Демократиялық Партияның күш-қуатын, қалыптасуы мен маңыздылығы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Көп партиялы жүйеге көшу кезеңінде Ұлттық Білім беру саясаты

1. Туркия Республикасының Білім беру саясаты

2. Туркияның көп партиялы өмірге көшуі

3. Оппозициялық партиялардың Ұлттық Білім беру саясаты

4. Үкімет Партиясының Ұлттық Білім беру саясаты

2. Демократиялық Партия кезеңінде Ұлттық Білім беру саясаты

1. Демократиялық Партияның Үкімет басына келуі және оның жүргізген Ұлттық
Білім беру саясаты

2. Ауылдарда бастауыш білім беру саясаты

3. Діни Білім беру саясаты

4. Мұғалімдерді даярлау саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Биліктегі Республикалык Халық
Партиясының (ЖХП) мүшелері Али Фуат Паша, Рефет Паша мен Казым Паша
бастаған бір топ депутат жаңа партия ойластыруды бастады.  Осыған
байланысты Ұлы Ұлттық Мәжілісте өкілдік ететін алғашкы оппозициялық
партияның жүйесі 18 қараша 1924 ж. жарияланған. Даму корғаушы Республикан
партиясы деген атпен кұрылған бұл партия бірінші ден тыныштықты орнастыру,
Заң және Азаттық Соттар сияқты мәселелерде, үкімет ұсыныстарына күшті
 қарсылық жасаған. Бірақ партия Отанға Қиянат Заңы бойынша, саяси
максаттармен кейбір әрекеттер жасағаны себебімен 5 маусым 1925 ж. жабылды.
Елбасы Мұстафа Кемалдің талабымен бұрынғы премьер-министр Фетхі мырзанын
басшылығында  жаңа саяси ашылуларға басшылық ету үшін 12 тамыз 1930 ж.
Тәуелсіз Республика Партиясы кұрылды. Бірақ кейбір айыптау актісі себебімен
17 қараша 1930 жылы партия төрағасының өз қолынан жабылған. Бұл уакыттан
1945 жылға дейін осындай ұмтылыстар болмаған. Әлемнің көптеген
мемлекеттеріндегідей жағдай сияқты Түркияда да екінші Дүние Жүзілік
Соғыстың аяғына дейін сыртқа жабық саясат ұстанған. Республикалық Халық
Партиясы билігіндегі жылдарда мемлекетте сайлаулар өткізілген. Соғыстың
аяқталуымен басқа шет мемлекеттер секілді саяси және экономикалық
ізденімдер жылдамдатылды. Шілде 1945ж. кұрылған Ұлттық Даму Партиясынан
кейін саны 20 дан асқан жаңа партия кұрылды. Бұл мерзім көп партиялы жүйеге
өту кезеңі деп аталған. Желал  Баяр басшылығындағы  Демократиялық Партия 7
қаңтар 1946 жылы ресми түрде кұрылды. ДП сол жылы өткізілген сайлауда
Мәжілістегі 465 орынның 62-сін алған. Жасырын дауыспен, ашык санақ
тәртібімен өткізілді. 14 Мамыр 1950  жылғы сайлауда болса Демократиялық
 Партия 415, Республикалық Халық Партиясы болса 69 депутат шығарған.
Республика жарияланғаннан кейін оппозициялық партияның орнын толтырған
нағыз партия ол Демократиялық партия болды. Ол 1946 жылдың 7-қаңтарында
құрылды. Сол кезеңде көп партиялы жүйе болған кезең еді. Бірақ
Демократиялық партия көп партиялардың ішінде өте маңызды роль атқарды. Бір
партиялы кезеңде Республика Халық партиясына оппозиция бола білген, реакция
күштеріне олардың қоғамдық дамуға деген пиғылдары мен көзқарастарына
сараптама жасап, дұрыс баға бере алатын және ойларын ашық айта алатын бір
орталық түрінде келді. Халықтың қалауларына жақын тұрған Республика Халық
партиясына қарағанда байсалды, күшті бір саясатты жүзеге асырған Демократия
Партиясы болды. Қысқа уақыттың ішінде жалпы мемлекеттен үлкен бір тірек
тапты. 1950 жылы 22 мамырда сайлау кезінде күш қуатының арқасында
Республика Халық Партиясын жеңіп шықты. Демократиялық Партия күш-қуаты
асқаннан кейін мемлекетте маңызды өзгеріс үрдісіне кірді. Еш күдіксіз өзге
майдандарда болғаны сияқты Демократия Партия уақытында жүзеге асырлған
Ұлттық Білім беру саясаты да дұрыс жолға қойылды.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі: Демократиялық партия саяси
тарихында маңызды орын алғандығын, Демократиялық партияның қарастырған
Ұлттық Білім беру саясатын және бұл саясаттың маңызын зерттеген академиялық
жұмыстар жоқтың қасы. Демократиялық Партияның Ұлттық Білім беру саясатыны
зерттеген екі ғылыми жұмыс бар. Алғашқысы Эрдоган Башардың 1988 жылында
қабылданған Республика кезеңіндегі Ұлттық Білім беруді жүзеге асырған
Министрлер мен Үкімет (1920-1960ж.ж.),-деп аталатын докторлық
дессертациясы [1].
1920 жыл мен 1960 жылдар аралығында қызмет көрсеткен Ұлттық Білім беру
Министрлері зерттеген. Кең көлемді бұл жұмыстың Димократиялық Партияға
байланысты бөлімі, Димократиялық Партияның Ұлттық Білім беру саясатын
жалпылай зерттеген [2].
Демократиялық Партияның Ұлттық Білім беру саясатын зерттеген басқа
зерттеу жұмысы да болған. Ол Айшегул Тілек Наккаштың 2000 жылында жазған
Демократиялық Партия кезеңінде (1950-1960) Ұлттық Білім беру саясатындағы
өзгерістер,-деп аталатын Жоғары оқу орнының диссертациясы. Бұл жұмыс
Демократиялық Партияның Ұлттық Білім беру саясатын зерттеген алғашқы ғылыми
жұмыс. Наккаштың ғылыми жұмысы алғашқы ғылыми жұмыс болуына қарамастан
кемшіліктері бар ғылыми жұмыс еді [3].
Ғылыми жұмыста Республиканың алғашқы жылдарынан бастап қандайда бір
Ұлттық Білім беру саясатының болғанын қарастырғаны анықталмаған. Бұл жағдай
Демократиялық Партияның қарастырған білім беру саясатының Түрік Ұлттық
Білім беру жүйесіндегі құлдырауға ұшырау себебін түсіндіруде жеткіліксіз
мәліметтер оның себебін аша алмады. Яғни Наккаштың ғылыми жұмысында кәсіби
және техниканы үйрету дәрежесімен мұғалімді даярлау
(жетістіру) саясаты туралы ештеңе айтылмағаны оның ғылыми жұмысындағы
жетіспеушілік болды.
Ғылыми жұмыстың басқа да маңызды жетіспеушілгі де Демократиялық
Партияның қарастырған Ұлттық Білім Беру саясатының жиналысқа қандай
байқалғанына назар аударылмаған [4].
Бұл ғылыми жұмыс жоғарыда анықталған ғылыми жұмыстардың кемшіліктерін
назарға ала отырып, Демократиялық Партияның қандай Ұлттық Білім беру
саясатын қарастырып зерттелген. Жұмыста Ұлттық Күрес кезеңінен бастап
қарастылыған Ұлттық Білім Беру Саясатының түсініктері анықталған соң
Демократиялық Партияның құрылуы, Көп партиялы кезеңге өткен соң 1946-1950
жылдары арасында Республика Халық Партиясының қарастырған Ұлттық Білім беру
саясаты және Демократиялық Партияның бұл саясатқа түсіністіктермен қарауы
ортаға шығумен жұмыс істеген [5].
Демократиялық Партия кезеңінде қираулар түсініктермен зерттелген соң,
Демократиялық Партияның күш-қуаты үрдісі анықталған және Қарастырылған
Ұлттық Білім Беру Саясаты, бұл саясаттың әсерлері, нәтижелері және бұл
саясатқа көрсетілген реакция зерттелген [6].
Демократиялық Партияның саясаты зертелген бұл ғылыми жұмыста
зерттелген қиындықтар бола тұрып алғашқы қол кітаптары мен сол кезеңнің
жазба баспасын қолданылған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің хаттама
жұрналымен ережелердің 1945-1960 жылдарында шыққан баспалар Демократиялық
Партияның Ұлттық Білім беру саясатына тиісті мағлұматтарға байланысты жазба
баспа газеталары, Демократиялық
Партияның Ұлттық Білім Беру саясаты туралы маңызды кітаптар
пайдаланылды [7].
Газеттерде, Демократиялық Партияның қарастырған саясаты мен тірек және
реакциялар туралы нақтылы мәліметтер табылды.Ғылыми жұмыста қолданған тірек
бір қол кітаптар қатарына Ұлттық Білім Беру Министрлігінің баспадан
шығарған кітаптар мен мәлімдемелер қолданылды [8].
Демократиялық Партия тарапынан құрылған комиссиялардың мәлімдемелері,
27 мамыр төңкерісінен кейін құрылған Ұлттық Бірлік Комитеті кезеңінде
Ұлттық Білім беру Министрлігі тарапынан құрылған комиссиялардың дайындаған
мәлімдемелері табылуда. Алғашқы қол кітаптардың яғни Түркияда Ұлттық Білім
беру жүйесі мен саясаты туралы жазылған кітаптар мен мақалалардан
пайдаланылды [9].
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыстың мақсаты
Демократиялық Партияның күш-қуатын, қалыптасуы мен маңыздылығын анықтау
мақсатымыз болмақ. Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында алдымызға
мынадай міндеттер қойдық:
• Туркия Республикасының Білім беру саясатын анықтау;

• Туркияның көп партиялы өмірге көшуін айқындау;

• Оппозициялық партиялардың Ұлттық Білім беру саясатын қарастыру;

• Үкімет Партиясының Ұлттық Білім беру саясатына сараптама анализ жасау;

• Демократиялық Партияның Үкімет басына келуі және оның жүргізген
Ұлттық Білім беру саясатын талдау;

• Ауылдарда бастауыш оқыту саясатын талқылау;

• Діни Білім беру саясатының мәнін ашу;

• Мұғалімдерді даярлау (жетілдіру) саясатын түсіндіру;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Көп партиялы жүйеге көшу кезеңінде Ұлттық Білім беру саясаты

1.1 Туркия Республикасының Білім беру саясаты

Ататүрік елдің экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын жасауға
ерекше мән берді. Ол үшін 1923 жылдың 17 ақпанында Измир қаласында
Экономикалық конгресті шақырды. Көсем өз сөзінде елдің егемендігі мен
тәуелсіздігінің ең негізгі іргетасы – мықты экономика болып табылатынын
тілге тиек етті. Сондықтан ғасырлар бойы жауынгерлік кәсіппен шұғылданған
түрік ұлтын бейбіт кәсіпті игеруге шақырды.Найзаның ұшымен соғысқан адам
түптің түбінде соқамен жер жыртатындардың алдында жеңіліс табады. Соқа
біздің ұлттық тарихымызды жазатын қаламсап болып табылады, – деді
ол. Конгресс елге шағын өндірістен ірі кәсіпорындарға көшуді, өнеркәсіп
орындарын көптеп ашуды, жергілікті шикізатты пайдалануды, теміржол және
автомобиль жолдарын салу құрылысын тездетіп жүргізуді міндеттеді [1].
Ауыл шаруашылығын механикаландыру және банк секторын дамыту бағытын
алға тұтты. Әуелде капиталистік елдердің нарықтық экономика жүйесінің әдіс-
тәсілдері енгізілді. Бірақ, саудагерлер бірден шикізат ресурстары мен үй
құрылысына және тағы басқа заттарды алып-сатумен айналысуға ден қойды.
Кәсіпкерлерді тек қана өздерінің табысы қызықтырды. Олар қаржысын
өнеркәсіпке, өндіріске салудан бас тартты. Мемлекеттік мүдде оларды
қызықтырмады. Сол кезде Ататүрік экономиканы мемлекеттік басқарудың қатал
саясатына басымдық берді. Этатизм деп аталған бұл саясат КСРО-ның
жоспарлық экономикасына ұқсас еді. Үкімет елді индустрияландырудың ұзақ
мерзімді жоспарларын құрды. Өнеркәсіп пен көліктің көпшілігін мемлекет
меншігіне аударды. Сумербанк және Этибанк деп аталатын екі мемлекеттік
банк мекемелерге инвестиция беріп, олардың қызметін бақылауға алды. Ел
ішінде шетел валютасы мен қаржылық операция жүргізуге жол ашты [2].
Импорттық заттарды әкелуге квота белгіледі. Кеден төлемдерін көбейтті.
Шетел инвесторларының қаржы салуына да жол ашылды. Отандық өндіріс өнімін
қолдаудың  мынадай мысалдары өмірге келді: заң бойынша мемлекеттік
қызметкерлерді жергілікті өндірістің киімдері шетелдікінен қымбат болса да
өз елінің киімін киюге міндеттеді. Баға айырмашылығы оларға ақшалай
қайтарылып берілді. Міне, отандық өндірісті қолдаудың осындай саясатының
нәтижесінде 30-жылдары АҚШ-тан бастап бүкіл әлем экономикалық дағдарысқа
ұшырап жатқан кезде түрік экономикасы өндірістік даму көрсеткіші бойынша
әлемдегі үшінші орынға көтерілді.Ататүрік ұлттық буржуазияның қалыптасуына
көп үлес қосты. Ол билікке келген кезде елдің негізгі өндіріс орындары мен
сауда нүктелері грек, армян, еврейлердің бақылауында болатын. Оның бірінші
себебі, түріктер ұзақ жылдар отар елдерді басқарып тұрғандықтан, тек әскери
қызметте болды да, кәсіпкерлікпен шұғылдануға қызықпады. Ал, саудагерлік
жасауға намыстанды. Есесіне, алып империяның армия қатарын мұсылмандар ғана
құрады. Мұсылман еместер төлейтін салықтың мөлшері жоғары еді. Сол себепті
олар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға мәжбүр болды [3].

2. Туркияның көп партиялы өмірге көшуі

Президент жаңа түріктерді ірі бизнеске тартудың жаңа жолдарын
іздестірді. Кіші кәсіпкерлік қызметпен шұғылданып жүрген түріктерді жинап
алып, оларға алуан түрлі жеңілдіктер жасады. Пайызсыз несие және оларға
тиімді мемлекеттік тапсырыстар ұсынды. Елден қашқан армяндар мен гректердің
кәсіпорындарын, техникасын, үй ғимараттарын түріктерге берді. Осы елде
қалғысы келетін  грек, армян, еврейлердің ең ірі кәсіпкерлерін шақыртып
алып, олардан өз қарамағына түріктерді жұмысқа алуды, кәсіпкерлік өнердің
құпиясымен бөлісуді, банк акциясынан үлес беруді өтінді. Бұл тапсырмасын
олардың қаншалықты орындағанын білмейміз. Ататүрік білікті мамандарды
шақыртып, түрік кадрларын оқытуды жолға қойды. Осындай жанашырлықтың
арқасында түрік менеджерлері мен бизнес-элитасының қалыптасуы аз уақыттың
ішінде жүзеге аса бастады [4].
Ататүрік 1923 жылдан кейін де 1927, 1931, 1935 жылдары президент
қызметіне үш рет қайта сайланды. Ататүріктің басқаруымен Түркия дүниежүзіне
тезірек танылды. 1932 жылы Бүкілдүниежүзілік Ұлттар Ұйымына қабылданды. Бұл
оқиға жас мемлекеттің басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуына
оң әсер етті.  Осындай саясаттың арқасында 1936 жылы жазда Босфор және
Дарданелл бұғаздары Түркияға қайтарылды. 1937 жылы Иран, Ирак, Ауғанстанмен
Саадабад пактісіне қол қойды. Тіпті, 1938 жылы Сириямен арадағы даулы
шекаралардың өзі Түркияның құрамына өтті. Осылайша, Түркия күшті және
тәуелсіз мемлекетке айналды. Ал, әлем халқы Ататүрікті Ұлы Қолбасшы, Батыл
Реформатор, Ақылды Мемлекет Басшысы ретінде таныды.[5].
Бiрiншi Дүниежүзілік Соғыстың аяғында одақтастарымен бірге жеңілген
Осман Империясы 30 Қазан 1918 жылы Осман Империясы-Антанта елдері
арасындағы үйлестіруге байланысты Мондрос Уақытша Бітіміне кол қойды. Бұл
уақытта  елдің ішіндегі кейбір бөлінуші кұрылыстар көтерілісдайындығы жасап
жатканда, Анатолия, Фракиядағы ұлтшылдар болса Құқықты қорғау Қоғамы
(Мүдаафа-и Құқык Жемийеті) атында мемлекеттің азаттық шараларын ойлайтын,
мемлекеттегі күш-қуаттың басын косатын ұлттық және жалпы мемлекеттік күрес
бастататын бір коғам кұрды. 15 Maмыр1919ж.Грецияқтардын Измирге
басқыншылығынан бір күннен кейін,9. Армия Ревизоры болып тағайындалған
Мұстафа Кемал мен жолдастары Ыстанбұлдан Анатолияға ат басын тартып, 19
мамыр 1919 ж.  Самсунға келуімен бірге Түрік тарихында жеке меншікті
егемендіктен-ұлттык егемендікке өту кезеңін бастаған болатын. Самсун мен
Хавза қалаларында; ұлттык тәуелсіздік және еркіндіктің халықтың бір тұтас
болуы түсінігімен бүкіл Анатолияда қарсылық білдіру митингтері жүргізілуі
үшін әскери және тағы баска органдарға  бұйрық берілген, ұйымдастырылған
құрылтайлар арқылы ұлтшылдар өздерінің аймақтарын құтқаруға күш салға
бастағанды. [6].
Бұл мақсатпен бастаған іс-әрекеттері ұлттық егемендікке апаратын тәсіл
деп саналатын 21-22 маусым 1919 мерзімді -Амасия Жарияламасымен- аяқталған.
Жарияламада -Ұлттың тауелсіздіғін ұлттын батылдығы мен қайраттылығы
құтқаратыны- анық айтыла тұрып бұл максатпен Сівас және Ерзұрұмда халықтын
өкілдері катынасатын құрылтайлар өткізілетіні жарияланған

3. Оппозициялық партиялардың Ұлттық Білім беру саясаты

23 шілде1919ж. Eрзұрұм Конгресі құрылды. Конгресте; Отанның айрылмас
бір бөлігі, Шығыс  аймақтарында тұратын халықтың бірігіп дұшпанмен күресуі
және Ыстанбүлдағы Өкілдер Мәжілісінін қайтадан жиналып, тисті шаралары
қолданылуы қажеттігі шешімі қабылданды. Бұдан баска Өкілдер Тобы деп
аталатын басқару органы кұрылып, төрағалығына Мұстафа Кемал Паша сайланған.
Бұл мерзімде Әгейде көптеген қалаларда құрылтайлар өткізіліп, Ұлттық Күш
атты ұлтжанды қарулы күштер қүрылды.[7].
4 қыркүйек 1919 ж. ұлттық егемендік ережесіне сүйенген жаңа Түрік
Мемлекетінің негізі  деп саналатын Сәвас Конгресі құрылды. Конгғресте;
отанның бөлінбейтін бір тұтас екенін, мемлекеттегі бүкіл ұлтжанды қарулы
күштердің Анатолия мен Румелия Құқықты қорғау Қоғамы (Анатолия мен Румелия
Мүдаафа-и Құқык Жемийеті) астында топтасқан, бұл Коғамның төрағалығында да
Мұстафа Кемал Пашаның сайлануы сияқты маңызды шешімдер қабылданды. Кұрылтай
нәтижесінде -Өкілдер Кеңесі- кұрылып, отанның азаттығы үшін кешікпей
Өкілдер Мәжілісінің (Межіліс-и Мебұсан) жиналуы кажеттігін жаңа  Патшаға
ұсынылу шешімі қабылданған. Парламенттін сайлау арқылы кұрылатын палатасы ,
соңғы Өкілдер Мәжілісі (Мәжіліс-і Мебұсан), Сәвас Конгресінде қабылданған
шешімғе орай 12 қаңтар 1920 ж. құрылып, 20 қаңтар 1920 ж.
 Егемендікдеңгейінде Ұлттық Келісім деп аталатын (Мисак-ы Милли) маңызды
шешімдер қабылдаған.  Ұлттық Келісім (Мисак-и Милли) шешімдері
мазасызданған Антанта Елдері 16 Наурыз 1920 ж.  Ыстанбұлды ресми түрде
басып алды. Өкілдер Мәжілісінің (Мәжіліс-и Мебұсан) 2 сәуір 1920 ж. жұмысын
мерзімсіз үзіліс қабылдағаны үшін Патша 11 сәуір 1920 Мәжілістің жұмысын
токтатқан. Мұстафа Кемал 19 Наурыз 1920 ж. жариялаған мәлімдемесінде
төтенше жағдайларда жаңа бір Мәжілістің Анкарада жиналатынын, Ұлттық Күрес
орталығының Анкарадан басқарылатыны және жұмыстан босатылған Өкілдер
Мәжілісі (Мәжіліс-і Мебұсан) мүшелерінің Анкарадағы Мәжіліске кіру
мүмкіндіктері болатынын айқындаған [8].

4. Үкімет Партиясының Ұлттық Білім беру саясаты

27 Желтоқсан1919ж.  Анкараға келген Мұстафа Кемал Паша 21 Наурызда
жариялаған екінші мәлімдемесінде Мәжілістің 23 Наурыз 1920 ж. Жұма күні
жиналатынын хабарлады. 23 Наурыз1920ж.  Жұмакүні алғашқы Мәжіліс
ғимаратының  ашылу салтанаты өткізілді. Мүше саны- Құқықты қорғау
Әрекетінің бүкіл мемлекеттегі бөлімшелерінен  232, Өкілдер Мәжілісі
(Мәжіліс-і Мебұсан) Анкараға келген мүшелерінен 92 кісі барлығы 324
болғанмен, сол кезеңдегі шарттар себебімен ашылу күні тек қана  115 өкіл
Мәжіліске қатыса алды [9].
Мәжілістің алғашкы отырысында жасы үлкен  мүше болғандықтан, Төрағалық
еткен Синоп Өкілі Шериф Мырза  ... Ұлтымыздың іште және сыртта толық
тәуелсіздікпен тағдырдың міндетін меншіктеніп, өзін өзі билей бастағандығын
бүкіл әлемге жариялай отырып, Ұлы Ұлттық Мәжілісті ашып отырмын. деп
Мәжілістегі алғашкы үндеуді жасады. Шериф Мырзаның Мәжіліс үшін айтып өткен
Ұлы Ұлттық Мәжілісі атауын баска да ұсыныстар болса да қысқа мерзімде
барлық мүшелер мақұлдаған. 23 Наурыз 1920 ж. шығарылған 1 нөмірді Түркия
Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылымы жөніндегі жалпы мүшелердің шешімімен
Мәжілістің аты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі деп аталынды [10].
Төтенше жағдайларда билікке келер мәжіліс міндетін атқарған Ұлы Ұлттық
Мәжіліс заң шығарудан басқа, атқару билігін де колына алған. Ашылудың
екінші күні өткізілғен отырыста Мұстафа Кемал Паша Мәжіліс Төрағасы,
Ерзұрұм өкілі Желаледдин Ариф Мырза екінші Төраға болып сайланды. Мұстафа
Кемал Пашаның төрағалығында 25 Сәуір 1920 ж. жеті адамнан тұратын уақытша
орындау комиссиясы құрылды. 29 Сәуірде Отанға  Қиянат Заңы қабылданып,
Мәжілістін ұлы халифалық пен сұлтандықты және шетелдік дұшпандардан
мемлекетті құтқару максатында болғаны- бұл заңға қарсы тұратындардың
отанға опасызық жасады деп саналатын шешімін қабылданған. 2 мамырда орындау
өкілдерінің сайлау заңы қабылданып, Күштердің Ынтымақтастығы деген жүйе
қалыптасты [11].
23 Сәуір1920 ж. ашылған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төтенше Жағдайда
мемлекеттің қажеттерін орындау және  басқаруды камтамасыз ету мақсатымен
жаңа Атазаң шығару жұмысы басталды. Атазаң (Тешкилат-ы Есасие) мазмұны
жөніндегі Мәжіліс отырыстары 20 қантар 1921 ж. аяқталып, 1921 Атазаңы
(Тешкилат-и Есасие) Мәжіліс тарапынан қабылданды.
1876 жылғы Атазаңды бүтіндей істен шығармаған 1921 Атазаңы 24 баптан
тұратын және алғашқы 9 бапта мемлекеттің негізгі қағидаларына орын берген
бір Атазаң болып табылады. Атазаң;  егемендіктің  кедергісіз және шартсыз
 Халықтікі болғанын, Заң шығару мен атқару билігі Мәжілісте
жиналғандығын,Мәжіліс жалпы отырысында сайланған Мәжіліс Төрағасының,
Мәжілістің Төрағасы және Министрлер Кабинетінің табиғи басшысы екендіғін
айқындады [12].
ТҰҰМ да Атазаң жобаларынан баска, әскери жеңістері нәтижесінде шет ел
мемлекеттермен халықаралык келісімдер жасалынып жатқан еді. ТҰҰМ қол қойған
алқашқы халықаралық келісім 3 желтоксан 1920 ж.  Армениямен қол қойылған
Ғгюмри бейбітшілік Келісімі аркылы Шығыс майданы жабылған. 16 Наурыз 1921
ж  СССР- мен жасалынған Мәскеу Келісімі алғаш рет шет елдік бір мемлекеттің
жаңа кұрылған мемлекетті Ұлттық Келісімнің  тануы нәтижесін берген. Сакария
жеңісінен кейін, 20 қазан 1921 ж. франциялықтармен жасалынған Анкара
келісімі бұл мемлекеттің соғыстан шегінуін қамтамасыз еткен [13].
30 тамыз1922 ж. Түрік әскерінің жеңісінен кейін қарсы қуыным
(Антанта)Мемлекеттерімен 11 қазан 1922 ж. Муданья уақытша бітімі
жасалынған. Одан кейін Швейцарияның Лозанна каласында өткізілетін келісім
үшін Анкарада да,  Ыстанбұлда да үкімет жиналысқа шақырылған. Бұл оқиға
егемендікте екі алтернатива жаратқаны үшін ТҰҰМ да үлкен наразылыққа себеп
болды. 1 қараша 1922 ж. Сұлтандық жойлуы  шешімі қабылданды. Осымен
мемлекеттің баскарудағы билікті тек ғана Анкарадағы ТҰҰМ қолға алған болды.
 24 шілде 1923 ж. қол қойылған Лозанна Бейбітшілік Келісімі болса Мәжілісте
24 тамыз 1923 те қабылданған. Осылайша ТҰҰМ мен ТҰҰМ ны әрі өкілеттік
жасаған әрі басқарған жаңа мемлекет әскери, құқыктық және экономикалық
жақтардан танылып еркіндікке жеткен [14].
Мұстафа Кемал Пашанын ұсынысымен Сәуір 1923 жылы кезектен тыс сайлау
өткізілді. Сайлаудан кейін кұрылған Үкімет пен Мәжіліс арасында болған
сенімсіздік мәселесі Үкіметтің орынды босатуымен аяқталды. Үкіметсіздік
мәселесін шешуді калаған Мұстафа Кемал Паша Мәжіліске Республиканың
жариялануы ұсынысын енгізген, Мәжіліс  көпшілігі бұл ұсынысты қабылдап, 29
қазан 1923 ж.  Республика жарияланды. Мәжіліс Мұстафа Кемал Пашаны алғашқы
Елбасы, Исмет Пашаны болса алғашқы бас министр ретінде тағайындады.
Республиканың жариялануыҮкімет пен Ыстанбұлдағы Халифа жолын
қуушылардың арасында дау бастатты. Сөз таластың мәселесі Халифаның
болашақтағы мәртебесі болатын. Екі жақтын арасындағы қысым бар күшімен
өршіп тұрғанда 1 наурыз 1924 ж. жаңа зан шығару кезеңі басталды. 3 наурыз
1924 ж. Халифаттың жойылуы шешімі қабылданып, Османдық патша әулет
мүшелерінің елден кету шешімі қабылданды. Сонымен қатар, Шариғат және Қор
Министрліғі жұмыстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Саяси режим
Геосаяси сана мен саяси мәдениет
Саяси режимдердің типологиясы
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты жайында
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
Пәндер