КӨРНЕКТІ ТҮРІК ЖАЗУШЫСЫ ӘЗИЗ НЕСИН ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КӨРНЕКТІ ТҮРІК ЖАЗУШЫСЫ ӘЗИЗ НЕСИН ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ.

Несиннің сатиралық шығармалары ондаған тілге аударылды. Таңдаулы
туындыларының көбімен қазақ оқырмандары да жақсы таныс. Әзиз Несин
жұртшылыққа кітаптарымен ғана емес, айтулы қоғам қайраткері, ымырасыз
атеист ретінде де белгілі еді.
Көрнекті жазушының шығармашылығы жан-жақты. Ол тек қана әңгіме
жанрымен шектелмейді. Жазушының қаламынан туған роман, пьеса, ертегілерде
сатириктің дарыңды табиғи таланты айқын көрінеді. Дегенмен де, Несин
шығармашылығында орны ерекше жанр новелла болып табылады. Новеллистің
сатиралық туындыларының қатарына "Өлген есек" шығармасын жатқызамыз. "Өлген
есек" пішініне қарай сатирада пайдаланылатын жанрлардың бірі очерк-әңгімеге
жатады. Ал мазмұны мен әлеуметтік уыттылығына қарап памфлетке жатқызуға да
болады. Яғни ол сатиралық жанрдың шеңберінен шығып кеткен. Дегенмен де,
әдебиет тарихында жанр жүйесіне сыймай жататын шығармалар да баршылық.
Мысалы, Грибоедовтың "Горе от ума" шығармасы әдеби қалыпты сақтап түр деп
айта алмаймыз. Осындай қалыптасқан әдеби жанрдың шегінен шығуға қаламгерді
итермелейтін қандай жағдай? Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Солардың
бірінші себебі — жазушының мазмұн мен пішінге сыйымсыз, шындықтан алшақ
туындының талантсыздықтың салдарынан болуы, екінші бір себебі — керісінше
қаламгер туындысының нағыз хас шебердің қолынан шыққандығын айқындайтын
және оның дүниеге көзқарасы мен шабыт шалқарының қалыптасқанын білдіретін
әдеби қалыптан шығып кетуі.
Әзиз Несиннің шығармаларында халқының, қарапайым ауыл адамдарының өз
заманындағы бастан кешкендерін нағыз суреткерге тән нақышпен кестелеп, оны
нәзік юмормен астастыра отырып жеткізген. Жазушының әрбір әңгімесінің
мазмұнына үңілсек, әдеби шығармашылық жолда өз бітіміне тән ерекшелігі —
сұлу нақышты мөлдір мағынаны, терең мазмұнды, жан біткенді тұтқындай алатын
"сиқырлы" тілі аса көркем. Жазушы қай тақырыпқа жазбасын, халықтың ертеңгі
болашақ жолындағы күресін суреттейді, оның қай-қайсысы да идеялық мазмұны
терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде
оқырмандарының есіне оралары сөзсіз.
"Бәрі-бәрі тамаша" атты әңгімесінде Әзиз Несин байдың ескі танысына,
кедейге дегсн немқұрайдылығын көрсетеді. Бұл екі кейіпкердің сырт бейнесі
де бір-біріне үқсамайды. Жафар бей бойшаң, етженді, қымбат пальто мен
қалпақ киген адам. Бет пішіні Муссолиниге үқсайды. Жафар бейдің танысы
кебісі тозған, ескі пальтосының жеңі қырқылған, көзілдірігі сынып, сол жақ
әйнегін құлағына жіппен іліп қойған адам.
"Піл" атты Хамди қалай ұсталды?" деген әңгіме де ерекше. Бұнда
қашып кеткен қарақшының анық сипаттамасы айтылады. Бұл кейіпкердің портреті
көркем бейне емес. Бұл полицейдің сипаттауымен айтылатын құжат сияқты.
Әзиз Несиннің көптеген кейіпкерлері жоқшылықтың, құлдықтың
қамытын кигендер. Олардың жүзі сынық, уайымшыл, ауру-сырқау болады.
"Стриптиз Басри" әңгімесіндегі Басри, "Құрдымға құлап барамыз"
әңгімесіндегі ренжіткен адам, " Үй жалға беріледі әңгімесіндегі тұтқын
бейнесі сондай адамдар.
"Алаңдағы сағаттар" атты әңгіменің оқиғасы Стамбулдың алаңдары мен
көшелеріндегі сағаттарының бір-бірінен өзгеше уақытты көрсететіндігінен
зардап шеккен адамның қайғысын баяндауға құрылған. Осы арқылы жолы болмаған
жұмыссыз адамның қайғылы тағдыры анық көрінеді.
Көше шамы "Біздің көшенің шамдары" атты әңгімеде басты арқау
болады. Бір көшенің түрғындары сайлау күнде болсын деген тілек айтады. Бұны
әуелі адамдардың саяси белсенділігі артқаны деп үғады. Өйткені сайлау күні
көшедегі шамдардың бәрі жанып тұрған екен.
Сатиралық новеллаға сюжеттің жаңалығы, оның саяси өткірлігі маңызды.
Әзиз Несин жүздеген новеллаларды дүниеге әкелді. Новеллистің өзінің
мойындауынша, жаңа әңгіме үшін жаңа сюжет іздеу, сюжеттік құрылымның жақсы
нұсқасын таңдау ауыр еңбектенумен байланысты.
Сатиралық новеллалар Әзиз Несин шығармашылығындағы ең ұтымды жағын
құрайды. Жазушыға халықаралық сыйлықтар да осы сатиралық новеллаларына
берілгені кездейсоқтық емес.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы
Түрік-қазақ әдеби байланыстары
Қазақ энциклопедиясы
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
ХХ ғасырдағы Батыс және Шығыс әдебиеті.
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Түркия Республикасы
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Өтпелі кезеңдегі және бүгінгі таңдағы газет полемикасының басты тақырыптары мен көтерген мәселелері
Диуани лұғат ат-түрік
Пәндер