Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . …. . 3

І Тарау. Графикалық редакторларды оқытудың негіздері

1. 1. Компьютерлік графиканың түрлері . . . ………6

1. 2. Графикалық редакторлар . . . . . . ………. …7

1. 3. Adove Photoshop графикалық редакторымен жалпы танысу. . ……15

ІІ Тарау. Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар . . . 23

Photoshop графикалық редакторы және жалпы компьютерлік графика бойынша тест сұрақтары . . . 49

Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға оқытуға арналған электрондық оқу құралына сипаттама…… ……… . . . …55

Қорытынды . . . 62

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . …63

КІРІСПЕ

Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру - бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар қажет екеніне талдау жасап, қажетті мамандарды дайындаудың тұжырымдамасын, оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешендері мен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау қажет.

Бұл мәселе бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор мамандардың қажеттілігімен және т. б. себептермен түсінідіріледі.

Ұсынылып отырған “ Жоғарғы сынып оқушыларына Photoshop программасын оқыту әдістемесі ” атты дипломдық жұмыс аталған мәселені шешуге бағытталған бір қадам болып табылады.

Зерттеудің объектісі : Техникалық бағыттағы сыныптарында компьютерлік дизайн курсын оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Техникалық бағыттағы сыныптарда объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің графикалық мүмкіндіктерін оқытуға әдістемелік нұсқау.

Зерттеу мақсаты: Adove Photoshop программасын жұмыс істей білу іскерлігі мен дағдысына қойылатын тлаптарды анықтап, оны үйретудің тиімді жолдарын көрсету.

Түлектік жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Сонымен түлектік жұмыстың мақсаты:

  • оқушыларды кәсіби бағытқа даярлауда графикалық редактордың мәнін;
  • оқушыларға графиктік ақпараттарды өңдеуде растрлық, векторлық, фрактальды графиктердің мәні мен атқаратын қызметін;
  • оқушыларға Adobe PhotoShop программасымен жұмыс жасау технологиясын үйрету;
  • оқушыларға фотографияны, бейнелерді монтаждауда Adobe PhotoShop программасының атқаратын қызметін түрлі мысалдар беру арқылы меңгерту.

Adobe PhotoShop программасын оқытудың мазмұны

Графиктік деректер туралы жалпы мағлұмат. Растрлік, векторлық графиктермен жұмыс жасау негіздері. Растрлік графиканы өңдеу бойынша Adobe PhotoShop программасымен танысу. Бейненің динамикалық аралықтарын өзгерту. Бейнелерді кадрлеу. Фильтрді қолдану. Бейнелерді өңдеу. Adobe PhotoShop программасында бейнелердің композициясын құру. Adobe PhotoShop редакторында қарапайым объектілерді құру. Қисық сызықты контурларды құру. Тұйықталған контурларды құру мен оларды редакторлеу. Векторлық графиканы құру мен оны өңдеу құралдары. Векторлық графика туралы жалпы түсінік. Векторлық редакторлармен жұмыс жасау негіздері.

Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

Компьютерлік графика түрлері. Растрлық, векторлық, фрактальды графика мен үшөлшемді графиканы өңдеудің программалық құралдарының өзара ерекшелігін. Графикалық форматтардың мәнін. Түстер туралы жалпы түсінік пен оларды сипаттау тәсілдерін. Түстік модельдердің типтерімен жұмыс жасау мен түстерді басқару жүйесімен жұмыс жасау әрекеттерін.

Оқушылар нені үйрену керек:

Adobe PhotoShop программасын іске қосу мен оны істен шығару әрекеттерін. Adobe PhotoShop программасында түрлі бейнелердің композициясын құруды. Қарапайым объектілер мен қисық сызықты контурларды құруды. Тұйықталған контурларды өңдеу мен оларды редакторлауды. Векторлық графиканың программалық құралдарымен жұмыс жасауды.


1 ТАРАУ.

ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Компьютерлік графиканың түрлері

Қазіргі кездегі компьютерлік графиканың мынадай бағыттарын атап көрсетуге болады: іскерлік графика; инженерлік графика; ғылыми графика; көркем-жарнамалық графика және Web-графика.

Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл бағыты әр түрлі мекемелердің жұмыстарында қолданылады, көбінесе жоспарды көрсетеді, статикалық мәліметтерді диаграмма немесе график түрінде беруде қолданылады. Графиканың бұл бағыты адамдарға таныс, өйткені ол теледидарларда жиі қолданылады. Көбінесе өмірден мынадай мысалдар келтіруге болады: сайлау нәтижелері, ақшаның бағамы, тауар бағасының өсуі және т. б. График түрінде берілген ақпаратты санмен берілген ақпаратқа қарағанда адам тез қабылдайды.

Инженерлік графика - құжаттық графиканы электрондық түрде құру және түзету. Инженерлік графика жобалау жұмыстармен айналысатын барлық аумақтарда қолданылады. Қарапайым киім тігу үлгісінен бастап ракета үлгісін жасауға дейін жаңа заманның инженерлік графикасы- сызушының жұмыс орны емес, ол қиын программалық кешен болып табылады. Оындай жүйелерді қолдану арқылы жобалауға кеткен уақыт мерзімі елеулі түрде қысқарып, жаңа өнім тез шығарылады және олардың сапасымен сенімділігі артады.

Ғылыми графика - ол ғылыми зерттеулер нәтижелерін және инженерлік қызметте есептеу нәтижелерін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Графикалық үлгіде көрсетілген ғылыми есептеу немесе эксперименттер нәтижелері сандық түрде берілген мәліметтерге қарағанда көрнекі болады және кез клген адамның қабыладуына жеңіл болады.

Мысалы, бір зерттеу нәтижесінен алынған процес үлгісі немесе обьект мына түрде көрсетілген:

Z=cos(U(x2+Vy2) )

U және V- параметрлері өзгерсе процес қалай өзгереді? Мұны көз алдымызға елестету қиынырақ. Ал егер осы формула негізінде 3-өлшемді графика тұрғызсақ, онда маман процес ерекшелігін берілген шектеулерде тез анықтайды.

Көркемдік және жарнамалық графика . Компьютерлік графиканың бұл бағыты баспа басылымдарын безендіруде, хабарламалық роликтерде, фотосуреттерді өңдеуде, мультфильмдер жасауда қолданылады.

Компьютерлік графика түрінің бірі - бір мезгілде өзінде дыбыс, әуен, мәтін, бейне және анимация үйлескен, мультимедиа деп аталады.

Web-графика. Web-беті WWW-да орналастырылған және гипермәтін форматында дайындалған құжат (файл) болып табылады. Олай болса, осы Web-бетінің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді де тиімді пайдалану, графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу тағы да басқа да мәселелерді шешеді.

1. 2. Графикалық редакторлар

Компьютерде суретті салу және өңдеу үшін қолданылатын арнайы бағыттағы программалар графикалық редакторлар деп аталады.

Графикалық жұмыс істеуге қарапайым суреттерді көруден, кәсіби графикалық редакторға дейінгі программалар көптеп дамыған. Кейбір тапсырмаларды арнайы программалар қолданбай-ақ орындауға болады.

Windows - 2000, Windows XP, және Windows - операциялық жүйесінде арнайы суреттермен фотосуреттерді сақтайтын “ Мои рисунки ”(My Pictures) деген қапшық болады. Бұл қапшықта бізді қызықтырған бейнелерді көріп, басылымға шығаруға болады. Және сканер мен цифрлік фотокамерадан жаңасын алып, кейбір қарапайм суреттерді түрлендіріп, орындауға болады. Бұл кезде барлық іс-әрекет бағыттаушыда орындалады. Windows - қосымша программаларды қолдануды талап етпейді.

Енді қазіргі кезде компьютерлік графикада кеңінен қолданылып жүрген графикалық реадкторларға тоқталып кетелік.

Corel Draw - векторлық графикалық редакторы аналогтық программалар арасындағы көшбасшы болып келеді. Оның жетістігі - үлкен таңдау тәсілімен, ыңғайлы интерфейспен және жоғары сапалы кескіндерді алумен, графикалық бейнелерді редакциялаумен және құрумен түсіндіріледі. Corel Draw - түс тереңдігін ауыстыру және бейнелерді бір түстік модельден келесі түске аударуға мүмкіндік беретін программа.

Кескіндер обьект болып табылады. Corel Draw редакторында обьект түсінігі негізгі түсінік болады. Обьект - элемент кескіні: түзу, айналым, тікбұрышты үшбұрыш, қисық, тұйықталған қисық, көпбұрышты үшбұрыш және т. б.

Күрделі кескінді құру үшін көптеген түрлі обьектілер қолданылады. Corel Draw-дағы барлық жұмыстар осы обьектілер арқылы жасалады. Corel Draw-дың басты обьектісі қисық болып табылады. Бұл қисықтар Безье қисығы деп аталады. Математик Пьер Безье - ерікті қисыққа, қисықтың басындағы және соңындағы екі вектордың көмегімен беруге болатының айтады. Corel Draw-да растрлық кесінділерді графикалық құжатқа қоюға болады. Сонымен қатар, әрбір жеке обьект болып саналады және оның басқа обьектімен байланыстырмай - ақ редакциялауға болады.

Corel Draw - жұмысының негізгі принциптері :

Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше обьектіден тұрады.

  • Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру.
  • Кез - келген обьектіні редакциялау контурдың түсін, бояуын және обьектінің форматын өзгерту.
  • Дайын болған суретті және алдын - ала құрылған иллюстрацияны құжатқа кірістіру.
  • Әртүрлі көркемсурет құбылыстарын қолдану.

Corel Draw программасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлар терезесінен ерекшелігі жоқ. Программа редаторында мәтіндік обьектінің екі түрлі көрсетілімі: фигуралармен (Artistic) және қарапайым (Paragraph) мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Adobe Photoshop - кәсіби растрлық графикалық редакторы және ең күрделі әр - түрлі есептерді орындауға арналған программа. Бұл программа дизайнер, суретші, безендіруші және осы аумақта жұмыс істейтін басқа да қолданушыларға арналған. Adobe Photoshop-программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтау үшін қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop палитрамен, сканермен, калибрмен, импорттауға, экспорттауға, түс таңдауға, кескін көлемін, мөлшерін, оның шешілуін, түсті түзетуге, кескінді түрлендіруге, маскалармен, қабаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop программасының басты мақсаты - бейнені құру және өңдеу. Кез - келген программа сияқты Photoshop - та дайын бейнелерді жүктеу және жаңасын құруға болады. Алдын ала құрылған бейнелерді редакциялау өте жеңіл орындалады.

Компьютерге иллюстрацияны сканердің немесе цифрлік фотокамераның көмегімен қосуға болады. Photoshop құралдары фотосуреттерді қалпына келтіруді оңай орындайды. Жақсы фотосурет алу үшін оның қанықтылығын, жарықтық реңін, түстерін түзетіп, суреттегі бүлінген жерлер мен дақтарды алып тастау керек.

Photoshop программасының саймандар тақтасының ерекшелігі - ол балама (альтернативті) саймандардың болуы. Бұндай саймандар белгілері - кішкентай үшбұрыш белгісіндегі арнайы белгі. Егер тышқан көрсеткішін осындай пернеге апарып басса, онда қосымша саймандар тізбегі ашылады. “Аумақ” және “Лассо” саймандарының көмегімен кескіннің шегін, аумағын белгілеп алуға болады, ал “Ауыстыру” (перемещение) сайманның көмегімен белгіленген аумақтардың орнын ауыстырып және олардың көшірмесін алуға болады. “Сиқырлы таяқша” (Волшебная палочка) сайманы түс белгісіне байланысты аумақты автоматты түрде бөліп алу үшін арналған. Сиқырлы таяқшамен Лассоны графикалық объектілердің нақты шеңберін жүргізу операциясын орындау үшін пайдаланады.

Сурет салуға арналған саймандар тобына әдетте келесілер кіреді: аэрограф, бояуыш, қарындаш және өшіргіш. Штамп немесе мөр сайманын толтыру операциясын орындау үшін пайдаланады.

Масштаб сайманы суреттің үлкейтілген бөлімдерімен жұмыс істесе, қол сайманы программа терезесінің шегінен шығып кеткен суреттердің орынын ауыстыруға болады.

Paint - растрлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты қарапайым иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады.

Paint - графикалық редактордың өзі кескіндерді өңдеуге, салуға арналған болып шартты түрде екіге бөлінеді. Кескіндерді салуға арналған редактор сызықтарды, нүкте, әртүрлі геометриялық фигураларды құруға негізделген. Ал өңдеуге арналған редактор кескіндерді біріктіру, түстерді араластыру, әртүрлі қосымша тиімді көрсетушілік енгізуге арналған.

Paint программасын іске қосу Бас меню Программалар Стандарттық бөлімінен Paint редакторының жұмысын аяқтау үшін Файл мәзірінің Шығу (Выход) командасын таңдау немесе тақырыптар қатарындағы басқару түймесін басу жеткілікті. Іске қосылған соң редактор терезесінің негізгі бөлігін сурет салынатын жұмыс алаңы алып тұрады. Терезенің сол жағында сурет салуға арналған саймандар тақтасы, оның төменгі жағында түстер палитрасы орналасқан.

Paint графикалық редакторы әртүрлі объектілерді салу мүмкіндігін береді және оның түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Бұл редактор фондық негізгі түспен және үстінен бояйтын екі жай түспен жұмыс істейді.

Редактор іске қосылғаннан кейін негізгі түс қара, фонның түсі ақ болады. Сурет салу жұмысын редактор іске қосылғаннан кейін бірден бастауға болады. Қажетті сайманды, түсті таңдау әрекетін тышқан көмегімен жасаған өте тиімді. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түске тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін, он батырманы шертеміз. Paint графикалық редакторының мәзір қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, анықтамалық командалардан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс алаңында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.

Corel Painter - Painter графикалық редакторын тек комьпьютерлік графикада ғана қолданбайды, сонымен қатар жоғарғы суретші мамандар да осы программамен жұмыс істейді. Бұл программа дәстүрлі көркем суреттердің салу жолдарын жеңілдетеді.

Painter программасы сандық бейнелерді редакциялау ғана емес, сонымен қатар көптеген көркемсурет шығармаларын, акварелилер, гравюралар және мозаикаларды бірден эранға құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде бұл программаны Corel фирмасы шығарып жатыр. Негізінен бұл программаны Corel фирмасынан бұрын Meta Creations, ал одан бұрын Fractal Design фирмасы шығарған.

Painter - программасының негізгі құралы ол қылқалам (бояуыш) . Қылқалам деп - барлық суреттерді салуға болатын құралдарды айтамыз. Мысалы: қарандаштың түрлері, аэрограф, қалам және т. б. Аздаған қылқаламның өзі көптеген шығармашылық жұмыстарға мүмкіншілік береді. Painter графикалық редакторы құру ғана емес, сонымен қатар бейнені редакциялауға мүмкіндігі бар. Суретші векторлық, растырлық элементтермен жұмыс істей алады.

Painter жұмысының негізгі принциптері:

  • Қылқаламды таңдау көмегімен дәстүрлі бейнені құру;
  • Фондық суреттен басқа, суретке растырлық және векторлық объект құруға болады;
  • Фон сияқты объектіні де редактірлеуге, өшіруге немесе көшіруге болады;
  • Кез-келген элементті кескінде ерекшелеуге және оған әртүрлі құбылыс қолдануға болады.

Кез-келген суретті сақтап немесе баспаға шығарғымыз келсе, редакциялау үшін алдын-ала құрылған бейнені ашып, оны сканерден алу керек. Сонымен қатар бейненің өлшемін өзгертуге болады. Фотосуретті редакциялау үшін Painter программасының мүмкіншіліктерін қолдану керек. Сканерден, сандық фотокамерадан, Web камераларынан бейнені графиктік редактордын өзінен алуға болады. Әрине, ол үшін берілген құрылғы компьютерге қосылып, Windows - та орнатылуы тиіс. Құрылғылармен жұмыс Twain интерфейсі арқылы орындалады. Барлық құбылыстарды Painter графикалық редакторында бейнеге және бөліктеріне қолдануға болады. Құбылысты қолданбас бұрын суреттің керекті бөлігін ерекшелеп алу керек. Құбылыстың барлық командалары Effect менюінде орналасқан. Керекті команданы таңдап алғаннан кейін, құбылысты баптау диалогын ашамыз. Қажетті параметр беріп, диалог өрісінде ok кнопкасын басу арқылы, құбылысты редакцияланған кескінімізге қолдана аламыз.

Corel Photo Paint - Corel фирмасынан шыққан Photo Paint программасының атын “фотосуреттер және бояу” деп аударуға болады. Бұл графикалық редактор фотосуреттерді өңдеу және өзіңнің жеке суреттеріңді құруға, яғни растырлық графикамен жұмыс істеуге арналған. Photo Paint - тың көмегімен фотосуреттегі адамды оңай алып тастауға немесе оған аспандағы бұлтты қосып, күрделі фотоколлаж құрастыруға болады. Photo Paint Corel Draw векторлық графикалық редакторымен тығыз байланысты.

Редактормен жұмыс істеу үшін алдын-ала Photo Paint-тың мүмкіншіліктерін графиктік редакторымен жұмыс істеу құралдарымен толық таныс болу керек. Photo Paint-та алдын-ала құрылған бейнені редакциялау өте жеңіл болады. Photo Paint құралдарының көмегімен фотосуретті қалпына келтіруге болады. Photo Paint дәстүрлі көркемсурет техникасына ұқсастырып суретті құру мүмкіндігі бар. Арнайы құбылыстардың көмегімен кескінге және оның бөлігіне нақты түр беруге болады. Күрделі редакциялау кезінде және коллажды құрғанда ерекшелеу тәсілі міндетті түрде орындалады. Құралдардың көптеген түрлерінің көмегімен, кез келген күрделі фрагментті ерекшелеуге, ерекшелеуді өзгертуге, оны сақтап және келесі жұмысқа жүктеуге болады.

Объекті редакциялау өзіне көптеген түрлі процедураларды қосады. Біз объектінің түсі мен формасын өзгертіп, оның бөлігін өшіріп немесе түрге арнайы құбылыстарды қолдануға болады.

Photo - Paint суреттерді құруға жоғарғы сапалы таңдамалы құралдарды береді. Ең ыңғайлысы ол қарапайым фигуралар құру: тікбұрышты үшбұрыш, элипс, көпбұрыш және түзу сызықтар.

Сонымен қатар ерекшеленген облыс немесе объектіні таңдаған түспен бояу қиын емес. Негізінде жақсы көрсеткішті қылқалам жинақтарының көмегімен көрсетуге болады.

Photo - Paint жұмысының негізгі принциптері:

  • Алғашқы кескінді файлдан, буферден, сканерден немесе сандық фотокамерадан алу.
  • Қарапайым фигуралар және ерікті суреттерді түрлі құралдардың көмегімен құру.
  • Кескіннің бөлігінде ерекшелеу операциясын қолдану. Ерекшелеуді өзгерту, сақтау және қалпына клтіру.
  • Көптеген түрлі құбылыстарды кескіндерге және оның бөліктеріне қолдану.

Photo Paint графикалық редакторында бейнефайлдардың кадрын редакциялауға болады.

Adobe Illustrator - Adobe Systems фирмасынан шыққан Illustrator графикалық редакторы векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған жоғарғы сапалы программалар қатарына жатады. Схема, открыта, буклет жасау үшін векторлық графика қолдану ыңғайлы. Кескіндермен жұмыс істеуге арналған программалар сияқты Illustrator дайын кескінді қалай жүктеу немесе жаңасын құру мүмкіндігін береді. Illustrator-дың негізгі түсінігі, обьект түсінігі болып саналады. Бұл программада обьектінің контуры сурет салу құралдарының көмегімен құрылады.

Illustrator жұмыс істеу барысында қабат құруға болады. Бұл қабатты обьектінің тобы орналасқан айқын пленкамен салыстырып, орналасуын өзгертуге болады. Қабаттармен жұмыс істеу барысында өзгертулер, туралау көп болады. Ал, қорытынды этап ол барлық қабаттарды бір кескінде біріктіру.

Векторлық графикада ең күрделі суреттер бірнеше қарапайым обьектілерден құрылады. Сондықтан ең бірінші Illustrator программасында қарапайым обьектілерді қалай құру керектігін көру қажет. Бұны білсек, біз күрделі суреттерді құруды үйренеміз. Қарапайым фигураларға түрлі геометриялық обьектілер: үшбұрыш, элипс, көпбұрыш және жұлдыздар жатады.

Illustrator программасының қызықты мүмкішіліктерінің бірі мәтінмен жұмыс істеу. Біз мәтінді баспаға оңай шығарып, оның өлшемін, пішінің өзгерте аламыз. Бұл жағдайда мәтін горизонталь, вертикаль орналасуы мүмкін. Бірден сапалы кескін салу оңай емес. Қателерді түзеу немесе обьектілерді модификациялау үшін Illustrator программасында обьектілерді редакциялау мүмкіншіліктері қарастырылған. Illustrator программасында обьектілерді туралау үшін Align (туралау) шарты орындалады. Егер кескін бірнеше обьектілерден тұрса, оларды араластыру немесе пішінің өзгерту өте күрделі. Бұл жұмысты оңайлату үшін Illustrator да обьектілерді топқа біріктіру яғни топтастыру мүмкіндігі бар.

Обьект топтастырылған болса, олармен жұмыс істеу әрекеті бір обьектпен жұмыс істегендей. Орын ауыстыру, көшіру және басқа операция кезінде барлық топтағы обьектпен бірге жүзеге асырылады.

Microsoft PhotoDraw - графиктік редакторы Microsoft Office-тың дамыған қатарына кіреді. PhotoDraw редакторы фотосуреттерді өңдеу және жеке суреттерді құруға арналған. PhotoDraw - кәсіби дизайнерлер құрған дайын үлгілерден тұрады.

PhotoDraw - фотосуреттерді редакциялау, мәтінмен жұмыс, сурет және сызу біріктіру мүмкіншіліктері бар қарапайым және ыңғайлы жинақталған графикалық редактор. Ол растрлық және векторлық обьектілермен бір графикалық құжатта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен ешқандай кәсіби фото және графикті дамыған дизайнсыз біріктіруге болады.

PhotoDraw - графикалық редакторын кез келген программалар тәрізді Windows-тың басты мәзірінің көмегімен іске қосуға болады. Photo Draw - программасының жұмыс терезесі басқа да графикалық программалар терезесінен әлдеқайда ерекшеленеді. Бұл программада иллюстрациямен жұмысты жеңілдететін көптеген элементтер орналасқан.

Программаның аналогтық элементтеріне қарағанда Photo Draw-да мәзір командалары түсіндірме суреттермен сүйемелденілген.

Визуалдық мәзірмен жұмыс істеудің мақсаты, қарапайым мәзірмен жұмыс істеуден ерекшелігі жоқ. Визуалдық менюде бір немесе екі құралдар панелі орналасқан. Кейде кейбір құралдармен жұмыс істеу барысында экранда қосымша құралдар панелі пайда болады. Терезенің сол жақ бөлігінде орналасқан құжаттар панелі бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге арналған.

Photo Draw-графикалық редакторы обьект деп аталатын кескіндердің бөліктерімен жұмыс істейді. Кез келген обьектімен түрлі түрлендіру операцияларын орындауға болады. Пайда болған обьектіні біріктіру немесе ажырату арқылы жаңасын құруға болады. Кез келген обьектімен жұмыс істеу үшін, оны белгілеп алып, тышқанмен шерту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал
Adobe photoshop программасын үйрету
Компьютерлік графика жайлы
Компьютерлік графиканың негізгі түрлері
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері
Paint растрлық графикалық редакторы
Adobe photoshop редакторы туралы жалпы түсінік
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Электронды оқулықтарды жасау
Графиктік редакторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz