Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V—VIII
кластарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11—12 жастан 14—15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V
класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның өтпелі,
бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл
атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен
байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық
шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік,
әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән
ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар
қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен
қарым-катынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің,
мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен
қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта
құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басы дамуыньщ аса маңызды факторы — оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді
игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық
қарым-қатынас орнатуға, (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін,
мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттсрін жобалау) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген
жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы
мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан жеткіншекте балалық пен ересектіктің
қатар болуымен, екінші жағынан, сол бip ғана паспорттық жастағы
жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі
айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл казіргі мектеп оқушыларының
өміріндегі жагдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар:
1) ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көбінде басқадай тұрақты
және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-
аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан
қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы: 2) ересектендіретін
жайлар: мазмұны жөнінен caн алуан информацияның орасан зор тасқыны;
көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары
ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың
жедел дамуы: дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар
жасайды, осыдан келіп оныц белгілі бір жақтары да-муының алуан түрлі
көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта
бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар
ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да
бар; өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар, бірақ сонымен
қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар;
болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ
мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың
бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана. басқалары бұған онша мән
бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді
біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы карапайым жұмыстарға да
ебі жоқ.
Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және
әрбір бағыттың көптеген еарианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір
интеллектуал үшін өмірде ең бастысы пен білім болады, қалғанының бәрін де
ол әлі нәресте десе енді бір нағыз интеллектуал үйде электроника
туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк
бітірмейді, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып өмірдің мәнінен
бастап ең шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі бар-лық жайлар жөнінде
әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық
көреді: үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сырткы көріністері
онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге
тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін
балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем
ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл
орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін
маңыздының енді бірге кұны жоқ. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның
жеке басының моральдық жәнс әлеуметтік- негіздері қолданады және оладың
қалыптасуының жалпы бсғыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың
қалыптасуы жалғасады.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай
бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге
байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері
мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұныц өзі
біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да,
даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан
өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің әзінде әр түрлі елеулі
субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны
тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына
көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі
формалары шығады (қикарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік,
тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында
биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты
ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды
педагогикалық мәні бар.
Зерттеудің мақсаты – жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым
– қатынасының ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері – жеткіншектердің құрдастарымен қарым –
қатынасының мазмұнын ашу.
Зерттеудің объектісі – жеткіншектердің қарым – қатынас ерекшеліктері.
Зерттеудің пәні – психология пәні.
Курстық жұмысының зерттеу әдістері – психологиялық құбылыстарды
бақылау, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І – Бөлім. Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс проблемасына теориялық
көзқарастар.
І.І. Жеткіншектік шаққа өтуде адамның басында болатын жаңа құрылымдар.

Жеткіншектердің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы
осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының
биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай
ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық
универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен 3. Фрейд болды. Олар
жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық
шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
20—30-жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақ-талғандыктан
биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл
зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік
катыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық
психологияда (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды.
Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен,
A. C. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді,
Биогенетикалық уннверсализм теорияларына американ антропологтары
(этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда табиғаттан не
мәдениеттен, яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан
болатын не екенін анықтау үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды
зерттеді. Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген М. Мид жеткіншектік
шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы
түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес,
әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек кыз балалардың
балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін банқады да
балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-
қатынастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың
жеткішектік шағын Мид балалық және ерсектік кезбен салыстырғанда тұтас
алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол кыз
балаларда жыныстық толысудың басталуы, біріншіден, оның өзі үшін төтеншс
субъективтік маңызы болмауы және мүлдем дерлік еленбей өтіп кетуі мүмкін
екенін де көрсетіп берді, екіншіден, қыз баланың өмірінде оның әр түрлі
маңызы болуы мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық
толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың
белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері
ғана өзгереді.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі
болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені аныкталды. Балаларда Эдип
комплексінің міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып,
жеткіншектің иницияциядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік
жағдайында да сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де
жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антрополог P. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп
көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен
ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен
түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен
ересектерге арналған бірқатар маңызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы
жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала
ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектік статусының
талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен
ересектерге қойы-латын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады
(Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі
жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан
ересектікке өту әр түрлі киыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән
нәтижесі болады --- ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін
атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп
атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі коғамдарда әркелкі болады және оның
ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін табиғи соқпақ деп қарастырылмайды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты
әлеуметтік жағдайларына: 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2)
дағдарыстың, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан
ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бұл
зерттеулерден фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік
болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды
деген қорытынды шығады.
Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер
жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең
деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол
жеткіншектің қазіргі қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-
тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен
балалар тобының бар екенін, әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары
болатындықтан олардың бір-бірінен бөлінгендігін, жеткіншектік кезеңде
баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай ілгерілейтінін атап
көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда
жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады.
Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындагы жағдайда
болып шығады. Қиыншылыктардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин
қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және
жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңінің ұзақтығына
байланысты етіп қойды. Левиннің жеткіншектің өз орнын таппауы туралы
идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және басқа шетел психологтары дамьтуда,
олар жеткіншектердің ерекше бір субмәдениеті бар дегенді, яғни ересектер
коғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.
Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы
негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын
анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның
арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы
қатынастар жүйесін кайта құру өтпелі шақтағы дағдарыстың басты мазмұнын
құрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі дағдарысты түсіндіруде теориялық ой-
пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері
жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек
адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететіп
қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер коғамында
оның толық та тең праволы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының
қалыптасуы. Бұл процесс объективтік қана емес, субъективтік даярлықтың да
дамуын көздейді, ол іс-әрекетке, ересектердің мінез-құлқына деген
көзқарастарға қойылатын қоғамдық талаптарды меңгеру үшін қажет, өйткені
әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінсз-құлқы
жағынан да ересектерге ұқсамайды: олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді,
алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп байыз таппайды,
кызу да шамданғыш, әр түрлі салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта
білдіріп ден коюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-қатынасы да тұрақсыз
басқаның ықпалына оңай көнгіш болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып
көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның
қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады: жеткіншектер көп жағынан әлі
дала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектіктің қалыптасу процесі көзге
бірдеи түспейді. Оның көріністері меи нышандары әр сипатты және сан алуан.
Ересектіктің алғашқы өркендері оның дамыған формаларынан өте-мөте айрықша
болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа
сәттерде көрінуі мүмкін. Кіші жастағы мектеп окушысымен салыстырғанда
жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі оның балалықтан арыла бастағанын
көрсетеді. Бұл жаңаның өзі болашаққа бағдарланғаны, нақ осының өзі дамитын
баланы және жеткіншекті тәрбиелегенде нақ осыған сүйену қажет.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың жаңа бағдарларын білмесе және олар
ескерілмесе, тәрбиелеудің пәрменділігі аз болып шығады, ал жеке адамның
қалыптасуы оның дамуының осы жауапты кезеңінде стихиялы түрде өтуі мүмкін.
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қа-лыптасуындағы
түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен
анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас
бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым
оның өзі туралы енді бала емеспін, дейтін түсніктің пайда болуы болады, ол
өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай
деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне
тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ
төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар
болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды.
Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысулары ілге-рілеушіліктерді
ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін; бұларды жеткіншек анық
сезінеді және оны өз ұғымында да объективті түрде неғұрлым ересек етіп
керсетеді. Қазіргі бар акселерация балада осы жайда өзін өзі түсіну мен
өзін өзі бағалаудың бұрынғы жылдарға қарағанда ерте пайда болуына жағдай
жасайды. Ересектік сезімдерінің енді бір қайнары — әлеуметтік негіздер.
Мұның өзі ересектермен қарым-қатынаста бала объективтік тұрғыдан балалық
жағдайда болмай, еңбекке қатысып, елеулі міндeттepi болғандай реттерде
туындауы мүмкін. Ересектердің сенімі және жастайынан дербестікке жету
әлеуметтік қана емес субъективтік тұрғыдан да баланы тез есей-теді. Бұған
ұқсас мысалдар Ұлы Отан соғысы жылдарында көп болды, Ересектік сезімінің
жыныстық толысудан көп бұрын пайда болуының мүмкіндігі бар жолды Н. А.
Некрасов бармақтай мүжық бейнесінде берген. Мұның өзі бала ересек деп
санайтын адам мен өзі арасындағы бір немесе бірнеше өлшем бойынша баланың
өзі ұқсаспыз (білім, іскерлік, күш, ептілік, батылдық т. б. ұқсастығы) деп
тапқан жағдайда да туындауы мүмкін; ұқсастық жайлар неғұрлым көп болса,
өзін ересек сезінуге негіз де соғұрлым көп болады. Ересектік сезімі баланы
өзіне тең ұстайтын неғұрлым ересек жолдастарымен (баланың ұғымында) қарым-
қатынаста да қалыптасады. Жеткіншек өзін айналасындағылармен ғана емес,
мұның алдында өзінің қандай болғанымен де салыстырады, әрине, белгілі бір
бейнелерді бағдарға алып, өзіндегі прогресті өзгерістерді бөліп көрсетеді.
Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке
адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол
жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік позициясын
білдіреді, оның әлеуметтік белсенділігінің өзінс тән бағыты мен мазмұнын,
жаңаша талпыныстарының толғаныстары мен аффективтік ыкпалдардың жүйесін
анықтайды. Жеткіншектің өзіне тән әлеуметтік белсенділігі ересектер
дүниесіндегі және олардың қарым-қатынастарындағы бар нормаларды,
қүндылықтар мен мінез-құлық тәсілдерін меңгеру алғырлығы болып табылады.
Мұның ұзаққа созылаатын салдары болады, өйткені ересектер мен балалар әр
түрлі екі топты көрсетеді және олардың міндеттері, праволары, артықшылықта-
ры мен шектелулері түрліше болады. Балаларға арналған көптеген нормаларда,
ережелерде, талаптарда, шектеулерде, тіл алудың ерекше моралында олардың
ересектер дүниесіндегі дербессіздігі, тек правосыздығы мен тәуелді жағдайы
бейнеленген. Бала үшін дүниеде қол жетпес, тыйым салынған жайлар көп.
Балалық шағында бала қоғамның балаларға коятын талаптары мен нормаларын
меңгереді. Бұл нормалар мен талаптар ересектер тобына өтер кезде сапалық
тұрғыда өзгереді. Жеткіншекте өзі туралы енді балалықтың шекарасынан өткен
адаммын деген түсініктің пайда болуы оның бір нормалар мен құндылықтардан
басқаларына — балалық нормалар мен құндылықтардан ересектік нормалар мен
құндылықтарға — қайта бағдар алуын, айқындайды.
Жеткіншектің ересектерге теңелмектігі оларға сырттай ұқсауға, олардың
өмірі мен іс-әрекетінің кейбір жақтарына ортақтасуға, олардың қасиеттері
мен іскерліктеріне, праволары мен артықшылықтарына жетуге ұмтылуынан,
осының өзінде бұлардың ішінде алдымен балалармен салыстырғанда ересектердің
ерекшелігі мен артықшылықтары көзге анық көрінетіндерінс жетуre ұмтылуынан
көрінеді.

І. ІІ. Ересектіктің дамуындағы және өмірлік құндылықтардың
қалыптасуындағы бағыттардың ерекшеліктері.

Жеткіншектер өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды.
Олар күресіп күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан түрлері жұрттьң
алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлары көбіне біреуден өзінің
күші басым екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын
болуы үшін жеткіншек өзі айтатын ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне
өзінің қатысу шамасын едәуір асыра көрсетуі мүмкін. Бұл тұрғыдан жоғары
баға алу жеткіншек үшін өте маңызды. Ол былай тұрсын, жолдастары өзін
әлжуаз, қыз құрлы жоқ деп ойламасын деп жет-кіншек өзі дұрыс емес,
әділетсіздік, қаталдық деп санайтын қылық жасауы немесе сондай коллективтік
істерге қатысуы мүмкін. Ол өзін де, жолдастарын да іштей айыптауы мүмкін,
бірақ ашық наразылық айтуға көбіне батылы бармайды. Өздерінің
қылмысты мақсаттарын жүзеге асыру үшін право тәртібін бұзушылар (жасы
жетпегендері де, ересектері де) жеткіншек ер балалардың нақ осы ер болып
көрінсем деген ниетін пайдаланады.
Ер балалардың бірсыпырасы V—VI кластарда-ақ әр түрлі жаттығулар
арқылы өздерінің күші мен ерік-жігерін дамыта бастайдьі. Өзін-өзі
тәрбиелеу құралы спортпен шұғылдану болады. Жетінші, сегізінші
кластағылар ер мінезді адамдардың спорты деп боксқа ерекше
қызығады. Бірінші кезеңде жеткіншектердің өз қылықтарын билеуге ұмтылуы
кейбір жағдайларда корқынышын жеңуге, сондай-ақ бір нәрсені істегісі
келмеуін жеңугс тырысуға ұласады. Біріншісі, әдетте өзінің күшін, еркін,
батылдығын әр түрлі амалдармен сынауға, бұл қасиеттерін дамыту үшін әр
түрлі жаттығуларға ұласады (кейде олар денсаулығы мен өміріне қауіпті
де болуы мүмкін), екіншісі -- режим белгілеудсн көрінеді. Әуелде
болмай қалмайтын сәтсіздіктер жеткіншектің көңілін суытьш, өзінін
кемшіліктерін жою мүмкіндіктеріне сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бұл
уақытта жеткіншекке ересектің көмегі өте қажет; ол жеткіншекке нақты
міндеттерді бөлуге, оларды орындаудың дұрыс амалдарын, кезеңдік іс-
әрекеттерді тұрақты іс-әрекетке айналдыратын әдістерді табуға
көмектесуі керек. VII—VIII кластарда кейбір жеткіншектер өзін-өзі
тәрбиелеудің осы неғұрлым жоғары сатысына өздігінен өтеді. Сөйтіп, ол әр
түрлі сипаттағы міндеттері күрделілене түскен күнделікті ұйымдастырылған
іс-әрекетке айналады.
Жеткіншектік шақта ер балалардың көпшілігінде ерлік қасиеттері
ересек адамды, жолдасын, өзін бағалаудың мәнді критерийі болады, жеке
басының құнды қасиеттерінің өзіне тән ерекше категориясына айналады:
осылар арқылы әдетте спортпен байланысты ынта мен ұнамды іс-әрскеттердің
тұрақты тобы анықталады. Әр алуан жеткіншектерде басқалардың арасындағы
бұл алатын орны әр түрлі әрі көбіне өте маңызды болуы мүмкін. Алайда
жеткіншектің (немесе жеткіншектер тобының)адамгершілік тәрбиесі
жеткіліксіз болса, әлеуметтік-моральдық бағыттылығына қарамай күшке,
ерік-жігерге, батылдыққа табыну келіп шығуы мүмкін. Жеткіншек ер
балаларды тәрбиелеудің аса маңызды міндеті — оларда ерлік қасиеттер, бұл
қасиеттердің адамгершілік мaзмұны туралы дүрыс түсінік қалыптастыру.
Көптеген жеткіншек қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері
деп саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т. б.
қасиеттерге жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да
өздерінде осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі
жеткіншек кыздар мен бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды.
Мұның өзі әйелдің қоғам өмірі мен семьядағы жағдайының өзгеруіне
байланысты. Қоғамдық мұратты бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал
бұлар өз кезегінде қыз балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініңктің
қалыптасуына ықпал жасайды. Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің, мазмұны
оның алған тәрбиесі мен ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір
байланысты болады.
Мазмұны жағынан құнды әлеуметтік-моральдық ересектіктің дамуы
қызметтің әр алуан түрлерінде ересектің жеткіншекпен ынтымағы жағдайында
өтеді; бұл кезде жеткіншек ересекке үлгі ретінде теңеседі (міндеттерді
орындау сапасында және іскерліктерді меңгеруде) және оның көмекшісі
позициясында болады. Жеткіншекке әкесі, шешесі, мұғалімі, кез келген ересек
адам үлгі болуы мүмкін. Мұны әр түрлі қиындықтарды басынан кешірген
семьяларда жиі байкауға болады. Мұнда жеткіншектің көмегі қажет, семьяның
өмірінде көп жағдай осы көмекке бамланысты болады. Әдетте жеткіншекке
шаруашылық жұмыстардың бірсыпырасы, кішкентай балаларды бағып-қағу
жүктеледі. Балаларға катысты ол іс жүзінде ересек адамның орнында болады.
Ата анасының арасындағы ұрыс-керіс қабаттасуы мүмкін, мұндай жағдайларда
жеткіншек енді едәуір дәрежеде ересектер өмірінің нормалары бойынша өмір
сүреді.
Ересектермен қатар және теңдей еңбекке қатысу, олардың тарапынан көп
сенім білдірілген жағдайда жеткіншекте жауапксршілік, дербестік, оңтайлылық
сезімін, әр түрлі істер мен міндеттерді орындауда оңтайлылық басқалар
туралы ойлап, қамқорлық жасау, сезімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін
қалыптастырады. Бұл қасиеттердің калыптасуы үшін колайлы жағдайлар
жеткіншек ересек адамның көмекшісі әрі тірегі позищиясында болғанда
жасалады. Жақын адамдардың игілігі, олардың қамын ойлау жеткіншек үшін
ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады. Мұның өзі адамгершілік
сенімдердің, жеке мінез-құлықтың, болашаққа жоспар құрудың ерте бастан
қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Болашаққа арналған жоспарлар туралы
ойлағанда жақындарының қамын ойлау көп орын алады.
Көптеген жеткіншек ер балалардың ересектердің әр түрлі іс-керліктерін
— ағаш және темір ұсталығын меңгеруге, станокта жұмыс істеуге, автомашина,
мотоцикл, трактор-жүргізуге, фото-сурет тусіруге, мылтық атып, аң аулауға,
компаспен бағдарлануға т. б. ұмтылатынын атап айту керек. Кыз балалар да
олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана менгерумен шектелмейді.
Жеткіншектік шақтың басы осындай іскерліктерді үйретуге ең қолайлы уақыт.
Бұл үшін жеткіншекті қолғанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінде
пайдалану қажет. Жеткіншектердің өздері де осыған ұмтылады және сабақ пен
үйретудің мазмұны неғүрлым байыпты болса, жеткіншектер жұмыска соғұрлым
ынталана кіріседі. Ересектердің өзіне сенім көрсеткенін жеткіншек ұнатады,
оны ақтауға тырысады. Үйірмелер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін
жаңалық неғұрлым көп болса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің
нәтижесін, оның қоғамға пайдалылығын айкын көрсе, солғұрлым тартымды
болады.
Балалар үшін ересектердің өздері маңызды әрі қызғылықты деп санайтын
істер мен іс-әрекеттерге қатысу неғұрлым тартымды. Кішкентай жеткіншектер
ересектің көмекшісі роліне әбден риза, ал неғұрлым естиярлары үшін уақытша
болса да, жұмыстың қай учаскесінде болса да ересектің орнын толық
ауыстырып, әйтеуір мүлдем дербес іс-әрекет жасауға ерекше қуанышты. Бұл
жеткіншекті жаңа жетістіктерге ұмтылдырады. Ересектермен іскерлік ынтымақ
ересектіктің көрінуінің игілікті формасы үшін жағдай жасайды. Мұндай
ынтымақ әрбір жеткіншектің өмірінің маңызды әрі ұнамды мазмұны бола алады
және болуға тиіс те. Жеткіншек өзіне ересектердің сенім білдіргенін
сезініп, өз еңбегінің пайдалылығын көрсе, іскер ынтымақ болады. Тәрбиешілер
жеткіншектің үлкендерге көмекшісі позициясын белсене қалыптастырып, оны
барынша қолдап. нығайтып отыруы керек. Мұндай позицияның болуы жеткіншіекте
шын мәніндегі әлеуметтік-моральдық ересектіктің және жеке адамның көптегсе
құнды адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін өте маңызды.
Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен
жәнс болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткін-шектің бір нәрсені
шын мәнінде танып-білуге ұмтылуынан барып өседі- Мұның өзі мазмұны мектеп
программасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекеттің дамуына
себепші болады. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің
бір не бірнеше саласына қатысты болуы) мүмкін және кәсіптік ниеттермен
әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлы сипатта болып ондайда
бірқатар уақыт (бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттың да)
сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Кайсыбір іске ынталы жеткіншек
өте белсенді болады; қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды
іздестіріп, әр түрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға,
көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей-
тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен
қарым-қатынас орнайды. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды,
кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңеспен
және іспен жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің
себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның
өзі ынта-ықылас пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам:
жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы
қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде творчество
элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда
танымдық процестің өзі әуестендіреді. Бұл орайда ин-теллектілік даму
жеделдеп, білім терең, сипатта әрі көлемді болады.
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта
калыптасады. Әрбір класта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары
болады, кластары одан ақыл-кеңес алады, дау туа қалса, соның төрелігіне
жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп білім алуы -- дербес жұмыс
істеудің нәтижесі. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды
әрі қажетті деп қарайды. Бесінші кластағылардың кейбіреулерінде-ақ
өздігінен білім алу элементтері болады. Әдетте бұлар ұлының не кызының
танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін
ата-анаардың балалары болады.
Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе жеткіншектік
жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады (бұлар мектеп
бітіргенге дейін айтарлыктай өзгермейді), ал V--VI кластардан өзін
болашаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда ойын,
өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элемепттері өзінше ұштасады:
белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі рольдер болатын
ойындардың мазмұнында және таңдап алынатын рольдерде бейнеленеді, ал екінші
жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке,
қасиеттерге жетуге ын-таландырады. Мәселен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Жеткіншек кезеңдегі дағдарыс проблемасына теориялық көзқарастар
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Жеке тұлға интеракционистік теория
Қарым – қатынастың құрылымы мен психологиялық функциялары.
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Отбасы дағдарыс жағдайы
Пәндер