Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі


Ф-ОБ-001/035

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

СПОРТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ КАЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ішкі қызмет жарғысын оқыту әдістемесі

Ғылыми жетекші: Айтуғанов Ә. Р,

Доцент м. а подполковник.

Орындаған: БӘД-811 тобының студенті

Жыңғылбаева Арайлым

Түркістан 2010

Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

ІІ Негізгі бөлім.

2. 1 Әскери қызмет өткеру тәртібі. Әскери қызметшілердің жалпы құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі . . . 5

2. 2 Әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынас . . . 14

2. 3 Әскери бөлім командирлерінің (бастықтарының) және негізгі

лауазымды адамдардың міндеттері . . . 19

2. 4 Әскерлердің полигондарда (лагерьлерде) орналасуы кезіндегі ішкі қызметтің ерекшеліктері . . . 25

Қорытынды . . . 32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 33

Кіріспе

Осы Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі (кемелеріндегі), штабтарындагы, департаменттеріндегі (басқармаларындағы), ұйымдарындағы, әскери-оқу (оқу) орындарындағы, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларындағы әскери өмір салтының негізгі ережелерін, ішкі тәртіп қағидаларын, әскери қызметшілердің, командирлердің (бастықтардың) жалпы құқықтары мен міндеттерін, әскерлердің қоғамдық іс-шараларға қатысуын айқындайды.

Осы Жарғының ережелері барлық әскери бөлімдердің әскери қызметшілеріне бірдей дәрежеде қатысты. Осы Жарғыда аталмаған лауазымды тұлғалардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, ережелермен, тәлімдемелермен және басшылықтармен айқындалады.

Жарғының күші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жагдайлар жөніндегі комитеті Азаматтық қорғаныс бөлімдерінің, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы мен Президенті Күзет қызметінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілеріне, жиын кезеңіне шақырылған әскери міндеттілерге, әскери қызметтен әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен босатылған азаматтарға олар әскери киім нысанын киіп жүрген кезде қолданылады.

Кемелердегі ішкі қызмет пен лауазымды тұлғалардың міндеттері Кемелік жарғымен қосымша айқындалады.

Соғыс уақытында дала жағдайында және бейбіт кезеңде әскери қызметшілерді ұрыс іс-қимылдарына үйрету жөніндегі оқу-жаттығулары мен дәрістерде ішкі қызмет ұрыс іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі жауынгерлік жарғылармен, тәлімдемелермен, сондай-ақ осы Жарғымен айқындалады.

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері:

  • Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын, шекараларына қол сұғылмаушылығын қорғауға;
  • басқыншының шабуылын тойтаруға және оған соққы беруге;
  • мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға;
  • басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен бірлесіп халықаралық шарттарға сәйкес басқыншылықтан бірлесе қорғану жөніндегі міндеттерді орындауға арналған;

- Қарулы Күштерді басқа жағдайларда қолдану Қазақстан Республикасының қазіргі кезде күшіндегі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Отанды қорғау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызмет - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының халық пен мемлекет алдындағы конституциялық міндеті мен борышы болып табылады.

2. Әскери қызметшілердің әскери бөлімдегі күнделікті өмірі мен қызметі ішкі қызметпен айқындалады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жарғыларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкі қызмет әскери бөлімде оның тұрақты жауынгерлік әзірлігін, жеке құрамның оқуын, оның күнделікті қызметте басқа да міндеттерді ұйымдасқан түрде орындауын және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін ішкі тәртіп пен әскери тәртіпті ұстауға арналған. Ол осы Жарғының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары мүлтіксіз сақтала отырып ұйымдастырылады.

3. Ішкі қызмет әскери қызметшілердің тілек-қалауына қатыссыз ұйымдасқан іс-қимылын талап етеді.

4. Ішкі қызметтің талаптарын әрбір әскери қызметші білуге және дәйекті орындауға міндетті.

5. Әскери бөлімдегі ішкі қызметке басшьшықты әскери бөлім комаңдирі, ал бөлімшеде - бөлімше командирі жүзеге асырады. Бір үй-жайға бірнеше бөлімше орналасқан ретте олардың командирлерінің ортақ тікелей бастығы болмаса, әскери бөлім командирінің (гарнизон бастығының) бұйрығымен ішкі қызметке басшылық ету осы бөлімшелердің бірінің командиріне жүктеледі. Әскери бөлімдегі ішкі қызметтің тікелей ұйымдастырушысы бөлім штабының бастығы, ал бөлімше (рота) тұрғын-жайында - рота старшинасы болып табылады.

Бағынысты әскерлердегі ішкі қызметтің жай-күйі үшін жауаптылық барлық тікелей бастықтарға жүктеледі. Олар бағынысты әскери бөлімдер мен бөлімшелерге ішкі қызметті ұйымдастыру мен оның талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге көмек көрсетуге және оның жай-күйін ұдайы тексеріп отыруға міндетті.

2. 1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ТӘРТІБІ.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ,

МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Әскери қызмет өткеру тәртібі

Әскери қызмет - мемлекет пен халық алдында Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындауымеи байланысты мемлекеттік қызметінің ерекше түрі.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде, шақыру бойынша, сондай-ақ келісім-шарт бойынша, жасақтаудың аумақтан тыс және аумақтық принциптері үйлестіріле отырып, белгіленген талаптарға сай келетін әскери қызметшілермен жасақталады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жасақтау принципі мен әскери қызметтің сипатына қарай оның мынадай түрлері болады:

  • сарбаздар мен матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзімді әскери қызметі;
  • сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымдарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызмет;

- әскери-оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) әскери қызметі;

  • прапорщиктер мен мичмандардың келісім-шарт бойынша әскери қызметі;
  • офицерлік құрамның әскери қызметі.

Әскери қызметте тұратын адамдар әскери қызметшілер болып
табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, әскери-оқу орындарының курсанттары (тындаушылары) ; әскери қызметке келісім-шарт бойынша кірген сержанттар, старшиналар, сарбаздар мен матростар (бұдан әрі - келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеруші әскери қызметшілер) ; мерзімді әскери қызмет өткеруші сержанттар, старшиналар, сарбаздар мен матростар (бұдан әрі - мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері) жатады.

Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қарулы Күштерде әскери қызметте Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және келісім-шарт жасасқан шетелдік азаматтар мен азаматығы жоқ адамдар да бола алады.

Әрбір әскери қызметшіге тиісті әскери атақ беріледі. Әскери атақтар әскерлік және кемелік болып бөлінеді.

Әскери қызметшілер алған біліміне (арнаулы даярлығына), біліктілігіне және жұмыс тәжірибесіне сәйкес әскери бөлімдердің штаттарында көзделген әскери лауазымдарға тағайындалады.

Әскери қызметшілердің әскери қызметте болуы Қазақстан Республикасының заңдарында әскери қызметшілердің тиісті санаттары үшін белгіленген қызмет мерзімдерімен және шекті жаспен шектеледі.

Әскери қызмет өткеру уақыты жалпы және үзіліссіз еңбек стажына, сондай-ақ мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.

Әскери кызметтен босату қызметтің белгіленген мерзімі өткен соң және әскери қызметте болудың шекті жасына жетуіне байланысты жүргізіледі.

Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер болған ретте әскери қызметтен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Әскери қызметшілерді мерзімді әскери қызметтен мерзімінен бұрын босату үшін мыналар негіз болып табылады:

  • денсаулық күйі - әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысының (қаулысының) негізінде;
  • отбасы жағдайлары - олардың отбасылық жағдайының өзгеруіне орай қызмет өткеру мерзімін кейінге қалдыру құқығы туындаған жағдайда
  • әскери комиссариаттардың отбасы жағдайын зерделеуінің негізінде;
  • отбасы құрамында шетелге тұрақты тұруға немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын отбасымен қосылуы үшін, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кетуіне құқық беретіи растама құжаттары болған ретте кетуі;
  • бас бостандығынан айыруға сотталуы.

Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери қызметшілерді мерзімінен бұрын босатуға мыналар негіз болып табылады:

  • белгіленген қызмет мерзімін өткеруі: қызмет өткерген жылдары және зейнеткерлікке шығуға құқық беретін әскери қызметте болудың шекті жасына жетуі;
  • жасы - әскери қызметте болудың шекті жасына жеткен жағдайда;
  • денсаулық күйі - әскери-дәрігерлік комиссияның әскери кызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысының (қаулысының) негізінде;
  • штаттың қысқаруы немесе қызметте пайдалану мүмкін емес жағдайдағы ұйымдық іс-шаралар;
  • келісім-шартты бұзу;
  • отбасы жағдайлары немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да маңызды себептер;
  • қызметке сәйкес келмеуі;
  • әскери қызметшінің абыройына нұқсан келтіретін теріс қылық жасауы;
  • соттың занды күшіне енген айыптау үкімі.

Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтар үшін белгіленген жалпы құқықтар мен бостандықтарға ие, міндеттерді орындап, жауапкершілікте болады.

Әскери қызметтің ерекше сипаты әскери қызметшілер үшін конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан белгілі бір қысқартулар мен шектеулерді көздейді, сондай-ақ қосымша құқықтарды, лауазымдық және арнайы міндеттерді, жауапкершілікті айқындайды, олар заңдармен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жалпы құқықтары, міңдеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңдарымен, халықаралық шарттармен және осы Жарғымен реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметшілердің құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің мазмұны мен көлемі олардың әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару үстінде немесе одан тыс екеніне байланысты.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруы ден мыналар ұғынылады: ұрыс қимылдарына қатысуы; осы Жарғыда, нұсқаулықтар мен төлімдемелерде белгіленген лауазымдық міндеттерін орындауы; жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) атқаруы; оқу-жаттығуларға және кеме жорықтарына қатысуы; әскери бөлімнің аумағында күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе бұл қызметтік қажеттіліктен туындаса, ұзағырақ болуы; қызметтік іссапарда немесе емдеуде болуы; қызмет өткеру, емдеу орнына жүруі немесе кері оралуы; әскери жиындар өткеруі; тұтқында (тұтқынға өз еркімен берілу жағдайларынан басқа), кепіл немесе ырықсыз шеттетілуші жағдайында болуы; хабар-ошарсыз болуы - әскери қызметшіні занда белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз жоғалған деп танығанға немесе кайтыс болды деп жариялағанға дейін; жеке басын, өмірін, денсаулығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауы; құқық қорғау органдарына заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде көмек көрсетуі; соттың әскери қызметшінің қоғам мен мемлекеттің мүддесіндн жасады деп таныған өзге де іс-әрекеттері.

Өзін ерікті түрде ішкілікпен, есірткімен немесе уытшылдық мастану күйіне түсірген; қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған; өзіне қол салған немесе өзіне қол салуға әрекет жасаған әскери қызметшілер, егер аталған іс-әрекеттер сырқаттық күйінен немесе өзіне қол саларлық күйге жеткізуден туындамаған болса; әскери бөлімнің орналасқан жерінен тысқарыда демалыста, сейілде немесе демалыста болған кезінде, әскери бөлімнен орналасқан жерінен тысқарыда немесе әскери бөлімнен тыс жерде белгіленген қызмет орнынан өз бетімен сыртта болған кезінде, тұтқында, кепіл немесе ырықсыз шеттетілу жағдайында болған реттерін, сот қоғам мен мемлекеттің мүдделерінде жасалған деп таныған өзге де іс-әрекеттерін қоспағанда, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқарушылар болып танылмайды.

Әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару үстінде әскери қызметшілер мемлекеттік қызметтің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.

Әскери қызметшілердің құқықтары

10. Әскери қызметшілердің құқықтары мен оларды іске асыру тәртібі әскери қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

Ешкімнің әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Конституңиясымен және басқа да нормативтік актілермен кепілдік берілген құқықтарың шектеуге құқығы жоқ.

Әскери қызметшілердің өз құқықтарын пайдалануы қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне, әскери қызметке, басқа әскери қызметшілер мен озге азаматтардың құқықтарына залал келтірмеуге тиіс.

Мемлекет әскери қызметшілердің құқықтарының, бостандықтарының іске асырылуына, сондай-ақ олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуына кепілдік береді, оларға лайықты өмір сүру деңгейін туғызу, қызмет пен түрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.

Әскери қызметшілердің құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау командирлерге (бастықтарға), әскери басқару органдарына, мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, соттар мен құқық қорғау органдарына жүктеледі.

Әскери ант қабылдағанға дейін әскери қызметші әскери лауазымға тағайындалмайды, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға (ұрыс қимылдарына қатысуға, жауынгерлік кезекшілік атқаруға, жауынгерлік және қарауылдық кызмет атқаруға) тартылмайды; әскери қызметшіге қару-жарақ пен әскери техника бекітіліп берілмейді, оған гауптвахтада ұстау арқылы қамау түріндегі тәртіптік жаза қолданылмайды.

Әскери қызметшілердің құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін атқармауына кінәлы командирлер (бастықтар) бұл үшін заңдарда және осы Жарғыда белгіленген жауаптылықта болады.

Әскери қызметшінің өзінің қызметтік жағдайына қарамастан мыналарға құқығы бар:

  • өзінің құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде командирлердің (бастықтардың) өзінің құқықтарына, бостандықтарына нұқсан келтіретін, ар-намысы мен жеке басының қадір-қасиетін қорлайтын заңсыз іс-әрекеттері болған жағдайларда сот арқылы қорғалуға. Ол білікті заң көмегін алуға хақылы;
  • шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, сеніміне, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе өзге кез келген жағдаяттар бойынша тең құқықтарға. Аталған жәйттер бойынша кемсітуге тыйым салынады және ол заңмен қудаланады;
  • өмір сүруге. Ешкімнің оның өмірін қиюға құқығы жоқ. Командирлер(бастықтар) бағыныстыларының қызметтік іс-әрекетінің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге міндетті және олар үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады;
  • әскери қызмет шарттарымен және сипатымен реттелетін жеке басының бостандығына. Қамауға алу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысына қатаң сәйкестікте қолданылады және оны командирлер (бастықтар) бағыныстылары әскери тәртіпті өрескел бұзуға жол берген жағдайларда ең ақырғы шара ретінде қодданады;
  • жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмауына. Ол зандармен және осы Жарғымен қорғалады. Әскери қызметшіге қатысты зорлық-зомбылыққа, азаптауға жол берген, қатыгез немесе адамдық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекет жасаған немесе жаза қолданған адам зандарда белгіленген жауаптылықта болады;
  • мемлекеттің қорғауында болуға және жеке өміріне, жеке басы мен отбасының құпиясына, жеке салымдары мен жинақтарының құпиясына, хат жазысуына, телефонмен сөйлескен сөздеріне, почта, телеграф және өзге де хабарларына қол сұғылмауына;
  • өзінің ұлты мен дінге қатысын айқындауға және мұны көрсетуге немесе көрсетпеуге;
  • лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінен тыс қарым-қатынас,

тәрбие беру, оқу және шығармашылық тілін тандауға;

  • сөз бостандығына, өзінің пікірлері мен сенімдерін білдіруге, ақпаратты, бұл ретте мемлекеттік және әскери құпияны жария етпей еркін алуға және таратуға қол жеткізуге;
  • саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды қоспағанда, қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыруға және оларға мүше болуға;
  • қызметтен тыс уакытта заңға сәйкес ұйымдастырылатын, саяси мақсаттарды көздемейтін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге қатысуға. Қызмет уақытында жиналыстар мен басқа да қоғамдық шараларға қатысу осы Жарғыда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
  • еркін жүріп-түруға және тұрғылықты жерін еркін тандауға. Бұл құқық әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін қуаттау, әскери қызметшінің қызмет орнына уақтылы келуін қамтамасыз ету қажеттігі, әскери қызметші тұрған қызметтің түрі ескеріле отырып заңдарда және осы Жарғыда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады;
  • ождан бостандығына, ол оның мемлекеттің алдындағы міндеттерін

шектемеуге тиіс. Командирлер (бастықтар) бағыныстыларының діни сөзімін сыйлауға және оларды іске асыруы үшін уақыт қарастыруға тиіс. Әскери қызметші діни рәсімдерге қатысуды қызмет уақытынан бос кезінде жеке адам ретінде жүзеге асырады;

  • әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру және кәсіби біліктілігіне,

моральдық-іскерлік қасиеті мен қызметтік іс-әрекетінің нәтижелеріне сәйкес қызмет бойынша ілгерілеу арқылы еңбек өтуге;

  • қауіпсіздік пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек ету жағдайларына, еңбегі үшін қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін және әскери қызметке мүдделілігін ынталандыратын сыйақы алуға;
  • демалысқа. Оған жұмыс уақытының заңмен белгіленген ұзақтығына,

демалыс және мереке күндеріне, ақы төленетін жыл сайынғы негізгі және қосымша демалысқа кепілдік беріледі. Әскери қызметшіні апта сайынғы қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері әскери қызмет міндеттерін атқаруға тартқан жағдайда, оған аптаның басқа күндерінде демалыс беріледі;

  • зандармен белгіленген нормалар бойыпша және тәртіппен мемлекет есебінен қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етілуге;
  • заңды сатып алған мүлкіне, соның ішінде мұрагерлік құқығы бойынша меншік иесі болуға;
  • әскери қызмет өткеру кезінде қаза табу (кайтыс болу), жарақаттану (контузия алу) мертігу, сырқаттану жағдайына міндетті мемлекеттік сақтандырылуға;

- әскери-медициналық мекемелерде тегін медициналық қамтамасыз етілуге, сондай-ақ санаторийліқ-курорттық емделуге;

- әскери оқу орындарында оқуға. Әскери қызметші, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін қоспағанда, әскери бөлім командирінің рұқсатымен кешкі немесе сырттай оқу нысанындағы азаматтық жоғары немесе орта арнаулы оқу орнында оқи алады;

  • мемлекеттік істерді басқаруға қатысуға, сайлауға және сайлануға, мемлекеттік басқару органдары меп жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, сотгарға, әскери басқару органдарына жүгінуге және республикалық референдумға қатысуға;
  • тиісті лауазымға кандидатқа қойылатын лауазымдық міндеттердің сипатымен ғана байланысты талаптарға сай келген ретте әскери қызметке қол жеткізуге құқығы бар. Оған лауазым иеленуге, қызмет бабында ілгерілеуге, кәсіби біліктілігіне және моральдық-іскерлік қасиеттеріне сәйкес кезекті әскери атақтар алуға кепілдік беріледі. Лауазымында өсу және қызмет бабында ілгерілеу қызметтік әрекеті мен кәсіптік даярлығының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әскери қызметшілердің жекелеген құқықтарының іске асырылуы әскери қызметтің ерекшеліктерімен және сипатына байланысты

шектеледі. Әскери қызметшіге:

  • қандай да болмасын саяси партияны қолдауға;
  • ереуілдер, пикеттер және өзге де наразылық шараларын ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
  • командирлердің (бастықтардың) қызмет бабындағы және қызмет мүддесінде берілген бұйрықтарын (әкімдерін) талқылауға және сынауға;
  • дінге қандай да болсын қатыстылықты насихаттауға және діни бірлестіктер құруға;
  • кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналысуға, сондай-ақ қызмет бабын пайдаланып жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге және осы үшін сыйақы алуғатыйым салынады.

Әскери қызметшілердің әскери қызмет міндеттерін атқару
үстінде де, сондай-ақ қажет болғанда қызметтен тыс уақытта да қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

Әскери қызметшілердің қаруды сақтау срежелері мен қолдану тәртібі осы Жарғымен жәнс Қазақстан Рсспубликасының басқа да заң актілерімен айқындалады.

Әскери қызметшілер ең ақырғы шара ретінде:

  • күзетілетін әскери және мемлекетгік объектілерге, сондай-ақ әскери бөлімдер мен бөлімшелердің орналасқаи жеріне, әскери бөлімдердің үйлері мен ғимараттарына, әскери эшелондарға, машиналар колонналарына және жекелеген көлік кұралдары мен қарауылдарға топтасқан немесе қарулы шабуылды тойтару үшін;
  • қаруға және әскери техникаға зорлықпен ие болу әрекетінің жолын кесу үшін;
  • әскери қызметшілер меп азаматгық тұлғаларды олардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін шабуылдан қорғау үшін;
  • қылмыс жасаған не ауыр әрі кауіпті қылмыс жасау үстіңде қолға түскен,
  • қарулы қарсылық корсетксн адамды, сондай-ақ қаруды тапсыру туралы
  • занды талаптарды орындаудан бас таріқан қарулы адамды ұстау үшін жеке өзі немесе бөлімше құрамымен қару қолдануға құқығы бар.

Қарауыл құрамына кіретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері паряд қызметінің Жарғысында айқындалған жағдайларда және тәртіппен қару қолдануға құқығы бар.

Командирдің (бастықтың) бұған қоса, бағыныстының ашық бағынбауы жағдайында, бағынбаушының іс-қимылы Отанға опасыздық жасауға немесе ұрыс жағдайында жауынгерлік тапсырманың орындалуын сәтсіздікке ұшыратуға ашық бағьпталған кезде тәртіп пен реттілікті қалпына келтіру үшін жеке өзінің қару қолдануға немесе қару қолдануға бұйрық беруге құқығы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тұңғыш әскери доктринасы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Бастапқы әскери даярлық
Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігі және әскери-экономикалық қамтамасыздандыру негіздері
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
«ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»
Әскери педагогика құрылымы
Құрлық әскерлерінің әскери институты
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметі тағайындалуының оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz