Қызылорда облысында көп жылдық мәдени жайлымдар мен шабындықтарда мал азықтық шөптердің түрлерін өсірудің агротехникалық ерекшеліктерінің орындалу мезгілдері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 9

1. Әдебиетке шолу . . . 11

2. Табиғат - климат жағдайы . . . 14

2. 1. Көп жылдық шөптердің қысқаша сипаттамасы -

табиғи және екпе жайылым өсімдіктері . . . 17

2. 2. Астық тұқымдастар-POACLAL BARNHART . . . 17

2. 3. Бұршақ тұқымдастар-FABAEEAE LINDL . . . 22

2. 4. Сора тұқымдастар-CHENOPODIALLAE VENT . . . 29

2. 5. Өлең тұқымдастар-CYPERACEAE JVSS . . . 32

2. 6. Күрделі гүлділер тұқымдастары-ASTERACEAE DVMORT . . . 33

2. 7. Зиянды және улы өсімдіктер . . . 35

3. Негізгі бөлім

3. 1. «Нұр» шаруақожалығының жайылымдар жасау агротехнологиясы . . . 37

3. 2. Көп жылдық жайылымдықты пайдалану мен күтім жасаудың

ерекшеліктері . . . 43

3. 2. 1. Шөп ұны мен жоңышқа пішендемесін дайындау . . . 44

3. 3. Ауыспалы жайылым . . . 46

3. 4. Шабындықтарды (пішендіктерді) тиімді пайдалану . . . 49

3. 5. Суғарылмайтын мәдени жайылымдарды жасау және пайдалану . . . 54

3. 6. Көп жылдық шөп тұқымын өндіру агротехникасы . . . 58

3. 7. Жайылымдар мен шабындықтардағы зиянды улы шөптер және

олармен күресу шаралары . . . 62

  1. Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . . 66
  2. Қоршаған ортаны қорғау . . . 80
  3. Экономикалық тиімділік . . . 88
  4. Қорытынды . . . 92
  5. Пайдаланған әдебиеттер . . . 93

Аннотация

Бұл дипломдық жұмыста. Қызылорда облысында көп жылдық мәдени жайлымдар мен шабындықтарда мал азықтық шөптердің түрлерін өсірудің агротехникалық ерекшеліктерінің орындалу мезгілдері атап көрсетілген.

Сонымен қатар көп жылдық жайлымдар мен шабындықтарды пайдаланудың озық технологиясы аталып, яғни ауыспалы жайлымның маусымдық маңыздылығы жайында және пшен дайындау технологиясының тиімді әдістері жазылған.

Мал басы тиімді өсіріп көбейтуде қашалардың санын, жайлымның отттылығын, шөптердің құнарлығына байланысты орналастыру тәртібі мен пайдалану мерзімі дәйекті түрде келтіріліп 5-кесте ұсынылған. Суғарылмайтын аймақтарда мәдени жайлымдарды жасау және пайдаланудың жолдары және улы шөптер, олармен күресу тәсілдері көрсетілген. Мал шаруашылығын өрнектеуде- тұрақты жем шөп базасын жасау мәселелері көзделген.

Нормативтік құжаттар

Пішен дайындау технологиясы.

а) Жай технология - шабу, тырмалау, шөмекке салу;

ә) бөкестеп шабу, шөмелеу, моялау;

б) шабу, тырмалау, моялау, тайлау.

в) шабу, тырмалау, ругонға домалату.

г) шабу тырмлау, жедел желдетіп кептіру.

Жартылай бута және сабағы ірі шөп былайша дайындалады.

  1. Шөп КПП-2А шалғымен шабылып, үймекке жиналады.
  2. ПТС-3-766 м трактор тіркемесі ДНП-62 жылжымалы ұсақтағышпен туралады.
  3. Шөп тракпорттер арқылы малға беріледі.

Ылғалды жерде шобындық шөбін жаншығыш шалғымен (КПРН - 3, 0) шабылады.

ГВП-6 тырмаларымен араластырып келтіреді. Шөпті шабудың сапасын бес болдық жүйемен бағаланады. Оның нормативтері.

  1. Шөпті шабу биіктігінен 0, 5см ауытқығанда 5 балл

1см - 4балл, 2 см - 3балл, 3см - 2балл, 4см-1балл, 5см-0балл беріледі. Шөптің жалпы 2% аспауы керек.

Анықтама

Жайылым, жайылымдық - мал жайып - бағылатын жер алқабы.

Жайылым айналымы - белгілі жоспар бойынша жыл бойы жайылымға мал жаю және шөбін шауып алу мезгілдері, осы жұмыстардың алмасып отыруы.

Малды жайып бағу - жылдың жылы кезінде малды күні бойы жайылымда бағу әдісі.

Шабындық айналымы - шабындықты тиімді пайдалану жүйесі. Бұл кезде жеке шабындықты шабу мезгілі жоспар бойынша белгіленеді.

Екпе жайылым, жасанды жайылым - мол түсімді екпе шөптер егіліп, қолдан жасалған жайылым.

Шөп ұнтағы, пішен ұнтағы - пішен массасын кептіріп ұнтақтау нәтижесінде дайындалған мал азығы.

Егіншіліктің көп танапты - шөпті жүйесі - мұндай жүйеде жердің негізгі бөлігіне көп жылдық шөп егіледі де, ол шабындық, жайылымдық үшін пайдаланылады.

Белгілер мен қысқартулар

АҚШ - Америка құрама штаты

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ҚР - Қазақстан Республикасы

ТӘҚ - тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі

АҚ - азаматтық қорғаныс

ТЖ - төтенше жағдайлар

ПӘК - пайдалы әсер коэффициенті

ҚМШ - қалдықтардың мүмкіндік шегі

МШК - мүмкіндік шекті концентрациясы

Кіріспе

Қазақстан халқы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғанына міне он жеті жыл болды. Осы мерзімнің ішінде жаңа қоғамдық - экономикалық формацияның негізі қаланып қалыптасуы үшін көптеген жұмыстар жүргізілді, ел басынан талай қиыншылықтар өтіп, қоғамда да, экономикада да үлкен өзгерістер болды.

Ел ес жиып, әрбір азамат өз болашағын, өз отбасы мен ұрпағының да баянды жұмыс жасауда ойластыра бастады. Үкімет те ел экономикасын ілгері бастыруға жоспарлы қадам жасауды қолға алды.

Осындай жаңа дәуірде егеменді елдің, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына әрбір азамат өз үлесін қосуға міндетті. Бұл жөнінде Қазақ үшін ата кәсіп болып келген, Қазақстан халқының үлкен байлығы болған мал шаруашылығын дамытуға, мал өсіруді қалпына келтіріп, осы күнгі дәрежеде мол пайдасын көру қоғамның үлкен мақсаты болуға тиіс. Себебі қазақтың жер - жайылым байлығын игеруде малдың орны бөлек. Малды тездетіп өсіруге кепілдік беретін егін шаруашылығы да біздің облысымызда жақсы дамыған. Ең бастысы біздің ғалымдар мен малшылар өсіріп шығарған, жайылымын жақсы пайдаланатын сан қилы мал тұқымдары бар. Сол тұқымдарды фермерлік шаруашылықтар жетілдіре түсуі қажет. Мал өсіруге, 0 оның пайдасын көруге малшы - фермерлер тарапынан бет - бұрыс, ал мемлекет тарапынан оларды қолдау керек.

Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың түйіні - ғылым мен озат тәжірибеге берік сүйене отырып, фермерлік шаруашылықтар өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Қазіргі уақытта мал шаруашылығын өркендетудегі елеулі кедергілердің бірі - малға қажетті жемшөптің жеткіліксіз өндірілуі және оның сапасының нашарлығы. Әсіресе жүздеген мың гектар жерді алып жатқан біржылдық және көпжылдық шөптер егісінің өнімділігі мәз емес. Мал шаруашылығын өркендетуде жемшөп қорын молайту үшін, екпе шөптерден алынатын өнімді арттырумен қатар, табиғи шабындық пен жайылымды түбегейлі жақсарту керек. Шөптің егіс көлемін ұлғайту үшін жеткілікті мөлшерде сапалы тұқым болуы шарт.

Мал басын көбейту үшін, республикамызда жыл сайын 700 мың центнер көпжылдық шөп тұқымы өндірілуі қажет. Мұндай мөлшерде тұқым өндіру үшін жыл сайын 900 мың гектардан астам жерге көп жылдық шөп егілуі тиіс.

Өндірілген тұқым негізінен табиғи жайылым мен шабындықтарды жақсартуға және сауын сиырларға арнап мәдени жайылым жасауға пайдаланылады. Сонымен бірге ол белгілі мөлшерде мемлекеттік қорға өткізілуі тиіс.

Шөп тұқымын өндіру жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастырылып, жолға қою жалпы ауыл шаруашылығы өнімін оның ішінде мал шаруашылығы өнімін арттырудың алғы шарты болып табылатындығын әрдайым ескерген жөн.

Бұл дипломдық жұмыста «Қызылорда» облысында көпжылдық мал азықтық шөптерді өсіріп көпжылдық жайылымдар мен шабындықтарға пайдаланудың озық технологиясы айтылып, ол шаруашылықта мал басын тиімді өсіріп көбейтуге арналады.

Бұл жұмыстың мақсаты облысымызда жоғары өнім беретін мал шаруашылығын ойдағыдай өркендетудің негізі - тұрақты жемшөп базасын жасау мәселелерініс жүзінде шешуге ұсыныс болып табылады.

1. Әдебиетке шолу

Жеке шаруашылық пен қоғамдық малдың азыққа деген қажетті казір негізінен табиғи шабындық пен жайылымдардың есебінен қамтамасыз етіледі. Мысалы, жемшөптің жалпы балансында мал азықтық 82-93% табиғи шабындықтың есебінен алады. Малды қолда ұстау кезеңінде қойдың 7-10%, ал ірі қаранын 15-18% қажетті өтеледі.

Дегенмен табиғи азықтың өнімі шамалы, олар климат жағдайына қарай гектарына 1, 5 центнерден 3 -4 центнерге дейін пішен береді. Қуаншылық жылдары шөп тіпті мамыр-маусым айларының басында-ақ күйіп кетеді. Сондықтан да малға жылдың көп айларында азық жетіспейді. Бұл манызды міндетті шешу үшін, ең алдымен, мал азығын дала жағдайында өндіру мүмкіндігін ескеретін комплексті шаралар қажет. Ал оның құрамды бөлігінің бірі шөп егу, балғын және жем азық өндіру, суармалы мәдени жайылымдар жасау, сондай - ақ табиғи азықтық жайылымдарда үстіртін әрі түбегейлі жақсартумен бірге тиімді пайдалану болып табылады.

Суармалы өңірде дала жағдайында жемшөп өндіру алыстағы мал жайылымдарын ірі жем азықтармен қамтамасыз етуі қажет, ал бұл келгенде егіншіліктің жоғары мәдениеттілігін, күріш - жоңышқа, азықтық және басқа да ауыспалы егіс танабында өсірілетін барлық азықтық дақылдардың өнімділігін арттыруға тиіс. Осы мақсатпен облысымызда күріш егетін шаруашылықтарда ауыспалы егістің екі түрін - күрішті және азықтық, ал мал шаруашылықтарында - азықтық түрін жасаған дұрыс. Әрине оны жердің топырақ және мелиорация жағдайларына, сол территорияның қандай дақыл өсіруге қолайлы екендігіне байланысты жасау керек. Малдардың қысқы және жазғы жағдайларға байланысты орналасуына қарай жерді аймаққа бөліп пайдалану қажет.

  1. Азықтық аймақ. Бұл Сырдарияның екі жағына орналасқан. Келешекте бұл жерлерде овощ - бақша және азықтық жоңышқа пішені (жемдік дәнді дақыл) ауыспалы егісі орналастырылады. Бұл аймақта ірі қраның негізгі бөлігі ұсталатын болады.
  2. Күрішті аймақ. Мұнда күріш және азықтық егіс орналастырылады. Егіс танабының 42% - ға жуығына жоңышқа егіледі. Мұның үстіне мелиоративтік жерлерде түйе жоңышқа, жүгері, біржылдық бұршақты және аңыздық дақылдар, ал азықтық ауыспалы егісте - жоңышқа, жүгері, тамыр жемістілер, азықтық бақша дақылдары мен біржылдық шөптер өсіріледі.
  3. Шалғынды - жайылымдық аймақ. Мұнда шалғынды жайылымдық егіс орналастырылады.

Кейінгі екі аймақта қойға, жылқыға, түйеге арнап азық дайындалады. Азықтық дақылдарды аймақтарға бұлайша орналастыру қоғамдық малды азықтың барлық түрімен толық қамтамасыз ете алады.

Күріш ауыспалы егісінде жоңышқа мен түйежоңышқа өсіру пайдалы. Егістің жалпы құрылымында олардың үлес салмағы 40 - 45% болуы қажет. Жемшөптік басқа дақылдарды азықтық ауыспалы егіске орналастырған дұрыс. Бұл үшін жемшөп дайындайтын арнаулы шаруашылықтар құрып, оларды техника және тыңайтқыштермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету керек.

Облыстың суармалы жерлерінде мынадай екі азықтық ауыспалы егіс жүйесін енгізу белгіленген.

Біріншісі: 7 танапты азықтық ауыспалы егіс.

1 - жаздық дәнді дақылдың аңызына егілетін жоңышқа;

2 - жоңышқа;

3 - жоңышқа;

4 - дәндік жүгері;

5 - тамыр жемістілер, азықтық бақша дақылдары мен судан шөбі және көк азық;

6 - 7 - сүрлемдік жүгері.

Екіншісі: 8 танапты азықтық ауыспалы егіс.

1 - жаздық дәнді дақылдың аңызына егілетін жоңышқа;

2 - 3 - 4 жоңышқа;

5 - дәндік жүгері;

5 - тамыр жемістілер, азықтық бақша дақылдары мен судан шөбі және көк азық;

7 - 8 - сүрлемдік жүгері.

Азықтық ауыспалы егіс белгіленуі мен жетекші дақылдардың болуына қарай шабындық - жайылымдық және ферма маңындық болып бөлінеді. Соңғы түрі құнарлы жерлерге орналастырылады. Ферма маңында ауыспалы егістің болуы малды үнемі балғын және жем азықпен, көк шөппен үздіксіз жабдықтап тұруға және жайылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда жердің көпшілік бөлігі (1 - 2 танап) балғын азыққа (тамыр жемістілер, бақшалық) беріледі. Ал бұларды тасымалдау едәуір еңбек пен қаржы жұмсауды қажет етеді. Егістік сжердің көлемі сауын сиыр мен төлдердің қажетіне қарай белгіленеді де, шамамен 10 - 15 гектар болады.

Мәдени жайылымдықтары бар шаршылықтардың тәжірибесі мынаны көрсетіп отыр жазғы кезеңде мәдени жайылымдарда ұстаған сауын сиырлардың өнімділігі 15 - 25 % - ға көбейеді де, ал төлдер 25 - 30% қосымша салмақ қосады.

Облыстың бірнеше шаруашылықтарында 1970 жылдан бастап 1450 га жерде мәдени жайылымдықтар жасалған. Келешекте олардың көлемін 20 мың гектарға жеткізсе, онда 30 мың сауын сиырларды жас шөппен қамтамасыз етуге мүмкіндік берері сөзсіз.

Шабындықтарды қолдан жасау мақсатында табиғи шабындықтарда қосымша шөптер егуді ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге, облыс жерінде Сырдария өзенінің су тасқынын басу үшін Қараөзек, Көксу жүйесіне су жіберу арқылы табиғи шабындықты жақсартудың мол мүмкіншіліктері бар. Сондықтан да көпжылдық шөптердің қысқаша сипаттамасына тоқталып өтуді жөн көрдік.

2. Табиғат - климат жағдайы

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан. Батысында - Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса Қызылорда облыс құрамына енеді. Оңтүстігінде - Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде - Арал жиегіндегі Қызылқұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағының шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жасықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым бөлігі Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің ертеңгі атырау жазығы болып табылады. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 метрден батыста, Арал теңізінің жағасында, 53 метрге дейін ауытқып түрады. Шығыс бөлігінде облыс шегіне Тянь - Шань тау жүйесіндегі Қаратау тауының батыс шетінің оңтүстік - батыс баурайы енеді. Таудың абсолюттік деңгейі 400 - 600 метр шамасында ауытқып тұрады, ал ең биік шыңы - 1418 м. Таудың көпшілік сілемінің орташа биіктігі 300 - 400 метрден аспайды.

Облыстың оңтүстігі мен батысында жал - жал, ойдым - ойдым, төбе - төбе құмдардың мол алқабы орналасқан.

Шаруашылық территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау - тосабының дельтово - аллювальных шөкпелері болып табылады. Тосаптың қос мүшелі құрылымы бар; қалың қыртысының жоғары беті (3 - 6 метрге дейінгі тереңдікте) тозаңды саз, саздық, майда қиыршықты тозаңдылау құмның линза тәріздес аралас қабаттарынан тұрады, ал төменгі жағы неғұрлым ірі қиыршықты, құмды келеді.

Топырақтағы тұздардың концентрациялары тұрақты болғанда, ерітінділердің көлемі ұлғайғанда ғана топыраққа жаңадан катиондар өте алады, тұрақты көлемдегі ерітінділерде катиондардың топырақтан ерітінділерге ауысып алмасуы, сол ерітіндіде бар концентрациялары жоғары тұздардың алмасуына байланысты болады.

Алмасуы реакциясына бейім топырақтағы жалпы сіңірілген катиондардың мөлшері сіңірілген катиондардың сыйымдылығы болып табылады. Оларды 100 грам топырақтағы миллиграмм эквивалентті баламалы мөлшерімен белгілейді, егер 100 грам топырақта 200 мг кальцийдің, 36 мг магнийдің және 9 кг аллюминийдің сіңірілген катиондары бар болса, онда бұл катиондардың сыйымдылығы эквивалент болады. Мұндағы 20 - кальцийдің, 12 - магнийдің, 18 - аммонийдің эквивалент массалары.

Олардың мөлшері топырақтың механикалық құрамына, аз мөлшердегі топырақтағы дисперсті бөлшектеріне байланысты болады. Топырақ құрамындағы минерал бөлігінің көлемдері катиондардың физикалық - химиялық алмасу жағынан бір - бірінен айырмашылығы болып тұрады.

Сонымен топырақтың негіздері мен қанығу дәрежесі оның бөлігінің гидролитті қышқылдығына қосылатынын анықтауға тікелей байланысты.

Топырақтың механикалық құрамы негізінен құм, құмдақ және балгықты бөлшектерден тұрады. Міне, осы түйіршіктер топырақ құрылымы болып есептеледі. Әрбір топыраққа тән мөлшері, түрі, қуыстылығы, механикалық беріктігі және суға шашылмайтын қасиеттер жиынтығын топырақтың құрылымы деп атайды.

Көптеген топырақтың жоғары қабаты қоңыр немесе қара қоңыр түсті болып келеді., ал бұл олардың қарашірігі (гумус) болып табылады.

Табиғижағдайда қандай да болмасын топырақтың құрамында өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары кіріп, ондағы өтіп жатқан процестерге қатысады. Сондай - ақ түрлі топырақта қарашірік мөлшері де түрліше болады.

Органикалық заттардың сіңіруінде микроорганизмдер - бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномициттер, балдырлар үлкен міндет атқарады.

Облыстың климаты шұғыл континентті, жазы ыстық, құрғақ, қысы суық, қар тым алағат түседі. Ауаның орташа жылдық температурасы +7 - 11 0 С. Ауа температурасының жылдық ауытқуы +31 0 С - тан - 41 0 С дейін.

Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта ( Арал, Қазалы аудандарында ) 20-25 марттан 8-15 ноябрьге дейн, екінші аймақта ( Қармақшы, Жалағаш, Теренөзек, Сырдария аудандарында ) 14-18 марттан 11-16 қазанға дейн, бірінші аймақта (Жанақорған, Шиелі аудандарында ) 3-6 марттан 20-23 қарашағадейн . Ен суық ай-қантар, ең жылы ай - шілде. Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен температурасы 34-39 градусқа жетуі мүмкін . Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда (шілдеде) ауаның орташа температурасы 26-28 градус төңірегінде болады.

Облыстың ауа райы өте қуаңшыл. Бірінші аймақта жылына 152-159 мм, екінші аймақта 95-110 мм-ге дейін жауын жауады, қалған территорияда жауын-шашынның мөлшері 104-118 мм-ден аспайды. Бірінші аймақтағы аудандарда жауынның көпшілік бөлігі суық кезеңге (қараша-наурыз) қалған аймақтарда жылы кезеңге (көкек-қазан ) тұстас келеді. Жылма-жыл жауынның мөлшері жиі өзгеріп тұрады. Жекелеген құрғақшылық жылдарда не бары 30-60 мм, ал ылғал неғұрлым мол жылдары 200-213 мм жауын жаууы мүмкін.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 3-4 метрден аспайды. Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем-қыс айларына сай келеді.

Егіннің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бірінші аймақта 225-226 күн, екінші аймақта 208-217 күн, үшінші аймақта 198-208 күн. Көктемде ауаның орташа тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы бірінші аймақта 19-20 наурызда, екінші аймақта 26-30 наурызда, үшінші аймақта 7 көкекте болады, ал күзде суыққа қарай тиісінше - 1 қараша, 25-31қазан, 23-28 қазан айлары.

2. 1. Көп жылдық шөптердің қысқаша сипаттамасы -табиғи және екпе жайылым өсімдіктері

Бұл тарауда облыс жайылымдарындағы ең көп тараған және азықтық мәні бар өсімдіктер туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар малдың улануын, мал шаруашылығы өнімдерін бұзатын және жайылымдарды ластайтын зиянды және улы өсімдіктер суреттелген. Суреттеулер тұқымдастар тізбегімен жүргізіледі.

2. 2. Астық тұқымдастар - POACLAL BARNHART

Тарақ бидайық (житняк гребневидный) . Agropyron pectinatum (Bieb) Beauv. Кең масақты тарақ бидайық көпжылдық астықтұқымдастар туысындағы өсімдік. Тарақ бидайық - Қазақстанда ең көп тараған көпжылдық өсімдік, екпе жайылымдар мен шабындықтардың далалық ауыспалы егісінде 5 млн гектардан аса алқапты алып жатыр.

Қазақстанда жабайы түрінде, орманды - далалық, далалық және шөлейтті аймақтарда, қара топырақты және қоңыр топырақты жерлерде, көлтабанды, өзен алқабы шалғандықтарында, Алтай мен Тянь - Шанның тау беткейлері мен аласа тауларда тараған. Сор топырақты жерлерде де кездеседі.

Тарақ бидайық биіктігі 27 - 75 см сабақтардан тұрады, сабақтары жалаңаш, масақ асты аздап бұдырлы. Масақтары қалың, масақ араларында көзге көрінетін саңылаулары бар, ұзындығы 1, 5 - нан 5 - 6, 5 см дейін, ені 1, 0 - ден 2, 0 - 2, 5 см болатын сопақша жұмыртқа немесе жұмыртқа тәрізді үстіңгі жағына қарай жіңішкеріп, тараққа ұқсайды. Тарақ бидайықтың ауыл шаруашылығында жалпақмасақты деп аталуына себепші болған оның масағының кеңдігі. Масақшалары жасыл немесе көкшіл сұр жасыл, бір - біріне жабыспайды, 3 - 10 гүлді ұзындығы 0, 8 - 1, 5 см дейін мүлде жалаңаш. Төменгі гүлдік қабағы 0, 5 - 0, 7 см дейін ұзындықта жалаңаш және қысқа 3 - 4 мм ұзындықта қылтанақты.

Тарақ бидайықтың 2 м тереңдікке дейін шашақты тамыр жүйесі бар, қуатты өсіп - өнген борпылдақ бұталы. Тамырларының негізгі тобы өңделетін топырақтың қабатында топталған. 2 - 3 жылдық тамырлары қуатты, мықты, шымды құрайды, сондықтан жеңіл топырақты далалықтың ауыспалы егісінде топырақты желдің бүлдіреуінен қорғай алатын өсімдік ретінде кең таралған.

Тарақ бидайық күрделі өсімдік. Өсімдіктің күздік түрі басым. Ол қысқа және қуаңшылыққа төзімді, 10 жылдан аса тіршілік етеді. Оның таза өзін де, далалық, құрғақ далалық және шөлейтті аймақтарда суарылмайтын шабындықтар мен жайылымдар құру үшін жоңышқамен, сиыржоңышқамен, түйежоңышқамен аралас та егеді. Пішендік өнімін гектарына 8 - 10 - нан 25 ц дейін, одан да асады.

Тарақ бидайықты мал жақсы жиді. Жайылымда ол негізгі мал азығы ретінде пайдаланылады.

Сорттары: Қарабалықтық 202, Краснокуттық 4, Ақсенгерлік жергілікті, Ақтөбелік жергілікті кеңмасақты.

Шалғындық атқонақ (тимофеевка луговая) . Phleum pratense L. Айқаса тозаңданатын, желмен ұрықтанатын өсімдік. Тамырлық жүйесі шашақ тамырлы, тамырлардың негізгі бөлігі өңделетін көкжиектен таралады, бірақ тамырларының бөлігі жерде 1 метрден аса тереңдікте орналасады. Олар сазды және саздақ едәуір ылғалды топырақта жақсы өседі. Топырақтың жоғары қышқылдығына да шыдай алады. Бұл ылғалсүйгіш өсімдік ылғалды ауа райында немесе мол ылғалданатын тұрақтарда жақсы өсіп - өнеді, ал қуаңшылыққа шыдамсыз. Бұл суыққа, қысқа шөп шыдайтын көпжылдық өсімдік, оттылығы 10 жыл және одан да көп уақыт сақталады.

Шалғынды атқонақ жоғары сапалы өнім береді және барлық мал үшін пішен және жасыл түрінде жақсы азық. Бұл Алтай мен Тянь - Шань тауының шалғындық - далалық және орманды - шалғынды белдіктерінде қызылбас беде, сиыржоңышқамен аралас немесе таза күйінде де кездеседі. Іле Алатауының екпе жайылымдарында бір орамды гектарына 60 - 100 ц пішен алады. Аудандастырылған сорттары болмағандықтан себуге қара топырақты емес аумақтарындан алынған Моршандық 1935, т. б. сорттары пайдаланылған.

Субетеге (овсяница луговая) Festuca pratensis Huds. Бұл өзінен көбейетін өркендері борпылдақ бұта құрайтын, ұзындығы 120 см, ал көптеген қысқартылған өспе шығымдары 30 см - ге жететін, көпжылдық өсімдік. Ұзарған ұрпақсыз өркендері сирек кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылымдық шөп дақылдарының түрлері және олардың сипаттамалары
Сексеуіл түрлері
Қылтықсыз арпабас ерекшеліктері
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Карантинді арамшөптер
Бақша дақылдарын ашық танапта өсіріп өңдіруде қолданылатын машиналар
Бір жылдық шөптер
Жерге орналастыру техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz