Көркем шығарманы әңгімелеп айту



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы
Түркістан гуманитарлық – техникалық колледжі

Көркем шығарманы әңгімелеп айту
(Мәнерлеп оқу пәніне нұсқау)

Құрастырған: Сапарбай Айжан

Кіріспе

Әдебиет – көркем сөз өнері. Өнердің басқа түрлерінен (мүсін, ән, би)
оның айырмасы- өмір шындығын, бейнелі ойды, образдарды сөзбен
қиыстыратындығында. Сөзбен көркем образдар жүйесі жаслынады, сюжет
құрастырылады, кейіпкерлердің сыр-сипаты ашылады, жай –күйі суреттеледі,
жазушының шығарма объектісіне бере бағасы анықталады. Ондай шығармаларды
оқи отырып, оқушылардың өмірге көзқарасы мен түсінігі қалыптасады,
эстетикалық талғамы артады, жаманнан жиреніп, жақсыдан тағылым алады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – көркем шығарманы әдеби тілдің орфоэпиялық
ережесін, шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын түсініп, белгілі бір
жылдамдықпен дауыс үнділігін, ырғағын сақтай отырып оқу.
Бұл шарттарды оқушылар көркем шығарма тілін түсініп, оқу техникасын
меңгерген жағдайда ғана орындай алады. Түсініп оқуға баулу міндеті
әдебиеттік оқу сабақтарында, текспен жұмыс процесінде жүзеге асырылады.
Сондықтан да мәнерлеп оқу - әдебиет сабағының бөлінбес құрамы болып
саналады.

Көркем шығарманы оқу
Оқу техникасынан мәлімет беріп, оған оқушыларды біршама
жаттықтырғаннан кейін, тексті оқыту кезеңі басталады. Оқушылар көркем
шығарманы оқып таныса бастайды. Оқудың дауыстап және іштен оқитын түрлері
болады. Дауыстап оқу бастауыш және ІV-VII сыныптарда оқудың негізгі түрі
болып есептеледі. Дауыстап оқу арқылы оқушы тексті көзбен көріп, құлақпен
естіп әрі сөйлеп, әсер алады. Дауыстап оқығанда дыбыстан буын, буыннан сөз
құрап ежелемей, сөз тұтас оқылады. Көзбен бір шолғанда текстен бір сөз
емес, бірнеше сөз көрінеді. Оны көз өрісі дейді. Көркем шығарманы оқи келе
оқушының өрісі кеңиді, оқу жылдамдығы артады. Алайда, дауыстап оқығандағы
оқу жылдамдығы іштен оқығанмен салыстырғанда әлдеқайда баяу. Сондықтан
сынып жоғарылаған сайын, оқу материалының көлемі артқан сайын іштен оқуға
көбірек орын беріледі.
Мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатын көздеп оқытқанда,
көркем текст міндетті түрде дауыстан оқылады. Себебі үн бар жерде ырғақ
бар, мәнер, әуен, сөз бар. Сондықтан текст дауыстап оқылады. Онда да
мәнерлеп оқудың үлгісін, алдымен мұғалім оқып көрсетеді, оқылатын текст
талданады, содан кейін оны оқушы оқиды. Енді жұмыстың сол түрлеріне
тоқталайық.

Мәтінді мұғалімнің оқуы
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығарманы мұғалімнің мәнерлеп оқуына,
қызықты, тартымды әңгімелеп беруіне қарап қабылдайды, мұғалімнің оқу
мәнеріне еліктеушілердің бұл тұста көп болатыны да содан. Алайда, мәнерлеп
оқу – біреудің даусына сырттай еліктеуден туған жасанды дауыс ойнақылығы
емес, шығарманың мән-мағынасын терең сезінудің, оның мазмұнын саналы
игерудің көрінісі, тексті оқудан туған үлкен толғаныстың түрлі дауыс бояуы
арқылы жандануы, әсем сазды үнег айналуы. Оқушылардың осындай оқуды талап
ете отырып, мұғалімнің өзі оқуға мұқият дайындалады, қосымша методикалық
әдебиеттерді оқиды, оқылатын тексті бір емес, бірнеше қайтара оқиды.
Қайталап оқу барысында көркем шығармадағы әрбір көрініс, әрбір сурет,
әрбір детальға, мән – мағынаға беріледі. Тексті оқуға осындай әзірлікпен
келу, біріншіден, оқу сапасын арттырса, екіншіден, оқушылардың назарын жаңа
текстке тез аударады, оны оқуға ынталандырады. Ол құштарлық шығарманың
көркемдік қуаты, тіл шеберлігі, сөздің жан тебірентерлік әсері арқылы пайда
болады. Оны мүғалім өзінің сөзі, оқу техникасы арқылы тыңдаушы санасына
ұялатады, оның сезісіне ықпал жасайды, соның бәрінде де мұғалімнің сүйенер
құралы – сөз. Сол себепті сабақтың бұл кезеңінде мұғалім текстпен нақтылы
жұмыс жүргізеді, оның сөздігіне оқушы назарын аударады.
Сөз бояуы сөйлегенде оқығанда тыңдаушыларға дауыс ырғағы (интонация)
арқылы жетеді. Сөйлем ішінде келу, ретіне қарай интонация түсіндіру,
анықтау, дәлелдеу, нақтылау, санамалау тәрізді мағынаны білдіреді.
Интонациялық бояу тек бұлармен шектелмейді. Ол сөзге, сөйлемге түрлі бояу,
көрік береді. Сондықтан интонация дұрыс оқудың, түсініп оқудың, мәнерлі
оқудың көрсеткіші деуге болады.
Оқушының көркем шығарманы оқуға деген ықыласы оны мұғалімнің тартымды
әңгімелеп беру шеберлігіне де байланысты.

Мәнерлеп оқу материалдары бойынша жүргізілетін дайындық жұмыстары.

Мәнерлеп оқу материалын дұрыс таңдай білудің мәні зор. Онда
материалдың тартымдылығы, тәрбиелік мәнділігі шығарма мазмұны мен тілінің
бала ұғымына ауыр болмауы ескеріледі. Бала оқушы материалды қалай тез
қабылдаса, одан беті қайтып суынуы да тез. Жақсы оқылса, оқушыда сол
шығарманы қайталап оқысам, кейіпкерлермен таныссам, білген үстіне біле
түссем деген құмарлық пайда болады. Ал, нашар оқылса, оқушының пәнге деген
ықыласы төмендейді, сабаққа немқұрайдылықпен салғырттық пайда болады.
Осыдан келіп оқушылардың сөз өнері - әдебиетке деген ықыласы төмендейді.
Осы,ан ұрынбау үшін мұғалім оқушыларды оқуға дайындай отырып, оған өзі де
аса жауапкершілік сезіммен, үлкен әзірлікпен келуге міндетті. Ондай әзірлік
жұмыстарға төмендегілер жатады: текстпен , оның мазмұнымен танысу, текстегі
сөз астарын (подтекст) анықтау; жоспар жасау, сөйлеу немесе оқу нотасын
(партетурасын) жасау.
а) Оқылатын текспен танысу. Оқу дағдыларын қалыптастыру үшін қолайлы
материал есебінде (барлық буында) көркем шығарма оның жеке үлгілері
пайдаланылады. Ол тегін емес. Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта
отырып тәрбиелейді, өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал
етеді, сезімталдыққа баулиды. Сол дәрежеде жазылған көркем туындыларды оқу
арқылы жазушының сезімталдығын, байқағыштығын, бақылағыштығын өмір
тәжірибесінің молдығын, шеберлік қасиетін таниды.
Суреткер қаламынан туған көркем образдың нанымдылығы соншама, оқушылар
оны өмірде болған, болатын адамға балап, ол күлсе күліп, жыласа қоса
жылайды. Мұндайды әдебиет теориясында жинақтау мен даралау деп атайды.
Көркем шығармада адам бейнесі жинақтау түрінде беріледі. Жазушы
белгілі бір көркем туындыны жазу үшін өмірмен, оның заңдылықтарымен
танысады. Өзі суреттеп отырған көркем бейнені белгілі бір әлеуметтік орта
мен дәуірге сай талғап таңдайды, іріктейді, жинақтайды. Сөз жоқ,жазушының
ондай шығармасы оқушысын, тыңдаушысын терең ой, эмоциялық толғанысқа
салады, эстетикалық сезімін оятады. Көркем шығарманың осындай қасиеттерін
шашау шығармай оқушы санасына ұялату, шығармамен жақынырақ танысуға
ықыласын арттыру үшін мұғалім оны сыныпта өзі мәнерлеп оқып береді немесе
көркемдеп әңгімелейді.
Көркем шығарманың негізгі құралы – сөз десек, мәнерлеп оқудың құралы –
тілдің интонациялық әуезділігі мен үнділігі. Өйткені шығармада жасалған
нелер көркем образдарды, текстің идеясы, оқырманның одан алған әсері терең
эстетикалық сезімі оқу, сөйлеу үстінде оқу интонациясы, дауыс екпіні, дауыс
күші, пауза т. б. Оқу техникасы, оның компоненттері арқылы тыңдаушысына
жетеді. Сол себепті текст талдауда, оқуда мұқияттылық қажет, тыңдаушы
зейінін бірден баурап алк мүмкіндіктері басым болуы керек.
Мұғалім бір шығарманы не жеке үзіндіні сыныпта мәнерлеп оқу үшін, ең
алдымен, онымен өзі танысады, тақырыбы мен идеясын, кейіпкерлерін,
сюжетімен композициясын, тіл ерекшелігін, табиғат көріністерін анықтайды.
Мысалы жазушы Ғ.Мүсіреповтің “Қос Шалқар” әңгімесін алайық.
Әңгімені сыныпта тұтас мәнерлеп оқу мүмкін емес. Оның жеке бөлімдері
ғана оқылады. Соған қарамастан мұғалім оқушыларды қатыстыра отырып,
әңгіменің тақырыбы алғаш ұйымдаса бастаған колхоз өмірі екендігін
анықтайды. Жазушы Қос Шалқардың тамаша байлығы Қосым байдың меншігінде
болған кезде Күсен сияқты кедейлер үшін азап болса, оған колхоз орнаған
шақта ол ырыстың, молшылықтың көзіне айналып отырғандығын жазушының
қанағаттанарлық сезімі мен суреттеп отырғандығы түсіндіріледі.
Жазушы әңгімені Қос Шалқар табиғатын суреттеуден бастайды: “Қоңыр
құйқалы, құнарлы шиыр. Адырсыз, жотасыз, жазғы алаң... Қос босағаға
орнатқан күміс бағана тәрізді екі көл. Кешкі тымыққа тынып, жадырап жатқан
жазғы су” деп, қос көлдің әдемілігін суреттей келіп, көркіңнен не пайда,
Итаяқтар суыңнан атын суара алмайды деп түйіндейді.
Осылай бастаған ойын жазушы әңгіменің алғашқы бөлімінде жандандыра
түседі. Бұл бөлімге “Жидек тере барғанда” деп тақырып беруге болады.
“Ұрланып кірсе де көңілі өскен балалар қалың нуға кірісімен еркіндеп
басып, айқайлап сөйлесті. Балалардың осы беймазасыздықтары көпке созылмады,
“жондарына шыбыртқы шып-шып тиеді”, терген жидектері шашылды, Шалқардың
суына шомыла да алмай, олар арттарына қарай-қарай қашты”. Бұл жолы
балаларға қамшы көтеруші Қосым байдың өзі емес, оның күзетшісі – Тепел.
Бұл кедейдің бала кездегі көрген қорлығы болса, есейген кезде Қосым
байдан көрген азабы аз емес деген ойын жазушы әңгіменің екінші бөлімінде
төмендегідей ұтымды сөйлемдер арқылы береді. “Байғұс қара өгіз көзіне шыбын
үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, битын-шитын аяңдап келеді. Екі
доңғалақты қазақ арба дағдылы ойбайын салып о да келеді... Жүздікшілер іші
ауырған адамдай қабақтары қатыңқы, көңілдері кірбікті... Қос Шалқардың
жағасынада жақындатпады. Шалшықты томаршадан су әкеліп шай қайнаттық...
Қотыр басқан теңбіл денеге тұнық шалқар тағы бұйырмады ”.

Тұнық Шалқардың суын бұл жолы бұйыртпаған – Жантық. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәнерлеп сөйлеу
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Әдеби шығармалар арқылы балалардың тілін дамыту
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар
Көркем әдебиетпен жұмыс әдістемесі
Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі
Аңыз ертегілері
Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы
Мәтінді оқыту әдістемесі
Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Пәндер