Өндірістік жоспар


5. Өндірістік жоспар
Бөлімнің арнамалы - өндірістік процесті таңдаулы негіздеу және жоба этапына сәйкес қызметтің даму динамикасының экономикалық көрсеткіштерін есептеу.
Мұндағы басты міндет - потенциялды серіктерге фирманың талап етілетін сапамен және қажетті мерзімге қажетті тауарлар санын өндіре алатынын дәлелдеу. Бірақ бұл бөлімді жазбастан бұрын кәсіпкер алдын ала өндірістік ақпарат жинауы тиіс. Ол өңдеу және жинау бойынша барлық базалық операциялар тізімін белгілеуі; шикізат және материалдың барлық түрлерінің тізімін құруы; жабдықтаушы фирмалардың атауын, олардың бағаларын белгілеуі; барлық қажетті құрал-жабдықтар спецификасын құруы және әрбір құрал-жабдық бірлігі бойынша оны жалға алуға бола мане сатып алу қажет пе екенін анықтауы; өндірістік алаңдарға қажеттілікті, жайларды жалға алу, тауарларын сатып алу, электр энергиясын төлеу және басқа да муниципалды қызметтерді және т. б төлеу шығындарын анықтауы керек.
Осы ақпарат негізінде кәсіпкер бизнес-жоспарды құру кезінде өз фирмасы үшін жайлар (помещение), олардың орналасуы, құрал - жабдықтар, персоналмен байланысты мәселелерді нақты шешеді. Сонымен қатар, өнім жүйесі қалай ұйымдастырылған және өндірістік процестерді бақылау қалай жүргізіледі, өнім құнына кіретін негізгі элементтер (мысалы, еңбек және материал шығындары) қалайша бақыланады, құрал-жабдықтар қалай орналастырылады мәселелеріне сипаттама берілуі тиіс. Барлық операциялар бойынша өндірістік ағымдар схемасын беру қажет: шикізат және құрамдас бөлшектердің барлық түрлері қайдан, кімнен және қалай жеткізілетіні, өнім алу қалай және қайда жеткізілетінін, болашақта қандай құрал-жабдық қажет болу мүмкіндігі көрсетіледі. Теорияға сәйкес пайданы максимизациялайтын оңтайлы өнім көлемін таңдау шығындарды бағалау, сұраныс қисығы және фирма қажет ететін рынок типі негізінде жүзеге асырылады. (Маркетинг жоспары бөлімі)
Сыртқы инвестициялар әдетте бизнес жоспарды технологиялық схемасы қаншалықты рационалды, ол еңбек, уақыт және материал шығындарын қаншалықты қысқарта алатындығы, сондай-ақ рынок талаптарын ескере отырып өнім ассортиментінің өзгеру жеңізлдігі тұрғысынан қарастырады.
Бөлім келесі ақпараттарды қамтиды:
- тауар өткізу орны;
- қажетті өндірістік күштер және жыл сайын оларды арттыру;
- шикізат, материалдар және компоненттер сатып алу;
- жабдықтаушы фирмалар атағы, олармен жұмыс істеу тәжірибесі;
- өндірістік корпорация - кіммен және қандай шарттарда;
- қажет құрал-жабдық; жабдықтаың фирма - жабдықтаушылары;
- кәсіпорындағы өндірістік ағымдардың схемасы;
- өнімнің бақылау сапасы - қандай стадияда және қандай әдістер көмегімен;
- өндіріс шығындары деңгейі және олардың динамикасы
- қалдықтарды утилизациялау және қоршаған ортаны қорғау шығындары;
Фирманың орналасқан жері
Фирманың сәтті орналасуы пайда әкелуге қабілетті. Егер сіз бизнеспен айналысуды ұйғарсаңыз, фирманы жақсы жерге орналастыруға әрекет жасаңыз, ал содан кейін сол идеялға жақындау дәрежесіне және алатындығыңызды ойластырыңыз.
Егер сіз өзіңізге қажет алаң мөлшерін білсеңіз, онда жылжымайтын мүлік бойынша брокерлерден сұрастыруыңызға және берілген аймақтағы жалдау ақысына қызығушылық танытсаңыз болды.
Бір қызмет түрлері үшін орналасқан орын маңызды болмаса, ал басқалары үшін, соның ішінде - мейрамханалар және сауда кәсіпорындары - бұл қызметтің сәттілігін анықтайтын елеулі факторлардың бірі.
әрбір фирманың өз сұраныстары бар. өңдеуші өнеркәсіп және көтерме сауда төменгі жал ақысы және көліктік магистральдардың жақындығы орналасқан орны мен тұтынушыларға жақындығына қарағанда айтарлықтай жоғары бағаланады. Бөлшек сауда үшін орналасқан орны мен тұтынушыларға жақындығы шешуші мәнге ие.
Бұл бөлімде келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
- Фирма қандай мекен-жайда орналасқан?
- Фирма алып жатқан жай ерекшеліктері қандай?
- Сіз жерді жалға аласыз ба немесе ол сіздің меншігіңізде ме?
- Ғимаратты жаңарту қажет пе, егер қажет болса, оған қанша қаражат кетеді? Бірнеше мердігерлік (подрядный) ұйымдардың прейскуранттарын зерттеңіз және оларды тиісті құжаттар тізіміне қосыңыз
- Жақын орналасқан аймақтарда берілген кәсіпкерлік қызмет түрімен айналасуға аумақтық шектеулер бар ма?
- берілген аймақта қандай бизнес түрлері кең тараған?
Мысалы, автомашиналарды сату жөніндегі брокерлер бір орында топтасуды қалайды. Ол өнер орналасқан бизнеске, зергерлік дүкендерге және қаржылық мекемелерге де қатысты.
- Сіз неге берілген аймақты таңдадыңыз?
- Не үшін сіз бұл орынды өз фирманыңзға қолайлы деп есептейсіз?
- Сіздің таңдацыңыз ағымдағы шығындарда қалай көрініс табады?
Егер сіз қызметіңізді бастасаңыз және фирманың орны сәтті таңдалса, онда сіздің ауданыңыздағы барлық өзгерістерді - жол құрылысы, тұрғындардың саны мен құрамындағы өзгерістерді адамдардың басқа жерге орналасуы муниципалдық бекітімдерге енгізілетін түзетулерді қадағалауыңыз қажет. Ұзақ мерзімдегі тенденциялар анықталған, бірнеше жылдық халық санағының мәліметтерін талдаңыз. Жылжымайтын мүлікті сату бойынша агенттермен тұрақты байланыста болыңыз.
Бұл бөлім өте үлкен болмауы тиіс. Ол жоспардың жоғарыда қарастырған кез келген бөлімінің құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
6. Ұйымдастырушылық жоспар
Бұл бөлімде жоба бойынша ұйымдастырылған іс-шараларды кім енгізетінің көрсету қажет. Осы бөлім негізінде, потенциялды инвесторлар фирманы кім басқаратындығын және басқарма мүшелері мен ұжым арасында қатынас қалай қалыптасатындығы туралы жалпы түсінік қалыптасады.
Ең алдымен, бұл бөлімде басқарма және фирманы басқару мәселелері қарастырылады. Басқарушы топ қалай ұйымдастырылғаны түсіндіріледі және оның әрбір мүшесінің рөлі сипатталады. Барлық директорлар мүшесі туралы қысқаша биографиялық мәліметтер келтіріледі, бүкіл команданың жалпы біліктілігі талданады. Ол сәтті болғанда өның әрбір мүшесі білімі мен бірін - бірі толықтырады және бизнестің барлық функционалдық саласын қамтуға дарынды және қабілетті болады. (Маркетинг, қаржы, өндірістік процесс. ) Сондай-ақ, бұл бөлімде негізгі бөлімшелердің басқарушылары, олардың мүмкіндіктері мен тәжірибесі, сонымен қатар, олардың міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі; бас басқарушылардың қолдай және мотивация механизмдері айқындалады. Кадрларды таңдау жүйесін жасау да маңызды болып табылады. Фирма қызметкерлерді таңдау принциптерін, қызметкерлер жұмысының сапасын бағалау әдісін таңдау және кезеңділігін жұмысшыларды қызмет бойынша жылжыту (карьералық өсу) жүйесін қарастырады.
Іс жүзінде, бұл мәселелерді менеджмент шешеді және бұл бөлімді осы пәнді жақсы білетін адам қойығаны жөн.
Осылайша, ұйымдастырушылық жоспармен танысқаннан кейін потециялды инвестор фирманы басқару мен кім айналысатындығы туралы және іс жүзінде басқарма мүшелері арасындағы қатынас қалай орнатылғандығы, фирманың кадрлық саясаты қандай екендігі туралы түсінік алуы тиіс.
Шағын фирмалардың банкроттығын негіздейтін бірқатар факторлады зерттеуге сәйкес, сәтсіздіктің 98%-ы жаман басқарумен түсіндіріледі. Бұл жағдайды жоспарды ескеру керек. Қаржылық тапсырысты құру кезінде ықтималды инвестор сіз немесе сіздің басқарушыларыңыз жіберген қандай да бір қателіктерді түзету бойынша қабылданған немесе қабылданатын шаралардан хабары бар екеніне көз жеткізген жөн. Егер сіз жеке өзіңіз үшін жоспар құрсаңыз, берілген бөлімде басқарманың мықты және әлісз жақтарын көрсету керек. Ориентир (бағыт) ретінде банкроттықтың айтарлықтай кең тараған тізімі болуы мүмкін:
Басқарудың компетенсіздігі . . . 45%
Өнімнің берілген ассортиментін өндіруден
тәжірибенің жетіспеуі . . . 9%
Басқарушылық тәжірибенің жеткіліксіздігі . . . 13%
Тар кәсіпқорлық . . . 20%
Өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамау . . . 3%
Алдау . . . 2%
Стихиялық апат . . . 1%
Басқалары . . . 7%
Компитентсіздікке қарсы у қайтарғыш жоқ, бірақ тар кәсіпқорлық (профессионализм) пен тәжірибесіздіктен қорғанудың 3 сенімді құралы бар - қажет тәжірибені өз күшімен үйрену, оны білетін серіктестікті табу немесе адам жалдау.
Бұл бөлімді нақты толықтыру таңдалған ұйымдастырушылық формасына байланысты: жеке кәсіпорын, серіктестік немесе акционерлік қоғам. Егер бұл серіктестік болса онда ол құрылған шарттарды келтіру қажет. Егер акционерлік қоғам болса, онда шығарылатын акция саны, акция типі туралы ақпарат беруі қажет.
Сіз таңдалған меншік нысанын және істі ұйымдастыру себептерін негіздеуіңіз, осы нысандардың өзгеру перспективасын көрсетуіңіз және неге мұндай стратегия тиімді екенін түсіндіруіңіз тиіс.
Басқарма және фирманы басқару мәселерлері қарастыру кезінде басқарушы топ қалай ұйымдастырылғанын түсіндіру және оның әрбір мүшесінің ролін сипаттай директорлар кеңесі барлық мүшелері, құрылтайшылар туралы қысқаша биографиялық мәліметтер келтіруі керек. Теңестірілген басқарушы топ қажет екенін ұмытпаған жөн. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігінен талдау жасау керек. Бұл сәтті жүзеге асқанда, оның әрбір мүшесінің дарындары мен мүмкіндіктері бір-бірін толықтырады және бизнестің барлық функционалдық салаларын (маркетинг, қаржы, персонал және өндірістік процеспен байланысты сұрақтар) қамтиды. Бірақ шағын фирма өзінің қалыптасуының алғашқы стадиясында жақсы теңестірілген команда жинау ықтималдығы аз. Бұл жағдайда басқарудың әлсіз жақтарын анықтау үшін кеңес берушілер қызметін пайдалануға болады.
Бұл бөлімде, негізгі бөлімшелерді басқарушылар, олардың мүмкіндіктері мен тәжірибесі туралы, сондай-ақ олардың міндеттері туралы мәліметтер берілуі тиіс; түпкілікті анкеталық қосымшада келтіріледі.
Фирманың ары қарай өмір сүруі - ондағы жұмыс істейтіндерге байланысты үйлесімді ұжым енді дамып келе жатқан кәсіпорынды одан әрі дамытады, ал әлсіз ұжым - жақсы дамыған фирманы күйзеліске әкелуі мүмкін. Бұл бөлімнің негізгі бөлімі - біліктілік талаптарының болуы, яғни қандай және қанша мамандар (қай саладан, қандай біліммен, қандай тәжірибемен), жоспардың алдыңғы бөлімдерінде қазірге алдағы 2-3 жылға қойылған мәселелерін шешу үшін қандай жалақы қажет етенінін көрсету керек. Бұл кезде бұнай мамандарды қайдан және қалай тартатыныңызды көрсету қажет: тұрақты жұмысқа немесе сыртқы сарапшылар ретінде.
Мынаны анықтаған жөн: кадрларды дайындау және қайта дайындау қажет пе және ол фирмаға қанша қаражат жұмсауды талап етеді.
Білім алу шығымдары тек қаржылық қатынаста ғана емес, сондай-ақ бизнес жоспаржың мақсаттарын жүзеге асыруға әсер етуін талап ететін қосымша уақыт шығындары ретінде де жағымсыз сыйлық болуы мүмкін.
Қосымша жұмысшыларды тек олар фирма табыстылығын аттыратын болса ғана қабылдау керек. Сондықтан, жұмысқа жаңа адамдарды қабылдаудан бұрын, оның шын мәнінде қажеттігін анықтау қажет. Қызметкерлердің жалақылары тұрақты шығындар қатарына жатады, сондықтан олардың дұрыстығының негізділігі қажет. Бұл кезде орынға кандитатураны тек мұқият таңдау ғана күтілетін нәтиже әкелуі мүмкін.
Алдыңғы қатарлы басқарушыларды қолдау және ынталадыру механизм айқындау керек, яғни оларды іс жүзінде қойылған мақсаттарға жетуге мүдделілігі, әрбі басқарушының еңбегін төлеу (айлық, сыйақылар, пайдаға іскерлі қатысуы немесе өзге де материалдық ынталандыру нысандары) .
Бұл бөлімде әрбір басқарушының ұйымдастырушылық иерархиясындағы орнын көрсете отырып, бизнес жоспарды басқарудың ұйымдастырушылық схемасын келтіру керек. Берілген схемаданы мыгалар нақтылы көрілуі тиіс: кім және немен айналысады, службалар бір-бірімен қалай өзара әрекет етеді және қызметті бағыттау және бақылау қалай жоспарлануда. Себебі, ұйымдастырушылық түсінбеушіліктен көп уәделі жобалар да күйзеліске ұшырайды, мұндай ақпарат түрі инвесторлар мен банкирлерді қызықтырады.
7. Қаржылық жоспар .
Бұл бөлім - алдағы бөлім материалдарын жалпылауға және оларды құндық көріністе қ көрсетуге арналған бизнес-жоспардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспар бизнес-жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңіне құрылады және мыналарды қамтиды: табыстар мен шығыстар жоспарын, ақшалай түсімдер мен төлемдер, бірінші жылға баланстық жоспар. Қаржылық жоспарды құру кезінде қолма-қол ақша жағдайы, кәсіпорын тұрақтылығы, қаражат көздері мен оларды пайдалану талданады, қорытындыда өтелу мерзімі немесе өзін өзі өтеу нүктесі анықталады.
Табыстар мен шығындардың жиындық болжамы әр жылға жасалады, сонымен қатар бірінші жыл мәліметтері айларға көрсетілуі тиіс (1 кесте) .
Көптеген кәсіпорындардың табысының негізгі көзі - сату болып табылады. Тек сатылымдар кәсіпорын қызметінің барлық өзге де аспектілерін анықтайды. Болжамды жасау үшін тұтынушылар мен саудалық жұмысшылардан сұрастыру, сарапшылармен консультациялар, уақытша қатарларды талдау пайдаланылады.
Жалақы шығындары қызметкерлер санына және олардың мамандықтарына байланысты болады. Қанша және қандай мамандар қажет етілетіндігі туралы мәліметтер ұйымдастырушылық жоспардан алынады. Қызметті кеңейту кәсіпорынның қызмет етуінің бірінші айларында жұмысшылар санын арттыруды талап етуі мүмкін. Табыстар және шығындар жоспарында жұмыс істейтін қызметкерлер жалақысын өсіру шығындарын да қарастырған жөн.
Рынокты игерудің бірінші айларында іссапар, коммисиялық төлемдер, өкілдік шығындары және т. б. айтарлықтай жоғары.
Фирманың өсуімен сақтандыру, жарнама, көтермеге қатысу, қосымша қоймалық орындарды жалдау шығындары да өседі. Бұның барлығы табыстар мен шығындар жоспарында көрініс табуға тиіс. Сақтандыру шартын кәсіпорын сақтандырылған сақтандыру компаниясынан анықтауға, ал төлемдер мөлшерін сақтандыру түріне және кәсіпорынның сол кездегі қызметінің жағдайына байланысты анықтауға болады. Жаңа алаңдарды қосу жалға алу шығындарын өсіреді. Егер жаңа құрал-жабдықты сатып алу жоспарланса, онда бұл амортизациялық аударымдардың өсімінде көрініс табады.
Бірінші жылдың айлары бойынша бөліп көрсетілген табыстар мен шығыстар жоспарынан басқа, табыстар мен шығындар жоспары екінші және үшінші жылдың соңына болжамдық мәліметтерді қамтуы керек. Екінші және үшінші жылдарға эксплуатациялық шығындарды болжау кезінде өзгеру ықтималдылығы жоқ шығыстар баптарынан бастау ұсынылды. Амортизациялық аударымдар, коммуналдық қызметтер (электрге, газ және тағы басқаға төлемдер), жалдау, сақтандыру және капиталға пайыз сияқты баптар бойынша шығындарды екінші және үшінші жылға сату (табыс) көлемін қарап есептеу қиын емес. Жарнама, жалақы төлеу және салықтық шығындарды сәйкес жылға таза пайдадан үлес ретінде анықтауға болады.
Егер қаржылық жоспар мұндай шығындар кезінде пайда алу мүмкін болатындығын көрсетсе, фирма жетістікке жетуі мүмкін.
Қаржылық жоспар бизнес-жоспарды жүзеге асыру және жылы бойынша ақша ағымдарының қозғалысының негізделуін қамтиды. Қаржылық жоспар мәліметтері - жобаланатын инвестициялар тиімділігін есептеудің негізі болып табылады.
1-кесте Табыстар мен шығыстар жоспары
Фирманың кассадағы немесе банктік шотындағы ақшалар - бұл пайда емес. Пайда бұл - табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылық, ал қолма-қол ақша - бұл нақты ақшалай түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылық. Қолма-қол ақша көлемі фирма нақты төлем алғанда немесе өзі төлем жүргізгенде өзгереді. Мысалы, фима қарызын өтеу шығындарда көрініс таппайды, бірақ қолма-қол ақша азаяды, ал негізгі қорлардың амортизациясы - бұл пайданы азайтатын шығындар, бірақ қолма-қол ақша сомасына әсер етпейді.
Кез келген фирма алдында тұрған басты проблеманың бірі - қолма-қол ақшаны дұрыс жоспарлау.
Қолма-қол ақша ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспары негізінде болжанады. Ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспары күтілетін лагқа өзгертулер негізе отырып жасалған табыстар мен шығындар жоспары негізінде құрастырылады. Егер қандай да бір айға төлемдер түсімдерден артық болса, онда кәсіпкр осы кезеңге алдын-ала қарызға ақша алуы тиіс. Егер басқа айда ақшалай түсімдер төлемдерден асып кетсе, онда артық ақшаны қысқа мерзімді қарызға беруге немесе төлемдер түсімдерден қайтадан артқан уақытқа дейін банктік шотқа салуға болады.
Қолма-қол ақшаны божамдауда ең ауыр кез - бұл айлар бойынша түсімдер мен төлемдер мөлшерін анықтау. Ол үшін кәсіпорын қалыптасуының барлық кезеңінде ақшалар шоттарды төлеуге жетуін божау керек. Мұндай болжамдар негізіндеайлар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер мөлшерін бағалауға болады және қарызға қанша және қашан ақша алу талап етілетінін анықтауға болады. Барлық болжамдар потенциалды инвесторлар әртүрлі цифрлардың қалай алынғандығын түсінуі үшін іскерлік жоспар мәтінінде нақты сипатталуы тиіс.
Бірінші жылға айлар бойынша бөлінген және кезекті үш жылға арналған түсімдер мен төлемдер жоспары келесі нысан бойынша (2 кесте) құрылуы мүмкін.
2-кесте. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жылдары бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер жоспары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz