Кеңес Одағы халықтарының Москва қорғанысына үлес қосуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-8

І - тарау. КСРО - ның қорғаныс әрекеттерін ұйымдастыруы.

1. 1. Қызыл Армияның амалсыз шегінуі. Москва

қорғанысын ұйымдастыру . . . 9-25

1. 2. Кеңес Одағы халықтарының Москва қорғанысына үлес қосуы . . . 25-29

ІІ Тарау. Гитлершіл әскерлерді Москва түбінде талқандау. Ұлы отан соғысының бірінші кезеңінің аяқталуы.

2. 1. Москваны қорғауды ұймдастыру. Москва қорғанысы . . . 30-33

2. 1. Қарсы шабуылға шығу және неміс-фашист әскерлерін

Москва түбінде талқандау . . . 33-53

Қорытынды . . . 54-56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57-59

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы Отан соғысының аса маңызды оқиғаларының ішінде Москва үшін болған шайқас көрнекті орын алады. Қара теңіз бен Каспий теңізінің аралығында өткен ұрыс қимылдары 15 ай шамасына созылды, сөйтіп қорғаныс және шабуыл операцияларының күрделі комплексі ретінде Кеңестік әскери өнердің тарихына енді.

Герман фашизмі дүние жүзіне үстемдік етуді жеңіп алудың гитлерлік жоспарларын жүзеге асыру жолындағы басты кедергі болып табылатын, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын жоюды мақсат етті.

1941- ж. басына қарай Германия әскерлері біздің еліміздің шекараларына жақын келіп тұрды. Польшаны басып алуы фашистердің КСРО-ға батыс бағытта, Норвегияны оккупациялауы - солтүстік бағытта, Балқан елдерін алуы - оңтүстік бағыттан баса-көктеп кіруі үшін плацдарм жасауына мүмкіндік берді[1] .

Басып алған елдерінің өнеркәсібі, шикізат және адам ресурстары Германияның қарамағында қалды да, мұның өзі оның әскери-экономикалық қуатын едәуір арттырып жіберді.

СССР-ге шабуыл жасайтын кезінде Германия мен реакцияшыл үкіметтер басқаратын Италия, Финляндия, Румыния, Венгрия 190 дивизияны (5, 5 млн. солдат пен офицерді), 4, 3 мың танкті, 5 мыңға жуық соғыс сомолетін, 47 мыңнан аса зеңбіректер мен минометтерді совет шекараларының өн брйына шоғырландырды. Бұл тарихтағы ең ірі басқыншылық армия болды.

Қиыр Шығыста фашистік Германияның агрессиялық пиғылдарын бірге бөліскен империалистік Жапония қауіп төндіріп тұрды[2] .

Коммунистік партия мен Совет үкіметі соғыс қаупінің өте тез күшейіп келе жатқанын жақсы түсінді. 170 дивизия (2, 7 миллионға жуық жауынгерлер мен командирлер), барлық соғыс техникасының тең жартысынан астамы еліміздің шекаралық әскери округтарына жинақталды. Бірақ дивизиялардың адам құрамы әлі де толық іріктеліп болмаған еді. Транспорт, байланыс құралдарының жетіспеуі байқалды. Көптеген танк құрамалары, моторландырылған және авиация құрамалары қайтадан құрылу және жаңадан құрастырылу үстінде болды. Мұндағы танктер мен самолеттердің жаңа үлгілері не бары 20 проценттей ғана болды және оларды жеке құрам енді ғана меңгере бастаған еді.

1941 ж. 22 июньде, жексенбі күні таңертеңгі сағат 4-те нацистік Германия шабуыл жасамау туралы совет-герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан СССР жеріне опасыздықпен басып кірді. Совет Одағына Отанымыз бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры әрі ең қатыгезі күшпен таңылды.

Фашистік әскерлер шабуылды бастау жөнінде шартты белгі алғаннан кейін СССР-дің бекіністі шекаралық аудандарына ар-тиллериядан кенеттен күшті соққы беріп, бірнеше минут өткен соң Совет елінің жеріне баса-көктеп енді. Аэродромдарға, темір жолдарға, әскери-теңіз базаларына, байланыс линияларына, соғыс қару-жарағы мен оқ-дәрі коймаларына, тыныштықтағы совет қалаларына мыңдаған тонна өлім жүгі нөсердей жауды.

Гитлершілдер шабуылды стратегиялық үш бағытта - Ленинград, Москва және Киев бағыттарында жүргізді. Фашистік командование бұл тұстарға өзінің ең көп мөлшердегі күштері мен құралдарын, оның ішінде танк құрамаларының негізгі күшін шоғырландырды[3] .

Шабуылдың күтпеген жерден, кенеттен жасалуы гитлерлік армияға елеулі басымдық алуға мүмкіндік берді. Басты соккылар беру бағыттарында жау күш жағынан үш есе және тіпті бес есе басым болып отырды. Авиацияның төне шүйілуі және танктердің шептерді бұзып өтуі себепті жау совет ^жеріне едәуір еніп, штабтар мен әскер құрамалары арасындағы байланысты үзіп тас-тауға мүмкіндік алды.

Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі, аралықта орасан зор шайқас болып жатты. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан бергі қорғанушы жақтың әскерлерінің күшін агрессор тұңғыш рет шындап сезінді.

Жау тобырларының соққысына бірінші болып шекарадағы 485 застава қарсы тұрды. Дұшпан күштерінің басымдығына қарамай солардың бірде-біреуі бұйрықсыз өз шептерін тастап кетпестен, соңғы патрон, соңғы граната қалғанша шайқасумен болды.

Рава-Русский бекініс ауданын қорғаушылар бірнеше неміс дивизиясының тегеурінді қысымын 27 июньге дейін тойтарып тұрды. Лейтенант А. В. Лопатиннің заставасы коршауда 11 күн бойы қаһармандықпен шайқасты. Балтықтағы маңызды соғыс-теңіз базасы - Лиепаяны қорғаушылар жеті тәулік бойы табан-дылықпен қорғанды, оларға бұрынғы астыртын большевик, Қысқы сарайға шабуыл жасауға қатысқан генерал Н. А. Дедаев басшылық етті[4] .

Брест қамалының қорғанысы совет жауынгерлері ерлігінің жарқын мысалы болды. Брест қамалының қорғаушылары жаудың самолеттеріне танкілері мен ауыр зеңбіректеріне өздерінің қол пулеметтерін, мылтықтары, гранаталарын ғана және бұларға қоса қаһарман ерліктерін карсы қойды. Қамалдағы шайқасқа 30-дан аса ұлттың өкілдері - орыстарменбелорустар, украиндар мен грузиндер, молдавандар мен армяндар, қазақтар мен өзбектер татарлар, мордвалар және баска-лар катысты. Жан-жактан түгел коршауда калған олар азықсыз, сусыз бір аи фашистік дивизиялардың өршелене жасаған шабуылдарын тежеп тұрды. Майор П. М. Гаврилов, капитан И. Н. Зубачев, полк комиссары Е. М Фо-мин басшылық еткен қамал гарнизоны жауға зор шығындар келтіріп ерлікпен қорғанды.

Совет әскерлері кескілескен табанды күрес жүргізе отырып, шегінуге мәжбүр болды. Совет жауынгерлері Отанға шексіз берілгендікті, рухының күшін, қайтпас қайсарлық пен қаһармандық көрсетті. Жаудың бірінші соққысын кеуде тосып, қарсы алған олардың көбі қаза тапты. Олардың есімдері белгісіз, бірақ ерліктері өшпейді.

Соғыстың алғашқы күндерінің өзінде-ақ совет ұшқыштары құрбандық ерліктің үлгісін көрсетті. 22 июньде ұшқыш П. Чиркин жанып бара жаткан машинасын фашистердің танкісіне қарай шүйілтті. Бомбардировщигін жау машиналарының колоннасына бағыттаған капитан Н. Ф. Гастелло мен оның жауынгер жолдастары-ның ерлігі бүкіл елімізге мәлім болды. Фашистердің самолеттерін Ленинград түбінде соғып түсірген ұшқыштар М. П. Жуков, С. И. Здоровцев және П. Т. Харитонов Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Айрықша авиаполктың командирі, 1941 ж. июль айының басында, фашистік айтулы алтьі ұшқышпен жалғыз өзі шайқасып, қаза тапқан С. П. Супрун бірінші болып екі мәрте Совет Одағының Батыры атағын алды[5] .

Совет әскерлері қорғана шегініп қана қойған жоқ. Олар дұшпанға айтарлықтай соққы бере отырып, қарсы шабуылға да шығып отырды. Мәселен, фашистер 22 июнь күні Перемышльді басып алды, бірақ олар бұл арада бір тәулікте тұра алған жоқ. 99-атқыштар дивизиясының (командирі - полковник Н. И. Дементьев) және шекарашылардың құрама отрядының күшімен қала 23 июнь күні азат етілді. Біздің әскерлеріміз қаланы 28 июньге дейін, шегіну жөнінде бұйрық болғанша ұстап тұрды.

Совет әскерлерінің табан тіресе көрсеткен қарсылығына қара-мастан, жау 10 июльге қарай Латвияны, Литваны және Белорус-сияның, Украина мен Молдавияның едәуір бөлігін басып алды. Гитлершіл генералдар әлден-ақ жеңісті тойлауға дайындалып еді. Біздің жауларымыз ғана емес, сондай-ақ шетелдегі кейбір достарымыз да Совет еліне фашизммен өлімші айқаста төтеп беру мүмкін болмас деп есептеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Диплом жұмысын жазу барысында Ұлы Отан соғысындағы Батыс майданы тақырыбына арнайы әдебиеттер де жалпы Ұлы Отан соғысы туралы әдебиетттер де көптеп кездесті. Алайда жұмыс барысында бұрын аз айтылған немесе айтылуға кеңестік саясат мұрсат бермеген мәселелерді қарастыруға тырыстым. Алайда, бұндай мәселелер туралы документтерді КСРО мемлекеттік, немесе Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің архивтерінен әлі де еркін шығарылмағандығы көрінді.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс майданындағы іс - қимылдар туралы Ушаков А. В. ХХ ғасырдағы Отан тарихы, Шарипов А. Операция жалғасуда. Жилин ПА. Ұлы Отан соғысы атты зерттеу жұмыстарын жазып шықты[6] .

Батыс майданы тарихын зерттеумен айналысқан және соғыс қимылдарына жан жақты талдау жасаған армия генералы С. М. Штеменконың Бас штаб соғыс жылдарында атты естелік кітабында да жан - жақты талданған[7] .

П. А. Жилин «Ұлы Отан соғысы» атты кітабында Батыс майданының Кеңес Одағы үшін қандай стратегиялық маңызы болғанын көрсеткен. Сондай - ақ бұл аймаққа фашистік басқыншылардың өлермендікпен ұмтылу себептерін де қамтыған[8] .

А. В. Ушаковтың ХХ ғасырдағы ұлы Отан соғысы атты еңбегі Батыс майданының қиындықтары мен жетістіктеріне, жалпы соғыс тағдырының шешілуіне тигізген әсеріне, Батыс халқының психологиялық ерекшеліктеріне, соғыс қимылдарын жүргізу үшін қаншалықты техника мен адам күштерінің жұмылдырылғанына сипаттама берген[9] .

А. Шарипов «Операция жалғасуда» еңбегінде Соғыс қимылдарын ұйымдастыру мен партизандық соғыс жүргізу әдістеріне тоқталған. Сол кездегі Кеңес халқының Батыс майданы үшін берген көмектері де қамтылған[10] .

Армия генералы С. М. Штеменконың кітабында Жалпы соғыс қимылдарына сипаттама бере келіп Батыс майданының маңызына, стратегиялық ерекшелігіне, жер жағдайының шабуыл мен қорғаныс үшін қаншалықты қолайлығына, шабуыл мен қорғаныстағы бас штабтың қызметіне, сипаттама береді[11] .

Диплом жұмысын жазу барысында жоғарыда аталған еңбектерден басқа СССР тарихы оқу құралдарын, көптеген әскери қызметкерлердің жазған естелік кітаптары мен мақалаларын және баспасөз беттерінде жарық көрген қорғаныс министрлігінің және ұлттық қауіпсіздік комитетінің архив материалдарын пайдаландым. Атап айтқанда Кузнецов И. В. История СССР. М., 1971. Черменский Е. Д. История СССР. М., 1965[12] .

СССР тарихы 1972. История СССР . М., 1967. ТЛЛ. Берхин И. Б. История СССР (1917-1964) М., 1966. История СССР. М., 1960. Г. Дерр. Сталинградқа жорық. Орысшасы неміс тілінен аударылған. М., Әскери әдебиет баспасы, 1957, 127-бет. Таяу Герман империализмі және екінші дүниежүзілік соғыс. СССР және ГДР тарихшыларының Берлиндегі ғылыми конференциясының материалдары (1959 ж 14-19 декабрь) . Орысшасы неміс тілінен аударылған. М., Шетел әдебиет баспасы, 1961, 82-бет. Гинденбургтьң естеліктері. Орысшасы неміс тілінен қысқартылып аударылған. Петроград, «Мысль», 1922, 104-бет. Э. Людендорф. Менің 1914-1918 жылдардағы соғыс туралы есте-ліктерім. II том, 219-220-беттер. Қатерлі шешім. Орысшасы ағылшын тілінен аударылған. М., Әскери әдебиет баспасы, 1958, 75-бет.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Батыстың КСРО үшін экономикалық, саяси маңызын талдау. Кеңес Одағы әскерлерінің Батыстағыы қорғанысын ұйымдастыруы.

  • Герман милитаристерінің Москваға ерекше көңіл бөлусебептерін ашу;
  • Батыс майданындағы шайқас қимылдарын білу;
  • Әскери қимылдар жоспарына сипаттама;
  • Москва түбіндегі жеңістің соғыс тағдырын шешудегі маңызын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, әр тарауда үш тармақшадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сілтемеден тұрады.

І - тарау. КСРО - ның қорғаныс әрекеттерін ұйымдастыруы.

1. 1. Қызыл Армияның амалсыз шегінуі. Москва қорғанысын ұйымдастыру.

Жұмылдыру. 22 июнь күні күндізгі сағат 12-де еліміздің барлық радиостанциялары Совет үкіметінің социалистік Отанды қорғау жөнінде халыққа арнаған үндеуін берді. Сол күні әскери міндеттілердің әскер қатарына шақырылатыны хабарланып, елдің европалық бөлігінде соғыс жағдайы енгізілді.

СССР Халық Комиссарлары Советі мен ВКП(б) Орталық Комитеті 1941 ж. 29 июньдегі директивасында совет халқын еліміз жерінің әрбір сүйемін қорғап қалуға, майдандағы армияға жан-жақты көмек ұйымдастыруға, елдің бүкіл өмірін майдан мүдделеріне бағындыруға, Қызыл Армия бөлімдері амалсыз шегін-ген жағдайда жауға ештеңе қалдырмай, алып кетуге болмайтын құнды мүлікті жойып жіберуге, жау басып алған аймақтарда партизан отрядтары мен диверсиялық топтар ұйымдастыруға, Халық жасақтары дұшпанға төзгісіз жағдай жасауға шақырды. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген үндеуі бүкіл совет халқының жауынгерлік ұранына айналды[13] .

1941 ж. 30 июньде СССР-дің соғыс жылдарындағы барлық өкімет билігі шоғырландырылған мемлекеттік төтенше жоғары органы - Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (ГКО) құрылды. Бұған И. В. Сталин (төраға), В. М. Молотов (төраға орынбасары), К. Е. Ворошилов, Г. М. Маленков, Л. П. Берия, Л. М. Каганович кірді. Кейін оған Н. А. Булганин, Н. А. Вознесен-ский, А. И. Микоян енгізілді 5 . Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қарулы күреске стратегиялық басшылықты жоғары Бас командованиенің Ставкасы арқылы жүргізді. Июльдің ортасынан бастап Қорғаныс халық комиссариатын басқарған И. В. Сталин, сондай-ақ, Ставканың да председателі болды.

Партияның Орталық Комитеті партияның басшы кадрларын, коммунистерді қайтадан бөліп, олардың көпшілігін әскери жұмыстың аса маңызды учаскелеріне жіберді. 1941 ж. аяғына қарай партия мүшелерінің бестен екі бөлігі армия мен флот болды. Партияның ұйымдастырушылық және саяси қызметі бүкіл халықты жауға қарсы күреске аттандырып, топтастырған күш болды.

Соғыс басталған бір аптаның ішінде шақыру пункттері арқылы 5 миллионнан астам адам әскер қатарына жіберілді. Жүздеген мың совет азаматтары өздерін еріктілер ретінде жіберуді сұраған өтініштер берді. Олар майдандағы армияға барды, олардан халық жасақтарының отрядтары, истребитель және жұмысшы батальондар құрылды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық республикаларда майданның әскери резервтерін жасақтау өріс алды. Қызыл Армияның әрбір әскери құрамасы өзінің құрамы жағынан интернационалды болды. Сонымен бірге жаңадан жасақталған дивизиялар мен бригадалардың ішінде ұлттық құрамалар да болған еді, бұлар агрессорға қарсы ортақ күресте совет халықтарының қатысуының бір формасы болып табылды.

Коммунистік партия мен Совет үкіметі халықшаруашылық күштері мен ресурстарын соғыс өндірісінің мүдделері жолында қайта бөлуге бағытталған батыл шаралар қолданды. Негіздері соғысқа дейін-ақ талданып жасалған, жұмылдырушы жалпы халықшаруашылық жоспары дайындалды. Жоспар басты міндеттердің бірі ретінде Поволжье, Урал, Батыс Сібір, Қазақстан мен Орта Азия аудандарын дамытуды көздеді. Жоспарда танк жасауға және авиация құрылысына, қару-жарақ оқ-дәрі шығаруға айрықша көңіл бөлінді. Халық шаруашылығының салалық құрылымы қайта құрылды[14] . Танк өнеркәсібі халық комиссариаты мен Миномет қаруы халық комиссариаты құрылды. Негізгі өнеркәсіп халық комиссариаттарың тәжірибелі партия және шаруашылық қызметкерлері: Б. Л. Банников, В. В. Вахрушев, А. И. Ефремов, В. А. Малышев, И. Ф. Тевосян, Д. Ф. Устинов, А. И. Шахурин және басқалар басқарды. Соғыс кезеңінде қалалардың еңбекке жарамды барлық халқы өндіріс пен құрылыста жұмыс істеуге жұмылдырылды. Күш пен қаржыны майданға қызмет етуге аудару үйлесімді соғыс экономикасының берік негізін қалады.

1941 ж. 24 июньде ВКП(б) Орталық Комитеті Саяси бюросының шешімі бойынша эвакуация жөніндегі Совет құрылды. Оның председателі болып Н. М. Шверник тағайындалды. 27 июньде ВКП(б) Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлар Советі «Адам құрамы мен бағалы мүлікті көшіріп әкету және оларды » қаулы қабылдады. Көшірілген халық-қа көмек көрсету үшін едәуір ақша қаражаты бөлінді. Эвакуация шын мәнінде бүкілхалыктық іске айналды.

Соғыстың алғашкы күндерінен бастап-ақ елдің ғылыми мекемелерінің бәрі өз жұмыстарын қорғаныс мүдделеріне сәйкес қайта құруға кірісті. Мекемелердің көпшілігі ғылыми зерттеулердің бағытын өзгертті. Көптеген ғалымдар майданға аттанып, қолдарына қару алып, Отанын қорғады.

Елдің батыс аудандарының, сондай-ақ Москва мен Ленин-градтың зерттеу институттары шығысқа қоныс аударды.

Жау басып алған аймақтарда қалып қойған совет адамдары гитлерлік агрессияға жауап ретінде басқыншыларға қарсы табан-ды қаһармандық күресті өрістетті 8 . Кең құлаш жайған партизандық қозғалыс соғыстың халықтық, азаматтық сипатының жарқын көрінісіне айналды. Бұл қозғалыста халықтың социализм жеңіс-терін сақтап қалуға, Отанды қорғауға, миллиондаған адамдарды құлдыққа түсуден және қырғынға ұшыраудан құтқарып қалуға бекем бел байлаған ұмтылысы көрініс тапты[15] .

ВКП(б) Орталық Комитетінің 1941 ж. июльде қабылданған «Жау әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» арнаулы қаулысында былай деп атап көрсетілді: «Міндет мынада болып отыр: герман интервенттері үшін адам төзгісіз жағдай туғызу, олардың байланыс құралдарын, транспортын істен шыға-рып, әскери бөлімдерінің өзін бүлдіріп, олардың барлык шараларын сәтсіздікке ұшыратып отыру керек, басқыншылар мен олардың қолжаулықтарын жою керек, атты және партизан отрядтарын құруға, бүлдіргіш истребитель топтар құруға барынша көмектесіп, фашист басқыншыларына қарсы барлық қимылдарға басшылық жасау үшін жау басып алған аймақтарда біздің астыртын большевиктік ұйымдарымыздың жүйесін ұлғайту қажет. »

Осы нұсқаулар негізінде жау басып алған барлық аймақтарда және оккупация қаупі төніп тұрған аудандарда партия-комсомол астыртын ұйымдары мен партизан отрядтарының кең жүйесін құру жөнінде үлкен саяси және ұйымдастырушылық жұмыс өрістетілді.

Партия органдары қалаларда, темір жол станцияларында, кәсіпорындарда - жауға зиян келтіруге мүмкіндік болатын жердің бәрінде айбынды астыртын топтар құрып жатты.

Жау тылында бүкілхалықтық соғысты кеңінен өрістетуге шақырған партияның үндеуін халықтың барлық топтары қызу қолдады. Жұмысшылардың, колхозшылардың, интеллигенция өкілдерінің басқыншылармен өліспей бітіспес шайқасқа өз еркімен түсуге әзір екені қарулы партизан отрядтарын ұйымдастыру істерінен неғұрлым айқын көрінді. Алғашқыда отрядтар саны шағын 30-50 адамнан құрылды. Қоршаудан шығуға мүмкіндігі болмай, жау тылында қалып қойған әскери қызметшілерден құрылған отрядтар да болды.

Майдан маңындағы аудандар халқының Қорғаныс құрылыстарын салуда әскерлерге көмек көрсетуінің ерекше маңызы болды. 1941 ж. жазы мен қысында бұл жұмыстарға 10 млн. адам қатысты. Көптеген совет адамдары донорға айналып, госпитальдарда жатқан жаралыларға кемектесті, жинаған жеке ақша-қаражаттарын Қорғаныс қорына берді, майданға жылы киім, азық-түлік жіберіп отырды.

Уақыттың қатал сындары совет әдебиеті мен өнерінің Отан тағдырымен ажырамас байланыста екенін айқын көрсетіп берді. Соғыстың сипаты, майдандағы оқиғалар, шайқасып жатқан халықтың өмірі творчестволық жұмыстың басты тақырыбына айналды. Әдебиет пен өнер партияның бүкіл идеялық-саяси жұмысында оның белсенді көмекшілеріне айналды. Творчество қай жанрда көрініс тапса да, ол негізгі мәселеге - халық ерлігінің үлылығын көрсетуге, совет адамдарын күнделікті патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне қызмет етуге бағындырылды[16] .

Соғыстың бастапқы кезінде публицистиканың пәрменді формалары - корреспонденциялар мен очерктер, плакаттар мен листовкалар, кинорепортаждар мен әндер неғүрлым көбірек таралды. (Соғыстың алғашқы күндеріндегі плакаттардың бірі - И. Тоидзенің «Отан-ана шақырады!» плакаты осы тараудың басында заставка ретінде беріліп отыр) . Бүдан былайғы жерде соғыс оқиғаларын, совет адамдарының рухани дүниесін неғүрлым терең толғай көрсететін шығармалар пайда болды.

Театр өнерінің қызметкерлері өз талантын жауға қарсы күрестің ортақ ісіне жұмсады. Қызыл Армияның Орталық театрының бір топ актерлері соғыс басталғанда мемлекеттік шекара маңындағы әскери бөлімдердің бірінде болатын, сөйтіп олар осы күннен бастап тоғыз ай бойы майданда өнер көрсетіп жүрді.

1941 ж июльде Москвада тұңғыш майдандық бригада кұрылып, оған театрлардың, Мосэстраданың, Бүкілодақтык радионың актерлері кірген еді. Соғыс кезінде барлығы 40 мыңнан аса артист, 4 мыңға жуық концерт бригадасы майданда болып қайтты. Олар майдандағы жауынгерлер алдында, соғыс корабльдерінде, госпитальдарда өнер көрсетті.

Композитор. А. Александров пен ақын В. Лебедев-Кумач шығарған және шайқасушы халықтың гимніне айналған, «Қасиетті соғыс» әні соғыстың бірінші аптасының өзінде-ақ шырқалды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде
Кеңес Одағының экономикалық және әскери – саяси өмірінде Кавказ майданының маңызы
Пассионар
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының халықаралық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
Жеңісті еселеген мұнайшылар
1941-45 жылдардағы қанды майдан туралы
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
1941-45 жылдардағы қанды майдан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz