Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ӘОЖ 37.01:378:374.3 Қолжазба
құқығында

Омарова Ләззат Тәліпқызы

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары

6М010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Жалпы педагогика кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының
докторы,
профессор
Ш.М.Майгельдиева

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының
докторы,

профессор Б.А.Тұрғынбаева

Диссертация 2013 жылдың ___ маусымында сағат ____ Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-педагогикалық
институтында (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу
ғимараты, № 411дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қоғамның жоғары педагогикалық білімді
мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам
мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол,
белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық
білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра
алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында Білім және кәсіби машық -
заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі
бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы
жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, - деп атап көрсетті [1].
Білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы
оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде мемлекет
тарапынан қолға алынып, болашақта атқарылатын істер жоспарына енгізіліп,
күн тәртібіне қойылып отыр.
Жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіби даярлығын қалыптастыру
мәселелерімен айналысқан ғалымдар Б.Әбдікәрімұлы, Ш.Ә.Әбдіраман,
Э.А.Байдалинова, В.В.Егоров, Б.К.Момынбаев, Ә.П.Сейтешев, В.А.Сластенин,
О.С.Сыздықов, Г.А.Уманов; қоғамдағы реформаларға сай жоғары білім беру
жүйесін дамытуда Қ.М.Арынғазин, З.А.Исаева, А.Қ.Құсайынов, Қ.Б.Сейталиев,
Б.Т.Кенжебеков; кәсіптік жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарын
жасаудың теориялық негіздері мен ұстанымдары туралы Г.Б.Әбенова,
К.Ә.Дүйсенбаев, Е.Келдібековт.б. атай аламыз; Қазақстан Республикасының
жоғары кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру бағыттарын қалыптастыруда
А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Әлмұханбетов, Ғ.К.Ділімбетова, Қ.К.Жанпейісова,
А.Г.Қазмағанбетов, М.Ә.Құдайқұлов, К.С.Оспанов, К.Ө.Өстеміров,
М.С.Молдабекова, В.В.Трифонов, Т.П.Досанова, Н.А.Завалко, К.М.Рақымбек және
т.б. отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Студенттердің құзіреттілік деңгейін көтеру мәселелері Н.Хомский, Р.Уайт,
Дж. Равен, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Т.А.Гудкова, Л.Н. Паламарчук, М.
Жадрина, Т.А.Степанов, К.Г.Митрофанов, В.Шепель, И.А. Зимняя, Б.
Кенжебеков, Г.Ниязова, К.М.Арапова, Б.Т.Барсай және т.б. еңбектерінде
жан-жақты талқыланған.
Аталған жұмыстар, еліміздің жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін
айқындауда ғылыми ізденістерге негіз бола алады. Алайда, бұл жұмыстарда
студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін кредиттік оқыту жүйесі негізінде
қалыптастыру туралы мәселе арнайы зерттеу нысаны болмаған.
Жоғары оқу орнында студенттің болашақ кәсіби маман ретінде қалыптасуын
зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз арта түсуде, бұл мәселе студенттердің
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Студенттің өз
мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық
және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада
қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтар зерттеу тақырыбын
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың түрлерін, оны ұйымдастыру жолдарын
саралап, педагогикалық үдерісте студенттердің белсенділігін арттыратын
тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, дәрісханалық сабақтар мен
педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса,
онда студенттердің кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.
Зерттеудің жетекші идеясы: кредиттік оқыту жүйесіне байланысты
студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың дидактикалық, ғылыми-
теориялық негіздерін тұжырымдау студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырады, олардың ой-өрісін кеңейтеді, танымдық белсенділігін
арттырады. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай құзырлы тұлғаны
қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
- кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: кредиттік оқыту жүйесінде
студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдістемесін жоғары
оқу орны оқытушылары, мұғалімдер білімін жетілдіру және мұғалімдерді қайта
даярлау мекемелерінің қызметкерлері өзінің іс-тәжірибесінде қолдана алады.
Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін арнайы курсты өтуде пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы, қызмет
теориясы, жеке тұлғаның танымын, іс-әрекетін қалыптастыруда адам, қоғам,
табиғат туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық теориялар негізге
алынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары, Білім
туралы Заңы, мемлекеттік білім стандарттары, бағдарламалар мен оқу-
әдістемелік кешендер пайдаланылды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының ресми құжаттары (Заңдар,
Конституция, тұжырымдамалар, қаулы-қарарлары), Қазақстан Республикасы
білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары (тұжырымдамалар,
бағдарламалар, бұйрықтар т.б.) зерттеу мәселелері бойынша философтардың,
педагогтардың еңбектері, жаңа оқыту технологиялары бойынша зерттеу
жұмыстарының нәтижелері.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, стандарттар
мен бағдарламаларға салыстырмалы талдау, қорыту, сауалнама жүргізу,
сұхбаттасу, диагностикалау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оның
нәтижелерін қорыту.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда
негіздеумен, оны зерттеу барысында теориялық және практикалық тұрғыда
сынақтан өткізіп, дәлелдеумен негізделді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде ((2011–2012 жж.) зерттеу проблемасы бойынша ғылыми
зерттеулер, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге ғылыми
тұрғыдан талдау жасалынып, жүйеленді. Тақырыптың көкейкестілігі дәлелденіп,
педагогикалық эксперименттің мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми
аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2012–2013 жж.) эксперименттік байқау негізінде алынған
нәтижелер сараланып, арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, жинақталған
материалдар диссертация түрінде рәсімделді. Қол жеткен нәтижелер
республикалық ғылыми–тәжірибелік конференцияларда, семинарларда талқыланып,
іс тәжірибеге енді.
Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең
білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты
мәселесі. Білім және тәрбие беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,
интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін
қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды
жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын,
шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты
іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай
жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып
қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім
беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді
қолға алды.
Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей,
қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.
Алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе АҚШ-та пайда болып, дамыды.
Кредиттік-сағаттық ұғымын 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті,
атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот енгізді. Нәтижесінде
1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пәндердің көлемін
шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы кредиттік-сағаттық жүйе дамуының
екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті колледж-мектеп
құрылымын жетілдіру мақсатында, орта мектептерде оқыту бағдарламасын
стандарттауда кредит ұғымын тек колледждерде ғана емес, мектептерге,
білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық
бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді [2].
1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің
өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл
Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық
бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта
Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон
үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз
айында қосылды.
Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру
мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттар негіз болды. Атап
айтатын болсақ, олар: 1988 жылы басқа Болон Декларациясы- Университеттер
Ұлы Хартиясы және 1998 жылғы 25 мамырда қабылданған Сорбон Декларациясы
[3].
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне Еуропалық кредиттік жүйе (ESTS)
енгізілді. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Франция, Германия, Испания,
Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерде білім беріледі [4].
Елімізде кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы
бағыттары бойынша зерттегендер Г.К.Ахметова, С.Б.Әбдіғаппарова,
С.Ә.Әбдіманапов, Б.С.Әбдірәсілов, Ж.Д.Дадабаев, А.А.Құсайынов,
С.М.Өмірбаев, Б.З.Андасова және басқалар кредиттік жүйенің жоғары білім
беру жүйесіне ендірілуіне үлес қосты [5].
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Кредиттік оқыту
жүйесі (технологиясы) - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының
көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана
отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және
дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту деп көрсетіледі [6].
Жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуінің басты мақсаты
– білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және өндіріс пен
нарықтық жағдайдың өзгеруіне тез бейімделе алатын кәсіби мамандардың
әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып
табылады.
Оқытудың кредиттік жүйесі – білім берудің демократиялығымен сипатталады
және әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай
жасайды. Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі – студенттердің білім кеңістігін
қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім
стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес,
білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай ұйымдастыра алады.
Кредиттік оқыту жүйесі сызықтық емес оқыту жүйесіне жатады. Осы тұрғыда
кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі сызықты оқыту жүйесінен ерекшеліктерін
атап өтуге болады:
- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса,
кредиттік жүйеде нақты білімнің негізінде өзіндік шешім қабылдай білу,
талдау, қорыту дағдыларын жетілдіру, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен
танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
- студенттердің оқу жоспарындағы қамтылған пәндерді таңдау еркіндігі,
әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту
бағдарламасының ыңғайлылығы;
- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- "студент-оқытушы" қарым-қатынасының "субъект- субъект" болып өзгеріп,
оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
- студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін
академиялық консультанттардың енуі;
- оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін
қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру
траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендірілуі;
- студенттің өзіндік жұмысының үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз
жүргізілетін және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін болып бөлінуі;
- студенттің меңгерген білім сапасының аралық бақылау мен емтиханда
бағаланып, сынақтың болмауы;
- шетелде оқу мүмкіндігі;
- оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді кеңінен қолдану
мүмкіндігі;
- бағалау жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ерекше пайыздық бағалау
жүйесінің енгізілуі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде білікті мамандар даярлайтын жоғары оқу
орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазіргі
мақсат - әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға
дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну.
Құзыреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында Н. Хомский енгізген
болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет
қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік ұғымы бүгінгі күні оқыту үдерісінде білімді қолданудың
ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үдерісінде құзыреттілік
ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін
белгілі бір мәселені шешуде қолдануы. Оқыту үдерісіндегі құзыреттіліктерге
ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.
Л. М. Митина құзыреттілік ұғымына білім, дағды, білік, сонымен қатар
практикада, тілдесімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын
тәсілдері деген анықтама береді [7].
Г.Ж. Ниязова зерттеу жұмысында құзыреттілік ұғымына Білім беру
құзырлары - бұл студенттің мағыналық бағдарлары, білімдері, біліктіліктері
мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына қажетті нақты
анықталған объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелерінің жиынтығыдеп,-
анықтама береді [8].
Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік жөнінде: Құзыреттіліктің бар-жоғын адам
еңбегiнiң нәтижесiне қарап пайымдау кажет. Кез - келген қызметкер, өз
әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап
беретiн жұмыстарды орындаса ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады-,деп,
анықтама береді [9].
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз құзыреттілік
ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және
тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Студенттердің кәсіби құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер кәсіби
маман даярлау мәселелерімен айналысып жүрген отандық және шетелдік
ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Бүгінгі күні
шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары
тереңдетілген білім, міндетті шешудегі теңдік жағдайы, қызметті
орындаудағы қабілеттілік ұғымымен мағыналас болып келеді.
Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымы туралы бірыңғай пікірдің жоқ екендігі
байқалады. Көбіне бұл ұғым кәсібиліктің жоғары деңгейін бейнелеуде
қолданылады. Кейбір авторлардың еңбектерінде кәсіби құзыреттілік ұғымы
кәсіби қызметке даярлық және педагогикалық кәсібилік ұғымымен
теңестіріледі.
Қазіргі педагогика сөздігінде кәсіби құзыреттілік адамның өзіндік
кәсіби білім деңгейімен, тәжірибесімен және жеке қабілеттерімен, өз білімін
үздіксіз көтеруге ұмтылысымен, өзін-өзі жетілдірумен, іске деген
шығармашылық және жауапты қатынасымен анықталады.
Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру туралы мәселе
ғалымдар арасында пікір қайшылықтар мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның
кәсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен
байланыста қарастырады.
Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер,
В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог
мамандардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда
болғанын айтады.
Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар
кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі
ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген
қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге
талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон,
Д.Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары
адамгершілік нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде
анықтайды.
Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың әдіснамалық және теориялық
аспектілері мынадай авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан: Дж.Равен,
М.А.Холодная, Э.Ф.Зеер, А.К.Маркова, Ю.Н.Петров, С.С.Кунанбаева,
К.С.Успанов, А.К.Козыбай, Б.Б.Баймуханова. Сонымен қатар жекелеген пәндер
бойынша құзіреттілікті қалыптастыруға Б.Баймұхановтың, С.Е.Шәкілікованың,
М.Ә.Құдайқұловтың, А.Е.Әбілқасымованың, Ж.А.Қараевтың, Б.Т.Барсай
еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
Кәсіби құзыреттілік ең алдымен студенттің ақпаратты сауаттылығы мен
кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент
қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді,
жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе
алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді
жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті маман бола алады.
Жоғарыдағы түрлі көзқарастардан біз студенттердің кәсіби құзыреттілігі
туралы әр кезеңде әр түрлі авторлар еңбектерінде, ғылыми әдебиеттерде түрлі
пікірлер кездесетінін байқаймыз. Солардың ішінде біздің көзқарасымызға
сәйкес келетіні В. А. Сластениннің пікірі болғандықтан, соған сүйене
отырып, мұның өзі студенттің белгілі бір міндетті атқаруда икемділік пен
білікті меңгеру жолындағы психолгиялық жағдай және білімділіктің, тұлғаның
жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс- әрекеттегі теориялық және
практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа
қажетті көптеген сапалардың болуы деп тұжырым жасауға болады. Осыдан
келіп, кәсіби құзыреттілік – студенттің жеке бас сапалары мен оның
психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, дидактикалық
біліктілігі мен қабілетінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының,
тәжірибесінің жиынтығы деп анықтама беруімізге болады.
Студенттің кәсіби құзыреттілігі кәсіби және жеке сапалардан құралады.
Кәсіби құзыретті деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары дәрежеде жүргізе
алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі оң
нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. Қазіргі білім
беру жүйесіндегі өзгерістер студенттердің кәсібилігінің артуын, яғни
кәсіби және әдістемелік құзыреттілігін арттыруды қажет етеді.
Болашақ маман тұлғасының қалыптасуы оның кәсіби іс-әрекетіне
байланысты екенін ескерсек, педагогикалық практиканың оған қалай әсер
ететінін түсіну қиын емес. Педагогикалық практиканың болашақ маман
тұлғасын қалыптастырудағы орны оның сол іс-әрекетке қызығушылығымен
байланысты. Болашақ маманның педагогикалық еңбекке қызығушылығы - күрделі
психологиялық процесс. Бұл студенттің педагогикалық еңбекке саналы
қажеттілігінің дамуын қажет етеді. Педагогикалық практика кезінде болашақ
мамандардың кәсіби қалыптасу және өзін-өзі айқындау процесі белсенді жүзеге
асып, кәсіби білімдер мен біліктерге деген қажеттіліктер, оларды
қалыптастыру үдерісі байқалады.
Педагогикалық практика студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне
барынша жақын жағдайларда өткізіледі. Ол түрлі педагогикалық міндеттерді
шешуге бағытталған өзіндік практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді.
Жоғарыда біз педагог қызметінің кәсіби сапасы мәселелерін, оның
шеберлігі мен профессионалдығын, мұғалімге қойылатын талаптарды қарастыра
келе, бүгінгі студент ертеңгі педагог екенін ескеріп, оның кәсіби іс-
әрекеті нәтижелі болу үшін кәсіби құзыреттіліктің мынадай негізгі
элементтерін меңгеру қажеттігін атап көрсеттік (1-сурет).

1-сурет – Кәсіби құзыреттілікті құрайтын негізгі элементтер
Студенттердің кәсіби құзіреттілігін өзіндік жұмыстар арқылы
қалыптастырудың түпкі мақсаты – студенттерді белсендi ой қызметiн, әр
түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешуге, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi
қолдануға ұмтылысы бар оқыту үдерісінің субъектісі етіп тәрбиелеу.
Ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зерттеулерінде студенттердің
тапсырмаларды өздігінен орындауы олардың танымдық қызығушылықтарын
арттырып, танымдық белсенділіке, шығармашылықпен жұмыс жасауына
дағдыландырады деген пікірлер кездеседі.
Сондықтан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын сапалы
ұйымдастыру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін нығайтуға, дамытуға,
кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыруға болады деген тұжырымға келеміз.
Елімізде студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын біршама ғалымдар
зерттеу объектісі ретінде қарастырған М.Ә. Құдайқұлов, Т.С.Сабыров, А.Е.
Абылқасымова, К.К. Жампеисова, Н.А.Асанов, А.А. Бейсенбаева, Н.К. Ахметов,
Г.Т. Хайруллин, Ж.А. Караев, А.А. Саипов, К.А. Жусупова, А.А.Гурбанова,
Р.С. Омарова, А.Ш. Демеуов, Ә.С. Әлметова, С.С Смаилов және т.б.
ғалымдар құнды пікірлер айтқан.
Өзіндік жұмыстарды қолдану арқылы студенттердің кәсіби құзіреттіліктерін
қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау қажеттілігі
туындады.Біз өз зерттеу жұмысымызда осы ерекшеліктерді ескеріп, зерттеу
мәселесінің шешімін іздестіру мақсатында ең алдымен студенттердің кәсіби
құзыреттілігін кредиттік оқыту жүйесінде қалыптастырудың компонентерін,
өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтадық (1-кесте).
Мақсат-міндеттеріне қарай өлшемдер когнитивтік, эмоционалдық-құндылықты,
іс-әрекеттік деп ажыратылады.
Когнитивтік өлшем студенттердің өз мамандығы бойынша қажетті ақпаратты
таңдау және бағалауын, проблемалық жағдаяттарды шешуін, ғылыми
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасауын көрсетеді.
Эмоционалдық-құндылықты өлшем студенттердің білімге деген
қызығушылығынан және белсенділігінен, топты қарым-қатынастық құндылық
ретінде тануынан көрініс табады.
Іс-әрекеттік өлшем ұжымдық өзара қарым-қатынасқа түсуді, өзара
міндеттер бөлісуді, кәсіби іс-әрекет нормаларын бірлесе меңгеруді, топтық
пікірталастарда белсене араласуды қажет етеді.
Анықталған өлшемдер негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасу деңгейлері анықталды.
Жоғары деңгейде студент өз ойын еркін түрде баяндайды, мәселені толық
ашып көрсете алады. Қосымша құралдарды (вербальды және вербальды емес
құралдарды) сауатты пайдаланады, мәселені шешуде шынайы қызығушылық
танытады, білуге қызығушылығы басым, топтық қарым-қатынасты орнатуға бейім;
диалог, пікірталаста ақпараттың талап етілетін мазмұнын шығармашылықпен
қабылдайды, диалогқа, талқылауға белсенді араласады, топтық жұмысты орындау
барысында міндеттерді белгілейді.
Орта деңгейде студуент өз ойын оқытушы жетекшілігімен ғана түсіндіре
алады, мәселені баяндайды, қосымша құралдарды толық пайдалана білмейді;
мәселенің шешімін оқытушының талап қоюымен іздейді, шешімін өз бетімен
табуға сенімсіз, қатесін табады, бірақ оны түзете алмайды, қарым-қатынас
орнатуда білімді мақсат тұтпайды, диалогты ұйымдастыруда енжар, диалог
аясында әріптесінің пікірін тыңдайды, топта топтық жұмысты орындау
барысында міндеттерді бөліседі.
Төмен деңгейде студент қарапайым үлгідегі тапсырмаларды орындайды,
мағыналық құрылымда бағдар жасай алмайды, ойы шашыраңқы, мәселені шешуге
қызықпайды, топта енжар, оқу материалының тек кейбір бөліктерін қабылдайды,
топтық жұмысты ұйымдастыра алмайды, топта негізінен орындаушы қызметін
атқарады, топтық пікірталастарда белсенділік танытпайды.
Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың өлшемдері,
көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау мақсатында Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология
мамандығының студенттерімен тәжірибе-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып,
сынақтан өткізілді.
1-кесте - Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби
құзыреттіліктерін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері.
Өлше Деңгейлер
мдер
Көрсеткіштер
Жоғары Орта Төмен
Когнстуденттердің өз өз ойын еркін өз ойын берілген қарапайым
итивмамандығы бойынша түрде күрделі үлгіге сәйкес үлгідегі
тік қажетті ақпаратты құрылымдағы мұғалім тапсырмаларды
таңдау және рәсімдейді, жетекшілігімен орындайды,
бағалауын, мәселені толық рәсімдейді, мағыналық
проблемалық баяндайды. мәселені құрылымда
жағдаяттарды шешуін,Қосымша баяндайды, бағдар жасай
ғылыми педагогикалыққұралдарды қосымша алмайды, ойы
әдебиеттерге талдау (вербальды және құралдарды толық шашыраңқы
жасауын көрсетеді вербальды емес пайдалана
құралдарды) білмейді
сауатты
пайдаланады
Эмоцстуденттердің мәселені шешуде мәселенің шешімінмәселені
ионабілімге деген шынайы мұғалімнің талап шешуге
лдыққызығушылығынан жәнеқызығушылық қоюымен іздейді, қызықпайды,
-құнбелсенділігінен, танытады, білуге шешімін өз топта енжар,
дылытопты қызығушылығы бетімен табуға оқу
қты қарым-қатынастық басым, топтық сенімсіз, қатесінматериалының
құндылық ретінде қарым-қатынасты табады, бірақ онытек кейбір
тануынан көрініс орнатуға бейім түзете алмайды, бөліктерін
табады қарым-қатынас қабылдайды
орнатуда білімді
мақсат тұтпайды
Іс-әұжымдық өзара диалог, диалогты топтық жұмысты
рекеқарым-қатынасқа пікірталаста ұйымдастыруда ұйымдастыра
ттіктүсуді, өзара ақпараттың талап енжар, диалог армайды, топта
міндеттер бөлісуді, етілетін мазмұнынаясында негізінен
кәсіби іс әрекет қабылдайды, әріптесінің орындаушы
нормаларын бірлесе диалогта пікірін тыңдайды,қызметін
меңгеруді, топтық белсенді, топта топтық атқарады,
пікірталастарда талқылауға жұмысты орындау топтық
белсене араласуды белсенді барысында пікірталастард
қажет етеді араласады, топтықміндеттерді а белсенділік
жұмысты орындау бөліседі танытпайды
барысында
міндеттерді
белгілейді

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен студенттердің
білім деңгейін бағалауды бірінші кезеңге қойып, оларды арнайы ережелер
бойынша өткізу, жаңа жүйеде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне аса зор
мән беріліп отырғанын анғартады.
Біздің пікірімізше, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесін,
педагогикалық үдерісті жетілдіруге, сол арқылы түпкі сапалық нәтижеге қол
жеткізіп, бәсекеге қабілетті жан-жақты білімді азаматтар қалыптастыру
жолындағы кредиттік оқыту жағдайында қалыптасқан студенттердің өздігінен
орындайтын жұмыстарының түрлерін оқу үдерісінде және одан тыс қалыптасқан
өз бетінше педагогикалық жүйе деп қарауға болады.
Жоғарыда келтірілген ұғымның мазмұнына байланысты, біз ұсынып отырған
студенттердің өздігінен орындайтын тапсырмалар жүйесін педагогикалық жүйе
деп есептеуге болады. Себебі, бұл жүйе студенттерді аудиториялық оқу
үдерісінде және аудиториядан тыс уақытта өздігінен білім алу мақсатында
жетістіктерге жеткізуші өздігінен орындайтын жұмыстардың біртұтас бірлігі.
Жүйе 2-суретте көрсетілгендей екі блокқа бөлінген элементтерден тұрады,
олар жазбаша және ауызша.

2-сурет - Кредиттік оқыту жағдайындағы студенттердің өзідігінен
орындайтын жұмыстарының тапсырмалар жүйесі.
Өз кезегінде екі блоктағы құрауыштар, бірнеше түрлерге бөлінеді
(реферат, ғылыми баяндама, ақпараттық технологиялар мен жұмыс жасау т.с.с).
Біздің пікірімізше, біз ұсынып отырған педагогикалық жүйедегі құралдар
түрлерін біріктіретін жетекші идея – студенттердің білім алу кеңістігінде
өздігінен орындайтын жұмыстарды ғылыми-әдістемелік нұсқауларға сай жасау
барысында өздігінен білім алу, біліктілік, шығармашылық қабілеттерін,
дағдылары мен іскерліктерін дамытумен қатар, оларды өмірде қолдана білетін,
кәсіби мәдениеті мен кәсіби-дидактикалық қабілеті қалыптасқан тұлға
дайындау болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттеріне орай қазіргі жаһандану заман
талаптарына сай және кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен негізгі
мақсатттарына байланысты студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының
педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқанын, ондағы өздігінен орындайтын
жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының студенттің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырудағы ықпалын анықтадық.
Нәтижесінде білім сапасы жоғары, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті,
кәсіби құзіретті маман қалыптасады.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігінің
қалыптасуын зерттеу үшін эксперимент жұмыстары ұйымдастырылды.
Біз педагогикалық экспериментті зерттеуде қойылған міндеттерді шешуге,
болжамды, алдыңғы тарауда берілген теориялық зерттеуді практикада, ғылыми-
обьективті және дәлелді түрде тексеруге мүмкіндік беретін зерттеу
әдістерінің кешені ретінде қарастырдық.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың мақсаты жалпы зерттеудің мақсат-
міндеттеріне тәуелді:
-кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастырудың әдістер жүйесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы
тиімділігін тексеру;
- студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың аталған әдістер
жүйесіне сәйкес ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты мен болжамына сәйкес
төмендегі міндеттерді эксперименттік және бақылау топтарындағы
студенттермен ұйымдастыру кезеңдері бойынша шешуді белгіледік:
1) студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған өз
бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесін жасақтау;
2) кредиттік оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
әдістерін анықтап, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған өз
бетімен орындауға арналған тапсырмалар жүйесін нақтылау;
3) студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға арналған анықтау
экспериментін жүргізу;
4) студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру экспериментін
жүргізу;
5) жасалған әдістеменің тиімділігін тексеру, қорытындылау
экспериментін жүргізу.
Кредиттік оқыту әдістерін қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін
эксперименттік және бақылау топтарында анықтай отырып, білім мазмұнын
педагогикалық үдерісте меңгеруін, студенттердің топта жұмыс жасау
қабілетін, диалогқа қатысу және диалогты жүргізу іскерлігін, тұлғалық даму
деңгейлерін анықтауды басты назарға алдық.
Алдымен тәжірибе-эксперимент жұмыстарының жоспары жасалды. Өткізілетін
жұмыстың уақыты белгіленді: 2011-2013 жылдары. Жоспарға сәйкес
эксперименттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Студенттердің әлеуметтік құзыреттілігін кезеңдеп қалыптастыру мен жобалаудың педагогикалық негіздері
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Жаһандану жағдайына болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Құзыреттілік теориясы
Пәндер