Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Тарау Етістік сөзжасамына қатысты және басқа етістік
категориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық
негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық
қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 10
ІІ. Тарау Қазақ тілін модуль арқылы оқытудың
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.1 Оқыту мазмұны құрылымдық
бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 29
Кіріспе
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс- әрекетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы оқыту
әдістемесі деп отырғанымыз: оқушы- мұғалім ұстанымының өзара
тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және
оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі
мен қадір- қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі,
көбінесе , бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Бұл
үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай
талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен
білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек – ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория – Л. С. Выйготскийдің оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы
актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы
теориясы. Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін
оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар -әнгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу –
мысылдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік
тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім
алу үрдісі басқаруға ыңғайсыз делініп, сыналып жүр. Сондағы айтантындары:
оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс- әрекеті, көбінесе, қате
болады дейді.
Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар мыналар:
- барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгірмеушілерге
көмектеседі;
- сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде
мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты
болады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз- кем соған тоқталып өтейік .
Денгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат- сынып оқушыларын
қабілетті және қабілетсіз деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық
оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп
оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны
есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын , өзінің жақсы
оқитындығына қарамастан оқушылық міндетті, яғни бірінші деңгейдің
жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен
қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.
І. Тарау Етістік сөзжасамына қатысты және басқа етістік категориялары
Солардың бірі ─ етістіктің қимылдың өту сипаты категориясы, жалпы
аспектуалды семантика мәселелері.
Қимылдың өту сипаты – белгілі бір уақыт ішіндегі іс-әрекеттің жасалу
ерекшеліктері мен оның басталу, жасалу үстіндегі, аяқталу сипатын қамтитын
категория. Аталған категорияны теориялық тұрғыдан негіздеген Н.Оралбаева
болса, жекелеген мәселелеріне С.Маралбаева, А.Шарапиденова, Қ.Мұқамади,
Қ.Бибеков, Г.Алтынбекова арнайы зерттеу жүргізген. Қимылдың өту сипаты
категориясы жайында негізінен көмекші етістіктердің қызметі мен
аналитикалық форманттар мәселесі тұрғысынан жүргізілген зерттеулерде
айтылған. Алайда:
Біріншіден, аналитикалық форманттарға қатысты алғанда ол еңбектерде
негізгі етістік пен оған тіркесетін көмекші етістіктің семантикасы және
тұлғасы кешенді түрде тұтастықта қарастырылмайды. Қазақ тілтанымында
аспектуалды семантиканы беретін жетекші етістік пен көмекші етістіктің
семантикалық тіркесімі жалпы айтылғанымен, ол мәселеге тереңірек барып,
тіркесімділіктің негізі айқындалған зерттеу жоқтың қасы.
Екіншіден, қимылдың өту сипаты категориясы тұлғалық және мазмұндық
ерекшеліктері негізінде тілдік категория теориясы тұрғысынан қарастырып,
мәртебесін айқындауды қажет етеді. Өйткені қазақ тіл білімінде,
түркітанымда аталған категорияны тану мәселесінде бірізді шешім жоқ:
бірде морфологиялық, енді бірде синтаксистік категория деп танылса, оған
семантикалық категория ретінде қарап, жай сөйлем синтаксисінде қарастыруды
ұсынатын көзқарас та бар. Түркітанымда қимылдың өту сипаты жеке категория
ретінде танылмай, етістік сөзжасамына қатысты және басқа етістік
категорияларының аясында ғана қаралатын еңбектер де кездеседі.
Үшіншіден, қимылдың өту сипаты мен етістіктің сыпатының (вид) ара-жігінің
ажыратылмауы, бірінің орнына екіншісін қолдануы қимылдың өту сипаты
категориясының өзіндік ерекшеліктерін толық ашуға мүмкіндік бермей келеді.
Төртіншіден, адамзаттың іс-әрекеті мен көзқарасы, танымы мен
мәдениетіндегі ұқсастықтар коммуникация барысында адамдар арасындағы
түсінушілікке негіз болады. Болмыстың таным әрекеті арқылы адам санасында
бейнеленуі ұғымдық категория ретінде қарастырылып, жалпы адамзатқа ортақ
болғандықтан әмбебап сипат алады. Ал оның тілдік көрінісі тілде белгілі
бір грамматикалық жүйеге түсуі немесе жалпытілдік категория деңгейінде
болуы мүмкін. Бұл орайда тілде кең қолданысқа ие қимылдың ішкі өту ағымын
көрсететін категорияны тұлғадан ( мазмұнға қарай бағытта ғана зерттеумен
қанағаттануға болмайды. Өйткені адам таныған ғаламның тілдік бейнесі
барлық тілдік құралдарының жиынтығы арқылы жасалатындықтан, оның
лексикамен, сөзжасаммен, грамматикамен тығыз байланысты семантикалық
шеңберін жекелеген грамматикалық көрсеткіштер аясында тану жеткіліксіз.
Сондықтан грамматика саласын морфология мен синтаксис шеңберінде шектемей,
оның аясын лексикология және сөзжасам деңгейлерімен, мәтін лингвистикасымен
кеңейту арқылы кең түсініктегі грамматиканы, сондай-ақ жеке деңгейлік
категориялардан гөрі ауқымды және белгілі бір семантикалық ұғымды жүйелі
бере алатын жалпытілдік категорияны қарастыру маңызды. Жалпытілдік
категорияларды зерттеу ғаламның тілдік бейнесін жасайтын тіл деңгейі
элементтерінің белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін мағыналық жүкті
жұмыла көтеріп, өзара тығыз қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктері мен
заңдылықтарын тереңірек қарастыруға жол ашады. Бұл – қазіргі тілтанымдағы
басым бағыттардың бірі:
- категорияларға жіктеуде ұстанатын таза формалды белгілер тұрғысынан
қимылдың өту сипаты таза грамматикалық (морфологиялық) категорияларға
қойылатын талаптар деңгейінен шыға бермейтіндіктен, оның тілдік
категориялық мәртебесі көрсеткіштерінің семантикалық ерекшелігі, тұлғалық
сипаты мен түрлену жүйесіне қарай айқындалуы керек. Бұл категория
көрсеткіштерінің мағынасы грамматикалық мәнге қатысты шеңберден асып
кетпейтін және сөзжасамдық деңгейге ене алмайтын ерекшелігіне байланысты
аралық құбылыс деп танылып, қимылдың өту сипаты лексика-грамматикалық
категория ретінде қаралады;
– аналитикалық форманттар арқылы берілетін аспектуалды семантика
түрлері олардың жалаң өзіне қатысты емес, тіркесетін жетекші
етістіктің лексикалық мағынасы мен формасын есепке ала отырып
айқындалуы тиіс. Бұл аналитикалық формалы етістіктерге семантикалық
талдау жүргізуде екі компоненттің семантикасы мен тұлғасын кешенді
түрде тұтастықта алып қарастыруға, олар беретін семантиканың толық
көрінуіне жол ашады;
– қимылдың өту сипаты категориясын функционалды грамматика
ұстанымдары тұрғысынан қарастыру арқылы оның тілдегі лексика-
грамматикалық (грамматикалық форма, сөзжасамдық қосымша, лексикалық
бірлік) және синтаксистік көрсеткіштер (сөз тіркестері, сөйлем,
мәтін) арқылы берілу жолдарын толық көрсетуге болады;
– шақ көрсеткіштерінің синтетикалық формалары арқылы аспектуалды
семантика жалпылама беріледі, бұл олардың (синтетикалық форма)
абстрактылық дәрежесінің жоғары болуымен байланысты. Ал аналитикалық форма
арқылы көрінетін мағына жетекші етістік пен көмекші етістіктің синтезделген
мағынасы болып табылады және әр форманттың жетекші етістіктің лексикалық
мағынасына сай олармен талғап тіркесуі кеңістік пен уақыт ағымындағы
қимылдың өту сипатын дәл суреттеуге мүмкіндік береді;
– қимылдың өту сипатын көрсететін лексикалық бірліктер етістікті және
етістікті емес деп ажыратылады. Етістік емес лексикалық бірліктер екі
түрлі сипатымен ерекшеленеді: аспектуалды семантиканы беретін негізгі
көрсеткіш және сөйлемдегі басқа негізгі көрсеткішке қатысты толықтырушы,
нақтылаушы бірлік;
– қимылдың бірнеше қайталануы нәтижесінде белгілі бір заттың белгісі
мен сапасы, қасиетінің тұрақталуы арқылы қалыптасқан сындық сипаттағы
сөздердің семантикалық құрылымында қимылдың өту сипатына қатысты мағыналық
реңк имплицитті түрде көрінеді. Бұл эмоционалды сипаттағы сын есімдер
болып табылады;
– қазақ тілінде аспектуалды семантиканы беретін синтетикалық
формалар сөзжасамдық (-ла-ле; -мала-меле; сын есім тудыратын жұрнақтар:
-паз, -қой, -қақ-кек, -ғақ-гек және т.б.; -ымсыра-імсіре; -сы-сі) және
модификациялаушы формаларға (-а-е,-й; -атын-етін; -ушы-уші + еді;
-ыңқыра-іңкіре) ажыратылады;
Категория түрлеріне қатысты тұжырымдарды жинақтап, лексика-грамматикалық
категорияның мынадай ерекшеліктерін көрсетуге болады: лексика-
грамматикалық категория көрсеткіштері – мазмұн тұрғысынан, жалғанған
сөздің лексикалық мағынасына сәл де болса семантикалық өзгеріс енгізеді;
тұлғалық жағынан, жалғанған сөздің түбірі:
- бірінші, тұлғасы бұйрық райдың екінші жағына сай келеді;
- екінші, тікелей жіктік жалғауымен түрленбейді. Тілде қалыптасқан
грамматикалық құбылыстардың жүйелігі бір күнде емес, сол тілде
сөйлеуші халықтың бірнеше жылдар бойы сөйлеу процесінде қалыптасады.
Сондықтан әр тілдің құрылымдық табиғатына сай грамматикалық
ерекшеліктерінің болуы – заңды. Жоғарыдағы категория түрлеріне қойылатын
талаптар негізінде алып қарағанда қазақ тіліндегі қимылдың өту сипаты таза
грамматикалық категория талабына толықтай сай келе бермейді.
- Бірінші, бұл категорияның негізгі көрсеткіштері саналатын
аналитикалық форманттар барлық етістікке жалғанып, абстракция
жасамайтындықтан етістіктің түрлену жүйесі ретінде қаралмайды. Мысалы,
етістіктерді -п жібер формантын түрлендірсек: амал-әрекет етістіктеріне
(ішіп жібер, ұрып жібер) жалғанып, бірден, тез жасалған қимылды білдірсе,
қозғалыс (келіп жібер, барып жібер), қарым-қатынас (қоштасып жібер,
сәлемдесіп жібер), сезіну (сезіп жібер, қышып жібер), ойлау (ойлап жібер),
эмоционалды (қуанып жібер, қайғырып жібер) және қалып етістіктерімен
түрленбейді. Бұл жағынан талғампаздық қасиетімен ерекшеленетін сөзжасамдық
қосымшаларға ұқсас. Қимылдың түрлі жасалу тәсілін білдіретін
көрсеткіштердің етістіктің белгілі тобына талғап жалғануын Н.Оралбаева
олардың өзіндік ерекшелігі деп санап, оны етістіктердің семантикасымен
байланыстырады .
- Екінші, аналитикалық форманттар өзара оппозиция құрамайды.
-Үшінші, аналитикалық форманттардың мағына реңктерін берудегі
мүмкіндігі орасан. Мұндай мағыналық реңктер сөйлеу мақсатында туындайды.
Көмекші етістіктер негізгі етістіктерге тіркескенде жетекші етістіктің
лексикалық мағынасына семантикалық реңк үстейді. Ол мағынаны жетекші
етістіктің лексикалық мағынасымен тең дәрежеде қарауға болмайды. Мұның
себебін А.А.Юлдашев көмекші етістіктердің бойында лексикалық мағынаның тым
болмағанда қалдығы болатындығымен түсіндіреді: Тілде сөздің бұрынғы
мағынасының біреуімен де мүлде байланыссыз көмекші сөз жоқ: сөздің
көмекшілік мағынасы да оның лексикалық мағынасы секілді мотивсіз емес.
Қимылдың тәсілдерін білдіретін грамматикалық көрсеткіштер негізгі
етістіктің лексикалық мағынасына қосымша мағыналық реңк үстей отырып,
процесс семантикасын нақтылауға қызмет етеді.
- Төртінші, лексика-грамматикалық категория көрсеткіші жалғанған
етістік тұлғасы тікелей жіктік жалғауын қабылдамайды. Қимылдың өту
сипатының форманттары жіктік жалғауының толық және қысқа түрлерімен
ешуақытта тікелей тіркеспейді, олардың арасында рай көрсеткіштері тұрады.
Бесінші, лексика-грамматикалық категория көрсеткіштерінің етістік
түбіріне қосылу тәртібі немесе орнына қатысты. Бұл ерекшеліктер қимылдың
өту сипаты категориясы көрсеткіштері лексика-грамматикалық категория
талаптарына толығырақ жауап беретіндігін, сондықтан оның мәртебесі
категория көрсеткіштерінің семантикалық ерекшелігі, тұлғалық сипаты мен
түрлену жүйесіне қарай айқындалуы қажеттігін көрсетеді.

негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Бұл, біріншіден, аспектуалдылық категориясының предикаттық негіздегі
басқа өрістермен астас келетіндігін көрсетеді. Өйткені бірі қимылдың түрлі
ішкі өту ағымын сипаттаса, предикативтілікпен тікелей байланысты жақ, шақ,
модалдылық қимылды әр қырынан сипаттайды. Аспектуалдылықтың басқа
категориялармен астастықта көрінуі кешенді жағдаяттар құрамындағы астас
келетін категориялық жағдаятпен (ары қарай КЖ) сәйкестенеді. КЖ –
сөйленімдік құбылыстар. КЖ сөйленім элементтерімен, тұтас сөйленіммен
байланысты болғандықтан сөйленімнің категориялық сипаттамасы ретінде
көрінеді. Осыған сәйкес аспектуалды жағдаятты сөйленіммен берілетін
қимылдың ішкі өту ағымымен байланысты мазмұндық құрылым ретінде анықтауға
болады. Екіншіден, аспектуалдылық көрсеткіштері етістік аясынан шығып,
сөйленімнің басқа элементтерін қамтып, ФСӨ негізінде әр тіл деңгейі
бойынша қарастырылады. Бұл орайда аспектуалды семантиканы білдіретін
грамматикалық, лексика-грамматикалық құралдар жеке-жеке талдауға түсті.
Аспектуалды семантиканы беретін синтетикалық формалар мағынасына
қарай қайталанатын қимылды; жетімсіз істелген қимылды; күшейтпелі қимылды
білдіретін қосымшаларға сараланып, модификациялаушы және сөзжасамдық деп
ажыратылды.
Сөзжасамдық қосымшалардың аспектуалды семантика жасауға қатысы: -ла
-ле (-да-де, -та-те) қосымшасы сөз таптарының белгілі бір ЛСТ-ға
жалғанғанда дүркінді мағыналы етістік жасайды. Бұл мағына қосымшаның зат
есім, етістік, еліктеуіштерге жалғануынан көрінеді.
Зат есімдерден:
1) қарқынмен, бірден іске асыруда қолданылатын құрал-сайман атауына:
балтала, пышақта, таяқта: Ақ тайға ес жиғызбастан қайта қарғып мініп алды
да, борбайлай қамшылап, құйғыта жөнелді (М.Әуезов);
2) туыстық атауларға жалғанып, біреуге қарата айтылған сөйлеу
процесімен байланысты етістіктер жасайды: Көшелі кісі. Ағалап отыр
(М.Мағауин); Бір-екі жігіт суға қарғып түскенше қолдары ербеңдеп, апалап
кете барған (О.Сәрсенбаев);
3) қимылға нысан болатын сөзге жалғанғанда дүркіндік айқын
көрінбегенімен, әрекет сипатына қарай бірнеше рет жасалуды қажет етеді:
сула, тұзда, майла. Киімнің май тиген жеріне тұз жағып, содан кейін
сабындап жуып тастау керек (Қаз. әйелдері);
4) еліктеуіш негізді зат есімге жалғанады: Зеңбіректер тағы гүрсілдеп
қоя берді (Ә.Кекілбаев). Кейбір бейнеленетін қимыл және еліктеуге негіз
болатын дыбыстың табиғатына дүркіндік тән, ал -ла-ле (-да-де, -та-те)
қосымшасы бұл мағынаны күшейтеді: Екі шекем солқылдап, басым ауырып
жатып қаламын (Б.Соқпақбаев).
Етістіктерге -ла-ле (-да-де, -та-те) қосымшасы талғап жалғанады
және оларға тән ерекшеліктер: сабақты етістіктер; нысанға бағытталған
әрекет; құралдың көмегімен жүзеге асатын қимыл. Олар: сипала, тырнала,
шұқыла, үңгіле, сабала, шымшыла, үйкеле, сүйреле, қамала, сілкіле және
т.б.: -Ойбай, құдай көрсеткен қорлығың осы ма еді! – деп Арзы апам отыра
қалып жер тырналады (Ш.Мұртаза); Тізерлей түрегеп, алдында тұрған биік мосы
ағашқа құрылған мылтығының дүмін сипалады (М.Мағауин).
Еліктеуіш сөздердің ішінде -ла-ле (-да-де,-та-те) бейнелеуіш
сөздерге жалғанып, қосарланған бейнелеуіш сөздердің мағынасымен бара-бар
етістіктер жасайды: жыпық-жыпық (ету) – жыпықта; жалтақ-жалтақ (ету) –
жалтақта;: Түстіктен майда жел тұрып, қызғалдақтың басы изеңдеді
(О.Бөкеев). Сонымен, -ла-ле тұлғалы етістіктер жүйелі әрі біртектес және
аралық интервалы белгісіз дүркінді әрекеттерді білдіреді.
-қыла-кіле, -ғыла-гіле амал-әрекет етістіктерін таңдап, негізінен
белгілі бір құралдың көмегімен орындалатын, нысанды қажет ететін сабақты
етістіктерге жалғанып, қимылдың араға уақыт салмай еселеніп, дүркін-дүркін
жасалуын білдіреді: Шөнжіктердің ештеңеде шаруасы жоқ, енесінің аяғының
астында, дымқыл тұмсықтарымен қатар-қатар салбыраған емшектердің бірінен
соң бірін түрткілейді (М.Мағауин). Бұл тұлғалы етістіктерге қатысты:
бірінші, амал-әрекет етістіктері сан жағынан аз: тартқыла, сорғыла,
қаққыла, піскіле, шапқыла, тілгіле, мыжғыла, түрткіле, тепкіле, жұлғыла,
сүрткіле, ысқыла, соққыла, атқыла, қазғыла, түйгіле, ұрғыла, кескіле,
тініткіле, шерткіле, сүзгіле, тіміскіле, жанышқыла; екінші, құранды деп
алсақ, -қы-кі етістік сөзден есім тудыратын қосымша болып табылады:
соққы, тепкі, ұрғы, сүзгі, піскі, ысқы т.б.; үшінші, кейбір бұл
тұлғадағы сөздерді етістік негізді зат есім және етістік тудыратын қосымша
деп ажыратуға келмейді: мыжғыла, жұлқыла, түйгіле, тініткіле, шерткіле,
жанышқыла т.б.; төртінші, семантикалық жағынан етістік негізді туынды зат
есімдерден -ла-ле қосымшасы арқылы жасалған етістіктерде дүркіндік мағына
болса, құранды қосымшаға ажыратпай, тұтастықта қарайтын етістіктерде
дүркіндіктен гөрі амал-әрекеттің күшейтпелі түрде жасалу реңкі басым.
Түйін: -қыла-кіле, -ғыла-гіле арқылы берілетін аспектуалды семантика
түрлері: біртектес дүркінді қимыл; қарқынды тез істелетін әрекет;
қайталану интервалы жақын, бірақ белгісіз; күшейтпелі әрекет.
Дүркінді мағына етістіктердің санаулы тобына, негізінен сабақты амал-
әрекет етістіктеріне жалғанатын -мала-меле (-пала-пеле, -бала-беле)
арқылы да беріледі: тықпала, бастырмала, қақпала, жұлмала, итермеле. Сүйек
қажалап, тері-терсек, жүн-жұрқаны жұлмалайды (Қ.Жұмаділов).
Етістіктен сын есім тудыратын -ғыш-гіш, -қыш-кіш қосымшасы арқылы
дүркінді мағынаның берілуі екіге бөліп қарастырылды: бірінші –
-ғыш-гіш, -қыш-кіш тұлғалы сын есімдердің дүркінді мағына жасауға қатысы.
Бұл қосымша арқылы жасалған туынды сөзде қайталану мәндік реңкі сақталады,
дегенмен, бұл реңк етістіктердегі секілді айқын көрінбейді және негізгі
мағынасы қандай да бір іске бейімдікті білдіретін сындық мағына болып
табылады: Кей адам не болса соны өз басына жорығыш (І.Есенберлин);
Бүркіт арық болса, әлсіз, болдырғыш, суыққа осал болады (С.Қасиманов);
екінші – туынды сын есімдерге -ла-ле (-да-де, -та-те) жалғану арқылы
дүркінді етістіктер жасалады: Ұқсай ма, ұқсай ма? – деп тұмсықтарының
астына әкеп қайта-қайта тыққыштайды (Ә.Кекілбаев). Амал-әрекет
етістіктерінен жасалған сын есім негізді етістіктерде дүркінді мағына, ал
қозғалыс және сезіну (көру) етістіктерінен болған бұл тұлғалы (барғышта,
қарағышта) сөздерде дүркіндіктен гөрі, үзіліспен, араға уақыт салып
қайталанатын қимылдық мағына басым.
Есім және етістіктен сын есім тудыратын кейбір қосымшалар белгілі
дәрежеде іс-әрекеттің қайталануын көрсете алады. Бұған семдік талдау
жүргізу арқылы көз жеткізуге болады. Сөйлеуік сөзінің мағыналық құрамы:
1) адамға тән қасиет; 2) көп сөйлейтін; 3) жағымсыз; 4) сөйлеу әрекеті
дағдыға айналған. Белгілі бір әрекеттің үнемі қайталануы сындық белгіні
қалыптастырады. Олар затқа тән сапалық белгіні білдіретіндіктен қайталану
мағына айқын көрінбейді. Б.Омарова мұның себебін қосымшалар тарихымен
байланыстырады. Төмендегі сөзжасамдық қосымшалар арқылы әр түрлі сөз
таптарынан жасалған сын есімдер сындық белгіні білдірумен қатар, сол
белгінің қалыптасуына негіз болатын әрекеттің қайталану мағынасын
имплицитті түрде білдіреді және олар эмоционалды бірліктер болып табылады:
-шыл-шіл: Өзі көп бала тапқан, жаратылысында арық әрі күйгелек,
уайымшыл Ділдә ерте қартая бастаған (М.Әуезов); -қақ-кек: Ұрысқақ долы
қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен малды өз
малындай, өз мүлкіндей баурай бастады (М.Әуезов); -уық-уік: ... көк
аты жайылып жүреді. Өзі асау. Тебеген, тістеуік. Маңына жан жолатпайды
(М.Мағауин); -шақ-шек:Ұрыншақ ат арық болар, көңілшек жігіт жарлы
болар (Мақал); - сақ-сек: Кәрі құда ең сұрамсақ, әсіресе, алымпаз,
тойымы жоқ, жеміт құда (М.Әуезов); -шаң-шең: Апам да ашушаң адам еді
(Син. сөздігі); -паз: Обалы қанша, Жайсаңның адам баласына жаман-дығы жоқ
еді. Ойымпаз. Қатты ойнайды – қастықтан ада (М.Мағауин); -шы-ші: Көксерек
оңашада, елсізде қатты ойыншы болатын (М.Әуезов); -қор: Әлібек ауылдың
кәдімгі қу десе қу, сұм десе сұм, парақор адамы еді (Б.Момышұлы);
-қой: Маржан қырықтарға келсе де, желөкпе, сәнқой әйел еді (М.Иманжанов).
Сондай-ақ, -құмар, -жанды қосымшалы сөздерде де белгілі бір нәрсеге
құмарлық мағынасы байқалады және мағыналық жағынан -қой, -қор қосымшасына
жақын келеді. Қ.Күдеринова олардың өзіндік ерекшеліктерін әр қосымшаға тән
мәндік сипатпен байланыстырады: құмар өзімен мағыналас -қой, -қор
жұрнақтарына қарағанда әмбебаптық қабілеті басым; -қор жұрнағы
жағымсыз ұғымды береді; -қой қосымшасы сөзге юморлық сипат беріп, жағымсыз
әсер қалдырмайды. Ал құмар екі жұрнақтың да орнын ауыстыра алады [27, 55-
56 бб.]. Сонымен, -құмар, -жанды тұлғалы сөздер де қайталау мағынасын
имплицитті түрде бере алады: Бағанағы әзірде зәреміз қалмап еді,- дегеннен
бөтен әншейін әңгімеқұмар әжем ештеңе айтпады (С.Жүнісов); Хасеннің
дүниежанды жігіт екенін сезімтал Шәкизат қана білетін ( Син. сөздігі).
-ымсыра-імсіре іс-әрекеттің толық жүзеге аспағандығын, жетімсіз қимылды
білдіреді. Бұл қосымша талғампаз, негізінен физиологиялық күй-қалыптың
өзгеру процесімен байланысты етістіктер жасайды: Қарт маған басын изеп,
күлімсіреді (Қ.Жұмаділов); Алыстан құтқарыңдар деген талмаусыраған
дауыс естілгендей болды (Жұлдыз).
Аспектуалды семантиканың грамматикалық формалармен берілуіне келсек,
бұл орайда шақ көрсеткіштерінің орны ерекше:-атын-етін – узуалды қимылдың
берудің негізгі грамматикалық көрсеткіші. Көктем болса тау-тасты шарлап көк
жуа іздеп, жаз болса қара бүлдірген теретінбіз (Ә.Әлімжанов). Узуалды
қайталану дағдыға айналған қимыл болғандықтан белгілі бір дәрежеде
заңдылық болып та қабылданады. Узуалды қайталану нақты жағдаяттағы
қайталануды білдірмегенімен, оның уақыт ағымында жүйелі түрде қайталанып
отыратын орны болады. Ол сипатына қарай жалпы қайталану және жүйелі
қайталану деп бөлінеді. Жалпы қайталануда дағдыға айналған іс-әрекеттің
себебін, жүйесі, интервалы, созылыңқылығы ескерілмейді, бірнеше рет
қайталанып, дағдыға айналған әрекет жалпылама беріледі: Тәңірберген,
әдетте, күндіз қонағын бәйбішесінің үйінде қабылдап, кіші әйеліне кешке
жатарда ғана баратын (Ә.Нұрпейісов). Жүйелі қайталануда -атын-етін
тұлғалы етістік сөйленімде жүйелік мағынаны көрсететін үстеулермен
нақтыланып келеді: Әнуар күнде кешке қарай тот басқан ескі мылтығын
алып күзетке кететін (Ә.Нұрпейісов).
-ушы-уші формасы да қимылдың бірнеше рет қайталанып, дағдыға
айналғанын білдіреді: Райдың қолындағы қарт әжесі – бұның көз көрген,
бастас жеңгесі. Соған жылда сыбаға әкелуші еді (Ә.Нұрпейісов).
-а-е,-й тұлғасы қайталану мағынасын беруде қолданылғанда шақтық мағына
негізгі болып саналмайды. Қайталанатын қимылдың өзі жалпы және әдетке
айналған дағдылы әрекет ретінде көріну сипатын қарай бір-бірінен
ерекшеленіп, жалпы қайталанатын қимыл мен узуалды қимылға ажырайды да,
қимылдың өту ағымына қатысты қайталанатын қимыл; созылыңқы қимыл;
процестілік мағыналарын береді. Жалпы қайталану эксплицитті және имплицитті
көрінеді: Дәл аяғының астында жүреді (М.Мағауин); Иінінен су кетіп қара
күз өтіп барады. Күн сайын жаңбыр жауады (Ә.Кекілбаев). Узуалды қимыл:
Ванясы ертерек есейген, ойыннан гөрі шаруаға үйір – көбіне кішкентай інісін
бағады, су әкеледі, үй шаруасында шешесінің нағыз қолқанаты (Т.Ахтанов).
Созылыңқы қимыл: Атты жасақ он екі орданы күні-түні міз бақпай күзетеді
(Ә.Кекілбаев); процестілік -а-е,-й тұлғасының осы шақ мағынасымен
байланысты: Қашан көрсең дутарын қолынан тастамай, Науаи мен Біләл Назым
өлеңдерін, немесе он екі мұқам ғазалдарын жатқа соғып, күңіренеді де
отырады (Қ.Жұмаділов).
-ар-ер,-р тұлғасы қимылдың немқұрайды жасалуын білдіреді: Алдияр, құдай
өмір берсе, дәм жазып сіздермен кездесер күн туса, бүкіл қазақ даласының
батысынан шығысына дейін сарсанды сапар жайын айта жатармын
(К.Сегізбаев).
-ыңқыра-іңкіре аффикстері жалғанған сөздің лексикалық мағынасына
қимылдың күшейте жасалуын, үдей түсу мағынасын үстейді: - Халіңіз қалай,
тәуірсіз бе? – дедім дауыстаңқырап (Қ.Жұмаділов); Көксерек гүрілдең-кіреп,
маңына көп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып түсіп, жылдам оралып, ашу
шақырғысы келіп еді (М.Әуезов).
Аспектуалды семантиканың аналитикалық жолмен берілуі өнімді тәсіл
саналады және ол үш түрлі сипатта көрінеді: көсемше тұлғаларының
қосарлануы; аналитикалық формалы етістіктің қайталануы; аналитикалық
форманттар.
Көсемше қосарланған -ып-іп,-п тұлғасында дүркіндікті, ал -а-е,-й
тұлғасында созылыңқы қимылды көрсетеді: Мұз үстінде жатқан бес-алты
қылағайды етігінің тұмсығымен теуіп-теуіп жіберді (Ә.Нұрпейісов); Қоламта
бозара-бозара күлге айналды (Ә.Кекілбаев).
Аналитикалық формалы етістіктердің бір сөйлем бойында қайталанып
келу арқылы аспектуалды семантиканың екі түрі беріледі: қайталануы:
Уылжыған ернінен тоймай сүйе беретін, сүйе беретін (Қ.Жұмаділов);
созылыңқылық: Саусақтарым сырқырап сынып барады, мен шыңғырып жылай
бердім , жылай бердім (Т.Ахтанов).
Қимылдың түрлі жасалу тәсілдерін көрсетуде аналитикалық форманттар
белсенді көрсеткіштер саналады. Қимылдың басталу кезеңімен байланысты
аналитикалық форманттар -а баста; -а жөнел; -п қоя бер, -а ұмтыл, - п сала
бер, - п кет, - а бер мағыналық жағынан қимылдың басталу сипатына қарай
өзара ерекшеленеді. Қимылдың басталуын қосымша мағыналық реңктермен қоса
көрсететін форманттар: -п қоя бер субъект еркінен тыс және оның өзін-өзі
қадағалай алмайтын, бірден жасалатын әрекетті білдіреді: Ақбала алақанымен
бетін басып, бүк түсіп отыра қап еңіреп қоя берді (Ә.Нұрпейісов). -а
ұмтыл бірден қарқынды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz