Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-5
ІІ. Негізгі бөлім
І Тарау. Отбасы – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізгі
ұясы ... ... ... ... ...6-11
1.1.Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы жанұяның алатын орны ... ... ... ..11-
13
1.2.Ата-ананың тұлғалық қасиеттері – бала тәрбиесінің негізгі құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-14

ІІ Тарау. Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және
ұйымдастырушы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1.Отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды баланың бойына сіңірудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-18
2.2.Ұлттық салт-санасын қалыптастыру мен тәрбиелеуді отбасында іске асыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 18-20

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21-22

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе.
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отбасы мәселесі, балалардың денсаулығын, оның
дамып-жетілуін барлық жағдайларды жасап жатыр. Сол сияқты Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиясында былай деп
жариялаған:
Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер
ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен
аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы
жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал
балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен
қоғамда құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады, - деп
айтып кеткен еді. Отбасындағы баланың тәрбиесі жайындағы Сара Алпысқызы:
Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін
дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни баланың қоғамдық мәні бар, адамдарға
жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.
Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету - деп атап айтып кеткен.
Белгілі педагогтарымыз, халық даналықтары да отбасы жайлы біраз ой
тұжырымдар айтқан.
Дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан,
ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби Балаға білім беру үшін, ең
алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа
әкеп соғады - деді.
Ата-ананы ұмытқан жас опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
Отбасынан басталатын тәлім-тәрбие онда өсіп жатқан ұл-қыз үшін нәрі
шымырлап төңірегене жайылатын бастау іспеттес.
(халық даналығы)
Бүкіл азаматтың келешегі – жас жеткіншектердің қандай идеал негізінде
тәрбиеленіп қалап өсуіне, кемелденуіне байланысты – деп айтты қоғам
қайраткері, ақын жазушы Ғабит Мүсірепов.
Педагог ғалымдарымыз отбасы тәрбиесі жайлы пікірлер айтып кетті.
Білімді ата-ананың дарынды баласын тағыларға қосып жіберсең, одан
тағы өсіп шығады.
(А.Бебель)
Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы. (С.Смайл)
Жеке тұлғаны дамытудың жолдары – ұжымшылдық, еңбек сүйгіштік. Жоғары
адамгершілдік, биік саналылықты, осыларды тұтас, жиынтық негізінде жүргізу
- деді белгілі педагог А.С.Макаренко.
Жас ұрпақты рухани өнерлі етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты
мәселесі. Жас сәбидің жан-жақты дамып, нағыз адам болып қалыптасуында
отбасымен бірге, тәрбиеші - педагогтардың алар орны ерекше болып табылады.
Социология ғылымы отбасын тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік
тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
салада орын алған өзгерістерді міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс
табады. Бірақ, өндірістік, кәсіптік, саяси ұжымдарға қарағанда отбасына
қайта құру тікелей әсер ете бермейді. Отбасының моральдік, психолгоиялық
жаңаруы барынша созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып
келеді, - деп дәлелдеген.
К.Қожахметова Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі атты оқу құралында
отбасы ережесінің төмендегідей болуын талап етеді.
• Үйде әдейі уақыт бөліп, баланың тілін дамытып, ой-өрісін
жетілдіру үшін жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар
айтқызып, ертегі, әңгіме беру.
• Ұл тәрбиесіне, қыз тәрбиесіне айрықша мән беру.
• Баланың көзінше біреуді кінәлап, айыптамау.
• Балалардың кішісі үлкенін тыңдап, айтқанын орындауға тәрбиелеу.
• Ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрыптарды отбасында
қалыптастыру, -деп жазып көрсеткен.
Академик А.К.Кон өзінің этикалық сөздігінде: әдет-ғұрып дегеніміз –
белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты
адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі. Ол әлеуметтік өмірдің
әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайында
адамдардың еңбек ету тәсілдері мен әдістерінің жалпыға ортақ болуын,
олардың саяси – қоғамдық іс-әрекетінің және күнделікті тұрмыстағы қарым-
қатынасында немесе көзқарасында бірыңғайлылық болуын талап етеді. Осының
бәрі әдет-ғұрыптың, салттың жиынтық көрінісі болып табылады, - деп
тұжырымдайды.
Ақын жазушыларымыздың әдет-ғұрып жайлы ой-пікірлері.
Қазақ салт дәстүрлерінің басым көпшілігі ислам мен иманның рухы.
(М.Жұмабаев).

Халқыңның қамын жесең, таза еңбек ет,
Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет.
Болашаққа апарар бір-ақ жол бар,
Білім, еңбек, тәрбие – ол парасат.
(Қ.Жалайри)
Профессор Н.Сәрсенбаев өзінің әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір
атты еңбегінде әдет-ғұрып, дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына
атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: Дәстүрге әдет-
ғұрыптың өткен қоғамнан озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-
жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді, - деді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеудегі отбасылық рөлін
ашып көрсету, отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптармен салт-дәстүрлерді
ұйымдастыру тәртібінің мәні мен маңызын айқындау.

Зерттеу міндеттері:
1.Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы отбасының алатын орнын айқындау,
отбасы тәрбиесінің мәнін ашу.
2.Ата-ананың тұлғалық қасиеттерін ашу, олардың бала тәрбиесіндегі
мәнін айқындау.
3.Отбасында ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыптарды бала бойына сіңірудің
әдіс-тәсілдері мен іске асыру жолдары.
Зерттеу объектісі: Отбасы тәрбиесі.
Зерттеу пәні: Оқушылардың әдет – ғұрыптар мен тәрбие процестерін
дамыту сабақтары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, оқулықтар, озат тәжірибе, баспа
сөз материалдары.
Зерттеу жұмысы кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен қосымшадан тұрады.

І бөлім. Отбасы – болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізгі ұясы.
Қазақ халқы Отан отбасынан басталады дейді. Олай болса үйелмен тәлім-
тәрбиенің негізгі көзі, түп қазынасы қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол
тәжірибесіне, тағылымы мен дәстүрлеріне және үйелмен тәрбиесінің
негіздеріне сүйене отырып, әке мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат
болып өсуіне қамқорлық жасаған. Ғасырлар бойы қазақ үйелмендері жас
өспірімдерді тәрбиелеуде көптеген әдістерді қолданып келген. Олар:
түсіндіру, үйрету, сенім, мадақтау және мақұлдау, ымдау, үлгі-өнеге
көрсету, насихат, жазалау т.б.с.с.
Бұлардың көпшілігі қазіргі кездегі педагогикамен психология
ғылымдарының саласында қолданылып жүрген әдістер және тәсілдер мазмұны мен
мақсатқа – сәйкестілігі жағынан бір-бірімен байланысты, бірін-бірі
толықтырып отырады.
Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік
ортасы. Халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сақтаушысы.
Сондықтан, отбасы тәрбиесі халықтың ой-арманымен, әртүрлі іс-әрекетімен,
мол тәжірибесімен және ұлттық дәстүрімен байланысты ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып жеткен тарихи мұра.
Отбасы - әлеуметтік институттарының белгілерін бойына сіңірген,
әлеуметтік жүйенің маңызды саласы . Отбасы қоғамдық құрылымының шағын,
ерекше үлгісі. Сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын
тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанмен,
отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы –
шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, қаны бір туыстығымен,
тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауапкершілік байланыспен
өмір сүреді. Адам баласы қасиетті борыштарын үлкендерге құрмет, кішілерге
мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік отансүйгіштік сезімдерін отбасында
үйренеді. Отбасы – сүйіспеншілік, инабаттылықтың бастау бұлағы. Балалардың
ақыл-ой, еңбек қабілетін іске асыруы отбасында қалыптасады. Бұл балаға да
отбасының естияр мүшелеріне де тікелей қатысты. Ата-ана балаларына жақсы
тәрбие беру жөнінде қоғам алдын жауапкер.
Отбасы – адам баласының алтын дінгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап осы жанұяның есігін айқара ашып енеді және
осында өсіп ер жетіп, жанұясының тәрбиесін алады. Сондықтан да жанұя –
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа
еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаған
деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең,
бесігіңді түзе - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап-ақ
тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да олардың
арасында бір-бірлерімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын
ықылас пейілменен баланың көкірегенде орын тебеді.
Адамгершілік қасиет жанұя мүшелерінің бірін-бірі қадірлемеуінен,
әсіресе баланың қартайған әке-шешелеріне ерекше құрмет көрсетуінен
көрінеді. Бұл халық педагогикасының ежелгі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасы.
Осыны ойға қазық тілге тиек еткен халқымыз:
Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің.
Әзір Мекке алдында,
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды!-
деп ата-анаңа көрсеткен сый-құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-
пар деген ойды қорытады.
Бүгінгі күн жастарын жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың
жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Себебі балаға саналылықтың сипаты
ол өмірге келген күннен бастап сол отбасында бойына сіңеді. Кейіннен
мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың
әсерімен қалыптасады.
Біздің халқымыз үшін бала тәрбиесі бір ғана отбасының, не
балабақшасының немесе мектептің жеке ісінің ол бүкіл саналы қауымның, бүкіл
қоғам шұғылданатын ұлағатты істің тұтас бір кешеніне айналып отыр.
Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық
тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені Ес түзелмей, ел түзелмейді,
олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-
тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасын, жеке рекшелігін,
психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты
тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі
міндеттерді шешеді:
-Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты
қалыптастыру;
-Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке
құлшынысын арттыру; өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;
-Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жасы
үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету;
-Әдебиеттке, өнерге, мәдениетке тәрбиелеу;
-Ұқыптылыққа, адамгершілдікке, ойшылдыққа тәрбиелеу;
Бұл мақсаттардың барлығы жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен
бастап, отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет
атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді
тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан
жетілдіріп оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол
қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын
әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген
жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі
әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің
орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым – қатынастар орын алады:
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-
қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген
қарым-қатынас;
- бәсекелестік барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-
қатынас;
- түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;
Әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық
қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс
береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда
ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-
қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің
басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы, баланың тұлғалық қасиетінің дамуына
жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай отбасында
демократиялық қарым – қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең
құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана бала мен рухани үндестікпен
үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың
тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай,
отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және
қоғамдық-пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік
орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тәнінің
дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән
бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін атқарған еңбегін
құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгілі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған
пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап,
дамытып отырған, ұрпағына ақыл кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп,
қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала
кезінен қалыптастырған. Мысалы, ойын ойнау, көркем өнермен шұғалдану,
еңбекке баланы қатыстыру арқылы ересек адаммен баланың қарым-қатынасын
нығайтуды көздеген.
Үлкенді құрмет пен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық
еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер, фальклорлық
кештер, ұлттық өнер, ойын сайыстары арқылы іске асырған.
Туыстарға, айналадағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда оларға қол
ұшын беру, туған жерді, ондағы табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір
салтына айналған. Ересек бала өзінен кішіге қарым-қатынас құрып, әлеуметтік
мәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, өз ісіне жауапкершілікпен
қараған. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы баланың
тұлғалық қасиетін жетілдіру іске асырылған. Мысалы, баланың дүниеге келуі,
кәмелетке толуы, үйлену тойы т.б.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп,
ол отбасы мүшесі, оның пікірімен көмегі үлкендерге қажет деген сеніммен
қалыптастыру керек. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: Егер
сен бір жылдық өміріңді ойласаң онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң
онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле.
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным,
түсінік, рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы
түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан
сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арқасында әлемдік
өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек, ешкімге есебімізді
жібермейтін дәрежеге жетсек, онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,
болашағына, арманына балаған. Сондықтан да халқымыз Балалы үй-базар,
баласыз үй-мазар, Босағасын алтыннан соқсаң да, перзент сүймей адамның
мейірі қанбас, Ақыл-тойға келген қыз емес пе, айлық қолға ұстаған мұз
емес пе? деп барлық асыл сөздерін арнаған.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана,
әке шеше балалары үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан
қамтамасыз етіліп отырған. Ата-анамен әке шешенің қарым-қатынасы жас
баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және
ізгілікті іске баулиды.

1. Тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы жанұяның алатын орны.
Жанұя – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып
келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен таныса моральдық нормаларын
игереді. Сондықтан жанұялық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Ана мен әке тәрбиесі- бұл өзара ынтымақтастық, тілектестік мақсатқа
сәйкестігі тәрбие, дене тәрбиесін іске асырудың жолдары мен тәсілдерін
іздестіру арқылы ұлдары мен қыздарын адалдыққа, кіші пейілдікке,
инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, қайрымдылыққа, еңбек сүйгіштікке,
ұстамдылыққа, төзімділікке, өмірдегі табиғаттағы сұлулықты сүюге, қазақ
халқының ерлік дәстүріне тәрбиелейді.
Баланың жанұядағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайларыдың бірі-
отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Жанұядағы
күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы
әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай
еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін
түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы
іске асады.
А.С.Макаренко Ата-анаға арналған кітабында ...Бала тәрбиесінде сіздің
іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.
Сіз тәрбиені сөз арқылы немес үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп
ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске
асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз,
олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандарыңызбен қалай қарым-
қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-
әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің
өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім
жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекілік
көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие
бересіз, - дейді.
Жанұядағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің
орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-
қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
-жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген
қарым-қатынас;
-бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-
қатынас;
-түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Демек, әр жанұяда түрлі қарым-қатынастың орнығуына баланың жеке
тұлғалық қасиетиін қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары
көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай
жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың салт – дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру
Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялар
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Әдет - ғұрыптар халықтық мәдениеттің феномені ретінде
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Ұлттық дәстүр - әлеуметтік институт ретінде
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жазушы шығармаларындағы ұлттық рух мәселесі
Пәндер