Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану
тиімділігі

Қазақстан жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясы
енгізілгені бәріне мәлім. Мақалада кредиттік жүйе жағдайында оқытудың
белсенді әдістерін қолдану тиімділігі көрсетілген
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың және
дүниежүзілік білім бері кеңістігіне енудің негізі болып кредиттік оқыту
жүйесіне көшу саналады. Жоғары оқу орындарының оқу процесіне кредиттік
жүйені енгізудің негізгі мақсаты білім алушы жастарға білім беру жұмысын
жақсартып, жетілдіру болып отыр.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына кредиттік технологияны
енгізу себептері: еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік стандартқа
келтіру, мамандардың дипломдарының халықаралық деңгейде жарамды болуы,
отандық және дүниежүзілік еңбек рыногында біздің мамандарға деген
сұраныстың биік деңгейге көтерілуі, біздің студенттердің шетелден білім
алуына жағдай туғызу, шет елдермен студенттерді, оқытушыларды, мамандарды
академиялық ауыстыруға мүкіндік жасау. Кредиттік оқыту технологиясы
Қазақстанның дүниежүзілік деңгейге көтеріліп, біздің ұлттық білім беру
бағдарламамызды халықаралық дәрежеде тануға мүмкіндік береді.
Еліміздегі білім беруді дамыту Концепциясына орай Қазақстан
Республикасы жоғары оқу орындары үш деңгейлік жүйеге- бакалавриат,
магистратура, докторантураға көшірілді. Оның негізгі бір кезеңі болып
кредиттік оқыту жүйесін біртіндеп енгізу саналады. Кредиттік оқыту жүйесіне
өту - жоғары білім берудің дамуының заңды кезеңі. Енді студенттер
бұрынғыдай сессиядан-сесияға дейін деген ұранмен оқуды қысқартып, бүкіл
оқу жылы бойы әр түрлі тапсырмаларды жүйелі түрде орындайтын болады.
Студенттің жеке оқу траекториясын таңдауына мүмкіндік туды. Оның өзі
оқытудың көп нұсқалығын мүмкін етеді. Егер оқу кестесі мүмкіндік берсе
студент басқа бағыт бойынша, басқа мамандық бойынша сабаққа қатысуына
болады. Нәтижесінде студент қосымша мамандық алып немесе аралас мамандануды
меңгеруі мүмкін. Сонымен қатар олар басқа курстың және басқа мамандық
студенттерімен араласа алатын болады. Кредиттік оқыту жүйесінің тиімділігі
оқытушылар үшін де, студенттер үшін де айқын көрінеді, олар келесідей:
* оқылатын пәндер саны қысқарады;
* студент оқытушыны өзі таңдайды, оқу траекториясын белгілеуге
эдвайзер көмекке келеді;
* сынақ тапсыру болмайды;
* студент өзінің білімділік бағытын пәндерді таңдау арқылы
қалыптастырады,
* білімді бағалаудың рейтингтік жолы білімді бағалауды шынайы әрі
көрнекі етеді, студенттер білімі деңгейі жағынан ұпайлары арқылы
айырылады;
* студенттің күні бойы қолы бос болмайды;
* алдыңғы қатарлы білім беру әдістері мен инновацияларды,
интернетті, мультимедиялық сыныптарды қолдану мүмкіндігі
артады.[1]
Жоғары оқу орнының оқу жүйесін тиімді ұйымдастыру студентті білікті
болашақ маман ретінде жан-жақты дайындауға мүмкіндік береді. Қазіргі заман
талабына сай біліктілігі жоғары маман тек дайын білім жүйесін қабылдаумен
шектелмей, күрделі, шешуін күтіп тұрған мәселелерді қалтқысыз шешуге
қажетті икемділіктерді шығармашылықпен меңгере білгені лайым. Осыған орай
жоғары оқу орындарындағы оқыту мен білім беру бүгінгі студент, ертеңгі
маман өзінің шығармашылық әлеуетін дамыта алатындай етіп құрылуы керек.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында аудиторлық сағат пен өзіндік жұмысқа
бөлінген сағат саны арасындағы қатынас 1:2 қатынасындай.
Дәстүрлі оқыту жүйесінде өзіндік жұмыс пен аудиториялық сабақтың
қатынасын 1:3 қатынасындай болған. Оқытудың екі жүйесін салыстырудан біз
мынадай тұжырым жасаймыз. Дәстүрлі жүйеде қолданған оқыту әдістемелері жаңа
кредиттік жүйе жағдайында тиімсіз болады. Студенттерді белсендіріп,
дербестік деңгейін дамыту үшін оқытудың белсенді әдістерін, ақпараттандыру
көздерін ЭЕМ-ды, слайд лекция, мультимедиялық презентация, электрондық
оқулықтарды қолданған абзал.
Осы айтылғандардан оқу процесінде белсенді оқыту әдістерін қолдану
соңғы кезде өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Ондай белсенді оқыту
әдістеріне жататындар: Іскер ойын-ІО, блиц ойын-БО, дәріс жағдаят-ДЖ, рөлді
ойнау-РО, миға шабуыл-МШ, дөңгелек стол-ДС, Прессконференция –ПК, интервью
дәріс-ИД, пікір сайыс-ПС, визуальды дәріс-ВД, дәріс провакация –ДП т.б.
Белсенді оқыту әдісінің (БОӘ) дәстүрлі оқыту технологиясынан
келесідей айырмашылығы бар:
-студенттердің ойлау қабілетін белсендіреді және ол белсенділік ұзақ
уақыт сақталып оқу жағдайында өз бетімен шығармашылықпен, мотивациялық
дәлелденген шешімді тез қабылдауына мүмкіндік береді;
- серіктестік қатынасты дамытады, студенттердің ұжымда бірлесіп
жұмыс істеуіне жағдай туғызады;
- оқыту нәтижелілігі берілетін ақпарат мөлшерінің көбеюіне
байланысты емес, оны өңдеу тереңдігінің және жылдамдығының өсуіне сәйкес
артады;
- студент оқу барысында аса көп күш жұмсамай жақсы нәтижеге
жетеді.[2-4]
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында белсенді оқыту әдістерін
қолданып дәрісті жүргізу әдістемесін ұйымдастыруға тоқталайық.
Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары арнайы курсының мысалында
белсенді дәріс жағдаятты (ситуация) ұйымдастыру әдістемесі біздің іс –
тәжірибемізде келесідей көрініс тапты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Ақпараттық электрондық өнімдер
Сызықтық дифференциалдық теңдеу
Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесі ғылыми-педагогикалық негіздері
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Оқу процесін ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің арнайы конструкциясы
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Пәндер