ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ4
1. 1 Мұнай нарығының дамыту бағыттарын зерттеудің теориялық негіздері4
1. 2 Нарықтық экономика жағдайындағы мұнай кешенін қалыптастыру мен дамыту ерекшеліктері10
2ҚР МҰНАЙ НАРЫҒЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ18
2. 1 Мұнай нарығының дамуының ағымдық жағдайын талдау18
2. 2 Қазақстан мұнайының ресурстық потенциалын экономикалық бағалау35
3ҚР МҰНАЙ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ48
3. 1Мұнай нарығына инвестиция тарту - оның тиімділігін арттырудың басты факторы48
3. 2 Қазақстанның мұнай нарығын дамыту перспективаларын негіздеу54
ҚОРЫТЫНДЫ63
ҚОЛДАНҒАН АҚПАРАТ ТІЗІМІ65
КІРІСПЕ
Зерттеудің тақырыбының өзектілігі. Саяси және экономикалық тәуелсіздігін алған елдің негізгі ғылыми және практикалық қажеттіліктерінің бірі өзінің минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануы болып табылады. Осы ресурстардың қорлары бойынша әлемдегі жетекші орынды иелене отырып, Қазақстанның мұнай ресурстарының өндірісін экспортты және республиканың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өсіріп жетілдіруге жағдайы келеді.
Қазақстан Республикасының мұнай нарығы ұлттық экономиканың құрылымында анықтаушы орынға ие, оның негізгі басымдықтары болып табылады: ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шикізатты тиімді пайдалану, республика экономикасының тұрақты өсуіне мүмкіндік беретін экспорттық және ішкі құбыр желілерінің құрылысы.
Көмірсутек шикізатының едәуір қорлары, мұнайды өндіру көлемін арттыру болашақта мұнай нарығы Қазақстан Республикасының экономикасында жетекші орындарды иеленетінін куәландырады және оның дамуының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей байланысы айқындалып отыр.
Әрқайсының шешімі, нақтылап айтқанда, өз кезегінде ірі инвестициялармен байланысты арнайы шаралардың жүйесін жасауды талап ететін, мұнай өндірісіндегі пайда болған мәселелердің әр алуандығы, ұзақ жылдық дамудың нәтижесі болып табылады. Игеріліп жатқан жоғары сапалы көмірсутекті шикізаттардың басым бөлігі Қазақстанның аумағынан тысқары шығарылады. Бірақ, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі көзге түсерліктей жақсарулар әлі күнге бола қойған жоқ.
Аталмыш жағдайларды ескере келгенде, дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазақстанның мұнай нарығы шикізатын ұтымды және кешенді пайдалану жолдарын ұсыну, оның шикізаттық бағытталуының алдын - алу оның дамуын тепе-теңдікке келтірілген дамудың арнасына қарай бұруға мүмкіндік беретіндігімен ашылады. Осы диплом жұмысы мұнай нарығының дамуының және тиімді қызмет атқаруын арттырудың жолдарын негіздеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының мұнай нарығының тиімді қызмет атқаруын арттырудың жолдарын жасауды зерттеуінде болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешуге ұмтылыс жүзеге асырылған:
- әртүрлі кен орындарындағы өндірілетін шикізат ескере отырып, мұнай ресурстарын кешенді пайдаланудыңтеориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстанның мұнай нарығының экономикалык әлеуетін бағалау;
- мұнайды өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарының игерілетін шикізаттың көлемдерімен қамтамасыз етілуінің дәрежесін талдау;
- қазақстанның көмірсутек ресурстарының әлемдік нарықтарға шығуыныңнеғұрлым пайдалы жолдарын анықтау.
Зерттеудің мәні отандық мұнай нарығының тиімді қызмет атқаруының мәселесі болып табылады.
Зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасының мұнай нарығы қүрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың қүрылымы. Диплом кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және қолданылған ақпар көздерінің тізімінен тұрады. Жұмыс 66бет компьютерде теріліп, 12 кесте, 2 сурет, 37 әдебиет атауларын қамтиды.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Мұнай нарығының дамыту бағыттарын зерттеудің теориялық негіздері
Шикізаттық ресурстардың қорларын құндық бағалау мәселелері экономикалық әдебиеттерде ертеден көрініс тауып келеді. Осы мәселе бойынша зерттеулер мен ұсыныстар көп жағдайда қатты пайдалы қазбалармен байланысты ашылады.
Пайдалы қазбалардың қорларын құндық бағалау бағытындағы зерттеулермен А. С. Астахов, К. Г. Гофман, С. Я. Каганович, Е. Л. Кантор, В. И. Назаров, Н. А. Хрущев айналысты. Тәжірибелік тұрғыдан мұнай қорларын құндық бағалау мәселесін шешуге Л. П. Гужновский, Ф. Ф. Дунаев, З. К. Каргажанов, Н. К. Надиров секілді мамандар айналысты.
Мұнай нарығы ресурстарын экономикалық бағалауға қызығушылық Қазақстан Республикасының нарықтық шаруашылықтық жүйесіне ену кезеңінде күшейді, мұның өзі дүниежүзілік мұнай компанияларының мұнай, кен орындарын игеруге қарқынды қызығуымен және келісім - шарттарға сай жаңа «қожайындардың» меншігі болып табылатын көмірсутектер көлемінің потенциалдық құндылығын анықтауға ұмтылуымен түсіндіріледі.
К. Л. Пожарицкий [1] мұнай ресурстарын экономикалық бағалау үшін пайдалы қазбаның кен орнындағы игерілген көлемінің құндылығы мен оларды өндіру және өңдеу процестеріндегі барлық шығынның айырымы түріндегі тәсілді пайдалануды ұсынды. Табиғи ресурстарды құндық бағалау тәсілдерінің ішінде таулы кен орындарының өніміне тағайындалған кадастрлық бағаларды қолдану негізіндегі тәсіл кеңінен қолданылады. Кадастрлық бағаларды отынға, мұнай қорларына пайдалануды И. Е. Минц [2], ал газ қорларына пайдалануды -И. Я. Файнштейн [3] ұсынды.
Көптеген маманның пікірінше, мұнайлық ресурстардың «тұйықталған» көздерінің барлық талабына теңіз кен орындарын игеруден алынған өнімдер ғана жауап береді.
Қорларды бағалау үшін мұнайдың өндірістік құндылығының шамасын қолдану объективтік нәтижелерге қол жеткізеді. Мұнайдың өндірістік құндылығының шамасы - нақты тағайындалған кезеңдегі 1 тонна шикі мұнай өнімдерінің орташа дүниежүзілік бағалар деңгейіндегі құндарының қосындысы.
Шетел экономистері соңғы мұнай өнімдері формасында тұтынушыларға сатылған мұнайды өткізу бағасы мен нақты өндірістік шығындар арасындағы айырмашылықты «мұнайлық пайда өсімі» деп атайды. Олардың пікірінше, әрбір мұнай сорты үшін мұнайдың өндіру мен өңдеудегі техникалық құны мен оны өткізу құнының арасында айырмашылық бар. Осы айырмашылық тұтынушы елдер мен өндіруші елдерде салық формасында, ал мұнай компанияларында пайда өсімі формасында көрініс табады [4] .
Мұнайлық пайда өсімінің болуы мұнайдың бірлік өнім болмауымен түсіндіріледі. Әрбір кен орны өзінің дифференциалдық рентасының деңгейімен ерекшеленеді [6] .
Мұнайлық пайда өсімі мұнай нарығы әрбір өндірістік бірлігіндегі қосымша пайда мен рента қосындысы ретінде көрініс табады. Пайда өсімінің шамасы мұнай өнімдерінің отынның бәсекелестік түрлерімен салыстырғандағы алмастыру деңгейімен анықталады [7] .
Осы анықтама мұнай кешенінің арнайы ерекшеліктерін сипаттайды. Әр түрлі кен орындарында өндірілген көмірсутектік ресурстардың сапалық ерекшеліктері дүниежүзілік нарықтарда тағайындалған сұраныс деңгейлерін анықтап бере алады.
Мұнайлы шикізатты сатып алуға келісім санының артуы сапалық параметрлермен өлшенеді, жоғары сапаға төмен деңгейлі өндіріс шығындары сай келеді.
Мұнайдың өндірістік құндылығының шамасы табиғи шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері, өңдеу бағыты, өңдеу тереңділігі сияқты факторларға тәуелді. Мұнайдың сапалық айырмашылықтары өңдеудің экономикалық көрсеткіштері мен технологиясына шешуші әсерін тигізе отырып, алынатын өнімдердің спектрін шектейді [8] .
Мұнай сапасы оның құрамындағы жеңіл мұнай өнімдерімен, олардың потенциалдық мазмұнымен анықталады. Мұның өзі, дүниежүзінің барлық еліндегі отынды қарқынды пайдалану жағдайларында мұнай ресурстарын иеленуде басты назарда, ол құрамында отындық фракциялардың жоғарғы үлестік салмағы бар (70%) сорттарына аударылумен байланысты. Сонымен қатар, 1 тонна мұнайдың өндірістік құндылығының шамасы оны өңдеу бағытына тәуелді өзгеріп отырады. Отындық - майлы бағытта өңделген көмірсутектік шикізаттан неғұрлым құнды соңғы өнімдер алынады және эксплуатациялық шығындардың жоғарғы деңгейіне қарамастан өңделінетін әрбір тоннадан пайда жоғары болады.
Осындай нәтижеге өңдеу тереңділігін арттырған жағдайда да қол жетеді, мұның өзі отындық және майлы өнімдермен бірге аралық фракциялардың алынуымен байланысты. Аралық фракциялар жаңа өнім түрлерінің кең ассортиментін алуға негіз болады [9] .
Сонымен, мұнайдың өндірістік құндылығы - өндірісі экономиканың ағымдық және перспективтік мұқтаждықтарымен, ішкі тұтыну құрылымымен тығыз байланысты мұнай өнімдерінің құндарының қосындысы. Басқаша айтқанда, мұнайдың өндірістік құндылығын құраушы мұнай өнімдерінің түрлері мен олардың өндірістегі үлестік салмағы экономикалық жағдайлармен, мұнайдың қасиеттерімен, технологиялық мүмкіндіктермен анықталады.
Мұнайдың өндірістік құндылығымен бірге потенциалдық құндылығы да қарастырылады. Экономикалық потенциал жағымды техникалық, технологиялық, үйымдық - басқарушылық, экономикалық, экологиялық, сыртқы саяси жағдайлармен сипатталатын экономика салаларындағы өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер жиынтығымен анықталады. Экономикалық потенциал ғылым мен техниканың жетістіктерімен, өндірістік қуаттың көлемдерімен, тасымалдау қүралдарының бірлігімен, еңбек ресурстарының профессионалдық дайындығының сапасымен, өндірістік емес сфера салаларына даму деңгейімен анықталып, экспорттық потенциалдың құрылуына жағдайлар жасайды.
Экономикалық потенциал біртұтас жүйе болып табылады, шаруашылықты үйымдастыру барысында туындайтын мәселелердің шешімі өндіріс құралдарымен және ғылыми-техникалық жаңалықтармен қамтамасыз етілген жағдайда ғана әрбір құраушы кіші жүйені дамудың жоғарғы деңгейіне жеткізеді. Барлық құраушы жүйе тығыз байланыста әрекет етеді.
Табиғи - шикізаттық ресурстар экономикалық потенциалдың құрама бөлігі және айналым қорларының негізі бола отырып, өндірістік потенциалды арттыруға жағдай жасайды, елдің жер, минералдық - шикізаттық және басқа да ресурстарын тиімді пайдаланудың даму мүмкіндіктерін сипаттайды.
Табиғи - ресурстық потенциал ресурстық қорлардың саны мен сапасы, оларды өндіру мен тасымалдау жағдайларымен анықталады.
Қазақстанның мұнай қорлары экономикалық потенциалдың басты бөлігі болғандықтан мұнай потенциалын тиімді пайдалану мәселесі республика экономикасын дамытудағы басымдылық мәселелердің бірі болып отыр.
Мұнай потенциалы мынадай құрылымдардан тұрады:
- көмірсутек қорлары, қабаттардан игерілуі тиіс ішкі мұнай саны;
- көмірсутектерді өндіру - қорлардың саны мен сапасымен, оларды өндіружағдайымен анықталады;
- мұнайды өңдеу - мемлекеттің өндірілген шикізатты өңдеу мен мұнайөнімдеріне мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктерімен анықталады;
- Тасымалдау - мұнай құбырларының өткізу қабілетінің жағдайлары менрезервтерімен, шикізаттық және ресурстық көздерге жақын орналасужағдайларымен анықталады;
- мұнай өндіруге инвестиция салу - Қазақстан Республикасыныңмұнай саласындағы инвестициялық ресурстарды толық ;
- мұнайхимиялық потенциал - елдің соңғы өнімді анықталады.
Сонымен қатар, экспорттық потенциал ретінде ұлттық шаруашылықтьң сыртқы нарыққа өткізуге бағытталған бәсекелес қабілетті өнімнің қажет көлемін өндіру қабілеттілігімен танылады. Мұнай потенциалы ретінде А+В+Сі категориясы бойынша тағайындалған перспективалық құрылымдардағы жүргізілген геофизикалық және геологиялық - барлау жүмыстарының нәтижесінде анықталған және пайдаланылатын кен орындарының мемлекет иелігіндегі игерілген көмірсутектік ресурстардың (мұнай, газконденсаты, табиғи және ілеспе газ) қорлары танылады.
Мұнай нарығы ресурстары - құрамында басқа да химиялық қоспалары бар күрделі ресурс. Физикалық-химиялық қүрамы бойынша көмірсутектер метандық топқа (90% және одан жоғары СИ Н ), этандық, пропандық, бутандық және жоғары ауыр топтарға бөлінеді.
Ауыр фракциялы көмірсутектерден фракциялы алуан түрлі технологиялық сызбаларды қолдану мен терең өңдеу нәтижесінде өнімнің кең ассортиментіне қол жеткізуге болады.
Өндірістің тиімділігін арттырудың тәжірибелік жолдарын анықтау мәселелерін шешу - экономиканың басты кірпіші. Осы құбылыспен тікелей байланыс теоретикалық өңдеулердің пайда болуымен, соның ішінде нарықтық экономика жағдайына бейімделген өсу теориясының, экономикалық өсу теориясының ұсынылуымен көрініс тапты. Жаңа теоретикалық идеяларды жүзеге асырудың негізгі нәтижесі ұлттық шаруашылықтьщ барлық жүйесі шеңберінде тепе-теңдік жағдайды табу, пропорционалды және дағдарыссыз даму, еңбекпен толық қамту және т. б. болуы тиіс. Осыған байланысты, экономистер микроэкономикалық процестерді зерттеуден ұлттық кіріс, жалпы ішкі өнім, жинақтау, түтыну және т. б. категорияларды қамтитын макроэкономикалық процестерді зерттеуге көшті [4] .
Осындай стратегиялық маңызды экономикалық категориялардың сандық шамасын анықтау алгоритмін іздеуге бағытталған теоретикалық және әдістемелік өңдеулер қажеттілігі нақты жағдайлармен сипатталатыны белгілі. Сонымен қатар, «микроэкономикалық процесс» үғымымен тікелей байланысты шешімі табылмаған мәселелердің «макроэкономикалық» категорияға енуі таң қалдырмайтын жағдай.
Осындай қорытындыны дәлелдеуші нақты мысалға мұнай кешені, оған тән мәселелер, оларды шешу жолдары, оны құраушы бірліктердің ұлттық экономикаға әсер ету деңгейі жатады. Мұнай нарығы «макроэкономикалық» қүрылым ретінде көптеген мұнай өндіруші елдер үшін экономиканың жалғыз ғана секторы болып табылады. Біріккен Араб Эмираты, Кувейт, Венесуэль, Нигерия және басқа да бөлек мемлекеттердің экономикасы. Мұнай нарығы бірліктеріне негізделген, сол бірліктердің даму деңгейіне сай жалпы мемлекеттік көрсеткіштер мен бюджетке валюталық түсімдер, әлеуметтік ортаның немесе саланың даму деңгейі, инфрақүрылымдық өндірістер деңгейі, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, түсімдер шамасы тағайындалады.
Пайдалы қазба қорларын экономикалық бағалау тәсілдері мен оларды қолданудың дүниежүзілік тәжірибесі отандық зерттеулер жүргізуде ортақ көзқарастарды біріктіруде. Осы бағыттағы кең көлемді жұмыстар Америка Құрама Штаттарында жүргізілді. Кәсіпқор геологтардың Американдық институты «Минералдық ресурстарды пайдалану бойынша жетекші» тақырыбында жұмысын жариялады [10] . Жұмыстың мақсаты - қабаттық ресурстардың кен орындарын өңдеу жағдайындағы басты шаруашылықтың қарым-қатынастарын сипаттау үшін экономикалық, саяси, техникалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың минералдық-шикізаттық базаға әсерін бейнелеу. «Жетекшілікте» авторлар АҚШ-да қабылданған терминологиялық базаға сүйенеді және құжатқа сай резервтерге жалпы
минералдық-шикізаттық, отындық-энергетикалық және басқа да қабаттық ресурстардың сенімді барланған, қазіргі өндіріс жағдайларында тиімді игеріліп, қолданылатын бөлігі жатқызылады. Құжатқа сай пайдалы қазбаларды пайдалануға қатысты берделер мыналар:
- кез келген жыныс немесе минерал нақты техникалық, мэдени жәнеэкономикалық жағдайларға сай потенциалдық құндылыққа ие, яғни жерқабатының барлық пайдалы бөлігі потенциалдық қүндылыққа ие;
- әрбір ірі, концентрацияланған және пайдалы жыныс ықтималқұндылыққа ие;
- нақты техникалық және әлеуметтік - экономикалық жағдайлардаигеруге мүмкін минералдық шикізат қорлары шектеулі;
- игерілуі мүмкін шикізат қорлары кез келген мезетте жер қабатындағынақты минералдық ресурстың жалпы көлемінің аз ғана үлесін құрайды;
- нарықтық экономикалы елдердегі минералдық шикізаттың көптегентүрінің резервтері оларға тағайындалған бағаның өсуіне сай артады [10] .
Жоғарыда аталғандай, құжаттың авторлары ұсынған көмірсутектік ресурстарды экономикалық бағалауға концепциялық тәсілдер мынандай қорытынды береді: көпкомпонентті шикізат ресурстар «қожайынының» мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда қандай өнім ассортиментін игеру керектігіне тәуелді жеке қарастырылуы тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында мұнайгаз кен орындарын экономикалық бағалау үшін қолданылатын алуан түрлі әдістемелік тәсілдер шаруашылықтың жоспарланған жүйесі жағдайындағы тәсілдерден ерекше. Осыған байланысты жұмысты орындау барысында қолданылатын анықтамалар енгізу керек.
Барлық есептік ақпараттар негізінде дүниежүзілік тэжірибеде жалпы қабылданған мынандай терминдер қолданылады:
- ақша ағымы, қаржылық ресурстардың қозғалысы, құралдардың алмасуынемесе тауарлар мен қызметтердің ақша түріндегі құны;
- дисконттық немесе игерілген инвестицияларды ағымдық кезеңгекелтіру, дисконтталған ақша ағымы - нақты кезеңге келтірілген болашақкүтілінетін ақшалай түсімдер мен шығындар шамасы;
- ақша ағымының таза жаңа құны (ТЖҚ) ;
- пайданың ішкі нормасы (ШН) - инвестицияның өтелу нормасы.
Нарықты экономикалы елдерде қолданылатын талдау тәсілдері мынадайқағидаға негізделген: жетілген инвестициялық шешімдер, яғни оларды таңдаудың экономикалық белгілеріне жауап беретін шешімдер экономикалық өсу мен қоғам өмірінің сапасын жақсартуға жол ашады. Осыған сай, инвестициялардың тиімділігін талдау мақсаты шектеулерді ескере отырып, қоғамдық және жеке жағымды жағдайларды арттыруға бағытталған.
Инвестицияның тиімділігін талдау бойынша шетелдерде қабылданған әдістемелік тәсілдер оларды меншіктік құралдар есебінен ғана емес, сонымен қатар қарыз көмегімен қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл жағдайда инвестициялық салымдардың тиімділігін анықтауда қарыздың негізгі саласынан төлемдер мен қарызды өтеу бойынша өсімдер ескеріледі.
Сонымен, инвестициялық төлемдердің тиімділігін бағалау үшін бірнеше көрсеткіш жүйесі қолданылады, бірақ оларды таңдау жобаның сипатына тәуелді жүзеге асырылады. Капиталдық салымдар мен инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау тәсілдерін таңдауды сипаттайтын маңызды факторларға мыналар жатады:
- салым көлемі: шағын, орта, ірі;
- инвестициялау ұзақтығы: қысқамерзімдік, ортамерзімдік жәнеұзақмерзімдік варианттар;
- дисконт деңгейі;
- инвестициялық жобалардың типтері: тәуелді және тәуелсіз, стандарттықжәне стандарттан тыс;
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда мынадай тиімділік түрлері қолданылады:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік - жобаға қатынасушылар үшінжобаны жүзеге асырудағы қаржылық салдарды анықтайды;
- бюджеттік тиімділік - аймақтық және жергілікті бюджет үшін жобаныжүзеге асырудағы қаржылық салдарды анықтайды;
- экономикалық тиімділік - инвестициялық жоба қаржылық қызығушылықтарынан тыс жобаны жүзеге асырудағышығындар мен нәтижелерді анықтайды.
Қалпына келтірілмейтін ресурстарды пайдаланудағы өндірістің кез келген түрінің тиімділігін бағалаудың дәстүрлі тәсілі - өндірілген шикізатты өткізуден түскен кіріс есебінен күрделі салымдардың жүзеге асырылу кезеңі мен деңгейі туралы ақпар беретін алуан түрлі экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
Сонымен қатар, күрделі экономикалық зерттеулерді жүргізу барысында есептеулерді бірнеше рентабельділіктің көрсеткіштерімен толықтыру керек: инвестицияның нақты тиімділік коэффициенті, дисконттық инвестициялардың нақты өтелу коэффициенті және т. б.
Шикізатты кешенді пайдаланудан экономикалық тиімділік - материал сыйымдылықты азайту және өнім өндірісіндегі еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеу. Мұнайды кешенді қолдану - аз қалдықты және қалдықсыз технологияның басты шарты. Оның негізгі принциптерін жүзеге асыру үшін бір шикізат түрінен жан-жақты мақсатты бірнеше жаңа өнім түрлерін алуға мүмкіндік беретін қосымша шығындар қажеттілігі ашылады.
Қабаттық, соның ішінде мұнайлы ресурстарды пайдаланудан тиімділікті арттырудың негізгі мәселелерінің бірі - пайдалылық коэффициентін арттыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі өнім алу.
Ескере кететін жайт, аймақты деңгейде инвестицияларды игеруден нақты нэтижелерді есептеу барысында көмірсутектік шикізатты өндіру мен пайдалануға байланысты жеке кешендердің қызметіне тән ерекшеліктер туындауын ұмытпау керек. Осыған байланысты бірнеше салыстырмалы шамаларды есептеу қажеттілігі туындайды, мұның өзі зерттелетін аймақтың экономикасы салаларының өндірістік-шаруашылықтық қызметінің көрсеткіштерін республикалық деңгеймен салыстыруға мүмкіндік береді [11] .
Салыстыру процесіндегі нақты экономикалық тиімділікті сипаттау үшін қолданылатын көрсеткіштер жүйесіне мынадай талаптар қойылады:
- көрсеткіштер нақты және дәл ақпарға сүйеніп, саланың даму деңгейінтолық аша білуі керек.
- көрсеткіштердің мәні нақты сандық бағалауға ие болуы тиіс.
- қолданылатын ақпарлардың талдауы серпіндік деңгейде берілуі тиіс.
- жеке салалар немесе уақытша құрылған өндіріс топтарынсалыстырудағы аналитикалық жүмыс барысында бірыңғай көрсеткіштерқолдануы тиіс.
Шаруашылықтың нақты саласының деңгейі, біздің мысалымызда, мұнайгаз кешені, оның қүрамына енетін мекемелердің өндірген өнімдерінің көлемімен анықталады. Сондықтан мекеме қызметінің негізгі көрсеткіштерінің қосымша шамаларын да талдау қажет. Мұндай шамаларға өндірілген өнімнің энергиялық және еңбексыйымдылығы, энергиямен және қормен жабдықталу, қорқайтарымы жатады. Мұндай көрсеткіштер жүйесі зерттелінетін өндірістің техникалық жарақтану жағдайы мен оның экономикалық нәтижелерін анықтауға жол ашады. Сонымен қатар, әрбір құраушы жүйені бір-бірімен салыстыру өндірістік-шаруашылық қызметтің болашақ бағытына себебін тигізетін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Талдау процесі барысында еңбек өнімділігін арттыру, үлестік күрделі салымдарды азайту бойынша нақты факторларға басты назар аударылады, мұның өзі мынадай жағдайларымен байланысты:
- Шикізаттық ресурстардың пайдаланылуын жақсартумен (шикізаттықресурстарды пайдаланудың барлық кезеңдеріндегі шығындарды қысқарту) ;
- Қондырғыларды толық іске қосу, жарылыстардың алдын-алунәтижесінде өндірістік қуаттарды пайдалану коэффициентін арттыру;
- Жұмыс уақытыньщ құрылымдық сапасын жақсарту;
- Объектілер қүрылысының ұзақтығын, аяқталмаған құрылыс көлемін
қысқарту, қуатты өнімді өндірудің жоспарланған көлемін өз уақытында
енгізуге бағытталған инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану.Капиталдық салымдар мен өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша факторларды талдау көптеген мэселелердің көрсеткіш деңгейінің әсер етуін бейнелеп берді. Экономикалық тиімділікті арттырудың басты бағыттары мыналар:
- Мұнай нарығы ің өндірістік объектілерін тарату, тиімді өндірістікжәне элеуметтік инфрақұрылымды құруды оптимизациялауды көздейтінаймақтық факторларды пайдалану;
- Салааралық сипаттағы міндеттерді шешуді көздейтін өндірісқүрылымын пайдалану;
- Отын-энергетикалық, минералдық-шикізаттық ресурстарды кешендіпайдалануға негізделген шикізаттық ресурстарды үнемдеудің басты бағытыболып табылатын материал сыйымдылықты азайту.
Республика территориясында мұнай мен газдың ірі кеніштерінің ашылуы дүниежүзілік нарықтағы елдің болашағын анықтап берді. Бірак, жаңа экономикалық жағдайларда көмірсутектік ресурстарды игеру жағымсыз факторлар әсерінен тежелуде.
1. 2 Нарықтық экономика жағдайындағы мұнай кешенін қалыптастыру мен дамыту ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz