Ұлттық салт-дәстүр арқылы оқушыларға жеті ата бабасын таныту және тәлім-тәрбие беру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І Тарау. Бабаларымыз ұрпағына өз халқының сан алуан салт-дәстүрi
арқылы дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие берiп
отырған ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Елжанды азамат
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 8

ІІ Тарау. Ұлттық салт-дәстүр арқылы оқушыларға жеті ата бабасын
таныту және тәлім-тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Салт-дәстүр және де әдептік арқылы құқық тәрбиесін
беру ... ... ... .. 14
2.2 Замана желімен жарысқан жаңа салт –
дәстүр ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25

Кіріспе
Сәлемдеме Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген
сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан
адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік
тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме
келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты
қуанады.
Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш
көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның
маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін,
ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік
екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз
дүниелерге қатысты айтылады.
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар
жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-
ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің,
сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Жеті ата Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға
дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған.
Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы
осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса
жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек
ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.
Тыйым Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю (мақал).
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге
түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден
сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы
олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық
ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу -
әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу –
ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел
ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Араша Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы
адамдар араша, араша! деп басу айтуға тиіс. Араша деген сөзді естіген
адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей
жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Құтты болсын айту Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа
қайырлы болсын айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың,
қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу.
Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан
жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің
тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің
белгісі.
Тізе бүгу Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары
бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1.
Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс
болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген
құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір
тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста,
жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған
айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді.
Шашу Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты
дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде,
құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен,
күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып,
ырым қылып балаларына апарып береді.

І Тарау. Бабаларымыз ұрпағына өз халқының сан алуан салт-дәстүрi
арқылы дұрыс бағыт-бағдар, тәрбие берiп отырған
Сондықтан, оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ ең
бiрiншi ата-ана, онан кейiн мұғалiм тiлегiн, қабiлетiн ескеру керек. Бiрiн-
бiрi жәбiрлеуден аулақ болу, жаман сөздер айтпау, бiреудiң затына қиянат
жасамау, жаман ой–пиғылдан аулақ болуға тәрбиелеп отыруды күнделiктi естен
шығармаған жөн. Ендеше, ата-ана баласына ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-
дәстүрдiң ерекшелiктерiн үйретiп отырса, ондай бала күнi ертең ел сыйлайтын
азамат болары даусыз. Өмiр тәжiрибесi көрсетiп жүргендей бiлiмдi, жақсы
оқитын оқушы жаман қылық жасамайды.
Мынадай бiр тәмсiл бар. Ертеде өткен бiр дана қарт немересiнен:
– Балам, ашаршылық неден басталады? – деп сұрапты.
– Ата, ашаршылық жоқшылықтан, – дептi немересi. Сонда атасы тұрып:
– Жоқ, балам, ашаршылық ақылсыздықтан болады. Есiңде болсын, Ақылды
қарт – үйдiң берекесi, ақылды қарт болмаса, ақылсыз ұл мен қызың оңбаса,
мал бiтпейдi, жоқшылық пен жамандық басыңнан сонда кетпейдi, – деген екен.
Мiне, осы бiр сөзден-ақ ұл-қыздарымыздың тәрбиесiне ата-анасының ықпалын
аңғару қиын емес. Ата-ана бала тәрбиесiн еңбекпен ұштастыру керектiгiн,
еңбектенген ақылды ұл-қыздарымыз қоғам болашағы екенiн айтып жүргенi абзал.

Бабаларымыз ұрпағына өз халқының сан алуан салт-дәстүрi арқылы дұрыс
бағыт-бағдар, тәрбие берiп отырған. Ұрпақ тәрбиесiнде халықтық
педагогиканың Қызым, саған айтам, келiнiм, сен тыңда!, Қызға қырық үйден
тыйым, Қыздың жолы жiңiшке деп қыз баланың тәрбиесiне ерекше көңiл
бөлсе, Әкеге қарап ұл өсер, Әке көрген оқ жонар деп ұл баланың
тәрбиесiндегi әкенiң рөлiнiң ерекшелiгiн айтып отырған. Атаңның баласы
болма, халықтың баласы бол деп ұл баланың, тек, өз отбасындағы ғана емес,
халық алдындағы жауапкершiлiгiн атап көрсеткен.
Жас кезiнде бiлiм берсең қалайда, өсе келе қолың жетер талайға деп
Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-ана қалайда баласына бiлiм мен тәрбие беруде
ортаның талабына қарай бейiмдеп, тәрбиелеу керек.
Әрине, ата-анадан соң бала тәрбиесiне жауапты мектеп, яғни мұғалiм
екендiгi ақиқат. Сол жауапкершiлiктiң бiр саласы құқықтық тәрбие беру болып
табылады.
Республикамыз бойынша жүргiзiлiп жатқан осы құқықтық бiлiм мен тәрбие
берудiң қолға алынуына байланысты, бiздiң мектепте де құқық кабинетi жұмыс
iстейдi. Кабинетте құқық бұрышы бар. Сонымен қатар Қиын балалармен жұмыс,
Жас заңгер үйiрмесiнiң жұмыс iстеуi, оқушыларымыздың құқықтық бiлiм мен
тәрбиенi терең меңгерулерiне мүмкiндiктер ашты.
Өзiм сабақ беретiн сыныптарда, Құқық деген не?, Құқық мәдениетi мен
рухани мәдениет дегендi қалай түсiнесiң?. Сабақта адамның құқықтық
мәдениетi мен рухани мәдениетiнiң бiр-бiрiмен қатысты екенiн түсiндiре
келiп, олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатынын Малым–жанымның
садағасы, жаным–арымның садағасы деген бабаларымыздың сөзiнен түсiнуге
шақырдым. Сондай-ақ, адамның заңды мүдделерiне, құқықтарына нұқсан
келтiрмеу керектiгiн, босқа жәбiрлеп, оның рухани жан дүниесiн күйзелiске
ұшыратпау керектiгiн түсiндiремiн.
Балалар құқығы туралы Ата-ананың мiндетi деген тәрбие сағаты арқылы
түсiндiремiн. Балалы үй–базар, баласыз үй–мазар, Баланың бiлегi ауырса,
ананың жүрегi ауырады деген халқымыздың қанатты сөздерiнiң терең мән-
мағынасын ашып көрсетуге тырыстым.
Бала тәрбиесiне немқұрайды қарау қоғам үшiн де, ата-ана үшiн де зиянды
екенiне кейбiр ата-ананың мән бермейтiнiн айтып, бала тәрбиесiнде ата-ана
халық дәстүрiне сүйенiп, отбасына арналған заңдардың орындалуын қадағалап
отыруын талап еттiм. Сондықтан Адамның бiр қызығы–бала деген, баланы
оқытуды жек көрмедiм деп ұлы философ ақын Абай сөзiнiң Қазақстан
Республикасы Конституциясы бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептерде әрбiр
баланың тегiн орта бiлiм алуға мiндеттi екенiне ұштасып келетiнiн, қалайда
балаларының оқуы үшiн ата-ана жағдай жасау керектiгiн түсiндiрдiм.
Ата-анасының алдында баланың да өз мiндеттерi бар. Еңбекке жарамды
балалар өздерiнiң ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға көмек көрсетуге
мiндеттi делiнген Конституцияның 51-бабындағы заңды орындау керектiгiн
оқушылар санасына терең сiңiре бiлуiмiз керек.
Қазақ халқының салт-дәстүрiнде ата-аналарын қадiрлеу, үлкендi сыйлау,
iзет жасау керектiгi, яғни балалардың ата-анасына деген сүйiспеншiлiгiн
заңның мәжбүрлеуiнсiз-ақ тәрбиелеу арқылы iске асыруға болады.
Демек, бiлiм беру жүйесiндегi құқықтық бiлiм мен тәрбие берудi үш
жақты өрбiту қажет.
Олар мыналар:
1. Отбасы тәрбиесiндегi ата-ананың рөлi.
2. Ұстаздың шәкiрт бойына құқықтық бiлiм мен тәрбие берудегi ерекше
шеберлiгi мен iзденiмпаздығы.
3. Оқушының құқықтық сауаттылығы, яғни оқушының құқықтық бiлiм мен
тәрбиенi терең меңгеруi.

1.1 Елжанды азамат тәрбиелеу
Мiне, осы үш талап толық орындалғанда ғана мемлекетiмiз құқықтық
деңгейi жағынан өркениеттi елдермен терезесi теңесерi даусыз.
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең
басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы
мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол
болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами
дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани
байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан
мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған
Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды
азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

ІІ Тарау. Ұлттық салт-дәстүр арқылы оқушыларға жеті ата бабасын таныту
және тәлім-тәрбие беру.
Ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына
дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер жеті атасына дейін ата тегін,
тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны Жеті атасын білмейтін жетесіз деп
халық кінәлайды, айыптайды. Шыншыл, әділетті, иманды болу – сонау арғы ата-
бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз дейді де, халық сол игі
дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. Ат тұяғын тай басар деп, кейінгі
ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік тағылымдар ата дәстүріне
айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек болады. Сол себепті де шәкірттерге
бастауыш білім беру сатысынан бастап-ақ жеті ата шежіресі мен дастарқан
дәстүлерінен білім мен тәрбие берудің мәні зор. Олар әсіресе, Қазақ тілі,
Ана тілі пәндерін оқу барысында туыстық атаулармен танысып, дастарқан
басындағы іс-әрекеттердің мағынасын түсінеді. Оқушылардың сол
түсініктерін тірек ете отырып, жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін
танытудың толық мүмкіндігі бар деп түйіндейміз.
Сонымен, біз жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрі ұғымына мынадай
анықтама ұсынамыз:
Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрі дегеніміз –
халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын
тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-
әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық
нормалар жиынтығы.
Осы орайда біз еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында
атты еңбегіндегі жеті ата шежіресі туралы пікірін негізге аламыз.
Мұнда: Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін
өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас
ғажайып бітімі ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың
бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған. Бүгінгі таңда рулық
сананың шектеулі де шетін жақтарын біліп-түсіне отырып, біздің халықтың
тарихында рулық психологияның кіріктіргіш рөлінің болғанын сезіне білуіміз
керек.
Тәңір алдында бәрі де тең болғандықтан, рулық ұжымда белгіленген қалып
пен дәстүрлер киелі де бұлжымас қағидаға айналған. Ру дәстүрі адам санасына
берік орныққан, себебі оның қауымдасқан ұжым арасында басқаша тірлік
құруына өмір салтының өзі жол бермеген. Күні бүгінге дейін рулық салт-
дәстүрлер мен қалып-қағидалардың қайран қаларлық тұрақтылықпен сақталып
келе жатқаны да сондықтан,– делінген. Мұның өзі қазақ халқының жеті ата
ауқымындағы туыстық атауларды терең білудің тәрбиелік маңызы зор екенін
аңғартады. Соған орай, біз қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атау
бастауларын былайша көрсеттік:

туажат
жүрежат

немене
көгеншар
Қазақ халқының
шөпшек жеті ата ауқымындағы
дегеншар
туыстық атаулары
шөбере
жиеншар
Ә к е
А т а
Арғы ата
Б а б а
Түп ата
Тек ата

немере
жиен

Сурет 1 – Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атау бастаулары

Сонымен, оқушыларды жеті ата шежіресін білуге тәрбиелеу:
– әрбір баланы өзінің жақын және алыс туыстарын танып білуге, ажырата
алуға, туыстық қарым-қатынас жасауға үйретеді;
– рухани адамгершілік, кісілік, имандылық қасиеттерін қалыптастырады;
– үлкеннің алдындағы парыз, борыш, міндеттерін сезінуіне мүмкіндік
жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде дастарқан дәстүрлерін тәрбиенің бір
құралы ретінде қарастырамыз. Мәселен, аяулы ана ас дайындап, дастарқан
мәзірін жасайды, сонда анаға көмектесіп жүріп, әкені ас-дәмге шақырып, ас
алдын әзіз әке татқан соң ғана балалар дәм татады. Бұл – ұлттық әдеп.
Дастарқан басындағы аталы сөз – бата, өсиет, өнеге. Ата-бабаларымыз
болашақ ұрпақтарының адал жанды, әдепті, иманды, батыл да батыр, инабатты,
ізетті болып өсуі үшін өсиет айтуды, өнеге көрсетуді, бата беруді, тілек
айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық дәстүрге айналдырған. Ата дәстүрін
ардақтау – қазақ халқының ұлттық қағидасы. Атадан бала тусайшы, ата жолын
қусайшы деп, халқымыз атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы
қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелегендігін
аңғарамыз.
Ата-бабаларымыз өмір тәжірибелерінен, халықтық әдет-ғұрып негізіне
салынған дәстүрлерінен үлгі-нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына
үйретіп отырған, тілек тілеп, бата беріп, жастарды жақсы жолға бастаған.
Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден
қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол тілекке жету құдіретке
байланысты деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты. Үйің құтты
болсын, Сапарың оң болсын, Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз деген тілектер –
қысқа да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті
ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді: Еліңнің елеулісі, халқыңның
қалаулысы бол, Шырағың сөнбесін, Отбасыңнан бақыт кетпесін,
Арманыңның асуына жет, Берекелі тірлік, мерекелі бірлік берсін деп,
бата беруші жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді.
Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер деп, халық батаны киелі сөз
ретінде жоғары бағалайды, жас ұрпақ жаттап, жадында сақтайды. Киелі сөз –
батаның орындалуы үшін бата алушы арман-мақсаттарының биігіне шырқайды,
яғни арманға жету үшін тірлік-тіршілік жасауға машықтанады. Жас ұрпақты
тәрбиелеудегі қазақ дастарқан дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол
екендігіне көз жеткіземіз.
Сонымен, оқушыларды дастарқан дәстүрі арқылы тәрбиелеу:
- ата-баба дәстүрлерін қадірлеуге, ата-анасын, туыстарын сыйлауға
үйретеді;
- ізеттілігін, әдептілігін қалыптастырады;
- мейірімділікке, қонақжайлылыққа, өзгелерге жақсылық ойлауға баулиды.
Әр халықтың ұлттық тарихи дәстүрі оның азаматтық білім берудегі
мәдениеті мен диалектикалық білімі мектептің оқу-тәрбие үдерісіне тікелей
байланысты. Сондықтан біз зерттеуімізде ғылыми-теориялық негіздерге сүйене
отырып, қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы
бастауыш білім беру сатысы оқушыларын тәрбиелеу моделін жасап, онда өз
тұғырнамалық идеямызды жүзеге асырдық.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру
жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен,
оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше буын
екендігімен анықталады.
Сөйтіп, бүгінгі таңдағы бастауыш сыныптарда ұлттық тәрбие беру үдерісіне
жасалған талдау бізге қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан
дәстүрлері арқылы оқушыларды тәрбиелеудің теориялық моделін жасаудың
қажеттілігін айқын көрсетті. Мұнда біз көптеген ғалымдардың Б.А.
Глинскийдін, Б.С.Грязновтың, Н.Д.Хмельдің модельдеу әдісіне берген
түсініктемелерін басшылыққа алып, қазақ халқының жеті ата шежіресі мен
дастарқан дәстүрлері арқылы бастауыш білім беру сатысы оқушыларын
тәрбиелеудің моделін жасауда пайдаландық. Осы орайда моделімізді құру үшін
төмендегідей қоғамдық талаптарды ескердік.
– Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-
әлеуметтік және т.б.өзгерістердің, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардың білім
және тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігіне көңіл
бөлу;
– Қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының жеті ата
шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану арқылы
оқушының бірегей дүниетанымын, адамгершілік көзқарасын, кісілік, имандылық,
мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру, халықтың әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін білуге, оны құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету, ұлттық
мақтаныш сезімін ояту, күнделікті өмірлік ұстанымдарына айналдыру
қажеттілігі;
– Өркениетті қоғамға сай білімді, іскер, шығармашыл, өз еркімен жауапты
шешім қабылдай алатын, оның салдарларын болжай білетін, ынтымақтастыққа
икемді, жан-жақты белсенді, елінің тағдырына, салт-дәстүрлеріне, әдет-
ғұрпына үлкен жауапкершілікпен қарайтын дара тұлғаны тәрбиелеу.
Сондықтан біз бастауыш білім беру сатысы оқушыларын қазақ халқының жеті
ата шежіресі мен дастарқан дәстүрі негізінде тәрбиелеуде жоғарыда аталған
қоғам талаптарын ескере отырып, тәрбиелеудің үш компонентін бөліп алдық:
эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.

2.1 Салт-дәстүр және де әдептік арқылы құқық тәрбиесін беру
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Бaстaуыш білім беру сaтысындa қaзaқ хaлық дәстүрлерін тәрбие құрaлы ретінде пaйдaлaнудың педaгогикaлық шaрттaры туралы
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдары
Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың рөлі
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралдары ретінде пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Ұлттық тәрбие арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты дамыту
Пәндер