Креативті оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жұмыстардың мазмұнын анықтау ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ.

Зерттеудің өзектілігі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңының қабылдануына байланысты Қазақстан
ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін
басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі - адамды жан-
жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен
мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек.
Креативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог-психологтердің
еңбектерінде көрініс тапқан.
Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен
креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды.
Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне, танымдық
қызығушылык, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге
деген өзіндік тәсілдерін ұсынды. Педагогиканың бүгінгі таңдағы жаңа
нұсқасы, өз бетімен мәселені анықтап, шешім қабылдауға үйрету десе болады.
Креативті оқыту әдістемелері кез келген пәнге қолдануға мүмкіндік береді,
ол үшін креативті оқыту әдістемесін жақсы меңгеру керек. Креативті оқыту
бұл ғылымның оқушыларды шығармашылық шешім қабылдауға, яғни мәселені
зерттеуге анықталған нақты шешім қабылдауға үйретеді.
Сол себепті, зерттеу жұмысының тақырыбын Креативті оқыту
технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту деп
таңдадық.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Креативті оқыту технологиясын пайдалану
арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жұмыстардың мазмұнын анықтау
ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу.
Зерттеу жұмыстың әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз және
әдістемелік еңбектерді оқып, сараптау.
І Оқу-тәрбие үдерісінде креативті оқыту технологиясын пайдаланудың
теориялық негізі
1.1. Креативті оқыту технологиясын пайдаланудың маңызы
Креативтілікті қалыптастыруды зерттеуді төмендегідей шетелдік ғалымдар
қарастырған: Дж. Гильфорд, Э.Юдин, В. Смит, К.Тейлор, Е.Торренс,
М.Розенберг, Э.Эриксон М.Уоллах, Д.Халперн, И.Верткин, А.Лук, Я.Пономарев,
Н.Фролов, М.Ярошевский және т.б.
Зерттеу еңбектеріндегі креативтілікке берілген анықтамаларға тоқталайық.
Е.Торренс креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір
мәселелерді шешудегі қабілеттілік деген анықтама береді. Ғалым креативтілік
моделінің негізгі үш белгісін ұсынады:
- ой ұшқырлығы (нәтижелігі-өнімділігі);
- жағдаяттардағы икемділік;
- тұлғалық ерекшелік, өзіндік шешім.
Бұл тәсілде шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық
өнімділікті белсендіріп, жандандыратын сипаттар мен үрдістер ретінде
көрінеді.
Қандай да болмасын ұжым мүшесі, яғни жеке адам өзінің ішкі
мәдениетін, сөйлеу немесе ойын жеткізу шеберліктерін ұдайы жетілдіріп
отыруы міндет. Ол үшін өзінің білімін кітаптар мен жаңалықтар мен
толықтырып, заман талабына сәйкес кәсіби
мамандығындағы болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды қадағалап отырғаны
жөн.
Қандай ортада болмасын адамды кәсіби дайындық деңгейімен қатар
ұжыммен сыйыса білуі, яғни ортаға сіңіп кету өте маңызды. Егер әрбір жеке
маман, мұғалім немесе ғалым өзі қызмет етіп жүрген саладағы болып жатқан
өзгерістер мен жаңалықтарды оқып, біліп, талдап жүретін болса, әруақытта
болар қиындықтың алдын алуға және соған өзі басшылық ететін ұжымды,
оқушыларды дайындап, алдын алады.
Жоғарыда аталып өткен мәселелерді шешуде, бүгінгі таңда қолданысқа
енгізілген
креативті оқыту технологиясын дәріс берудің, яғни педагогикада әртүрлі
әдістерді қолдану арқылы жеңіл іске асыруға болады, мысалы:
1) пассивті – оқушылар тыңдаушы және көруші ретінде қатынасады;
2) белсенді – оқушылар берілген тапсырма бойынша нақты мәселені талдайды
және шешім қабылдайды;
3) интерактивті – екі жақты пікір – талас және нақты жағдайды талдау. Бұл
әдістің
ерекшелігі мұғалім оқушыларды күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдайларды
ойын түрінде ұйымдастырып, тыңдаушылар сол жағдайдың қатынасушылары
болулары арқылы, мәселені өздерінің жан дүниелері арқылы өткізіп, шешім
қабылдауды үйренеді. Мұғалім осы ойынның қоюшысы және қатынасушылардың
кеңесшісі ретінде қатынасуы тиіс, ол үшін мұғалімге қойылатын талапта өте
жоғары болатыны айқын.
Оқушылар мен мұғалімнің арасындағы қатынасты дұрыс және тиімді ұйымдастыра
білу
оның кәсіби іс-әрекеті мен шеберлігіне сәйкес. Олай болар себебі кез келген
жоғары техникалық оқу орындарында арнаулы бекітілген бір типті оқу-
әдістемелік құралдар мен ережелер болғанымен, мұғалім мен оқушылардың
немесе тыңдаушылардың арасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты болады,
сол себепті, мұғалімдердің ұдайы түрде шығармашылық шеберлігін жетілдіру
керек. Әрбір мұғалім өзінің ізденістері мен зерттеу жұмыстары арқылы оқу-
әдістемелік құралдары мен материалдарын үздіксіз толықтырып, заман
талаптарына сәйкестендіруі тиіс. Осы тұрғыда атап өтер бір мәселе ол
мұғалімнің кәсіби ойлау мүмкіндігі, яғни өзі дәріс берер сабақтарды жетік
меңгеруі және нақты технологиялардың, техникалардың даму үрдістерін
қадағалап отыруы үлкен рол атқарады.
Жалпы кәсіби ойлау мүмкіндігі психология ғылымында адамның жалпы
ойлау заңдылықтарымен сәйкес келеді, бұл жөнінде Ф.Н. Гоноболин, Ю.Н.
Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кузьмина еңбектерінде айтылған [2], осы тұста
бүгінгі уақытта кең қолданысқа еніп отырған креативті маман, тұлға деген
ұғымдарға байланысты креативті педагогика туралы түсінік бере кеткен жөн.
Креативті педагогиканың негізін ғылыми және оқыту шығармашылық әдістер
құрайды.
Педагогиканың бүгінгі таңдағы жаңа нұсқасы, сонымен қатар осы
уақытқа дейінгі келісім педагогикасына, міндеттеу педагогикасына ұқсамайтын
оқушыны өз еркімен шығармашылыққа үйренуге, өз бетімен мәселені анықтап,
шешім қабылдауға үйрету десе болады. Креативті оқыту әдістемелері кез
келген пәнге қолдануға мүмкіндік береді, ол үшін креативті оқыту
әдістемесін жақсы меңгеру керек. Креативті оқыту бұл ғылымның оқушыларды
шығармашылық шешім қабылдауға, яғни мәселені зерттеуге, анықтауға, нақты
шешім қабылдауға үйретеді. Ол үшін мұғалімнің шығармашылық дайындығы мен
шеберлігінің деңгейінің биік болғаны жеткіліксіз, мұғалім өзінің білгенін
оқушыларға жеткізе біліп, оларды нақты үрдісте толық қанды қатынасушы
ретінде үйрете білуі міндет.
Басты міндет – кез-келген пәнді оқыту үрдісін шығармашылық туынды ретінде
ұйымдастыра білу және соған барлық оқушыларды жұмылдыру.
Креативті педагогика мынадай әдістемелерді жинақтайды:
• шығармашылық сабақтары;
• техникалық туынды;
• психологиялық туынды;
• мәселені шешу шығармашылығы;
• шығармашылық бағыттағы оқыту бағдарламасы.
Осы тұрғыда креативті дәріс беру және ұйымдастыру шеберлігі бір мұғалімнен
екінші
мұғалімге берілуі, яғни сол деңгейде ұйымдастырылып, тиімділігі сақталады
ма деген мәселе туындайды. Бұған нақты жауап жоқ дегенмен, оқытушылардың
кәсіби дайындығына ойлау мүмкіндіктерінен байланыстылығын зерттеу
психология ғылымының іргелі зерттеу жұмыстары болып табылады.
Жалпы креативтілік – жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі, өзгелерден
ерекше ойлау және шешім қабылдап, жаңа туындылар беруге бейімділігі деген
пікір басымдылық алады. Американдық атақты психолог – А. Маслоу – бұл жайлы
креативность – это творческая направленность, врожденно свойственная всем,
но теряемая большинством под воздействием среды деп айтып кеткен. Бірақ
бұл пікірге толықтай келісу мүмкін емес, олай сенімсіздік таныту себебі,
дүниеге келген адамдардың барлығының ойлау, дүниетану және тапқырлық,
шығармашылық мүмкіндіктері әрбір адамның қанымен келетін сияқты, мысалы
қазақ бабаларымыздың текті және тексіз деген сөздерінің түпкі ұғымын
қарсы қоюға болады. Өйткені бұрынғы ауыл ақсақалдары бір маңызы зор үлкен
мәселелерді шешерде немесе қыз беріп, қыз алысарда, текті жерден бе, әлде
тексіз бе деп сұраған және ол тексізден не сұрайсың деген сөздері ел
ауызында сақталған.
Қорытынды. Демек, талдап отырған заманауи креативті тұлға немесе креативті
маман
дайындау үшін, осы тектілік деген ұғымға тереңірек мән беру керек сияқты.
Қазіргі аласапыран жаһандану кезінде елімізді, жерімізді, халқымыздың тілін
сақтап, ұлт ретінде қалғымыз келсе, бұрынғы ұрпақ алудағы және
тәрбиелеудегі ата-дәстүрімізді кеңінен қолдануға міндеттіміз.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығар-
машыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Бүгінгі педагогикада балаға оқу іс-әрекеті субъектісі, өзін-өзі анықтауға
және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылған тұлға ретінде көзқарас қалыптасуда.
Тұлға субъектілігі тану әлемін (мазмұнын, түрін, орындау формасын)
таңдауымен, таңдау тұрақтылығымен, оқу материалын өңдеу тәсілімен, тану
объектілеріне эмоционалды тұлғалық қарым-қатынасымен көрінеді. Бұнда
маңызды құрам құраушылар болып оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеті табылады,
өйткені бұнда есте сақтау қызметі оқуынан ақыл-ой дамуы үрдісі оқытуына
алмасуы жүреді, сонымен қатар әрбір оқушының субъективті тәжірибесінің
көрініс тауып, қолданылуына көмектеседі. Ал ол өз кезегінде тұтас оқу
әрекетін ұйымдастыру жолымен танудың тұлғалық мәнді тәсілдерін игеруге
көмектеседі. Қорытындысында дамудың өмірлік әрекеттегі субъектілік
тәжірибе факто-рына ерекше мән беріледі. Ол балада мектепке келгенге дейін
жанұя, әлеуметтік мәдени қоршаған орта, олардың адам мен заттар, құбылыстар
әлемін қабылдау және түсіну жағдайында меңгеріледі.
Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әр түрлі жаңа
технологиялар және ақпараттар легі толас-сыз жаңа нәтижеге ұмтылған иннова-
циялық орта болып табылады. Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі
әлеуметтік және педагогикалық қажетті-ліктермен сипатталады:
- оқушының оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі
ете отырып, ролін күшейту;
- оқушыда толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті
субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз
әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;
- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе
ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетінділігі;
- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге
ие болуы;
- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста
еркін қолдана алудың өзектенуі.
Орта – адамды тірлік етуінің, қалыптасуының және әрекет етуінің оны
қоршаған қоғамдық, материалдық, рухани шарттары [5]. Орта кең мағынада
(макро орта) қоғамдық -экономикалық жүйені - өндіріс күштері, қоғамдық
қатынастар және институттар қоғамдық сана мен мәдениет, тұтастай қамтиды.
Тар мағынада (микро орта) тікелей адамды қоршағандарды – жанұя, еңбек, оқу
және т.б. ұжым және топтар [7].
Біліми орта – адамның біліми әрекетіне материалдық, рухани шарттар ұсынатын
көп аспектілі, тұтас әлеуметтік психологиялық шындық, мақсатқа бағыт-талып
дайындалған ақпаратқа және оның тәсілдерін зерттеуге адамның еніп кетуіне,
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті психологиялық педагогикалық шарттар
жиынтығы [6].
Сол себептен де автордың пайым-дауынша, ақпараттық ортаны құруда алдын ала
дайындалған, тұтынушының сұраны-сына сай бейімделген мәтіндік және
иллюстративтік материалды ғана емес, сонымен бірге танымдық іс-әрекетті
жобалайтын және жүргізетін техноло-гиялық негізін (әдістемесін, тәсілін,
қазіргі оқыту құралдарын) бейнелену керек. Ақпараттық біліми орта үздіксіз
өзгермелі, үйренушінің жеке ерекшеліктерін, қызығу-шылығын ескеруі қажет.
Бұндай орта өз бетімен іздеу, міндетті қою және оны шешу жолдарын іздеуіне
көмектесіп, адамның үздіксіз кәсіби және жалпы біліми жоспарда өсіп
отыруына мүмкіндік беруі керек.
Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушіде жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқыту
траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, біздіңше,
ақпараттық біліми ортаны жоспарлауда басты шарт үйренушінің өз бетімен
танымдық, ізденушілік әрекетке ұмты-лысын қамтамасыз ету болу қажет.
Аталған ортаға қатысты жасалынған сипаттамадан біз бүгінгі нәтижеге
бағдарланған білім моделі жағдайында талапқа жауап беретін бірден-бір орта
бұл кредиттік оқыту жүйесіне негізделген біліми орта екенін анық көре
аламыз. Сол себепті де біз өз зерттеуімізде бүгінгі ақпараттық қоғам
сұранысын ескере отырып, бастауыш сынып оқуышы-ларының қалыптастыруда
қазіргі иннова-циялық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды
кіріктірген оқу ортасын таңдадық және оның анықтамасын былайша
тұжырымдадық: инновациялық біліми орта - бұл педагогикалық технологияны
қазіргі ақпараттық техноло-гиялармен кіріктіре қолдану негізінде,
оқушылардың педагогикалық-психоло-гиялық және этнопсихологиялық ерекше-
ліктерін ескере отырып, қалыптастыруға бағытталып, тұлғалық және бағдарлы
нәтижеге бағдарланған орта.
Сол себепті басты ерекшелігі: біріншіден, бастауыш сынып оқушыла-рының жас
ерекшеліктеріне сай оларды ерекше қызықтырып, ынталандыратын құрал қазіргі
ақпараттық технологиялар мен нәтижеге бағытталған құрал болып табылатын
педагогикалық технологияның өзара ұштастырыла қолданылуы; екіншіден, қазақ
балаларына тән этнопси-хологиялық ерекшеліктерді ескеруі; үшіншіден, оқу
үрдісінің негізіне тұлғалық-бағдарлы оқытудың дидактикалық қағидалары
басшылыққа алынуы; төртіншіден, оқушыларды деңгейлік тапсырмалар арқылы әр
оқушының мемлекеттік стандарт талабы деңгейінде білім алуын нақты
қамтамасыз етуі.
Сонымен қатар бұл арнайы құрылған ортаның маңызды белгілерінің бірі - бұл
оқушылардың танымдық тапсырмаларға ерекше белсенділігі мен қызығу-
шылықтарының басым болуы. Өйткені бірінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау
барысында оқушының бұл оқу-танымдық орындауға деген белсенділігі мен
қызығушылығы төмен деңгейде болғанның өзінде де екінші және үшінші
деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезінде міндетті түрде жоғарлайтынын
практика жүзінде дәлелденіп отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық
ортамыздың маңызды құрамдас бөлімі болып қоршаған әлемді және біліми
саласын ғылыми меңгеру тәсілдерімен байланысты пәндік біліми салаларды
кіріктіру болып табылады. Пәндік орта кіріктіруін жүзеге асырып қана біз
бастауыш сынып оқушыларына қажетті ортаны ұйымдастыра алатынымыз сөзсіз
және оған жүргізілген зерттеу жұмыстары да дәлел бола алады. Шынында бұл
мәселенің шешімі оқытушының кәсіп-керлік шынайы іске асыруға тән сол бір
ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес,
педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің
білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.Дәстүрлі
оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер қойылмайды, пәнді
меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді фотографиялық түрде
меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту деңгейінде (кей-кезде
ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады. Оқытушы-лардың жұмыс
тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум) білім беру мақсатының
технологиясымен сәйкес, оқытушының зейіні мен меңгерілген материалды
Білімділігіне және Түсінік-тілігіне шоғырланады, ал талдау-жинақ-тауға,
оқушылардың әрекетін өздік баға-лауына, оқытушы іс-әрекетіне аз деңгейде
назар аударылатынын көрсетіледі.
Оқытушының инновациялық іс-әрекеті өз қызметіне жаңа технологияларды
енгізуі. Білім беру жүйесінде қазіргі технологиялардың сан алауан түрлері
бар. Оқыту технологияларын таңдау үшін педагог педагогикалық үрдіс
факторларын ескеру қажет деп көрсетеді Д.В. Чернилевский. Ол факторлар:
- біліктілік сипатына енген кәсіби іскерліктерді меңгертуге арналған оқыту
іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктері;
- педагогикалық үрдістегі оқыту ақпараты функциясы (оқыту, диагно-стикалық
бақылау);
- оқыту ақпаратының мақсаттылық белгісі (танымдық, әрекеттік типте);
- оқушылардың мүмкіншілігі (әдіс-темелік біліктілік деңгейі, оқыту
үрдісінің әдістемелік техникалық жабдықталуы);
- уақыт мүмкіндігі (ұзақтығы – 45 мин артық, қысқа уақыт көлемі – 45
минуттан кем) [1].
Материалды түсіндіру әдісін таңдау әдістерінің тиімділігі өз кезеңінде,
оқыту мақсатына жету мүмкіндіктеріне байла-нысты болады.
Оқытудың басты мақсаты, материалдарды түсіндіруде білім мазмұнының
объектісі мен әрекеттерін және студенттердің логикалық шығарма-шылық
іскерліктерін дамыту. Бірінші мақсатта – білім мазмұнын түсіндіру – дайын
білімді хабарлаудағы тиімді әдістемелерге ақпараттық және пробле-малық
мазмұндау жатады. Басқа да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі толық
болса, басқа әдістемелерге қарағанда түсіндіру әдісі жиі қолданылады.
Сонымен қатар, белгілі мөлшерде логикалық іскерліктерді дамытуға жағдай
жасалады, өйткені мазмұнды айқындауда репродук-тивті қажеттілік
қарастырылған. Бірақ, логикалық іскерліктерді белсенді дамытуда және қандай
да шығармашылық тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға жағдай
жасалмайды. Екінші мақсатқа жетуде баяндау әдістемесінің мүмкіншіліктері
жоқтың қасы.
Логикалық және шығармашылық іскерліктерді дамыту дедуктивті өргізу мен
эвристикалық ізденіс әдістерін қолданғанда тиімді болады. Бірақ бұл әдіс
оқытушылар мен студенттердің көп уақытын алады. Әсіресе, эвристикалық
ізденіс арқылы түсіндіру әдісі. Сондықтан да, қажетті материалды
түсіндіруде басқарылатын эвристикалық ізденіс әдісін шығар-машылық ойлауды
дамыту мақсатында қолдану керек.
Дедуктивті өргізу көп уақыт алса да, мүмкіндігінше дайын білімді баяндаудан
гөрі жалпылау ретінде үнемі қолданылуы қажет. Материалдарды түсіндіру үшін
барлық әдістер қолданылуы керек, бірақ әр түрлі жиілікте. Ең бастысы
дедуктивті өргізу және ақпаратты және проблеманы мазмұндау, эвристикалық
ізденіс әдістемесі материалдың 15-20% түсіндіруде қолданы-лады да
шығармашылық ойлауды дамытуда маңызды және міндетті роль атқарады.
Инновациялық бағдар оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру
іс-әрекетке ойлап табу, меңгеру, педагогикалық жаңалықтарды оқыту
практикасында қолдану, иннова-циялық аймақ тудыру.
Инновациялық бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі төмендегідей:
1) Әлеументтік-экономикалық өзге-рістер, білім беру жүйесінің әдіснамасын
оқыту үрдісін ұйымдастыру техноло-гияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін
тудыруда. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы
болып табылады.
2) Білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер
үнемі жаңаны ұйымдастыру түрлерін, оқыту технологияларын қажет етеді.
3) Педагогтердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеру және қолдану факторының
өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнының қатаң
регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пайда-
лануға ғана мүмкіндік береді. Егер, бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан
ұсынылған жаңалықтарды қолдану болса, қазір таңдау зерттеушілік
мүмкіндігіне ие.
Оқушыларға ақыл-ой және дене-күшіне жүктемені өлшеу. Сонымен қорыта келе,
кез келген технология кез келген педагогтің қолданылуында тиімді нәтижеге
жеткізе бермейді. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қызметінде жеке шығар-
машылық тұжырымдамасының қалып-тасуын, жеке бастың педагогикалық
құндылықтар мен технологияларды меңгеруін, педагогикалық жаңалықтарды іске
асыру үрдісін өздігінен ұйымдастыру, жаңалықтарды, енгізуде мұғалімнің
өзіндік жеке стилінің болуы, инновациялық ортаның қалыптасуы инновациялық
типтегі оқу орындарында өтілетін экспери-менттерге қатыстыру, жоғары оқу
орындарында жаңа технологияларды қолдану жолдарын меңгертуді қажет етеді.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, А.В. Морозовтың анық-тамасына
сүйеніп: Инновациялы-креативті ортаның мәні педагогикалық үрдістің
мағынасын шешудегі шығар-машылық және жасампаздық тұрғыдағы тұлғаның
қызығушылығы мен құнды-лықтары оқу іс-әрекетінің басты компо-ненті болып
ұйымдастырылуы, – деп қарастыраған жөн.
Бұл анықтама жобалап оқыту тұжырымдамасының авторы Г.Л. Ильинаның
анықтамасына жуық. Бірақ, В.А. Морозов анықтамасында инно-вациялы-креативті
іс-әрекеттің шығар-машылық және жасампаздық тұрғысын оқушы мен оқушы
арасында қалыптастыруды негізге алады. Бұл ұстанымды жүзеге асыруда
төмендегі принциптерді басшылыққа алады:
1) Оқытушы тұлғасы оқыту үрдісінде басты элемент ретінде қарастырылады,
осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгерді. Оқытушы
пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының
тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші. Оқушыға әсер ету, басқару сипаты
өзгереді. Авторитарлы билік позициясы, үлкендік және күшті құқысы жоғалады.
Орнына серіктестік позициясы, демокра-тиялық қарым-қатынас орынайды. Соны-
мен қатар, оқушының да нәтижеге деген бағдары өзгереді, баға алудан
белсенді қарым-қатынасқа бағдарланады.
2) Білім функциясы жағынан оның ұйымдастыру тәсілі мен меңгеру өзгеріске
ұшырайды. Білім біздің қоғамымызда үшінші орындағы әлеументтік күш
орынынан адамға қазіргі өркениет пен мәдениеттен орын алуға, қазіргі
ақпаратты қоғамды жүйелі, пәнаралық, жалпылық мәнге ие етеді.
3) Бірінші жоспарда әлеументтік табиғатқа барлық оқытуда тұлғаны дамыту,
жеке дара емес, топтық формада өзара әсер ету, тұлғалық қарым-қатынас пен
ұжымдық субъектіден жеке даралықты өсіру, бірлескен шығармашылық байланыс
орынату.
Басқаша айтқанда, инновациялы-креативті білім беру жүйесіндегі негізгі
өзгерту тәсілін береді, өйткені, креативтік тұрғы оқыту проблемасындағы
дидак-тикалық міндеттер шешімін емес, өмірдің әлеументтік аспектісіндегі
жобалар мен ой-пиғылдарды, идеяларды жетілдіру мен шығармашылық қалыпқа
келтіру болып табылдады.
Осыған байланысты технологияда тәрбиелеудің үш қағидасы сақталған:
Біріншісі – әлеуметтік-мәдени құндылықтар (адам, табиғат, қоғам, еңбек,
таным) мен өмірдің құндылық негіздері – мейірімділік, ақиқат, сұлулыққа
бағдар.
Екіншісі – субъектілік қағидасы, педагог студенттердің қабілеттерін барынша
дамытуға ықпал етеді – болашақ педагогтердің басқа адамдар және әлеммен
байланыстағы өзінің Мен-ін саналы түрде түсіну, өз әрекеттерінің болашақ
оқушылары мен өз тағдырлары үшін әсерін көре білу, өмірлік шешімді саналы
түрде таңдау.
Үшінші – студенттің оқудағы табысы, дамуы, жағдайы мен қабілеттеріне
қарамастан дұрыс қабылдау, оның өзіндік ерекшеліктерімен өмір сүруге құқылы
екенін мойындау, сол сәтке қалып-тастырған өмір тарихын құрметтеу, оны
сақтауға қатысты құрметтеу.
Тәрбиелеудің үш қағидасының бірлігі креативтікті қалыптастыру
технологиясына болашақ педагогтердің үйлескен сипаттамасын береді: аталған
заманауи қағидаларды бір-бірінен бөлек жүзеге асырудың мүмкін еместігі
сияқты философиялық, диалогтық, этикалықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Креативтікті қалыптастыру – бұл педагогикалық үрдісті қымбат экстенсивті
құюларсыз қарқынды жолмен дамытуды жетілдіруге ықпал ететін болашақ
оқытушылардың кәсіби дайындау техно-логиясы.
Диалогтық қарым-қатынас негізінде адам мүмкіндігін тиімді жүзеге асыру,
даралау және саралау қағидаларын ескере отырып, оқытушы мен студенттердің
өзара байланысты әрекеттерін қарастыратын тұлғаның даму әдісі мен модульдік
білімді трансляциялаудың тиімді үрдісі болғандықтан, педагогикалық
технология ретінде ол бір мезетте оқыту мен тәрбиелеу технологиясы болып
табылады.
Бұнда шығармашылық ортаны құру, сонымен қатар оқытушылардың өздерінің
креативтігін қалыптастыру, креативтікті көрінулерге мотивация мен қарым-
қатынасын өзгерту, оқушылардың мінез-құлқы мен әрекеті өкілі, студент
креативтігіне құндылық ретінде қарым-қатынас қалыптастыру арнайы қарасты-
рылғанын ескертейік.
Оқытушы:
- креативтікті қалыптастырудың екі жақты үрдісінің субъектісі ретінде, оның
өзіндік креативтігі, модальдығы, басқа тұлғалық қасиеттері мен сипаттамасы
(эмпатия, сезімталдық, мотивация және т.б.);
- шығармашыл педагогикалық технологияларды игеруі қоса кіретін
педагогикалық шеберлік;
- дәстүрлі емес шығармашылық жағдаяттар құру, студенттермен бірлескен
шығармашылық әрекет.
Ата-аналар, отбасы мүшелері:
- студент үшін креативті мінез-құлық үлгілері;
- сезімталдық баржоқ;
- құндылықтар жүйесіндегі креа-тивтік;
- шығармашылық жағдаятты отбасында құру, бірлескен шығармашылық әрекет.
Макроорта, әлеуметтік жағдаят:
- креативті мінез-құлық үлгісінің болуы;
- субъектілердің креативті мінез құлықтарының еркіндігі регламенттілігінің
дәрежесі;
- шығармашылық кеңістік ұйым-дастыру, дене және психологиялық қауіпсіздік;
- студенттің шығармашылық үрді-сінде қолданатын заттар мен мате-риалдардың
алуан түрлілігі, ұғынық-тылығы, трансформациялау мүмкіндігі.
Инновациялы-креативті орта ерек-шелігі:
1) Оқу үрдісіндегі оқытушы мен оқушының серіктестігі. Оқушы өзіне қажетті
ақпаратты таңдауға, жоба негізінде өзіне қажеттіні таңдауға мүмкіндігі бар.
Оқытушы бағдар бере алады.
2) Креативті оқыту техноло-гияларында ең басты дәстүрлі түсінік өзгереді –
меңгеруге дайын, жүйелі білімнің болмауы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
МДҰ әдістемелік кабинет
СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
В.М. Манаховтың оқыту технологиясы
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау
Пәндер