Ес процесінің даму жолдары оны қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1. Бөлім: Ес процесінің даму жолдары оны қалыптастырудың ғылыми –
теориялық негіздері.
1.1. Ес процесінің дамытуда ес түрлерінің маңызы.
1.2. Ес процесінің дамытуда оқытумен тәрбиенің ролі.

2. Бөлім: Ес процесінің сапалары оқушы толғасында алатын орны.
2.1. Ес процесін қалыптастыруда мұғалім жұмысының әдіс – тәсілдері.
2.2.Ес саласындағы дара айырмашылықтар, есті тәрбиелеу.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттар мен құбылыстарымен адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П. Павловтың нерв жүйесінің
пластикалық қасиеті туралы ілімінен түсіндіретін. Нерв жүйесінің
платикалылығы дегеніміз түрлі қозулардын қалған әсерлердің қайтадан уақытша
байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей
тітіркендергіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы онда бұрынғы
байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы дол бар.
Өткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі
нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші
ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (есті
зерттеудегі электрофизиологиялық бағыт), енді бір зерттеушілер есті мидың
нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың
кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидин нуктимді
қышқылдар комплексінің табылуы ) естің бүкіл ми массасымен алатын орнын әлі
анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің
негізгі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп аталады.
Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілді немесе бірінен соң бірін
елестесек, не ойласақ, бұлардың бөлігін тудыруға себеп болады.
Ассоциациялық принциптері алғашқы рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы
Аристотель (б.э.д, 384 - 322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей
елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау,
қиял, ерік т.б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады.

І. Бөлім. Ес процесінің даму жолдары, оны қалыптастырудың ғылыми –
теориялық негіздері.
Естің дамуы және оны тәрбиелеу.
Қайта жаңғырту процесі елеспен тығыз байланысты. Өйткені өткендігіні
қайта жаңғырту түрлі елестермен негізделе жарыққа шығып отырады.
Елесті түйсікпен қабылдаудан ойдауға өтердегі көпір деуге болады.
Елес арұылы адам заттар мен құбылыстарды аз да болса, жалпылай бейнелей
алуға мүмкіндік алады. И.М.Сеченов оны Затты ойлау деп өте дұрыс
анықтаған.
Елес – заттардың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типтік, басты
белгілерін көрсететін ой – тәсілдеріне (анализ, синтез, салыстыру т.б.)
көшуге, оның мәнін танып, білуге көмектеседі. Демек, белгілі бір зат
жөнінде елесіміз болса ғана, оның ерекшелігін не үшін қажеттілігін тезірек
ұғынамыз да, еске жақсы сақтай аламыз.
Елсетердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас.
Мәселен, адамзаттың түсіне, пішінің, көлемін көру елестері арқылы;
музыкалық шығармаларды, таныс адамның даусын, иттің үргенін, сиырдың
мөңірегенін, мысықтың миялауғанын есту елестері арқылы; ал жусан, әтир
сабынды иіс елестері арқылы, мақпалды, тасты, тікенек шөпті сипай – сезу
елестері арқылы ажыратамыз. Біздің елестеріміз – жеке қабылдаулардың
жалпылауының нәтижесі. Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болатындығына
қарай жалпы, жеке болып екіге бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы
елестер дейді. Мәселен, адамның өзен туралы елесі жалпы елес. Сырдария
өззені – жеке елес болады.
Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі.
Мәселен, баланы оқуға, жазуға үйрету анық, дәл елестерсіз мүмкін емес. Егер
оқушыда әріптердің жазылуы жөнінде анық елес болмаса, ол дұрыстап жаза
алмайды. Көру елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі
елестері сурет сабағында аса қажет. Баланың зат жөніндегі елестері анық
болса ғана ол суреттерді соған сәйкес етіп сала алады. Елестер
қабылдаулардың негізінде қалыптасып отырады. Сондықтан баланың қабылдауы
толық болса ғана елестерді де толық болады. Оқушы өзі байқап отырған
нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты
қалыптасады.

1.1. Ес процесін дамытуда ес түрлерінің маңызы.
Естің түрлері
Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес
төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз – логикалық және эмоциялық
естер.
1. Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты
туып отыратын қимыл – қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жанғыртып
отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу,
жазу, оқу, машинкада қағаз басу, самолет жүргізу, турникке ойнау т.б.)
қалыптастырудың негізгі болып табылады. Мәселен, әріп таңбаларын қатысатын
қолының қозғалыстарын есіне сақтайды.
2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп айтады.
Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе
нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын
есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келтіре
алады. Мәселен, француздың белгілі карикатурашысы Гаварни бір көрген адаын
бет ажарынан танит қоюда орасан дейінгі болған. Ол көшеде серуендеп жүріп,
кенеттен қасындағы жолдасына : Қарашы, мынау адам есіңізде ме? деп айтады
екен. Танысы: Жоқ, білмеймін десе Қалай білмейсіз, осыдан 20 жыл бұрын
пәлендей көшеде кездестірген жоқ па еді? - дейді екен.
3. Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) еске
қалдыра алу қабілеті сөз – логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін естесақтай
– ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе филосовтар мен
математиктерде жиі кездеседі. Сөз – логикалық естің оқу процесінде маңызы
аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оын қайта жаңғырту есі онша
дамымаған адамға қиынға соғады.
4. Сезімдерді еске қалдырып отыруда эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас
кезімізде тұрған бір жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған
нәрселердің бәрі есімізге оп – оңай түседі. Өйткені оқиға бір құанышқа
байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәселен, біздің әрқайсымыз
Ұлы Отан соғысының жеңісін тойлаған күн – 9 Мамырлы немесе Ю.А.Гагариннің
космосқа бірінші жол салған күн – 12 сәуірді,жыл сайын мерекеленетін.
Наурыз тойын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні – 16
желтоқсанды еш уақытта ұмытпаймыз.
Адам сондай – ақ бір нәрседен қатты қорықса да, тентектің жасап, оны
ұялтқан күнді басынан кешірсе де мұндайды еш уақыт ұмытпайды. Эмоциялық ес
жөнінде орыс сахнасының шебері К.С. Станиславский (1863-1938) жақсы айтқан:
Егер сіз бастан кешіргеніңізді есіңізге түсіргенде бозарып және қызаратын
болсаңыз, сіз ертеде басыңыздан өткен бақытсыздық туралы ойлауға қорқатын
болсаңыз – сізде сезінк есі немесе эмоциялық естің болғаны.
Естің жоғарыда аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы
қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте
қалдыруға басыңқа роль атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны,
ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз – логикалық
түрі болып табылады.
Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер адамда естің басқа түрлері де
болатындығын көрсетін оытр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге
сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екіге
бөлінеді. Қысқа уақыттық естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға
байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп аатйды. Мәселен, оқушы тексті
көшіріп жазғанда, мұны түрлігше жолдармен (жеке әріптер, буындар, сөздер
тіркестерін көшіру) орныдайтын болса, бұл оның оперативтік есі болып
табылады.
Ес адамның әр алуан іс - әрекеттерімен байланысты болып, тіршіліктеаса
маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де
әрқилы. Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады.
Мысалы, адамда есту есі менкөру есі, психикалық қасиеттер ретінде көрінеді.
Іс - әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1.
Психикалық белсендік сипатына байланысты; қимыл – қозғалыс, эмоциялық –
сезімлік, бейнелі –көрнекілік және сөздік – мағыналық ( логикалық) ; 2. Іс
- әрекеттің мақсат ипатына қарай:ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның
материалдарды қаншы ауқытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қасқа
және ұзақ мерзімді, сондай - ақ оперативтік ес. Естің кейбіп түрлері
арнайы аспап – мненометр арқылы өлшенеді.
Қимыл – қозғалыс есі дегеніміз – ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне
байланысты әр түрлі қимыл – қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып,
оларды қайта жаңғыртып отыру. Адамның бастан кешірген түрлі сезімдерді мен
эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз
айналасындағы нәрселер менг құбылыстарға көңіл – күйінің қандай қатынаста
болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі
адамды қызықтырып, түрлі іс - әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде,
бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған
күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысымен
алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі – көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты
бейнесін ойда қалдырып, қайта жанғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл
түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кештен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм
жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі – көрнекілік ес – көру, есту, сипау, иіс,
дәм естері )түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа
естердің кемістердің толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркем өнер
кәсібімен шұғылданатын адамдарға жоғары әрі өте нәзік дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар
мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен
бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік – мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой
қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылыіз қалдырып отырады. Ойдың қандай
формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің біл түрінің сөздік –
мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді
қажет кезінде бір сө, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер
бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік –
мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рол атқарады. Нәрселердің мән –
жайын есте сақтау логикалық – миағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз
тіркестерін, мазмұндарды сөзбе – сөз жаттап алу – механикалық түрде есте
қалдыру делінеді. Сөздік – мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі меноқу
материалдарынесте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның
әрқилы іс - әреткеттерінің алмасып отыруына, ниеттілігіне, мақсат –
мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қассиеттері
болып қалыптасады.
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп болу
орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты.
Белгілі мақсат қоймайақ , арнайы есте қалдырмай – ақ есте сақтау мен
жаңғырту, еске түсіру еріксіз деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда
бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру, жаттап
алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен
дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасан зор орын
алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп
тапқан нәрселерді үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыру да жиі
қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының
өзіндік сипаттары бар. Олар – естің көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы,
даярлығы.
Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар
мен нәрселерді есте сақтапу үшін адам тиісті әдіс – тәсілдер қолданып, оны
қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің
консолидация немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай
есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз
алдына еоестеп, құлағына дауысты естіледі. Бірақ, мұндай процестер
тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарды есте сақтап,
оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызды бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді
ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған нәрселерді, құбылыстарды
олардың белгі – қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды
бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте
қалдырудың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен нәрселерді ұзақ мерзімге
созылуына және адамның арнайы мақсатына дай байланысты. Сондықтан, нәрселер
өзінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты.
Мағынасына түсінбей, нәрселелердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс
тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналуды қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес алғашқы ес,
шапшан көрініс деп те айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол
оперативтік ес (түрлі амал – тәсілдер есі) деген атпен белгілі.

1.2. Ес процесінің дамытуға оқутумен тәрбиенің рөлі.
Ес процестері
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізігілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
А. Есте қалдыру.
Еріксіз есте қалдыруға адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте
қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі
көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл - әрекеті, сөзі т.б.) сол
әреткеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Ал ( арнайы ырықты) есте
қалдыруарнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісіт мотвтер болады.
Қандай объекті болмасын әдейлеп есте қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды
орындап отыру қажет болады:
1) Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңыз алады. Оқу
материалын жақсы меңгеру үшін – оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін
алға айқын, анық мақсат қойылу керек. Мәселен, оқушыларға бір әңгіме айтып,
оны үш – төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы
сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің арасындағы
айырма: соңғыда материалды есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал
бірінші жағдайда мұндай анық мақсат қойылмаған еді.
2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады. Мәселен, оқушылар қандай бір шығарманы оқымастан бір
қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3) Оқылатын шығарманы жоспарлай алу – есте қалдыруға көп жеңілдік
келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болған дұрыс. Қалай
болса солай құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды.
Оқитын шығарманың еске тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше
мағыналы бөлшектерге әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу – еске
қалдыруды нәтижелі етеді.
4) Мағыналы еске қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып,
терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу –
оны анализдей, синтездездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді.
5) Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен
құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала мұғалімнің айтқанын
не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе – сөз айтып беретін болса, мұндай
жағдайда оның есі жақсармайды.
6) Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін - өзі
тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан
болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән
бермейтін, өзін көлденеңнен кез – келген нәрселер билеп кететін адамдардың
есте қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды. Ондайлардың Абай айтқандай, ой
кеселдеріне қарсы тұруға шамасы жетпейді. Абайдың түсінігінше, ой кеселді
нәрселерден қашық болу – (яғни уайымсыз салғырттық, ойыншы, күлкішілдік не
бір қайғыларға салыну) естіген нәрсені ұмытпаудың басты шарттарының бірі.
7) Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға байланысты. Әдетте оқу
материалын бір қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі –
жиі қайталап жаттаудың да қажеті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жаттап алса,
ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, бірақ
арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын шығарманы тұтас
күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, оны бөлшектеу қажет.
Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай етіп бөлген
пайдалы. Мұндайда қайталадың саны азырақ болады да және ол есте ұзақ
сақталады.
Сондай – ақ жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз. Оны
ұмытпай тұрып қайталау керек, өйткені қайталауды ескіріп, құлап бара жатқан
үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып, үстіне екінші қабатын
салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан адым Бұрынғы өткендерді қайталап
отыруға негізделі керек. Қайталауды түрлендіріп отырудың, оны уақыт жөнінде
дұрыс құрудың маңызы жөнінде К.Д.Ушинский былай дейді: Бұрын бұдан жаттап
алынғандарды сол күйнде аудармай, айтып берудің ешбір қажеттілігі жоқ ...
ал, кездейсоқ кездескенді, жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап айтып
беру әлдеқайда пайдалы.
Жаттаудың мнемоникалық әдісінің бірі механикалық (мағынасына
түсінбей) – есте қалдыру. Егер мағыналы есте қалдырудың мәнісі
құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бір – бірімен байланысына түсіну болатын
болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы байланысқа түседі.
Мұның басты шарты – қайталау. Естің бұл түрінің кей жағдайларда іске керек
болып қалатынкездері болады. Шетел өздерінің жазылуы мен айтылуын қйын
сөзер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың зерттелуі
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Оқыту процесінде оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
Бастауыш сыныпта математика сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Шет тілін оқытудың маңызыдылығы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер