Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде
ұлттық қасиеттерді қалыптастыру

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында өркениетті елдер
қатарына қосылу жолында саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерімен
қатар, білім саласындағы басты мәселе – келер ұрпақты заман талабына сай
интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын
елжанды азамат етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Осыған орай тәуелсіз
мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-аухатының артуын жүзеге
асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласында, соның ішінде білім
беру саласы мен тәрбие жүйесінде жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыруға жол
ашты.
Ұлттық мәдениет халықтың ертеден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-
ғұрыпы, салт-дәстүрлері негізінде жетілгені айқын. Ғасырлар бойы електен
еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халқымыздың мәдени салт-
дәстүрлерін жан-жақты зерделеп, оның сан қырлы тәлім-тәжірибесін бұқараның
жас буынын тәрбиелеуде кеңінен пайдаланудың уақыты жетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында
жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі идеялары туралы ...Олар
бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге әйгілі,
әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады, - деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің
басты міндеті ғылым және тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен
жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып дамытуға
жағдай жасау қажеттілігі айтылған.
Қазақ баласының парасаттылық, имандылық, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік,
адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды ұлттық мұралар арналған,
Ибн Сина, Әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш
Орхон-Енисей жазуларынан бастап, Ержүрек қолбасшы Күлтегін, Білге қаған
және түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес мұра қалдырған; Ж.Баласағұн,
М.Х.Дулати, А.Жүгінеки, Қ.Жалайыри, М.Қашқари шығармаларының отбасы
тәрбиесінде орны ерекше.
XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген Асан қайғы, Бұқар жырау, Жиренше шешен,
Қазтуған, Сыпыра жырау, Шалкиіз сынды ұлы ойшылдар ұлт ұрпағын білімге,
әдептілікке, тектілікке, елін, жерін сүюге, имандылыққа, намысқорлыққа
баулыған тәлім-тәрбиелік идеялар иесі болған.
Ұрпақ тәрбиесіне оның ішінде отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген,
қазақ халқын әлемге танытқан Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов;
тәлімдік ой-пікірлерімен аса маңызды із қалдырған: Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев т.б.
Қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі
түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты ғасырлар
бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен отбасы тәрбиесінің мол
мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай
отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенiң оның ішінде көпбалалы
отбасындағы ұлттық қасиеттерді қалыптастыру туралы педагогикалық ой-
пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi ұрпақ санасына жеткен әсерiн
және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi
деп  санаймыз.
Осы тұста ертедегі қазақ отбасы тәрбиесінің сипаты туралы сөз етуде біз
бірқатар деректерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат
материалдары, қолжазбалар, мамандар зерттеулері және т.б.). Арнайы ғылыми-
педагогикалық еңбектерді зерделей келе отбасы тәрбиесінің жекелеген
мәселелері Қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық
институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс
шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын табуда.
Қазақ отбасында бала тәрбиесінің мазмұнын толықтыруда отбасының тарихи
тағдыры, отбасы жайы, неке жөнінде философиялық тұрғыда жазылған еңбектерге
С.А.Ақтаев, А.Ж.Жақыпова, Э.А.Масанов, Н.С.Сәрсенбаев, А.Т.Төлеубаев,
Қ.Ш.Шүленбаев және зерттеулері мен монографиялары арналған. Бұл жұмыстарда
қазақ отбасындағы бала тәрбиесін қалыптастыру барысы тарихи тереңнен
алатындықтан, халықтың рухани құндылық мәдениеті мен ұлттық қасиеттерін
салыстырмалы түрде талдауға мән бердік.
Нақтылап айтқанда, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің және
ағарту ісінің даму тарихын зерттеген отандық ғалымдар Ж.Баймағамбетова,
Қ.Бержанов, Ш.Беркімбаева, Қ.Ж.Жарықбаев, Ш.Жұматаева, Ж.Ибраимова,
А.Ильясова, Н.Қойшыбаева, А.Құдиярова, И.Мадин, Ж.Макатова, Е.Омар,
Қ.Сейталиев, А.Тұрсынова, Г.Уманов,  Г.Храпченков, және т.б. зерттеген.
Сонымен қатар қазақ қыздарының тәрбиесi мен оларға бiлiм беру мәселелерiн
тарихи-педагогикалық тұрғыдан қарастырып зерттеген ғалымдар А.Е.Дайрабаева,
Ш.Жалғасова, К.Қ.Құнантаева, Ж.Сарыбекова және т.б. болды.
Қазақстанда этнопедагогика негiзiнде отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыру
мәселелерiн Б.Р.Айтмамбетова, З.Әбілова, С.Қалиев, Қ.Ж.Қожахметова,
Р.Төлеубекова, С.Ұзақбаева және т.б. ғалымдар зерттеген.
Ғалым Х.Арғынбаев өзінің „Қазақ халқындағы семья және неке" (1973ж.),
"Қазақ отбасы" (1996ж.) деген еңбектерінде қазақ отбасының кешегісі мен
бүгінгі жағдайын және оның дамуындағы ерекшеліктерін тарихи-этнографиялық
тұрғыдан шолу жасайды. Сондай-ақ, отбасындағы тәрбие мәселелері қазақтың
тұңғыш журналист қызы Н.Құлжанова баланы мектеп жасына дейін тәрбиелеу
саласында ата-аналарға арнап көптеген әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми
еңбектер ұсынған.
М.Жолдыбаев қазақ халқының сауатын ашуда мәдениеттілікті насихаттау, жас
ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жас мамандарға арналған ғылыми-теориялық,
әдістемелік, практикалық құралдар мен мақалалар жазған.
Қазақ зиялы қауымының айтулы өкілдері – Т.Жүргенов, Қ.Кемеңгерұлы,
Т.Тәжібаев, Н.Төреқұлов, М.Шоқай, Т.Шонанұлы идеяларының педагогикалық-
ағартушылық ой-пікірлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ халқының салт-
дәстүр, әдет-ғұрыпына қатысты ұлттық бейнесін, болмысын, мәдени және ұлттық
мұрасын, ұлттық мәдениеттілігін қалыптастырудағы еңбектерінің маңызы зор
деп айта аламыз.
Қазақ отбасында балаға тәрбие беру қазақ халқының қоғамдық санасының
дамуына байланысты қалыптасқан. Қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесінің
маңызы бауырмал, көпшіл, ізетті, төзімді, тіреулі болуы күнделікті тұрмыс
тіршілігінде, тектік өрелігінде көрініс тауып отырған. „Ағасы бардың жағасы
бар, інісі бардың тынысы бар“, „Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу
түгел болса, төбедегі келеді“, „Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып“
-деп татулық белгісін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.
Заман талабына сай, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы жаңа
экономикалық қатынастардың пайда болуы, ұлттық тәлім-тәрбиенің жаңғырып,
өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тарихи, философиялық,
этнографиялық, педагогикалық, психологиялық бағыттағы қазақ отбасы, бала
тәрбиесі, отбасы және неке, ұлттық тәлім-тәрбие тақырыптарына ғылыми
зерттеулер кеңінен арналған. Дегенмен
де, көпбалалы отбасының тәрбиесінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
педагогикалық-психологиялық тұрғыда екшеленіп, оның теориялық жағынан
негізделген әдістемелік мазмұнын қалыптастыру қазіргі қоғам дамуы
деңгейінен аса қажет екендігі айқын көрініп отыр. Бұл ұлтымыздың болашақ
ұрпағын тәрбиелеуде, оларда ұлттық ұлы қасиеттерді қалыптастыруда аса
өзекті мәселе болып табылады. Сонымен, зерттеу проблемасы бойынша жарық
көрген еңбектерге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасау арқылы қазақ
отбасында, оның ішінде көпбалалы отбасыларда ұлттық қасиеттерді
қалыптастыру мәселесінің бүгінгі таңдағы әлеуметтік-педагогикалық
қажеттілігі мен қазақ этнопедагогика ғылымындағы оның жасалынбауы арасында
қарама-қайшылық бар екені нақты байқалады. Осындай қажеттілікті негізге ала
отырып, қазақ отбасындағы көп бала тәрбиесінің ұлттық құндылығын арттыру
мақсатында зерттеу проблемасын айқындап, оның ғылыми-теориялық негізде бір
жүйеге келтірілген және зерттеу мазмұнын айқындайтын Көпбалалы отбасында
қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру деген
тақырыпты таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде
ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың теориясын ғылыми тұрғыдан жүйелеп,
педагогикалық үдерісіне ендіру.
Зерттеудің нысаны: Жалпы орта білім беру жүйесі.
Зерттеудің пәні: Жалпы орта білім беру жүйесінде көпбалалы отбасына
қазақ этнопедагогикасы арқылы ұлттық қасиеттерді қалыптастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы
негізінде ұлттық қасиеттер құндылығы мынадай жағдайда артады, егер:
- қазақ халқының көпбалалы отбасындағы ұлттық тәрбиені әлеуметтік,
педагогикалық, психологиялық, тарихи құндылық деп біліп, ғылыми-
педагогикалық, этнопедагогикалық тәжірибелерге сүйенсе;
- ғылыми негізделген бағдарлама құрастырылып, тәжірибеге енгізілсе, көп
бала тәрбиесінің ұлттық көрсеткіштері, белгілері, деңгейлері анықталса;
- оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері белгіленсе, онда қазақ отбасында
рухани құндылығы қалыптасқан, ұлттық тәлім-тәрбиесі терең, бауырмал,
көпшіл, төзімді, текті балалар дайындаудың мүмкіндіктері туады, өйткені
көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттердің қалыптасуы бүгінгі күннің рухани
құндылықтарына сәйкес келеді.
Зерттеудің жетекші идеясы: Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы
негізінде педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттей
отырып, ұлттық қасиеттерін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- қазақ этнопедагогикасы негізінде көпбалалы отбасының ұлттық
қасиеттерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
- Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру ұғымына анықтама беру;
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиелік мәні
мен өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- көпбалалы отбасы тәрбиесінің ұлттық қасиеттерінің көрсеткіштері,
белгілері, деңгейлері анықталатын үлгісін жасау;
- қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесінің қалыптасуын тәжірибелі-
эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: мәдени мұралар, ғылыми
көзқарас туралы қағидалар, қоғамдық ортаның қалыптасу заңдылықтарына
байланысты баланың дамуы, тәрбиесі, оның салауатты өмір салтын меңгеру
туралы заңдылықтар, ілімдер, қағидалар, ғылыми ой-пікірлер мен зерттеулер
негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми–педагогикалық әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша,
қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесін қалыптастырудың тұжырымдамалық-
әдіснамалық негізін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының ресми
материалдарына, тұжырымдары мен бағдарламаларына талдау жасау; ұлттық
педагогика құндылықтарын көпбалалы отбасы тәрбиесін қалыптастырудың
мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында педагогикалық, психологиялық,
философиялық, жаратылыстану, тарихи этнопедагогика еңбектеріндегі қазақ
халқының рухани құндылығы жөніндегі мәселелер, әдістемелік оқу құралдарын,
мектеп бағдарламаларын теориялық тұрғыдан талдау; ғылыми-әдістемелік
конференциялардың материалдары; диссертациялық және монографиялық
зерттеулер; мерзімдік басылым ақпараттары, мектептің іс-тәжірибе жұмыстары,
автордың көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде
қалыптастырудың теориясын негіздеудегі өз тәжірибесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І-кезеңде (2005-2006 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша еңбектермен
танысу, ұлттық педагогика құндылықтарын зерттеу, материалдар жинақтау,
тұжырымдау, әдебиеттерге, құжаттарға талдау жасау, ғылыми аппаратты
айқындау.
ІІ-кезеңде (2007-2008 жылдарда) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге,
көтеріліп отырған проблемаға байланысты басты идеяларға, педагогиканың
прогрессивті тенденцияларына, қоғамның талап етіп отырған мәселелеріне
байланысты зерттеу жұмысының мазмұны, үлгісі, әдістемесі анықталып,
сұрыпталып, тәжірибелік-эксперименттік сынақ жұмыстары жүргізілді. Ғылыми
болжамдар дәлелденді.
ІІІ-кезеңде (2009-2010 жылдарда) Зерттеу барысында алынған нәтижелер
анықталды. Тұжырымдар мен әдістемелік ұсыныстар жасалды. Теориялық және
тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері жалпыланып, тұтас зерттеу
бойынша бір жүйеге келтірілген қорытынды жасалды.
Зерттеудің базасы: Қызылорда қаласының №3 мектеп-лецей, №4 С.Сейфуллин
атындағы орта мектеп, №101 орта мектеп, №222 Т.Рысқұлов атындағы орта
мектеп, №261 орта мектептері қамтылды.
Зерттеудің ғылыми-жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері анықталды;
- Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру ұғымына анықтама берілді;
- қазақ халқының көпбалалы отбасы тәрбиесіндегі тәрбиелік мәні мен
ерекшеліктері айқындалды;
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастырудың үлгісі жасалды;
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастырып, оны жүзеге асырудың тәжірибелік жолдары
анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру айқындалды:
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Көпбалалы отбасында ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру атты арнайы курс бағдарламасы және әдістемелік
нұсқауы жасалады.
- қазақтың көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері белгіленіп, нәтижесі шығарылады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қазақ халқының ғұлама-ғалымдары, би-шешендері және
ағартушы–педагогтары мен ғалым-педагогтарының еңбектері, көпбалалы
отбасының қазақ этнопедагогикасы негізінде тәрбиенің ғылыми-
теориялық негіздері;
- Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастыру ұғымына анықтама;
- қазақ халқының көпбалалы отбасы тәрбиесінің мәні, өзіндік
ерекшеліктері;
- көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық
қасиеттерді қалыптастырудың үлгісі;
- қазақ этнопедагогикасы арқылы көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді
қалыптастырудың тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі: зерттеудің мақсаты мен
міндеттерінің ғылыми аппаратқа сай болуымен, зерттеу әдістерінің, тәжірибе-
эксперимент жұмыстарының жоспарлы және жүйелі іске асуымен, ұсыныстардың
жалпы білім беретін мектептерде Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы
негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру атты арнайы курс бағдарламасы
және әдістемелік нұсқау жасалынды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру Зерттеу жұмысының
негізгі тұжырымдары мен нәтижесі халықаралық, республикалық және аймақтық
ғылыми практикалық конфернциялар мен ғылыми кеңестерде баяндалды. Тұлғаны
қалыптастырудағы білім мен тәрбиенің ролі (Қызылорда, 2006ж), Көпбалалы
отбасы әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде.(Этнопедагогика
журналы, 2009ж.), Проектирование маршрута сопровождения детей из
многодетной семьи (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2009ж.), Қазақ халқының
көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың педагогикалық
үлгісінің критерийлері (Қазақстан жоғары мектебі, 2010ж.), Қазақ
этнопедагогикасындағы көпбалалы отбасы тәрбиесінде ұлттық қасиетті
қалыптастыру үлгісі (Ізденіс, 2010ж.), Тема семьи в пословицах немецкого и
французского языка (Москва, 2009ж.), Использование средств народной
педагогики в воспитании младших школьников (Москва, 2009ж.), Отбасы тәрбие
барысында балалардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру (ТарГПИ, 2009ж.),
Көпбалалы отбасындағы бала тәрбиесінің орны, (Хабаршы, 2010ж.)., Көпбалалы
отбасы тәрбиесіндегі ұлттық қасиеттерді қалыптастыру үлгісі бойынша
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері (Қазақстан кәсіпкері,
2010ж.).
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеудің әдіснамалық
негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері беріліп,
зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәні және қорғауға ұсынылатын
қағидалар баяндалған. Сондай-ақ зерттеу жұмысының дәлдігі мен негізділігі,
мақұлдануы, тәжірибеде ендірілуі сипатталған.
Қазақ отбасындағы этнопедагогикалық тәрбиені қалыптастырудың ғылыми-
теориялық негіздері атты бірінші тарауда қазақ ұлтының қалыптасу
тарихында ұлттық тәрбие генезисі туралы, ұлы ғұламалар еңбектеріндегі
отбасы тәрбиесіндегі ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың тұжырымдамалық
идеялары және көпбалалы отбасы тәрбиесіндегі ұлттық қасиеттердің мәні мен
ерекшеліктері қарастырылды.
Көпбалалы отбасындағы ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың тәжірибелік-
эксперименттік жүйесі атты екінші тарауда зерттеу тақырыбына сәйкес үлгі
жасалып, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелі қорытындысы
шығарылып, әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Қорытындыда ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік-эксперимент
жұмыстарының нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен ұсыныстар берілді.

Негізгі бөлім
Адамзаттың милиондаған жылдар ғұмырындағы саналы тірлігінде қол
жеткізген мәңгілік бір мәдени жетістігі-отбасылық ғұмыр болса керек.
Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Сондықтан да ол адамзатпен бірге жетіліп, әр халықтың ерекшелігіне орай
түрлі кезеңдік сипат иеленіп, сан-саналы жолмен дамып келеді. Отбасылық
ғұмыр жөніндегі дәстүрлі қазақы ұғымда тарихи көне, ішкі иірімдері мол,
күрделі, кешенді құрылым. Оның сонау көне заманнан бергі даму тарихын
тұтастай алғанда жалпы адамзат қоғамының даму сатыларымен іштей қабысып
жатқанмен, қазақ деген халықтың қалыптасып, дамуындағы түрлі тарихи
жағдайларға сәйкес өзінше ерек болмыс танытады. Бұл ерекшелік жиһанкездер
мен ғалымдарды халық өмірін зерттеуге тереңірек тануға ұмтылған зиялы
жандарды ежелден қызықтырып, толғандырып келеді.
Отбасылық ғұрып-отбасылық өмірмен тікелей байланысты болып келуінде,
яғни адамның дүниеге келуінен бастап, ер жетіп үй болуы, ақыр соңында
өмірмен қоштасар сәттегі соңғы сапарына дейінгі аралықты өлеңмен өрнектеп,
әрлеп отыруында. Өмір мен өнерді аттастырып, тірлік сәніне айналдырған
халық даналығының бұл сырын көрегендікпен танып, көкейіне тоқыған ұлы Абай
аса шеберлікпен төрт-ақ өлеңге сыйғызған.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті
қағидалары мен ережелерін жасап, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен
қарағандардың бірі – қазақ халқы. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор
еңбектері - ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден бастап ес біліп, ер
жеткенге дейінгі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар үлгілері мен өнегелері
баланың өсу жолымен беріліп отырған.
Зерттеуіміздің барысында қазақтың өсіп-өніп, даму тарихындағы
ерекшеліктердің бірі–көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру.
Философия, педагогика-психологиялық әдебиеттерде отбасы, тәрбие,
бала, қасиет ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп,
мазмұнды сипаттама берілді.
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді
қалыптастыру белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже
береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы. Қазақ халқында, отбасы
тәрбиесінде ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың іс-әрекеті ұл мен қыз
тәрбиесінде көптеп кездесетіні жайлы ұлы ғұламалар мен ақын-жыраулардың ой-
пікірлерінен айрықша байқауға болады. Қыз бен ұл бойындағы асыл қасиет ата-
ананы аға, әпке, қарындас және туған туыспен сыйласа білуі. Жас баланың
есі кіріп елмен, ағайын туыспен қарым–қатынас жасай бастауы ол тұлғаның
қалыптаса бастауы деп айтуға болады.
Отбасында тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаты-баланы еңбек, өнер, білім
машықтарын меңгеруге, нағыз қазақ ұлтына тән елін, жерін сүйіп қорғауға
және тағы басқа ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Ұрпақтың әдептілігі мен тәрбиесі жөніндегі ұлы ғұламалардың идеяларын
саралай келіп, қысқаша тұжырымдамасын (сурет 1) көруге болады.
Ұлттық сана-сезім адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі. Бір
қазақтың тегіне тән ұлттық қасиеттер: ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау,
бауырмалдық, мейірімділік пен ізгілік, ынтымақтастық пен татулық,
қонақжайлылық, меймандостық, кісілік, көпшілдік, тектікті сақтау,
төзімділік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік,
салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық,
сыпайлық, мәдениеттілік, адамгершілік т.б. қасиеттер халықтық тәрбиеден
ерекше орын алған.
Көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыруға байланысты
тұстарын түгелдей шолып өту мүмкін емес, сондықтан біз олардың
педагогикадағы ұлттық тәрбиеге қатысты жақтарын ғана сөз еттік, ол туралы
зерттеу жұмысымызда аталған.

Сурет 1 - Ұлы ғұламалар еңбектеріндегі отбасы тәрбиесіндегі ұлттық
қасиеттерді қалыптастырудың тұжырымдамалық идеялары
Ал осы қасиеттерді ұрпақтың жадына салу тәрбиеге қатысы бар әрбір саналы
адамның абыройлы борышы.
Зерттеу бойынша ғылыми теориялық білімдер жүйесін саралай келіп
тақырыбымыздың мазмұныны ашуда мына анықтаманы ұсынамыз:
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді
қалыптастыру дегеніміз – қазақ отбасында тәрбиенің ұлттық рухани құнды
қасиеттердің мәні толық, кеңінен пайдаланыла отырып, нағыз қазақ ұлтына тән
елін, жерін, отанын сүйе білетін, ұрпақ қамын ойлайтын, салауатты да
сауатты, патриот көпбалалы отбасын дайындау.
Зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық мазмұн негізінде зерттеу
тақырыбымыздың негізін құраушы көпбалалы отбасы тәрбиесінің бүкіл мазмұнын
ашатындай және оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға ығайлы да, ұтымды жолдарын
меңзейтін теориялық жағынан негізделген ұлттық тәрбиені қалыптастырудың
үлгісі құрастырылды (кесте 1).
Ұсынып отырған Қазақ халқының көп балалы отбасында ұлттық қасиеттерді
қалыптастырудың үлгісі мазмұны бойынша төрт критериден және үш
компоненттерден тұрады. Әрбір компоненттер: танымдық, мотивациялық, кәсіби
іскерлік көрсеткіштермен қиылысу мазмұны бойынша орындалады. Критерийлері:
этнопедагогикалық тәрбиеге баулу; этнопсихологиялық тәрбиеге баулу; рухани
құндылыққа баулу және ұлттық қасиетке баулу.
1.1.Танымдықбойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу: қазақ
менталитетінің этникалық сана мен дүниетанымын білу; ана тілін, ұлттық
мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін білу; қазақ халқының бала тәрбиесіне
қоятын талаптарды білу; отбасында баланың тәрбие ерекшеліктерін білу.
2.Мотивациялық бойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу: қазақ
этнопедагогикасының білімін білуге ұмтылу; этнопедагогикалық әдістерге
қызығушылығы; этникалық тәрбиенің ерекшеліктеріне қызығушылығы;
этнопедагогикалық дәстүрлер мен моральдық-этикалық жүйелерді білуге
ұмтылысы.
3.Кәсіби іскерлік бойынша этнопедагогикалық тәрбиеге баулу:
этнопедагогикалық тәрбие заңдылықтарын іске асыруы; салт-дәстүрлерді
қолдануы; этнопедагогикалық мәдениет, дәстүр, тұрмыстық мәдениет
принципетін үйлесімді пайдалануы.
2.2.Танымдық бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: қазақ отбасында
балаға қажетті тәрбиені; ұлттық сананы; ұлттық сезімді; ұлттық мүддені;
ұлттық патриоттық сезімді; отбасылық сезімге баулу; ұлттық шежіре туыстық
қатынастар нормасын білу.
2.Мотивациялық бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: ұлттық
психология бойынша көпбалалы отбасы тәрбиесін қалыптастыруға ұмтылу; қазақ
елінің этникалық тәрбие беруінің өзіндік ерекшеліктерін меңгеру; көпбалалы
отбасыға тән ұлттық сана, ұлттық мінез ерекшеліктеріне ұмтылу.
3. Кәсіби іскерлік бойынша этнопсихологиялық тәрбиеге баулу: туыстық
қатынастар психологиясын ұстануы; ұлттық сана мен іс-әрекет, бірлік
принципін қалыптастыруы; қазақ елінің ойшылары, философтары, ақын,
жыршылары, би, сұлтандарының еңбектерін, ертегі, қисса, жырларында көпбала
тәрбиесі.

Критерийлер Этнопедагогикалық тәрбиеге Этнопсихологиялық Рухани құндылыққа Ұлттық қасиетке баулу
Компоненттер баулу тәрбиеге баулу баулу
Танымдық -қазақ менталитетінің -қазақ отбасында балаға -қазақ ұлтының -басқа халықтар туралы
этникалық сана мен қажетті тәрбиені: көпбалалы отбасына білім деңгейін көтеру;
дүниетанымын білу; - ұлттық сананы; тән: -татулық қатынастарын
-ана тілін, ұлттық -ұлттық сезімді; -бауырмалдылық; қалыптастыру;
мәдениетін, тарихын, -ұлттық мүддені; -мейірімділік пен -ұлтқа тән жақсылық
салт-дәстүрін білу; -ұлттық патриоттық ізгілік; тілеушілігі -
-қазақ халқының бала сезімді; -ынтымақтастық; сәлемдесу рәсінің
тәрбиесіне қоятын -отбасылық сезімге -көпшілдік; көрінісі
талаптарды білу; баулу; ұлттық шежіре -сыйластық; -басқа ұлттардың
- отбасында баланың тәрбие туыстық қатынастар -татулық; мәдениетін меңгеру;
ерекшеліктерін білу. нормасын білу. -парасаттылық; -ұлттық этикетті білу.
-адамгершілікті білу.
Мотивациялық -қазақ этнопедагогикасының -ұлттық психология -этникалық тәрбиенің -жалпы мәдениеттілікке
білімдерін білуге ұмтылу; бойынша көпбалалы отбасыерекшеліктерін ұмтылысы;
-этнопедагогикалық тәрбиесін қалыптастыруғабағалауы; -ұлттық қасиеттерді
әдістерге қызығушылығы; ұмтылу; -көпбалалы отбасындағыбілуге ұмтылысы;
-этникалық тәрбиенің -қазақ елінің этникалық тұлға бойындағы сыртқы-табиғилыққа ұмтылысы;
ерек-шеліктеріне тәрбие беруінің өзіндік және ішкі көріністерді-ұлттық намысты ояту
қызығушылығы; ерекшеліктерін меңгеру; бағалауға ұмтылысы; мен қалыптастыру.
-этнопедагогикалық - көпбалалы отбасыға тән-ұлттық рухани сана
дәстүрлер мен ұлттық сана, ұлттық мен іс-әрекет
моральдық-этикалық мінез ерекшеліктеріне принциптерін меңгеруі.
жүйелерді білуге ұмтылысы. ұмтылу.
Кәсіби іскерлік-этнопедагогикалық тәрбие -туыстық қатынастар -адамгершілік, рухани -салауатты өмір салтын
заңдылықтарын іске асыруы; психологиясын ұстануы; құндылықтарды қолдана қалыптастыруды жүзеге
-этноұлттық -ұлттық сана мен білуі; асыруы;
салт-дәстүрлерді қолдануы; іс-әрекет, бірлік -ата бабамыздың -ұлттық әсемдікті
-этнопедагогикалық принципін бау-ырмалдылық ұстануы;
мәдениет, дәстүр, тұрмыстыққалыптас-тыруы; қазақ тәжіри-бесінің - ұлттық фольклор,
мәдениет принципетін елінің ойшылары, ерекшеліктерін өнер, киім мәдениетін,
үйлесімді пайдалануы. философтары, ақын, бағалауы: тұрмыстық құралдарын
жыршылары, би, ұлтымыздың пайдалану және әлемге
сұлтандарының салт-дәстүрлеріндегі таныту.
еңбектерін, ертегі, рухани байлықты жүзеге
қисса, жырларында асыруы.
көпбала тәрбиесі.

Кесте 1 - Қазақ халқының көп балалы отбасында ұлттық қасиеттерді
қалыптастырудың педагогикалық үлгісі

3.1.Танымдық бойынша рухани құндылыққа баулу: қазақ ұлтының көпбалалы
отбасына тән: ақылдылық; төзімділік; бауырмалдылық; имандылық; көпшілдік;
сыйластық; татулық; парасаттылық; адамгершілікті білу.
2.Мотивациялық бойынша рухани құндылыққа баулу: этникалық тәрбиенің
ерекшеліктерін бағалауы; көпбалалы отбасындағы тұлға бойындағы сыртқы және
ішкі көріністерді бағалауға ұмтылысы; ұлттық рухани сана мен іс-әрекет
принциптерін меңгеруі.
3. Кәсіби іскерлік бойынша рухани құндылыққа тәрбиелеу: адамгершілік,
рухани құндылықтарды қолдана білуі; ата бабамыздың бауырмалдылық
тәжірибесінің ерекшеліктерін бағалауы: ұлтымыздың салт-дәстүрлеріндегі
рухани байлықты жүзеге асыруы.
4.1. Танымдық бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: басқа халықтар туралы
білім деңгейін көтеру; татулық қатынастарын қалыптастыру; басқа ұлттардың
мәдениетін меңгеру; ұлттық этикетті білу.
2. Мотивациялық бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: жалпы мәдениеттілікке
ұмтылысы; ұлттық қасиеттерді білуге ұмтылысы; табиғилыққа ұмтылысы; ұлттық
намысты ояту мен қалыптастыру.
3. Кәсіби іскерлік бойынша ұлттық қасиетке тәрбиелеу: салауатты өмір
салтын қалыптастыруды жүзеге асыруы; ұлттық әсемдікті ұстануы; ұлттық
фольклор, өнер, киім мәдениетін, тұрмыстық құралдарын пайдалану және
әлемге таныту.
Қазақ халқының көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың
педагогикалық үлгісін жасау үшін зерделеген білімдер жүйесін жинақтап,
қысқаша нұсқасын кесте арқылы бейнелеуге тырыстық.
Ұлттық тәрбиенің тарихы мен оның маңызын, әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың әсерін ескере отырып, бұл мәселені ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан
қарастыруға мүмкіндік алдық.
Қазақ халқының көпбалалы отбасында ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың
үлгісін жүзеге асыратын педагогикалық жүйесі құрылды (сурет 2).
Көпбалалы отбасы тәрбиесінде ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың
педагогикалық-әдістемелік кезеңдерін жоспарладық. Кезең компоненттер үш
кезеңнен: анықтау, қалыптастыру, бақылау-қорытындылау кезеңдерінен тұрады.
Ал жұмысты ұйымдастыру барысы: мақсаттан, міндеттерден, жұмыстың
мазмұнынан, онда пайдаланылатын педагогикалық-психологиялық әдістерден,
ұйымдастыру формалары мен қолданылатын құралдар арқылы жұмыстың қорытынды
нәтижесін жасаумен жалғасады.
Қазақтың көпбалалы отбасы тәрбиесінде ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың
тәжірибелік-эксперименттік жұмысын үлгі мен оны жүзеге асыратын
педагогикалық жүйе негізінде жүргіздік:
Алғашқы кезең - анықтау эксперименті: сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап,
тест, әңгіме, бақылау, байқау, анкета т.б. әдістері арқылы жүзеге
асырылды. Онда жүргізілген жұмыстың нәтижесі кейінгі жұмыстармен салыстыру
үшін қорытындысы жасалып, пайыздық есебі шығарылды.

Сурет 2- Ұлттық қасиеттерді қалыптастырудың үлгісін жүзеге асыратын
педагогикалық жүйе
Келесі кезеңде қалыптастыру эксперименті: көпбалалы отбасына арналған
тәрбиелік білімді практика кезінде баланың санасында қалыптастыру,
тәрбиелік мәннің негізі осы кезеңде қалыптастырылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Мінез және оны тәрбиелеу
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Пәндер