Бастауыш сыныптарда өнер және айналадағы орта сұлулығы туралы әңгімелеудің практикалық дағдыларын қалыптастырудың рөлі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I.Бөлім. Бейнелеу өнеріндегі көркемдік бейнелеудің маңызы
1.1. Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8
1.2. Өнер және бейнелеу өнері туралы теориялық негіздерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-14
II.Бөлім. Бастауыш сыныптарда өнер және айналадағы орта сұлулығы туралы
әңгімелеудің практикалық дағдыларын қалыптастырудың рөлі
2.1. Табиғат сұлулығын бейнелеуде пейзаж жанрында бояулармен жұмыс жасау
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .15-22
2.2. Сурет салуда практикалық дағдыларын қалыптастыруда штрих және
графикалық жұмыстар салудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9-30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .31
Кіріспе
Мемлекет білім бағдарламасы тағы басқа үкімет қабылдаған маңызды
қаулылар білім беру жүйесінен нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып
дамытуға жаңа жол ашуда.
Білім беру ісінде ұстаз - басты әрі шешушітұлғабұстаздың сапалылығы,
білімдарлығы, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. Шәкірттің жақсы
болмағы ұстазынан деп тегін айтпаған. Халық ұстаз ұғымы мағынасы кең мәні
түпкі тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуына білімнің қажеттігі сол білімді
таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігінен бірдей маңызға ие болған.
Қазақстан Республикасының Білім министірлігі бекіткен оқу жоспарына
сәйкес жеке пәндерден сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда білім, тәрбие
беріледі. Ол оқушының білімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне байланысты
мектептен тыс мекемелерде одан әрі кеңейтіліп кәсіптік бағдар
беріледі.оқушыларға білім мен тәрбие берудің басты жолы - сабақ. Онда
мұғалім белгіленген уақытқа сай оқушылармен бірлесе отырып мақсаты бар оқу
тәрбие мәселесін шешеді. Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді
меңгеру сабағы, біліктілікке дағдылы игеру және қалыптастыру сабағы,
білімді қорыту және жүйелеу сабағы аралас сабақ болып оқыту әдістеріне
қарай әңгіме сабақ, лекция сабақ, сұрақ-жауап сабақ т.б.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Бейнелеу өнері” пәнінің негізгі
функциясы мектеп оқушылардың табиғи қабілетінің дамуына себептесетін оларға
көркем білім мен эстетикалық тәрбие беру болып табылады. Білім берудің
алғашқы кезеңінде композиция құрастыру кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы
өнер бойыцнша білім, білік дағдыларының негізі қаланады.
Бастауыш мектеп сатысында бейнелеу өнері пәнін оқытудың негігі мақсаты
- оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем шығармашылық
қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды - құндылық
тәжірибелерін тереңдетіп, байыту болып табылады.
Курстық жобаның мақсаты: Өнер және айналадағы орта сұлулығын
бейнелеуге үйрету және айналадағы құбылыстар туралы мағұлматтар беру
Зерттеу міндеттері:
1. Бейнелеу өнерінде табиғат сұлулығын бейнелеуде перспектива
заңдылықтарын меңгерту;
2. Өнер және орта сұлулығы туралы әңгімелеудің маңызы.
Зерттеу объектісі: Практикалық дағдыларын қалыптастыру
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, суреттер,
суретшілердің туындылары, программалық көріністер.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы ұғым
Графика – бұл суретті немесе бейнені қағазда, картонда қарындашпен,
көмірмен, фломастармен орындалуы. Графикаға тағы да көп түсті шығармалар
кіреді. Олар қағаздармен жасалынады.
Оң қара түсті суреттер, өз бетінше маңызды шығармалар да графикаға
жатады. Өмірде көптеген мысалдар графика өнерінің адам баласы үшін неғұрлым
қажет екенін көрсетеді.
Қорытындылай келгенде бізді қоршаған көріністердің барлығы тек қана
бір түсті болмай, ол сан – алуан түстерден құралған, бірі – екіншісіне
ұқасамайды. Әлемнің сол түр – түстерді пайдалана отырып біз оқыс оңай
бейнелей аламыз. Бірақта графика сол әлемнің таң қалатындай ғажайып
құбылыстарын тек – қана сызық пен көрсетуге тиіс.
Бейнелеу өнеріне әуестенушіге қалай үйрену керек ?
Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық
дағдыларын ғана меңгеріп, творчествалық ойларын жүзеге асырып қана
қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті
нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенін есте сақтау
және қиялдау қабілеті дамып, творчествалықпен ойлап, талдауға, білгенін
жинақтауға үйренеді.
Ал мұндай қасиеттер баршаға қажет. Адамзат қызметінің сурет сала білу,
ауқымды форма мен түсті сезіну қабілеті кәджеге жапрамайтын саласын атау
қиын. Кекз келген кәсіптің Адамы, егер олбейнелеу өнері құралдарын игерсе
және оны пайдалана білуге машықтанса, жақсы жұмыс істейді.
Әуесқой суретшілер шеберлігінің лрташа деңгейі профессионал
суретшілерге қарағандда төмен екені құпия емес. Бұл баршаға мәлім, бірақ
істің жайы мұнда емес. Талапкер өнерге – үлкен де күрделі құбылысқа басқа
өлшеммен қарау керек. Әрбір шығарма бұл жерде әуесқой суретшінің ақыл –
ойының, санс – сезімінің, күйініш – сүйенішінің нәтижесі ретінде пайда
болады да ең болмаған да автордың өзі түсінген творчествалық жетістіктердің
белгілі бір жиынтығы болып табылады. Кез келген творчества сияқты , ол
өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбайтын өнер.
Бейнелеу өнерін меңгеру – мұның өзі де білім мен дағдыларға ие
болу.аспаптарды, материалды, жұмыс техникасын жақсы білу, профессионалдық
шеберлік тәсілдерін білу қажет. Мысалы: қандай да бір заттың өзіне қарап
суретін
салу сияқты тіпті қарапайым міндетті шеше отырып, сендер мүмкіндігенше оның
атқаратын қызметіне ой жіберуге, сол заттың алуан түрлі қасиеттерін
белгілеуге, оның конструкциясы мен формаларының ерекшеліетеріне, оның
үстіндегі жарық пен көлеңкенің құбылуына, заттың және оның
айналасындағылардың өң – түсінің арақатынастарына назар аударуға
тиіссіңдер. Авторға мейлінше қызықты да сипатты болып көрінетіндердің бәрі
шығармада шынайы бейнелеуі тиіс.
Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын
қызыға, талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ, елеусіз нәрселердің бәрін алып
тастап, тек бірегей, өзіндік ерекше жайларды ғана алады, құбылыстардың
мәнін жинақтап қорытып, оның толғаныстарының бүкіл иірімен өз бойына
сіңірген көркем оброз ретінде оларды ұсынады. Шынайы көркем шығармада оған
суретші сіңірген жан дүниесі мен көңіл күй тебірінестерін бізді суретшімен
бірге сүйеніп – күйінуге мәжбүр ете отырып, сонымен бір мезгілде әсемдікті
пайымдаудан эстетикалық ләззат алуды бастан кешіруге итермелейді.
Нағыз суретшілер бүкіл өмір бойы заттың өзіне қарап жұмыс істейді –
сурет салады, бояулармен салады, мүсін жасайды.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің
методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның
түрлерімен және жанрлармен танысқан жөн.
Живопись. Жанрлар . живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі
толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады.
Бұл ұғым суретшілер іс - әрекетініің өте кең және сан алуан
шеңберін қамтиды. Живрсписьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде
кездесеміз, кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен
карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар
– осының бәрі график – суретшілердің туындылары.
Өнерінің жмвописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық
үстінде бейнелеу орын алады. Өнрдің ұшы – қиырсыз осы саласынан көбіне
өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады.
Сурет салу түстермен боялуыда мүмкін, әдетте бұл акварельмен немесе
пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына
жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.
Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден
айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай
– ақ, ақ-қара және трлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюрлар бірнеше
тақталардан басылады.
Бейнеленетін объектілердің жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, ал
екінші, қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен
сәулелер түспейтін жақтарында меншіктікті көлеңке пайда болды. Жарық түсіп
тұраған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке деп
атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Меншікті
көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған
заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуіне пайда болады.
Жылтыр немесе мөлдір заттың бетіне түскен өте ақшыл дақтарды көру қиын
емес. Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл
дақтар заттың дөңес және ойыс беттерінде сондай-ақ олардың қырларында
көбірек байқалады. Заттарға түскен жарық олардың құрылысына, орналасуына
байланысты өзгереді. Ол өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әр түрлі
рең қоюлығына бөленеді. Ондай реңдерді жарық, жылт, жартылай көлеңке,
меншікті көлеңке, шағылыс жарығы, заттың өзінен түскен көлеңкесі деп
аталады. Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісерде заттың қай
бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын, қай жерлері көлеңке екенін, түспе
көлеңкелер қай жаққа қарай бағытталып тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық
көзінің қандай екендігін, сондай-ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап
алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің
қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелері мен оған түскен жарықтың арасындағы
қатнастарға сәйкес болып шығуы тиіс.
Бейнеленуші объектінің түс қатнастары суреттегі өңдердің қатнастары
арқылы берілуі керек. Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген
кезде ақшыл нәрседегі (мысалы – гипстегі) көлеңке қара нәрседегі (мысалы –
қоңыр матаның бүктелген жеріндегі) жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған
жөн. Өңі берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап
алу керек.
Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең
жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып
алуға тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетпеуге болмайды.
Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің формасын, түсін
және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің
түсі оның өңі деп аталады. Көлемді форманы салғанда оған түскен жарықты, ақ
даұты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт
екендігі әрдайым есте болу керек. Жарық пен көлеңкенің арасындағы айқын
қарама – қарсылық контрот деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын
тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым
күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрастар мейлінші ашық болады
да, екінші, үшінші, одан арғы пландарда контраст азая береді. Сонымен
бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп
күңгірттене береді, ал күңгірт жерлері бұдырлана түседі. Жарық пен
көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру суреті салынып
отырған заттың жарық жерлері мен күңгірт жерлерінің қатынасына зер салып
қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкені нәрсенің негізгі формаларымен бір
мезгілде белгілеген жөн. Суретін салып отырған затымыздың жарық пен көлеңке
шекараларын айырып алудан бұрын заттың жоғарыда атап өткендегі анықтама
бойынша пропорцияларын ескере отырып, оларды дұрыс сала білу керек.
1.2. Өнер және бейнелеу өнер туралы теориялық негіздерін қалыптастыру
Суреткер өмір шындығының ақиқатына әсемдік арқылы береді десек, адамды
жан-жақты жарасымды дамытып, жетілдіру мұраты алдымен жақсы үлгі-өнеге
арқылы орындалмақ. Ол құр ойдан шығарылған қиял жемісі емес, өмірде бар
нақты қасиет, сипаттардан жасалған үлгі - өнеге. Міне, идея мен әдістің,
білім мен мәдениеттің,талант пен шеберліктің барлығының сыналатын жері осы.
Ал, образ жүйесінде өзекті орын алатын – адам образы. Адам образы –
реалистік картиналарда типтік терең характерлермен жасалып, әлеуметтік,
психологиялық картиналарда адам жанының диалектикасын бейнелейтін деңгейде
болуы керек.
Творчествалық әдіс - өмірді образбен бейнелеп, көркем шығарманы шындық
арқылы берудің жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс пен көркемөнер
дүниесін, бір шығарма көлемінде біртұтас көкем образ жасау жолы болып
табылады. ''Жолы'' деген сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс,
тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы
ұғымдардың қызметін қоса атқарады.
Творчествалық әдістің табиғаты мен характерін философиялық мағынасында
дұрыс тану үшін В,И Лениннің бейнелеу теориясын басшылыққа алып отырудың
маңызы зор. Бұл теория бойынша бейнелеу дегеніміз объектіні – болмысты
субъектінің – суреткердің санасына әншейін жансыз айнаға түскендей түсіре
салу емес, белсенді түрде қайта жасау актісі, болмыстың сырт көрінісін
қалай болса солай көшіру емес, оның нағыз түйінін, ішкі маңызын тауып,
мағыналы қасиеті мен сыр-сипатын, ішкі даму заңдылығын ашып көрсету
процесі.Міне, бұл қиын акт, күрделі процесс. Мұнда сурекердің дүние тану
тұрғысы мен идеялық концепциясы, арман-мақсаты мен творчествалық қиялы
үлкен рөл атқарады. Творчествалық әдіс осы элементтерді бір жүйеде
біріктіріп бейнелеу процесінің ( өмір фактілрін сұрыптап смдап алып,
өмірдің өз пішінінде образ жасау процесінің) қызметін атқарады. Сондықтан
творчествалық әдісті бір жағынан, суреткердің өмір шындығымен байланыс
дәрежесін танытатын, екінші жағынан, өмір шындығын игеру, меңгеру дәрежесін
танытатын тәсіл деуге болады. Демек, биік дүниетаным жоқ жерде, шындықты
терең, дұрыс тану мүмкін емес, құдіретті твочествалық қиял, айқын мақсат,
жарқын арман болмаса, осылардың бірі олқы соғып жатса, немесе бірімен бірі
сабақтаспаса, сөз жоқ, шығарманың идеялық-көркемдік сапасына ақау түседі.
Сөйтіп, әртүрлі қайшылық пен алшақтық та осыдан келіп туады.
Композиция бұл латын тілінен шыққан сөз. Қазақ тіліне аударғанда
''ойлап шығару'' немесе ''құрастыру'', ''тәртіпке келтіру'' деген мағынаны
білдіреді. Үйлестіру сурет салуда маңызды орын алады.Өйткені көркем
шығарманың композициялық құрылымына байланысты тақырыптың мазмұны ашылады.
Суретшінің қолында композиция – көркем құрал. Ол композиция арқылы
кейіпкерлердің мінез – құлқын, іс-әрекетін ашып, бейнелеп, отырған өмір
құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым
айқын,нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Қарапайым тілмен айтқанда,
көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция
сол бөлшектерді өзара құрастырып, бір тұтас етеді. Үйлестіру суретшінің
бйнелегелі отырған натюрмортындағы немесе картинасындағы заттарды,
кейіпкерлерді дұрыс әрі әсерлі ыңғайластырып орналастыру болып табылады.
Ал, шығарманың композициялық құрылысының тұтастығы дегеніміз –
кейіпкерлер әрекеттер ағысының табиғи бірлігі, темірдей тәртіпті байланысы,
тарихы, соған сәйкес көркемдік нысанның логикалығы. Бұл болмаған жағдайда
шығарманың сюжеті, композициясы жайында сөз етудің өзі қисынсыз.
Суретсалынатын объектінің құрылысына талдау жасап алғаннан кейін,
сурет салушының алдында тұратын бірінші міндет-суретті қағаз бетіне дұрыс
салу және оның мөлшерін белгілеу. Заттардың өзіне қарап сурет салғанда,
олардың пішінін әрбір белгі бойынша беруге тырыспай, бірден бүтіндей,
сол тұрған қалпында салуға ұмтылған дұрыс.
Қандай нәрсенің болсын суретін салуға кіріскенде ең алдымен оның
шамамен болса да жалпы пішінін белгілеп алып, содан кейін егжей-тегжей
қарап, ұсақ-түйектерін көрсетуге көшу керек. Бұл бейнелеу өнерінде бүтіндік
заңы деп аталады. Сонымен сурет салғанда жалпыдан жалқыға қарай көшу
принципін ұстанған орынды.
Сурет салардың алдында ең алдымен салынатын суретті қағаз бетіне
дұрыс орналастыру жағын, яғни композицияның жалпы тепе –теңдігін дұрыс
сақтау үшін суретті қандай көлемде салу, қлай орналастыру керектігін алдын-
ала ойластырып алу қажет.
Бұл жұмысты бастағанда әуелі суреттің жоғарғы және төменгі (сол
жағы мен оң жағындағы) шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ қағаздың
жиектерінен ашық орын қалдырып отырған дұрыс. Сонда сурет жинақы, әдемі
болып көрінеді. Ал қағаздың шетіне тақап салынған сурет тартымсыз болып
шығады. Суреттің шекараларын анықтаған кезде суреті салынатын объектінің
негізгі пропорцияларын белгілеп алған орынды. Себебі, осы кезде қате
жіберілсе, әрі ол қате дер кезінде түзетілмесе, салып отырған сурет дұрыс
шыпайды.
Сондықтан негізгі пропорцияларды белгілегенде өте мұқият болған жөн.
Суреттің жалпы биіктігі мен енін анықтамас бұрын бейнеленетін объектіні
мұқият зерттеп, оның негізгі пропорцияларын белгілеп алу керек. Содан кейін
ғана оның жеке бөліктерінің пропорцияларын белгілеуге көшуге болады.
Сөйтіп, бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыру үшін жұмысты неден бастау
керек, қалай істеу керек деген міселелердің бәрін жақсылап ой елегінен
өткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыруға кіріскен жөн. Болашақ сурет
жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың жоспарын
жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша сан
рет түзетіліп, толықтырылып, өзгертіліп отырады. Осы алдын-ала орындалатын
жұмыстарды жоспарлау яғни суретті үйлестіру тәсілі суретшілердің тілімен
айтқанда, компоновка деп аталады. Компоновканың түпкі мақсаты – бейненің
жеке бөліктерін біріктіріп, олардың біртұтас болып шығуын қамтамасыз ету.
Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс
белгілеу үшін ең әуелі қағаздың ортасында бірін – бірі кесіп өтетін
вертикаль, горизанталь сызықтар (координаталар, осьтер),немесе бірнеше
вертикаль, горизанталь, көлбеу сызықтар сызылады. Ол сызықтар (симметрия
осьтерінен басқалары) нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін
пайдаланылып, соңынан өшіріліп тасталады. Сурет салудың алғашқы сатысында
заттардың кеңістікте орналасу жағдайын анықтау үшін визирлеу әдісі деп
аталатын әдіс көп қолданылады. Мұның мәнісі мынада: сурет салушы қолын алға
созып, қарындашты көзінің деңгйінде ұстай отырып, қашықтықта тұрған
объектінің биіктігін анықтап оны басқа заттардың көлемдерімен салыстырады.
Визирлеу әдісі кеңістіктегі заттың шын мәніндегі орналасу жағдайын анықтап,
оны суретте бере білуге көмектеседі. Сонымен бірге бұл әдістің зиянды жағы
да бар, мәселен, көзбен мөлшерлей білуге үйренуге кедергі жасайды.
Нәрсе бөліктерінің пропорцияларын визирлеу арқылы тексеру суретті
салмай тұрып емес, салынып біткенен кейін істеледі. Суретті салмастан бұрын
визирлеу зиянды, өйткені алын – ала өлшеп алуға үйренген суретші көз
мөлшерімен есептеуге дағдылана алмайды.
Ал сюжет (француз тілінде зат ұғымын береді) дегеніміз шығарманың
мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Композиция мен сюжет өзара тығыз
байланысты болады.
Жекелеген кейіпкерлердің өзіне тән бояу ерекшелігі, қимыл әрекеті,
орналасу мәнері болатыны мәлім. Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте
бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын бояу
ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты байқауымызға
болады. Шығармаларда әр алуан бояулардың белгілі бір үйлесім табуын колорит
деп атаймыз.
Колорист-суретші әр боядың жеке өзіне де, оның басқа бояуларымен
үйлесіміне де ерекше мән береді. Ондай үйлесімдер бір-бірімен жарасымды
болып келуі де, не бір-біріне кереғар көзге ұрып тұруы да мүмкін.
Колорит бізге дүниедегі бояу әлемінің ғажайыптарын жарқыратып жайып
салады. Ол суретшіге өзі бейнелеп отырған құбылысқа байланысты туындайтын
көңіл-күйін жіті жеткізуге көмектеседі.
Колоритті ажырата білу - өте сирек кездесетін қабілет. Орыс
суретшілері арасынан бұл жағынан Василий Иванович Суриков айрықша көзге
түскен. Мәселен, оның '' Меньшиков Березовода'' атты картинасында бір кезде
Бірінші Петрдің көмекшісі болып, дәуірлеп баққан ақсүйектің кейінгі
айдаудағы өмірі көрсетілген. Картинада Меньшиков балаларымен кішкентай
лашық үйдің ішінде отырғаны бейнеленген. Бөлме іші әрі суық, әрі қараңғы.
Сырттан жарық қырау қатқан терезеден өлеусіреп түсіп тұр. Егер зер салып
қарасаңыз, ондағы кейіпкерлердің бет-өңі, киімі, кез-келген ұсақ-түйек тек
қана бір бояудан ғана емес, бірнеше бояулардың жиынтығынан тұратынын
байқайсыз.
Қалай болғанда да, кейбір жеке алшақтықтар мен ауытқушылықты былай
қойсақ, әр зманда белгілі бір таптың идеялық және эстетикалық көзқарасына
сай творчествалық әдіс қалыптасады. Ол әдіс сол бір бағыттағы
суреткерлердің творчествалық принципін анықтайды, дүниені көркемдік әсем
түстермен тану тұрғысын белгілеп, тиянақты етеді.
Көркемөнер тарихында көптеген творчествалық әдіс болғанын білеміз.
Солардың әрқайсысы творчествада өз принципін ұстап анықтайды, дүниені
көркемдік әсем түстермен тану тұрғысын белгілеп, тиянақты етеді.
Бейнелеу өнерін игеру мәселесін әңгімелегенде, оны живопись
өнерінің үлгілерімен ғана шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы бейнелеу
өнерінің мәнді бір саласы ғана. Біздің ғылыми-сыншылдық ойымыздың өркендеу
ойымыздың өркендеу барысында жеке суретшілердің, тарихта аты қалған
дарындардың творчествосына назар көп аударылады.
Бейнелеу өнерінің екінші бір мәнді тармағы – жеке-дара творчество
жөнінде айтылған пікірлерді, әрбір суретші жайындағы еңбектер мен
мақалаларды тізе берудің жөн-жосығы болмайтынын ескеріп, әдеби сын мен
ғылыми ойдың эволюциясын ұлы орыс халқының суретшілерінің творчествосын
төңірегінен көрсеткен абзал. Бейнелеу өнерінің өркендеуіне еліміздің
экономикалық, әлеуметтік дамуы көп ықпал етеді.
Қазіргі таңдағы бейнелеу өнерінің алдында тұрған маңызды да
құрметті міндеттердің бірі – жастарға патриоттық, интернационалдық және
эстетикалық тәрбие беру жұмысына белсене араласу.
Социалистік реализмнің басты принциптерінің бірі – көркемөнердің
халықтығы. Бұл – бүкіл жұртшылықтың ой-арманын, мақсат-мүддесін тарихи
шындық тұрғысында суреттеу деген сөз.
Халықтық-әрі эстетикалық, әрі саяси категория, шығарманың құнын
анықтайтын ең негізгі критерийдің бірі.
Тарихты да, өмірді де жасаушы – халық. Сондықтан ұлы оқиғалы
кезеңдердң суреттейтін туындылардың негізгі кейіпкері де, күші де халық
болуы - өмір талабы.
Айтылғандардан шығатын қорытынды – суретші белгілі бір
шығармасында көздеген ныснасын, ой-мақсатын қандай көркемдік-эстетикалық
принциппен бейнелесе де, характерлер табиғаты тудыратын әрекеттердің кез-
келгені шығарманың композициялық құрылысына әсер етуге ғана емес, жалпы
көркемдік болмыс- бітімімен туындайтын логиканы да бейнелеуге қабілетті
екенін қатты ескеруі қажет.
Суретшінің картинасындағы көркемдік нысанасы неғұрлым айқын
болғанда, соны, сырлы, жаңа образдардың даму логикасы қашан да өзіндік
ерекшеліктері бар сюжеттерге, тың көркемдік шешімдерге жетелеп отырады.
Сонда ғана суретші өзінің көркемдік нысанасын образ, характерлер арқылы
бейнелеп, аңғаруға мүмкіндік туады. Қысқасы,образ табиғаты мен
композициялық шешім табу тәсілдері толып жатыр.
Суретшілердің өз картиналырында образ танымын бейнелеуі –
автордың мақсатына, шеберлігіне ғана емес, интеллектісіне де, өмірді
қаншалықты терең зерттеп, білуіне де тікелей байланысты. Ғылыми –техникалық
прогресс кезеңінде адам санасында туындап жатқан алуан түрлі құбылыстар,
өзгерістер, реңк- сипаттар аса күрделі, аса қызықты.
Копозиция туралы сөз қозғау – сайып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz