Отызжылдық соғыс және Вестфальдік бейбіт шарт



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Дүние жүзінде көптеген соғыстар болып жатты. Егер сіз тарихқа үңіліп
қарайтын болсаңыз, бүкіл дүние жүзі өздерінің шекараларын, халқын
байлығын көбейтуге ұмтылған. Ал солардың қай-қайсысынан сұрасаңыз да
сізге бұл соғыстардың ешкімге де пайдасының тимей жатқандығы жөнінен жиі
еститін боласыз. Әсіресе Европада, орта ғасырларда соғыстардың көптігі
көзді ашып жұмдырмайды.. Сондай соғыстардың бірі-ол үлкен державалар
арасындағы үлкен шекаралар үшін болған франция мен Германдық
протестанттық княздықтар арсында өтті.
Әрине соғыс әрқашанда барлық елдерге оның тұрғындарына зиянын
тигізеді. Сол секілді бұл екі ел арасында болған соғыс екі жаққа да өз
зардаптарын тигізді. Соның ішінде Германия қатты зиян шекті, ал Франция
болса, басында діни нанымдармен бастаған соғысты аяғына қарай
протестанттарға қарай бұрып, ондағы империяны құлату мақсатына айналып
кетті. Ең Қызығы Франция өзінің мақсаттарында тікелей өзінің қатысуынсыз,
басқа бір кіші мемлекеттерді пайдалануы еді. әрине соғыс соғыспен өтеді,
ал соғыстан кейінгі жағдайға үңілсек, шаршаған халық, тоналған, қаналған,
әбден әбігерге түсіп, қандай шарт қойсаң да орындауға дайын болады. Әрине
әрбір соғыстан соң қандай да бір бітімге келеді, сондай келісімдердің
бірі болып отыз жылдық соғыстан кейін жасалған Вестфаль бейбіт шарты. Бұл
тақырыпта негізгі мақсат пен ой ол келтірілген шарттың мақсатын анығырақ
түсініп, біліп тану. Ал маңыздылығы , соғыс қашан да маңызды мәселелерге
жатқан, ал оның шешу жолдарын дұрыс тауып, оны бекіту және маңызды
жайттарға кіреді. Енді отыз жылдық соғыстың шығу себептері мен оның
аяқталуындағы қабылданған шешімніңнемесе бітімнің салдары туралы қысқаша
шолу жасасақ.
Ришелье дипломатиясы. Людовик III нің кіші басылығы мен қанаудың
бірнеше жылдарын артқа тастаған соң, Франциядағы билікті өзінің мықты
қолына кардинал Ришелье алды. Ришелье Францияның алғашқы министрі және
билеушісі. Ришелье сол заманға тән орта және кіші дворяндардың пайдасын
сипаттайтын, елші қызметінде де болатын. Бұл кезде дворяндық монархия,
әлі өрбу барысында еді. Дипломатия және сыртқы істер жөнінде ол шын
мәніндегі Генрих IV ніңізбасары да болып келді. Яғни француздық
монархияның өсуін ің жолдарын үнемі іздеу барысында болатын, сондай-ақ
саяси тепе-теңдікті ұстап тұратын немесе қысқаша Габсбургтерді
әлсіздендіру болатын-бұл оның саясатының ең негізі болатын. Генрих IV нің
Рейн жөнінде Францияның шекарасы түрінде ойлау ойламауы беймәлім еді.
Алайда оның кейбір жолдастары Генрих IV те мұндай ойлардың болғандығы
жөнінде мәлімдейді. Алайда Ришелье де Рейн жөнінде 1633 жылдан бастап
барлығы шешіліп қойған еді. Ришельенің пайымдауы бойынша елге тек қару
мен саясат жағынан емес, сонымен қатар, үгіттеу арқылы да өз үстемдігін
жүргізуді көздеді. Ришельенің Францияны билеу кезінде ең алғаш газеттің
шығуы байқалды, әрине кардинал оны өзінің меншігінде жұмыс істеуін
қалады. Кардинал өзінің сілтемелерін заң тұрғысында да дәлелдемекші
болады. Осының салдарынан жуық арада Францияға Лотарингтік герцолік пен
Барды қандай жолдармен қосып алуға болады? деген атпен алғашқы
памфлеттер пайда бола бастады. Оның ішінде : Императордың Рейннің сол
жағасындағы шекараға тиюге ешқандай құқығы жоқ, себебі ол жер 500 жыл
көлеміндей Францияның шекарасы ретінде қызмет атқарған. Императордың
құқығы узурпацияға көну [1]. Бұл памфлеттердің алғашқы қыл қаламдарының
бірі болып Шантеро-Лефер жұмыс атқарған еді. Ол қорқа және өзінің ұятына
қарай жазатын еді. Шантеро Рейннің сол жағалауларын байырдан Францияның
жері екендігін дәлелдеп отыратын.
Сондай-ақ оның мақалаларында келесі үндеулер жиі естілетін: Менің
таққа отыруымның тағы бір себебі, ол Галлияға табиғатпен бұйырған
шекараларын қайтарып беру, галлалықтарға хандарын қайтару және бұрынғы
галлалық жерлерді жаңа Галлияға айырбастау. Мұндай ашық шешімдер мен
ойлар әрине қыл қалам шебері Шантеро-Лефеврдің дәлелдеулерінен кейін
жарыққа шығатын еді.
Отызжылдық соғыс және Вестфальдік бейбіт шарт. Ришельенің Францияның
министрі кезінде (1624-1642) Габсбургтердің жаңа толқындарының күшейю
қаупі қайта төнген болатын. XVI ғасырда түріктердің Габсбургтерге деген
қысымы азаюының салдарынан, Габсбургтер өздерінің көңілдерін қайта
Германияға бұрады, реформация кезінде әлсіреп қалған императорлық
құқықтары мен күшін қайта жыңғырту мақсатында діни жолдар мен император
өзіне көптеген германдық княздықтарды қаратпақ болады. Фердинанд II нің
көздегені ол Германияның біртұтас мемлекет болып бірігуі еді. Оның шексіз
және тәуелсіз биліктерімен қоса отызжылдық соғыс осы империяның
Германияны қосып алудағы соңғы мүмкіндігі еді. Егер бұл жоба іске асса,
онда Францияның дәл түбінен үлкен держава пайда болар еді. Ришелье бар
мүмкіндігін және күшін бұл жобаның іске аспауы үшін салды. Ол сол
дәстүрлі Франция саясатын ұстанды, католик императорға қарсы тұратын
протестантық княздарды қолдап отыратын. Бұл әрине өзінің шекарасындағы
немесе ендігі еліндегі протестанттарды қоса жойып отыруға еш кедергі
жасаған жоқ. Ришелье даттық корольмен келіссөз жүргізе бастады. Себебі
король Габсбургтердің солтүстік Германияда сондай-ақ, Солтүстік және
Балтық теңіздерінің бойында бас көтеруінен қорқып Англия мен Голландиядан
субсидияны алып империяға қарсы соғыс ашады. Корольдің құлауынан кейін
Ришелье өзінің бар саяси өнерін пайдаланып, Габсбургтерге қарсы,
Швецияның көмегімен тұру үшін оның батыр қолбасшысының арқасында- Густав
Адольфтің көмегімен.
Ришельенің барлық бастауларындағы оң қолы ретінде, керемет саясаткер
монах-капуци әке Жозеф болған еді (1577-1638). Оның нағыз шын бет
келбетін тарихшы Фанье, қолына архивтелген көне документтердің түсуін
пайдаланып, ашады. Оны жиі және өзінен жасырын сасық монах немесе сұр
ұлықтық деп атйтын. Алайда ол саясаттың көлеңкелі түстерінде де жұмыс
істеген еді. Франция мен корольдің пайдассына оның ой қиялындағы жаңа
крестік саяхат пен кординал бастығының саясаты мен араласатын еді. Алайда
бұл ойлар тек қиялда ғана болды. Әке Жозефтің пайымдуынша германдық
император бір жола құлағаннан соң француздық княздар өз мүдделерін
жүргізіп, осы жағдайда жаңа крест жорығы қиялдан жүзеге асатын еді. Осы
мақсатта ол Левантаға, Морокко мен Абиссинияға көптеген өзінің
миссионерлерін жібереді, себебі олар бір жағынан саяси тыңшылар болатын.
Жозеф әке германдық курфюстарды өз жақтарына өткізу үшін өте көп тер
төкті. Ал соның жемісі ретінде баварлық достыққа қол жеткізу болды. 1633
жылдан бастап Франциядағы неміс саясатымен айналысады, сондай-ақ
Францияның отызжылдық соғысқа қатысуының белсенді жақтаушыларының бірі
болады.
30-шы жылдары Германияға ең жақсы таңдамалы деген француз
саясаткерлер жіберіледі-оның ішінде Фанкан, Шарнасе және тағы басқалары
болды. Олардың негізгі міндеттері-протестандық княздардың сеніміне кіру
еді. 1633 жылы Франция мен Швеция арасында бір келісімге келеді. Яғни
Ришельемен Густаво Адольф бір бітімге келеді. Швеция мен Франция
Германияның бостандығын қайта қалыптастыруға бел буады, яғни княздарды
германдық императорға қарсы қойып, ондағы 1618 жылға дейінгі заңдарды
күнделікті өмірден шығарып тастау. Мұндағы екеуінің келіскендері Франция
жыл сайын Швецияға 1 миллион лир төлеп тұрады, ал Швеция өз кезегінде
Германияға 30 мың жаяу әскер және 6 мың кавалерлі әскерін императорға
қарсы жібереді. Швеция бұл жерже тікелейФранцияның жалдамасы ретінде
пайдаланып тұр, алайда оның себептері болмаса ол өзін бұлай тез сатуға
көнбес еді .
Вестфальдік бейбіт шарттың тарихы әдетте европадағы конгресстердің
тарихынан басталады. Бұл шарт 1644 жылы басталған, өте көптеген
келіссөздер жүргізу барысында Вестфальдегі Мюнстер мен Оснабрюке
қалаларында
өз күшіне енді. Оснабрюкеде императордың өкілдері және Швецияның
протестандық княздері болса, Мюнстерде католикалық державалар өкілдері
мен Франция императорының пасолдары отырған болатын [2]. Императордың
сенімді өкілдігі Траутмансдорфаның бар күш жігері шведтердің аппетиттерін
басып, содан соң оларды Франциядан бөліп алып, келісім сөздердің жайлы
өтуі үшін қолайлы жағдайларды тудыру болатын. Алайда Швеция франциялық
коалицияға өте қатты мықты байлаулы еді, сонымен қатар оны Ришелье емес (
ол 1642 жылы қайтыс болған) Франция саяматының жаңа жетекшісі кординал
Мазарини басқарды. Траутмансдорфтың қолынан келгені тек Габсбургтердің
австриялық иеліктерін келешек бөлшектеуден аман алып қалу еді. Осының
нәтижесінде ол болашақ Австрияның мемлекеттік бірлігін сақтап қалады.
Бейбіт келісім шарттың қорытынды шешімі 24-қазанда 1648 жылы Мюнстерде
қол қойылса, кейіннен оларға Оснабрюкадан да келіп қосылады.
Вестфальдік бейбіт шарттың негізгі маңыздылығы оның Германияның
ішінде бірқатар тәртіптердің орнатуында болды, сондай-ақ оның саяси
тарауынан сақтап бекітіп және бір жолға империяны жоя түсті.
Екінші жағынан Европадағы елдердің шекарасын бекітіп отырып,
вестфальдік бейбіт келісім шарт кейінгі шарттар үшін қорытынды түрінде
болып келді. Сонау француздық реолюцияға XVIII ғасырға дейін.
Неміс княздарында сыртқы саясатты өз беттерімен жүргізу
мүмкіндіктері пайда болды. Сонымен қатар сыртқы державалармен келісім
шарт жүргізуге соғыс жариялап және бейбітшілікті орнатуға құқылы болды.
Айта кететін жайт, бұл істердің барлығы империяға қарсы бағытталмау шарт
еді. Ал шын жүзінде бұл шарттың ешқандай күші болған жоқ. Швейцария шығыс-
европалық өзендердің соның ішінде Балтық теңізі мен Солтүстік теңізге
құятындары олар арқылы шығыс Европадан және Голландиядан Англияға нан
өнімдері тасымалданатын, осы өзендердің басқаруын өз қолына түсуін
қамтамасыз етті. Ал Франция өз кезегінде Эльзасты алды (Страсбургтен
басқа) және оның алдында өз шекарасына қосып бекітіліп қойылған үш
епископстваны Мец, Туль, Верденді қоса алды. Француздықтардың қалыпты
жағдайдағы шекара атты талаптары өмірге келе бастады. Бұл жайттардың
барлығының бейбіт жағдайда өтуіне байланысты Голландияның өзін-өзі
басқара алатындығын көрсетті, ал Швейцарияның империядан тәуелсіз
екендігін көрсетті. Шарттардың кепілі ретінде Франция мен Швеция
бекітілді.
Вестфальдік бейбіт келісім шарт Ришельенің саясатының жеткен жеңісі
еді, бірақ Ришелье бұл күнге дейін жете алмады. Ришельенің саясатының
мұрагері кординал Мазарини тағайындалады. Ол Оснобюрке мен Мюнстердегі
бейбіт шараларды қабылдау барысында билік басында тұрған еді. Кейін
(1659ж) ол перенейлік келісім шартты бітіреді. Дәл осы елмен Мазарини
Англиямен одақтаса отырып соғысқан болатын, ал перенейліктің басында
Кромвель тұрған. Әрине бұл келісім шарт Францияға Люксембург, Руссильон,
Артуа, Геннегауды алып береді. Вестфальдік бейбіт келісім шарт Францияны
гегемонияға дайындады, ал оның басты қарсыласы империя іс жүзінде өзінің
өмір сүруін тоқтатты. Осының салдарынан Германияда искондық неміс
бостандығы, Италияда саяси бостандық-тар тойлап жатты. Алайда бұлардың
барлығы бостандық, деп үлкен сөздер айта отырып, осы екі елдің әлсіздігі
мен бөлшектенуі айқын көрініп отырды, сонымен қатар Франция осы европалық
екі елмен өзінің қалағанын істей алатын дәрежеге көтерілді. Осыдан соң
Мазаринидің өз көршілерінедаулы шекара жөніндегі сұрақтарды көтеріп және
байырғы Пипина және Карл Великий галлоларының кездеріне сүйене отырып,
шешіп отыруы түсінікті болды. Бұл даулар Францияның қалыпты жағдайдағы
шекараларға деген дәл және ойлап табылған дәйектерінің арқасында
Мазаринидің пайдасына шешіліп отырды.

1 Отызжылдық соғыстың басталуы және оның себептері
1. Отызжылдық соғыстың бірінші чеш және екінші даттық кезеңдері
Отызжылдық соғыс 1618-1648 ж алғашқы бүкіл европалық елдер арсындағы
соғыс, соның ішінде державалар топтамаларының бүкіл христиандық өмірмен
габсбургтік блоктың арқасында билеуге ұмтылғандардың және бұл блокқа
қарсы тұратын мемлекеттер: Франция, Швеция, Голландия, Дания және аз
мөлшердегі Англияның қатысуымен бұл елдер біріге отырып, антигабсбургтік
коалиция құрады. Сондай-ақ бұл коалиция Германиядағы протестанттық
княздарға сүйеніп, Чехиядағы, Трансильваниядағы, Италиядағы
антигабсбургтік қозғалысқа қарсы тұрушыларға қарсы ұйымдастырылған еді.
Алғащқысында дінаралық соғысқа ие болса, бара-бара бұл қасиетін
жоғалтты. Әсіресе католикалық Франция антигабсбургтік коалицияны басқара
бастағанда, отызжылдық соғыс феодалдық Европаның негізіндегі халықаралық
тұрғыдан қарағандағы капитализмнің терең генезистік процестерінің
көрінісі еді [3]. Бұл сондай-ақ орта ғасырдан болашақ ғасырға өтетін
кезеңдегі революциялық қозғалыстар мен саяси-әлеуметтік жағдайлармен
тығыз байланыста болды. Осы жердегі феодалдық қанаулардан аман
қалғандарды қорғаушының ролінде Габсбургтер әулеті өз мойындарына алды.
16 ғасырдың аяғына қарай испандық және австриялық габсбургтер үйлерінің
тығыз қарым-қатынастары көріне бастады. Бұл олардың бірігуіне және Карл V
империясының тууына әкеліп соғуы мүмкін еді. Бұл негіздердің іске
асуындағы бірінші кедергілердің бірі болып германдық протестандық княздар
шыға келді, олардың тәуелсіздігі Қасиетті Римдік империядағы
Аусбургстік бейбіт шартпен 1555 жылы бекітіліп қойған болатын. Император
Адольф II протестанттарға қарсы жорығын бастайды, ал оған жауап ретінде
германдық протестандық княздар өздерінің реформация кезінде жаулап
алынған жерлерін сақтауға тырысқан 1608 жылы протестандық Унейге бірікті.
Бұл унейді габсбургтік жоспарлар қауіп төндірген мемлекеттер, соның
ішінде федалды-абсолюттік бірлестік те қолдады.(Франция, Англия) Кейіннен
1609 жылы католикалық лиганың пайда болуынан бастап, яғни германдық
католикалық княздардың бірігуінен және Испания мен папстваның қолдауын
тапқан бұл лига, 1617-1618 жылдарда әлде де болса өзінің тәуелсіздігін,
габсбургтік монархия тұсында сақтап келе жатқан Чехияға шабуыл жасайды.
Осыдан жауап ретінде 1618-1620 жылдардағы көтерілген чештік бас көтеру
бүкіл Европа елдерінің арасындағы кикілжіңге айналды. Осы чештік ұйымның
королі ретінде Фридрих V сайланды, ал бұған қарсы ретінде император
Фердинанд II католикалық бірлестікпен бірігіп, оның әскерлеріне сүйене
отырып, чеш жауынгерлерінің бұрқан-талқанын шығарды. (Соңғы шешуші шайқас
1620 жылы 8 қарашада Ақтаудың басында болады)
Отызжылдық соғыстың зардаптарынан тұрғындардың көп бөлігі
шоғырланған ауыл шаруашылығына едәуір қиыншылықтар әкелді. Герман
мемлекеттеріне агралы қатынастардың әртүрлілігі тән болды. 1718 жылы
шығыстан Эльбаға дейінгі аумақта шет елдерге, әсіресе Англия Голландия
сонымен бірге Швецияға шығарылатын тауар өндірісін, астық, ұсақ мал
өнімдері бейімделгені ірі дворянды шаруашылықтар дамыды. Шаруалар жер
иелеріне тікелей тәуелді бола жүріп, оларды екінші жағынан қанайтын
барщеникалқы алым төлейді. Ал империяның оңтүстік-батысында, мысалы
Баденде немесе вюртембергте шаруалар өздеріне қарасты жерлерге феодалдық
рент төледі, мұнда ірі шаруашылықтар болмады,шаруалар өздерінің
қауымдарымен телім ұстаушылар ғана береді.
Соғыс салдары туғызған империя территориясындағы қанаудың өршуі,
салықтың өсуімен кітаптарлықтың ауыртпалықтары біржарым ғасырлық мерзімге
созылған наразылықтармен жаппай бас көтерулердің орын алуға әкеліп
соқтырды [4].
Отызжылдық соғыстың бірінші чеш кезеңі 1618-1624 жылдарды қамтиды.
Чехия халқы Дефенестрация акті болғанда чештік сейм үкімет сайлады, ол
30 адамнан тұрды. Чехия Венгриялық Австриялық және Протестандық унийдің
басшысы Фридрих Пфальцкиймен байланыс орнатты. Бұл отызжылдық соғыстың
себебіне алып келді. Бұл одаққа Моравия қосылды. Моравияда Габсбургтердің
әскери басшысы Валенштейнді қуып жібереді.
Чех феодалдарының арасындағы жан-жалдарынан, чех халқы қатты
шаршады. Содан чех халқы феодалдарға соғыста жәрдем бермеді. Чехияға
король болайын деп жатқан Фердинандты чех сеймі оны қуып, орнына Фридрих
Пфальцкийді қояды, бірақ оның Чехияда үстемдігі жүрмейді.
Чехияға қарсы германдық католиктер және император Фердинанд II
қосылып, Вальнштейнді әскер басына қояды. Оларға Польшаның королі
Сигизмунд III жәрдем беруге уәде береді. Содан санының көпшілігімен
Чехиямен шайқаста Ақ Таудың басында 1620жылы жеңіс табады. Бұл шайқастан
кейін Чехяның бәрін Габсбургтер басып алады. Олар чехтерді қанап, олардың
жерлерін алып, жерден қуып, өздеріне алып отырды. Католик емес діндерге
тийым салынды [5].
Даттық кезең. Отызжылдық соғыстың екінші кезеңі (1625-1629) – даттық
кезең, себебі Габсбургтерге қарсы соғысқа Дания кіріседі. Негізінде 1624
жылы өткен Франция мен Англияның бірігуінен пайда болған жоспарды Дания
орындау түрде болады, ал бірігудің мақсаты Данияға үлкен көлемде ақшалы
субсидиялар бөлінетін болды. Сондай-ақ Данияның өзі де бұл соғысқа шығуға
қарсы емес еді, оның негізгі ойы оңтүстік Балтық теңізінің жағалауларын
басып алу еді. Голландияның басты күші 1621 жылы шыға келген Испаниямен
шайқасуға жұмсалды. Франциялық империя Ришельенің басқаруымен 1624 жылдан
бастап, бұл соғысқа тек Данияны ғана емес сондай-ақ Швецияны да қосады,
Густава Адольфтің басқаруымен. Мұндағы мақсат империяны екі фронтқа
шайқастыру болатын. Алайда бұл ойлар іске аса қойған жоқ, себебі
солтүстік-шығыс Европа елдерінде Швеция мен Польді-Литалық соғыс шарпыды.
Бұған қарамастан А.Валенштейннің басқаруы мен және католикалық лиганың
басшысы И.Тиллидің басқаруы мен антигабсбургтік коалицияға біршама қатты
тойтарыс берілді. Содан 1627-1628 жылдары Германиядан даттық әскерлері
шығарылады. Соғыстың жалғасы ретінде Валенштейннің әскерлері солтүстік
Германияны мекендеп, даниялық аралға шабуыл жасау мақсатында онда теңіз
флотын салуға кіріседі. Әрине мұндай шаралардан соң Дания 1629 жылдың
мамыр айында соғыстан шығу және соғысқа дейінгі жағдайды қалыптастырып
беруге уәде етіп, шартқа қол қоюға мәжбүр болады.
1628-1631 жылдарда Габсбургтер мен Франция және солтүстік Италия
арасында соғыс оты қайта өрбіді. Бұл соғыс Мантуандық мұрагерлік деп
аталды [6]. Бірақ Франция әлде де Германиямен үлкен соғысқа шығуға дайын
емес еді. Оның ойынша Германия жан-жақтан сығылып дайын тұр деп ойлады.
1630 жылдың шілде айында король Густав солтүстік Германияға баса
көктеп кірді. Осымен шведтік немесе орыс-шведтік кезеңі, отызжылдық соғыс
кезінде басталады [7]. 1631 жылы Францияның ақшалы субсидияларының
көмегімен және Ресейдің қамқоры мен швед королі Германияның ішіне кіреді.
Германияның шаруалары Густав Адольфті өздерінің қанаудан босатып
алушы, құтқарушы ретінде көрді және олар оның келіп өздерін босатып
алатындарына кәміл сенді. Алайда швед королі керісінше Балтық бойындағы
мемлекеттер билігін өз қолына алу мақсатында княздармен келісім шартқа
отырады. Тиллидің әскерлерін Брейтенфельде жеңіп және бүкіл Германиядан
өтіп, Густав Адольфті Бавариндегі Мюнхен астанасына келіп, габсбургтердің
австриялық жерлеріне қауіп төндіре отырып тұрақтайды. Саксония әскерлері
Чехияға баса көктеп кіріп Праганы жаулап алады [8]. Осындай жағдайларда
княздардың талабы бойынша 1630 жылы қалып қойған Валенштайнды қайта
империяның әскерлері мен билеуді сұрайды. Алайда шведтердің жалпы жағдайы
қызығарлықтай емес еді, себебі олар Германияның саяси-әлеуметтік
қамқорынан айрылған болатын. Осыдан кейін Ресей жорыққа шыға бастайды. Ол
Польшаға қарсы шығып 1632 жылы Густав Адольфтен алдында алынған уәдесінің
орындалсауынан Смоленск түбінде жеңіліс табады. Солай 1634 жылы
Поляновскйй бейбіт шартына қол қояды.

2. Үшінші швед және төртінші франко-швед кезеңі
Отызжылдық соғыстың үшінші швед кезеңі 1630-1635 жылдарды қамтиды.
Любекс бейбітінен кейін Австриялық және Испандық Габсбургтер саяси
қаржылық үстемдігін орнатты. Европаға каталицизмді орнату мақсатында
Испан Австриялық Габсбургтер Скандинавияны басып алғылары келді, сөйтіп
Балтық теңізіндегі сауда-саттық үстемдігін орнатқысы келді. Бұл Франция
Англия және Голландияға қорқыныш тудырды. Оған Польша жәрдемін беретін
болды. Габсбургтерге қарсы болып Швецияның королі Густав II Адольф 1630
жылы соғыс ашады. Ол протестандық княздермен одақ құрады. Бұл соғысқа
Ресей мен Франция Швецияға жәрдем береді. Густав Адольф жақсы қаруланған
әскери армияны ұйымдастырды. Бұл армия Габсбургтерге қарсы жақсы соғыс
көрсетті. Бірақ герман протестанттарының кальвинист пен лютерандардың
арасында бір шешімге келе алмаушылық болды. Габсбург әскерлері
крестьяндарды қанап тонап отырғандары, швед әскеріне көмек ретінде тиді,
себебі халық шведтерге көмек көрсетті. Оған Ришелье наразылығын көрсетті.
Сол кезде Лютеранның княздарі (М.Баварский, Арним) Бранденбург пен
Саксон курфюсттері 2 саясат жүргізіп отырды. Олар жәрдем берудің орнына
препятствия көрсетті. Лейпцигтің астында Саксон әскерлерімен Шведтер
қосылды, ал Бранденбург курфюрст әскері Габсбургтермен қосылды. Бірақ
соғыс басталмай жатып, Саксон әскері шашырап кетті, ал курфюрсттің өзі
қашты. Содан шайқастың жеңісін тек шведтер көрді. Сол кезде Ришелье
Баварскиймен құпия келіссөз жүргізді. 1632 жылы жаңадан құрылған Габсбург
әскерін Валенштейн басқарды. Арним да омен құпия келіссөз Густав Адольфке
қарсы жүргізді. 1632 жылы Люцин астындағы шайқаста Густав Адольф қаза
табады, алайда оның әскері жеңіс табады, ал Валенштейннің өзі Чехияға
қашады. 1633 жылы граф Оксеншерн Густав Адольфтің орнына тұып, Ришельемен
валенштейнмен келіссөз жүргізеді. Габсбург императоры бұны біліп,
Валенштейнді өлтіруге адам жібереді [9].
1634 жылы Габсбуртерге көмекке Испан әскерлері қосылады. Саксон
әскерлері өз одақтастарын шведтерді тастап кетеді. Нердлингеннің астында
6-7 қыркүйекте болған шайқаста шведтер ұтылады.
Осындай жағдайларда, Германияның шекарасы Габсбургтерге қарсы
ашылған соғыс ашық түрде Францияның католистикалығына кіруге мәжбүр
етеді. Осыдан, француз-шведтік отызжылдық соғыстың соңғы кезеңі басталды.
(1635-1648) Швеция Речь-Поспалитамен келісімге келіп, 1635 жылғы
Штумсдорсвалық шарттан соң, қайта Франция мен бірлесе отырып Германияға
бар күшін сала алды. Сондай-ақ сол кезде Франция Испанияға қарсы соғысуға
мәжбүр еді. Бұл соғыс нәтижелері біртіндеп аяқтала бастады, ал оның
жеңімпаздары Швеция мен францияға ауа бастады. Соғыс барысында екі жақтан
да көптеген тонаушылдық пен қанаушылдықтар кездесе бастады. Ақырында
Германияның жеңілісі айқын бола бастағанда Швеция мен Францияныңжңісті
бөлуде біраз сұрақтар туа бастады. Алайда Габсбургтік лагерлердің
жеңілісі басталмастан бұрын, Франция Швециядағы буржуазиялық бас
көтерулерден сескеніп, соғысты тездетіп тоқтатуға тырысты. Вестфальдік
бейбіт шарт 1648 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Ағылшын абсолютизмінің орнауы
Ағылшын абсолютизмі
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы
Швецияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі, шекарасы
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Пәндер