Кураторлар туралы ереже



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Кіріспе
2. Кураторлар туралы ереже
3. Куратордың міндеті мен мақсаты
4. Куратордың қызметі: куратор жұмысын жоспарлау
5. Куратордың құқы мен жауапкершілігі
6. Кураторлар кеңесі
7. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие – педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ
мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бізге мәлім. Олай болса,
оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың
нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты
мәселені жүзеге асыру, кураторларына жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру,
сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік
шеберлігіне байланысты.
Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын,
тіпті жұртшылықты тарта білу қабілетін игерудің де маңызы ерекше.
А.С.Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді - өнер деп
бағалаған.
Бұл жұмыс Егеменді еліміздің жан-жақты, үйлесімді дамыған қазақ
азаматын қалыптастыру мәселелерін шешумен қатар, мәселені жас маманның
кәсіптік тұрғыдан қалыптастыруымен байланысты мәселелерді де шешу керек.
Бұл жұмыстың іске асырылуының нақты формалар мен әдістері оқу орнында кім
және қандай бөлім тәрбие жұмысының қандай түрін жүргізіп жатқанына
байланысты.
Жоғары оқу орнындағы жалпы тәрбие процесін басқаруды ректорат не
ғылыми кеңес іске асырады.

КУРАТОРЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Университеттегі академиялық топтар тәрбие жұмыстарының орталығы болып
табылады. Студенттік академиялық топтардың жұмысының нәтижелі болуының
қажетті шарты - оның тәжірибелі куратор, тәрбиеші және ұйымдастырушы
педагогтармен үнемі тығыз байланыста болуы. Оқу тобының кураторы –
студенттің ерекше рухани кеңесшісі. Ол студенттердің жоғары оқу орнындағы
оқыту әдістерін меңгеруіне көмектесуі керек, тәлімгер өзінің әрекетін
студенттердің рухани – адамгершілік қасиеттерін, Отанына деген
сүйіспеншілігін, өзі таңдаған мамандығына құрметпен қарауын тәрбиелеуі
қажет.
Куратор институт директоры, факультет деканы, кафедра меңгерушілерінің
ұсынысымен және университет ректорының бұйрығымен тағайындалады.

Кураторлық қызмет пен оның міндетін орындау – оқытушының қызметтік
борышы.
Куратор жұмысы жоғарғы оқу орны оқытушысы қызмет нәтижелілігінің
маңызды көрсеткіші болып табылады және оны аттестациялау мен қайта сайлауда
есепке алынады. Кураторлық міндеттен босату үшін оның себептері
көрсетіліп, университет ректорының бұйрығымен шешім қабылданады.
Факультет кафедралары, (педагогика және психология, философия және
мәдениеттану, саясаттану және әлеуметтану, дене тәрбиесі кафедралары)
кураторға жан-жақты әдіскерлік көмек көрсетіп отыруы қажет.
Кураторлар өз қызметі жайында кафедра мәжілістерінде есеп беріп
отырады.

КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты - жастардың тұлғалық дамуының
үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке
тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім
алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-
өзі көрсету қабілеттерін дамыту.
Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті - оқу тобында тәрбие жұмысын
ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді
университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу
траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім
алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
Куратор жұмысын жоспарлау
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің
негізін қалауға көмектеседі.
Куратордың тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке
басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар
көп кездеседі. Сондай-ақ тәрбие жоспарын бір-бірінен көшіріп алатын немесе
биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын кураторлар да бар.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық
жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Студенттің жан-жақты
үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен
ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай,
керсінше жеке-дара, үздік-үздік әрекеттер басым болып келеді. Өткенмен –
бүгінгі салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді
белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз
міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.
КУРАТОР-ЭДВАЙЗЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ (ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ)
 
3.1 Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей
қызметтерді атқарады:
3.1.1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен
топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық
ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі,
топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
3.1.2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу
жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе
отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие
жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу
жылының жоспарын қалыптастырады.
3.1.3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің
қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік
топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол
студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін
қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
3.1.4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның
бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп
ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен
таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар,
конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі
және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін
насихаттайды.
3.1.5. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің
мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.
3.1.6. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық
мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек
көрсетілуін ұйымдастырады.
3.1.7. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық
және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды
анықтайды.
3.1.8. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық
белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық,
құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
3.1.9. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік,
темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды
ұйымдастырады.  
3.1.10. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси
құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.
3.1.11. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның
байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және
қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал
етеді.
3.1.12. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының
қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына
қатысуына ықпал етеді.
3.1.13. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы
студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
3.1.14. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын
арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-
ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар
арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.
3.1.15. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз
байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
3.1.16. Куратор – эдвайзер келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:
-  куратор-эдвайзер күнделігі;
-  тәрбие жұмысының жоспары;
-  есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.
3.1.17. Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы
жиналысына, Куратор-эдвайзерлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік
дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.
3.2. Куратор-эдвайзер академиялық кеңес беруді жүзеге асыра отырып,
келесідей қызметтерді орындайды:
3.2.1. Білім алушыларды білім беру үдерісін ұйымдастырудың тәртібімен,
типтік және оқу жұмыс жоспарымен, элективті пәндер каталогымен, міндетті
және таңдау пәндері тізімін құрастырудың талаптарымен, курстың
пререквизиттарымен және постреквизиттарымен таныстырады.
3.2.2. Оқытудың кредиттік технологиясын жүзеге асыру және оның қызмет
етуінің негізін түсіндіреді.
3.2.3. Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық
материалдарды дайындауға қатысады, студентке жеке оқу жоспарын құрастыруға
және түзетуге ықпал етеді және көмек көрсетеді.
3.2.4. Студенттің білім алуы барысының барлық кезеңінде ұйымдастырушылық-
әдістемелік және кеңес беру жұмыстарын өткізеді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу тәртібі
Көлік құралдары иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Психологиялық бейімделу компоненттері
Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері
Сыныптағы тәрбие жұмысын мақсатты жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясы
Магистранттың өзіндік жұмысы
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Пәндер