Көшпелі Өзбек мемелекетінің құрылуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Көшпелі Өзбек мемелекетінің құрылуы.

Жоспары:

  1. XV ғ. 20 жж. Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы
  2. Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақты біріктіру әрекеттері
  3. Саяси бытыраңқылық және Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысынан бөлінуі

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әбілқайыр тұсындағы Өзбек ұлысы (1428-1468 ж. ж. ) «Әбілқайыр ханның тарихы» атты шығармада Кухистанидің айтуынша Әбілқайыр хан 1412 жылы ұлу жылында туылған. Ол ерте жетім қалып, Шибанның басқа ұрпағы - Жұмадық ханның қол астында болуы және далада жоғарғы билікке таласқан оның күресіне қатысуға тура келді.

Жұмадық хан әскермен маңғыт бектеріне қарсы аттанады. Бірақ маңғыттар Жұмадық ханның әскерін талқандап, жан-жаққа бытыратып жібереді. Осы шабуылда Жұмадық хан өліп, 16 жастағы Әбілқайыр Оғлан тұтқынға түсіп, бірақ маңғыт билерінің шешімі бойынша босатылып жіберіледі. Жұмадықтың өлімінен кейін ол Өзбек ұлысының көптеген тайпаларының басшылығынан тез арада тірек табады. 1428 жылы Тура облысында 17 жастағы Әбілқайырды хан сайлайды. Оның тегі былай таралады: Әбілқайыр Дәулет шахтың ұлы, Ибрахимнің ұлы, Сұлаттың ұлы, Минк-Темірдің ұлы, Бадақұлұлы, Жошы Бұқа ұлы, Бұншал Бахадур ұлы, Шибан ұлы, Жошы ұлы, Шыңғысхан ұлы. Бартольдтің айтуынша Әбілхайыр ханның билеген кезінің ең басты тарихи белгісі - оның Дешті Қыпшақтағы көшпелі өзбектер ұлысының «негізін салушы» еді.

XV ғасырдың 20 жылдарының аяғында Өзбек ұлысы жерінде бірнеше тәуелсзі иліктер болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай, Сарысу мен Ембі өзендерінің арасында Шайбандық Жұмадық ханның ұлысы болды. Батысқа қара Қазы би билеген маңғыт ұлысы тұрды. Шайбандық Мұстафа хан Атбасарды, Кпек би мен адамбек Бүркіт Тура облысын биледі. Осындай саяси жағдайда жас әбілқайыр хан Шығыс Дешті Қыпшақ тарихынжағы ірі тұлға ретінде тарих сахнасына шықты.

XV ғасырдың басында Ақ Орданың жер аумағы бірнеше хандыққа бөлінді. Соның қыпшақтар мекендеген бір бөлігі Өзбек ұлысы деп аталды. Олай болу себебі Әмір Темір Терек өзені бойында плтын Орда ханы Тоқтамысты 1395 жылы жеңген соң Орыс ханның ұлы Құйыршық оғланды Жошы ұлысының ханы етіп, тағайындаған болатын және оған «өзбек батырларынан» тұратын әскери бөлімше берген. Құйыршық хан көп ұзамай қаза болады. Бірақ қыпшақтар мекендеген ұлыс енді Ақ Орда емес, Өзбек ұлысы деп атала бастайды. Орыс ханның немересі Барақ Өзбек ұлысында билікке жету үшін күреседі.

Дешті Қыпшақ деген атау XIV ғасырдың ІІ жартысынан кейін «Өзбек ұлысы» «Өзбек билеушілігі» деген атаумен алмасып, айтыла бастады. XV ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ сөзі Жошы ұрпақтарының билеушілігде мүлдем айтылмайтын болды. Қазақ хандарының мқрагерлік негізін бастаған орыс ханның мұрагерлігі «Өзбек билеушісі» деп аталады. Өзбек ұлысына Көк Орда мен Ақ Орда жерлерінің көп бөлігі кіреді.

1438 - 1460 жылдары Кіші Мұхаммед Алтын Орданың ханы болады. Осы кезде Шығыста Әбілхайырдың басшылығымен Шайбандар әулеті күшейеді. Әбілхайыр өзі 1428 жылы осы ұлыстың ханы сайланып, 1430-1450 жылдары ол Алтын Орда жер аумағындағы Өзбек ұлысының ең құдіретті ханы болады. XV ғасырда Өзбек ұлысының шекарасы Шығыстан Батысқа қарай - Оңтүстік басыныда Сырдарияның орта және төменгі ағасындағы оң жағалық жазықты қоса Ертістен Еділге дейін созылып жатты. Бұл жерлер Сырдарияның орталық және төменгі жағалауын қамтыды. Шекараның оңтүстік шығыс бағыты Тарбағатай мен Балқаш көлі арқылы өтті. Осылайша Өзбек ұлысы өзінің құрамында қазіргі Қазақстан жер аумағын көп бөлігін алып жатты.

Әбілхайыр хандығы кезіндегі Өзбек ұлысы - XV ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Бұл хандықты «көшпелі өзбек мемлекеті» деп атады. Өзбек хандығы өзара болған ішкі қырқыстар нәтижесінде XV ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті билеген бірнеше феодалдық иеліктерге ыдыраған Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлық бектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды. Алайда феодалдық қырқыс тиылмай Барақ хан 1428 жылы өлтіріледі. Ол кезде Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған Өзбек ұлысындағы өкімет билігі Әбілқайыр ханның қолына көшті. Әбілхайыр хан Оңтүстікте Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінен бастап, солтүстікте Тобыл және Ертіс өзендерінің орта ағысына дейінгі Батыста Жайық өзенінен бастап, Шығыста Балқаш көліне дейінгі жерлерді Оңтүстік Сібірді алып жатты. Халқының құрамы Ақ Орданың құрамына кірген түркі және түркіленген түркі моңғол тайпаларынан құралды. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті мен тұрмысы жағынан туыстас тайпалар еді. Бұлар «Өзбек» деген жалпы атпен бірге аталған. Бірақ мұндағы тайпалардың саны жағынан басымы қыпшақтар болған. Әбілқайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30 жылдарынан бастайды. Жошы балаларының бірі - Тоқа темірдің тұқымдары Махмұт хан мен Ахмет ханның иелігіндегі Арал Сырдария жерлері үшін болған екі шайқаста жеңкіске жетіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға жол ашады. Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Орда Базарға көшіреді.

Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты берік, бола қоймады. Ұлыс ішінде жоғары үкімет билігіне таласқан Жошы ұрпақтарымен толассыз және қатар күрес жүргізуге тура келді. Әбілхайыр хан болып жарияланғаннан кейін көп кешікпей 1430 жылы ТОбыл өзені бойындағы Шайбан әулетінен шыққан Махмұт Қожаны талқандады. Мұның артынша бірнеше рет Хорезмге қарсы жорық жасады. 30 жылдардың басында ол өз дұшпандары Махмұт хан мен Ахмет ханға қарсы жорыққа аттанып, жеңіп шықты. Бұл жеңісі үшін өз атынан ақша шығарды. Әбілхайырдың жеңісі көшпелі қауымның ықпалды феодалдар тобынан күшті қолдау тауып, өкімет билігін нығайта түсуге жағдай жасады. Оның беделін өсірді.

1446 жылы даланың күшті билеушілерінің біреуі Мұстафа Әбілқайырға соғыс ашып, жеңіліс табады. Осы жылы Әбілқайыр хан Сырдария бойымен Қаратау бөктеріндегі бірнеше қаланы (Созақ, Сығанақ, Аққорған, Өзгент) басып алды. Ертеректе шығысы - Хангай тауларының батыс беткейі, оңтүстігі - Гоби шөлі, батысы - Моғолстан жері, солтүстігі - Ертіс және Енисей өзендері болған аймақта ойрат, деп аталатын көшпелі халық тұратын жерлерді бағындырды. 1456-57 жылдары Әбілқайыр хан Сығанақ маңындағы Көк кесене елді мекенінде Өз Теміртайшы бастаған Ойраттармен соғысып, жеңіліп қалады. Бұл жеңіліс оның мемлекетінің саяси ыдырауына әкелді. Әбілқайыр хан Сығанақ бекінісіне тығылды. Қарсылық көрмеген ойраттар Түркістан мен Ташкент маңайын екінші тонады. Осы жеңілістен соң көшпелә\і халықтың бір бөлігі Жәнібек пен Керей сұлтандардың басшылығымен Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға көшіп кетті де, Шу өзенінің аңғарына барып қоныстанды. Қазақ тарихшылары Жәнібек пен Керей сұлтанның Әбілқайыр ханмен араздасуына Қара Қыпшақ Қобыланды мен Ақ жол атанған ағын биі Дайықожаны өлтіруі себеп болды деп жазады. Әбілқайыр хан 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанып бара жатып, Жеті құдық деген жерде қайтыс болды. Әбілқайыр хан Сығанақ маңындағы Көк кесене елді мекенінде жерленген.

Негізінен мемлекет құрамына қаңлы, қоңырат, кенже, қарлұқ, қыпшақ, найман, маңғыт, үйсін, арғын, бүркіт, қият, қосшы, жат т. б. тайпалары кірді. Бұл тайпаларды экономикалық дамуымен материалдық мәдениетінің өсу дәрежесі бір-біріне жақын еді. Негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болса, кей жерлерде (өзен, көлді алқаптарда, әсіресе оңтүстіктерде) отрықшы және жартылай отырықшы егін шаруашылығы болды. Мемлекеттің астанасы - Сығанақ қаласы болды.

70-жылдардың басм кезінде Әбілқайыр ханның иелігіндегі бұрынғы жерлер қазақ хандығының құрамына кірді. Мемлекеттің ыдырауына феодалдық өзара қырқыстар мен әлеуметтік тартыстардың бәсеңдемеуі және өкіметінің әлсіздігі феодалдық қанаудың күшеюі, феодалдық жоғарғы топ пен көшпелі рулар арасындағы топтық қайшылықтардың шиеленісуі, сондай-ақ қазақ халқының қалыптасып, Жетісу өңірінде қазақ хандарының күшеюі осыған байланысты XV ғасырдың аяғы мен XVІ ғасырдың басы Мәуереннахрға бет түзеп, бір топ өзбек тайпаларының бөлініп шығуы себеп болды. Кейіннен олар өзбек деген атты сақтап қалып, ол бүгінгі өзбек халқының атауы болды.

Деректер Әбілқайыр ханның Шибан тұқымы сұлтандармен бірге маңғыт жұртының билеушілеріне де сүйенгендігін айтады. Қадырғали би Жалайыр Әбілқайыр ханның маңғыт Уақас бимен арадағы достығын суреттеп “екеуі бір кесенің екі шетінен бөліп бал ішетін еді” дейді. Соған қарағанда ханның тасының өрлеуіне бидің көмегі аз тимесе керек.

Әбілқайыр ұлысы батысында Хайықтан шығысында Балқашқа, оңтүстігінде Арал теңізімен Сырдарияның төменгі ағысының солтүстігінде Тобыл мен Ертістің орта сағасына дейінгі аралықты қамтыды.

XVғ. 30-40-шы жылдары Әбілқайыр хан Мауреннахр және Сырдың орта сағасындағы қалаларға бірнеше жорықтар жасайды. 1430ж. оның әскері қысқа мерзімге Хорезмді алады. 1446ж. Әбілқайыр хан қолдары сыр бойындағы және Қаратау етегіндегі Созақ, Сығанақ, Ақ Қорған және Өзген қалаларын өзіне қаратып, Сығанақты хандығының астанасына айналдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Ноғай ордасы
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Хандар
Қазақ хандары жайлы
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық қозғалыс
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Ұлы жібек жолы сораптары
Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (X-XIII ғғ.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz