КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
.КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ.
Әдеби бағыт, әдеби процестің көркемдік-эстетикалық ұстанымдарын құрайтын
түсініктер. Әдеби ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып,
дамуы — әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен
мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі
шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы
мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады.
Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм
бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм,
романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм.
Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм,
экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық
әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі
болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы
олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық
арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Бағыт деген түсінік алғаш рет
Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен
қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр
басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды,
кейінірек дәуір стилі деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым
түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт — бір
шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық
құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс
бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен
қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы, романтизм бірден үзілмей
жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты.
Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек,
қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі.
Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ
әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым — әр бағыттың
ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері
эстетикалық, идеологиялық негіздерд е болуы ықтимал.
Мысалы, романтизм революциялық және консервативтік ағым түрлерінде
қарастырылып келді. 19 ғасырдағы Ресей әдебиетінде
реализмнің психологиялық және социо логиялық түрлері шықты. Соцреализмнің
әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше ағымдары болды. Реализм
мен модернизмнің көптеген ағымдары мен мектептері өмірге келді. Модернизм
ағымдары: барокко, натурализм, маньеризм, рококо, импрессионизм,
экзистенциализм, футуризм. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар
екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір
жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар
екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді —
дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл
баяндау дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзінө ұстаз санаған
Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр басындағы
А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов,
Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С. Сейфуллин, С.
Мұқанов, X. Есенжанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, 3. Шашкиндер т.б.
соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске асырды. Ал Әуезов осы
екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді. Сөйтіп ол өз туындыларын осы
бағытта жазды.
Көркемдік әдіс. Абай поэзиясында кең өріс алған көркемдік әдіс — реализм.
Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік
береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті
жайларды, қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру — бұл реализм
әдісінің бағалы жағы еді. Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жәйттердің
шындығын былай қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып
суреттейтінін атап көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара
халықтың өмірін неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық
әдеби дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының
нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті. Орыс
әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы қалыптасып, М.
Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С. Тургенев, Л. Н.
Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты жазушылардың шығармаларында
жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен жазылған шығармаларда шыншылдық
пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл реализм деген ұғым да қолданылады.
Абай шығармаларына тән көркемдік әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің
де сипат-белгілері молынан көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі
барынша шыншыл да терең. Қандай құбылысты, адамды болса да ол қоғамдық,
әлеуметтік тамырын, маңызын аша суреттей отырып, оның адам үшін, қоғам үшін
пайдалы, зиянды жақтарын айқын көрсетеді. Міне, бұл ерекшелік Абайдың
өмірді суреттеу тәсілін жаңаша қалыптастырды, әдебиетте сыншылдық бағытты
орнықтырды, мұның бәрі, сайып келгенде, әдебиетімізде сыншыл реализм
әдісінің туып, қалыптасуы еді. Бұл бүкіл көркемдік танымымызға Абай әкелген
жаңа сапалық өзгерістердің бірі және негізгісі. Абай әдебиетті идеялық,
көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие
беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің өмір оқулығы ретінде атқаратын
қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Жастарды озық мәдениетке,
өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді
тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды қалыптастыруға тек
өресі биік әдебиет қана ат салысатынын ақын терең түсініп, өзі өмір бойы
сол жолда ізденді.
Абай әдебиетке мүлдем жаңа міндет жүктеді. Түзетпек ем заманды деп,
әдебиеттің өмірді дамытуға, түзетуге, өзгертуге шешуші үлес қосуын,
белсенді қызмет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін
уақыттың үлкен талабы ретінде ұсынды. Абайдың реалистік әдісі әсіресе
адамның типтік бейнесін суреттеуден айқын аңғарылады. Ең алдымен Абайдың
адам мен қоғам жайындағы тұжырымы — қазақ топырағындағы жаңа көзқарас. Абай
адамды белгілі қоғамдық өмірдің жемісі, нәтижесі ретінде қарады, оның қимыл-
әрекетін, психологиясын, моральдық келбетін өмірге, өлеуметтік тұрмысқа
байланыстыра қарап, бағалап бейнелейді. Мысалы, Абай өлеңдерінен неше түрлі
байдың әлеуметтік тип дәрежесіне көтерілген жинақталған бейнесін бүкіл іші-
сыртымен көз алдымызға келтіреміз. Солардың бірі Өз малын өзінікі дей
алмай, күндіз күлкі, түнде ұйқысы бұзылған бай. Бұл кәдімгі бір жағынан
патша үкіметінің билеуші әкімсымақтар, екінші жағынан, ел
ішіндегі би, болыс, төрелер тарапынан екі жақты қыспаққа ұшырап, есі шығып,
өз малын өзі билей алмай әлекке түсіп, жапа шегіп жүрген сасық бай. Немесе
Абайдың болысын алайық. Бұл да Абаймен замандас, 19 ғасырдың 80-90
жылдарының болысы. Ол ата-бабасынан ел билеген феодал, шынжыр балақ шұбар
төс емес, билікке малымен, байлығымен қолы жеткен, қулығы байлығынан да
басым сұм-сұрқия, пысық жан. Оның ел билеу тәсілі, адамдармен қатынасы
алдау- арбауға, әлдіге келгенде шыбындап, әлсізге келгенде қырындауға
негізделген. Абай мұндай билеушілер басқарған ел ісінің оңға баспайтынын
үлкен көркемдік шындық, идеялық түйін ретінде ұсынады. Абай адам бейнесін
қоғамдық орнына, мүддесіне, сол мүддеге жету жолындағы ішкі сезімі мен айла-
тәсіліне байланысты жасады. Ол өз заманындағы сан түрлі әлеуметтік
топтардың барлығын да осы тұрғыдан терең зерттеп көре де, бейнелей де
білді. Қожа, молда, ауылнай, жүзбас ы, еңбексіз мал таппақшы пысық, амалын
тауып кун кермек епті, бұзылса елдің арасы, мал таппаймын демейтін қулар,
қулықты ат-шапаннан кем кермейтін даңғой, дарақы, той-думаншы бозбала,
еңбексіз еріншектер т. б. ақын шығармаларынан кең орын алып, өздеріне ғана
тән типтік жағдай, типтік сипаттарымен көрінеді. Ақын осыншама сұм-сұрқия
адамдар мен олардың өзара қатынастарынан қүрылған қоғамдық тұрмыстың тозығы
жетіп, ескіргенін өз шығармашылығының бүкіл рухымен дәлелдейді. Абай
шығармаларында халықтың өмір-тұрмысы, мінез-құлқы, іс-әрекеттері, ғұрып-
салты, өнегесі, өнері, қоғамдық өмірдің сан-алуан қайшылықтары жан-жақты,
толық, асқан көркемдік шеберлікпен бейнеленген. Абай шығармашылығы өз
дәуірінің көркем шежіресі болумен қатар халықтың алдағы күннен күткен арман-
тілегінің де көрінісі. Өйткені ақын шығармаларына, өз көзінің ең озық
талап-мүдделері мен идеяларын арқау етті, олардан оптимистік ерекше сенім
мен қуат, нәр алды, бүкіл болмысымен жарқын келешекке қарай ұмтылды
2. СӨЙЛЕУ ФОРМАЛАРЫ НЕМЕСЕ БАЯНДАУ ТӘСІЛДЕРІ. Жазушы роман, новелла
жазғада бәрнеше түрменен сөйлейді, кейде өз аузынан, кейде 2-ші
адамның аузынан, кейде хат есебінде сөйдеп отырады.
Әсіресе, көп кездесетән сөйлеу – жазушы өзі қатыспай, бөгде үрде айтып
отыру. Жазушы адамды, жағдайды, болған оқиғаны біртіндеп жазыпотырады.
Мұнда жазушы бұл уақиғаны өзі қайдан біледі, қалай біледі, ол туралы
түсінік бермейді.
Сөйлеудің бұл түрін Толстой, Горький, Бальзак сияқты ірі классиктерде көп
кездеседі.
Сөйле убасты геройдың өз аузынан айтылады. Болған оқиғаны герой тәптіштеп,
өз аузынан сөйлеп береді. Бұл түрменен Пушкинның Капитанның қызы
жазылған. Сәбиттің Адасқандары жазылған.
Хат жіне күнделікті дәпетр арқылы болған уақиғаны сөйлеу бар. Екі кісі бір-
біріне хат жазып, сол хат арқылы болған уақиғаны, жүрек сырын ашып отырады.
Достоевскийдің Бейшаралар деген романы осы түрде жазылған.
Кейде уақиғаны сөйлеп отырған герой 2-ші 1 адамның аузынан естіген болып
аңгімелейді.
Пушкиннің Станция қараушысы осы түрмен жазылған. Жазудың бұл сияқты
түрлері әдебииетте көп кездеседі. Жазушы шығармада біресе әңгімелеп, бәресе
суреттеп отырады. Оқиға тартысты жағында жазушы әңгімелеп отырады.
3. М. ҚАРАТАЕВ КӨРКЕМДІК ӘДІС ТУРАЛЫ. (Қыздар ренжімендерші Қаратаев Әдіс
туралы не айтқанын таппадым. Жалпы әдіс не екенін жаздым)Әдеби әдіс,
көркем шығарманы зерттеу жолы.Марксистікэстетиканың
категориясы, РАПП көсемдерінің еңбектерінде, тек
Ресей әдебиеттануында 20 ғасырдың 20-жыдцары қапыптасқан әдеби
түсінік. Негізгі мазмұны — шындықты бейнелеу амалы, жазушының
маңайындағы ақиқатты сұрыптап, таңдап алу арқылы баға
беру.Соцреализммен бірге өшіп, қазір қолданылмайтын ұғым. Оның орнына
әдебиет теориясы, стиль тұжырымы орнықты. Кеңес әдебиеттануыңца 1930-
1950 жыдцары орныққан шығармашылық эстетиканың бүл категориясы шынайы
көркем өнерден тым алыc еді. РАПП-тың диалектикалық-материалистік
шығармашылық әдісі таза көркем шығармашылықтан гөрі саясатқа, оның
идеологиясына жақынырақ болды. К. Маркс пен Ф. Энгельстің әдебиет
туралы пікірлерін алға тартып, 80 жылдан астам кеңес әдебиетінің
шартты ұранына айналып, ұлттық әдебиеттерді өздерінің басты
мұраларынан айырды. Жеке шығарманың әдістен әлдеқайда кемеңгерлеу
екені А. Байтұрсынұлының Әдебиеттанытқышы (1926) X.
Досмұхаммедулының Қазақ халық әдебиеті (1927) М. Әуезовтың Әдебиет
тарихы (1928), атты дара еңбектерде орын алды. Кеңес кезіндегі
әдебиеттану әр бағыттың әдісін бөліп қарады: классицизм әдісі,
романтизм, символизм, реализм әдістері арнайы зерттелді. 20 ғасырдың
жаңа әдісі болып соцреализм саналды (1934 жылғы Жазушылар одағының 1-
съезіндегі жарғы негізінде). Чернышевский өнерді өм ір оқулығы деп
санады. 20-жыдцардың басында КазАПП өкілдері өнердің көркемдік
табиғатынан бас тартып, оны саяси идеологияның ұраны болуын талап
етті. К. Маркс пен Ф. Энгельстің ойларын іске асырушылар өмір
шындығын, сол кездегі таптық күрес, жұмысшы табының үстемдігін ғана
бейнелеуді көздеді. Әдіс пен жеке дүниетаным арасындағы қайшылық
Әуезовтің соңғы туындыларында анық байқалды, 50-60-жылдары жазуға
мәжбүр болған еңбектері екені ашық. Өйткені 1930-1991 ж. қазақ
әдебиетінде соцреализм әдісі салтанат құрған кезең еді. Батыс Еуропа,
АҚШ, Латын Америка әдебиеттерінде қалыптаскан постмодернистік,
постструктурапистік әдістер кеңінен қолданыла бастады. Абай алғаш рет
қазақ әдебиетінде реализм әдісін қолданды. Сыншыл реализм әдісінің
басты ерекшелігі — әмірдің шынайылығын бейнелеу, адам тағдырының,
типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете отырып, саяси-қоғамдық
емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып табылады. Сыншыл
реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін жетік білген
Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары Шәкәрім, бұл
әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М.
Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс — өмір шындығын суреттеудің
ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен әдебиетте
бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын бейнелеп
көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетіні
сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық түрлерді
қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді. Бүл
сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал
көркемдік әдіс — суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын
тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне
сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл
әдіс өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді.
Соцреализм әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан
суреттеуді көздейтін реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты.
Жазба әдебиетте реализмнің қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың
басындағы қазақ жазушылары жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ
әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде Махамбеттің поэзиясындағы асқақ
арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс сарыны деп түсіндіріліп
келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм емес, маңайындағы
қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін айқындалды.
Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес, басқа
схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар орын
алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы — реалистік нақтылық,
саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені
айқын. Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму
тұрғысынан ғана бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады.
Сондықтан бүл әдіс жаңа қоғам құрушы еңбекші, күрескер адамның
бейнесін жасауды, оны насихаттауды басты мақсат етіп қойды. Тақырып,
идея, стиль біркелкілігінен туған жасанды, жалған идеяшылдық ,
үраншылдық , әдебиеттің ұлттық көркемдік қасиеттеріне жеткілікті мән
бермеу, әсіресе жеке адамға табыну дөуірінде басым болды. Бул әдістің
салдарынан қазақ әдебиетінің асыл тұлғаларының еңбектері де өздерімен
бірге репрессияға ұшырады. Бүгінгі қазақ жазушылары дүниежүзілік
эстетикалық ағымдармен, олардың озық шығармаларымен жете таныс.
Нөтижесінде реалистік, постмодернистік туындылар дүниеге келуде. Қазір
көркемдік әдіс түсінігін стиль категориясы анықтайды. Батыс Еуропа,
Латын Америкасы, АҚШ әдебиет туындылары арқылы қазақ әдебиетінде
постмодернистік өдістердің енуі заңдылық. Сондықтан қазақ әдебиеттану
ғылымында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің постмодернистік,
экзистенциалдық ағымдар әдісінің төңірегінде қарастырылуы да уақыты
жеткен тарихи шындық.
4. КӨРКЕМДІК БАҒЫТ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕРІ. Әдеби бағыт, әдеби процестің
көркемдік-эстетикалықұстанымдарын құрайтын түсініктер. Әдеби
ағымдармен әдеби мектептердің бірімен-бірі пікір алмасып, дамуы —
әдеби процестің заңдылығы болып саналады. Әдеби бағыт ағымдар мен

мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында
қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар:
ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм,
сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм
постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо,
импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып
саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы
мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі
ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты
жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші
рөл атқаратыны сөзсіз. Бағыт деген түсінік алғаш рет
Белинский,Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби
бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді.
20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды,
кейінірек дәуір стилі деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен
ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша,
бағыт — бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-
шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай
келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды
негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы,
романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде
реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері
жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о
бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың
толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ
әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым — әр
бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері

реализмнің психологиялық және социо логиялық түрлері шықты.
Соцреализмнің әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше
ағымдары болды. Реализм мен модернизмнің көптеген ағымдары мен
мектептері өмірге келді. Модернизм ағымдары: барокко, натурализм,
маньеризм, рококо, импрессионизм, экзистенциализм, футуризм. Батыс
әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет
теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға
тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып,
бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді — дәуір тусінігін
қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл баяндау
дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзінө ұстаз санаған
Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр
басындағы А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев,
М. Дулатов, Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С.
Сейфуллин, С. Мұқанов, X. Есенжанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, 3.
Шашкиндер т.б. соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске
асырды. Ал Әуезов осы екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді.
Сөйтіп ол өз туындыларын осы бағытта жазды.
Ал енді әдеби мектептерге тоқтала кететін болсақ, бірнеше ақын жазушылардың
1 әйгілі ақынның айналасына стихия түрінде жиналып, соның стилін
үйренушілікті әдеби мектеп дейміз.
1820-30 жылдарында Пушкиннің әдеби мектебі болды. Бұл мектепке декабрис
революционер Рылеев пен Пушкин пленясының группасындағы бір келкіжас
ақындар Делвик, Воземский,Языков, Баратинский, т.б. бірікті. Бұл жазушы-
ақындар Пушкиннің тамаша зор талантының, көркем шығарманың күшті әсерінің
арқасында келіп, Пушкин төңірегіне жиналды. Бұладың көпшілігі пушкин
айналасында біріккенімен, оның реализм методын толық осіре алмады. Языков,
Баратинскийлер Пушкин жасаған тамаша лириканың форма жағын қуалып оның
дәуірлик идеяын ала алмады.
Қазақ әдебиеті тарихында Абай төңірегіне құралыған әдеби мектеп бар. Абай
өзі үлкен реалист ақын бола отырып, өзі тұтас халық ақындарын, өзінен жас
ақындарды айналасына жиинап жақсы өлеңдер жазуға, оқып үйренуге, көп білуге
шақырып, тәрбиелеп отырған. Абай төңірегінің мектебіндегі ақындар Көкбай,
Әріп, Абай балалары: Ақылбай, Мағауия және немере інісі Шәкәрім. Абай
мектебінен шыққан бір қатар ақын тарихи теманы жазды, Ләйлі-Мәжнүнді
аударды. Ақылбай, мағауиялар Батыстағы романтизмнің сарынымен Кавказды,
Зұлысты, Африканы, идеальный махаббаты поэма қып жазды.
Совет әдебиетінде Горький мектебі бар. 19 ғасырдағы ұлы классиктердін жолын
аяқтатқан, пролетариат әдебиеттің атасы, көркем сөздің генийі –Горький
совет әдебиетінде өзінің мектебін ашып, жүздеген жас таланттарды тәрбиелеп
балапандай өсіре білген.
Осы күнгі ірі совет жазушылары, В.Иванов, Федин, т.б. М. Горькийдің
қанатының астында өсіп шықты. Сол сияқты совет поэзиясында Маяковский
мектепбі өрнекті оры ала білген.
Горький мектебі 19 ғ. Пушкин, Абай мектебіндегі тар мағынадағы мектеп емес,
бұл бүкіл совет әдебиетінде жазушылар, ұлт республикадағы жазушылар – бәрі
де Горькийдің шәкірттеріміз деп айта алады. Сондықтан Горький мектебі
бірнеше совет жазушыларды маңында емес, бүкіл совет әдебиетінің ұлы атасы.
Горький совет әдебиетін жасап, реалистік романның биік шыңын берсе,
Маяковский дәуірге лайық поэзия тудырып, тоникалық өлең жүйесін жасады.
Сондықтан бұлар өзінің төңірегінде әдеби мектебін жасай білге.
5. ӘДЕБИ ШЫҒАРМА СТИЛІ. Стиль — өнер ерекшелігі. Әр стиль — бір-ақ
суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігі бір
емес, бір топ суреткерге тән болуы мүмкін бе?
Әбден мүмкін.
Әдеби ағымды дәл осы тұрғыдан пайымдау керек.
Өмірдегі күллі құбылыстың “бәрі барлығымен, әр-қайсысы әрбірімен” (Ленин)
өз ара байланыста болатыны, демек, бәрі барлығымен тоғысып, әрқайсысы
әрбіріне ауысып жататыны белгілі. Сол ретте, әр жазушының әрбір жеке
шығармасында болатын мазмұн мен пішіннің бірлігі бір емес, барлық
шығармасына тұтас ауысқан тұста оның стилі танылды. Ал осындай мазмұн мен
пішіннің бірлігі бір шығарма ғана еэдес немесе бір жазушының барлық
шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бүкіл творчествосына тән болуы
мүмкін бе?
Әбден мүмкін.
Әдеби ағымды дәл осы түрғыдан тану керек.
Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан
шығармасында өз ара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен
сипатты әр жазушы өз шыгармасына әшейін қолдан жа-сап, жапсыра салмайды.
Мұндай өз ара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына
мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің, өзі дарытады.
Дәлелдейік. Ерубаев — Мүстафин — Шашкин; “Менің құрдастарым” — “Қарағанды”
— “Теміртау”; Рахмет — Мейрам — Қайыр... Үш жазушы, үш роман, үш қаһарман.
Сөз жоқ, үш түрлі жазушы, үш түрлі роман, үш түрлі қаһарман!.. Бірақ
бұлардың әрқайсысына тән өзгешелікті көре түра, бәріне тән бірлікті де
байқауға болады. Қандай бірлік?
Алдымен үш жазушыда әдіс бірлігі бар, содан соң, үш романда тақырып бірлігі
бар; ақыр аяғында, үш қаһарманда идеялық бірлік бар. Басқасын айтпағанда,
тек осы бірліктердің өзі-ақ үш әдебиетшіге тән өз ара ұқсас сыр мен сипатты
аңғарта алады.
Ал осындай бірлік, яки өз ара ұқсас сыр мен сипаттек осы үшеуіне ғана тән
бе? Жоқ, қазіргі қазақ жазушыларының бәріне тән. Қалайша?
Қазақ совет жазушылары қай тақырыпқа жазбасын, бәрібір, шындыққа тек
социалистік көзқарас тұрғысынан қарайды. Қандай бір күрделі шығарма (поэма,
пьеса, роман) болмасын, бәрібір, бас қаһарманы — халық; суреткер шығармасын
кешегі шындықтан туғыза ма, болмаса бүгінгі шындықтан туғыза ма, бәрібір,
әйтеуір халықтың ертеңгі болашақ жолындағы күресін суреттейді.
Қысқасы, осындай көп-көп сыбайлас сырлар, ұксас сипаттар бір емес, бір топ
жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен ке-ңістікке
сай идеялық-көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік — ә д е б и а ғы м.
Байқап қарасақ, стиль — бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса,
ағым — бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль — әр жазушының дара
қасиеті болса, ағым — әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль — жалқыға тән
ұғым болса, ағым — жалпыға тән ұғым; стиль — әр жазушының әдеби беті болса,
ағым — әр жазушының әдеби бағыты.
Пікір дәлелдеуге қажет бірер мысалды біз жоғарыда қазіргі қазақ әдебиетінен
алдық. Бұл, әрине, әдеби ағым тек қазір туған және қазақ әдебиетінде туғаи
нәрсе деген сөз емес. Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде әрқашан болған,
қазірде де бар және бүгінгі біздегідей біреу емес, бірне-шеу.
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы таптық жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым —
әрдәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі.
Әдеби ағым—тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі
белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып,
бірге жоғалып отырады.
Әлем әдебиетінің та тарихында әрбір әдеби ағымның қалай пайда боп, қалай
дамығанын, қалай құбылып, қалай құрығанын әдебиеттің теориясы емес,
әдебиеттің тарихы тексереді. Сондықтан біз жалпы әдеби дамудың кезең-
кезеңдерінде туған кейбір әйгілі ағымдарды, ғана атап, аз сөзбен
мінездейміз де, қоямыз.
XVII ғасырдың аяқ жағында туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер
атаулының бәрінде, әсіресе Европа әдебиетінде орасан кең өріс алған жұртқа
мәлім ағым — классицизм (латынша сіаззісиз — үлгілі, өнегелі бағыт).
Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби “құпиялармен” қатар,
қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизмнің туған тұсы —
Европа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез. Ол тұста елдегі барлық үстемдік
дворяндар сословиесінде, барлық билік монарх қолында болатын; солардың
ықпалымен жұрт назары сарайға ауған, жұрттың бәрі сарай маңындағы ат
төбеліндей “асыл нәсілдер” (ақсүйектер) аузына қараған кез еді. Қоғам
өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп, оның дамуында өзгеше
бір өнегелі бағыт атанған классицизм ағымын белгіледі.
Бұл ағымның өкілдері (әсіресе Расин, Корнель, Мольер сияқты француз
драматургтері) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты
(классицизм аталу себебі де сондықтан); әдеби шығармаларын сол үлгімен
жазды. Француз ақыны Буало өзінің “Поэтикалық өнер” деген белгілі
поэмасында тіпті классицизм ағымының творчестволық принциптерін белгілеп
берді.
Қлассицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы, ежелгі грек
әдебиетіндегі сияқты, ел өмірінің елеулі, ірі оқиғалары; негізгі идеясы —
елдің елдігін қорғаушы “ессіз ерлердің” қанды жорықтары мен дүрбелең
саясаты; негізгі қаһармандары — қарапайымдар емес, қастерлілер,—
қолбасылар, корольдар, патшалар.
Классицистер жазған жанрлар да, кәдімгі антик әдебиетіндегідей, трагедия,
комедия, батырлық поэма, желғабаз ода... Бұлардың тілі де сол көне
әдебиеттегі көтеріңкі пафос, шешен һәм көсем сөз рухындағы бояма диалогтар
мен монологтар, күлдібалам ақыл-нақылдар, атам заманғы архаизмдерге толы
әсіре айшықтар болатын. Адам образдары да тым бір жақты — не мінсіз
жақсылар, не іске алғысыз жамандар кейпінде көрінді. Оның, үстіне бұл
ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, дәлірек
айтқанда, кәдімгі “үш бірлік” (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі)
атанған бұлжымас шарты болды. “Үш бірлікке” бағынған шығарманың мазмұны: 1)
бір-ақтәулік ішіндегі шын-дық, 2) тек бір орында өтетін тартыс, 3) бір ғана
сюжеттік желінің бойында жататын оқиға; бұл үш талап бұлжымай орындалуы
шарт.
Классицистер қаламынан туған көркем шығармалардың ең жақсы үлгілері
патриотизм, ұлт мақтанышы, қоғам алдындағы борыш, асқақ мүдделер үшін айқас
секілді әп-әсем идеялық принциптер ұсынып, негізінен, шыншылдық тенденцияда
жазыла тұрса да, ағымның жо-ғарыда айтылған ұшы-қиырсыз шарттылығы мен
жасандылығы сөз өнерін ақиқат өмірден алшақ әкетіп, “өнердің табиғилығы мен
еркіндігін талақ етті; шындықта болған адамдар орнына ешбір елде, ешбір
жерде болмаған дерексіз елестер қаптап кетті” (Белинский). Нәтижесін-де,
әдеби ағым классикалық сипаттан әшейін схемаға көшіп бара жатты. Адамдар
жерде қалды; ағым аспанда жүрді. Қарапайым қалың бұқара мүлде қаламға
ілікпей қойды. Адамға тән нәзік сезімдер мен терең тебіреністер орнын
лапырған жел сөз, айғай-сүрең басып кетті.
Осы тұста (XVIII ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес
идеясынан туған с е н т и м е н т а л и з м (французша зепіітепіаіізте
— сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалып-тасты.
Сентиментализм әуелі Англиядан — ағылшын жазушысы Стерннің “Сентиментальдық
саяхатынан” (ағымның аты да осыдан алынған) басталды да, кейін Францияға
(Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Россияға (Қарамзин,
жас Жуковский) ауысты.
Сентименталистердің идеялық тұрғысы — елде енді-енді орнығып, нығая
бастаған жас буржуазияның идеологиясы; творчестволық объектісі—сарай
маңындағы ақ-сүйектер өмірі емес, кәдімгі “орта қол” адамдардың күнделік
тіршілігі, солардың көңіл күйлері, жеке бастарына тән күйініш-сүйініштері,
қуаныш-реніштері; негізгі тақырыбы — классицистердегідей тарихи оқиғалар
емес, әдеттегі семья тұрмысы; негізгі қаһармандары—қолбасылар, корольдар
мен патшалар емес,— алпауыттар, қолөнершілер мен қарапайым шаруалар. Көркем
шығарма-ларға мазмұн болған оқиғалар енді сарай маңынан аулақ, ашық-мөлдір
аспан астына, көктемде құлпырған көк майса шөп үстіне, өзен жағасына, жасыл
төбе баурайына көшірілді. Адамдардың көңіл күйлерін сентименталистер осынау
сұлу табиғат көркімен ұштастырып, бір алуан сезімдер мен сырлар қозғау —
“жан тебіренту” тәсілдерін тапты. Олар оқырман көңілін оңай босататын иеп
дала, иесіз жұрт, жас қабір, құлаған қыстау... секілді көріністерді
суреттеуге, әсіресе, құштар болатын. Ағымға тән осы ерекшеліктер енді әдеби
жанрлардың да бұрын көп өріс алмаған (элегия, психологиялық роман, мещандық
драма, “жылауық комедия” атанған) жаңа түрлерін туғызды.
Сентиментальдық шығармаларда сезімге табыну әбден шарықтау шегіне жетті,
кітап беті ашылса-ақ болғаны, көңілдегі кірбің, көздегі жас, көкейдегі мұң-
шер ағытыла жөнелетін. Мұндай шығармалардың тілі де бұрыңғыдай асқақ, адуын
емес, майда, нәзік орамдар мен өрнектер тапты.
Сентиментализм ағымы әдеби шығармаларға көл көсір лиризм дарытты;
классицизм тұсында тым аспандап кеткен асыңқы әуенді жерге түсірді; жұрт
назарын арсы-гүрсі сырт әрекеттерден гөрі адамның ішкі сырына
аударыңқырады; әдеби шығармалардың классицизм тұсында ұмыт қалған прозалық
түрлерін туғызып, оларға әжептәуір табиғи, шыншыл сипат берді. Сөйте түра
сентиментализм классицизммен күресте біраз қажет нәрседен айрылып та қалды:
әдебиетті ірі тақырыптардан аулақ әкетті;тіршіліктегі ұсақ-түйек, күйкі
жайлармен көбірек әуестенді; адамның жеке қара басына ден қойыңқырап,
қоғамдағы халықтық мәні бар келелі мәселелерден сырт қалып қойды. Сөйтіп,
бұл ағымның ғұмыры да онша ұзаққа бармады.
Қысқасы, жалпы дүние жүзі әдебиетінің даму тарихына қарап отырсақ,
классицизм мен сентиментализмнен басқа да толып жатқан “измдерді” тауып,
олардың әр-қайсысына әдеби ағым ретінде мінездеме беруге болар еді.
Айталық, натурализм (латынша пагига — табиғат). Бұл ағымды басында Золя
ұсынды; оның “Экспери-ментальдық роман”, “Театрдағы натурализм” тәрізді
теориялық толғамдарында өмір құбылыстарын ешқандай идеялық баға бермей, қаз-
қалпында суреттеуді талап еткен творчестволық принциптер бар. Алайда
Золяның өзі іс жүзінде бұл “принциптерін” ұстана алмады да, ағым әр түрлі
кертартпа қаламгерлердің экспериментіне айналып кетті. Демек, натурализмді,
біріншіден, орыс әдебиетіндегі “натуральдық мектеппен” шатастыруға
болмайтын болса, екшшіден, оның ағым ретіндегі табиғатын тереңірек тану
қажет. Натурализм — бәрінен бұрын, әдебиет пен өнердегі принципсіздік;
эстетикалық талғамның жоқтығы; ақиқат шындыққа енжар бейтараптық. Сондықтан
әдебиеттегі натурализм де — философиядағы буржуазиялық позитивизм секілді
зиянды ағым. Натурализм өмірде ірі мақсаттар да, асыл мұраттар да жоқ,
тіршілік ұсақ-түйектен ғана тұрады деген кертартпа ұғымға негізделген.
Мұның өзі, сайып келгенде, адамдарды жаңа үшін ескімен күрестен оқшау
әкетіп, “буржуазиялық барға” қанағат етуге шақыру. Міне, дәл осы секілді
кертартпа ағымдар бүкіл әлемдік әдеби дамудың кезең-кезеңдерінде көптен-
көп: әдебиеттегі мазмұн дегенді біржола ұмытып, жалаң пішінді ғана қуалаған
жат сарынды формализм, оның асқынған түрі — абстракционизм, бұлардың “бел
балалары” — әсіре қызыл экспрессионизм, бет алды лаққан футуризм, дарашыл,
күйрек импрес-сионизм, күңіренген символизм, діни-мистикалық акмеизм,
қылтың-сылтың трюкке толы имажинизм, күллі кертартпа ағым атаулының бүгінгі
буржуазиялық өнердегі қырық құрау қосындысы — өңі айналдырылып, қайта
тысталған түрі — модернизм... Бұлардың, бәрін жіпке тізіп жатуды артық деп
білеміз.
Неге?
Негесі сол —
біріншіден, әдеби даму әшейін ағымдар ауысуы сықылды ылғи ғана аумалы-
төкпелі, аласапыран әлдене емес;
екіншіден, әдеби ағым атаулының бәрін мына соңғы көрсетілгендер сияқты,
өңшең кертартпа, кесірлі бағыттар екен деуге тіпті де болмайды;
үшіншіден, жалпы әдеби-творчестволық процесте стиль мен ағымнан гөрі
әлдеқайда тұрақты және тұрлаулы зат бар, ол — әдіс.
6. Е.ЫСМАЙЫЛОВ КӨРКЕМДІК ӘДІС ПЕН БАҒЫТ ТУРАЛЫ. Әдебиет теориясында әдіс
мәселесінде көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығады.
Алдымен, әдістеген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер
көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер
әншейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт
оздырудың керекгі жоқ, өйткені бәрініңкі – бір ұғым.
Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс деген сөзге тән ұғымға, мағынаға
байланысты...
“Әдіс-творчестволық тәсіл”, -дейді В. Шербина. “Творчестволық тәсіл
дегенінің өзі не нәрсе; -дейді Л. Тимофеев – оны нақты шығарма талдауға
қалай қолданамыз?”
Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер
бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние танымы категориясымен
қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.
Г. Абрамович “әдіс- шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова
“әдіс- өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” –дейді.
Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара
жоқ” –десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екуінің ара жігі
айқын екенін, яғни “әдіс- ағымнан әлде қайда кең ұғым” екенін айтады.
Бір ескертетін нәрсе: жоғарыда айтылғандай, романтизмнің де, реализмнің де
өмірде өнерге көшіру сипатына негізделген екеуінің екі түрлі ерекше
табиғаты, түп тамыры мен тегі тереңде жатқан мен, олардың әдеби әдіс
ретінде қалыптасу тарихын әдебиет зерттеушілері беріден бастайды. Мәселен,
олар романтизм көркемдік дамудың күрделі бағыты ретінде Европамен Америка
әдебиеттерінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан берімен қарай
қалыптасты деп жүр. Бұлай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі романтикалық
(французша –romantigue –ағылшынша -romantic) туындылар суреткерлердің
шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен, ақихаттан аулақтап әлде бір
асыңқы, өмірді емес өнерде ғана болуға тиіс кітаби қиял ғажайып шытырман
оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық
бағытқа да, классицизмге де, сентиментализмге де...- бәріне де кері ағар.

атаулының бәрінде ,әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кеңөріс алған жұртқа
мәлім ағым классицизим (латынша cassicys-үлгілі,өнегелі бағыт).
Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби “құпиялармен” қатар
,қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизимнің де туған тұсы
–Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез.Ол тұста елдегі барлық үстемдік
дворяндар сословиесінде,барлық билік монарх қолында болатын; солардың
ықпалымен жұрт назары сарайға ауған,жұрттың бәрі сарай маңындағы ат
төбеліндей “асыл нәсілдер” (ақсүйектер) аузына қараған кез еді.Қоғам
өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп ,оның дамуында өзгеше
бір өнегелі бағыт атанған классицизим ағымын белгіледі.
Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы,ежелгі грек
әдебиетіндегі сияқты ,ел өмірінің елеулі ,ірі оқиғалары ; негізгі идеясы
–елдің елдігін қорғаушы “ессіз ерлердің” қанды жорықтары мен дүрбелең
саясаты; негізгі қаһармандары –қарапаймдар емес, қастерлілер –қолбасылар,
корольдар,патшалар.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік –көркем шығарманың құрылысын бір
тәртіпке бағындыру.Мысалы ,драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай
отырып жазу керек .Бұл, “үш бірлікті” сақтамаса,жоғарғы ережеден шетке
шыққан болып саналады. “Үш бірлік” дегеніміз: уақыт бірлігі (оқиға бір
тәулік ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға бір орында ғана болуы
керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға тек бір ғана сюжеттік желінің бойында
болуы керек).
Жалпы алғанда.классицизмнің өмір шындығынан алшақ жатқан жақтары көп,әрине,
классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін өмір шындығынан алғаны
сөзсіз.Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз електерінен өткізіп және өз
табының көзқарасынан көрсетті.Қандай өмір шындығын суреттесе де ,патша,
корльдің,солардың маңындағылардың сәйкестендіріліп, солардың тілегіне
бағындырылды.
Бағыт түрлері: Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19
ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт.
Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби
шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып,
кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың
іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән
негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.
Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап
етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек),
орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға
бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге
құрылуы шарт). Шет Ел классиктері: Классицизм теорияшылары өзінің
жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі
жанрларды “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлді. “Жоғарғы”
жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, “төменгі” жанрға комедия, сатира,
мысал, т.б. жатқызады. Классицизмнің алғашқы әдеби негізі ретінде Ежелгі
дәуір әдебиетіндегі Аристотель идеялары, Горацийдің (б.з.б. 65 – 8 ж.)
поэтикалық шығармалары алынғанмен, оның кемелденген ағым ретінде ең
дәуірлеп өркендеген кезі 17 – 18 ғ-ларда Францияда болды. Бұл кезеңдегі
Классицизмның ең ірі өкілдері – Н.Буалоның (1636 – 1711) поэтикалық
толғаулары, П.Корнельдің(1606 – 84), Ж.Расиннің (1639 – 99)
трагедиялары, Ж.Б. Мольердің комедиялары, т.б. кең танымал болды.
Классицизм Ресейде 18 ғ-дың 2-ширегінен бастап өрістеді А.Д. Кантемир (1708
– 44), А.П. Сумароков (1717 – 77), В.К. Тредиаковский (1703 – 68), Д.И.
Фонвизин, т.б. Қазақ классиктері: Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі
жыраулық поэзияда, Абай, М.Жұмабаев, М.Әуезо в, т.б. шығармаларында көрініс
тапты.
Романтизм ағылш. romantіcіsm, франц. romantіsme, нем. romantіk) – 18
ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы
жартысында Еуропа мен Америка елдер інің рухани
мәдениетінде: музыка, театр, бейнел еу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем
салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт. Романтизмнің адамзат мәдениеті
дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін
гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың
кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт,
азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының
тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-
әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет.
Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік
сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір
материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз
әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселеле рін өз идеяларын насихаттау құралы ете
білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық
тереңін ашып көрсетті.
Әдебиеттанудағы романтизм: Әдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын
бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс; 2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың
басында Еуропа мен Америка елдерінд е пайда болған, осы әдісті
қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика”
сөзі ағылшын поэзиясында шығармашыл ық пафосты таныту мақсатында қолданылды,
сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас
бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18
ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың
шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып,
“Иен мектебінің” теоретиктері
(ағайынды Шлегельдер, Новалис, Вакк енродер, Тик) алғаш рет романтизмнің
біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзия ереже мен дәстүрді, өмір
заңдылығын мүлде мойындамайтын еркінпоэзия ретінде қабылданды. Романтизмге
толыққанды әмбебап анықтама беру мүмкін емес, ол әр ұлт әдебиетінде әр
түрлі көрініс тапқан. Романтизмде ортақ ұқсастықтармен қатар бір-біріне
мүлде ұқсамайтын әр тектілік те бар. Романтизмнің даму кезеңдеріне
ортақ типологиялық белгілер: қоғамға көңілі толмау; оған өзінің идеалын
қарсы қою; өмірге сын көзімен қарау; рухани азғындыққа қарсылық; заман
шындығынан аулақ кетуге ұмтылыс; арман, қиял; өткенді дәріптеу; азаттық,
бостандық идеясы; фольклорға, тарихқа ден қою; кейіпкерлерінің “ерекше”
болуы; көтеріңкі эмоционалды стиль; қайғы-мұңға, ғажайып-құпия,
фантастикалық жайттарға құштарлық; лиризм; патетика; әсірелеу, т.б.
Романтикалық шығармаларда бейнелеу құралдары, әсерлі суреттеулер (эпитет,
теңеу, метафора, ұлғайту, шендестіру, символ) мол кездеседі. Қазақ
әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра,
өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен оқшауланады. Халық ауыз
әдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан романтикалық белгілер 15 — 18
ғасырлардағы жыраулық поэзияда қаhармандық-жауынгерлік, азаттық-патриоттық
рухта көрініс тапты. Қазақ әдебиетінде романтизмнің тегеурінді көрінген
тұсы 19 ғасырда болды, ол ұлттық сөз өнері дамуының маңызды факторы
саналды. Осы кезеңде өмір сүрген Махамбет романтизмі Исатай
Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліспен бірге туып, азаттық бағытында
өрбісе, “Зар заман” ақындары шығармашылығында орыс отаршылдығына қарсы
болған, өз дәуірінің рухани болмысына қанағаттанбаған мінезден
көрінді. Абай романтизмінен өзге елдің билігі әсерінен халықтың ыдырап,
ұсақтауына қынжылыс байқалды. Ал Ақылбай мен Мағауия сюжетке құрылған
романтикалық поэмаларында (“Қисса Жүсіп”, “Медғат — Қасым”) “ерекше
жағдайда ерекше мінез жасау” арқылы индивидуалдық романтизмге жол салды. 19
ғасырда романтизм әдісі жазба әдебиетте толық қалыптасып, 20 ғасырдың
басында кемелденді. Дәуір алмасуы кезіндегі саяси және идеологиялық
дағдарыстар, ұзақ уақыт жат елдің езгісінде болған ұлт санасының қайта
оянуы, ұлттың өзін-өзі тануы — романтизмді дамытушы негізгі қоғамдық
факторлар болды. 20 ғасырдың
басында Б.Күлеев, М.Жұмабаев поэзия ларында романтизм биік деңгейде көрінді.
Мағжан романтикалық поэмалардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін әкелді
(“Батыр Баян”, “Қорқыт”, “Қойлыбайдың қобызы”, т.б.). Кеңес дәуіріндегі
әдебиетте романтизм реализммен кіріге жаңа сипат алып, өмірдің жарқын
тұстарын бейнелеуге, кейіпкердің ішкі сезім-сырларын жеткізуге қызмет етті.
Сөйте тұра романтизм бүкіл адамзаттың, ғаламның, өз дәуірінің,
қоғамының трагедиясы мен мұң-зарын көрсете білді, кейде тіпті оны шешуге
ұмтылыс жасады. Романтизмнің әдебиетке әкелген жаңалықтарының бірі — адамды
тануға деген құштарлық. Романтик қаламгерлер адамның жан дүниесіне,
ішкі психологиясына үңіле отырып, оның рухани әлемінің құпиясын, тереңдігі
мен күрделілігін, шексіздігін танытуға күш салды. Романтизмнің ұлттану
мәселесіне әдеби тұрғыдан қосқан үлесі мол. Романтиктер ұлттық рух пен
мәдени құндылықтарға аса қызығушылық танытты. Олар өткен тарихты бағалап
қана қойған жоқ, оны өздерінің сан қырлы әлеуметтік, эстетикалық
тұжырымдарына тірек етті. Романтизмнің мұндай ерекшеліктері көркем пішіннің
жаңаруына: тарихи роман, психологялық, фантастикалық повесть, әңгіме
жанрларының, лиро-эпикалық поэмалардың пайда болуына, лириканың тақырыптық,
идеялық ауқымының кеңеюіне зор әсерін тигізді. Романтизм әдебиетке жаңа
тақырып, соны кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көркемдік ерекшеліктермен
байытты. Қазақ
әдебиетінде Ғ.Мүсірепов, І.Есенберл ин, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов,Ә.Кек ілбаев
, О.Бөкеев, Қ.Аманжолов, Т.Айберген ов, О.Сүлейменов, т.б. қаламгерлер
pомантизм мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланды.
7. КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК АҒЫМ. Көркемдік әдіс.Абайпоэзиясында кең
өріс алған көркемдік әдіс — реализм. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым
терең, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін
тереңдеп ұғып-түсінуге, күнделікті жайларды, қарапайым адамдардың
бейнесін суреттеуге бет бұру — бұл реализм әдісінің бағалы жағы еді.
Ф. Энгельс реализм әдісі жеке дерек-жәйттердің шындығын былай
қойғанда, типтік характерлерді типтік жағдайда алып суреттейтінін атап
көрсетті. Реализм әдебиетте, көркем өнерде бұқара халықтың өмірін
неғұрлым мол, шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық әдеби
дәстүрлермен байланыс бұрынғыдан әлдеқайда күшейе түсті. Осының
нәтижесінде әдебиет пен көркем өнердің халықтық сипаты арта тұсті.
Орыс әдебиетінде реалистік әдіс А. С. Пушкин шығармалары арқылы
қалыптасып, М. Ю. Лермонтов, Н. В. Гоголь, И. А. Гончаров, И. С.
Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, А. П. Чехов сияқты
жазушылардың шығармаларында жан-жақты дамыды. Кейде реалистік әдіспен
жазылған шығармаларда шыншылдық пен сыншылдық араласып келгенде сыншыл
реализм деген ұғым да қолданылады. Абай шығармаларына тән көркемдік
әдістен реализмнің де, сыншыл реализмнің де сипат-белгілері молынан
көрінеді. Абайдың өмірді, адамды суреттеуі барынша шыншыл да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz