Көне Греция философиясы жайлы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Көне Греция философиясы
Жоспар:
1. Көне Греция философиясының ерекшеліктері, негізгі даму кезеңдері мен
мектептері.
2. Милет мектебінің натурфилософиясы.
3. Сократ философиясындагы адам мәселесі.
4. Платон және Аристотель: ұқсас жақтары мен ерекшеліктері.
5. Эллинизм философиясының сипаты.

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен
байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен
антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек
қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері жән грек
халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-
тастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын филосо-
фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте
көп болды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI
ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек
қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге
болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі Милет мс фалес,
Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің ғашқы
бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмүнды кезеңі. Сократ, Платон, Ари-
стотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу
өрісін ке-нейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика,
логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның
ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси
тәу-елсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің,
философия-сының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда
өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп,
скептицизм, эпшуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.

Көне Греция философиясынын негізгі өкілдері

Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа
ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл
натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық
нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон, Анакси-мен – ауа деп
түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де
кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді
және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады.
Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар
дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді,
оларды әсемдікке, космосқа ұластырады.
Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір
қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік
танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық,
саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола
алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола
бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады.
Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық
салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге,
мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба
білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің
шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының
рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде
Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
Ежелгі Греция философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге
дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты
обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым
философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады.
Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке
тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете
алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам
білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық –
зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін,
басқалар оны да білмейді, Өзіңді-өзің танып-біл! қағидаларының негізгі
мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель
-Г.Н.) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның
өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы
тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты.
Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де
жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды.
Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де
белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен.
олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас
жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.
Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар
аралығында Афинада емір сүрді.
Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі
ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп,
табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы
тамаша еңбектер жазды.
Идея – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис
философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның
ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа
жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары
көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы
жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу
керек.
Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның
пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл
қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия медецнинасы. Гиппократ. Гиппократ жинағы
Көне Греция философиясы
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Көне Грек философиясының ерекшеліктері
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Ғылым философиясы мен тарихы пәні
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Пәндер