Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1. Студенттердің жеке пәндерде өзіндік жұмысты жасаудың педагогикалық- психологиялық мәселелері . . . 7
1. 2. Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен шарттары . . .
1. 3. Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру . . .
2. Жеке пәндерді оқыту барысында студенттердің этнопедагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.
2. 1. Кредиттік оқыту жүйесінің мәні студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың үлгісі . . .
2. 2. Студенттердің этнопедагогика пәнінде өзіндік жұмыс жасауға арналған сабақ жоспарларының үлгілері мен педагогикалық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі . . .
2. 3. Студенттердің этнопедагогика пәнінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОСЫМША . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр - қарыштап дамыған білім ғасыры. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі ең алдымен халқымыздың білімі мен біліктілігін арттыруды көздейді. Қазақстанда білім беру саясатының негізгі принциптері ҚР «Білім туралы» заңында 15. 08. 2007 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында белгіленген.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет алды. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту жағдайларында қолдануға болатын жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары блім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе студенттің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріліп отыр.
Оқу үрдісін жетілдіру және студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғалым педагогтардың еңбектері арналған Я. А. Каменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов т. б. [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7]
Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әекетті белсендіру, танымдық ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша С. С. Смайовтың, А. Ғ. Әбілқасымованың, Р. С. Омарованың, Т. И. Шамованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулері бар [8; 9; 10; 11; 12; 13]
Зерттеу тақырыбын «Этнопедагогика пәнін оқытуда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: этнопедагогика пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс жасау біліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Студенттердің этнопедагогика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау. Зерттеудің міндеттері:
- оқу үрдісінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңде жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
- студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру процесінің моделін құру;
- студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты әдістемесін жасау;
- студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру,
- оқу үрдісінде студенттердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егерде университет қабырғасында студенттердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылымдық негізінде теориялық -әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып, олардың субъект ретіндегі дербес мүмкіндіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ерекшеліктері оқу үрдісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылыми негізде ұйымдастырылса, онда студенттердің оқу-танымдық білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туныдап, танымдық дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздылығы қалыптасады.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясының бағдарламасы, ҚР Үкіметінің заңдары мен қаулылары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, тұжырымдамалар, озат іс-тәжірибелер, автордың орындаған педагогикалық іс-тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдеби талдау жасау, жоғары оқу орындарында оқыту процесін бақылау, озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау, тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау. .
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Университет қабырғасындағы студенттердің өзіндік жұмыс жасау ерекшелітерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген анықтамаларбір жүйеге келтірілді және ұғымның мәні мен мазмұны ашылды.
Зерттеудің практкиалық мәнділігі: Студенттерге этнопедагогика пәнін оқыту барысында өзіндік жұмыс жасау біліктерін қалыптастырудың және ұйымдастырудың әдістемесі жасалды.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- студенттердің өзіндік жұмысының ғылыми-педагогикалық негізі;
- студенттердің өзіндік жұмысының түрлері мен оған қойылатын шарттар;
- студенттердің өзіндік белсенділігінің дамытуда этнопедагогика пәнін оқыту үрдісінде өзіндік жұмыстардың әдістерін ендірудің ғылыми-әдістемелік негіздемесі;
- студенттерге этнопедагогика пәнінде өзіндік жұмыстарды қолданудың үлгі сабақ жоспары.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми апаратқа сәйкестігі, әдістемелік жұмыстардың жоспарлығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі, ерттеу әдістері, көздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.
Зерттеудің «Студенттердің жеке пәндерде өзіндік жұмысты жасаудың педагогикалық-психологиялық мәселелері» атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен зерттеулерге талдау жасау, студенттердің өзіндік жұмысының түрлері мен оған қойылатын талаптар қарастырылып, оқыту үрдісінде студенттердің жеке жұмыс жасауда ұйымдастырудың ерекшеліктері анықталды.
Зерттеудің «Жеке пәндерді оқыту барысында студенттердің этнопедагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың жолдары» тақырыбындағы екінші бөлімінде студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталып, оны этнопедагогика пәнінде қолданудың әдістемесі үлгі сабақ жоспарлары арқылы көрсетілді.
Қорытындыда студенттердің жетілуіндегі өзіндік жұмыстардың маңыздылығы талқыланып, зерттеудің перспективалары көрсетілді.
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1. Студенттердің жеке пәндерде өзіндік жұмысты жасаудың педагогикалық- психологиялық мәселелері
Өзіндік оқу жүмысы - барлық құрылымның құрамаларында: мәселені қоюдан бақылауды, өзін-өзі бақылауды және түзетуді, қарапайым жұмыстың түрлерінен күрделірегіне, іздену сипатындағы болатын студенттің өз бетіндік нақты деңгейінің болуын талап ететін оқу іс-әрекеті. Бұл студенттердің танымдық қабілеттерін қалыптастыратын, оларды үздіксіз өз бетімен білім алуға бағыттайтын құрал.
Әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып тырады. Студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланады. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдісмемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуі тиіс. Студенттерде ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасады. Өзіндік жұмыс дегеніміз - оқытушының тапсырмасы оның әдістемелік жетекшлігімен, бірақ қатысынсыз орындалатын студенттердің жоспарлы жұмысы.
Білік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде орындалуы тез, дәл саналы теориялық жэне тәжірибелік әрекеттерге даярлығы. Білік дағдылы емес өзгертілген жағдайларда да жаттығулар жолымен әрекеттерді орындаудың мүмкіндігін жасайды.
XX ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы қалыптасты.
Оны негіздеушілер - Д. Б. Эльконин [ 19 ], В. В. Давыдов [ 20 ], А. К. Маркова [ 21 ], П. Я. Гальперин [ 22 ], Н. Ф. Талызин [ 23 ] т. б. - оқу теориясында жаңа проблема көтерді.
Ғалым-педагогтар зерттеулерінде дәстүрлі сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі терең әрі нақты қарастырылған болса, студентің өзіндік жүмыс жасау проблемасы педагогика ғылымын элі де толғандыруда.
Оқушылардың өзіндік жүмысы өзінің мәні жағынан, оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылады. Психологиялық-педагогикалық еңбектерде ол мынадай сипатта қарастырылады:
- студенттердің өз бетімен оқуға мүмкіндік беретін интеллектуалды қабілеті мен дағдысы; [ 24 ]
- студенттің өз күшімен білім игеруге ұмтылуы, қабілеті, дайындығы; [25]
- жеке тұлғаның өз күшімен білімді жэне іс-эрекет жолын игеру
ұмтылысында көрінетін қасиеті; [ 11, 26 ],-индивидтің өз күшімен өзінің танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны жаңа танымдық проблеманы шешуге пайдалану қабілетін туғызатын жеке тұлға қасиеті; [ 27 ] .
- оқу тапсырмасының ерекше түрі [ 28 ]
Осылайша ол дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие болады: оқушының оқу тапсырмасы жэне "студенттің оқу тапсырмасын орындау барысында көрінетін шығармашылық елестету, ойлау, еске сақтау әрекетіне сай көрінетін форма. Ол, сайып келгенде, оқушының өзіне бұрыннан таныс емес жаңа білім алуына немесе бұрын игерілген білімін кеңейту мен тереңдетуге әкеледі". [51, 17] .
- студенттердің университет қабырғасындағы дербес іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқытушының тапсырмасымен, бірак оның тікелей қатынасынсыз орындалған іс-эрекет түрі [ 29 ] .
Өзіндік оқу іс-әрекеті туралы мәселе тамыры антикалық кезеңге кетеді.
Ежелгі Рим философтарының трактаттарында оқушылардың өзіндік іс-әрекеті, дербестігі, білім игеруде ерекше орын алатындығы туралы ойлар мазмұндалады. Оқушылардың өзіндік танымдылығы А. А. Коменскийдің, сонан кейін И. Г. Песталоции және А. Дистервегтің еңбектерінде оқытуды белсенді ету қүралы ретінде тереңдетіле" түсіндіріледі. А. Дистервегтің есептеуінше, балалардың оқу процесіндегі дербестігі баланың ақыл-ой қабілеті дамуының маңызды құралы болып табылады, [ 30, 21 ],
Оқу үрдісіндегі оқушылардың өзіндік танымына сүйену маңыздылығы туралы ойлар Н. Г. Чернышевскийдің еңбектерінде де айтылады:
"Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болуды қаласа, олар өз бетінше оқып үйрену арқылы игеруі тиіс". Балалардың ойлау дербестігін жандандыратын оқыту әдістемесі К. Д. Ушинский еңбегінде терең ашылды. [31. 51]
60-жылдары өзіндік жұмыс - белгілі бір тапсырмаларды оқытушының тікелей қатысынсыз сабақта немесе танымдық күші мен қабілетін дамыту, білім сапасын көтеру мақсатында үйде орындау деген түсінік қалыптасты. Кейінғі зерттеулерде бүл проблема кең қаралып, өзіндік жүмыстар туралы терең түсінік берілді. Оған сай өзіндік жүмыс дидактикалық құбылыс ретінде қаралды, ол оқу тапсырмасы ретінде де, еске сақтау іс-эркетіне сай көрінетін форма ретінде де, тапсырманы орындау барысындағы ойлау, сондай-ақ оқушылардың өзіндік іс-эрекетін басқару мен үйымдастырудың арнайы педагогикалық күралы ретінде де сипатталады.
В. А. Козанов өз еңбегінде И. Канарскийдің 1936 жылы бірінші курсқа қабылданған студенттердің өзіндік жүмысқа дайындығының нашарлығын айтқан болатын. [ 32 ] Бүл пікірден туындайтын түжырым мынадай: ЖОО-да студенттер 1 курстан бастап өзіндік жұмыстарды еркін орындауы үшін бүл жұмыстарды мектеп қабырғасынан оның ішінде бастауыш сыныптардан бастаған жөн.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалык жэне психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады. [ 34 ]
Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологияларын қолдануға болады. Әсіресе, оқытудың компьютерлік технологиясын, программалап оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технолгиясын қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин) пікірінше, бүл технология жеке түлғаның барлық сапаларын түтас сэйкестікте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде эр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дэрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады. [ 35, 36, 37, 19 ]
Студенттердің өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, осы ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікір айтылады.
Студенттердің таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дерестігі, ең алдымен белсенділігін арттырады. Қысқаша айтқанда, бүлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең үғым. [ 38 ]
Қазіргі заманда, азаматтық қоғамда өмір сүріп, оның даму жолдарында еңбек ету үшін, кажырлы, алдына бір мақсаттар мезеп, оларды орындауға ат салыса отырып, жаңалықтарға құштар, білімді, өз қылықтары, іс-эрекеттері үшін жауап бере алатын, қиыншылықтардан қорқпай, біреудің көлеңкесіне тығылмайтын, белсенді, парасатты, жаңалықтарға құштар, әлеуметтік өмірдегі барлық құбылыстарды сараптап, баға беріп өмір бойы даму, іздену үстіндегі адамдар қоғамға, оның әлеуметтік дамуына, өркениетті елдер қатарында өмір сүру үшін өте қажет. Педагогика ғылымында осындай қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыру, соған тәрбиелеу, оқушы жастардың дербес даралығын, белсенділігін қалыптастырып, өз бетімен өмір сүре білуге дайындау деп атайды.
Студенттердің белсенділіктерін, өзіне деген сенімін бойларына қалыптастыратын, бір де бір жолдардың бірі - оқушылардың өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз атқаратын өзіндік жұмысы болып табылады және осы өзіндік жүмысты ұйымдастыру жолында кездесетін мэселелерді бізге дейін де талай педагог ғалымдар көрсетіп кеткен.
" . . . Педагогиканың ең негізгі саласының бірі, өз бетімен білім алуға баулу жэне онсыз жақсы оқыту мүмкін емес. [ 40 ] Ол-оқушыларды бірыңғай тежей беруден бас тарту керек. Оларға басшылық жасаудың өзі оқушы жастардың белсенділіктерін басып тастамауы қажет", - деп жазған. Сондай-ақ, К. Д. Ушинский, К. Н. Корнилов, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, Д. И. Писарев және т. б. педагог ғалымдар оқу-тәрбие жүмыстарын үйымдастыру барысында оқушылардың өздерінің атқаратын рөлдеріне баса көңіл бөліп, оларды жүзеге асыру жолдарының селсоқ, немқұрайлы болуын қатты сынға алған болатын. [ 41, 42 ]
Кеңес өкіметі заманына қысқаша тоқталсақ, ол кездерде оқу-тәрбие процесіндегі оқушы белсенділігі деген үғым өзінің негізгі мазмүнынан барынша ауытқып шығып, самғап қанатын кең жайып кетуге ешкімнің де құқылығы болмаған. Ел жұрттың ішінен өз идеясымен дараланып шыққан жеке түлға белсенділігі сол кездегі қоғамдық үстанымдағы моральдарға сэйкес келмейтін деген желеумен жеке түлғаларды ығыстыру, олардың еңбектерін мойындамау орын алғанды.
Ал, қазір егеменді ел болғанда адамның жеке басының дамуына, өз бетімен білімін көтеруге, бүкіл дүниежүзі жаңалықтарын игеруге барлык жағдайлар бар. Барлық әлемнің білім байлығы адам игілігі үшін қызмет атқаруда. Сондаықтан да, оқушы жастардың бойына белсенділік, жаңалыққа, білімге құштарлық, соған ұмтылатын, жалықпай ізденетін, интеллектуальдық адами қасиеттерді қалыптастыру қажет. Осыған байланысты айтылған кез-келген білімді, тәжірибелі ұстаз пікірі болашақ өмірмен ұштасып жатқандай.
М. Н. Скаткиннің пікіріне тоқталса "Оқушыларды тек қана білім мен білгірлік жүйесімен қамтамасыз ету аз, сонымен қатар олардың білімге, жаңалыққа құштар болуын, ұмтылысын арттыру қажет, бүның өзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін өте маңызды. Тек сонда ғана оқушы жастардың оқу еңбегіне деген көзқарасы өзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа өздері ұмтылатын болады. Адамның интеллектуальдық дамуы одан әрі, өмір бойы жалғаса береді, адам рухани байлыққа ұмтылады, игереді, жаңа білімдер алуға, игеруге ат салысады. Қазіргі біздің заманымызда ғылым мен техниканың, мэдениеттің соншалық биік сатыларға көтеріліп дамыған шағында адамның өз бетімен білімін толықтырып, ч көтеріп, ізденіп, оқып біліп отыру процесі ешқашан тоқтап, толастап қалуы мүмкін емес. Бүлай болмаған жағдайда адам өмірден тек артта қалып кана қоймай, қарқындап дамып келе жатқан әлеуметтік өмірде өмір сүруге жарамсыз болып қалады.
1. 2. Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен шарттары
Студенттердің өзіндік жұмысы деп олардың аудиториядан тыс жеке немесе топ болып орындау арқылы білім алуға, меңгеруге және машықтануға бағытталған оқу жұмыстарын айтады. СӨЖ мөлшері оқу жоспарында көрсетіледі және оның бір бөлігі (ОБСӨЖ) оқытушы жүктемесіне енеді. Оқытудың күндізгі бөліміндегі пән сағатының 70% СӨЖ құрайды, ал оның 50 % оқытушы басшылығымен орындайтын студенттің өзіндік жұмысына жұмсалады.
Білім берудің осындай түрі арқылы студент өз бетінше жеке жұмыс істеуге, білім алуға және оны меңгеруге мүмкіндік алады және машықтанады, үйретіледі. Бұл кезде баса назар аударатын жай студент теориялық біліммен қатар практикалық машықтануға тиіс. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін оқытушының қолында көптеген дістемелік құралдар мен студентке беретін тапсырмалар болуы тиіс. Олар арқылы оқытушы студенттің пәнді жеке игеруін, оның шығармашылық негізде ойлаын, оның іскерлігін дамытуға ықпал етеді, жетілдіреді және үйретеді.
СӨЖ тапсырмаларын орындау реферат, кейс, крассворд, есептеу және сызба жұмыстары т. б. түрлерінде орындалуы мүмкін. СӨЖ ойдағыдай әрі нәтижелі орындалуы үшін тапсырманың анық, түсінікті және дәл берілуіне, оның әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болатындығына баса назар аудару қажет.
Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы:
- тақырыптар тізімі,
- тапсырманы орындау үшін кеғестер
- тапсыру реті, мерзімі,
- бағалау тәртібі,
- қажетті әдебиеттер тізімі мен интернет сайты
Оқытушының басшылығымен орындайтын студенттің өзіндік жұмысы (ОБСӨЖ)
ОБСӨЖ аудиторияда өткізілетін сабақтың ерекше түрі. Сабақтың мазмұны мен мақсаты пәннің оқу бағдарламасымен, күрстың концепциясымен және ЖОО кітапхана қорының және оқу орнының техникалық мүмкіндігімен анықталынады. ОБСӨЖ сабақ кестесіне ендіріледі, өткізетін аудиториясы, уақыты және сабақты өткізетін оқытушының аты жөні көрсетіледі. ОБСӨЖ ұйымдастыру және оны өткізу формасы берілген тапсырмаға байланысты оқулықпен жұмыс істеу түрінде немесе жеке талдау жасау түрінде өтіледі. Ол консультативтік, интерактивтік түрде де өтілуі мүмкін. Сабақтың мұндай түріне күнделікті рейтингі төмен, қосымша кеңес алғысы келетіндер, берілген тапсырманы орындауда қиындыққа кездескен студенттер үшін ұйымдастырылады. ОБСӨЖ қатысатын студенттер санын оқытушы (тьютер) студенттердің күнделікті рейтинг балдарына сәйкес реттеп отырады. ОБСӨЖ оқытушы мен студенттің бірге орындайтын жұмысы болғандықтан оны өткізу формасы СӨЖ өзгеше болуы әбден ықтимал. Осы мақсатта ОБСӨЖ трениг, дискуссия, іскерлік немесе дидактикалық ойындар, презентация, кейс құрастыру, топ немесе жеке жобалар жасау түрінде өтіледі.
ОБСӨЖ кеңес беру және бақылау функцияларын орындайтынын да ескеру қажет.
ОБСӨЖ құрылымы:
- тақырыптары;
- тапсырмалар және сұрақтар;
- тақырыпты өткізу немесе қабылдау формасы;
- тапсырманы орындау үшін кеңестер;
- студенттің сабақтағы белсенділігін арттыратын танымдық тарату материалдарын (активные раздаточные материалы) пайдалану;
- тапсыру реті, мерзімі;
- бағалау тәртібі (баға критериі) ;
- қажетті әдебиеттер тізімі мен интернет сайты;
- сабақ кестесіне ендірілуі, уақыты, өтілетін орны, оқытушының аты жөні.
- СӨЖ, ОБСӨЖ қабылдау кестесі (сабақтардың әдістемелік нұсқауларында көрсетілуі мүмкін)
Студенттің игерген теориялық білімдері мен меңгерген практикалық біліктілігін бақылайтын және өлшейтін құралдар мен әдістер.
Студент білімін бақылау және тексеру оқу процесінің негізгі және ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл жүйе диагностикалық, бақылау және тексеру сияқты міндеттерді ойдағыдай атқаруы үшін оқытушы арсеналында тексерудің арнаулы әдістері мен құралдары болуы қажет немесе оны дайындау керек. Осы мақсатта пән материалдарын игеру дәрежесін анықтайтын бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары пайдаланылады. Студенттің белгілі бір мамандықты игерудегі білім дәрежесі, оның дайындығының сапасын тксеру алдын ала сараптап өткен, құрастыру мазмұны пән бағдарламасына сәйкес келетін, құрылымы тестология принциптерін қанағаттандыратын, яғни стандартталған тексеру құжаттарын қолдану қажет. Сонымен қатар қолданылатын рейтинг жүйесі, студент білімін бағалау критериялары анық түсінікті және біріңғай болғаны жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz