Көне Тараз қаласының археологиялық-архитектуралық ескерткіштері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І-тарау. Көне Тараз қаласының археологиялық-архитектуралық ескерткіштері.

1. 1. Шахристан және Рабад.

1. 2. Тараздағы монша.

ІІ-тарау. Тараздың архитектуралық ескерткіштері.

2. 1. Айша-бибі мавзалейі.

2. 2. Бабажи-Хатуж мавзолейі.

2. 3. Қарахан мавзолейі.

2. 4. Тасақыр.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Қазақстан мен Орта Азияда отырықшы қоныстардың дамуы археологияда өзекті проблемалардың бірі.

Қазақстан мен Орта Азияда археологияның дамуы туралы Толстовтың «Сырдарияның ежелгі цивилизациясы»1, М. Е. Массон еңбектерінен, Ю. А. Якубовский еңбектерінен, А. Х. Марғұлан, К. А. акишев, К. М. Байпақов, Л. Б. Ерзанович т. б. еңбектерінен және А. Н. Бернштамның «Талас өңірі мен Жетісу аудандары» туралы жазған еңбектерінен терең мағлұмат алуға болады. А. Н. Бернштамның Талас өңіріне жүргізген экспедициялық жұмысы нәтижесінде үлкен хронологиялық аралықтағы ескерткіштер қазақмазарлары, сақ қорғандары зерттелінді. Осы ескерткіштердің ішіндегі ең маңыздысы Тараз қаласы.

Тараз қаласы Талас өзені бойына салынған. Б. з. 568 жылының өзінде-ақ бұл жөнінде Византия елшісі Земарх және одан 60 жыл кейін Қытай жиханкезі Сюань-Изань жазып кеткен. Тараз керуен жолындағы іріленген сауда қаласы болып табылады. Бұл қала туралы деректерді барлық уақыттардан тауып алуға болады, дамыған қолөнер өндірісі болады және қала атының өзі де көпес қаласының шаруашылық өмірін көрсетеді.

Бұл курс жұмысымның тақырыбын алу себебім Тараз қаласын және оның археологиялық және архитектуралық ескерткіштерін зерттеп түсіну.

І-тарау. Көне Тараз қаласының археологиялық-

архитектуралық ескерткіштері.

  1. Шахристан және Рабад.

Ертедегі бұл қаланы қазғанда адамзат қолынан істелген заттардың бес қабаты табылды. Жоғарыжан төмен қарай бірінші қабат - қазіргі кез қабат, екіншісі ХІІІ-ХV ғасырларға сай келеді, үшіншісінде ХІ-ХІІ ғасырлардағы қала қалдықтары бар, төртіншісі - түргеш-қарлұқ дәуіріне жатады. Ақырында бесінші қабаттағы қалдықтар бойынша бай болып шықты. Бұл б. з. ХІ-ХІІ ғасырларында қаланың мейлінше гүлденгенін көрсетеді. Қатты қабаты көзелердің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі қара, сұр рецктерді ұштастыра отырып, қоңыр, қызыл бояумен сырлау болып табылады. Үй, монша қабырғаларына сызып-жазуда, фасадтардың керамикамен қапталған беттерінде де осындай көрініс байқалады. Тас төселген жам жолдары, моншаға жақын көшелер қаланың сумен жабдықтау жүйесінің болуы, оларда көзе құбырлар жасалуы қаланың біршама көркем болғанын көрсетеді. Талас өңірінің археологиялық зерттеу Жетісу археологиялық экспедициясынан, Қаз ССГА археология және этнография экспедициясы мен Қырғыз ССҒА экспедициясы жалғастырды.

Археологтармен қатар ғылыми-зерттеу жұмысына архитекторлар да кірісті. Бұлар республиканың сәулет ескерткіштері неғұрлым көбірек жолығатын аудандарына арнаулы экспедициялар ұйымдастырды. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдардың ішінде Ә. Х. Марғұланның «Ертедегі қазақстанның қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан», Т. К. Басеновтың «Сақ аймағындағы архитектуралық ескерткіштері», М. М. Меңдіғұловтың «Маңғыстау түбегі мен Батыс Үстірті архитектура ескерткіші», Г. Г. Герасимовтың «Орталық Қазақстандағы қаракенгір өзенінің архитектуралық ескерткіштері» деген еңбектерде архитектура Орта Азия архитектуралық ескерткіштері туралы көптеген мағлұмат бар.

Ертедегі Тараз құрылысының ішінен ХХ ғасырда өңдеген б. з. Х-ХІ ғасырлардағы Қарақан мавзолейі ғана сақталған және ХІ-ХІІ ғасырдан моншаның қалдығы қазылып табылды. Тараз бірнеше рет бүліншілікке ұшырады. 1207-1210 жылдары Хорезм шахы Мұхамед, 1219-1220 жылдары моңғолдар, 1307 шағатайлықтар және басқалар қаланы қиратып кетті. ХVІ ғасырда Мұғамед Қайдар қаланы мүлдем бүлдірді. Б. з. Х-ХІІ ғасырларында Тараз қаласының территориясы сақтаулы аймаққа айналдырылды, қаланың негізгі жоспары бойынша енді мұнда құрылыс салынбайды. 2

Қала өңірінің курт дамуы шахристанның да топографиясына әсер етті, мұнда үй орындары тығыз орналасты. 1962 жылы жүргізілген қазба жұмысында көптеген күйдірілмеген кіріпіштен қаланған, негізінен тастар өрілген қабырғалар кездесті. Кірпіштер көлемі 52х24-25х7-8м, қабырғалардың биіктігі 1, 53 м қалыңдығы 0, 98 м. Қабырғаларын үлкен өзен тастарымен төселген аулаға жалғасады.

Шахристандағы су қоймасынан енді суды тарататын өте жетілген дәрежеде су құбырлары құрылған. Солтүстік-шығыс бөлігінде де құрылыстар өзгереді. Бұл жерде үлкен монша салынған онан әрі сәл алыста гончарлы пештің орны ашылады., құрылысы өте күрделі болып төменгі жағынан гончарлық құбырлар жалғасқан. Х-ХІІ ғасырларда шахристанның қорғаныс қамалы өзінің ролін жоғалтады, себебі негізгі қорғаныс рабаттық қамалдарды атқаратын еді.

Тараздың Х-ХІІ ғасырлардағы гүлдену дәуірін қарасақ, онда әсіресе, рабаттың өсу жолына, оның топографиясына көңіл бөлуге тура келеді.

Бұл дәуірде рабад шахристанға жалғасып жатқан үш бөліктен тұрады. Қазіргі құрылысы жүріп жатқан Жамбыл қаласының орнынан табылған көк және ақ түсті бояуларды көп қолданған керамикалық ыдыстар рабадтың Х-ХІІ ғғ. Жататындығын көрсететін алғашқы дәлел болып табылады.

Рабадтағы қазба жұмыстары ондағы үй құрылыстарынан топографиясынан көп мәліметтер берді, Батыс қабырғаларын байлап қала тұрғындарының үй орындарының тығыздығын көреміз. Осы бетте қақпадан онша қашық емес Қарахан мавзолейі орналасқан, онан солтүстікке діни ғимарат және керуен-сарай орны ашылды.

Х-ХІІ ғасырларда қарақытайлар мен хорезмшахтардың шабуылы рабадтың қирауына алып келді. Қазба жұмысында күйген ағаштар, қабырғалардың күюі соны көрсетеді.

Рабадтағы өмір сүру ХІІ ғасырдың басында қайтадан жанданады.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз жоғарыда қысқа ғана тоқталып өткендей үлкен, өскен қала болып отыр.

Мұндай өзгерістерге анық аймағындағы қалалар да ұшырайды. Төменгі Барсхан, Шельдени күл қалаларының топаграфиялық құрылысының ерекшелігін зерттегенімізде олардың да Таразбен қатар барлық феодалдық қалалар тәрізді дамып отырғанын байқаймыз. Аймақтағы бұл қалалардың бәрі сауда-кәсіптік орталық болды, сонымен бірге өздерінің маңындағы селолардың орталығы рөлін атқарды. Қалардың осылай дамып өзгеруін топылығы ролін атқарды. Қалалардың осылай дамып өзгеруін топографиялық құрылысынан байқасақ, оны жазба деректері мен археологиялық қазбалар да анықтайды. Араб саяхатшысы Макфиси (Х ғ. ) солтүстік-батыс аймақтағы қалалар туралы айта келіп: 1. Барсхан . . . қабырғалары бар, қазіргі бұзылған, базардың орталығында мешіт орны бар.

2. Бехлу-Барсханнан үлкен - Диенкмыден солтүстік таман жатыр, 0, 5 фарсах қашықтықта 5 болысы болған . . . цитадель және базар орталығында мешіті бар.

3. Атлах - өзінің көлемі жағынан Таразға жақын, қамал қабырғалары бар. Қаланың көп жерін бау-бақша алып жатыр. Оның маңында жүзімдіктер орналасқан. Қаланың ішінде мешіті бар, базары болса, шеткерірек жерде.

4. Хамукет - үлкен қала. Қамал қабырғалары бар. Қаланың ішкі бөлігінде мешіті бар, базары қала шетінде.

5. Дишкуль - Тараздан жарты миль жерде орналасқан. Қамал қабырғалары және цитадель бар. Мешіті базарда орналасқан. 3

Солтүстік-батыс аймақтағы қалалар кәсіптің, жерді игерудің, сауданың дамуына байланысты өсіп отырды. Оңтүстік-шығыс аймағындағы қалалар болса ІХ-ХІ ғасырларда осы аудандарда қазба байлықтарын игере бастауына байланысты өсті. Үлкен Шельдиен облысын айта келіп Макдиси тағы да былай дейді: «Шельдиен онша үлкен емес қала, онда шетелдіктер көп, айтуларына қарағанда 10 000 исфахалдық бар. Цитадель мешіті оның сыртында қала таулардың ортасында орналасқан. Ортасымен су ағып жатады, таулар арасында 7 село орналасқан. Сус - үлкен қала, Кульснан кіші. Бұл екі қалада қамал қабырғалары бар және өзен жағасына қарай орналасқан. Такабкет - үлкен қала, тұрғындарының көбі мұсылмандар емес. Кейінгі үш қала тауға жақын. Күміс шығатын жерге жақын орналасқан». 4

Рабадтың шығыс бөлігінен табылған ақ және көк түсті бояумен боялған шырақтар мен ақ түспен әсемделген ыдыстар арқылы қаланың өмір сүрген уақыт ІХ-ХІІ ғғ. Екендігін көреміз. Бұл қала да қазіргі құрылыстарының тез өсуіне байланысты оның жеке үй құрылыстарын зерттеу қиын болды. Мұндай жеке үй, аула орындарының құрылыстары Текабиет және куль қаласындағы М. А. Бубнова мен П. Н. Кожемяконың қазба жұмыстарынан жергілікті құрылыстан мәлімет алуға болады. Текабкеттегі үй құрылыстары - бірінен-бірі жалғаса орналасқан тік бұрышты екі бһлмеден тұрады, ішкі ауланың орны білінеді. Оның солтүстік жағында, біріне-бірі байланыссыз тұрғын комплексі көрінеді. Олар аулаға жекелей кіреді. Қабырғалар тасты фундаментке орналасқан, оларда терезе орындары көрінбейді, құрылысына пахса және күйдірілмеген кірпіштен (46х23х12см. ) . Бөлмелердің үсті күмбезделіп жабылған, ал есіктерінің жоғары жағы арқылы болып иімделіп келген. Аулаға шығатын қабырға архитектуралық жағынан әсемделген. Мұның бәрі ол қаланың бұрындары құрылысшыларының жоғары дәрежеде шебер болғандығын көрсетеді.

Тараз аймағындағы қалалардың өсуін бөліп қарауға болмайды. Талас өңірі сияқты Шу өңірінде де осындай қалалардың өсу процесі болды. 5

Талас өңірінің қалары ХІІІ ғасырда моңғол дәуірінде көптеп қирайды. Ал кейін Темір дәуірінде кейбір қамалдар қайтадан қалпына келтіреді. Осы ғасырдан бастап бұл өмірдегі қалалар өте нашар дамығанымен, өздерінің заттай мәдениетінде жергілікті бұрынғы өнерді дамыта отырды. 6

Шахристан. Қаланың зерттелген аймағы шахристанның контурын анықтауға көмектесті. Шахристанның батыс, шығыс және оңтүстік жағынан қақпасы болды. Шығыс жағында рабадпен байланысып жатты. Шахристаннан табылған кейбір тұрғын үйлер төртбұрышты формада және өлшемдері 4х4, 3, 5х3, 5 ал кейбіреулері тіктөртбұрышты ал өлшемдері 4, 5х3, 5; 36, 5; 6, 20х2, 65 м. қабырғалардың қалыңдығы 60-80 см. қаланған және биіктігі 8 м-ге дейін, саз кіріпіштен (25х38х8 см. ) қаланған және сыланбаған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан, от костер түрінде жазылған. Ошақ қасынан сүйектердің қалдығы, керамикалық ыдыстар мен табылуы жоқ сүйегін тоқуда қолданылатынын айғағы болды.

Рабад. Рабадтағы қазба жұмысының нәтижесінде жеке тұрған үйдің шығыс бөлігі анықталды. Қабырғалар 50-80 см-ге дейінгі биіктікте сақталған. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы -1, 2 см. ал ішкі қабырғасының қалыңдығы 60-80 см. орталық бөлігінде квадрат формадағы зал - 38 кв. м. Залдың айналасына 3 жағынан тікбұрышты және квадрат формалы шаруашылық орындары орналасты. Бөлмелер есік және коридор арқылы бір-бірімен байланысып отырды. Тандыр пештері жақсы сақталған Пештің ішкі қабырғалары шырша тәріздес өрнекпен өрнектелген. Еденді күйдірілген кірпішпен қалау әдісі Х-ХІІ ғасырларда тек Таразда емес сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан7 және Қырғыздарда8 болған.

Үйдің солтүстік қабырғасында жер асты құпия жолы болған биіктігі 1, 20м, ені 80 см. екі жақ қабырғалары плитамен қаланған. Бұл үйде құрылысының күрделілігіне қарай отырып саг кез үшін беделді, ықпалды феодал үйі деуге болады. Ал кіші бөлмелерде және залды қоршаған орындарда семья мүшелері мен жалшылар тұрған тәрізді. Рабадтағы жүргізілген қазба жұмысы рабад құрылысының барлық көрінісін көрсетті. Рабадтағы шығыс қабырғасынан тік бұрышты формадағы үйлерде тұрған қала тұрғындарының қоныстары орналасты. Қақпадан алысырақ жерде Қарахан мавзолейі орын көтерді, ал солтүстік-шығыс бөлігінде тас фундамент үстінде белгілі ақсүйек үй орналасты, осы үйдің солтүстігінде табыну құрылысы орналасты, ал солтүстік-шығысында керуен сарай орналасты. Кейіннен ірі төңкерістен, өрттен кейін рабадтағы өмір тоқтаған. Ең негізгі себебі қарақытай мен хорезмшахтың жорықтары болды. Макдиси бұл туралы былай деп суреттеді. Тараз үлкен бекіністі қала, көптеген көркем баулары бар, 4 қақпасы бар және халық қоныстанған рабады бар. Қаланың шығыс қақапасы тұсында үлкен өзен бар. Бұл өзен қаланы екіге бөледі, өзен арқылы өткел бар. Базар ортасында мешіт орналасқан.

1. 2. Тараздағы монша.

Көне қаланың әр жерінде жүргізілген қазбалар Тараз өмірінің әр-түрлі кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері мен ғимараттарын берді. Шахристанның шығыс жақ бұрышында жүргізілген ауданы 200 шаршы метр қазбадан монша табылған. Жобасында монша ғимараты квадратқа ұқсас өлшемдері 13, 5х12, 5. Шығыс бөлігінде орналасқан жағып жылытатын комплексті санамағанда барлығы 7 бөлме тазартылған. Бірінші бөлмесінде еденге өлшемдері 0, 5х0, 5х0, 08 см. сары және қызыл түсті шоршы тас тақта төселген. Биіктігі 0, 4 м. және ені 0, 38 м. отырғыштың бөлігі сақталған. Екінші бөлмесінде өлшемдері 3, 05х2, 32 м. кірпіш астау мен кірлен табылған.

Астау батыс қабырғасының түбінде еденде тұр, оның ұзындығы 1, 75 м., ені 0, 47 м. қабырғасының биіктігі 0, 6 м. Астаудың іші мен сыртына сылақ соғылған. Астау қабырғаларының сырт жағында сегізбұрышты жұлдыздардан тұратын бірнеше көркем суреттер сақталған. Қабырғасының түсі қызыл, жұлдыздары сары, айналдыра қарамен жиектелген оңтүстік қабырғасы күлгін түспен боялған. Қабырғасының жазықтығы екіге бөлінген. Төменгі бөлігі биіктігі 0, 5 м. және тереңдігі 0, 3 м. жіңішке қуыстармен көркемделген. Шығыс қабырғасы шахмат тәртібімен орналасқан сары жұлдыздармен көркем суреттелген.

Кірлен кемересінде 17 бұхарлық мыс тиындар үйіндісі9 табылған, олар ХІғ деп даталанған. Екінші бөлме үшіншімен ені 0, 79м. есік ойығы арқылы байланысқан. Мұнда ені 0, 34 м. және тереңдігі 0, 26 м. бір кірлен тұрған. Бөлменің қабырғалары көркем суреттелген. Күлгін түсті бетіне сары және қызыл түсті кезектесе сегізқырлық пен алтықырлық салынған. Көрші төртінші өлшемдері 2, 44х2, 46 м., бөлменің қабырғаларында ешбір әшекей жоқ. Бесінші бөлме нашар сақталған. Алтыншы бөлменің өлшемдері 3, 15х3, 11м. Төрт қабырғасы да жақсы сақталған. Оларды бойлай отырғыштар орнатылған. Батыс қабырғасының отырғыштан жоғары жері қарамен жиектелген сегізқырлықтармен, сары және қызыл түспен боялған артықырлықтармен оңтүстік қабырғасы үшжапырақтармен әшекейленген. Моншаның жетінші бөлмесі ең үлкен 6, 71х3, 93м. Онда сары және қызыл түсті шаршы тас тақталар төселген жазық еден жақсы сақталған. Қабырғалары қуыстармен көркемделген. Құлап жатқан қалдықтарына қарағанда моншаның бөлмелері күмбездермен жабылған. Моншаға су оның қасында салынған қамбаның ішіндегі құдықтан келген. Жылу монша еденінің астында орналасқан арнайы өзендермен жеткізілген Тараз моншасы құрылыс техникасының ерекшеліктері жылыту жүйесі, өрнектеу мәнері мен көркем сурет түссипаты оның ХІ-ХІІ ғғ. Қаланың экономикалық өркендеу кезеңінде, болғанына куәлік етеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қаларында ашылған моншалардың ішкі құрылысы басқа, жобасында крес тәріздес. Ол Отрар, Баласағұн моншалары. Тараз моншасы Каср-ан Хайр ал Тарбидағы тяу шығыс моншасын еске түсіреді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, моншалар Орта Азия қалаларында ХІІІ ғасырда пайда болған, олар Жер Орта теңізі алқабынан шығып, Таяу және Орта шығыс арқылы Орта Азияға жеткенге ұқсайды. 10

Үлкен қаларда алдаған моншалар болған, мысалы, Самарқанд пен Бұқарада ІХ-ХІІ ғғ. Олардың саны жүзге дейін болуы мүмкін еді. Моншалардың көбінің ішкі жағы Тараз моншасынан көргеніміздей, көркем суретпен әшекейленген. Мысалы, Х ғ. Авторы ал-Масуди өз шығармаларының бірінде моншаларда адам келбетті, бүркіт тұмсықты, екі бүйірінде төрт қанаты және хайуан тырнақты екі қолы бар құс тәріздес Ал-Анка деп аталған ғажайып жануардың бейнесін жиі кездестіруге болатынын атап көрсеткен. 11

ІХ-Х ғғ. Закария ал Рази, Моншаның адам денесіне әсерін сипаттай отырып, жуыну хайуандық, рухани және табиғи күштерді әлсіретеді деп санаған. Сондықтан адамның мұңын жазатын, уайым ауртпашылықтарын жеңілдететін көркем суреттермен әшекейлеуді ұсынған.

ІІ-тарау. Тараздың архитектуралық ескерткіштері.

2. 1. Айша-бибі мавзолейі.

Головачевкадағы екінші мавзолейі - Айша-бибі мавзолейі (ХІ ғ. ) . Бұл архитектуралық көркемдігі жағынан өте құнды, б. з. д. ою-өрнек сарының және композициялық тәсілдерінің байлығы мен алуан түрлілігін сақтап келген тамаша ескерткіш болып табылады.

Б. П. Деникенің айтуына қарағанда, бұл ескерткіш орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ең тамаша ескерткіштердің бірі. Ол қима террокотпен безендірілген. Мұны қолдану Орта Азия мен Қазақстан аймағында ғана кеңінен тараған. 12 Бұл Бабажи-Хатун мавзолейімен қатар тұр. Олардың шығыс фасадтары бір қатар болып орналасқан.

Мавзолейдің көлемі, бағаналардың сыртқа шығып тұрғанын есепке алмағанда, сыртқы қабырғалары 723х723 см. Жоба бойынша тұрғызылған.

Бабажи-Хатун мавзолейі сияқты Айша-бибі мавзолейінің кеңістіктегі құрылысы шаршы формалы болып келеді. Бірақ күрделі архитектуралық бөлшек салаларының және бай декоратив құрылысының арқасында ол әсем істелген, жоғары бойлай түскен құрылыс ретінде көрінеді, 1953 жылғы өлшеп зерттеу Айша-бибі мавзолейінің конструктив схемасы өте қызық екенін және өзінің сипаты жағынан алғанда, Орта Азия мен Қазақстанның әдеттегі құрылыстарының конструктив шеңберінен тыс жататынын көрсетті. 13

Мовзолейдің қабырғалары үш қабат болады, бұлардың сыртқы қабаты-қаптайтын терракот плиткалар, одан кейін қабырға ішіне салынған толтырғыш заттар және ішкі қабаты қалыңдығы 40 см., ішіне салынатын заттарға қалып болып табылатын, кірпіш қабырғалар болды. Толтырғыштар дегеніміз ганч пен балшық араластырған, жарамай қалған терракот қалақтардың қоспалары, толтырғыштардың қалыңдығы 80 см. болып келеді. Қалаудың мұндай системасы Қазақстан мен Орта Азия құрылыс практикасында бұрынды-соңды болып көрген емес. Тек ХІХ ғасырда ғана Сам және Маңғыстау аудандарында жаңадан туады. 14

Диаметрі 80 см болып келетін төрт бұрышты мықты бағаналар мен шытрлардың және арқалардың системасы мавзолейі қаңқасын құрайтын негізгі конструктивтік өзек болып табылады. Қабырға бөліктері мен бағана системалары биіктігінен алғанда әрбір 60-80 см. кейін қалау арасында салынып отырған арша байламдар арқылы жалғасады. 15

Арша дегеніміз тау беткейлерінде өсетін ағаш тәрізді бұталар. Оның ағашының құрттап, шіруге және басқа дерттерге қарсы өте төзімді қасиеті болатындығы ертедегі құрылысшыларға, мәлім болған. Бабжи-Хатун мен Айша-бибі мавзолейлерінде арша бөренелер ғасырлар бойына жақсы шыдап келеді. Бұлардың өздері де сақталған және осы құрылыстарды да сақтаған.

Арша байламдары ойдағыдай қолданудың мысалдарын ертедегі Мервтегі (ХІІ ғ. ) Сұлтан Санжар мавзолейінен де, Ұлықбек медресесінен де көреміз (ХV ғ. ) .

Айша-бибі мавзолейінің арқа шатыр системасы қабырғасы күш түсірмейді және түсетін күшті бағаналар мен кірпіш тіреулерге ауыстырады. Фасадтағы төрт ойықтың бәрі де жартылай шатырмен табылған. Бұл жартылай шатырлар шағын бағаналарға және ойықтардағы кірпіш тіреуге сүйенеді. Арка шатырлар өз кезегінде - 384-өлшеуден басталатын көлденең аркалар системасына сүйенетін болған. Мавзолей үйінің күмбезбен жабылғандығын 286 өлшеудегі бұрыш арка тромптарының қалдықтары дәлелдейді.

Айша-бибі ескерткішінің қалдықтарын тексеріп зерттеудің нәтижесінде, бұл мавзолей тек сәулетшінің тапқыр конструктив тәсіл қолдануының арқасында ғана сақталған. Айша-бибі ескерткішінің порталы жоқ. Қабырға кенересінен бастап арка өкшесіне дейін көтерілген қырлы панельдер кірер есікті шырғалаумен қатар конструктив қызмет атқарып, бұлар қабырғаның жоғары нәзіктелген және ойықтармен бөлшектенген бет тыстауларына көп қуат беріп тұрады.

Фасад қабырғаларына жазуы бар Бабажи-Хатун мавзолейінен Айша-бибі мавзолейінің тағы бір айырмашылығы мұнда жазу бұрыш бағаналарындағы тыстау қалақтарына түсірілген.

Айша-бибі мавзолейіне қолданылған барлық құрылыс және декоратив тәсілдері оның салынған уақыты ХІ ғасыр және ХІІ ғасырдың бас кезінен кем емес екендігін көрсетеді, ал кейбір әдебиеттерде бұл мавзолейдің салынуын ХІІ-ХІІІ ғасырларға жатқызып жүр. Айша-бибі ескерткіші өзө алдында бір музей сияқты. Мұнда Қазақстан архитектурасының ою-өрнек қазынасы толық жиналған. Бұл жеке ою-өрнек салымдарының дәстүрлік формалары мен революциялық принциптері бұлардың ұштасуын түсіндіретін тетік болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Тараз қаласының физика-географиялық орналасуы
Республикалық дәрежедегі қорық мұражайлары
Тараз қаласы
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Ұлы жібек жолы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz