Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан халқы Қазақстан Президентінің тәуелсіз елімізді өркендетуге бағытталған бастамалары мен шешімдеріне қолдау көрсетіп, іске асыруға міндетті екендігін терең сезінуі қажет. Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық, саяси қарқынды даму жағдайы, білімді тұлғалардың шығармашылық деңгейінен, қабілеті және белсенділігінен айқындалады.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында жеке тұлғаның шығармашылығының: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» ұлттық жауапкершілікті сезінуді көздейді.

Еліміздің сапалы дамуының жаңа сатысына, биік белестерге көтерілуіне бағыт берген бұл маңызды құжатта еліміздің бәсекеге шынайы қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін реформалау қажеттігі атап көрсетілді. “Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз” етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі деуі соған дәлел деп білеміз.

Елбасы атап өткендей, білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Осыған орай Білім және ғылым министрлігінің алдында ауқымды міндеттер қойылды.

Жаңа фармацияда білім беру саласындағы барлық процесте, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, оқушылары мен топ тәлімгерлеріне кәсіби дайындықтарын толықтыру, балалардың жекелік ерекшелігін ескеру, қабілетіне және тұлғалық бағыттылығына қарай жағдай туғызуды қажет етеді.

Ұлы бабамыз әл-Фараби білім мен тәрбиенің ұрпақ өмірінде алатын орнын жоғары қойып: “Адамға ең алдымен тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деп түйіндеген екен. Біз мектептегі оқу мен тәрбиені осы ұлы қағидаға сүйеніп, қатар жүргізіп келеміз.

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.

Бала - бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамытуда көру қбілетінің алатын орны ерекше.

Баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Бастауыш сынып оқушыларының таным әрекеттерінің ішіндегі көру қабілеттерін зерттеу - психологиялық қызмет көрсетудегі күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан оны жүргізу жолдарын көптеген психологтар мен педагогтар зерттеуде. Тәжірибелік психологияда Йирасек-Керн, Л. А. Венгер, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, А. Г. Зак, И. В. Забрамная, Е. И. Рогов, Мотков т. б. жасаған әдістемелер кеңінен пайдаланылуда. Дамыта оқыту проблемалары ХҮІІІ ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар ғалымы И. Г. Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский жалғастырған. Д. Б. Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған. Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасында барлық таным процестерін жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлес қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.

Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады. Зерттеу жұмысының өзектілігін келесі факторлармен көрсетуге болады:

- әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;

- мектеп оқушыларының өздігінен көру қабілетін дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі.

Оқушылардың көру қабілеттінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің маңызы психологиялық, қызметті ұйымдастыруда өте үлкен. Сондықтан әр психолог оның әдістемелерін жақсы меңгеріп, қолдану ережелеріне толық түсінік алғанда ғана ол өз қызметіне қажетті деңгейде атқаруға даярльқтан өтеді.

Көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерді зерттеу әдіс тәсілдерін тереңірек меңгеріп алу үшін жұмыс тақырыбын «Көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшелікер» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларындағы көру қабілеттерінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және дамыту жолдары.

Зерттеудің мақсаты: Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдарын теориялық, әдіснамалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің міндеті:

- оқыту барысында баланың көру қабілеттерінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- оқыту барысында баланы белсендендіру әдістерін зерттеу;

- оқыту барысында баланың сөйлеу, ойлау және қиялының дамуын зерттеу;

Зерттеудің теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында көру қабілеттерінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктеріне әсер ететін факторларды анықтау.

Зерттеудің практикалық қолданымы.

Баланың іс - әрекеті барысындағы көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік бағыттарын анықтап, оларды түзету жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу әдісі: Бала әрекетінің өнімін талдау, психологиялық-педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері, теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер - бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды және бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.

Зерттеудің эксперименталдық базасы Түркістан қаласындағы, М. Әбенова атындағы қазақ орта мектебі.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 БӨЛІМ. КӨРУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Қабілет туралы жалпы ұғым, оны қалыптастыру және дамыту негіздері

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады[1] .

Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге тәуелді.

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиді, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.

Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез - шабан, оңай - қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Қорытындылай келе, "қабілет" түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б. М. Теплов) атайық:

1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет - кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын жо¹ары ептілік. 3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, ?ажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді [2] .

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым.

Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П. ) [3] .

Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.

Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеумет-тік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші ретінде тануға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолу осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі[4] .

Адам қабілеттерінің дамуында жоғары жүйке жүйесі қызметінің типі (күші, тепе-теңдігі, қозғалмалылығы ж. т. б. ) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығымен (белсенді тип) байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттердің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші не екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп әрекетке қатысуынан қабілеттердің 3 типі (И. П. Павлов) ажыратылады: көркемөнерлік (көбіне бірінші сигналдық жүйеге негізделген) ; ой-саналық (көбіне екінші сигналдық жүйеге негізделген) ; аралас (екі жүйе де бірдей қатысқан) . Осыдан, "суреткерлер" - объектті тұтас бейнелеуге бейім, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал "аралас" қабілеттер қалыпты дамыған адамдардың бәріне тән құбылыс[5] .

Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті - музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу - болашақ суреткер болудың алғы шарты.

Нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамда белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.

Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дирижер, биші, әнші, музыка сыншысы, педагог, композитор ж. т. б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді.

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектті жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек[6] .

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әртүрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.

Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыралады. Нақты іс-әрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерілген қабілет - шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс-әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкен де қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірістік қайта жасау қызметтерімен байланысты келеді.

Әрқандай кәсіптегі (мұғалім, дәрігер, ұшқыш, спорт-шы ж. т. б. ) шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді[7] .

Шеберлік деңгейі - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс-әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте-бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс - талант. Талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармашылық ж. т. б. ) жоғары деңгейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талант та іс-әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыралады.

Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты.

Қабілеттердің даму барысындағы ең жоғары, шың-далу деңгейі - данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті (Котс) . XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубакиров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан[8] .

Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып - шабыт деп аталады. Шабыт шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, жасампаздық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.

Шабыт пен еңбек - екеуі егіз, бір-бірінсіз асамайды. Осыдан, шабыт - қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. "Шабыт - еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П. И. Чайковский) . Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерік күші - шабыттанудың алғы шарттары[9] .

Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, мәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.

Шығармашылық қабілет - бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері -шығырмашылықтың нәтижесі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамьпудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген ізденістерден байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты-бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшыларымыз: Жүсіп Баласағүн, әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған[10] .

И. И. Павловтың жоғары жүйке жүйесінің типтері туралы ілімінде адам қабілетінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты екендігі айтылады. Ұлы физиолог сигнал жүйелерінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдалады. Олар: суретші типі, ойшыл тип, аралас тип. Мысалы: «суретші» өкілдерінде бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болып отырады. Өйткені суретшілер, музыканттар іс-әрекетті есту. т. б. сезім мүшелерінің қызметіне сүйенеді. Ал өз тіршілігінде сөзді қару ететіндердің (математик, филолог, философ т. б. ) іс-әрекеттерінде екінші сигнал жүйесі (сөз) жетекшілік рөл атқарады[11] .

Қабілетің дарындылық, талант, данышпандық деп аталатын кез келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады. Қабілеттің қандай түрі болмасын өлшеусіз ерсі еңбектен туындайды.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілетті дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктері
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолдары
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Көру қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының оқыту жағдайлары
Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Дарынды балалармен жұмыстарды ұйымдастыруда педагог-психологтың қызметі
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында түрік лицейі оқушыларының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz