КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЙ ОҚЫТУ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГІЗДЕЙ ОҚЫТУ.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне
бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне,
біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім
беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман
талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті
50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып
келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және
қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты
сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін мектеп
қабырғасында елжандылық тәрбие идеяларының санасына дарытуда әдебиеттің
алатын орны ерекше. Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан.
Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы
практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем
шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін
бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені
игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер
етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады.
Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан
тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты
арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады. Әдебиет – сөз өнері. Барлық
сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл
таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер
пайда болады. Ғылыми тұжырымда әдебиет адамтану құралы, ал әдебиет пәні
адам тәрбиелеу құралы, - делінген. Технологияға негіздей оқыту үрдісі
арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын
аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету.
Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту.
Орыс мектептеріндегі Қазақ әдебиеті пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді
қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап
отырғаны бәрімізге мәлім. Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы
жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып,
жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті
жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында
айтуымыз керек. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік
ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын
жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру. - деген болатын әдебиет
зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Оқушы
әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Оқушының өзінің жан
қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асады. Көркем шығарма
болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін,
шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп,
келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің
қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік
қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді
Бұл жерде міндетті түрде оқушылардың пән бойынша іскерліктерін танытатын,
жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме
аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету
болғандықтан оқушы мен мұғалім арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім –
болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі
керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін
сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау
белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын технологияға негіздей
қарастыруы керек. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем
шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар
басшылыққа алынған:
1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
2. Оның ұлттық қазына екендігі;
3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
5. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
6. Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;
Орыс мектептеріндегі Қазақ әдебиеті пәнін оқыту – айрықша көңіл бөлуді
қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап
отырғаны бәрімізге мәлім. Өзім орыс мектебінде әдебиет сабағын орыс
балаларына оқытып үйрететін болғандықтан, көркем шығарманы оқытудың тиімді
жолдарын іздей бастадым. Ол үшін көптеген әдіскер – ғалымдардың (Қ.
Жұмалиев, Г. Балтабекова), озық – тәжірибелі мұғалімдердің еңбектерімен (Қ.
Бітібаева, Н. Елубаева) таныстым. Өз іс – тәжірибеме көркем шығарманы
технологияға негіздей оқытудың тиімді жолдарын таңдап алдым. Көркем
мәтінмен таныстыру барысында мынадай жұмыс жүргізу керек .
1 Көркем мәтінді талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын,
әсерін білу.
2 Талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, дәлелді
түрді, шындыққа жетелеу.
3 Көркем мәтін айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін
дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.
4 Өздеріне қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Музыка тыңдау сабағының әдістемесі
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Пәндер