Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру форма – Ойын


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру форма -«Ойын»

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортамен таныстыруда ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін қолданудың теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеттері жайлы ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеулері . . . 8

1. 2 Ойынның бала өміріндегі алатын орны . . . 14

ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін қолданудың әдістемелік негіздері.

2. 1 Бала дамуына қатысты ойын түрлерін қолданудың мазмұны . . . 20

2. 2 Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері . . . 28

Қорытынды . . . 37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат-тың негізгі принциптерін және Қазақстан Республикасы азаматтарының бі-лім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету ережелері де қамтылған.
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Казақстан Республикасы үкіметінің каулысы және мектепке дейінгі ұйым-дардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар норматив-тік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке де-йінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөй-леу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.
Заңдағы тікелей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мәселеле-ріне тоқталатын болсақ, ол 23-бапта нақты берілген:

1. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, олардың дене және психикалық денсаулығын қорғап, нығайтуды, дамуында ауықтуы бар балалардың жеке қабілеттерін дамытуды, оған мұқтаж балаларға қажетті түзету жасауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік білім беру мен денсаулық сақтауды басқару орыындары мек-тепке дейінгі ұйымдар мен отбасына қажетті әдістемелік және конституция-лық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

4. Бес (алты) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндеті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберіңде жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылған негізгі, көкейкесті мәселелерді отбасында, балабақшада жүзеге асыру үшін келешекте кезек күттірмейтін іс-шаралар ұйымдастырылуы шарт. Атап айтқанда:

- отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты

3

сақтай отырып, ата-аналармен жұмысты жандандыру;

- мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлім-тәрбие жұмысын жақсарту,
- тәрбиенің сан-саналы келелі мәселелерін шешетін қарапайым дағдыларын бала санасына орнықтыратын алғашқы білім негіздерін қалауға баса назар аудару;
- баланың жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, өз ойын жинақтай бі-ліп, жаңа мәліметтерді тіл байлығы арқылы жеткізе білуге қызығушылықта-рын арттыру. [1]

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміз дамуы-ның жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт - бағдарын анықтап, ай-қындап берген болатын. Сондықтан бала бақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруда тәрбиешілер мен педагоги-калық қызметкерлер алдында үлкен мақсатты жұмыс тұрғандығын көрсетеді. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмір-дің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы бо-лу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақша-дан басталып, жан -жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақша-дағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі бо-лып саналады. [2]

«Зерек бала» бағдарламасындағы «Таным» білім беру саласында қоршаған ортамен таныстыру бойынша мынадай мақсат-міндеттермен бағыттар берілген:

Мақсаты: қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылықтарын дамыту.

4

Міндеттері:

1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қозғалыс пен байланыс құралдары, қарапайым зерттеу-іздеу әрекеттері туралы ұғымдарын кеңейту.

2. Заттар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын, құбылыстар мен оқиғаларды түсіну іскерліктерін қалыптастыру.

3. Заттар әлемі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Заттық әлем

Заттар әлемін меңгеру және оларды қолдану.

Заттарды қарап, зерттеу.

Өзін қоршаған заттарды көлеміне, түсіне, пішініне, бөлшектеріне, сапасына, қызметіне, ерекшеліктеріне қарай ажыратып, оларды қолдану іскерліктерін жетілдіру.

Қоршаған заттардың құрылысы, оның қандай материалдан жасалғаны (шыны аяқпен шай ішетіні, оны су құйылатындай терең етіп, тұтқа - шыны аяқты ұстауға ыңғайлы болу үшін керек, шыны аяқты жеңіл болу үшін фар-фордан немесе шыныдан жасайды) туралы түсініктер беру.

Балабақша бөлмесінде, аулада еркін бағыт-бағдар жасау, топ бөлмесінде және тұрмыста заттарды дұрыс қолдану іскерліктерін жетілдіру.

Қозғалыс және байланыс құралдары

Түрлі қоғамдық және жеке көлік түрлерімен, жүк көлігінің түрлерімен, түрлі жүкті тасуға арналған машина кузовының түрлерімен (самосвал, сүт таситын, фургон, пошта таситын, өрт сөндіруші, жедел жәрдем медицина көлігі) көліктің құрылысы, оның жүгінің сипаты мен мағынасына байланысы туралы айтып таныстыру.

Жергілікті жағдайға байланысты көлік құралдарын (автобус, трамвай, жүк көлігі, жеңіл көлік, поезд, ұшақ, кеме) танып, атай білуге үйрету.

Ақпаратпен жұмыс

5

Ересектермен әңгімелесуге, әдеби шығармаларға, телехабарларға, компьютерлік ақпараттар және олардың мазмұнына қызығушылығын қалыптастыру.

Балалардың мәдени әлемін жаңа білімдермен, ақпараттармен байыту мақсатында ересектермен әңгімелесу, әдеби шығармаларға, телебағдарлама-ларға, компьютерлік ақпарттар мен оның мазмұнына қызығушылықтарын арттыру.

Балалармен, ересектермен қарым-қатынас жасау барысында қызықты ақпараттар алмасу.

Менің елім - Қазақстан

Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Мемлекеттік рәміздермен таныстыру (Әнұран, Ту, Елтаңба) .

Адамдардың баспаналары (киіз үй, пәтер, т. б. ), олардың айырмашы-лықтарымен таныстыру, өзінің мекен-жайын жаттату.

Қалалар мен ауылдар, олардың ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Өмір қауіпсіздігі мен жолда жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыруды жалғастыру.

Жол қиылысымен, «Жаяу жүргінші жолы» және «Медициналық көмек пункті» жол белгілерімен таныстыру.

Жаяу жүргінші тротуармен, балалар жолдан ата-аналарының көмегімен, жаяу адам көлікті аялдамада күтеді, көлік ішінде ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтау.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;

- үшкір заттармен ойнамау;

- электр құралдарынан алыс жүру;

- отпен ойнамау. [3]

6

Зерттеудің мақсаты: ойын әрекеті үдерістерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған ойын іс-әрекетіне арналған ғалымдардың еңбектері қарастыру;

- баланың өміріндегі ойын іс-әрекетінің маңызы анықтау;

- баланың танымдық іс-әрекетін өсіретін ойынның түрлерін талдау;

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі педагогика.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

7

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортамен таныстыруда ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін қолданудың теориялық негіздері.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеттері жайлы ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеулері

Ойын- күрделі философиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттейтіндіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Философиялық еңбектерде ойын әр түрлі көзқараста, пікірде түсіндіріледі. Мысалы, сонау ерте замандағы грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.

Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастыру-шы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын- әрі жоғары ақыл, рахат-тану, қызық және теңдесі жоқ жоғарғы құбылыс.

Бұған философтар И. Кант және Ф. Шиллерлердің пікірлері сабақтас, сондықтан екеуінің пікірінше, «Человек играет только тогда, когда он полном значении слова человек, и он бывает вполне человеком лишь тогда, когда играет». Бірақ Ф. Шиллер пікірімен келіспейтін тұстары да бар. Ф. Шиллер адамның ойлауына ешқандай орта әсер етпейді, ол өзіндегі артық күштен арылу үшін ойнайды деп есептейді. Ф. Шиллер адамдар арасындағы ойынды жануарлар ойынымен тең қояды. Мұндай пікірге ағылшын ғалымы Г. Спенсер де қосылады. Ойын теориясын жеке зерттеген Н. Хейзенге ойын іс-әректіңін адамның рухани энергия алуы үішн керек дейді. Осы энергия негі-зінде адам мәдени тұрғыда жамиды және өседі деген пікірде Кеңес одағы философтары М. В. Делин, Д. И. Узнадзе т. б. ойын адамның өзіндік іс-әрекеті дей келе, оны еңбекпен байланыстырады.

Осының негізінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғын-

8

дыруда мынадай теориялар қалыптасқан:

1. Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Плотон, Демокрит)

2. Ойын-артық күштен арылу жолы (Ф. Шиллер, Г. Спенсер)

3. Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К. Гросс, К. Бюллер)

4. Функционалды тенденция теориясы (Д. Н. Узнадзе, т. б. )

Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л. С. Выготский, С. Л. Рубен-штейн, Д. Б. Эльконин, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев секілді ғалымдар атсалыс-ты. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, «ойын негізінде адамның барлық психи-калық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды. Д. Б. Эльконин «Путь развития игры идет от конкретного предметного действия и обобщенному игровому действию, и от него и игровому ролевому действии; есть ложкой, кормить ложкой. Таков схематический путь к ролевой игре». К. Г. Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эв-ристикалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:

Қажеттілік→мотив→мақсат→ойын іс-әрекеті→нәтиже.

Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:

а) Әлеуметтік тұрғвдан ойлауды қалыптастырады,

ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;

б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;

в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға өтеді.

Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады: Белгілі педагог Ю. К. Бабанский ойынды «как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся» -деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыс-тардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А. С. Гуревич, А. В. Кили-ниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н. Н. Скатова,

Р. И. Половникава, В. К. Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар

9

оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарас-тырамыз. [4]

Ә. Диваевтың «Этнографиялық шолуда» жарық көрген «Қырғыздардың өз балаларын ойнатуы» деген еңбегінде барлық халықтарға кең тараған саусақ ойыны қарастырылады. Қазақ отбасында бала жылай бастаса, оны жұбату үшін қолынан дереу ұстай алып, саусақтарын санай бастайды:баланың бас бармағын ұстап тұрып: «Мал ұрлайық!» дейді, сұқ саусағын ұстап тұрып: «Ұрласақ ұрлайық» дейді. Ортаңғы саусағын ұстап: «Құдайдан қорықпайсыңдар ма?» дейді. Аты жоқ саусағынан ұстап: «Құдай не істейді?» дейді. Шынашағын ұстап: «Ұрлайық та, сояйық!» дейді. Баланың екінші қолының да саусақтарын дәл осылай санайды. Ә. Диваев бұл мақаласында саусақтардың қазақ тіліндегі аталуын түсіндіреді: Бас бармақ, сұқ қолды-балалы үйрек, ортан бармақ-ортан терек, аты жоқ бармақты-шылдыр шүмек және ең соңғы шынашақты-кішкентай бөбек.

Ә. Диваев ойында қазақы тәрбиенің, халықтық педагогиканың ерекшеліктері барынша толық көрінетінін, және бір маңыздысы- ойын үстінде балалар өзін-өзі тәрбиелеуге өте ерте кірісетінің, бұл жағдай алдын ала мақсат қоймай-ақ, табиғи түрде жүзеге асатынын айтады. Мақсат деген ойын барысында, соған байланысты түрде, нәтижеге және жетістікке сәйкес жол-жөнекей пайда болады.

Ә. Диваев «Туркестанские ведомостиде» (1905 ж., №152; 1907 ж., №54) жарияланған «Қырғыз (қазақ-автор) балаларының ойындары», «Қырғыз (қазақ-автор) жастарының ежелгі ойындары» деген еңбектерінде қазақ балаларының көптеген ойындарына сипаттама берген, мысалы, «Соқыр теке», «Түйе-түйе», «Бөрік жасырмақ», «Көк сиыр», «Үйшік-үйшік» және басқалар. «Соқыр теке деген ойында балалар бір жерге жиналып, жерге қатар-қатар аяқтарын созып отырады, әрқайсысы «ұқала-ұқала» деп тізелерін ұқалай бастайды. Содан кейін бәрі орындарынан тұрады, тұрғанда кімнің тізе буыны сықырласа, соның көзін байлап қояды, ал қалған балалар жан-жаққа қаша

10

жөнеледі. Көзі байланған бала қашқандарды қуып жетіп, ұстауға тырысады, біреуін ұстап алса, ұсталған баланың есімін атауы керек, дәл тапса, ұсталған бала «соқыр теке» болады: оның көзі байланып, алғашқы баланың істегенін қайталайды. Егер ата-бабаларымыздың балалары ойнаған ойындарды қазіргі ойындармен салыстырсақ, «Соқыр теке» ойынының қазіргі балалар арасында кең тараған «жасырынбақпен» ұқсастығын байқаймыз. Қазіргі түрінде кездеспейтін бір ғана сәті, бүгінгі балалар тізелерін ұқаламайды, қалғанының бәрі ұқсас.

Сөйтіп, ойын- жай ермек емес, бала үшін алғашқы мектеп, ертедегі ба-баларымыз осыны білген, сондықтан ойынға зор мән берген. Бүгінгі аға буын өкілдері, өмірлік тәжірибесі мол ата-әжелеріміз шектен тыс қатал ата-аналарға «баланың ойынына кедергі жасамаңдар!» дейтіні кездейсоқ емес.

Ә. Диваев қазақ балаларының аталған ойындарын жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлген.

Жас категориясы
Ойынның аты
Жас категориясы: 7 жасқа дейінгі сәби
Ойынның аты: «Соқыр теке», «Түйе-түйе», «Бөрік жасырмақ», «Көк сиыр», «Үйшік-үйшік»
Жас категориясы: 7-ден 15 жасқа дейінгі жеткіншек
Ойынның аты: «Орда», «Домалақ ағаш», «Тақия теппек», «Шілік»
Жас категориясы: 15-тен 30 жасқа дейінгі жастар
Ойынның аты: «Қыз ойнақ», «Қыз қашар», «Дамбал салды»

Ғалым «Қырғыз (қазақ-автор) балаларының ойындары» деген еңбегінде ұлт-тық ойындарға сипаттама беріп, қыз балалар жасайтын қуыршақтарды және ұл балалар сазбалшықтан жасайтын жылқылар мен түйелерді қоспағанда, қа-зақ балаларында ойыншық болмағанын айтады. «Бұл ойыншықтардың бар-лығы сыртқы түрі жағынан көз тартарлық емес, бірақ антропологиялық тұр-ғыдан алғанда осы табиғилық олардың құнын арттыра түседі». Автор қазақ-тың қолдан жасаған ойыншықтарын еуропалықтардікімен салыстыра келе, фабрика ойыншықтары өзі арналып жасалған сала жөнінде ештене айт-

11

пайды, олар бала ойы мен тілектерінің әлеміне жетелемейді және себебі де түсінікті деп дұрыс аңғарады. Бұл ойыншықтар фабрикалық әдіспен жаса-лады: балалар әлеміне олар сырттан әкелінеді, сондықтан балалардың талға-мы мен бейімділігінен гөрі өндірушілердің мүддесін білдіреді. «Далалықтар-дың балаларының ойыншықтары мүлде ондай емес. Мұндағы қара қожалақ қырғыз (қазақ-автор) баласы сазбалшықтан түйе немесе жылқы ойыншығын өзі жасап алады, сондықтан бұл толығымен сол баланың шығармашылық әрекетінің жемісіне жатады». Қолдан жасалған ойыншықтың фабриканікімен салыстырғанда құнды екенін айта келіп, Ә. Диваев бұл әрекеттің тәрбиелік жағына да тоқталады, өйткені бала әрдайым өз қолымен жасалғанның қадірін біледі, демек ұқыпты болады. [5]

Сонымен, балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін кернекті орыс педагогтары Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, КД. Ушинский, П. Г. Само-рукова, психолог-ғалымдар Д. Б. Эльконин, А. В. Черков, Р М. Римбург, А. В. Запорожец жәнет. 6. зерттеп еңбектер жазған. Н. К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді. "Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағыдығы артып, тап-қырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді"-деген болатын.

Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбекгерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.

Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш. Уәли-ханов, ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, қазақ зиялылары А. Байтұрсынов,

12

Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев және т. б. атап көр-сеткен. М. Жұмабаев "Педагогика" еңбегінде балаларға рухани тәрбие бе-рудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабыл-дауға жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған [6] .

Ойын бала үшін еліктеу, күнделікті негізгі іс-әрекет және оның жеке өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуынша, ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану- баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақ-саттар. Ойындар баланың қисынды ойлау қабілетні және қиялдау қабілет-терін дамытуға жетелейлі. Ғалым: «Бала ойында шынығып, «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады»-, деп атап көрсеткен. Автордың бұл пікірінен мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісте ойынды пайдаланудың мақсатын айқындап бергенін көруге болады.

«Бала бастапқы кезінде адамнан гөрі табиғатқа жақын . . . Оның өсуі, есеюі адам зорлауымен жүрмей, табиғат жолымен жүрмек. Бала табиғаты нені сүйеді? Бала табиғатының сүйетіні: жүру, жүгіру, ойнай жүре бір нәрсені шұқып істеген болу. Баланың ойыны қайсы, «жұмысы» қайсы, айыруға бол-майды. Ойыны да - ойын, «жұмысы да» - ойын, бәрін не ойын үстінде, ойын үшін істейді. Ойында жүреді, жүгіреді, ойын үшін шұқынып істеген «жұмы-сына» қанағат болады. Ойын үстінде сөйлеседі, таласады, тартысады; ойын үстіндегі өнерлері ойынынан ойын шығарады, неше түрлі ойыншықтар жа-сайды. Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде мектеп балала-рына сабақ беру, үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі айтылған сияқты-лар балалар табиғаты тілейтін жөнмен үйрету айтылды, яғни баланы ойыны-на үйрету, қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек.

13

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz