Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

«Жалпы психология» кафедрасы

С. Молдасапарова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру

050103 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Түркістан 2012

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих-педагогика факультеті

«Жалпы психология» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы психология» кафедрасының

меңгерушісі п. ғ. д., доцент

Ж. З. Торыбаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру

050103 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Орындаған: ППП-811

тобының студенті С. Молдасапарова

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент м. а. Е. Ауелбеков

Түркістан 2012

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 4

1 Орта мектепте көркемөнер құралы арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Эстетикалық тәрбие және оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру

мәселелері . . . 7

1. 2 Көркемөнер құралдары негізінде оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері . . . 25

2 Мектеп оқушыларының көркемөнер құралдары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру әдістемесі

2. 1 Мектепте көркемөнер құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беруде оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру мазмұны . . . 46

2. 2 Көркемөнер құралдары арқылы 5-сынып оқушыларының эстетикалық сезімдері мен талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдері . . . 54

Қорытынды . . . 67

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі . . . 69

К І Р І С П Е

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы «Білім туралы» заңының қабылдануы.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты елімізді дамытудың стратегиялық бағдарламасында болашақ қоғам мүшелері - жастардың білімді болуы тиіс екендігі алдыға негізгі міндет ретінде қойылды [1] . Ал, Елбасының 2012 жалға 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында келешек ұрпақтың тәрбиесін, оқу-білімін қазіргі әлемдік жаңа технологиялардың негізінде арттыру қажеттілігін баса назарда ұстау керектігін көрсетіп берді[2] .

Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғаcында, жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Ал эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудың негізінде білім беру жүйесінің пайда болғандығы белгілі. Сондықтан да тәрбие, білім беру үрдісі қоғамдық-тарихи жағдайдағы қоғамдық қатынаспен, қоғам өмірімен тығыз байланыста жүреді. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес қоғамның өндіргіш күшін даярлау қоғамдық қажеттілік, соның негізінде білім беру қоғамдық құбылыс ретінде жетілдіріледі. Білім беру қоғамдық құбылыс болғандықтан, жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап аға ұрпақ қол жеткізген өндірістік эстетикалық тәрбиені игертіп, қоғамға қажетті өндірістік күш даярлауды жүзеге асырады.

Белгілі ғалым А. Байтұрсынов қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі сұлулық сырларының бейнелеу үлгілеріне көңіл бөлуді ерекше атады. Ол Г. Хлудовтың көркем туындыларындағы қазақ салт-дәстүріне жат қылықтарды айрықша атап көрсетті. Атап айтқанда, «Бие сауу», «Байдың көші» т. б. көркем шығармаларындағы кемшіліктерді жібермеуге сын пікір айтты[3] . Ал ағартушы ғалым, педагог М. Жұмабаев сұлулық тәрбиенің дені баланы өнерге баулу екендігін, әсіресе ұлттық өнерге тәрбиелеу екендігін көрсетеді[4] . Сол сияқты, қазақ ақыны, ойшылы Ш. Құдайбердиев оқы, білім ал, өнер, біліміңді халқыңның қажетіне жұмса дейді[5] . Ғалым-педагог, жазушы Ж. Аймауытов болса, білім мен өнерді күнделікті өмір тәжірбиесімен ұштастыра білуге назар аударған[6] .

Мектеп кезеңіндегі балалардың көркемөнерлік әрекеттері туралы Я. А. Коменский[7], И. Г. Пестолоцци[8], Ф. Фребель[9] т. б. еңбектерінде көркемдік-шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоциональдық көңіл-күй, жағдай туғызатындығымен түсіндірілген. Сондықтан мектепте баланың басты әрекетінің бірі ретінде педагогикалық үдеріске эстетикалық тәрбие пәндерін, құралдарын енгізген маңызды болып саналады. Белгілі ғалым Менчинская Н. А. шығармашылықтың жалпы заңдылықтарына тоқтала келе, оны әлеуметтік мәнділігі басым, қоғамға қажетті және пайдалы құндылық туғызатын, қоғам қажеттілігін өтейтін құбылыс және объективтік шындықпен бірлескен саналы қоғамдық субъектінің жасампаздығы екендігін тап көрсеткен[10] . А. В. Бакушинский өзінің зерттеулерінде көркемдік шығармашылықты таным мен қиялдың, практикалық әрекет пен психикалық үдерістің үздіксіз тұтастығы ретінде сипаттап, рухани-тәжірибелік әрекеттің нәтижесінде ерекше материалдық өнім, яғни өнер туындысы пайда болатындығын тұжырымдаған[11] .

Мектептегі эстетикалық, көркемөнер бағытындағы әдебиеттің, музыка мен бейнелеу өнері пәндерінің тұлғаны дамытушылық, оқушылардың сұлулық тәрбиесі мен сезімдерін қалыптастырушылық сипаты және олардың оқытылуы, білімдік мазмұнындағы психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы мәселені қарастырғанда көбінесе И. М. Сеченев [12], И. П. Павлов [13], Б. М. Неменский[14], Е. Н. Игнатьев [15], Л. В. Занков [16], В. П. Зинченко [17], Н. Н. Ростовцев [18], В. С. Кузин [19], С. Ұзақбаева [20] Қ. Ералин [21] т. б. еңбектеріне сүйенеміз.

Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда жеке тұлғаны қалыптастыруда эстетикалық тәрбие маңызды мәселелердің біріне айналды. Соған сәйкес, баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылатындығы белгілі. Ш. Амонашвили[22], В. Давыдов[23], Л. Занков[24], Д. Эльконин[25] және т. б. психологиялық-педагогикалық зерттеулері осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, яғни, орта сыныптарға өту кезеңінде оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізді.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар тәрбие мен білім беру жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғамен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-эстетикалық сезімі мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Дегенмен, қазіргі жас ұрпақтың дүниетанымын, эстетикалық тәрбиесін көркемөнер арқылы қалыптастыру, олардың эстетикалық сезімдерін арттыру қажеттілігінің басым болуы мен оның нақты педагогикалық мүмкіндіктерінің анықталмауы арасында; көркемөнер құралдарының тиімділігі мен олардың бүгінгі мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыруда толыққанды пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтар анықталды.

Анықталған қарама-қайшылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру» деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамытуда және тәрбие беру барысында көркемөнер құралдары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың теориялық негіздерін ашып, оны жүзеге асыру жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы эстетикалық тәрбиенің орнын айқындау.
  2. Көркемөнер құралдары негізінде оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу.
  3. Мектепте көркемөнер құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беруде оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру мазмұнын анықтау.
  4. Оқушылардың эстетикалық сезімдері мен талғамдарын дамытудың әдіс-тәсілдерін көрсету.

Зерттеудің нысаны: Жалпы орта білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Орта мектеп оқушыларының көркемөнер құралдары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.

Зерттеу әдістері: Ғылыми-әдістемелік оқулықтар, баспа материалдарын, озат педагогикалық тәжірибелерді сараптау, талдау, сауалнама жүргізу, тест, бақылау.

1 Орта мектепте көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Эстетикалық тәрбие және оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері

Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады. Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін «әдемілік заңы» бойынша құруға тырысуы қажет.

«Эстетика» грек сөзі, ол сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Яғни, эстетика - өмірді сезім арқылы танып білудің негізгі жолы болып табылады. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғатты, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.

Эстетика ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгізген немістің рационалист философы Александр Баумгартен болды. Ол өзінің «эстетика» атты еңбегін 1750 жылы басып шығарады. Осы кезден бастап «эстетика» ұғымы жаңа ғылым атауы ретінде қалыптасты.

Эстетика ғылым ретінде құлдық қоғам дәуірінде Египет, Вавилон, Индия, Қытай жерлерінде бастау алды.

Эстетикалық тәлім-тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру үшін берілетін тәрбие болып саналады. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланыста жүреді әрі адамның бүкіл дүниетанымына, дүниетанымдық көзқарас, түсініктеріне тәуелді болады [26] .

Дүниетанымдық ұғымдардың өзегінде ғылыми, көркем, ұлттық дүниетанымдар жатады. Соған сәйкес, Қорқыт ата [27], Әл-Фараби [28], Қожа Ахмет Ясауи [29], Махмұт Қашқари [30], Жүсіп Баласағұни [31] сынды ғұламаларының, халықтың ұлы перзенттерінің ой толғаныстары мен дүниенің, жаратылыстың ақиқатын, мәнін ашуға тырысқан көзқарастары қазіргі өмірдің көптеген сырларын көркемдік, эстетикалық тұрғыдан танып білудің қайнар көзі болып табылады.

Қазақтың демократ ғалымы Шоқан Уалиханов, ағартушы ғалымы, көрнекті педагогі Ыбырай Алтынсарин, ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаев және т. б. халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қоса отырса, эстетикалық тәлім-тәрбиенің маңызына ерекше мән берген. Ы. Алтынсарин "Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі" деп бекер айтпағандығы белгілі [32], А. Байтұрсынов: « . . . мұғалім қандай болса, мектеп Һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім деп жазса, ал балабақшада - тәрбиеші», - деп өзінің "Мектеп керектері" еңбегінде жазды[33] .

В. Г. Белинский сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы екендігін анықтай отырып, сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ екендігін дәлелдейді. Ол эстетикалық сезімді адамдағы ізгіліктің негізгі деп түсіндіреді[34] .

Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасын талдауға тарихи кезеңдердегі халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері А. В. Луначарский[35], Н. К. Крупская[36], А. С. Макаренко[37], В. А. Сухомлинский[38], К. Д. Ушинский[39], В. Н. Щацкая[40], А. И. Буров[41] т. б. өкілдері қатысты.

А. В. Луначарский эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласынан қайсыбір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайтындығын, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылмаса, онда сол білімді толық емес деп есептеген[35] .

Л. Н. Толстой әрбір адамның бойында көркемдік шығармашылығына қатысты әртүрлі қажеттіліктің болатындығына, соны міндетті түрде дамытып, тәрбие мақсатына қолдану туралы ойын айтса[42], К. Д. Ушинский барлық балалардың бірі қалмастан әуесқой суретші екендіктерін жазса[43], В. А. Сухомлинский әрбір баланы өздігінше ақын деп көрсеткен[44] .

В. Н. Щацкая эстетикалық тәрбиені - айналадағы болмыста, табиғатта, қоғамдық өмірде, еңбекте, көркемөнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін тәрбиелеу деп сипаттай келе, баланың көркемөнерде, өмірде әсемдікті жасауға шамасынша қатысуға қабілеттері мен мүмкіндіктерін тәрбиелеу деп сипаттама берді[40], ал А. И. Буров эстетикалық тәрбиеге «әсемдік заңы бойынша» адамның әрекетке және көркемөнерге эстетикалық көзқарасын, эстетикалық қажеті мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру деген тұжырымдар жасайды[41] .

Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы, мәні туралы, бейнелеу өнері мен әдебиет, музыка арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудыњ µзекті мєселелері Б. М. Неменский[45], С. А. Герасимов[46], Б. Л. Юсов[47], А. П. Фомичев[48], И. П. Волков[49], Н. Ф. Талызина[50], В. С. Мухина[51] т. б. ењбектерінде қарастырылды. Мәселен, Б. М. Неменский, В. С. Мухина, С. А. Герасимов, Б. Л. Юсов т. б. оқушыларға бейнелеу µнерінің негізінде олардың кµркемдік шыѓармашылыќ ќабілеттерін, эстетикалыќ сезім мен ќиялдарын, дүниетанымдарын ќалыптастыру ќажеттілігін айқындады және оның ғылыми сипатын көрсетті.

Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа салалармен де тығыз байланысты. Ол еңбек, ақыл ой, адамгершілік, дене, сенсорлық т. б. тәрбие түрлерімен қоян-қолтық ұштасып жатады. Оқушыға оқылатын құбылыстың әсемдік сырын ашпай тұрып, оған ақыл-ой тәрбиесін беру, еңбек үдерісі мен мазмұнының игі жақтарын танытпай еңбек тәрбиесін беру, іс әрекеттің адалдығын танытпай адамгершілік тәрбиесін беру, адам дене құрылыс мүшелерін танытып алмай дене тәрбиесін беру мүмкін емес. Олай болса, эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді. Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуын, көркемөнер, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғатты, өнердегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасындағы қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге, тіпті соны өзі адам игілігіне жасай білуге үйретуді жаттықтыруды және соған қабілетті болу дағдыларын меңгертуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып, таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.

Өмірдегі, өнердегі және табиғаттағы әсемдікті көре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақтан пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онда болмысқа деген эстетикалық көзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушыларды табиғаттағы, өнердегі, адамдарды қарым-қатынастағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыландырады. Яғни, олар «әсемдік заңы бойынша» өмір сүруге үйренеді, шығармашылық қабілеттерін дамытуға дағдыланады. Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады.

Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, ал екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.

Мектеп оқушыларының эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне отырып жасай білу жеке тұлғаның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары сезімде рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр жеке тұлғаның эстетикалық сезімі тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Жеке тұлғаның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез құлқы айқындалады. Осыдан келіп жеке тұлғаның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зер салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғамда жеке тұлғаның сұлулық тәрбиесіне тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар жеке тұлғаның шындыққа қатынасын анықтайды.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу - балаға тән нәрсе, құбылыс. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс әрекеті тиімді және сапалы болу үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселереге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және мәдениеттілік- материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген тауарлар сапасының әсемдігі тұтынылу тиімділігіне де үлкен әсер етеді. Мұның өзі әсіресе қазіргі заманда әр баланың білім алуда белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары мен үдерісі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұрағаттардағы, оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін сұлу әлем ашылса, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениет және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.

Мәселен, көрнекті швейцар психологі Ж. Пиаже өзінің балалар психологиясын зерттеуде олардың суреттерінің анағұрлым шынайы әрі олар психологиялық ойларға толы болатындығын жазады[52, 69] .

Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелілігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және іс әрекетінің үдерісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту; көркемөнер, рухани және денешынықтыру мәдениеті саласындағы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тәрбие тұлғаны әсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау эстетикалық қатынастарын және олардың әрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-әрекеттерінде (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса маңыздылары ретінде эстетикалық тәрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді үздіксіз дамыту: оқушылардың ән күй мәдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тәрбие мен білім беру, көркем әдебиеттік қабілеттер дарыту және дамыту.

Әсемдікке тәрбиелеудің нәтижелік көрсеткіштері: тәрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттары, құбылыстар көркем шығармалар әлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысуы болып табылады.

Эстетикалық тәрбие бойынша қызметтер мазмұны; мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем әдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстелде кездесулер ұйымдастыру; әйгілі орындаушылар (жеке әншілер, хор, оркестрлер) күй табақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын және т. б. жасау.

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән мәселелері бар. Олардың бірі эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу
Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері
Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Батик өнері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Гобелен тоқу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz