Көпдеңгейлі тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері


Көпдеңгейлі тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері
Егеменді Қазақстанда өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен қарым-қатынасын, мәдениеттілігін және білімділігін арттыру көзделеді.
Қазақстан Республикасының ''Білім туралы'' заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәденилік жаңғырып, ерекше маңызға ие бола бастады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауының ''Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін'' деп аталуының өзінде де үлкен мән жатыр. Жолдаудағы ''оқу-ағарту орындары мамандар даярлаудың, эталонына айналуға тиіс'' деген талаптың түпкі мақсаты осында жатыр.
Жалпы сапа 4 мағынада қолданыла алады:
- стандартқа сай сапа;
- қолдануға сәйкес келетін сапа (ЖОО бітірген маманның тұтынушылардың қажеттігін қанағаттандыруы) ;
- бағасына сай сапа;
- жасырын тұтынысқа сай сапа (кадр тұтынушыларының қажетін алдын-ала болжау, маманға кететін шығынды төмендету) .
TQM жүйесі аясында үш топ білім сапасының көрсеткішін бөліп береді:
- білім мазмұнының сапасы (білім беру қызметінің сапасы, осы мәселені шешудегі әдістер сапасы) ;
- сапа мен тәрбие әдістерінің сапасы;
- жеке тұлға білімінің сапасы.
Философиялық ғылым саласында «сапа» түсінігі барлық қасиеттердің толық жиынтығы, олардың байланысы, бір құбылысты екінші бір құбылыстан ажырататын қарым-қатынас түрінде анықталады. Өздеріңіз көріп отырғандай, берілген түсінікке философиялық тұрғыдан қарау оншалықты бағалы емес, сол себепті мұнда сапа деңгейінің төмен немесе жоғары болуы, оның өлшемі немесе басқа да бағалау түрлері сияқты мәселелерді ашу қиынға соғады.
Өндірістік салада «сапа» түсінігі қабылданған өнімнің нормативті деңгейге сәйкес келуімен түсіндіріледі. Бұл жерде өнім сапасының екі түрлі белгісі негізге алынады: анықталған қасиеттердің толық жиынтығы және олардың тұтынушының көзқарасы жағынан құндылықтарының қарастырылуы.
Ал, педагогикалық ғылым саласында «білім сапасы» деген түсінікке әртүрлі анықтамалар берілуде.
А. М. Моисеев «мектептегі білім сапасы» деген түсінікке түрлі қасиеттердің маңызды жиынтығы және білімге қызығушылардың, ортаның, оқушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыратын білім түрі деп анықтама береді.
С. Б. Шишова мен В. А. Кальнейдің ғылыми зерттеу жұмыстарында білім сапасы білім үрдісінің нәтижелілігі мен жағдайын және азаматтық, тұрмыстық, жеке тұлғалық дамудың қалыптасуын анықтайтын әлеуметтік категория ретінде түсіндіріледі.
Осылардың ішінде толығырақ анықтама берген - В. М. Полонский. Ол білім сапасын мектеп бітірушілердің оқу мен тәрбиелеудегі жоспарланған мақсаттарға сәйкес білімді қабілетті, ақылды және өнегелі дамудың анықталған деңгейі деп түсіндіреді.
Білімнің жаңа парадигмасына ауысу шарттарында білімге, қабілеттілікке, дағдыға деген талаптар маңызды түрде ауысып отырады. Сонымен қатар, білім сапасының көрсеткіштеріне оқыту үрдісінің сапасы мен білімнің алғы шарттары да кіреді.
М. М. Поташник білім үрдісі нәтижесінің негізгі 5 түрін анықтайды:
1) біліктілік, қабілетілік және дағдының деңгейі;
2) тұлғалық дамудың көрсеткіштері;
3) білімдегі теріс әсерлер (оқушы денсаулығының нашарлауы) ;
4) мұғалімнің кәсіби хабардарлығының өзгеруі мен оның жұмысқа деген қарым-қатынасы;
5) әлеуметтік ортада мектеп беделінің артуы.
Кеңестік дәуірдегі көптеген ғалымдар оқу-ағарту үрдісінің шексіз соңы оқушының білімдарлығымен аяқталады деп есептейді. И. С. Якиманская оқушының білімдарлығы оның оқуға машықтануының негізінде қалыптасады деп есептейді. Оның ойынша, білімдарлық - жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау) бағытталған іс-әрекеті, қасиеті.
Іс-тәжірибелерде оқу жүйесіндегі жұмысшылар мына үш ұғымды ғылым саласында тең дәрежеде қолданады: «білім сапасы», «оқыту сапасы» және «оқу-ағарту сапасы». Әрине, бұлар бір-бірімен өзара байланысты және өзара келісімді ұғымдар. Алайда, біздің зерттеу жұмысымыз сапасының иерархиясы бар екендігін анықтап отыр. Демек, білім сапасының да орындалу реті бар: білім - оқыту - оқу-ағарту.
Ғылыми зерттеу әдебиеттерінде білім - әлеуметтік тәжірибе, адамдардың фактілер, түсініктер, ереже, заң, теориялар жүйесіндегі іс-тәжірибелік қызметі.
И. Я. Лернер «білімді» оқу-ағарту мазмұнының негізгі компоненттерінің бірі деп анықтайды және оны мына төрт элементке жіктейді:
1) табиғат, қоғам, техника және адам туралы білім;
2) қызмет тәсілдерін жүзеге асыратын тәжірибе;
3) шығармашылақ іс-әрекет тәжірибесі;
4) адамның әлемге, сонымен қатар, білімге, ізденушілікке деген қарым-қатынасын анықтайтын сезімдік тәжірибе.
Әрине, ең бірінші элементсіз оқушының мақсатқа бағытталуы мүмкін емес. Оларсыз қоғам өзінің алдағы уақытта - өндірісте, әлеуметтік тұрмыста өмір сүре алмайды. Ұдайы өндірістің мұндай мүмкіншілігі білімнің көп үлгілі функцияларымен алдын-ала келісілген жағдайда жүзеге асады.
Білімнің бірінші функциясы оқушыларда қазіргі кездегі ғылым деңгейіне сай әлемнің жалпы суретін қалыптастырады. Білімнің екінші функциясы оқушылардың өзінің тәжірибелік немесе жан дүниелік іс-әрекетін анықтаудағы бағыт бағдарды көрсетеді. Оқиғаның даму тенденциялары мен заңдарын біле және оларды түсіндіре отырып, оқушы осы білімдерге сай оларды орындау принциптері мен тәсілдерін таңдайды. Ал, үшінші функцияда білім орындау объектісінің қалыптасуына ықпал етеді. Әрбір аталған білім функциялары сапа мен білім түрлерін қатар меңгеруді талап етеді[1] .
И. Я. Лернер білімнің келесі түрлерін атап көрсетеді: негізгі терминдер, түсінік, фактілер мен негізгі заңдылықтар, теориялар, іс-әрекеттің тәсілдері туралы білім. Аталған білімнің әртүрлі түрлері оқушыларда түрлі жолмен қалыптасады.
Екінші элемент - оқушыларда іс-әрекет, дағды, қабілет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі болып табылады. Қабілет пен дағды білімді қолдану мен оның сапасын өлшеуді көздейді.
Үшінші элемент - шығармашылық іс-әрекет, білімді жаңа жағдаятқа өз әдісімен ауыстыру тәжірибесі, мәселені алдын-ала болжау және оларды шешу тәсілдері негізінде жинақталған тәжірибе. Бұл элемент оқушының шығармашылық жолының дамуын қамтамасыз етеді.
Төртінші элемент - оқушының сезімдік жағдайының жүйесін, оның білімге және ізденіс жұмыстарына деген қарым-қатынасын анықтайтын жүйе.
Бұл аталған төрт элемент оқыту мақсаттарына сәйкес оқу-ағарту ісінің мазмұны болып табылады.
Білімді деңгейлеп көрсету меңгеру заңдылықтары мен алынған білімді қолдану және ойлау процесінің заңдылықтарымен жүзеге асырылады. Оқушылардың білім сапасын бағалауды оқытуда біз мына үш деңгейді көрсете аламыз: репродуктивті (ойға түсіру), конструктивті (құру, түзу) және шығармашылық[2] .
Білімнің репродуктивтік деңгейі - фактілердің, құбылыстардың, оқиғалар мен ережелердің орындалуы туралы білім. Бұл жерде білімнің қалыптасуын қамтамасыз ететін ойлау процесі де репродуктивтік деңгейі\де көрінеді. Оқушылар оқу ақпараттарымен танысады, оларды сипаттап, «дайын» анықтама береді. Репродуктивтік деңгейді қабылдаған оқушы өзінің білімін мынадай ақпараттық әдістермен көрсете алады: әңгіме, түсінік, үлгі бойынша жаттығулар орындау және т. б.
Конструктивтік деңгей - бірінші білім деңгейін қайта жаңғырту (негізгіні белгілеу, салыстыру, қорыту т. б. ойлау іс-әрекетінің көмегімен) негізінде көрінетін білім. Бұл деңгей жаңа білімді қабылдау әдістерімен оқытылады.
Білімнің шығармашылық деңгейі - оқушылардың өзіндік ізденіс жұмыстарының нәтижесінде қалыптасқын білім түрі. Бұл деңгей оқушының өзіндік шығармашылық қабілетін оятатын жаңа білімді қабылдау мен зерттеу әдістері арқылы жүзеге асады. Мұндағы ойлау тәсілдері де шығармашылық деңгейде болады: оқушылар жұмыстың тақырыбы мен тапсырмасын анықтайды, ізденудің болжамы мен жоспарын құрады және ғылыми-ізденушілік жұмысын жүзеге асырады.
В. П. Беспалько, Э. Коротков: «маман дайындау сапасы: мақсат, норма сапасын, жағдай, кадрлар, оқыту, зерттеу сапаларын біріктіреді», - деп есептейді.
Барлық уақытта да саясат аясында білім сапасын бағалаудың тиімді жүйесін жасау қажеттігіне түсіністікпен қарайды; ЖОО білім берудің сапасы мемлекеттік міндет аясында түпкілікті мақсат ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда білім сапасын бағалаудың орталықтандырылған, кәсіби жүйесі керек. Сапаны бағалау көп қырлы болып табылады және білім сапасын бағалаудың ғылыми негізінен бастап, ұлттық жүйенің қызметіндегі ұйымдастырушылық-құқықтық механизмдеріне дейінгі кең диапозонда көп қырлы шешімді талап етеді. Мұндай бағалау (білімнің барлық деңгейін қамти алатындай) үздіксіз болу керек және бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Білім сапасын бағалау жүйесі әр түрлі критерийлерде: жалпы мемлекеттік, аймақтық, университеттік және т. б. болуы керек[3] .
Біздің зерттеу жұмысымыз көрсетіп отырғандай, оқытудың иерархиялық (диагностикалық) мақсаты мен нәтижесі білім сапасын анық және әділ бағалау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, педагогикалық квалиметрияны толық жетілдіру оқыту, білім сапасына көпбалды бағалау жүйесін енгізуді де көздейді.
Нақты мысал ретінде оқушылардың алған бағаларын тапсырылған уақыт кезеңінің ішінде қарындаш пен қағаз әдісінің орындалуы арқылы бағалауға тоқталайық. «Тест» термині түрлі елдерде әр түрлі мағынада болады, кейбір жағдайларда дербес оқушылар үшін мағыналық қорытындыны көрсетеді. PISA мақсаты әр елдегі оқушылардың мінездемесін тексеру, бөлек емес. Сондықтан, «баға» термині PISA баяндау үшін қолданады.
OECD/PISA оқушылар табыс бағасының жаңа түрлі үнемі қамтамасыз ету үшін ОЭСР қатысушы-ел үкіметі бірлесіп күш салуды көрсете білді. OECD/PISA бағалары бірлескен қатысушы-елмен жасалынады және мемлекет ұжымдарымен орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz