Көпдеңгейлі тапсырмаларды қолданудың педагогикалық негізі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Көпдеңгейлі тапсырмаларды қолданудың педагогикалық негізі

Қазақстан Республикасында соңғы 10-15 жылдар арасында білім беру
саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының
әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа
жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім мен
мәдениет беру болып табылады.
Еліміздегі білім сапасын бағалаудың дәстүрлі әдістемелік жүйесіне
талдау жасау арқылы оның кемшіліктері мен жетістіктеріне де шолу жасау
қажеттігі аса маңызды. Сонда ғана жіктеу немесе таксономия арқылы басқа да
ғылыми тұрғыдан өңделген, ықшамдалған жүйелер сияқты жаңа білімді меңгеруде
стандарттық жүйені қабылдау нормаларын жан-жақты қарастыруға болады[2].
Аталған нормаларға қатысты оқыту мақсаттарын диагностикалық түрде
жолға қоюда оқушылардың өлшеп, танудағы іс-әрекеттерін оқу нәтижелері
арқылы білуге болатынын көрсетуге, оқушылардың іс-әрекеттері арқылы
жасалатын оқу нәтижелерін анықтауға мүмкіндік жасауға әбден болады. Атап
айтқанда, мынадай жұмыс түрлерінің қажеттілігі жаңа әдістемелік жүйені
қажетсінетіні байқалды: а) оқу ісі оқушылардың өзіндік-танымдық іс-
әрекеттеріне негізделіп ұйымдастырылуы қажет; ә) оқытудың нәтижесі
иерархиялық құрылымға бағытталуы керек: репродуктивтік (ойға түсіру),
конструктивтік (түзу, құрастыру) және продуктивтік (шығармашылық) іс-
әрекеттермен жүзеге асырылуы тиіс.
Осындай иерархиялық іс-әрекеттердің түрлерінен ғалымдар деңгейлеп
оқытудың нәтижелерін анықтауды дұрыс деп санап, оқушылардың білім сапасын
олардың әрекет ете алу сапасымен байланыстыру жөн деген әдіснамалық тұжырым
ұсынып отыр. Сондықтан педагогикалық жүйені жобалауда В.П.Беспалько оқу
материалдарын жүйелі түрде меңгеру жолдарын ұсынды[1]. Оның ойынша,
оқушының танымдық іс-әрекеті репродуктивтік деңгейден конструктивтік
деңгейге, одан әрі продуктивтік деңгейге жүйелі түрде өтуі тиіс делінді,
алайда деңгей арасындағы байланыс ашылмай қалатыны айқындалды.Олай болса,
бағалау жүйесінде сабақтастық болмауы әбден мүмкін. Әдістемелік жүйені
жетілдіру арқылы бағалау жүйесін реттеу үшін әлемдік педагогика ғылымының
табыстары мен ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау қажет болатыны дұрыс деп
табылды.
Осы мақалада оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану,
кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық,
халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау,
TIMS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін
қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т.б. мәселелердің қажеттілігі мен олардың
зерттелу жағдайы баяндалған[3]. Ж.Қараев, М.Жанпейісова, М.Жадрина,
Ж.Кобдикова, Н.Оразақынова, т.б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың
көпдеңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференциациялау арқылы
комплексті сатылап бағалау жүйесін еңгізу қажеттігін қолдайтынын
айқындадық.
Халықаралық білім сапасын бағалау тәжірибелеріне талдау жасау
барысында таксономиялық деңгей қолайлы болғанымен олардың ортақ критерий
жасау мүмкіндігі шектеулі болатынын анықтадық. Мысалы, үйренушілік деңгейде
оқушы репродуктивтік іс-әрекетті орындайтыны, онда оқушының іс-әрекеті
мұғалімнің түсіндіруімен, сөз болып отырған аймақты бақылау арқылы немесе
мұғалімнің көмегімен іске асырылатыны нақтыланды. Оқу материалдарын
меңгерудің бірінші деңгейі аяқталғаннан кейін, ол оқу материалдарын
меңгерудің екінші деңгейіне өтеді. Мұнда оқушының танымдық іс-әрекеті
арқылы зерттеліп отырған материалдарға сыни көзбен қарап, оны қайта жасау,
ұтымды тәсілдер мен тиімді шешімдер салыстырыла отырып іздену жұмыстары
жүргізіледі. Оқу материалдарының екі деңгейі де меңгерілген соң, оқушының
танымдық іс-әрекеті жаңа білімді қабылдауға бағытталады. Мұнда оның
ізденушілік жұмыстары жүргізіліп, ойлау іс-әрекеті қалыптасады, теориялық
талдау жұмыстары жүйеленеді. Үшінші деңгейдегі оқу материалдарын меңгерген
оқушы төртінші деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге талпыныс
жасайды. Ал білім сапасы тек деңгей көлемінде бағаланады, бірізділік
принципі сақталмайды.
Жоғарыда келтірілген талдау нәтижелеріне ғылыми тұрғыдан түсініктеме
беретін болсақ, онда деңгейлеп оқытудың бірінші кезеңінде – меңгерудің
тану немесе үйренуде оқушының ойлау процесі мұғалімнің ойы және
оқулықта берілген ақпараттарға сәйкес жүзеге асырылатынына басты назар
аудару қажеттігін сөз ету керек. Бұл жерде оқу элементтерін дайын түрде
салыстыру әңгіме болып отыр. Түсіну және қолдану деңгейлерінде оқушылар
ақпараттарды ойша өңдеу тәсілдерімен жаттығады, алған білімдерін
өзгертілген жағдаяттарда қолданады, негізгі ақыл-ой іс-әрекеттерін
пайдаланады – талдау, салыстыру, негізгіні анықтау, қорыту және т.б.
Оқытудың жүйелеу және қорыту деңгейлерінде ойлаудың әдіс-тәсілдері
мәселелерді шешуге, зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Педагогикалық практика міндеттері
Бастауыш мектептің болашақ мұғалімінің кәсіби дайындығының ілімдік негіздері
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім сапасының мониторингі
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлауда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдас-тырудың педагогикалық шарттары
Пәндер