ХVIII ғасырдағы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі - Адам Смит


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе

ХVIII ғасырдағы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі - Адам Смит . . . 2

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 «Адамгершілік сезімінің теориясы» . . . 4

2. 2 «Көрінбейтін қол» концепциясы және «Халықтар байлығы» еңбегі . . . 7

2. 3 «Экономика адамы» концепциясы . . . 9

ІІІ Қорытынды

Адам Смит - политэкономияның зерттеу пәнін анықтаушы . . . 12

Пайдаланған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

І. ХVIIІ ғасырдағы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі - Адам Смит.

Адам Смит ХХІ ғасырдың үшінші жылы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі. Оның политэкономияның жеке дара ғылым ретінде дамытудағы орны ерекше. Капиталистік шаруашылықтың дамуымен байланысты ағылшын политэкономиясы алға тартты. Смит ғалым адам болғандықтан, мұндай міндеттерді атқару қолынан келетін іс оъболатын. Ол өзінің бойындағы абстрактылы ойлау қабілеті арқасында, нақтылы заттар туралы асқан сергектілікпен айта алатын. Оған энциклпедиялық білімпаздық, ерекше адалдық пен ғылыми әділдік тән болатын. Ол басқа ғалымдардың ойын шебер пайдалана білетін, ой пікірлерге өздігінен сын көзбен қарайтын. Танымал ғылыми және азаматтық батылдықты, профессорлық байсалдылық, жүйелікпен ұштастыра білетін.

Шаруашылық құбылысының романтикасын Смит ерекше сезіне білді. Оның қаламның шынан сатып алу, сату актілері, жерді жалға беру, жұмысшыларды жалдау, салық төлеу, вексель есебі - барлығы да ерекше мән-мағынаға ие болады. Оларсыз мемлекетті басқару, саясаттың жоғарғы сатысында «ізгілік» дегенді түсіну қиын. Политэкономияның Байрон мен пушкин кезінде де қызығушылық туғызуына Смитке қарыздар деп айтуға болады. Смит өскелең өнеркәсіп буржуазиясының мүддесін білдіргенмен ешуақытта оның көзсіз жақтаушысы болған емес. Ол өзінің субъективті тәуелсіз көзқарасын алаламай білдірумен шектелмей, оны жүзеге асыруға тырысып бақты. Осындай құнды көзқарасы ғылыми политэкология жүйесін қалыптастыруға негіз салды. Маркс сөзімен айтқанда бұл «буржуазиялық қоғамның ішкі физиологиясына үңылу әрекеті болатын». Смиттің кітабы адамзат мәдениетінің тамаша ескерткіші, ХУІІІ ғ. Экономика ілімінің шыңы. Смиттің есею кезінде экономика Шотландия тағдырын тікелей Англиямен тағдырлас жасап, біртұтас буржуазия ұлтын қалыптастырды. Арлығына да өндіргіш күштер мен халықтар байлығының өсуі тұрғысынан қарайтын Смит үшін бұл өзінен-өзі анық болды. Шотландиялық патриатизм туралы айтар болсақ, ол оны басқа да көптеген «көзі ашық шотландықтар сияты мәдени, сезімдік көрініс алды, алайда саяси сипатта емес еді».

Смит Шотландия мәдениетінің өнімі ғана емес, оның экономикалық көзқарас-байқаулары Шотландия тысары жерлерді қамтиды. Ағылшын ғалымы мен мәдениетә, ең алдымен ағылшындық философия мен экономикалық ілімнің ықпалының күштілігі соншалықты, шотландиялық көзқкркспен шектелмеді. Практикалық мағынада оның кітабі біріккен королевство Лондон үкіметіне белгілі дәрежеде ықпал етуді көздеді.

Адам Смит 1723 жылы Эдинбург түбіндегі кішкене Керколди қаласында дүниеге келген. Оның әкесі кеден шенеулігі, баласы дүниеге келерден бірнеше ай бұрын өмірден өткен.

Смит белгілі бір себептермен аристократ Тюрго сияқты тамаша білім ала алмаған. Оның ешуақытта жақсы француз тілінен оқытушысы да болмаған, соның кесірінен еркін оқу білмеген. ХУІІІ ғ. Білімдер адам үшін көне тілдерді білмегені қиынға соғатын. Оны тек кейіннен университет қабырғасынан үйренген.

Англияда бұдан әрі қалудың нәтижесіздігі және саяси оқиғалар Смиттің 1746 ж. Екі жыл тұрақтаған Керкольдиден кетуге мәжбүр етті, одан әрі өз білімін көтерумен шғылданды. Оның Эдинбургкке кезекті сапарының бірінде оған бай помещик, әрі мецанат Генри Хьюм үлкен әсер қалдырды, соңғысы болса жас ғалым үшін арнайы ағылшын әдебиетінің лекциялар циклін ұйымдастырды. Одан әрі лекциялар тақырыбы өзгеріп үлкен табысқа ие болды. ХУІІғ. бұл ұғым тек юриспруденцияны ғана емес, саяси ілімді, социологияны, экономиканы да қамтыды. Смиттің политэкономикаға арнайы көңіл аударуы да осы кезеңде орын алды.

1750-1751 жж., ол экономикалық либерализмге негізгі идеяларын білдіре бастады. 1755 ж. Эдинбургтегі лекцияларында осы ойларын ерекше бөліп көрсеті: «Мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлері, адамды саяси механиканың кейбір материалдары ретінде қарастырады. Прожекторлар табиғатты өз-өзімен қалдырып, көздеген мақсаты мен өзінджік жобаларды жүзеге асыруда еркіндік берудің орнына, дамзаттың іс қимылының табиғи қадамын бұзады . . . Мемлекетті жабайлық, рақымсыздық дәрежеден жоғарғы өркениетті, ауқатты дәрежеге көтеру үшін керегі бейбітшілік, тыныштық, жеңіл салытар мен басқарудағы төзімділік қалғанның бәрін табиғи іс қимылдар өзі атқарады. Барлық үкімет уақиғаларды күш көрсету, басқа да жолдармен немесе қоғам дамытуын тоқтату әрекеті табиғи не қарсы Өкімет басында қалу үшін, олар қанаушылық зорлық-өомбылық жасауға мәжбүр ».

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 «Адамгершілік сезімінің теориясы».

Смит 1759 ж. «Адамгершілік сезімінің теориясы» деген алғашқы ірі ғылыми еңбегін жария етті. Бұл кітап Смиттің философиялық және экономикалық идеясын қалыптастыру кезеңімен сипаттайды. Ол ахиреттік жаза үрейі мен жұмақтағы рақат уағдаға негізделген христиан мораліне қарсы болды. Оның көзқарасында феодалдық идеяға қарсы тепе-теңдік этикасы көрнекті орын алды. Әрбіреуі тууынан бастап бір-бірімен тең, сондықтан моральді принциптер баршасына бірдей қолданыс табуы керек. Алайда, Смиттің көзқарасы адамдардың тәртібі, іс-қимылы туралы асолютті табиғи заңдарынан туындайды, ал этиканың негізінде сол қоғамнан әлуметтік-экономикалық құрылысы жатқандығы ескерген емес. Сондықтан, діни мораль мен туа біткен моральдық сізім «орнына, адстрактылы мейрімділік принципін» қарсы қойды. Оның ойлауында басқа адамға деген адамның барлық сезім-қылықтары оның ішкі сезім арқылы қабылдап, өзін оның орнына қою арқылы, сондай күй-кеше білу қабілетіне байланысты. Бұл идеяның қаншалықты талантты, әрі өткәр болуына қарамастан ғылыми материалистік этиканың негізі бола алмады. Адамгершілік сезімінің теориясы ХУІІІ ғ. Аса алмай, Смитті жандандыра алмады, қайта «Халықтар байлығының» даңқы оны мұт қалдырудан сақтап қалды.

«Теориямен»жұмыс істеу барысында Смиттің ғылыми ізденістерінің бағыты едәуір өзгеріске ұшырады. Ол политэкономиямен тереңірек айналысты. Оған оның ішкі бейімділігі ғана емес, уақыт талабы да ықпал етті. Сауда-өнеркәсіптік Глазгода экономикалық проблемелар өктем түрде өмірге ене бастады. Өзіндік ерекшелігі бар политэкономия клубында сауда, салық, жалақы және банк істері, жерді жалға беру шарты және отарлау туралы қызғылықты мәселелер көтеріледі. Смит осы клубтың көрнекті мүшесі болды. Смиттің Юммен таныстығы мен достық қатынасы оның политэкономияға деген қызығушылығын арттырды.

Сонымен, Смиттің Глазгодағы ақырғы жылдары, оның терең, әрі еркше экономикалық ойшыл екендігі танытты. Алайда, ол, өзінің басты еңбегін шығаруға әлі дайын емес еді. Жас герцог Баклюдің тәрбиешісі ретінде Францияға үш жылдық сапары және физиократтармен жеклей таныстығы осы жұмысқа дайындықты аяқтауға ықпал етті.

Смит Францияға дер шағында барды деуге әбден негіз бар. Өйткені, ол бұл кезде физиократтардың сын ықпалына түспейтіндей пісіп-жетілген ғалым, әрі Кенэ мен Тюргоның пайдалы кеңестерін қабылдай алатындай қабылетті болатын.

Смиттің физикраттардан, әсіресе Тюрго ықпалына болуының өзіндік тарихы бар. Смит буржуазиялық қоғамның ішкі құрылысына терең үңілді. Ол дәстүрлі ағылшындық жолмен, экономикалық теориясының фундаментіне негіз етіп алса, ал физиократтарда шын мәнінде құн теориясы болған. Осындан келіп физиократтармен салыстырғанда алға маңызды қадам жасады, яғни тек қана егіншілікте емс, кез келген өнімді құн жасайды деп қортындылады. Смиттің физикраттармен салыстырғанда буржуазиялық қоғамның қырылысы туралы анық пікірі болды.

Дей тұрғанмен физикраттардың Смиттен жоғары тұратын салалары бар. Әсіресе Кенэнің капиталистік ұдайы өндірісі миханизмі туралы кемеңгерлік идеясын ерекше атауға болады. Смит іле шала капиталистердің қор жинау мүмкіндігі тек тұтынудан бас тартқанда болады деп көрсетті.

Осыған орай физиократтар мынадай негіздеме жасады, капиталистердің қор жинайтын еш көзі жоқ, өйткені өнеркәсіптік еңбек «өнімсіз», «өсімсіз» деп ақталды. Смиттің осындай да ақталатын дәлелі жоқ. Смиттің барлық өнімді еңбектің экономикалық бірдей бағалығы, тепе-теңдігі туралы тезистерінің дәйектілік жоқ. Ол құн жасау тұрғысынан диханшылық еңбектің артықшылығы болатындығы туралы көзқкркстан арыла алмады: яғни, мұнда адаммен бірге табиғат та «қызмет» атқаратындығы.

Дегенмен, Смиттің физиократтарға қатынасы, меркантилистермен салыстырғанда ерекше. Меркатилистерді өзінің идеялық қарсыласы деп ұқты, тіпті профессорлық ұстамдылығына қарамастан лоарды сынауда аяушылық жасағңан емес. Ал, физиократтарды одақтасы, әрі достары деп қабылдап, әртүрлі жолдармен болса да бір мақсатты көздейміз деп көрсетті. «Халықтар байлығында» былайша қортындылайды: «ұсынылған мтеория жетілмегеніне қарамастан, жариялық көрген политэкономиядағы басқа бір теорияларға қарағанда ақиқатқа жақын». Тағы бір жерде былай деп жазады: «физиократтар сіре ешуақытта, жер шарының бір бөлігінде де зәредей зиян келтіргенде емес, келтірместе».

Смиттің аса көрнекті, ақылгөй француздық философ-материалисі Гельвейциймен танысуы ерекше маңызды. Гельвеций өз философиясында этиканы феодалдық шіркеу шырмауығынан азат етемін деп, эгоизмді адамның табиғи қасиеті және қоғам процесінің факторы деп жария етті. Жаңалықтың мәні буржуазиялық сипаты, этика жеке құқығына, жеке мүддеге негізделген, әрбіреуінің өз пайдасын ойлаумен шектелінуде. Гельвеций қоғамдағы өзіндік жеке мүддені табиғаттағы әлемдік тартылыс рөлімен салыстырады. Осымен адамдардың табиғи тепе-теңдік идеясы байланысты: әрбір адам туысынан алатын орнына ерекше байланыссыз өз мүддесін өз пайдасын ойлауға бірдей құқылы, осылай болғанда одан бүкіл қоғамда ұтысқа ие болады.

Смит осы идеяны дамыта отырып, оны политэкономияға қолданды. Смиттің адам табиғаты және адам мен қоғамның, ара қатынасы туралы елесі классикалық мектеп көзқарасының негізін қалады. «Экономика адамы» ұғымы кейін пайда болғанымен, осы ойластырушылар Смитке арқа сүйегені белгілі.

2. 2 «Көрінбейтін қол» концепциясы және «Халықтар байлығы» еңбегі

Әйгілі «көрінбейтін қол» тұжырымы «Халықтар байлығы» еңбегінің жиі қолданыс табатына сілтеме.

Смиттің ойын былайша елестеуге болады. Адамның шаруашылық қызметінің басты себебі жеке мүдде болып табылады. Алайда жеке мүддені жүзеге асыру басқа бір адамға қызмет көрсету, яғни өз еңбегі мен еңбек өнімін ұсыну арқылы мүмкін болады. Сөйтіп, еңбек бөлініс дамиды. Адамдар бір-біріне көмектесе отырып, бір мезгілде қоғам дамуына да ықпал етеді. Адамдардың материалдық жағдайын жақсарту деген табиғи ұмтылысы аса үлкен ынталандырушы күш. Егер оған еш кедергі кетірмесе, өздігінен қоғамның әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Табиғатты есіктен қусаң, терезеден кіреді: осы мүдделік қызығушылық жүздеген өкінішті кедергілерден өту мүмкіндігін береді, өйткені адамзаттық ақылсыз заңдар оның іс-қимылына жиі қиындықтар тудырады . . .

Бұл жерде Смит «Адамдардың табиғи еркіндігі» -сату және сатып алу еркіндігі, жалдау, өндіру және тұтынуды шектеуші меркантилистерге күрт қарсы келеді.

Әрбір адам өз капиталын пайдаланғанда, оның өнімі ең жоғарғы құнды болуына ұмтылады. Әдетте, ол қоғамдық пайдалылығы туралы ойланбайды, қаншама ықпал ететіндігін сезбейді. Ол жеке мүддені ғана көздейді, осы жағдайларда, көрінбейтін қол арқылы, тіпті оның пиғылында болмаған мақсатқа ұмтылады. Өз мақсат мүддесін көздей отырып, шын мәнінде қоғам мүддесіне жиі қызмет атқарады.

«Көрінбейтін қол» обьективті экономикалық заңдардың стихиясы іс-әрекеті. Бұл заңдар адам еркінен тыс, көбіне оларға қарсы әрекет етеді. Ғылымға экономикалық заң ұғымын енгізу арқылы Смит алға аса маңызды қадам жасады. Осынысы арқылы политэкономияны ғылыми тұрғыдан негіздеді. Өзіндік жеке мүдде мен экономикалық дамудың стихиялық заңдар әрекетін Смит табиғи реттік заңдылық деп түсіндірді. Смит және одан кейінгі жақтаушы политэкономдар бұл ұғымның екі жақты мағынас бар деді. Бір жағынан, бұл экономикалық саясаттың принципі мен мақсаты болса, басқалай экономикалық шындықты зертеу үлгісі, теоретикалық құрылысы.

Мәселен, физикада табиғатты танудың пайдалы қөұралы ретінде идеалды газ және идеалды сұйықтықтың абстракциясы қолданылатыны белгілі. Алайда идеалды газдар мен сұйықтықтар белгілі бір нақтылы жағдайда болмаса «идеалға» қол жеткізбейді ғой. Дегенмен, осы бұзылушылықтан оқшалану, құбылыстарды «таза күйінде» талдау, зерттеу үшін аса маңызды. Полтэкономиядағы «экономика адамы» мен еркін бәсеке абстракциясы да осыған ұқсас. Нақтылы адам тек жеке басының мүддесімен шектелмесе керек. Сол сияқты капитализм тұсында абсалютты еркін бәсеке болған емес. «Экономика адамы» мен еркін бәске абстракциясы тұрғысынан ол, экономика ғылым үшін маңызды рөл атқарып, өзін ақтады. Әсіресе ХУІІ және ХІХ ғғ. Нақтылы капитализмге тән болды. Құн заңы жеке меншікке негізделген тауарлы шаруашылықта өндірістің стихиялық реттеушісі әрі қозғаушысы ретінде әтекет етеді. Егер нақтылы тауар өндіруші белгілі бір техникалық жаңалықтар енгізумен байланысты бір өлшем тауар өндеруге қажетті жұмыс уақытын қысқартатын болса, онда тауардың жеке құны төмендейді. Алайда, орташа қоғамдық жұмыс уақытымен анықталатын қоғамдық өзгермейді. Тауар өндіруші өлшем жеке тауарын қоғамдық құнмен анықталатын бұрынығы бағамен сататын болады да, қосымша табысқа ие болады, өйткені әр жұмыс күнінде басқа күндермен салыстырғанда тауар өнімін 25 процентке артық өндіріп отырады. Осыдан тауар өндіруші бәсекелестер жаңа техника мен тенологияны енгізуге мүдделі болады. Техникалық процесске алғашқы мүдделік осыдан бастау алады. Көрсетілген стихиялық факторлар нәтижесінде адам еркінен тәуелсіз бір өлшем тауарға жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбек шығыны азаяды да, қоғамдық құнының төмендеуі орын алады. Бұдан шығатын қорытынды, әрбір тауар өндіруші «экономика адамы» ретінде өз табысына молайтуға ұмтылады, ал осы жағдайды еркін бәсекенің әрекеті оның алғы шарты.

Капиталист, Маркс сөзімен айтқанда кейіптелген капитал. Басқа сөзбен айтқанда, политэкономия үшін жеке дара капиталистің өзіндік қасиеті маңызды емес. Ғылым үшін оның маңыздылығы капиталдың қоғамдық қатынастарды көсететіндігі. Бұл жерде ой ортақтастығы ерекше көрінеді. Алайда, қорытынды басқаша. Смит бойынша капиталист өз мүддесін көздей отырып, санасызда болса капитализмді нығайтады. Марксте капитализмнің өндіргіш күштерін дамытып қана қоймай оның күйреуінде оъективті дайындайды.

Осымен байланысты басқалай принципиалды айырмашылық туындайды. Маркс адамды тарихи матириализм тұрғысынан ұзақ мерзімді қоғамдық дамудың өнімі деп қарастырды. Бұл адам политэкономияның объектісі ретінде нақтылы таптық қоғам шеңберінде және соған тән заңдарға сай әрекет етеді. Ал, Смит үшін «экономика адамы» мәңгі және табиғи адамзат табиғатының көрінісі. Бұл даму өнімі емес, қайта оның бастапқы пункті. Міне осындай тарихтан тыс адамзат табиғатты туралы түсінікті, Смит өз заманының ірі ойшылдарымен бөліністі.

2. 3 «Экономика адамы» концепциясы

«Экономика адамы» концепциясына сай Смит теориялық және практикалық маңыздылығы зор мәселені алға тартты. Атан айтқанда: адамның шаруашылық қызметінің мақсаты мен ынталылығы. Ол өз өмір сүрген уақытына қарай «табиғи» адам түсінігінде буржуазиялық қоғамының нақтылы адамы жасырын орын алған деп ұйғарғанда, осы сұраққа әрі жемісті, әрі терең жауап берді.

Laissez faire саясаты, Смитше табиғи еркіндік, оның адам мен қоғамға деген көзқарастан туындайды. Егер кез келген адамның экономикалық қызметі түптеп келгенде қоғамдық игілік берекеге бағытталса, ондай іс-әрекетке еш қысым жасамау керек.

Смиттің пайымдауынша, қоғамының тауар-ақша, капитал және еңбек ресурстары неғұрлым еркін қозғалыста болса, соғұрлым тиімді оптималды пайдалану мүмкіндігі мол болады. Еркін бәсеке оның экономикалық ілімінің альфа және омегасы. Ол «халықтар байлығының» ішкі құрылысын түгелдей қамтиды. Осы принципті Смит дәрігерлерге, университет профессорларына, тіпті поптарға да қолданады. Ол жазғандай, егер барлық дін қызметкерлеріне еркіндік беріп, бірақ ешбір топқа жеңілдік пен үстемдік бермей еркін бәсекеге түссе, аса заласыз болар еді.

Смиттің ролі Laissez faire принципін ашуында емес, оны аса тыңғылықты және жүйелілікпен негіздеуінде. Бұл принциптің Францияда туындағанына қарамастан логикалық тұрғыдан дамытып, экономикалық теорияның негізгі ретінде жетістірген британдық болғаны да ақиқат. Англия бұл тұста әлемнің ең дамыған өнекісіпті еліне айналып, еркін саудаға мүдделі болғаны да объективті жағдай. Ал, Францияда физиократтар теориясы сауаттанған және либиралды аристократтар үшін көпшілік жағдайда кежірлік наз болғаны, оны тез өткені белгілі. Англияда Смитке бағыт-бағдар дворяндардың сенім белгісіне айналды. Ағылшын үкіметінің экономикалық саясаты көптеген жүз жылдар бойына белгілі мағынады Смиттік бағдарламаны жүзеге асырды.

Алғашқы қадам Смиттің көзі тірісінде басталды. Осымен байланысты мынадай әңгіме еске түседі. Өмірінің соңғы жылдарында Смит көпшілігіне танымал әйгілі аджам болды. 1787 жылы Лонданға барған сапарында белгілі мыраның үйіне тоқтайды. Laissez faire бөлмеде сол кездегі премьер-министр Уильям Петти бастаған көпшілік болады. Смит бөлмеге кіргенде барлығы орннан тұраджы. Өзінің профессорлық дағдасына орай қолын көріп, былай депті: «Мырзалар, орындарыңызға отыруларыңызды сұраймын». Петти оған жауап ретінде: «Доктор сізден кейін, өйткені мұндағы біздер бәрімізде сіздің оқушыларыңыз». Мүмкін, бұл аңызда шығар. Дегенмен ақиқатқа өте жақын. Петти шын мәнінде сауда саласында «Халықтар байлығының» рухына сай біраз шараларды атқарған.

Смит өз бағдарламасын ешуақыт пункттер бойынша көрсетпеген. Алайда, оны еш қиындықсыз жасауға болады. Laissez faire ұғымы нақтылы мыналарды сипаттайды.

Біріншіден, қазіргі түсінікпен айтқанда жұмыс күшінің жинақылығын шектеуші шараларды жоюды талап етті. Ең алдымен феодалдық қалдық ретінде міндетті қолөнерлік оқу мен көшу-қону заңы туралы. Мынадай талаптың объективті мәні капиталистердің іс-қимылына жол ашу. Алайда, . Смитьтің қандай кезеңінде жазғанын естен шығармау керек: британдық жұмысшы табы сол кезде зардапты капитализмнен емес, оның жеткілікті дәрежеде дамыта алғандығына көрді. Олай болса, Смит талабы прогрессивті және мейрімді деуге әбден негіз бар.

Еіншеден, Смит жерге еркін сауда болуын қуаттады. Ол ірі жер иеленуге қарсы болды және мұраға қалған жерлерді бөлшектеуге кедергі келтіретін заңдарды алып тастауды ұсынды. Смиттің пайымдаушы жерді пайдалана білетін, экономикалық тұрғыдан айналымға енгізуге бейім адамдар меншігіне өткізу керек. Осының бәрі ауыл шаруашылығында капитализмді дамытуға бағытталған.

Үшіншіден, Смит өнеркәсіп пен ішкі сауданы үкіметтік қалдық жолмен реттеуші шешімдерді алып тастауды ұсынды. Ішкі рыноктағы кейбір тауарларға шешімдерді алып тастауды ұсынды. Ішкі рыноктағы кейбір тауарларға салынатын акциздар шаруашылықтарға ықпал ету үшін емес, бюджеттік табысты қамтамасыз ету үшін енгізілуі тиіс. Англияда сол кезде ел ішінде тауарларды тасмалдаумен байланысты баж салығы орын алмады. Смиттің бұл сындары Франция үшін өте өткір, әрі актуалды бола бастады.

Төртіншіден, Англияның ішкі сауда саясатын жете сынай отырып, еркін сыртқы саудаға бағдарламасын жасады. Оның осы маңызды талаптары, әсіресе меркантилизмге қарсы бағытталған болатын.

Смит ағылшындық отарлау саясатын әшкерлей отырып, оның ұлтты мүддеден туындамайтын, азынаулық саудагерлер мүддесін көздейтінін ашық жады. Англияның Ирландия мен солтүстік америкалық отарларды жүргізген өнеркәсіпті тұншықтыру мен сауданы шектеу саясатымен айналысты болжамайтын мағынасыз саясат деп санады. Ол былай деп жазды: «Бүкіл халыққа өзінің еңбегінің өнімін шығаруға немесе өз капиталы мен өнеркәсіп еңбегін қолайлы жағдайда жасауға тыйым салу адамзаттың ең қасиетті құқын аса бұрмалау болып таылар».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меркантилизмнің теориялық негіздері
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Табыстар теориясы
Меркантилизм кезеңдерінің ерекшеліктері туралы ақпарат
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Адам Смит ілімі
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Меркантилизмнің экономика ілімінің тарихындағы орны
Ж.Б. Сэйдің экономикалық көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz