КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
КӨНЕ ТҮРКІ РУНА ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ
ТАҢБА-БЕЛГІЛЕРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
Similiarities of Turkic old Runa writings with Kazakh manuscripts
Тоқболат Еңсегенұлы*
Резюме
Бұл мақалада көне түркі руна жазуы Қытай, Шумер жазуларының ізін
ала жасалғандығы, ал, бұл тайпа пайдаланған сөздер түркі тілінде молынан
кездесетіні, шумерлердің дәстүр-салты, нанымы және көктегі жаратушыға
табынуы түркілермен етене туыстас екені арнайы зерттелініп, орнықты тұжырым
жасалынады. Өйткені, шумерлер Орта Азиядан қоныс аударғанда өзімен бірге
түркі жазуын және олардың наным-сенімін, дәстүрін ала кеткенін маман
ғалымдар дәлелдеп берді. Екіншіден, түркі руна жазуының туып, қалыптасуына
түркі және қазақ халқының ру-тайпаларының таңба-белгілері едәуір ықпал
еткені осы еңбекте салыстырмалы түрде көрсетіліп, тиянақты тұжырым
жасалынады. Мәселен, М. Қашқари, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Марғұлан жинаған көне
түркі және қазақ тайпаларының таңба-белгілері түркі руна жазуына өте
ұқсастығы бұлтартпас дәлел келтіріліп, айқындалды.
Көне түркі руна жазуын оқып, сырын ашуға бұрын көне әрпі
қалыптасқан, кейін басқа алфавитті игерген шетел ғалымдары белсене
араласты. Мысалға, Копенгаген университетінің профессоры, осы көне түркі
руна жазуын оқудың тұңғыш кілтін тапқан В.Томсен осындай мақсатта болып,
тасқа түсірілген жазуды оқуға зор ынтамен кірісті. Алайда ол Орхон мен
Енисей жазбалары түркі мұрасы екенін білгеннен кейін де түркі алфавитінің
шығу тегі арамей (парсы−арамей, соғды) жазуының ықпалымен, соған сүйеніп
жасалған деген пікір білдірді. Басқа бір топ ғалымдар, атап айтқанда
Н.Аристов, А.Дж. Эмре, И.А. Батмановтар көне түркі жазуына өзге елдердің
әріптік жазуының ешқандай қатысы жоқ, бұл алфавит түркі таңбаларының
әсерімен, соған ұқсаған көне түркілердің төл жазуы деген тұжырым білдірді.
Профессор С.Е.Малов Енисей жазбалары қырғыз халқының мұрасы екенін атап
көрсетті. Бірақ нақты дәлел келтірмейді. Осы еңбекте көне түркі руна жазуы
түркілердің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалғанын семиотека
тәсілін пайдаланып, салыстырып зерттеп, орнықты тұжырым жасалынды. Бұл
термин грек тілінде белгі, таңба деген мағынаны білдіреді.
Семиотека−жалпы таңбалар жүйесін саралайтын ғылым саласы. Қысқасы, көне
түркі жазуының туып, қалыптасып, дамыған тұстарын үш кезеңге бөліп
топтауға болады. Біріншісі, Сақ тайпалары бірігіп, дәуірлеген тұс. Екінші,
Ғұн руна жазуы. Үшіншісі, қағандық дәуірдегі түркі жазуы.
Annotation
This article deals with formation of Turkic alphabet after Chine and
Shumer manuscript. The tradition belief and religion of Shumers are the
same with Turkic tradition belief and religion the both nations worship to
sky.Becouse shumer are from Central Asia and took with themselves Turkic
manuscript was founded with the help of Turkic and Kazakh symbols
Foreign scientists who had acquired ancient manuscripts and alphabets
actively worked on the research of the Turkic old Runa manuscripts. The
professor of the Copenhagen university V. Thomson paid great attention to
study the written manuscripts on the stones. After being familiar of the
fact that the Orhon Yenisey manuscripts were the heritage of the Turkic
manuscripts., he came to the conclusion that the origin of the Turkish
language was closely connected with Aramei (Persian, Aramei, Sogdy).
----------------------------------- -
*Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
The other group of scientists, namely N.Aristov,
A.Jh.Amre,I.A.Batmanov claimed that there is not any connection between
Turkic manuscript and other languages, this alphabet was affected with the
Turkic symbols. However, S.E.Malov stated that Yenisey manuscript was the
heritage of Kyrgyz nation .But he could not give any reliable sources..
This work deals with facts which prove that the old Runa manuscript
was originated by the Turkic symbols. It was founded with the help of
semiotics. Semiotics originated from Greek, meaning Symbols and signs.
Semiotics is the science which studies symbols. And we came to the
conclusion that old Turkic manuscripts were founded and developed in three
ways:
1. Sak period;
2. Gun manuscripts;
3. Turkic manuscripts.
Көне түркі руна жазба ескерткіштері мен руна жазуы ХVІІ ғасырдың
ортасында-ақ әлем шығыстанушы ғалымдары мен саяхатшыларының, және Ресей
патшалығының шалғайдағы әкімшіліктерінің назарын шұғыл аудартты. Оған әр
түрлі себептер қозғау болды. Солардың негізгілерін атасақ, біріншіден, көне
түркі руна жазба ескерткіштерінің Орта Азия, Қазақстан, Алтай, Шығыс
Түркістан, Турфан аймақтары мен Енисей, Орхон, Онгин, Талас,
Іле өзендерінің өңірлерінен және Монғолияның көптеген өлкелерінен, Венгрия
жерлерінен табылуы, яғни, дәу тастар мен қағазға жазылған көне түркі
шығармаларының әлемнің көптеген елдері төңірегінен көне мәдени мұра
есебінде бой көрсетуі, сол жазба ескерткіштердің сан жағынан көптігі
жаһанның өркениетті елдерінің қызығушылығын туғызды.
Мәселен, 1799 жылы Венгрияның Қасиетті Николай елді мекені төңірегінен
руна жазуы бар бірнеше алтынданған ыдыстар табылды. Кейінірек сол қымбат
бұйымдардағы жазуды шығыстанушы Ю. Немет оқып, көне түркі руна жазбасы
екенін мәлімдеді. Екіншіден, самсаған дәу тастар беттеріне тұтастай
сығылыстыра түсірілген жазбаларды оқып, қай халықтың рухани мұрасы екенін
білу аса қиындық туғызып, істі анықтау ұзаққа созылуынан әр ел ғалымдарының
өз халқының көне жазба ескерткіші болар деген үмітін оятып, сол саланы
зерттеуге, танып, білуге олардың құлшынысын орасан арттырды. Сонымен, көне
түркілердің тасқа түсірілген жазуына руна сөзінің енгізілуі шетел
ғалымдарының бұл құпия жазба ескерткіштердің жұмбақ сырын ашуға деген
ниетін күшейтті. Әрі дүниенің зиялы қауымына шешімін тапқызбаған күрделі
іске ертеден дамыған елдер өз мәдениетіміз шығар деген үмітпен
қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Ақырында осылай Руна жазуы деген
халықаралық ғылыми термин қалыптасты.
Себебі, көне түркі жазуы скандинавтықтардың ежелгі руна жазуына сырттай
ұқсастықтары бар еді. Мысалға, әріп таңбасы көне түркі руна жазба
таңбасында( Хазар руна жазба таңбасында ( Венгер руна жазба
таңбасында болып белгіленді. Руна сөзі көне скандинавияша чип, чипа
( құпия деген мағынаны білдіреді. Осы жазуды алғаш көне Герман тайпалары
қолданған дегенде пікір бар.
Скандинавия әдебиеті – дат, исланд, норвег, швед тілдеріндегі
әдебиет. Руна жазуы, скандинавия эпостары солардың бәріне ортақ мұра болып
есептелінеді. Соған орай, көне түркілердің тастағы жазба шығармаларын оқып
тануға елінде руна жазуы бұрын болған шетел ғалымдары белсене араласты.
Соның нәтижесінде көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде 1662 жылы алғаш
рет хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен болатын.
Сондай-ақ, орыс армиясының қолына түсіп 13 жыл айдауда болып, Сібірді түгел
аралаған Швед офицері Ф.И. Тебберт-Страленберг 1730 жылы Стогколм қаласында
неміс тілінде басылып шыққан Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс
бөлімдері деген еңбегінде Енисей, Алтай жазба ескерткіштері жайлы бірталай
нақты мәліметтер жариялайды. Сол сияқты, 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін
аралаған саяхатшы Д.Е. Миссер-Шмидтің күнделік жазбаларында да қазіргі көне
түркі мәдени ескерткіштері жайлы көңіл аударарлықтай деректер жинақталған.
1890 жылы А.Гейкель бастаған Фин археологтары Орхон жазбаларын зерттеді.
Ресей зиялыларына көне түркі руна жазба ескерткіштері Бірінші Петр
(1682-1725 жж.) тұсында белгілі болып,оның нұсқауымен назар аударыла
бастады. Соның нәтижесінде, 1695 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезевтің
Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің сызбасы атты
еңбегінде Талас өзені бойындағы Орхон тасы деген мәлімет жариялаған. Сол
дерек Әулиеата (Тараз) уезінің бастығы В.А. Каллаурдың 1898 жылы Талас
жазба тастары жайлы хабарлаған мәліметтермен сарындас. Алайда, Бірінші
Петр кезінде Ресейден келген қабір тонаушылар Қазақстан мен Сібір
жерлерінен қыруар алтын бұйымдарды алып кеткен. Олардың біразы эрмитражда
сақтаулы. Қысқасы, өз бабаларының мұрасы шығар деп ойлаған шетел
ғалымдары көне түркі руна жазба шығармаларын ұқыптылықпен зерттеуінің
нәтижесінде олар бұрын-соңды болмаған үлкен ғылыми жаңалық ашты. Солардың
бірегейі – Даниядағы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі
кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен болатын. Бұл ғалым Орхон бойындағы
жазба ескерткішті терең зерттеу барысында тасқа жазылған Түрік, Тәңірі
деген сөздерді оқып, осы кезге дейін құпиясын ішіне бүккен тастағы жазу
түркі мұрасы екенін дәлелдеп, 1893 жылы 25 қарашада ол зор ғылыми
жетістігімен әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Егер В. Томсенді туған
халқының көне мәдениетін іздеуге деген асқақ құлшынысы, ұлттық рух, намысы
жетелемесе ол мұндай даңқ биігіне көтерілмес еді. Оның үстіне, Күлтегін
ескерткішінің екінші жалпақ бетіне тұтастай Патшаның төл арнауы деген
қытай жазбасы түсірілген. Олай болса, бұл жазба тас қай елдікі екенін
қытайлықтар арқылы белгілі ғой.
Осы арада айтарымыз, біздің бірсыпыра түркітанушы ғалымдарымыз Орхон-
Енисей деген сөзді жөнді-жөнсіз жаттанды түрде қолданады да, сол екі
атаудың біріктіріліп неге қосарланып айтылатынын білмейді. Мұның да өзіндік
дерегі бар. 1889 жылы фин ғалымдары Енисей жазбаларының атласын жасаса, сол
жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзені бойынан тасқа түсірілген
Енисей қарпіндегі жазуды тапты. Сол кезден бері қарай көне түркілердің
тасқа түсірген рухани мұралары – Орхон-Енисей жазбалары деп аталады.
Айрықша айтарымыз, мұндай көлемі үлкен, мазмұнға бай, құнды Орхон жазба
ескерткіштері бұрын мәдениетке жетпеген, жабайы, варвар санап жүрген көне
түркі халқының мұрасы екені ғылыми тұрғыда айқындалғанда бірсыпыра шетел
шығыстанушылары ондай тұжырымға күдіктене қарап, көне түркі руна жазуы өзге
өркениетті халықтардың жазба мәдениеті үлгісінде жасалған деген болжам
қалыптастырып, көне түркі руна алфавитін бірнеше елдердің сондай жазуына
ұқсатумен болды.
Мысалы, Копенгаген университетінің профессоры, осы көне түркі
жазуының тұңғыш кілтін тапқан В. Томсен көне түркі алфавитінің шығу тегін
арамей (парсы-арамей, соғды) әріптік жазуының ықпалымен, соған сүйеніп
жасалған деген пікір білдірді. Көптеген түркітанушылар В.Томсен болжамын
қолдады. Екінші бір топ ғалымдар, атап айтқанда, Н. Аристов, А. Дж. Эмре,
И.А. Батмановтар көне түркі жазуына өзге елдердің әріптік жазуының ешқандай
қатысы жоқ, бұл алфавит түркі таңбаларының әсерімен, соған ұқсаған көне
түркілердің төл мұрасы деген тұжырым білдірді. Сондай-ақ, академик Ю.
Клапрот руна жазуының төркіні грек алфавитімен туыстас деп байлам жасады.
Көне түркі руна жазба шығармаларын жинап, аударуға қатысқан профессор С.Е.
Малов Енисей жазбалары қырғыз халқының көне мұрасы екенін білдірді.
Түркітанушылар И.А. Батманов пен К.Юдахин оның пікіріне толық қосылмады.
Бұл туралы С.Е. Малов: К. Юдахин не возражает против киргизов как авторов
памятников этой древней письменности. Он только говорит, что пока нет
лингвистческих данных для сближения языка этих надписей с современный
киргизским языком, ( деп түсіндіреді (Малов С.Е. 1952, 5-б.).
Негізінде, профессор С.Е. Малов Енисей жазба ескерткіштерін жинап,
құрастырған еңбегінде алғы сөз ретінде жазған мақаласында Енисей жазбалары
қырғыз халқының мұрасы екенін атап айтқан, бірақ сол сөзіне талдау жасап,
жауап қайтармаған. Көне түркі руна жазуы және көне түркі руна жазба
шығармалары жөнінде осындай талас пікір әлі жалғасып келеді. Көне түркі
руна жазбаларын тілдік тұрғыда зерттеп жүрген профессор А. Аманжолов:
Расын айтқанда, жалпы алғашқы алфавиттің шығу тегі мәселесі, сондай-ақ
көне түркі руникалық таңбаларының пайда болуы жөніндегі жұмбақ күні бүгінге
дейін толық шешуін таппаған”, ( деп мәлімдейді (Аманжолов А. 1996, 65-б.).
Бұл ғалым әріп пен ен-таңба арасындағы бұлдыр сағым” талай зерттеушілерді
адастырғанын айтумен шектеліп, көне түркі руна жазуының пайда болуы жөнінде
бірсыпыра деректер келтіреді.
Танымал ғалым А. Бахти шумер, скиф және қазақ халқының көне мәдениеті
және шумер сына жазуы мен көне түркі және қазақ таңба, белгілері арасындағы
ұқсастықты салыстыра көрсете келіп: Наука пока не установила ни подлинного
возраста тюркского рунического письма, ни его непосредственного источника,
(деген тоқтамға келеді (Бахти А. 2002, 29-б.). А. Аманжолов пен А. Бахтидің
осы саланы зерттеуде түпкі тұжырымдарын білдірмесе де, ілгері ұмтылыс
жасағаны ғылымға қозғау салғандықтың нышаны.
Көне түркі руна жазуының туып, қалыптасуын, дәуірін білмей сол руна
алфавитімен бірнеше ғасырлар бойы жазылған енапат, құнды шығармаларға
талдау жасап, ғылыми тұрғыда баға беру мүмкін емес. Ондай зерттеу жұмысы
келте біткен іс болады. Бір ғана дәлел – көне түркі руна жазба
шығармаларының айқын танылатын, өзге ел жазба мұраларына ұқсамайтын айрықша
ерекшелігі барын тағы еске салу қажет-ақ. Өйткені, әрбір әріп – руна
алфавитінің өзіндік құпиясы, өзіндік көтеріп тұрған мағынасы сияқты ауыр
жүгі бар. Кез-келген озық жетістік оқшау тұрып өрге баспайды. Сондықтан
көне түркі руна жазуының туып, дамуының түп-төркінін табу үшін әуелі
шығыстағы іргесі ертеден қалыптасқан елдердің жазба мәдениеті мен көне
түркі руна алфавиті арасындағы сабақтастықтың бар не жоғын анықтау қажет-
ақ. Оған қоса көне түркі руна жазуы түркі және қазақ халқының таңба,
белгілері әсерімен жасалғанын немесе ықпалы болмағанын білу ниетінде оларды
бір-бірімен салыстырып зерттеу құнды мәселенің бірі саналады.
Көне замандағы өзге елдердің әріптік жазуы мен көне түркі руна алфавиті
және көне түркі таңба, белгілерін бір-бірімен салыстырып сырын ашқанда, бұл
саланы зерттейтін семиотека тәсілін пайдаланған тиімді. Бұл термин көне
грек тілінде белгі, таңба деген мағынаны білдіреді. Түйіп айтқанда,
семиотека – жалпы таңбалар жүйесін саралайтын ғылым саласы. Таңбаларды тіл
білімі тұрғысынан зерттеуде семиотека іштей үш құрамға бөлінеді. Сонда ғана
таңба, белгілердің жұмбақ құпиясы жіктеліп, талданып көрсетіледі. Бұл
зерттеуге семиотеканың екінші құрамы сәйкес келеді. Онда таңбалар жүйесін,
содан айқындалған сөйлем, сөздің логикалық мәнін, мағынасын танытып,
байқалған таңбалар өрнегіне түсініктеме береді. Осы ережеге сүйене отырып,
ең бірінші, әлем мәдениетінің алғашқы ошағы атанған Шумер сына жазба
белгілері мен көне түркі руна жазуы арасындағы байланыс, сабақтастықты
салыстырып зерттеу көзделді. Алдын-ала білдіреріміз, Шумер сына жазуында
бір белгі-таңба (логография) бір сөзді білдіреді.
Мысалға, Шумер сына жазуындағы мына деген белгі(отан, жер
деген атауды танытады (Бахти.А. 2002, 29-б.). Көне түркі руна жазуындағы
сол белгіге ұқсас алфавиті латынша d қазақша д деген дыбыстық
мағынаны білдіреді (кириллица әрпі деп айтпай-ақ қоялық). Шумер сына
жазуындағы мына деген белгі “он” деген сандық атауды білдірсе, көне
түркі руна жазуында соған ұқсас деген әріп латынша “О, U”, қазақша “О,
У” дыбыстық мағына береді. Шумерлердегі мына белгі “түнгі аспан
деген ұғымды танытады. Түркі жазуындағыалфавиті латынша “пt”, қазақша
“нт” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуында мына
деген белгі “аш”-“бір” деген сөзді білдірсе (көне түркі тілінде де сол
мағынаны танытады), түркі руна жазуында “І” деген әріп латынша “S”, қазақша
“С” дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер жазуындағы деген белгі “күн”
деген атауды танытса, көне түркі руна жазуындағыдеген әріп латынша ”М“
қазақша “М” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуы мен көне
түркі руна алфавиті арасында осындай ұқсастықтар тізе берсе баршылық.
Сондай-ақ, шумерлер мен көне түркі тілдерінде де біршама ұқсастық бар.
Мысалға, шумер тіліндегі “ада” қазақша “ата”, көне түркі тілінде “дада,
ада” деп айтылады. Шумер тілінде “ама”-қазақша “ана”, көне түркі тілінде
сол сөз “ама, аба” деп айтылады. Шумер тіліндегі “думу”-қазақша “ұрпақ”,
түркі тілінде тума деп айтылады. Шумерлер адамды Ши деп атаса түркі
тілінде сол сөз Щи, Чи деп айтылады. Шумерлер шопанды Шуба, Сипа десе,
түркі тілінде шопан сөзі Чупан деп аталады. Шумер тіліндегі Емек
қазақша тіл деп аталса, түркі тілінде емек, емук деп айтылады.
Шумердегі Уш(үш сан атауы түркі тілінде де “уш” деп аталады. Шумер
тіліндегі “кен” (қазақша “кең” сөзі көне түркі тілінде де “кен” деп
аталады. “От” сөзі шумерше “уд” деп аталса, түркі тілінде де солай уд деп
айтылады. Бұл келтірген дәлелдерімізге шумер және көне түркі тілін
салыстырып зерттеген ғалымдардың бірі А. Бахтидің: Мы расмотрели 46 слов,
из них 33 слова польностью схожи, т. е. более 72%, 13 слов схожи по корню
т. е 28 % , ( деп жазғаны негіз (Бахти А. 2002, 21-б.).
Көне түркі руна жазуы мен Шумер сына жазуы және олардың тілдерінің
арасындағы ұқсастықтар көне түркі мәдениеті дүние жүзінде алғашқылардың
қатарында қалыптасқанын тағы нақтылай түседі. Сонымен, көне түркілер бағзы
заманнан мекендеген Орта Азия, соның ішінде Амудария мен Сырдарияның Арал
теңізіне құяр төменгі ағысының аралығындағы Хорезм өңірі – әлемдік
мәдениеттің алғашқы бастау алған орталығының бірі болып табылады. Орта
Азиядан Месопотамиядағы екі өзен аралығында қоныс аударған шумерлер
өздерімен бірге көшпелілер мәдениетінің озық үлгілерін ала келгені,
шумерлерге қатысты кез-келген мәселелер төңірегінде салыстырып қарағанда
шындыққа сай келіп тұрғандығы танылады. Мысалға, көне түркілердің кәсібі (
мал шаруашылығы болса шумерлерде де тап солай. Атап айтқанда, көне
түркілерде қой түлігіне қатысты 100 сөз болса, шумерлерде де қой тұқымына
қатысты екі жүзге жуық сөз бар екен.
Көне түркілер күнге, отқа, жерге, суға табынса, шумерлер де солай
жасап, күн құдайын “Тамуз” деген, қазақта ең ыстық ай “тамыз” деп аталады.
Шумерлер Жер, Су құдайын “Энлил”, перзентті қорғайтын құдайын “Иштар” деп
атаған. Бұрын шыққан кітапта біз арнайы зерттеп тұжырымдағандай, көне
түркілер көктегі жалғыз жаратушы Тәңірге табынса, шумерлер де сол нанымды
иеленген. Осы мәселе жайлы А. Бахтидің: Шумеры поэтому верховным богом
считали древнешумерского бога неба Ану-дингир, что значит бог неба.
Интересно, что шумеры свое небесное божество Ану назвали также Дингир.
Шумерские звонкие согласные соответствуют тюркским глухим. Например:
шумерские “Д” и тюркские “Т”, “Дінгір-тенгір”, ( деп дәлелдегені біздің
пікірімізді нақтылай түседі (Бахти А. 2002, 22, 92-б.).
Қысқасы, шумер сына жазуы мен көне түркі руна алфавиті арасындағы
ұқсастықтар және де бұл екі ел тұрмысындағы ежелден қалыптасқан
сабақтастықтар көне түркі жазба мәдениетінің түп-төркіні тіпті тереңде
жатқандығын айғақтап тұр. Тіл білімі саласының мамандары бұл мәселені
арнайы тереңдете зерттесе ғылымға тың серпіліс туғызатыны байқалады. Көне
түркі және қазақ халқының таңба, белгілерінің осы көне түркі руна жазуының
жасалуына қатысы бүгінгі кезге дейін ауызға алына қоймаған күрделі де құнды
салалардың бірі. Өзгесін айтпағанда, тек ғана аталар жасаған бір таңбаның
өзі бір ру, тайпаның бүкіл тұрмыс-тірлігін, кәсібін, наным, сенімін ашып
беріп, мәдениет деңгейін танытады. Егер қазақ таңба-белгілерін ретімен
түгел жинап сыр-сипатын ашса, ең бірінші, қазақ тарихын шынайы түрде
толымды етіп жасауға жол басталар еді. Бұл әуелі тарих пен тіл мамандарын
ірі жетістікке апаратын өте асыл қазына. Әрине, бұл қасиетті мұраның кілтін
тауып, құпиясын ашуға қара басының, қарнының қамын ойлап, айламен жұлқып-
тартып қорғап, өз мүддесін орындаған соң тояттап қалатын пенделердің
бейшара қарекеті емес, бұған халқының қамын, арын ойлаған, бойында ұлттық
намыс оты лаулаған адамдардың құлшынысы керек. Зерттеп отырған тақырыптағы
кейбір соған қатысты мәселелердің мәнін түсінікті етіп жеткізуге себепші
болатын бабалар қалыптастырған таңба-белгі жөнінде қысқаша сөз қозғау
қажеттілігі байқалады.
Таңба – бағзы заманнан әлемнің бірсыпыра елдерінде пайда болып, ру-
тайпалардың ерекше белгі, айғағы, кейде мөрі ретінде қолданылды. Әсіресе,
көне түркі және монғол халықтарында белгі, таңба ежелден кең түрде өмірге
еніп, сол ру-тайпалардың елтаңбасы, хан жарлығын білдіретін құжат, жазу
есебінде қолданылды. Көне түркі және қазақ белгі-таңбалары – көне түркі
руна жазу алфавитін жасауға себепші болды ма? Бұл күрделі сұраққа нақты
дәлелдермен және орнықты тұжырымдармен түйіндеп жауап бермекпіз. Бұл орайда
әуелі М. Қашқари кітабындағы көне түркі таңбаларын алып, оны көне түркі
руна жазуы алфавитімен өзара салыстырып зерттеу қолға алынды.
Мысалға, оғыз ұлысына қарайтын қайық руының таңбасы деп
белгіленіпті. Бұл таңба қосағындағы деген белгі көне түркі руна
жазуындағы – әрпінің нақ өзі. Осы алфавит латынша “S”, қазақша
“С” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Сол таңба қосағындағы деген
белгі руна жазуындағы әрпінің көшірмесі. Осы әріп латынша “L”,
қазақша “Л” деген дыбыстық мағынаны танытады. Әсіресе, мұндағы
таңбасы Енисей жазуындағы (Л) әрпінің өзі деуге болады, яғни, екі
руна алфавитін қосып бір ру атауын білдіреді (Қашқари М. 1985, 85-б.).
Осыны руна әрпінен құралған таңба-белгі деуге мүмкіндік бар. Оғыздардың
Салғұр руының таңбасы деп белгіленіпті. Осы таңбаның сол жағындағы
бөлігі көне түркі руна жазуындағы (қазақша “С” деген әріпті танытады.
Сондай-ақ, Ігдір руының таңбасы деген Енисей жазуындағы( ,
латынша “R”, қазақша “Р” дыбыстық мағына білдіретін әріпке етене ұқсайды.
Бұған қарап оғыздар руларының таңбасының бірталайы көне түркі руна
жазуынан алынған деген ой туары анық. Оған негіз де бар. Оғыздар ұлысы
шамамен біздің дәуіріміздегі сегізінші-тоғызыншы ғасырларда құрылып, оған
24 ру қарады. Басқасын ескермегеннің өзінде, одан бір ғасырдан астам уақыт
бұрын көне түркі руна жазуымен Орхон, Онгин өзендері бойында дәу тастарға
қашап түсірілген тарихи дастандар дүниеге келді. Бұл көне түркі руна
жазуының қолданысқа ежелгі дәуірден еркін енгендігін байқатады.
Осы дерек, пікірлерге сүйеніп түркі таңба-белгілерінің бәрі руна
жазуынан кейін туған екен деген тұжырым жасауға болмайды. Бұл уақыт әкелген
ерекшелік, жаңалыққа және халықтың өз жазуының маңыздылығына ықылас
білдіргеніне байланысты өрбіген өзгерістер. Осындайда күні бұрын айтарымыз,
көне түркі таңба-белгілеріне араб жазуының ықпалы мүлде болған емес. Оған
бірнеше себептер бар, біріншіден, ислам дінін көне түркілер бірнеше
ғасырлар бойы толықтай қабылдай қоймады, бұрынғыша Тәңірге табыну нанымын
сақтады. Екіншіден, көне түркілер таңба-белгілерді тау шатқалына, үлкен
тастарға ойып жазуды бағзы заманнан дәстүрге айналдырған.
Айтулы ақын, ойшыл Ш. Құдайбердіұлы жинаған таңба-белгілерде “Дулат
таңбасы(“О”, Албан таңбасы(, Суандікі – , Ботбайдікі – ,
Сайымдік( , Қоңырат таңбасы(“П”, Арғын( , Қаңлы таңбасы(“І”,
Қыпшақтікі(“ІІ”, Керейдікі(, Наймандікі((деп көрсетіп жазған
(Құдайбердіұлы Ш. 1991, 11-б.). Бұл таңбаларды ретіне қарай топтап, өзіндік
ұсынар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz