Көне Отырар жайлы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Көне Отырар.
Отырар IX ғасырдағы ірі қала болған. Ол тарихты Тұрарбанд, Тарбанд деп те
атылып келген. Орта Азия мен Қазақстанның көне тарихында ерекше орын
алатын ортағасырлық қалалардың бiрi - Отырар.

200 жылдық тарихы бар қаланың әр заманда жеке-жеке басшысы болғаны аян.
Әрбiр басшы өзi жасаған басшылық кезеңiнде қала мен сол аймақтың гүлденуiне
және аймақ мүддесiн қорғау үшiн өз күшi мен бiлiмiн аяған емес. Ендi мiне,
қаңқасы қалған қаланың басшылары кiмдер болған? - деген сұраққа жауап
iздесек, бiрiншi қолға алатынымыз көне жазбалардағы деректер, екiншiсi
Отырарда соғылған теңгедегi адам есiмдерi. Қолдағы бар деректерге сүйене
отырып, Отырар билеушiлерiнiң алғашқы дерек көзi IX ғасырда басталғанын
бiлуге болады. Мұны IX ғасырдың араб тарихшысы ат-Тараби еңбегiнен де
аңғарамыз. Мұнда 739 жылы Омеядтарға қарсы шыққан және түркiлерден қолдау
тапқан мұсылмандардың басшысы ал-Харис ибн Сұрайждтың Фарабқа кетуiне
Хорасан әкiмi мәжбүр еткенi хабарланады. Осындай жағдаймен Фарабқа
келген мұсылмандар Ислам iшiндегi демократиялық идеяларды насихаттаған топ
болды. (Араб халифатының бас үкiметiне шыққандарды түркi билеушiлерi қолдап
отырғаны белгiлi. 809-818 жылдары Хорасан әкiмi болған ал-Мамун өз уәзiрiне
халифпен соғыс басталар алдында саяси жағдайдың күрделенiп кеткенiн айта
отырып, Отрарбенд патшасының әдетте төлеп келе жатқан алым-салықтан бас
тартқанын алға тартады).

Араб тарихшысы Абу-л-Валид Мұхаммед ал-Азраки шығармасында ал-
Мамунның 812-817 жылдар аралығында Отырарға қарсы жорыққа арабтың белгiлi
қолбасшысы Фадл ибн Сахлды жiбергенi айтылады. Мұның нәтижесiнде шекарадағы
Қарлұқ басшысы өлтiрiлiп, Қарлұқ жабғуының әулетi тұтқынға алынады. Осы
мағлұматтарға қарап Қарлұқ билеушiлерiнiң ордасы Отырарда болуы мүмкiн
деген жорамал туады. Фарабтың IX ғасырда қарлұқтарға бағынышты болғанын Ибн
Хордадбек қоштайды.
X ғасырдың басында бұл өңiрдi саманилiктер басып алады. Фарабта 922-923
жылдары әмiр Насыр II ибн Ахмад атынан соғылған мыс теңгелер табылды.

Осы теңгелерде самани әулиетiнiң әкiмiмен қатар Фарабта сол кезде
әкiм болған кiсi есiмi Әлi (Али) көрсетiлген.
X ғасырдың аяғында қарлұқтар арасынан шыққан қарахан әулетi саманилiктердi
талқандап, Орта Азияны өзiне бағындырды. Отырар қарахандар билiк жүргiзген
жеке иелiкке айналды. Сафи ад-дин Орын Қойлақының Насаб-намасында
қарахандықтардың Отырарда орнығуы және билеушiлер тiзiмi берiледi: Қылыч
Арслан хан Отрарда келiб 40 жыл падшалық қылды. Анық оғлы Ысмайыл хан. Анық
оғлы Йлйас хан. Анық оғлы Ахмад хан. Анық оғлы Санжар хан. Анық оғлы Хасан
хан. Анық оғлы Мұхаммед хан, лақабы Бiлге хан ердi. Анық оғлы Дадбек ханю.
Анық оғлы Абд ал-Халық хан. Жұмласы Отрарда тұрар ердiлар.

XII ғасырдың 30-40-жылдары қарақытайлар (қидандар) дерлiк
қарахандық иелiктердi өздерiне қаратты. Жатжұрттықтардан қысым көрген
Отырардың ең соңғы қарахандық билеушiсi ал-Хақан ал-Әдiл Шамс ад-Дунна ва-д-
Дин Кутлуг Бiлге хақан (лақап аты Тадж ад-Дин Бiлге хан) дiнi бiр ғой деп
хорезмшах Мұхаммадты қоштады. Мұнымен қатар, бұрынғы өз әскерiмен
хорезмшахқа қол ұшын берген көмегi ескерiледi деп санады. Алайда, кез
келген жатжұрттықтың аты да, заты да бiр болып шықты. Хорезмшах билiгiне
төзе алмаған Отырар билеушiсi 1210 жылы бой көтередi. Қарсылықтың нақты
баяны бiзге беймәлiм болғанымен ол күшпен басылғаны белгiлi. Отырар
билеушiсi Бiлге хан Ниса қаласына айдауға жiберiледi, 1212 жылы оның басы
алынады.
Отырардағы билiгiн паш ету мақсатындағы хорезмшах 1210 жылы өз
туысқанын Иналшықты отырғызады. Оның толық есiмi: Тадж ад-Дуний ва-ад Дин
Каир-хан Абу-л-Фатх Йаған туғды. Отырар 1219 жылы моңғол шапқыншылығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Отырардың заттық мәдениеті
Көне қала отырар
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Әл-Фараби шығармаларындағы әдеби-теориялық мәселелер
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Испиджаб-сайрам және яссы-түркістан
Пәндер