Күрделі емес аппараттарды дайындау технологиясы


Тақырыбы: Күрделі емес аппараттарды дайындау технологиясы.
жоспары:
- Ортопедиялық аппараттардың жіктелулері.
- Жақ-бет ортопедиясы
- Жақ-бет ортопедиясында қолданылатын аппараттардың жіктелулері.
Емдік және алдын алу апараттары - бұл ортопедиялық қондырғылар шайнау - сөйлеу аппаратында болатын ауытқуларды, ақауларды қалпына келтіруге арналған. Шайнау - сөйлеу аппарты бұл бір бірімен тығыз байланыста болатын мүшелер тобын айтады, олар шайнауға, тыныс алуға, дыбыстарды құрауға және сөйлеуге арналған.
Аномалия - бұл белгілі биологиялық түрге тән қызметі мен құрылсынан ауытқу, ағзаның даму бұзылыстары салдарынан пайда болатын құбылыс.
Көптеген ортопедиялық алдын алуға және емдеуге арналған аппараттар бекітілу әдісіне, қондырғының түріне, орналасу орнына, әсер етуі мен тағайындалуына байланысты бөлінеді. Барлық протездер келесі ретпен топтастырылады:
· Бекітілу әдісі бойынша:
- Алынбалы протездер - адгезия арқылы, анатомиялық ретенция және механикалық бекіткіштер (ілмектер, вестибулярлы доға, құлыпты бекіткіштер, тіс альвеолалық құрсау) көмегімен бекітіледі, керек жағдайда науқастың өзі протез орны тіңдерін, табиғи тістерді, олардың пародонтына, протездің өзіне ешқандай зиян келтірмей ауыз қуысынан алып шығып, қайтадан орнына кигізе алады. Бұл протездерге жартылай алынбалы пластиналы пртездер, толық алынбалы пластиналы протездер және доғалы протездер жатады.
- Жартылай алынбалы пластиналы протез дегеніміз - бұл тіс қатарының жартылай ақауларын жасанды қондырғылардың көмегімен қалпына келтіруге арналған протез. Бұндай протездер қондырғыларына тек қана тіс қатарының анатомиялық пішінін келтіріп қоймайды сонымен бірге жоғалтылған жақтың қатты тіңдерінің және ауыз қуысының жұмсақ тіңдерінің рельефтерінің ерекшеліктерін келтіреді. Егерде ақауларды алынбайтын протездермен қалпына келтіру толық жүргізілмесе жартылай алынбалы протездер қолданылады. Жартылай пластиналы протездер көмегімен тіс жақ жүйесінің қызметі қалпына келеді және оның көмегімен айтарлықтай косметикалық нәтижеге жетуге болады. Пластиналы пртездер арқылы тек қана тістердің пішінінін және түсін келтіріп қана қоймай, ауыз қуысының шырышты қабатының рельефі мен түсінде келтіруге борлады. Жартылай пластиналы протез негізден және ақау аймағында орналасқан жасанды тістерден тұрады. Протездің құрамды бөліктеріне бекіткіш элементтер - ілмектер және аттачмендер жатады.
Толық алмалы - салмалы протез бұл - тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс - жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Альвеоляр өсіндісі мен жақтардың семуі жүреді. Жақта барлық тістер болмағанда самай төменгі жақ буынында өзгерістер кездеседі. Толық алмалы - салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады. Толық алмалы - салмалы протездер пластмассалы негізден және жасанды тістерден тұрады.
Доғалы протездер бұл - алынбалы протездер, тірек ілмектерден немесе құлыпты бекіткіштерден, негізі бар жасанды тістерден және доғадан тұрады. Протездің металл бөлшектері протездің қаңқасы деп аталады. Доғалы протезде пластиналы протезге қарағанда, протезден өтетін шайнау қысымы тірек тістерге ілмектер арқылы таралады, ал протездің негізі арқылы альвеолярлы өсіндінің, жақ денесінің және таңдайдың шырышты қабатына таралады. Ілмектер арқылы тірек тістерге шайнау қысымы берілгендіктен пластиналы протезге қарағанда доғалы протездің негізін кішірек етіп жасауға болады. Доғалы тіс протезі ілмектерден, тістесу бастырғышынан, металды доға - бюгельден, ер тәрізді негізден және басқа да арнайы құрылымдардан тұрады.
- Алынбайтын протездер- бұлар тірек тістерге немесе имплантаттарға уақытша (цинкоксидэвгенольды сықпалармен) немесе тұрақты бекіткіштермен (цементтер, композитті материалдар, құлыпты бекіткіштер) бекітіледі. Оларды ауыз қуысынан алып шығу тек қана дәрігердің көмегімен арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі. Алынбайтын протездерге көпір тектес протездер, қаптамалар, салмалар, жартылай қаптамаларды т. б. жатқызуға болады.
Тіс қатарлары ақауларында олардың орналасуы мен аралығының ұзақтығына байланысты және сақталған тістердің тіректік аппаратының жағдайына байланысты көпіртектес немесе консольды протездер қолданылады. Консольды немесе көпіртектес протездер тіректі бөліктен және протез денесінен (аралық бөлік) тұрады.
Консольды протез бұл - алынбайтын протез түрі, тірек бөлігі бір жақта ғана болғанда тіс қатары ақауын қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz