Көрінеу жалған жарнама беру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап)

Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған және ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы - көрінеу жалған беру деп танылып, ол үшін Қылмыстық кодекстің 198-бабында жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың тікелей объектісі - экономикалық қызмет субъектілерінің адал бәсекелестігін реттейтін қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс құрамы іс-әрекет пен заңда көрсетілген зардаптың болуымен және іс-әрекет пен зардап арасындағы себепті байланыстың болуы арқылы сипатталады.

Жарнама дегеніміз тауардың құны немесе басқа да қызмет көрсетудің, оларға деген сұранысты туғызудың шарттары туралы ақпарат болып табылады. Бүл қылмыстың объективтік жағы - жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулерге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты жалған ақпаратты пайдалануы арқылы жасалады. Мысалы: тауардың сапасы туралы, жұмыс немесе қызмет көрсету - олардың адамдар және жануарлар дүниесіне қауіпсіздігі, тауардың дайындаушылары, жасалған орны, тауар белгісі туралы жалған ақпараттар беру. Мұндай іс-әрекеттермен күрес жүргізу тұтынушылар құқығын қорғау ассоциациясы арқылы жүзеге асырылады. Егер жоғарыда айтылған ақпараттарда көрінеу жалған мәліметтер берілсе, онда оның таратылуы осы қылмыстың объективтік жағының белгісін құрайды.

Көрінеу жалған жарнама беру үшін қылмыстық жауаптылық тек қана ірі зиян келтірілген жағдайда орын алады. Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен істеледі. Көрінеу жалған жарнама берген кінәлы адам өзінің жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпарат пайдаланғанын сезеді және тұтынушыларға және басқаларға ірі зиян келуі мүмкін екенін немесе мұндай зиян сөзсіз болатынын алдын ала болжайды, бірақ пайдакүнемдік мақсатпен соның болуын тілейді. Мұндай жарнама беру арқылы кәсіпкер өз тауарын, жұмыс немесе қызмет көрсету артықшылығын дәріптеп бәсекелесін рыноктан ығыстыруды ниеттейді. Осыған орай жарнама бергенде көрінеу жалған мәлімет беруді анықтау қажет. Егер мұндай жарнама абайсыздықпен таратылса, онда іс-әрекет қылмыс емес болып табылып, жауаптылық азаматтық құқық нормасы арқылы реттеледі.

Қылмыстың субъектісі - кәсіпкер, жарнама қызметін жүзеге асыратын жетекші немесе оны жүзеге асырушы.

Тұтынушыларды алдау (223-бап)

Меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеу, кем тарту, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудің) тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына катысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл іс-әрекеттер елеулі мөлшерде жасалған болса тұтынушыларды алдау деп бағаланып, кінәлы адам Қылмыстық кодекстің 223-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Қылмыстың тікелей объектісі тұтынушылардың мүддесі мен құқығын реттейтін коғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объект - тұтынушылардың материалдық мүддесі.

Қылмыстың заты - тауар немесе кызмет.

Қылмыстың объективтік жағы тұтынушыларды алдауға байланысты іс-әрекеттерді істеумен сипатталады.

Алдау тәсілдері сан алуан және олар заңда көрсетілген.

Бұлар кем өлшеу, кем тарту, кем санау, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыру немесе тұтынушыларды өзгедей алдау.

Қылмыстың жасалу орны - меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендер немесе басқа кәсіпорындар немесе сауда (кызмет көрсету) саласында кәсіпкерлік кызметті атқару орындары. Кем өлшеу, кем тартуда тұтынушы толық ақы төлеп тауарды аз көлемде алады. Мұндай алдау тұтынушыға тауарды тікелей өлшеп беру процесінде немесе тауарды қосалқы жайдан босату кезінде жүзеге асырылады.

Кем санау дегеніміз - тұтынушыға берілетін тауардың не¬месе көрсетілетін қызметтің толық бағасын ала отырып, оны шатастырып, тағы да ақы алу немесе есеп айырысуда тұтынушының өзіне қайтарылуға тиісті ақша қаражатын кем беру болып табылады.

Сатушы, дайындаушы немесе орындаушы тұтынушыға тауар (кызмет) жөніндегі бағдарламаға, келісім-шартқа, стандарттық талаптарға сай келетін сапалы тауар сатуға немесе кызмет көрсетуге міндетті. Егер сапасы талапқа сай келмейтін тауарлар сатылса не кызмет көрсетілсе, ол жөнінде тұтынушыға хабарланбаса, онда мұндай әрекеттер тұтынушыларды шатас¬тыру деп таны лады, Шатастырып алдау кейбір реттерде бөтеннің тауар белгісін пайдалану арқылы да іске асырылуы мүмкін. Мұндай ретте жауаптылық қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 199 және 223-баптары) бойынша жүзеге асырылады.

Тұтынушыларды өзгедей алдау деп оларға төменгі сортты тауарды жоғарғы сортты тауар бағасымен сату, тауар немесе кызмет көрсетудің шын бағасын көтеріңкі қою, қаймақтың орнына сүт сату; сарымайдың орнына басқа соған ұқсас затты сату т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Заңсыз банктік қызмет
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайында
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Қазақстанда нарықтың қалыптасуы ерекшеліктері мен заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz