Бастауыш мектеп оқушысының жеке басын дамыту жолдарын қарастыру
Кіріспе
Қазіргі заманғы тәрбие жүйесінде бастауыш мектептегі бала өмірінің жеті
жастан он бір-он екі жасқа дейіңгі кезеңін қамтиды (мектептің І—III
кластары). Балалар мектепке 6 жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы
біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша
хронологиялық шектері болады.
Бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының
хронологиялық шектерін және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және
өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше
салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз
болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан
бастап орта білім беру аяқталғанга дейнгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің
тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының
өзгеруіне байланысты.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл
жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз
бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін окушының
ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-
құлқында, санасында құрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму
мүкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды.
Адамның көптеген психикалық қасиеттерінін негіздері тап осы бастауыш мектеп
жасында қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан ғалымдардың ерекше
назары қазір бастауыш класс оқушыларын д.амытудың резервтерін анықтауға
бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан арғы оку және еңбек
қызметіне неғұрлым табысты дайындауга мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – бастауыш мектеп оқушысының жеке басын дамыту жолдарын
қарастыру.
Зерттеудің міндеттері – төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
арттырудың теориялық негіздерін зертеп маңызын ашу.
Зерттеу объектісі – бастауыш сынып оқушысының жеке бас ерекшелігі.
Зерттеу пәні – психология пәні.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: психологиялық құбылыстарды бақылау,
әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, қорытынды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімінен,
қорытындынан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бөлім. Төменгі сынып оқушыларының жеке басына дамытуға
ұйымдастырылатын жұмыстардың теориялық негіздері.
1.1. Кіші мектеп оқушысының жеке басының психологиялық ерекшеліктері.
Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер
болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе
де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы
да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен
айналысу үшін елеулі мумкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да
(дене дамуының қалыпты жағ-дайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш
класс оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай болуы, стол мен партаға
дұрыс отырғызу — бала денесінің оның тұлғасының қальшты дамуының аса
маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі,
осыдан.
Бастауыш класс оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды,
олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер
майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде
алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда
оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ соғады.
Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз — он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он
— oн екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш
класс оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап
орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез және
тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш класс балаларына, әсіресе I—II класс
оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда
ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу
тілегі көбінесе нәтижені жақсартпайды.
Бастауыш класс оқушыларының жүрек бұлшық еттері шaпmaң өседі және ол
қанмен жақсы камтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда
төзімді болады. Күре тамырлардың диаметрінің үлкендігі арқасында ми
жеткілікті қан алады, бұл оның жұмысқа қабілетті болуының маңызды шарты
болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады.
Әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психнкалық іс-әрекетінде
жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль
атқарады.
Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу
(ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасына дейінгі
балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де
аса күшті, бастауыш класс оқушыларының қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан.
Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың
қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына
қажетті сыртқы шарттар. Сонымен қатар жеті жасқа қарай олардың жалпы
байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп
талаптарына сай болады.
Осылайша, мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда бастауыш класс
оқушыларының скелет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек-тамыр қызметі
салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек
тепе-теңдікке ие болады. Мұның бәрі — мектеп өмірінің бастамасы — баладан
айтарлықтай ақыл-ой күші ғана емес, сонымен қатар үлкен дене төзімділігін
де талап ететін ерекше оқу қызметінің бастамасы болғандықтан ерекше
маңызды.
Бастауыш класс оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін
жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып,
балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау
мектеп жасына дейінгі балаларда жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын
жорамалдайды. Бастауыш класс оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің
қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.
Егер балалар бәрі бірдей мұғалімді тыңдаса және оның айтқандарын істесе
ғана класта жалпылама сабақтарды ұйымдастыру мүмкін болады. Сондықтан әрбір
оқушы осындай сабақтардың талаптарына сәйкес өз зейінін басқаруды үйренеді.
Бала көгершіндер тынымсыз кұрқылдап жатқан терезеге карағысы келеді, бірақ
есепті шығарудың жаңа әдісін түсіндіруді тыңдау қажет, жай ғана тыңдау
емес, ертеңгі бақылау жұмысын дұрыс орындау үшін бұл әдістің барлық егжей-
тегжейін жақсы есте сақтау керек. Осындай қажеттігі әрдайым ілесу,
берілген улгі негізінде өз мінез-кұлқын басқару балалардың психикалық
процестердің ерекше қасиеті ретіндегі еркіндікті дамытуға көмектеседі. Ол
іс-әрекет мақсатын саналы түрде қойып, оларға жетудің қиындықтары мен
бөгеттерін жеңудің құралдарын алдын ала ойластыра іздеп таба білуден
көрінеді.
Әр түрлі пәндерден қандайда бір тапсырманы орындауда әдетте балалар
оларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп табады, іс-әрекеттер варианттарын
таңдап алады да салыстырады, оларды іске асырудың реттілігі мен құралдарын
жоспарлайды (бұл ішкі жұмыс әсіресе еңбек сабақтарында ерекше көрнекі
байқалады). Бала өз іс-әрекеттерінің қадамдарын неғұрлым көбірек
жорамалдай алатын болса және олардың әр алуан варианттарын неғұрлым мұқият
салыстыра алатын болса, ол есептің нақты шығарылуын соғұрлым ойдағыдай
бақылайтын болады. Оқу іс-әрекетіне, сондай-ақ оның басқа да бірқатар
ерекшеліктеріне (мысалы, сөз жүзінде есеп беру, бағалау) бақылау жасау және
өзін-өзі бақылау кажеттігі бастауыш класс оқушыларында іс-әрекетті
өздігінен, іштей жоспарлау және орындау қабілетінің қалыптасуына қолайлы
жағдай жасайды.
Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарыныц бірі — балалар өздерінің
айтқандары мен іс-әрекеттерінің әділдігін кең көлемде негіздеуде. Мұндай
негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін
ажырата білу қажеттігі мен ол үлгілерді жасауға өздігінен іс-әрекет жасау
бастауыш класс оқушыларының өзінің ойы мен іс-әрекетін бейне бір сырттан
қарап, бағалау іскерлігін қалыптастыруды көздейді. Бұл іскерлік рефлекция
негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз па-йымдаулары мен қылықтарын
олардың түпкі ойлауы және іс-әрекет шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан
ақылды да әділетті талдауға мүмкіндік береді.
Еркіндік, іс-әрекеттердің ішкі жоспары және рефлексия — бастауыш
мектеп шағындағы баланың негізгі жаңа құрылымдары. Солардың арқасында
бастауыш класс оқушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін
ерекше мүмкіндіктерімен және талаптарымен қоса алғанда жас өспірім кезеңіне
қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Кейбір бастауыш класс
оқушыларының орта мектепке даяр болмауы көбінесе жеке адамның психикалық
процестер мен оқу іс-әрекетінің өзінің деңгейін анықтайтын осы жалпы
қасиеттері мен қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты.
1.2. Баланың мектепке беруіне байланысты болатын психологиялық
өзгерістер.
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,
жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта
ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп, тіпті шама-
шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы
стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде коғамдық баға беруге
тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды.
Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып
табылады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы
болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап
ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш класс оқушысының
жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін,
оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу
болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
ажыратылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл
ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын
алдын ала сезіну және қалау баланың кластағы мінез-құлық ережелеріне,
жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала
қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай
қағида бар: баланың класқа келген алғашқы күннен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қо-ғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын
да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының,
міндеттерінің және правосының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан
айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз
орындауды талап ету — бірінші класс оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес,
мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардьщ
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты
болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді,
бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру
процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде шын
мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, шофер) болуы үшін,
оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене
бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын
әрине сезбейді. Оның білімге деген пайда-қорлық-прагматикалық көзқарасы әлі
болмайды. Ол жалпы білімге, қоғамдық мәнді және құнды деп ойлайтын
білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге құмарлығы, теориялық
ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты ретіндегі бұл ықылас
баланың бойында оның кең өріс алған ойын әрекетін қамтитын мектепке дейінгі
өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады.
Алғашқы кезде оқушы нақтылы оқу пәндерінің мазмұнымен шын мәнінде әлі
таныс емес. Олардың оқу материалдарына танымдық ынтасы әзірге жоқ. Олар тек
математиканы, грамматиканы және басқа пәндерді тереңдеп оқу кезінде
қалыптасады. Әйтсе де бала алғашқы сабақтардан бастап-ақ тиісті мағлұматтар
ала бастайды. Бұл ретте оның оқу жұмысы жалпы білім алуға деген ынтаға
сүйенеді. Ынталықтың жеке-дара көрінісі бұл жағдай математикада немесе
грамматикада байқалады. Мұғалімдер бұл ынталылықты алғашқы сабақтарда дереу
пайдаланады. Осының арқасында бала үшін сандардың тіркестілігі, әріптердің
реттілігі және т. б. сияқты шын мәнінде ұзын-сонар, дерексіз жайлар туралы
мағлұмат алу қажетті де маңызды бола бастайды.
Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың
алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа
пәндердің өздерінің күтпеген, таң-қаларлық қызықты жайттарын паш ету
жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде
балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарым қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Осылайша, мектеп өмірінің алғашқы кезеңіне баланың кластағы және үйдегі
мінез-кұлқын реттеп отыратын мұғалімнің жаңа талаптарына баланың бағынуы,
сондай-ақ оқу пәндерінің мазмұнына қызыға бастауы тән. Баланың бұл кезеңнен
қиналмай өтуі — оның мектепке жақсы даярлықпен келгендігінің белгісі. Бірақ
жеті жасар баланың барлығы мұндай емес. Олардың көпшілігі бастапқыда қандай
да бір қиыншылықтарға кездеседі және бірден мектеп өміріне етене араласып
кете алмайды.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
негізгі түрлері. Көбінесе үш типті қиыншылық жиі байқалады.
Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер
кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге бблмайды, барлық сабақтарда
тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т. б.).
Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау окқ жұмысын бұзу,
режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың
көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды
қальштастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне
қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын
әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып,
мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.
Бірінші класс оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі
мұғаліммен, кластағы жолдастарымен, семьяда болатын қарым-қатынастардың
сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және
мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып
табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың
қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға
береді.
Мұғалімнің позициясы мынадай: бала оның алдында қандай да бір
именшектік жасамай тұра алмайды. Осының салдарынан мектепте балалардьщ
біреулері тым тұйық, ал екіншілері босаңдау бола бастайды (олар үйінде
тіпті басқаша болуы мүмкін). Бірінші класс оқушысы көбіне жаңа ортаға
үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.
Тәжірибелі мұғалім барлық балаға бірдей талап кояды, бірақ ол баланың
бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият
бақылайдьі. Бұл олардың мінез-құлықтарының астарына көз жүгіртіп, олардың
шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Балаларды тек
осындай арнайы зсрттеудің негізінде ғана оларға әсер етудің белгілі бір
нақтылы әдісін таңдап алуға болады, бұл әдістің мақсаты барлық бірінші
класс оқушыларын сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-кұлық әдетіне,
сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға, мұғалімнің ескертулеріне іскерлікпен
жауап беруге тәрбиелеу болып табылады. Түптеп келгенде осының бәрі
мұғалімге және оның іс-әрекетіне сенуді тәрбиелеуге келіп саяды.
Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, бәріне бірден талап қойғыш
болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы
оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана
кластағы оқушылардыц өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болады. Бұл кластың
коллективтік жұмысына психологиялық жағынан жақсы жағдай жасайды. Мұғалім
ықыластарының ортақтығы бойынша (олар маркалар жинайды, қуыршақ театрымен
айналысады), сыртқы өмір жағдай-ларының ортақтығы бойынша (балалар бір үйде
тұрады, бір партада отырады) және т. б. бойынша балалардың достасуын қолдап
отырады. Бала мектепке келгеннен кенінгі алғашқы айлардағы тәрбие жұмысының
маңызды мақсаты — класс, содан coң мектеп оған бөтен адамдар тобы емес,
қайта құрбыларының өзінен кіші әрі үлкен жолдастарының тілектес те
қайырымды коллективі екенідігін оның бойына дарыту.
Баланыц мектепке баруымен оның семьядағы жағдайы өзгереді. Оның жаңа
міндеттері мен жаңа праволары пайда болады. (мысалы, оқушыға үй тапсырмасы
үшін ерекше орын және уақыт бөлу керек, оның күн режимімен санасу керек).
Көпшілік семьяда баланың бұл праволары құрметпен қабылданып, толық
қанағаттандыратынын тәжірибе көрсетіп oтыp. Tiптi мынадай көрініс жні
байқалады: үлкендердің қарым-қатынасын және олардың мектеп еңбеккерінің
тілектерін дереу қанағаттандыруға дайын тұратындығын сезген кейбір балалар
өздерінің жағдайын өктем пайдаланып, үйде өздері — оқушылар - басшы тұлга
болатын тәртіпті орната бастайды. Ал, бұл енді оқушының ерекше өзімшілдігі
пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан үй ішінде бірінші класс
оқушысына көңіл бөлуді оған семьяның басқа мүшелерінің де маңызы еш кем
емес мүдделері мен қамы-қаракеті бар екенін көрсетумен ұштастыру керек.
Бала олармен санасып, үй іші істерінің жалпы ағымында өзінің мектептегі
қактығыстарың шамадан тыс көрсете бермеуі керек.
Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші кластағы көптеген оқушылар оқу
жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан
көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті,
мұғалімнің берген -бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы
даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ I класта оқу процесі әдетте балалар
белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті
жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімдерге деген
қажеттілік арнайы қарастырылмаган. Әрине, мұндай жағдайларда баланың ақыл-
oй ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады.
Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады.
Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген
алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селқостық пен
немқұрайдылыққа салынады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты
элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана
ықпал етеді.
Оқуға тоюды болдырмаудың ең сенімді әдісі балалардың сабақтарда
жеткілікті дәрежеде күрделі оқу-танымдық тапсырмалар алуында, тиісті
ұғымдарды игеруді талап ететін проблемалық ситуациялармен ұшырасуында
жатыр. Бұл шамамен былайша болады. Математика курсында сандар ұғымының
маңызы зор. Ол балаларға I класта беріледі. Олармен танысу тәсілі мынадай.
Балаларға бірнеше затты көлемі немесе саны жағынан салыстыру тапсырмасы
беріледі, бірақ есептің шартында мұны тура және тікелей орындауға болмайды.
Калай істеу керек? Бірінші класс оқушылары бұған ұқсас есептерді шығарудың
жалпы тәсілін іздеуге мәжбүр болады. Бірқатар азды-көпті сәтті әрекеттер
жасап көрген соң, балалар мұғалімнің көмегімен мұндай жағдайларда өлшеу,
есептеу және сан қажет екендігін анықтайды. Осылардың көмегімен шамаларды
жанама түрде салыстыруды орындауға болады. Содан кейін балалар өлшеуді және
санауды үйренеді, сандар ұғымының мазмұнын түсінеді. Осындай арнаулы
анықтаулар (тиісті ұғымдар қаншалықты қажет және олардың шығу тегі қандай),
тәжірибе көрсетіп отырғандай, өмірлік міндеттерді шешудің өзіндік
математикалық әдістеріне, осы оқу пәні сабақтарына балалардың танымдык
ынтасын қальштастыруға көмектеседі.
Ана тілі сабағын беруді осыған ұқсас үлгіде кұру қажет. Ол ең алдымен
балаларға тіл қатынасының белгілі бір морфологиялық-синтаксистік
құралдарының қажеттігін және олардың колданылу заңдылықтарын ашып беруі
тиіс. Еңбек сабақтарында оқушыларға алдағы жұмысты жоспарлаудыц әдістері
мен тәсілдеріне, өздерінің пәндік әрекеттерін саналы түрде реттеу шарттарын
оқып үйренуге деген ықылас ету маңызды.
Балалар алдына шешілу жолдары мен кұралдарын белсенді анықтауды талап
ететін тапсырмалар жүйесін, беру бірінші класс оқушыларын әуел бастан-ақ
ақыл-ой ізденісі саласына жетелейді, олардың алдына жан-жақты пікірлер мен
тұжырымдар негізінде іс-әрекеттің табылған әдістерін негіздеу қажеттігін
ашады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz