақтасына жазып қойдық, мысалы, бұлттанды, балалар, ағаштың, қайтты).
Үшінші топтамада- оқушылар мазмұндама жазды- мазмұндама мәтінінен кейбір
сөздер алдын- ала мағынасы, құрамы, дұрыс жазылуы жағынан қарастырылды.
Сынып тақтасында жоспардың әр кезеңінде бұл сөздер жазылды- Ескекпен
(весла) есіп
Тұмсығы қайықтың
Жылулығын судың
Құтқарды
Кейбір балаларға жеке-дара көмек көрсетілді (мазмұндаманың басы
жазылған карточкалар таратылды).
- Төртінші топтамада- түбірлес тірек сөздер бойынша, оқушылар
байланыстырылған қысқа мәтін құрастырды. Бұл сөздердің құрамы, мағыналық
жағынан, дұрыс жазылуы бойынша талданды. Тақтаға баған түрінде түбірлес
сөздер жазылды- Аң
Аңшы
Аңшылар
Аңшылық
Сондай-ақ, бүркіт ұстаған аңшы бейнеленген сурет ілінді. Алдымен
мұғалім өзі сурет бойынша әңгімелейді, содан кейін кейбір оқушыларға
әңгімені қайталатып, тірек сөздерді, сурет және дайын жоспар арқылы
өздеріне қысқаша шығарма жазу тапсырылды. Кейбір балалармен жеке-дара жұмыс
жүргізілді( шығарма басы жазылған карточкалар берілді).
2,3,4-топтамалар бойынша бақылау диктанты, мазмұндама мәтіндері және
шығарма тақырыбы барлық сыныптарға ( 5-7 сыныптар) бірдей беріліп, сабақ
өткізу әдістемесі әдеттегі-қалыптасқан түрде болды. Бақылау экспериментінде
Алматы қалалық №7 арнайы түзету интернатынан 32 оқушы, яғни 5-7 сыныптар –
барлығы 32 оқушы қатысып, оқушылардың 268 жазу жұмыстары талданды.
Алматы қалалық Жанұя кешенінде экспериментке 5-7 сынып оқушылары
қатысты, бәрінде ПМПК қорытындысы бойынша дебиль дейгейіндегі олигофрения
диагнозы бар.
Экспериментальды зерттеуде алға қойған міндеттер бойынша, көмекші
мектептің 5-7 сынып оқушыларының грамматикалық білімінің қалыптасу
зерттеліп, айқындалды.
Сөз құрамы – 5-сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып.
Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі
оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл деректерін бақылап, оған
талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға
келе алуын көздейді.
Ал, морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада:
біріншіден, сөзді морфологиялық күрамына қарай талдау және сөз жасау
жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға
өлшеусіз әсер етеді.
екіншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың
тіл туралы білімін кеңейтеді.
үшіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық
меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір
сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді.
Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге
талдау жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған
жалғанатын қосымшаларды дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте-
бірте меңгере түседі.
төртіншіден, сөз құрамын меңгеру мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру
оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне
терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара
қатынасына зейін аударуға дағдыланады.
бесіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың
сөздік қоры байыды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан
сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы
оқушылардың ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады, орфоэпиялық
норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде
сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеріп, дағды алуы арқылы
кем балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады.
Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту төмендегідей міндеттерге
жетуді көздейді.
І.Жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау
деген ұғымдарды саналы меңгеруі қамтамасыз етіледі.
2.Оқушыларды сөзді бөлшектерінде талдай алу іскерлігіне машықтандыру,
яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын тану, берілген бір сөзге
түрлі-түрлі жұрнақ жалғап түбірлес сөздер жасау, бір ғана жұрнақ жалғанған
әр алуан түбірі бар сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады.
Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден,
ал, түбірлес сөздерді омонимдер мен көп ағыналы сөздерден ажырата білуге
үйренеді.
3.Оқушыларға дұрыс жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз
сөздерінде өте жиі қолданылатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.
4.Балаларға жаңа сөз жасату, лексикалық, жаттығулар жүйесінде олардың
белсенді сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындату,
байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді.
Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі
практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң ғана грамматикалық
белгілі ұғымның анықтамасы түсіндіріледі.
Бұл - бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға-
қорытындыға әкелетін жол, яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргізгендікке
жатады. Ал, 5-7 сынып оқушыларының психологиялық ерекшелігі дербес
бақылаудан, типтік фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ереже-
анықтамаларды үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайды,
өйткені мүмкіндігі шектеулі балалардың абстракциялы ойлау қызметі өте нашар
дамиды.
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен
түбірлес сөздердің мағына-мәніне айрықша назар аударылады. Түбір ұғымы
түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылату әдісімен
түсіндіріледі, әртүрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден өрбіген
сөздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады. Содан кейін барлық түбірлес
сөздердің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде құрылымдық
жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер деп
шатастыратынын ескерген жөн. Сөздер түбірлес болу үшін, ондай сөздердің
барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына нанымды
мысалдар келтіру керек. Мәселен, бір ғана Тас деген сөзді қосымшалар
жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы - зат
есім, еікінші тобы - сын есім, үшінші тобы - етістік сөздердің негіз
алғанын танытуға болады.
Үлгі: Тас – зат есім. Тасты жер – сын есім. Тасты жерді тазала. Шөптердің
арасы тасты – етістік.
1.2 Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау параграфында берілген жаттығуларды орындата отырып,
оқушыларды қосымшасыз сөз, қосымшалы сөз деген ұғымнан нақты білімге қарай
жетелеп, сол қосымшаның мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген
ұғымға әкелеміз, әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақты
сөздің мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та
байқатуға болады. Мүнда алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс.
Мысалы, су - сушы, сулы, сусыз, судай... бұл ұғымға оқушылар түсінген
кезде, сөз мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже
беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі. Бұл
арада бір сөзге бірде жұрнақ, бірде жалғау жалғап салыстырады. Сөйтіп
жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей, сөйлемдегі сөзбен - сөзді
байланыстыратын қосымша екеніне оқушылардың көзі жетеді. Бұдан соң түбір
сөз бен оған жұрнақ жалғанған сөзді қатар алып, екеуінде де мағына бар
екені, бірақ өзге мағына екендігі байқатылады, малшы, етік -етікші, балық-
балықшы... осыдан кейін түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді
туынды сөз дейміз, деген ереже беріледі.
Тапсырмалар орындалып, сөздің түбірі, қосымшалары, қосымшаның жұрнақ не
жалғау екендігі талдатылады. Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да бірінің
үстіне бірі жалғана беретіні аңғартылады және түбірге жұрнақ бұрын, жалғау
одан соң жалғанатыны мысал келтіру, талдау жолымен түсіндіріледі. Бұл
мәселерді таныту кезінде де орфографиялық ережелерге көңіл бөлініп отырады.
Кесте пайдаланылса сабақты тартымды етеді, оқушылардың түсінік алуы
жеңілдейді.
7-сыныпта оқу жылы басында сөз құрамы тақырыбынан 5-сыныпта оқытылған
түбір мен қосымша қайталанады. Оқушыларға сөздің түбірін танытуға ерекше
көңіл бөлінеді, қиыншылық жалғауы жасырын тұрған сөздерді және туынды
сөздерді негізгі түбірден ажырата алмай шатастырады. Оқушыларға түбірді
толық танытқанда туынды сөздердің мағыналары қанша түрленсе де, олардың
бастапқы түбірі өзгермей, сол тұлғасын сақтап тұрғаны түсіндіріледі.
Мысалы: үй - үйшік, үйден, үйші, үйлі, үйсіз.
Жаз - жазу, жазғыш, жазушы.
Біл - білім, білгіш, білу, білдір.
Сөйтіп, осындай түбірлес сөздердің мағына, тұлғасын салыстыра келіп,
олардың бәрі ортақ бір түбірден тарап тұрғаны танытылады.
Одан әрі сөз құрамында түбір, жұрнақ, жалғау деген бөлімдері болатыны
еске түсіріледі. Жұрнақ және жалғау жалғанған сөздердің мағыналары
салыстырылып, жұрнақ сөз мағынасын өзгертіп, жалғау сөз бен сөзді
байланыстырып тұратыны ойдан сөз жасау, сөйлем құрау, сөз тұлғасын талдау,
тәсілдерімен бекітіледі.
Мәтіннен тіркесіп тұрған сөздер тапсырылады. Сөзге тиісті жұрнақ не
жалғау жалғатқанда, олардың жазылу емлесіне де оқушылардың зейіні
аударылады. Түбірдің жуан, жіңішкелігіне немесе соңғы дыбысына қалай
үндесіп, бір түрлі қосымшаның бірнеше формада келетіні ескертіледі.
Берілген граматикалық анықтама, түсініктер, мысалдар келтіру жолымен
бекітіледі.
5-7 сыныпта сөз құрамынан өтілетін негізгі программалық тақырыптары:
біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер.
Бағдарлама біріккен сөздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін түрлері
және біріккен сөздердің жазылуы жөнінде практикалық дағды бойынша білім
беруді талап етеді. Ал, оқулықта Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз
дейміз. Олар бірігіп жазылады, - деген анықтама айтылады да, аққу,
күнбағыс сөздері мысалға беріледі. Бұл өздердің тиісінше ақ және қу,
күн және бағыс деген екі - екі сөзден бірігіп жасалғанын айтып
түсіндіріп, жазып көрсету арқылы үйретіледі. Бірақ әрбір екі сөзден бірігіп
үшінші жаңа мағыналы сөз пайда болғанын таныту міндеті көзделмейді.
Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер сөздің өзіне тән айырым
белгісі элі егжей-тегжейлі дэлелденіп біте алай келеді. 6-сынып оқушыларына
екі түрлі мағыналы сөз бірігіп, үшінші бір жаңа мағыналы сөз
пайда болады деген ереже берілсе, онда мүмкіндігі шектеулі балалар кез
келген екі сөз тіркесіп келгеи жағдайда оларды біріккен сөзге есеп етіп
қосып
жаза беріп, қате түсінікке үрынады. Ал, ең бастапқы түсінік дұрыс, айқын
болуы тиіс. Өйтпесе оқушының не қате, те жаңсақ үққан түсінігін қайталап
жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себепті мүкіндігі шектеулі балаларды
жаңсақтыққа кезіктірмей, оларға біріккен сөзден мазмұны жоқ, танымал мысал
көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі. Ол үшін
бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген біріккен сөздің қандай-қандай
сөздерден екені талданып көрсетіледі. Одан әрі мәтіннен біріккен сөздерді
өздеріне таптыру тәсілі қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату
тапсырмалары орындатылады.
5-сыныптан бастап берілетін білім көлемі, негізінде оқулыққа ендірілген
сөздерді ғана меңгерту қағидасын үстанады. Онда да сөздің ішкі мәніне
теориялық жағынан үңілмей, тек сырт көрінісін танып, қалай жазылатынын есте
сақтауды талап етеді.
Біріккен сөздерді оқытқанда, ерекше көңіл бөлінетін мәселе - олардың
жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта
төмендегі төрт жағдай ескеріледі.
Біріншіден, жалпы біріккен сөздердің құрамына енген сөздердің қосылып
жазылатындығы. Ол барша практикалық жұмысқа байланысты үздіксіз орындалып
отырады.
Екіншіден, кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығындағы к, қ
дыбыстарының г, ғ дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда,
түбірдегі бұрынғы қалпы сақталып к, қ дыбыстарының жазылатыны
-көкжиек, қарақұс тәрізді сөздердің көгжиек, қарағұс болып айтылуын
байқату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі.
Үшіншіден, біріккен сөз ішінде дауысты дыбыс қатар келгенде, бір
дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны
меңгертіледі. Бұл да көз қанықтыру, жазып дағдыландыру әдістерімен
үйретіледі. Мысалы, Сарөзен, Қарарна болып айтылып, солай естілетін жер
- су атауларының екі түбірі де әуелгі қалпын сақтап Сарыөзен, Қараарна
түрінде екі дауысты арқылы жазылады. Ескерілетін бір жайт - осы тақылеттес
құрылымы бар кісі аттары бір дауысты дыбысын түсіріп, естілуінше
жазылатынын тағы да тіл деректермен таныту мәселесі. Ондай кісі аттарын
оқушылардың сөдік дәптерлеріне жаздырған жөн.
Төртіншіден, бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін
оқушылардың есінде қалдыру үшін, тапсырма орындалады.
Ал, өзара байланысты айтылатын сөз тіркестерінің жазылуы жөнінде ереже
берілмейді. Мысалы, жан қалта, сағат қалта, сары май, тоң май, сары мия,
есек мия сияқты сөздердің жазылуы көрсетіліп, жаздырып түсінік беріледі.
Жазылуын есте сақтау арқылы меңгертілетін бірге не бөлек жазылатын сөздерді
көрнекі құралға ендіріп пайдаланса, сабақтың сапасы арта түседі.
Балалар кітап оқығанда не сөйлегенде біріккен сөздерді сол өзгеріске
түскен қалпында айтып дағдыланады. Сөйтіп балалар мәтінде жазылуынша теріс
оқымай, дыбысталып айтылуын дұрыс келтіріп, мәнерлеп оқуға машықтанады.
Бағдарламада белгіленген біріккен сөздердің жазылу емлесі төмендегідей
мәселерді қамтиды: жалпы біріккен сөздердің қосылып, ал, кісі және жер-су
атауларының бас әріппен жазылатыны, біріккен сөздер сыңарларының арасында
екі дауысты дыбыс қатар келгенде екі түрлі жазылатыны (егер жер-су атаулары
болса, екі дауысты дыбыс әріптерінің сақталып, ал, егер кісі аты болса,
біреуінің түсірілетіні, яғни естілуі бойынша бір дауысты әріппен
жазылатыны) меңгертіледі. Бұл ережелердің ішінде кісі аты және жер-су
аттарының бас әріппен жазылатындығы 5-сынып оқушыларына тың мәселе емес.
Балаларға бұл ереже 2-сыныптан-ақ таныс.
Сондықтан ол тек жаттығу жұмысы үстінде қайталау есебінде ескеи
түсіріледі. Сонда 5-7 сыныптар үшін жаңа білім біріккен сөз туралы ұғымды,
оның бірге жазылатынын, екі сөз аралығында көрші келген дауысты дыбыстарды
сөйлеуде бір дыбыс арқылы айтылатынын, ал, бұларды жазғанда, жер-су
атауларында бастапқы түбірлері сақталып, морфологиялық қағидамен
жазылатынын, кісі атының фонетикалық қағида бойынша бір дауыстымен
жазылатындығын меңгерту ғана болып саналады.
Мұғалім оқушыларға тіркес сөздерді біріккен сөздерден ажырата білуді,
олардың бөлек жазылатын емлесін практикалық әдісін қолданып меңгертеді.
Алайда бұлар, балалар, бұл емледен оқулықтағы он тіркес сөздің жазылуын
көріп, көшіріп алумен ғана толық түсінік алып үлгермейді. Сондықтан мұғалім
сабаққа арнап біріккен сөздер мен тіркес сөздердің өзгеше жазылатын емлесін
беру керек, салыстырмалы кесте жасау керек. Кестеде тіркес сөздерді
жаңғыртып оқулық материалын толықтырады. Сонымен қатар тек қана тіркес
сөздердің мысалын арттырып қоймай, онымен салыстыратын біріккен сөздер де
окулықта берілгендермен сөзбе-сөз болуға тиіс.
Сабақ материалын жаңа біріккен сөздермен толықтыру жұмысына окушылар да
біраз үлес қосады. Оқушыларға таныс бірнеше сөз беріледі де, солардың жаңа
мағына беретіндей етіп екі-екі сөзді біріктіру тапсырмасы орындатылады.
Немесе оқушыларға бірнеше жеке сөздер беріледі. Сол сөздердің әрқайсысына
біріккен сөз құрайтын жаңа сөз қосып, белгілі бір тақырыпта шағын шығарма
жазу тапсырылады. Көптеген жаттығу жұмыстарын орындау кезінде, сөз жоқ,
бағдарлама белгілеген ережеге сәйкес әлденеше жаңа біріккен сөздер туындап,
сабақ материалы кеңейе түседі.
Қос сөздер тақырыбын өткенде 7-сынып оқушылары қос сөздің үш түрлі
жасалу жолымен: бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және
күшейтпе буын арқылы бөлек жазылатын елесі үйретіледі. Қос сөздердің бір
сөз сияқты бір түйден екпіннен тұтас оқылатыны, айтылатынын байқату,
бақылату, жаттықтыру әдістерімен меңгеріледі.
Мұғалімдер іс жүзінде солай істеп те жүр. Олар сабақ материалын өздері
байытады. Жасаған көрнекі құралдарында, карточкаларында, талдауға алған
мысалдарында қос сөздердің оқулықта келтірілгендеріне талайын қосып
пайдаланады. Қос сөздердің семантикалық, лексикалық мәндерін ашып
көрсетеді. Сөйтіп оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын
арттырады, логикалық ойлауы мен дүниетанымын жетілдіреді.
7-сыныпта оқылатын қысқарған сөздер тақырыбы жаңартылған немесе
жетілдірілген бағдарлама бойынша 2002 жылдан бері өтілетін болды.
Бағдарлама сөздің бірінші әріптерінен бірінші сөздің басқа буындарынан
жасалатын түрлерін тануды және олардың жазылу емлесін үйретуді талап етеді.
Қысқарған сөздерді өткенде, әдістемелік жағынан ескерілетін кейбір
мәселелері мыналар.
Біріншіден, оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың артықшылығын аңғарту
керек. Ол үшін сөзді толық жазуға оны оқуға көп уақыт кететіні қысқарған
сөзді жазудың, оқудың жеңілдігімен салыстырылады.
Екіншіден, қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін (ССРО,
БЛКЖО) әріп аттарымен айтып, оқытып жаттықтыру арқылы практикалық дағды
беріледі.
Үшіншіден, бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің
бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіру үшін жаттығу
жұмыстары орындатылады, мүндай сөздер оқушылардың сөздіктеріне жаздырылады,
әрі жаттаттылады.
Төртіншіден, қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың
толық түрін айтқызып, жазғызып білім бекіту жұмысы іске асырылады. Толық
сөздерден қысқарған сөздер жасатып дағдыландырған дұрыс.
1.3 Қосымша
Қосымша деген ұғым екі сатыда түсіндіріледі, әуелі сөзге жалғанып,
оны жалпы түрлендіретін сөз бөлшектері қосымша деп аталатыны тұрасында
кіріспе іспетті ұғым білдіреді. Бұл тұста қосымшаның жұрнақ және жалғау
болып бөлінетіні жайлы сөз қозғалмайды.
Одан әрі қосымшаның сөз мағынасын өзгертетін және сөздің тек формасын
түрлендіретін екі түрі болатыны түсіндіріледі. Бұл да жаттығу жолымен
меңгеріледі. Ол үшін бір түбірге әр түрлі септік жалғауы жалғанып мәтінге
ендіріледі де, сол сөздер таптырылып, жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей тек
сөз бен сөзді байланыстырып қана тұрғаны көрсетіледі. Ал, жұрнақты
таныстырғанда, бір түбірге әр алуан жұрнақ жалғап әлгі сөздің мағынасы
түрліше болып өзгергені байқалады.
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін бөлшегі деген
қорытынды шығарылады. Сонымен сөздің негізгі бөлімі - түбір, жаңа сөз
тудыратын бөлімі - жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі - жалғау деген түйін
жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің еселеп
те жалғана беретіні мысалдар арқылы көрсетіледі.
Қосымшаларды таныстырғанда, мына таблицаны пайдалануға болады. Оның
бірінші бөлімі бір сөзге әртүрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі
жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып
тұратыны байқатылады. Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі
көрінеді. Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны
талданып, таныстырылады.
Шопан жайлау - ды көрді
- ға шықты
- да болды
- дан қайтты
Қортынды сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.
7-ші сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін білім
мазмұны мынадай: түбір сөз, яғни негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір
түбірге қосымшаның жуан не жіңішке болып жалғанатын емлесі, қосымшаның
жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні, туынды сөз, қосымшалардың
сөзге жалғану тәртібі.
Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушыларға таныс заттың
атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі.
Ал, қосымшалардан оқушылардың тез түсінуге қолайлысы - көптік
жалғаулар.
Гүл, күн дегенімізде бір гүл, бір күн деген ұғымды түсінеміз. Оларға
дер қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдің де, күннің де саны әлденешеу, көп
деген мағына пайда болады. Енді осындай сөз мағынасына көптік мән беретін
қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап, қандай өзгеріс пайда болғанын
байқаңдаршы - деп, мұғалім балаларға өздік жұмысын орындату тәсілін
қолданады. Сонда оқушылар жете таныс кітап, дәптер, қалам сияқты сөздерге
көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалын байытуға өз үлестерін
қосады.
Бұл арада көптік жалғау деген термин әзір аталмайды. Бірақ көптік
жалғауды таныту қызметіне дайындық жасалып, балаларға оны практикалық
тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты жүзеге асырыла бастайды. Одан әрі қарай
қосымшалардың түр-түрі кездесетін сөзде арқылы қосымшалы сөз жасалатыны
көрсетіледі. Қосымшалардың сөзді түрлендіретіні және сөйлемдегі сөздерді
бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрауға қызмет ететіні бірте-бірте
танытылады. Сонымен, бұл тақырыптан оқушылар сөздің өзгермейтін бөлігін
негізгі түбір (түбір сөз), сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша деп
атайтынымыз жөнінде екі ереже үйренеді. Жаттығу тапсырмаларын орындатқанда,
түбір сөзді қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру
немесе берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері
орындалады. Осы жұмыстарға байланысты түбір мен қосымшаға байланысты емле
мәселесі де ескеріліп, үйретіледі. Демек түбірдегі дауыстылардың жуан не
жіңішке дыбыс болуларына қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып
жалғанатыны, ал, түбірдің соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына
сәйкес қосымшалардың алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп
жалғанатынына мысалдар арқылы бақылатып, жаздырылып түсіндіріледі. Мысалы,
ән, оқу, аң, сөздеріне - шы, -ші қосымшаларының, біл, айт, жаз сөздеріне -
қыш, ғыш, гіш қосымшаларының лайықтысын жалғау -жөнінде тапсырма беріледі.
ІІ. Тарау. Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту.
2.1. Түбір. Түбірлес сөздер
Оқушылар бұл тақырыпты оқып-үйрену барысында сөздердің қалай жазылатыны
туралы аздап қана теориялық білім алып шығады. Балалардың жай ғана, дұрыс
жазуға үйренуі, жазу дағдысын қалыптастыруға себеп болады.
Сөз құрамын оқыту негізінде балалардың дауыссыз, дауысты дыбыстарды,
түбір, тағы басқаларды дұрыс жазу дағдылары қалыптасады.
Сөз құрамын оқытуға арналған тақырыптар 5-7 сыныптар бағдарламасында
оқу уақытының 75 сағатын алады.
Әрбір сыныпта өткен жылда өтілген материал қайталанып, тек аз ғана жаңа
білім көлемі қосылады. Мысалға, 7 сыныпта - Күрделі сөздерді жай жазу
болса, 5 сыныпта осы тақырып кішкене ғана өзгертіліп, күрделеніп беріледі.
Көмекші мектепте қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша, Сөз құрамы 5-
сыныптан басталады.
5-сыныпта Сөз құрамы тақырыбы бойынша: түбір және қосымша. Бұл
екеуінің бір бірінен айырмашылығы. Қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге
бөлінуі. Әрқайсысының өзіндік белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз жасайтыны, оның
түрлері. Жалғау, жұрнақтар арқылы сөздерді өзгертуге жаттықтыру.
Жұрнақ, жалғаулардың жазылуы. Қосымшалардың емлесі. Дауыссыз, дауысты
дыбыстардың түбір сөздерде жазылуы.
Осы жерде айта кететін нәрсе, 5сыныпта: түбір, қосымшамен бірге
түбірлес сөзді де өту керек. Сонда-ғана бала түбір мен түбірлес сөзді
салыстыра отырып, олардың айырмашылығын түсінеді.
5-сыныпта, жоғарыда айтылғандарды, яғни, түбір және түбірлес сөздер,
қосымшалар емлесі. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің өзгермеуі,
қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғасуы, тақырыптарын
қайталап, жаңа тақырып, күрделі сөз туралы түсінік беру. Біріккен сөз.
Біріккен сөздің жиі кездесетін түрлері. Мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу.
Кісі аттарын білдіретін біріккен сөздер және олардың емлесі. Жер-су және үй
жануарларының аттарын білдіретін біріккен сөздер, олардың емлесі.
8-сыныпта: Түбір сөз. Қосымша, жалғау, жұрнақ. Туынды сөз. Туынды сөз
жасайтын жұрнақтар. Түбір сөз бен туынды сөзді салыстыру, олардың
айырмашылығы тақырыптарын қайталап, жаңа қос сөздер туралы жалпы түсінік,
анықтамасы, емлесі. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздер,
олардың емлесі. Әр түрлі сөздерден жасалған қос сөздер, олардың емлесі.
7-сыныпта, қайталауға: Түбірлес сөздер. Әр түрлі сөз таптарына жататын
түбірлес сөздер, оларды құрамына қарай талдау. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң
болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да қатаң болып келетіні.
Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанған қосымшаның
бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып өзгеруі.
Ал, жаңа тақырып етіп: Қысқарған сөздер туралы жалпы түсінік. Сөздердің
бірінші әріптерінен қысқарған сөздер. Олардың емлесі. Алдыңғы сөздің басқы
буынымен келесі сөздердің бірінші әріптерін сақтап қысқарған сөздер.
Бұлардың емлесі. Мәтіннен қысқарған сөздерді тапқызу тақырыптарын өту
керек.
-сыныпта: Сөз құрамын талдау. Қосымшалардың емлесі. Қосымша
жалғанғанда, сөздегі соңғы буынның үндесіп жалғануы, кейбір сөздердің соңғы
дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы.
Күрделі сөздерді: біріккен сөздер, қысқарған сөздер, қос сөздерді
қайталау керек.
Сөз құрамын оқыту үрдісінде, оқушылар сөз бөліктері жайлы
түсініктерге ие болып, сөз қоры молаяды және байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Жалпылау- талқылау жұмыстарын өткізу әдеттері қалыптасып, қазақ
орфографиясының морфологиялық қағидасын тәжірибелі ұғынады.
Көмекші мектептерде Сөз құрамын тәжірибелік оқыту төмендегідей жүйеде
жүргізіледі. Тәжірибелік жаттығулар жасау арқылы керекті белгі түсініктерін
үғыну, белгілі бір түсініктермен танысу, терминдер енгізу, түсініктерді
бекіту.
Мұғалім бұл тақырып бойынша сабаққа даярланғанда, алдымен жаттығуларды
орындаудың жүйелі жолымен оқушыларға түбір, жұрнақ, қосымша
түсініктерін ұғындырып, осы жай теориялық білімдерін, орфографиялық
дағдыларын қалыптастыруда пайдалану керек.
Сөз. Көмекші мектептің 2-4 сыныптарда тәжірибелік жаттыгуларды орындау
барысында әр түрлі сөздерді (заттың атын, қимылын, түсін, тағы басқаны
білдіретін) өтеді. 5-сыныптан бастап грамматика мен емленің негіздері
жүйелі түрде оқытыла бастайды. Өтілетін негізгі тақырыптар-Сөз құрамы.
Сөз құрамы. Сөз құрамын, сөздің жаңа мағына беретін бөлшектерін
(жалғау, жұрнақ) оқыту. Оқушылардың белсенді және енжар сөздік қорын
байытуға бағытталған жаттығулар орфографиялық нормаларын меңгерту
жұмыстарымен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс. Осы кезеңде айтылуы ұқсас
сөздерді де оқытады.
Сөз құрамы тақырыбы бойынша оқушылардың білім және әдет-дағдыларының
көлемі төмендегі сызбада көрсетілген.
Сөз құрамы тақырыбын оқыту.
Сынып Жылдағы Жұмыс мазмұны
сағат саны
5 35 Түбір және түбірлес сөздер. Қосымша, жұрнақ. Жұрнақтар
көмегімен сөздер құрауға жаттығулар.
6 15 Түбірлес сөздер. Түбір, жұрнақ және қосымша. Жұрнақтар
арқылы сөз құрау.
7 15 Түбір, жұрнақ, қосымша. Күрделі сөздер. Күрделі
сөздерді жазудағы қарапайым ережелер.
8 15 Түбірлес сөздер: әртүрлі сөз бөліктеріне жататын
түбірлес сөздерді таңдау, құрамы бойынша талдау.
Сөз құрамы такырыбы бойынша білім және дағдылар көлемі.
Тақырып Сынып Білім Дағды
Түбір және 5-7 Түбір - туыстық Қиыншылықтар. Сөз
түбірлес сөздер сөздердің жалпы түбірін табу. Түбірлес
бөлігі. Туыстық сөздер сөздерді құрау. Түбірді
- мазмұны бойынша анықтау, оның не үшін
жақын, жалпы бөлігі түбір екенін дәлелдеу.
бар сөздер. Туыстық Түбірлес сөздерді
сөздерді түбірлес деп салыстыру және сөз
те атайды. түбірін анықтау. Түбірлес
сгодердің анықтамасы. Бір
түбірден туған сөздерді
таныту.
Қосымша 5-7 Қосымша сөздің Сөздерді өзгерту және
өзгеріп түратын бөлігі.қосымшаны табу.
Қосымша бір сөзді Сөйлемде сөздерді
екінші сөзбен байланыстыру. Сұраққа
байланыстыру байланысты сөз
қызметін атқарады. қосымшасын өзгерту. Түбір және
қосымша айырмашылығы.
Қосымшаның жұрнақ, жалғау
болып екіге бөлінуі.
Қосымшалардың емлесі.
Қосымша жалғанғанда түбір
сөздің өзгермеуі,
қосымшалардың сөздегі соңғы
буынмен үндесіп жалғасуы.
Жұрнақ 5-7 Жұрнақ - сөз бөлігі, Сөзде жұрнақты табу.
түбірден кейін, Сөзге жұрнақтың қандай
қосымша алдынан маңызы барлығын
келеді. Сөзге жаңа анықтау. Жұрнақ
мағына береді. көмегімен сөз құрау.
Жұрнақтар көмегімен Жұрнақ пен жалғаудың өзіндік
жаңа сөздер құралады. белгілері. Жұрнақ, жаңа сөз
жасайтыны, оның түрлері.
Жалғаудың сөз бен сөзді
байланыстыратыны. Жалғау,
жұрнақтар арқылы сөздерді
өзгертуге жаттықтыру. Жұрнақ,
жалғаудың жазылуы.
Сөз түбірінде 5-7 Қатаң және ұяң Қатаң және ұяң
қатаң және ұяң дауыссыздардың дұрыс дауыссыздарды анықтау.
дауыссыздардың жазылуын тексеру үшін, Тексеру сөзін таңдау.
дұрыс жазылуы. тексеру сөзін дұрыс таңдау Түбірінде қатаң және үяң
керек. дауыссыздар бар сөздерді
дұрыс жазу. Дауыссыз,
дауысты дыбыстардың түбір
сөздерде жазылуы.
Күрделі сөздер 5-7 Түбір сөздердің қосылуынанБерілген түбірлерден
пайда болған сөздер, күрделікүрделі сөз құрау.
сөздер деп аталады. Түбірді табу. Күрделі сөз
екенін түсіндіру.
Біріккен сөздердің жиі
кездесетін түрлері.
Мәтіннен біріккен
сөздерді тапқызу. Кісі
аттарын білдіретін
біріккен сөздер және
олардың емлесі. Жер-су
және үй жануарларының
атын білдіретін біріккен
сөздер, олардың емлесі.
Күрделі сөздерді5-7
жазудағы
қарапайым
ерекшеліктер
Күрделі 7 Бірнеше сөздерден тұратын Қысқартылған сөздерді
қысқарған атаулар қысқартылып айту. Қысқарған сөздерді
сөздер айтылады. Бұларды қысқарған құрау. Сөз тіркестерін
сөздер дейді. М: қысқарған сөздерен
педагогикалық кеңес ауыстыру. Қысқарған
-педкеңес. Қысқарған сөздер сөздерді құрамына қарай
бірінші сөз бөлігі мен талдау. Қысқарған
екінші сөзді тұтас қосқаннансөздерді толық түрінде
жасаланады. М: медколледж, жазу, айту.
облмәслихат, ұжымшар.
Сондай-ақ қысқарған сөздер,
сөздердің бас әріптерінен
немесе бірінші буындарынан
құралады. М: АҚШ, ТМД, АлМУ.
Грамматикалық жаттығуларды орындау үрдісі бойынша, 4 сыныпта оқушылар
туыстық сөздермен танысады, олардың қасиеттерін біліп, түбір сөзді бөліп
алуға үйренеді: бұл алғашқы білім яғни сөз құрамын меңгерудегі өзек болып
табылады.
Түбір. Түбірлес сөздерді өткенде бұл тақырыпта мұғалім, ең алдымен,
оқушыларға түбірлес сөздердің өзара мағыналық байланысын түсіндіруге зейін
аудару керек.
Кейіннен туыстық сөздерді бөліп, түбір, түбірлес сөздер
түсініктерін ұғындыру.
Бұл жұмыс әдістемесі төмендегідей:
1.Түбірлес сөздерден сөйлемдер берілді.
Ойыншы ойын көрсетті.
Балаларға ойыншық сатып алдым.
Ойыншықты ойна.
Оқушылар мағынасына қарай, жақын сөздерді айтады, бір баған етіп жазады.
Ойыншы
Ойын
Ойыншық
Ойна
Мұғалім осы сөздердің ортақ бөлігі, түбірді белгілеуге тапсырма береді
(түбірдің графикалық белгісін еске түсіру.)
Оқушылар сұраққа жауап береді: Түбір деген не?
(Мағынасы жақын сөздердің ортақ бөлігі).
4.Оқулықтағы қорытындыны оқу: Туыстық сөздердің ортақ бөлігі түбір
деп аталады. Бұл жерде, туыстық сөздер - бұл, мағынасы жақын, сондай-ақ
түбірлес сөздер деп те аталады.
Түбірлес, туыстық, түбір деген терминдерді терең түсіндіру үшін,
олардың лексикалық мағынасын айқындау қажет: түбірлес - бір түбір,
туыстық - жақын, түбір - ортақ бөлік, сөз түбірсіз болмайды. Бекіту
үшін, сөз түбірін табуға жаттығулар орындалады.
Оқушылардың ойлау әрекетін басқара отырып, мұғалім өз түбірін табуға
жоспар (алгоритм) ұсынуға болады.
Сөз түбірін табу үшін:
Туыстық сөздерді таңдап алыңдар (2-3).
Бұл сөздерді мағынасы және құрылымы бойынша салыстыр.
Түбірді айырып ал, белгіле.
Неге осы бөліктің түбір екенін түсіндір (суат, сушы, сусын).
Мұндай жүргізілген жұмыс, оқушылардың ақырындап сөз түбірін анықтауын
қалыптастырады.
Сөз құрамы тақырыбына үлгі ретінде сабақ үзінділерінен ұсынамыз. 5 сынып.
Тақырыбы: Түбірлес сөздер.
Мақсаты: Туыстық сөздер туралы түсініктерін тереңдету, түбірлес
түсінігін ұғындыру.
Көрнекіліктер: Туыстық сөздер сызба, Күз, Бақтағы, егістіктегі күздік
жұмыстар тақырыбына суреттер, түбірдің графикалық бейнесі бар топтама.
Сабақ жоспары.
1.Тақырып бойынша негізгі жұмысқа даярлық, үй тапсырмасын тексеруден
басталады.
-Біл сөзін қалай жаздық?
-Біл сөзіне магынасына қарай жақын сөздерді атаңдар, жазыңдар 2-3
туыстық сөздер (біл, білім, білгіш, білгір) т.б.
2.Туыстық сөздермен сөз тіркестерін таңдау. Олармен сөйлем құрастыру.
Су, сусын, сулық, сулы жер, сусынды ал, сушы жері;
Туыстық сөздердің лексикалық мағынасы анықталған кейін, олардың ортақ
бөлігі айқындалып, графикалық белгісімен белгіленеді. Қорыту жасаланады:
Туыстық сөздер - бұл, мағынасына қарай жақын сөздер. Туыстық сөздердің
ортақ бөлігі түбір деп аталады. Туыстық сөздерді түбірлес сөздер деп атасақ
та болады.
3.Түбірлес сөздерді табуға, түбірді анықтауға берілген жаттығулар.
А) Берілген сөз тіркестері мен суретке қарап сөйлем құрау (сурет
бойынша әңгіме құрастыруға даярлық).
Ә) Түбірлес сөздерді жазу, түбірді белгілеу.
Жапырақтар сарғайды.
Сарғалдақ ашылды.
Ортаның бәрі сарғыш. - Түбірлес сөздер, қандай түбір сөзден құралған?
(Сары).
4.Оқулықпен жұмыс. Түбірді табуға жаттығулар орындау. Ережелермен
жұмыс.
Түбір - сөздің өзгермейтін бөлігі. Бір түбірден бірнеше туынды сөз
жасалады. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Қосымша тапсырма:
Ереже жазылған жерді оқулықтан тап, дауыстап оқы.
5.Үй тапсырмасы.
Үйге берілген жаттығу тасырмасын оқушылар өздігінен оқиды,
мұғалім сұрақтарына жауап береді, ережелерді қайталайды. Бұл
жұмыстардың бәрі үй тапсырмасын дұрыс түсініп, орындауына негіз болады.
5-7 сыныптарда мұғалім бұл тақырып бойынша сабақ жоспарын, оқушылардың 5
сыныпта алған білімдерін пысықтап, тереңдете отырып құрайды. Ол үшін,
берілген сыныпқа қандай морфологиялық тақырыптың негіз болатынын ескеру
керек. Себебі 5- сыныпта бұл тақырыпқа және оқушылардың белсенді сөздігіне
сын есім енгізіледі. 5-7 сыныптарда - етістік, - сыныпта сан есім және
үстеу.
5-7 сыныпта бұл тақырып бойынша мынандай жаттығулар беріледі.
1) Зат есім, етістіктерге түбірлес сын есімді таңдап алып, сөз тіркесін
құрау.
Кейін сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып жазу.
Мысалы: Сүт - сүттей, сүттей ақ. Алғаш түскен қар сүттей ак еді.
Оқы - оқу, кітап оқу, кітап окып отыр. Арман кітап оқып отыр.
Түбірлес сөздерді сөз таптарының бір мезгілде қайталануы арқылы жасау.
Мысалы: Берілген түбірден түбірлес зат есім, етістік, есімдік... жасау. Жыр
-жыршы, жырлар, жырды.
Түбірлес сөздер тобынан тексеру сөзін табу, таңдау. Бұл сөздің қандай сөз
табына жататынын анықтау.
Биші, билік, биік, биге. Ескек, ескіш, ескер, есті.
4) Сөздің лексикалық мағынасын түсіндіру. Сөздер тобынан артық сөзді
табу, неге артық екенін түсіндіру.
Ілгіш, ілмек, ілгері, ілу, іле. Талапты, талапкер, талаппен, талапқор,
талды. Артық сөздерден сөйлем құрау.
5) Берілген зат есім мен сын есімнен түбірлес етістік жасау. Түбірлес
сөздердің қалай жасалғанын түсіндіру.
Күрек - күре, күреді. Сары - сарғайды,
6) Етістікті сөз тіркесімен ауыстыру. Сөз тіркесінен берілген етістікке
түбірлес сөзді табу. Сөз тіркесімен сөйлем құрау.
Тап - табу, шешуін табу. Қорқу - иттен қорқу. Жазды - дәптерге жазу.
Осылайша, балалар бұл тақырып бойынша білім мен дағдыларды меңгереді.
2.2 Қосымша.
Сөз құрамын толық түсіну үшін қосымшамен жұмыс жасау керек, сондай-ақ
септік, жіктік, тәуелдік жалғауларды ұғындыру жұмыстары енгізіледі.
Сондықтан, мұғалім бұл түсініктерді оқушыларға таныстырғанда, ең
алдымен сөздегі қосымшаның орнын сұрақ қойылғанда сөйлемдегі сөз жалғауының
өзгеруіне олар зейінін аудару керек.
Мұндай қорытындыға оқушылар мынандай жұмыстар арқылы келеді:
1.Мұғалім, бір сөз эртүрлі қосымшалар арқылы беріліп, қайталанатын мәтін
береді. Мысалға:
Жаңылтпаш.
Шежіреші кісі шежіре айтты ішіндегі шежіресін шешіле айтты.
Оқушылар қайталанып келетін, сөз астын сызады (шежіреші, шежіре,
шежіресін),
Мұғалім сөздің өзгеретін бөлігіне көңіл аударып, қосымша терминін айтады,
оның шартты белгісін көрсетеді.
Осы жұмыс негізінде оқушылар қосымша сөздің өзгеріп тұратын бөлігі екенін
ұғынады.
Асты сызылған сөздерге сұрақ койылып, қосымшалар бөлініп жазылады, зейіні
сұраққа байланысты қосымшаның өзгеруіне аударылады.
(кім?) шежіреші
(не?) шежіре
(несін?)шежіресін.
Алғаш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz