Қабілет жайлы түсінік



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қабілет

ЖОСПАР

1. Қабілет жайлы түсінік
2. Қабілет түрлері
3. Нышан және қабілет
4. Қабілеттілікті қалыптастыру.
5. Қабілеттің даму деңгейлері.
Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қабілет жайлы түсінік
Жаңа ғасырдағы Казақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп
партасында отырғандар десек, оларды жан-жакты уақыт талабына сай білімді,
мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығарудағы ұстаздар алдындағы зор
міндеттер айтпаса да түсінікті.
Жөргектен азаматтық жасқа дейінгі тәрбие берудін сабақтастығы желісінде,
10 - 14 жасқа дейінгі кезеңді камтитын, жоғары сыныптарда берілетін оқу-
тәрбие жұмысының мақсаттылығы мен жүйелілігі, ықпалдылығы келешек азамат
болып қалыптасуға тиіс адамға зор маңызы бар екендігіне ешкім қарсы дау
айта қоймас. Олай болса, сабак жүргізетін ұстаздар өзін әр бала үшін
болашақ үйдін іргетасын қалап жатқан құрылысшымын дегендей сезімді бір сет
те ойларынан шығармауы тиіс дер едім. Ұлттық және жалпы адамзаттың білім
мен мәдениеттің озық үлгілерін бойына сіңірген жағдайда ғана адам шын
мәніндегі азаматтык деңгейге көтерілмек.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті
түрде, бір жағынаң, өзіндік психикалык, табиғатына ие болудан, екінші-ден -
әркімде өз алдына, қайталанбас керінісінен жеке адам кабілеті көзделеді.
Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ, бұлардың
бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық
құбылыс емес, екіншісі - баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің
табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз
боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру
керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетгі адам іс-әрекетті тезірек
меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі
психофизикалық қызметгер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен
бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі
бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен,
қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалык және білім
жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы
оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей
байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып,
қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу барысыңда
ғана қалыптастыру мүмкін.
Қабілет білім, ептілік және даңдылардың өздерінде көрінбей, танып
үйренуге орай нақты әрекеггі игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-киын)
байқалады. Іс- әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің
тиімділігі қабілетке тәуелді.
2. Қабілет түрлері
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиетгері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет-
- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай
да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3.
Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау,
қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам
тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына
ықпалсыз, керісінше, көріңген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына
себепші іс, әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не
шығармашылык қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен
шұғылдануына тұра келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған
қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысгы дамытушы іс-әрекет жайыңда әңгіме
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты
әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра
сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің
өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өңдірістік
тапсырыстар мен қызметтік міңдеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен
тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне
бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен кызмет желісіне
қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабыңда іске асатыны
ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет
болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға
қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші
ретінде таяуға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан
әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не
кедергілерден сөніп кетеді, накты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті
болмай қалады.
Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған
ой-пікір таласын тудыруда. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы
Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық
негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас.
Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілет-тердің пайда болу қарқынын өзгертуі
ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың
музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болғаң, Гайдн - 4, Дина Нүрпсйісованың
күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет жөне сәулет өнері қабілеттері
кейіндеу білінеді: Рафаэл - 8 жаста, Ван-Дейк - 10 жаста, Дюрер - 15 жаста
өнермен айналыса бастаған.
3. Нышан және қабілет
Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатканда-ақ пайда болады.
Мәселен, баланын ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Бұл анатомиялық
нышан. Нерв жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан
пайда болады. Бұл физиологиялык нышан.
Нышанның сонғы түрі қабілеттін дамуында белгілі орын алады. Мәселен,
баланың есіту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру
анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінін, көрінуіне себін тигізеді.
Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол — адамның
ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс
тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті
айтарлыктай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп
ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам
өмірінін жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрі дарыңдылық . Адамнын, дарындылығы
оның жоғары нерв қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез
жасалып, берік орнығуы, нерв процестерінің қозғалғыштығы динамикалық
стереотиптердің шапшақ жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып
келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады.
Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте көп.
Кабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді.
Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада,
әдебиетте, ғылымда техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы
еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А. М. Горький
өсіреталантты өсіретін нәрсе — істі сүю деп бекер айтпаған.
Баланың бейімділіктерін дамытып отыру оның жалпы дамуына, ақыл-
ой кабілетінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабілет анықтамасы
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Тұлғаның когнитивті теориясы
Пәндер