МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 БӨЛІМ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қабілет туралы жалпы ұғым, оны қалыптастыру және дамыту
негіздері
1.2 Мектепке даярлық тобындағы балалардың ес процесінің даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
... ... ... ... ... ... ... ... .. . ... ...
1.3 Қабілеттілік пен есте сақтау процесінің өзара 20
байланысы ... ... ... ... ..
2 БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ
ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
2.1 Мектепке даярлық тобының мнемикалық қабілеттерін тәжірибелік 39
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. . ... ... ... .
2.2 Мектепке даярлық тобының оқуға қабілеті мен есте сақтау
процестерін психологиялық зерттеу 48
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 62
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан халқы Қазақстан Президентінің
тәуелсіз елімізді өркендетуге бағытталған бастамалары мен шешімдеріне
қолдау көрсетіп, іске асыруға міндетті екендігін терең сезінуі қажет.
Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық, саяси қарқынды даму жағдайы, білімді
тұлғалардың шығармашылық деңгейінен, қабілеті және белсенділігінен
айқындалады.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында жеке тұлғаның
шығармашылығының: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен айқындалады ұлттық жауапкершілікті сезінуді
көздейді.
Еліміздің сапалы дамуының жаңа сатысына, биік белестерге
көтерілуіне бағыт берген бұл маңызды құжатта еліміздің бәсекеге шынайы
қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін реформалау
қажеттігі атап көрсетілді. “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз” етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдардың бірі деуі соған дәлел деп білеміз.
Елбасы атап өткендей, білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге
нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай
келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Осыған орай Білім және ғылым
министрлігінің алдында ауқымды міндеттер қойылды.
Жаңа фармацияда білім беру саласындағы барлық процесте,
тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби
дайындықтарын толықтыру, балалардың жекелік ерекшелігін ескеру,
қабілетіне және тұлғалық бағыттылығына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.
Ұлы бабамыз әл-Фараби білім мен тәрбиенің ұрпақ өмірінде алатын орнын
жоғары қойып: “Адамға ең алдымен тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген
білім адамзаттың қас жауы” деп түйіндеген екен. Біз мектептегі оқу мен
тәрбиені осы ұлы қағидаға сүйеніп, қатар жүргізіп келеміз.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту
жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың)
өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен
практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған
педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш
бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты
бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға
жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға
мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамытуда көру
қбілетінің алатын орны ерекше.
Баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер
етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік
факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар
қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды,
оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың
тигізетін әсері өте үлкен. Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерінің
ішіндегі көру қабілеттерін зерттеу - психологиялық қызмет көрсетудегі
күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген
психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-
Керн, Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, А.Г.Зак,
И.В.Забрамная, Е.И.Рогов, Мотков т.б. жасаған әдістемелер кеңінен
пайдаланылуда. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде.
Швейцар ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске
сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі
технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасында барлық таным процестерін жедел
дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға
үлкен үлес қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп
көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі
зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан
және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек)
қарастырады. Зерттеу жұмысының өзектілігін келесі факторлармен
көрсетуге болады:
- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін
адамның қажеттілігі;
- мектеп оқушыларының өздігінен көру қабілетін дамытуды зерттейтін,
оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі.
Оқушылардың көру қабілеттінің бұзылуындағы психологиялық
ерекшеліктерін зерттеудің маңызы психологиялық, қызметті ұйымдастыруда
өте үлкен. Сондықтан әр психолог оның әдістемелерін жақсы меңгеріп,
қолдану ережелеріне толық түсінік алғанда ғана ол өз қызметіне қажетті
деңгейде атқаруға даярльқтан өтеді.
Көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттеу
әдіс тәсілдерін тереңірек меңгеріп алу үшін жұмыс тақырыбын Көру
қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшелікер деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларындағы көру қабілеттерінің
бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және дамыту жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Оқыту барысында баланың көру қабілетінің
бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық,
әдіснамалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеті:
- оқыту барысында баланың көру қабілеттерінің бұзылуындағы
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- оқыту барысында баланы белсендендіру әдістерін зерттеу;
- оқыту барысында баланың сөйлеу, ойлау және қиялының дамуын зерттеу;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында көру
қабілеттерінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін
факторларды анықтау.
Зерттеудің практикалық қолданымы.
Баланың іс - әрекеті барысындағы көру қабілетінің бұзылуындағы
психологиялық ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік бағыттарын
анықтап, оларды түзету жұмыстарын жүргізу.
Зерттеу әдісі: Бала әрекетінің өнімін талдау, психологиялық-
педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және
статисталық материалдарды зерттеу әдістері, теориялық әдістер және
эмпирикалық әдістер – бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту
туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып
оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық
тапсырмалар таңдап алынды.
Зерттеудің эксперименталдық базасы Түркістан қаласындағы, М.Әбенова
атындағы қазақ орта мектебі.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 БӨЛІМ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Қабілет туралы жалпы ұғым, оны қалыптастыру және дамыту негіздері
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет
және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға
ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір
жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз
алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады.
Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық
процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін
қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік,
дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек.
Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке
келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі
қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет
адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни
қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері
жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және
дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге
тәуелді.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олар-дың қабілетпен
тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса
отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей,
танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез - шабан, оңай -
қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің
тиімділігі қабілетке тәуелді.
Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап
отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атайық:
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет -
кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты
орындауға жарайтын жо¹ары ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған
білім, ептілік және дағдылардан оқшау, ?ажет әрекетті игеру желісінде ғана
көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам
іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің
жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап,
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт
жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен
шеберлік пайдалануы лазым.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет
пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің
мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан
қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең
мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек
болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Қалыпты адам өзінің дене
және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда
пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны
мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.)
Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные)
болып екіге бөлінеді.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне
бермейді, алайда белгілі әлеумет-тік жағдайлардың өзгеруімен қызмет
желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында
іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы
әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді
тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама
көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде
қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі
не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті
болмай қалады.
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін
қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге
психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының
табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың
анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын
мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын
қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының
бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі
құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында
дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол
нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.
Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі
(күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы ж.т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке
процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип)
байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына
қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына
жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал
жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі
(И.П.Павлов) ажырала-ды: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге
негізделген); ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген);
аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан). Осы-дан, "суреткерлер" - объектті
тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға
шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән
құбылыс.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес.
Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума
берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу -
болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда
белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай
нышандық белгісі болса (музыкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның
нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып,
дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді;
сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі
қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден
адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыка сыншысы, педагог,
композитор ж.т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-
әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне
негіз береді.
3. Қабілет және тұлға даралығы
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның
сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты
танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті
орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара
үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Дегенмен, белгілі
бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі
бір-бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет,
қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық.
Адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды,
ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік,
талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін
жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін
дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу,
шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық
қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік,
жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар,
сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап
шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі
анағұрлым жоғары.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды
игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.
Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-
әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп
аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де
қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта
жасау қызметтерімен байланысты келеді.
Әрқандай кәсіптегі (мұғалім, дәрігер, ұшқыш, спорт-шы ж.т.б.)
шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық
дайындықты қажет етеді.
Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында
адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден
екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да
қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан
жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.
Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық
құбылыс - талант. Талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік,
әдеби шығармашылық ж.т.б.) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер
сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі
өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.
Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы
дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында тұрған нақты
міндеттерге байланысты.
Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шың-далу деңгейі -
данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде,
адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола
алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400-ақ кемеңгер
көтеріліпті (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген
замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар
Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи
көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы
адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын
психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл тұлғаның жоғары
белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық
ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.
Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз асамайды. Осыдан, шабыт -
қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік.
"Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П.И.Чайковский).
Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа
бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары.
Көздің анатомиялық құрылысы жайлы түсінік және оның бұзылыстары
Көру анализаторы- күрделі функциональды жүйе, оған көрудің қабылдаушы
құрылыс көз, көру жүйесі, ол арқылы сигналдар қоршаған ортадан үлкен ми
жарты шарлар қыртысына түседі. Қыртыстың артқы аймағында орналасқан
қабылдаушы жасушалар бар. Көз алмасының сыртқы қабығы- склера. Склераның
алдыңғы бөлігі мөлдір қабыққа ауысады. Склераның сыртқы талшықтары көру
жүйесінің қатты қабығын түзеді. Склераның ішінен қан тамырларға бай
тамырлық трант атты қабықпен жабысқан. Тамырлық трант үш бөліктен тұрады:
- тамырлы қабық;
- кірпікті дене;
- нұрлы қабық.
Алдынан тамырлы қабық біртіндеп тығыздалып, кірпікті дене түзеді,
Оның құрамына кірпікті, аккомадационды бұлшықеттер жатады. Кірпікті
бұлшықет қозғалтқыш жүйкенің талшықтарымен жүйеленеді. Нұрлы қабық түсі әр
адамда өзгеше, оның түсі құрамындағы пигментке байланысты. Нұрлы қабықта
бұлшықеттер орналасқан, бұлшықет көмегімен қарашық таралып, кеңейеді. Нұрлы
қабықтан кейін көз бұршағы орналасқан, көз бұршақ атындағы көз алмасының
кеңістігі шыны тәрізді денемен толтырылған. Көз алмасының ішкі қабығы-
торлы қабық тамырлы троктың ішкі жағынан орналасқан. Торлы қабық жүйке
жасаушаларының бірнеше қабаттарынан таяқшалар мен сауытшалардан аяқталатын
аппараттан тұрады. Таяқшалар түнгі көрудің, сауытшылар күндізгі көрудің
аппараты. Торлы қабықта 130 мың таяқшалар, торлы қабық перифериясында
орналасқан. Торлы қабықтағы сауытшылар саны 7ың, олар торлы қабықтың
орталығында, басым бөлігі сары дене аймағында орналасқан. Сауатшылар
орталық көру, түс ажыратуға байланысты болады. Торлы қабықтың орталық
аймағы – сары дене. Сары дене көз жүйке дискісінен сыртқары жатыр. Сары
дене орталық шұқыр, таяқшалар орналсқан. Көру жүйесінің кірер жерін
фоторецепторлардан айырылған жарық энергиясы әсерінен пайда болған жүйкелік
қозу, көру жүйкесін түзетін өткізуші нейрондарға беріледі. Екі көздің көру
жүйкесінің талшықтары кқру қиылысқаннан кейін жеке жүйке бағаналары түрінде
шығады, аталуы – көру тарнты. Қыртысастылық біріншілік көру орталықтарында
аяқталады. Сыртқы тізелік денеден көру жүйке жолдары қыртысты көру
орталықтарына барады. Қыртысасты түзілімдерде аздап импульстарды көру жүйке
жолдарынан, есту қимыл анализаторларына жеткізілуі болады, бұл көрудің
басқа сезім мүшелерімен байланысын дәлеледейді. Көрудің негізгі қызметі:
көз өткірлігі, түс ажырату, көру аймағы, көз қозғалтқыш қызметтер, көз
өткірлігінің бұзылысы рефракция, жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік
түрлері бар.
Жақыннан көргіштіктің екі түрін ажыратады: жалған және қарапайым
жақыннан көргіштік. Жақыннан көргіштікке көздің рефракциялық бұзылыстарына
байланысты бейне торлы қабық алдында орналасады. Жалған жақыннан көргіштік
кезінде болса 4-6 см қашықтықта көре алады. Яғни жақын арақашықтықта
алыстан көрушілермен, көру қабілетін жақсы адамдармен салыстырады. Баланың
бұлай көруі аккомадацияға үлкен күш салумен түсіндіріледі. Бала 1,5 жаста
көздің алдыңғы-артқы диаметрі 92 пайызға ұлғаяды, ол үшін жасында ересек
адам көзінің диаметрі 94 пайызға жетеді. Мектепке дейінгі уақытта көз дамуы
қалыпты болуы мүмкін, бірақ бала суреттерді қарап жатқанда, суретке тіптен
жақын қарауынан баладағы жақыннан көргіштік ауру деп қабылдауы мүмкін.
Бірақ бұл жалған жарқыннан көргіштік және бұл көзілдірікпен коррекция
жасауды талап етпейді. Тіпті 7 жастағы көптеген балалардың анық көру
нүктесінің арақашықтығы 6-7 см аспауы мүмкін. Қарапйым жақыннан көргіштік
әлсіз балаларда 3 жастағы балаларда көптеп кездеседі. Ол көбінесе көздің
алдыңғы-артқы диаметрінің ұлғаюына байланысты. Жақыннан көргіштік баланың
іс-әрекетін, тіпті мінезін өзгертуге алып келеді. Мұндай жағдайда бала
шашыраңқы, суреттерді қарағанда еңкеюге мәжбүр, бас ауруына, көздің
ауырсуына шағымдалады. Нағыз жақыннан көргіштікте параллельді сәулелер
торлы қабыққа емес оның алдына түседі. Осының арқасында байланыс каналы
бұзылады, ал көрген зат бұлдырап анық көрінбейді. Айқын жақыннан көргіштік
кезінде анық көру нүктесі көден 25 см-ден жақын емес орналасуы мүмкін.
Жақыннан көргіштік пайда болу себебі жалпы гиподиномия және целисорлы
бұлшықеттің қажуы. Жалпы гиподинамия, яғни бала қимылының аз болуы
аккомадация спазмына ғана емес, сонымен қатар алмасудың бұзылыстарына алып
келеді. Түрлі дәрежедегі көру өткірлігінің бұзылыстары, жақыннан
көргіштіктің түрлі дәрежесіне алып келеді: әлсіз (3,0), орташа (3,0-3,6),
күшті (6 және одан да жоғары).
Алыстан көргіштіктің екі түрі ажыратылады:
- табиғи;
- қарапайым.
Нәрестелердің алыстан көргіштігін ерсектермен салыстырғанда мөлдір
қабық, көз бұршағының томпақтау табиғи жағдайда нәресте көзбұршағының
алдыңғы беткейінің қиғаш радиусы ересектермен салыстырғанда екі есе кіші.
Көздің алдыңғы-артқы диаметрі ересектермен салыстырғанда 25 пайызға төмен,
балат көзінің құрылысы сәуленің көп түсуіне алып келеді, осының
нәтижесінде параллельді сәулелер торлы қабық артында қосылады. Содан заттың
анық көрінбеуіне алып келеді.
Қитар көз. Көз қозғалтқыш қызметінің бұзылысының көздің біруінің жалпы
финсация нүктесінен ауытқуымен сипатталады. Шартты түрде бірлескен,
санлдық түрлерін ажыратады. Салдық қитар көз- көз қимылының
шектелуімен (парез) немесе жақтығымен (парлич) сипатталады. Қитар
көздің бұл түрі: жарақат, инфекция, ісік, интонцинация, қан құйылулар
нәтижесінде дамиды. Бірлескен қитар көз ұдайы немесе периодтық көздің
біреуінің бірлескен финсация нүктесімен ауытқуымен бинокулярлы көрудің
бұзылуымен сипатталады. Бірлескен қитарлыққа алып келетін этиологиялық
факторларға:
- орта жүйке жүйесінің ауруы;
- рефракция бұзылысы;
- көз қозғалтқыш аппараты аномолиясы.
Балаларда қитарлық көп жағдайда 2-3 жасында пайда болады. Кейде
аурудан кейін, қорқыныштан кейін байқалады.
Нистагм. Көз қозғалысы қызетінің нистагм түріндегі бұзылысы көз
алмасының еріктен тыс толқынды қимылдармен сипатталады. Физиологиялық
және патологиялық түрлерімен ажыратылады. Физиологиялық нистагмның бір
түрі оптокинетикалық нистагм көз алдында жылдам қимылдайтын
обьектілерді қарағанда пайда болады. Оптокинетикалық нистагм себептері
жатырішілік даму, босану кезіндегі, босанғаннан ейінгі жиі кездесетін
патологиялар құрайды.
Бала өмірінде көрудің маңызы. Көру қабілетінің бұзылысының жүйкелік
сипаты және әлсіз көретін балаларда екіншілік ауытқулар.
Қабылдаудың толымдылығын жылдамдығынан көз- адамның басқа сезім
мүшелерінен асып түседі, көру ақпараты үлкен ми қыртысына келетін
ақпараттың 9
Пайызын құрайды. Көру арқылы заттардың көлеміне, түсіне, арақышықтығына
баға береміз. Басқа сенсорлы жүйелерден ерекшелігі көру анализаторы
генетикалық тұрғыда мимен тығыз қатынаста дамиды. Нәрестенің өмірінің алғаш
күндерінен бастап көру, есту, иіс сезу басқа сезімдермен байланысады. 2-3,5
айында дыбыстық қоздырғыштыққа қарашық рекациясы пайда болады. Кейінірек
біртіндеп көру сыртқы ортаның анализі дамиды. 7,5- 8 айлық балада
вертикальды бағытта қозғалып жатқан заттарды қадағалау қызметі дамиды. Көру
көмегімен бала кеңістікті бақылайды. Баланың көру сезімі арқылы алған
тәжірибесі күрделі жүйені көру- естулік, көру- тантильдік, көру-
қозғалыстық байланыстардың дамуына көмегін тигізеді. Түзілген түрлі
жүйелер, жүйкелік байланыстар сыртқы ортаның кез-келген әсерімен өзгереді:
дыбыс, дәм, механикалық қоздырғыштардан.
Балалар көру бұзылысының дәрежесіне байланысты классификациясы
Көру бұзылысының дәрежесіне және оқу материалдарын қабылдауына
байланысты келесі топтарды ажыратамыз
- соқыр және практикалық соқыр балалар көру өткірлігі 0-0,04
аралығында. Мұндай балалар аздап көреді немесе ештеңе көрмейді. Дәріс
кезінде олар көбінесе оқу материалын қабылдаудың тантильды есту түрін
қолданады. Брайля жүйесімен жазып, оқиды.
- әлсіз көретін балалар көру өткірлігі 0,05-0,008 аралығында. Мұндай
балалар көру қызметінің көру бұзылыстарында байқалады. Кейбіреулерінде көру
өткірлігінің төмендеуімен қоса көру аймағы тарылған мұндай топтағы балалар
әлсіз көретін балаларға арналған мектептерде білім алады. Балаларды оқытуда
ортоскопиялық лупалар қолданады.
- әлсіз көретін көру
көшіру қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің және олардың ата-
анасының оқу нәтижелеріне жауапкершілігінің артуын көрсетеді.
Үлгермеушіліктің негізгі симптомдары ретінде педагогтар мен
психологтар келесі сипаттамаларды бөліп көрсетеді:
- өз қатарластарымен салыстырғанда оқуға, санауға немесе басқа мектеп
тапсырмаларын орындауға қабілетсізділігі;
- тапсырманың уақытында орындалуына көңіл бөлмеу;
- мектептегі көптеген пәндерден нашар баға алуы;
- үй тапсырмасын орындауға деген ұмытшақтық;
- бала үй тапсырмасын орындамаса да, оның орындалғаны туралы айтады
немесе үй тапсырмасы берілген болса да, мұғалімнің ешнәрсе бермегендігін
айтады;
- бала сабаққа жеңіл қарайды;
- бала жаман бағалары бар күнделікті көрсетуді ұмытып қалады;
- бала істі бастаса, оны толығымен аяқтамайды;
- оқушы мектепке барудан бас тартады;
- мектепке барып тұрып, сабаққа қатыспайды;
- мектепте ауырдым деп өтірік айтады;
- тапсырмаларды түсінуді қиналады және оқымайды;
- тұйық, оның достары өте аз;
- өзінің жастық деңгейіне сай келетін тапсырмаларды жүйелеуге
қабілетсіз;
- мұғалімдердің көмегінсіз және қолдау тарапынсыз тапсырманы өзінің
жасына тән орындай алмайды.
Жоғарыдағы көрсетілген симптомдардың көпшілігі оқушыда мүмкіндігінше
онда мектеп үлгермеушілігінің қалыптастырғанын көрсетеді. Әлеуметтік
қоршаудағы баланың үлгермеушілігінің психологиялық сипаттамасы келесіден
көрінеді: жалпы мектептің педагогтары мен психологтарына мектеп
бағдарламасын толық меңгере алмайтын балалардың мінез-құлқының бұзылуымен
және тәртіпсіздігімен ерекшеленетіні белгілі. Үлгерімі төмен оқушылардың
психикалық дамуының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу диогностикалық
психологиялық эксперимент толық биографиялық зерттеу, сабақтарда және
сабақтан тыс іс-әрекетте мінез-құлқын бақылау ата-аналарымен және
мұғалімдермен сұхбаттасу - ғалымдар оқушылардың тұлғалық дамуының
қалыптасуының бұрмалануына әсер ететін бірқатар жағдайларды көрсетеді [1,
75-135 б.].
Теріс мінез-құлқының қалыптасуының бірінші және ең маңызды фактор
ретінде оқуға деген немқұрайлық, қандай да бір оқу жұмысына деген үлгерімі
төмен баланың жек көрушілігі болып табылады. Материалды меңгерудегі
қиындықтар сәтсіздіктерді үнемі сезінушілік мынаған алып келеді: мұндай
балалар сабақтарды орындау процесінен қашады, дәптерлерін жыртады,
кітаптарын тығып қояды, мектептің талаптарына жауап беруге қиналады. Олар
сабақтарға қатысуды қояды, үйдегілеріне өтірік айтады, сабақтан ешнәрсе
берілген жоқ деп алдайды, ал мектепте кітаптарымды үйде ұмытып қалдырдым
деп сылтаулар көп айтады. Осы іс-әрекеттерден оқудың бір жылдық көлемінің
өзінде-ақ мінез-құлқынының теріс жағы айқындала түседі. Екінші сынып
оқушылары көлемінде келесі фактор оқушылардың мұғалімдермен конфликттік
қарым-қатынастары қосылады. Бір қарағанда бұл қарым-қатынастар жағымсыз іс-
әрекетті көрсететін секілді, педагогтардың үлгерімі төмен балаларға
үстіртін қарайды дейтін пікір қалыптасады. Мұғалімдер оларға қатал қарайды,
оларға айқайлайды, намысына тиетін ескертулер айтады, ата-аналарына
шағымданады және т.б. Мұндай іс-әрекеттерге мұғалімдер көмегінсіз оқудағы
минималды жетістіктері бар балалар жұмыс істеуге қабілетсіз болып саналады.
Онда барлық сөйлемдер қолданылады: педагогтар дауысын көтеру арқылы
ескертулер мен үлгерімі төмен оқушылардың назарын аудартуға, оларды оқу
жұмысына қосуға тырысады, сабақты орындауға талпындырады. Тұрақты
конфликттік жағдайлардың әсерінен үлгерімі төмен балалар аз уақыттың ішінде
ашық түрде сабақтан шығып кетуге, оқушының мұғалімге сөз қайтара бастауы
оқу процесінің бұзылуына алып келеді.
Тұрақты үлгерімі төмен оқушылардың ата-анасына деген аналогиялық
мәселелері туындайды. Ата-аналарының мінез-құлқы қиын және қарама-
қайшылықта болады. Үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналары көбінесе мектепке
жала жабады, оқу бағдарламасын дұрыс оқытпайды деп мұғалімдерді кінәләйды,
бірақ та формалды емес жағдайды бақылағанда осы ата-аналар балаларын оқу
мәселесімен сөгіп ұрысады. Шаршаулы балаларды мектеп сабағынан кейін дереу
үй жұмысын орындауын талап етеді, физикалық жазалауларды қолданады. Осының
нәтижесінде ата-аналары балаларының өздеріне деген сенімдерінен айрылады,
күнделікті конфликттермен үйдегі жағдайдың қиындау себебімен олардың
үлгермейтін оқушыларды көшеге кетуге мәжбүр етеді.
Мұғалімдер мен ата-аналардың үлгерімі төмен оқушылардың арасындағы
конфликттерден кейін олар агрессивті үлгерімі төмен жөнге келмейтін, зұлым
және құрдастарына деген осындай қарым-қатынас көрсетеді. Кіші мектепте аса
дамыған, ақылды, алдыңғы қатардағылары (мұғалімдер мен ата-анасының
үлгермейтіндерге қатынасын көріп) өздерінің жек көрушілігін көрсетуге
тырысады. Ол оқушылардың оған жауабы 6-12 айда көріне бастайды, оларға
қатал шаралар қолданады. Үлгерімі төмен оқушылар төбелеседі, боқ ауыз сөз
айтуға құмар болады, заттар ұрлайды, сабақтан қашады. Үлгермеушіліктің
мәселесі қазіргі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл
мәселені қарастыруда тек педагогтар мен психологтар ғана емес, сонымен
қатар деффектологтар, психо-неврологтар, әлеуметтік педагогтар, ата-аналары
баланың дұрыс гормониялық тұлға болып тәрбиеленуіне барлығы үлес қосуы
қажет [1, 177-213 б.].
Ал, енді оқу үлгермеушілігінің психологиялық себептерін қарастыратын
болсақ, жалпы, бала психологиясы, педогогикалық психология, педагогика,
деффектология бойынша әдебиеттердің теориялық талдауы мектептегі
үлгермеушіліктің салдарын анықтаудағы түрлі тұрғыларды көрсетті. Біз
әртүрлі әдебиеттерде көрсетілген мектептегі үлгермеушілікке жетелейтін
себептер тізімін мынадай топтарға бөліп қарастырамыз.
Бірінші топ себептер:
• ата-аналарының педагогикалық мәдени деңгейінің төмендігі;
• жанұядағы жайсыз жағдайлар (дау-жанжалдық адамгершіліктерге жат ата-
анасының мінез-құлқының әлеуметтенбеуі);
• баланың жанұядағы іс-әрекетінің және өмірінің нақты
ұйымдастырылуының жоқтығы, тұрмыста баланың қараусыз қалуы;
• балаға қойылған талаптардың бірыңғай жүйелілігінің бұзылуы;
• балаға деген бұрыс қарым-қатынас (тұлғаны басып тастау физикалық
жаза еркелетіп жіберу, шектен тыс қадағалау);
• баланы мектепке оқуға дайындаудағы талаптарды білмеу немесе
орындамау, оқудағы көмек көрсету.
Екінші топ себептер:
• жанұядағы баланың тәрбиелену жағдайын педогогтардың аз білуі.
• ата-аналарды психологиялық-педагогикалық дайындауы мен аз жұмыс
істеуі.
• оқушыларды мектепке дайындығы жеткіліксіз дифференсациясы (білім
алуының ұйымдастырылуы)
• оқушының өнегелік дамуында және мінез-құлқындағы ауытқуын жеңудегі
жекедара жұмыстың әлсіздігі.
• олардың мінез-құлқымен іс-әрекетін жағымсыз ынталандыратын
әдістеменің көптігі.
• баланың ауырлықты жеңілдетін эмоциялық күйінің ескерілмеуі.
• топтағы (сыныптағы) тұлғааралық қатынастардың басшылығының
кемшілігі.
• жанұяның, бала-бақшаның, мектептің бала үлгермеушілігін жоюдағы
байланысының жүйесіздігі.
Үшінші топ себептер:
• баланың (оқушының) жалпы дамудағы артта қалуы (кемтарлық) қоршаған
ортаға бейімделуінің әлсіздігі;
• науқастық;
• өнегенің тәрбиеленбеуі;
• мінез-құлықтағы және қарым-қатынастағы білімнің, ептіліктің,
дағдының кемшілігі, жетекші іс-әрекет түрінде дайындықтың болмауы.
Бөлініп алынған әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық себептер
топтарына медициналық сипаттағы себептерді де қосуға болады. Олардың
арасында:
• ойынның кемтарлығы;
• анализаторлардың парциалды деффектілері (есту, сөйлеу, моторика,
дисграфия);
• ой жұмысы қабілетінің бұзылуы (церебрастениялық күйлердің
нәтижесінде). Бұл бұзулардың барлығы бас миының жеңіл органикалық
кемтарлығының минималды ми диффузиясынан, орталық жүйке жүйесінің
биологиялық кемістігінің көрінуінің әр түрлі деңгейінің салдарынан
туындайды. Олар балалар миындағы қан айналымның жеткіліксіздігінен, ішкі
бас сүйек қысымының көтерілуінен, бас сүйек миының жарақаты нәтижесінде,
психосоматикалық аурулардың ауыр және ұзақ болуынан миға әсер ететін
инфекциялық ауруларда (мененгит, инцефалит, ревматизм) пайда болады. Мұндай
бұзылулардың көрсеткіштері: бастың ауруы, қозғалыстың бұзылуы, шаршау,
зейіннің тұрақтылығының жетіспеуі, сенсорлы тітіркендіргіштікті жақтырмауы
(қатты дауыс, жарық), ұзақ ой шиеленісіне қабілетсіздік, оқу материалын
игеру темпінің төмендеуі, бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауысудың
баяулығы, есте сақтаудағы қиындықтар. Кез-келген нақты жағдайдағы мектеп
үлгермеушілігі бірден қосарлануы мүмкін. Кейбір жағдайларда оқушының
бастапқы үлгермеушілік себебіне жаңадан, екінші себептер қосылады. Бұл
себептер әр түрлі болуы мүмкін. Өйткені, оқушылар өздерінің
үлгермеушілігіне түрліше қарайды [2, 13-36, 44-62 б.].
Алғашқы кезеңде, яғни кіші мектеп жасындағы үлгермеушіліктің жағымды
жағы болып оқушының қоғамға деген қызығушылығының тууы болып табылса, ал
жағымсыз жағы - оқушынның барлық іс-әрекетті толығымен орындауға уақытының
және шамасының жетіспеуінен, оның өз үлгрмеушілігін сезіп, мұғалім
тарапынан төмен баға алуға қорқып, уайымдауының пайда болуы. Оқудағы артта
қалушылық олар үшін жаман баға алу болып есептеледі.
Ал, жасөспірімдік шақтағы үлгермеушілік дегеніміз – бұл оқушының оқу
тапсырмасына деген зейінінің аз болуы. Бірақ олардың өмірдегі іс-әрекеттері
кеңейеді, яғни олар белсенді түрде спортпен шұғылданады, әр түрлі
сецияларға қатынасады, құмарлық ойындарға көп барады және т.б. Көптеген
жасөспірімдер орта мектеп жасында үлгерімі төмендер қатарына ілігеді.
Жоғары сынып оқушылары оқу сабақтарына, мұғалімдеріне тәуелсіздігін
көрсетеді. Көбінесе бұл буында мұғалімдер артта қалған оқушыларға көмек
беруден өздерін аулақ ұстайды.
Үлгермеушіліктің негізінде жатқан психологиялық себептердің
көпшілігін 5 топқа біріктіреміз. Сонымен мектептегі үлгермеушіліктің
негізгі себептері мыналар:
1 топ – жүйке жүйесіндегі жекедара психикалық ерекшеліктер;
2 топ - таным әрекетіндегі жетіспеушілік;
3 топ – мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер;
4 топ - өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейінің теңсіздігі;
5 топ – оқуға басқалардың жағымсыз әсерінің болуы.
1. Оқудағы қиындықтар факторы ретінде жүйке жүйесінің жекедара
психологиялық ерекшеліктері.
Баланың табиғи ерекшеліктері тікелей оқудағы артта қалуының себебі
емес, бірақ оқушының тұрақты жекедаралық ерекшеліктерін теңбе-тең
пайдаланбау нәтижесінде осыған әкеп соғады. Бұл ерекшеліктер отандық
психологияда жүйке жүйесінің қасиетінің типологиясы ілімімен байланысты
зерттелген. Ал қазіргі көзқарас бойынша жүйке жүйесі қасиетінің табиғаты
генетикалық, яғни адамның өзгермейтін тұрақты мінездемесі болып көрінеді.
Бұл факт педагогикалық процесс жекедара-типологиялық ерекшеліктерді
ескермей қалуға болмайтынын білдіреді. Жүйке жүйесі қасиеттерінің ішінде
ғалымдармен кеңірек зерттелінген және адамның оқу процесіне елеулі әсер
ететіндер ретінде жүйке жүйесінің күші, динамикасы деген қасиеттер бөліп
қарастырылған.
Жүйке жүйесінің күші оның тітіргендіргіштіктерге төзімділік,
кедергіге төзгіштік, жұмысқа қабілеттілік арқылы суреттеледі. Күшке қарама-
қарсы полюс - жүйке жүйесінің әлсіздігі. Жүйке жүйесінің әлсіздігі адамның
еңбекке қабілеттілігінің төмендігінен тітіргендіргіштіктерге деген
тұрақсыздығымен ерекшелінеді.
Оқушының табиғатынан әлсіз инертті болуы оқу үлгеріміне кері әсерін
тигізеді (З.И. Калмыкова). Жеке оқу тапсырмасын орындағанда бір жеке пәннен
қинауы немесе оңай оқуы мүмкін, бұл жүйке жүйесінің қабылдау
ерекшеліктеріне байланысты. З.И. Калмыкова зерттеулерінде оқушылардың оқу
тапсырмасын орындағандағы жүйке жүйесінің әлсіздігі келесілерден көрінеді:
1) материалдарды әлсіз меңгеру, қателерді жиірек жіберу, тез шаршау
жұмыстағы ұзақ қысымнан көрінеді;
2) бақылау және өзіндік жұмыстарын жазғандағы жауапкершілік, жүйке
жүйесінің эмоциялық қысымын талап етеді;
3) кейбір жағдайда мұғалім оқушыларға жоғары темппен сұрақ қойғанда,
олардан жылдам жауап та талап етіледі;
4) жұмыс шартында кейде мұғалімдер оқушыларға көптеген жағдайда сұрақ
қойып, олардан нақты жауап талап етеді;
5) сәтсіз жауаптың соңынан жағымсыз баға алынады;
6) мұғалімнің жұмыс жағдайында жоғары талапты қоюы;
7) жұмыс кезінде зейіннің бөлінуін талап етеді, мысалы, мұғалім
оқушыларға сабақ түсіндіргенде тақырыптан өтіп кеткен материалдардан сұрақ
қояды, не жаздырады;
8) жұмыс кезінде шудың болуы.
9) жұмыс кезінде оқушы мен мұғалімнің ұрысуы;
10) оқу процесінде педагогтың сабақты дұрыс басқармауы.
2. Оқу іс-әрекетінің жетіспеушілігіне танымдық кемшіліктердің
тәуелділігі.
Екінші топтың себептерін талдай отырып, біз оқушының нашар
түсінгендігі, мектеп пәндерін сапалы меңгермегендегі, оқу әрекеттерін
қажетті деңгейде орындай алмағандағы жағдайларға тоқталамыз.
Екінші топтың арасынан екі психологиялық себептерді бөліп
қарастырамыз:
1) оқу іс-әрекетінде оқу тәсілдердің қалыптаспауы.
2) баланың психикалық процестерінің дамуында ойлау сферасындағы
кемшіліктердің болуы.
Оқу іс-әректеінің ережелерінің дұрыс қалыптаспауы, оқушының
үлгермеушілігінің ерекшеліктерінің айырмашылықтарын қарастырамыз. Мұндай
оқушылар шындап келгенде оқи алмайды. Мектепке барғанда бала көбінесе жаңа
материалдарды оқығанда, өз бетінше жұмыс істей алмайды. Егер оны жақсы әдет-
дағдыларға үйретпесе, кейіннен ол өз бетінше бұрыс, тиімді емес дағды-
тәсілдерді үйретіп алады [3, 13-32, б.].
Үлгермеушілік оқу жұмысының адекватты әдістерімен байланысты
таңдамалы сипатқа ие және мектеп бағдарламасындағы белгілі бір пәндер
игеріледі, сондай-ақ ол жалпы барлық оқу дициплиналарын меңгергенді көбірек
көрінуі мүмкін. Оқушыларда инерттіліктің пайда болуындағы қиындықтар келесі
жағдайлардан көрінеді.
- Мұғалім сыныпқа тапсырманы әр түрлі мағынада немесе түрлі
амалдар арқылы шешу үшін беріледі.
- Мұғалім сыныпқа жоғары темппен нақты түсіндірсе, онда ол
оқушыларға жеткілікті болады.
- Жұмыс мерзімінің шектелгендігі, тапсырманың дер кезінде
орындалмағаны оқушының жаман бағаға ие болуын көрсетеді.
- Оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен келіспеуі.
- Сабақ кезінде зейіннің басқаға аударылуы.
Бұл үлгерімінің психологиялық себептері бақылаушыда ашық және жабық
түрде көрінеді. Бұл себептер оқушының оқу тапсырмасын орындағанда көп
қатерлердің болуы, зейін мен естің ерекшеліктеріне және ойлау тәсілдерінің
көрінеді. Көптеген мұғалімдер барлық оқушыларға бірдей түсіндіре алмайды.
Сабақ түсіндіру барысында барлық оқушыларға бір әдіс бойынша түсіндіреді,
ал қалғандары біреуі тез, біреуі баяу, тіпті түсінбейтін оқушыларда көп
кездеседі. Психолог З. И. Калмыкова білімділік түсінігін кім қалай
түсінсе, білімді солай түсінеді деген. Білімділік адамның интеллектуалды
ерекшеліктеріне байланысты, оқу үлгеріміне әсер етеді. Оқушының білім
алуына әсер ететін психикалық процестердің негізгісі ойлау болып
табылады. Мектептегі үлгермеушіліктің психологиялық себептерінің ішінен кең
таралған бұл ойлаудың дамуындағы кемшіліктер. Психолог Н. И.
Мурачковскийдің зерттеулерінде үлгермейтін оқушылардың зейіні мен есін
зеттеуге кеңірек көңіл бөлді. Ол әлсіз үлгеретіндердің есте сақтауы
көбінесе олардың өмірлік дағдыларына сәйкес келетінін бақылады. Әлсіз
үлгеретіндердің есте сақтауы көбінесе олардың өміріне дағдыларына сәйкес
келетінін бақылады. Әлсіз үлгеретін оқушылардың рационалды есте сақтауы
жоқ, себебі олардың ойлауының дамуындағы ерекшеліктері бір-бірімен
үзіліссіз байланысты [2, 75-88 б.].
3. Мотивациялық сфераның дамуындағы кемшіліктер – бұл көбінесе
баланың алғашқы мектепке келгеннен бастап көрінеді. Бұл оқушының оқуға
деген ережесі қандай болса , мұғалімнен талап ету бағасы солай болады.
Оқушының оқудағы қиындықтарымен қақтығысуы бұл-оқу ісі әрекетіндегі
жағымсыз (нашар) бағаны алғаннан кейінгі оқуға деген тілегінің біртіндеп
сөнуі. Оқушының мотивациялық сферасындағы дамуындағы өзгерістердің болуы,
бұл оқушының жаман баға алуы, білімді меңгерудегі қабілеттің төмендеуіне
алып келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінде мектептегі пәндерге көңіл бөлуі,
мұғаліммен тұлғааралық байланысты көрсетеді.
60-шы жылдары зерттелген Кэттелл мен Сили және Сдени (1966)
зерттеулерінде тұлғаның үлгерімі мотивациямен тығыз байланыстылығын
көрсетеді, олардың зеріттеулерінде оқушылардың интеллектісі -21- 25%,
тұлғалық қасиеттері - 27- 36 % ал, мотивациясы - 23 -27%-ды көрсетті
Мотивация жаңа материалды меңгереді адамның мінез-құлқының
белсенділігі мен бағыттылығынан көрінеді. А. Н. Леонтьев зерттеулерінде
мотив - бұл сабаққа деген қажеттілік . Оның көрсетулерінде қажеттілік бұл
қабілетті қанағаттандыру керек, мысалы, оқу жұмысында жаңа ақпаратты
білгені бұл жоғары бағамен бағалауы оқудағы мотивтер эмоциясымен тығыз
байланысты. Оқушының оқуға деген мотиві оқу жұмысына қатынасын анықтайды.
Оқушының оқу іс- әрекетіндегі танымдық , қызығушылығы мектепке деген
жағымды қатынасты көрсетеді. Оқушының материалды төменгі сапада игеруі,
психикасының даму темпінің баяулауы, бұл мектепке деген жағымсыз қатынасты
қалыптастырады. Оқушының оқу іс -әрекетіндегі басты себебінің бірі оның
оқуға деген әлсіз үлгерімі болса, онда оқушыда тұрақты жағымды мотивацияны
қалыптастырады [4, 28-31 б.].
Мұғалімдер мен психологтар оқушының бойында оқуға деген
қызығушылықты, тұрақты мотивацияны, сәттілікке деген жетістікті
қалыптастыру керек. Мектептегі үлгермейтін оқушылардың өзін- өзі бағалау
деңгейінің жоғарғы болуы- бұл жақсы қасиетті көрсетеді, себебі оқушының
өзіне сенушілік қасиеттерін жояды.
Мектептегі үлгермеушілікті жою үшін, оқушының оқуға деген
қызығушылығын қалыптастыру керек. Психологтар үлгермейтін оқушылардың
танымдық сферасындағы қызығушылықтарды әлсіз, тұрақсыз деп сипаттайды.
Үлгермейтін оқушылардың танымдық сферасындағы қызығушылықтар дөрекілік
мінезден көрінеді. Оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру үшін алдымен,
қарапайым қызығушылықтан бастау керек. Оқушының қызығушылығын дамыту үшін,
алдымен ерік дағдысынан көңіл бөлу, экскурцияға апару, тәжірбиелік
әрекеттерді көрсету және т.б. Көптеген зерттеулер нәтижесінде жеке адам
өзінің оқу қабілеті мен үлгерімін тығыз байланыстырып көрсетеді.
Бруковер, Томс және Паттерсон (1964) зерттеулерінде оқушының өзінің
оқуындағы қабілеттерінің көрсетуін және басқалардың бақылауын маңызды
екенін оқушы үлгерімі мен байланыстырып қарастырады. Осы зерттеулерден
келесі нәтижелерді шығарады:
1.Оқушының өзің оқуға деген қабілеттігі мен үлгерімі жағында,
маңызды корекциясын көрсетеді. Бұл интеллектіге тәуелді болады.
2.Оқушының оқудағы қабілеттік түрлі сабақтарда жалпы
бағалауларымен ерекшеленеді.
3.Оқушы өзінің қабілеттерін коррекциялау барысында басқалардың
ол туралы бағалауын ескереді.
Комбс (1964) оқушының қоршаған ортаға деген өзара байланысында өзін-
өзі тәрбиелеуі оқу үлгерімі мен ерекшеленетіні зерттелді. Эксперемент
барысында балалардың интеллект деңгейін орта деңгейден жоғары екенін
көрсетті. Үлгермейтін оқушылардың сезімдері адекватты емес, олар
айнадағыларды үлкендер мен құрдастарын өзіне жағымсыз қарым-қатынаста деп
ойлайды. Комбс зерттеуінде үлгермейтін оқушыларды тәрбиесі, қабілетті
балаларға қарағанда эмоциясы жақыннан ерекшеленетінін көрсетті.
1956 жылы Уолш үлгермейтін оқушылардың интеллектісі орта деңгейден
жоғарланғанын эксперимент барысында көрсетті. Үлгермейтін оқушылар кінәні
өздерінен көп іздейді, мінез-құлқын жасырады.
Гауза, Вуден және Мюллер (1980) зерттеулерінде үлгермеушілік- бұл
оқушының физикалық дамуына тәуелді емес, мектептегі құрдастарының
адаптациясына байланысты болады дейді. Осыдан қорытынды шығаратын болсақ,
оқушының тұлғалық параметрлері ақыл- ой іс- әрекетінде оқудағы арта
қалушылығы көрініп отырады [5, 128-146 б.].
Оқушының өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін қалыптастыруда
келесідегі психологтар А.И. Липкина 1971; Е.Н. Саванько 1972; В.С. Мерлин,
1973; Л.И. Божович 1976; Б.Г. Ананьев 1980 және т.б. еңбектерінен көреміз.
Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейі тұлғаның қажетті және ауыр
компоненттерін қарастырады. Өзін-өзі бағалау бұл ақыл ой іс- әрекетіндегі
тұлғалық параметрлердің тәжірбиелік компоненттерінің бірі және тұлғаның
динамикалық білімі. Е.И. Саванько зерттеулерінде оқушылардың өзін-өзі
бағалау деңгейі жоғары, оқушылардың бағалауы педагогикалық бағалаумен
сәйкес келетінін көрсетті. Өзін-өзі бағалау дегеніміз - адам өзінің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын сезінгенде көрінетін өзін-өзі саналау
компоненттерінің бірі.
Үлгермейтін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz