Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру.
І. Арнайы мектептегі оқыту формалары.
ІІ.Выготскийдің психологиялық теориялары.
2.1.Арнайы педагогиканың кәсіби әрекетінің мазмұны.
2.2.Арнайы мектепте сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2.3.Арнайы оқытудың қағидалары.
А)Сөйлеуі бұзылған балалар.
ІІІ.Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесінің құрылуы және
даму тарихы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру.
Күрделі кемістік, күрделі дефект, дамудағы күрделі ауытқулықтар,
түзетудің бірігуі, бұзылудың күрделі құрылымы.
Күрделі кемістігі бар балаларды негізі
3 топқа бөлеміз:
1.Екі психикалық және дене кемістіктері бар балалар. Мысалы,
психикалық дамуы тежелген, көзі көрмейтін және естімейтін, нашар еститін
балаларды жатқызуға болады.
2.Негізгі бір психикалық дене кемістігі бар, сонымен қатар әлсіздік 6
түрде, көбіне ауытқулығы бар. Мысалы: ақыл-ойы кем және аздаған естуі төмен
балалар.
3.Көптеген бұзылыстары бар 3 немесе одан да көп біріншілік бұзылулар
бар балаларды жатқызамыз. Мысалы: ақыл- ойы кем, нашар көретін және
естімейтін балалар.
Соңғы 10- жылдықта күрделі кемістігі бар балаларды оқыту өзекті
тенденциялардың бірі болып есептеледі.
Ғылыми шартталған және эксперимент арқылы тексерген білім беру
технологиясы көзі көрмейтін және естімейтін балаларда жасалады.
Профессор Мещеряков "Естімейтін, көрмейтін балаларға арналған
қоғамдағы спецификалық, адамдық мінез- құлықты қалыптастыру" туралы
бірқатар жағдайларды қарастырған.
Қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру, сол арқылы оларды 7 жылға
қосу кейін қоғамға бейімдеу.
" Депривация" –жетіспеушілік.
1.Ақыл- ой;
2.Физикалық;
3.Әлеуметтік;
4.Психологиялық.

Эмоцианалды ерік-жігер сферасы бұзылған балаларға
педагогикалық көмек көрсету.
Денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау критерилері 3 бағытта сипатталады:
1.Әлеуметтік ара- қатынас сферасындағы бұзылулар.
2.Қарым- қатынасқа қабілеттіліктің бұзылуы.
3.Қимыл іс- әрекетінің шектеулі және қайталанбалы бұзылуы.
Аутизм естімейтіндер мен көрмейтіндерге қарағанда жиі кездесетін ауру. Жаңа
туылған 10 мың сәбидің 20-сы аутизм ауруымен ауырады және аутист ауыруы қыз
балаларға қарағанда, ұл балаларда 4-4.6 есе кездеседі.
Каннердің айтуы бойынша аутист балалардың 3 негізгі бөлігі бар:
1.Аутистикалық аурумен қатар жүргізілсе оларды аутист балалар дейді.
2. Қимылдың біркелкілігі, тұрақтылығы;
3. Тілдік зақымдану;
Совет дәуірінде аутистикалық ауруларды, онымен жүргізілген
коррекциялық жұмыстарды зерттеген Лебединская болды.
Педагогикалық дивлитті – белгілі қоғамда әлеуметтік және жақын
адамдар арасында өзінің дамуының бұзылуы бар деп есептеледі.
Оқу әрекеті- оқу, жазу.
Қатер тобындағы балаларға әсер ететін жанұясы 2-ге бөлінеді:
1.Нуклеорлы (ата- анасы, бала)
2.Кеңейген ( ата- анасы, басқа туысы).
Түзету жұмысы жалпы бала дамуына жалпы бағдарлама жетекшілік
етеді. Осы бағдарламаның тәрбие жақтары:
1. Танымдық әрекетке, білімге, қызығушылықтың негізінде жатқан
оқушылардың толық мотивацияларының қалыптасуы.
2. Балалардың сөйлеуін, санасын дамыту.
3.Жалпы әрекет дағдыларын дамыту.
4.Әлеуметтік жағымды сапаларын дамыту.

І.Арнайы мектептегі оқыту формалары.
1.Арнайы оқыту үрдісін ұйымдастырудың жеке дара формалары.
2.Арнайы оқытудың топтық формалары.
3.Арнайы оқытуда класс- сабақ жүйесі.

1. Оқушылардың теориялық білім мен практикалық іскерлікті меңгеруі,
белгілеуі ұйымдастырылған формада жүзеге асырылады. Арнайы білім беруді
қажетсінетін балалар мен ересектерде оқыту мен жеке даралық ерекшелік
ретінде басталады. Әрбір нақтылы жағдай үшін арнайы оқытудың әдістемелік
тәсілін табу жолы оқытудың жеке дара формасын ұйымдастыруды анықтады.
Қазіргі арнайы педагогикада оқытуды ұйымдастырудың жеке дара формасын
мынадай жағдайларда қолданады:
- Оқушылардың дамуында ауыр және көптеген кемістіктердің болуда,
оқыту мен тәрбиелеу үшін жеке дара ықпал ету ұсынылған жағдайда: танымдық
әрекеттің ерекшелігі үздіксіз жеке дара психологиялық, педагогикалық
көмекті және бақылауды, ұдайы қайталауды талап етеді, өйткені сенсорлы және
қимыл-қозғалыс жүйелері қоршаған ортамен өзара әрекеттерде біршама
қиындықтарға кездеседі.
- Оқыту үрдісіндегі өзгешеліктер мен дамудағы кемістіктің
ерекшкеленген сәйкес бала жеке дара психологиялық- педагогикалық,
логопедиялық және түзету жұмысын қажетсінген жағдайда. Мысалы: (түрлі
категориядағы балалардың тіл кемістігі жекелеген сабақтарда ғана
түзетіледі).
- Үй жағдайында оқытқанда.
- Жекелеген сабақтың ұзақтығы 20-30 минут.
Ұдайы қалыптасып дамып отырса да, оқыту үрдісі өзінің табиғат
жағдайларын сол қалпында қалады: педагогикаға сынып тақтасы, оқулықтар,
мұғалім сөзі міндетті түрде қажет. Сондықтан да оқыту үрдісін түбірімен
өзгерту, оқытудың жаңа тәсілдерін араластыра отырып өзгерткенде ғана жүзеге
асады. Мысалы белгілі программасы бар компьютер енгізу қазіргі кезде
гипнозбен уйықтату комегі арқылы оқыту эксперименті жүргізілуде. Бірақ, бұл
әдістер көпшілік оқу мекемелері үшін тиімді ме? Әзірге белгісіз?
Оқу үрдісіне тән ерекшеліктің бірі- әрбір адамның оқыту туралы
түсінігі болады. Сондықтан да оқушылар балалық шағында меңгерген біліміне
сәйкес әрекеттенеді.
Қазіргі оқыту, берілетін мәліметтердің санына емес, сапасына сүйенуі
тиіс. Оқыту үрдісі нәтижелігінің маңызды принциптерінің бірі- әрбір
оқушының жақын даму аймағындағы шынайы оқу мүмкіншілігіне сәйкес, үлгерім
деңгейіне қол жеткізуі болып табылады.
Арнайы білім беру, оқытуды ұйымдасытырудың жеке дара топтық формасы,
жеке дара формасының жалғасы ретінде пайдаланылды.
Жеке дара сабақтарда бірқатар түзету педагогикалық табыстарға қол
жеткізген кезде. Мысалы: түзету сабақтары, әсіресе интегративті оқыту
жағдайындағы, өз- өзіне қызмет ету дағдысы, кеңістікті бағдарлау,
балалармен шағын тотптарда жұмыс істеуді ұсынады.
Оқытудың соңғы кезеңіне таман белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген
кезде оқытуды ұйымдастырудың жеке дара- топтық формасы құрама кемістіктері
бар және ақыл- ой кемістігі ауыр формадағы балалармен жұмыс істегенде
қолданады.
2.Арнайы сабақтарда жұмыстың топтық формасы кеңінен қолданылады.
Мұнда балалар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу әрекетінің темпіне, түзету
оқыту міндеттеріне байланысты топқа бірігеді. Сондай- ақ қандай да бір
тапсырманы орындау үшін балалар уақытша топқа біріккен кезде де, жұмыстың
топтық формасын қолдануға болады. Жұмыстың топтық формасы балалардың
әрекетін белсендіреді, оқу үрдісіне біршама толық қатыстырады, ұжымдық
әрекет іскерлігімен, әлеуметтік тәртіп дағдысын практикалық түрде
меңгертеді. Сөйлеу, ойлау және қарым- қатынас белсендіріледі. Жұмыс, топпен
жұмыс істеу балаларды бірлесе оқытуда жүзеге асырады. Өз бетімен жұмыс
істеуін, жауапкершілігін, жолдастық сезімін, өзара көмекке дайындығын
дамытады.
Арнайы оқытуды ұйымдастырудың қосымша формаларының қатарына жатады:
топ- саяхат, қосымша сабақтар, педагогикалық жұмыстың сабақтан тыс формасы
өз бетімен дайындалу.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың қосалқы формалар қатарына
жатады: факультативтер, үйірме жұмысы, викторина, байқау, жарыстар.
Арнайы мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі қосымша жіне
қосалқы формалары оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрылады.
3. Класс- сабақ жүйесі.
Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың бірі болып табылады. Сабақ-
балалардың оқу- танымдық әрекетін ғана емес, сондай- ақ дамытушылық
әрекетінің басқа да түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сабақ
барысында жеке дара- топтық және фронтальды жұмыстар болуы мүмкін.
Сабақ ерекшелігі:
- Сынып тобының құрамы тұрақты болуы керек.
- Барлық оқушылардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала
отырып, оқушылар әрекетін мұғалім басқарады.
- Оқушылар білімді сабақ үстінде меңгереді.
Сабақ оқыту міндеттері, мазмұны, принциптері мен әдістері
үндескен оқу үрдісінің бірлігі.
Сабақтағы оқыту жұмысы түрлі формаларда жүреді: фронтальды, топтық және
жеке дара.
ІІ.Выготскийдің психологиялық теориялары.
1. Дамудағы кемістікті түзетудің методологиялық теориясы.
2. Выготскийдің компенсация туралы теориясы (толықтыру теориясы).
3. М. ш. балаларға жүргізілген түзетушілік жұмыстың әлеуметтік бағыты
туралы теория.
3. Выготскийдің дамудың жақын аймағы туралы теориясы, дамыта оқытудың
психологиялық негізі ретінде.

1.Түзетушіліктің методологиялық негіздері- қалыпты және кемтар
балалардың дамуындағы негізгі заңдылықтың ортақтығы туралы теориясы болып
есептеледі.
Бала дамуындағы негізгі заңдылықтар мәселесінің негізінде биологиялық және
әлеуметтік факторлардың рөлін дұрыс түсіну қажет. Өйткені биологиялық
теория ағзаның барлық қасиеттері дүниеге келгенге децін дайын түрде
қалыптасады. Бұл механикалық теория қоршаған орта мен тәрбиелеудің рөлін
теріске шығарады. Бала дамуына әсер ететін педагогикалық ықпалының маңызын
бағаламайды. Выготский дәлелдеген дамуында кемістігі бар балалар
онтогенезінде қалыпты балалар сияқты негізгі даму кезеңдерден өтеді.
2. Компенсация дегеніміз- ішкі процесс. Ол кемістікті түзетуде ағзаның
сақтаулы органдары мен жүйелеріне сүйенеді. Выготский бойынша
компенсацияның 2 түрі бар:
1. Ішкі жүйелі компенсация- зақымдалған функцияны сол жүйе ішіндегі
сақталған элементтерден қатыстыру арқылы жүзеге асады. Мысалы: есту
қабілеті зақымдалған балалардың қалдық есту қабілетін дамыту арқылы жүзеге
асады.
2. Жүйе аралық компенсация- мысалы: зақымдалған бір функцияны
зақымдалмаған функция орнын толтырады. Мысалы: көру қабілеті жоқ балалар
сипап сезу арқылы біледі.
3. Выготский кемтар баланы әлеуметтік тәрбиелеу, оның биологиялық,
табиғи кемістігін әлеуметтік компенсациялау әдісіне негізделеді. Түзету
тәрбие әлеуметтік бағыты көрсеткендей, жеке тұлғаға пегагогикалық ықпал ету
жүйесі кемістіктің ерекшеліктеріне бағытталуы тиіс.
4. Оқыту үрдісіне баланың біліп меңгеретіні ғана емес, оның
мүмкіндіктерін ескерген маңызды. Бұл жерде Выготскийдің оқыту мен дамытудың
үйлесімділігі туралы қағидасының маңызы зор. Осыған сәйкес актуальды
(өзекті) деңгей- баланың өз бетімен шешетін міндеттерінің қиындықтарының
деңгейі.
Дамудың жақын аймағы, яғни баланың потенциалды мүмкіндіктерінің
деңгейі- баланың ересектердің басшылығымен көмегімен шешетін міндеттерінің
қиындықтарының деңгейі.
2.1.Арнайы педагогиканың кәсіби әрекетінің мазмұны.
"Баланың психикалық немесе дене дамуы неғұрлым төмен болса, ұстаздың
білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болуы керек". Бұл сөйлемнің
иесі неміс дефектологы П. Шуман. Педагог дефектологтың кәсіби әрекеті
дәстүрлі ұстаздардың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кем болып
келеді. Өйткені, ол әлеуметтік педагогика кеңес беру, оңалту
диагностикалық, психотерапевтикалық және колдлекцияның көптеген түріне
бағытталған. Қазіргі уақытта әр түрлі арнайы педагогикалық мамандары
игеруде, мамандарға жаңа стандарт бойынша игеруге болады. Арнайы
педагогиканың кәсіп іс- әрекетінің негізгі бағыты.
1.Даму ауытқулықтың алдын- алу шараларын ұйымдастыру (дефектологиялық
білімдерді насихаттау).
2. Зиятында, көруінде, естуінде, сөйлеуінде, тірек қимыл- қозғалысында
ауытқуы бар тұлғаларды анықтау, диагностикалау, кемістікті түзету,
мүмкіндіктерін дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту
мен интеграциялау.
3. Озат педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, талдау, жалпылау және іс-
жүзінде асыру.
4. Жаңа озат педагогикалық технологияларды әзірлеу, арнайы білім беру
мекемесінің оқу, тәрбие процесіне енгізу.
Педагог дефектологтың кәсіптік іс- әрекетінің шеңбері маманды
дайындау бағытына тәуелді: олигофренопедагог, сурдопедагог, логопед,
тифлопедагог, мектепке дейінгі арнайы педагог.
Педагог дефектолог дегеніміз- мейірімді, жауапкершілігі мол, сенімді,
өз мамандықтарын сүю, кәсіби біліктілігі жоғары болу керек, төзімді тіл
табысу қарым- қатынасы жақсы, шығармашылық қабілеті мол адам.
В. Сатир бойынша мұғалімнің немесе педагогтың 4 категориясын анықтауға
болады:
1. мұғалім, педагог- басқарушы.
2. педагог- компьютер.
3. педагог- қайғырушы.
4. педагог- дос.
1. Педагог басқарушы- яғни, осы мүмкіндігі шектелген балаларға білім
беру, оқыту, тәрбиелеу мұғалімнің басқаруымен іске асады. Оқушылар
мұғалімнің басқаруымен көптеген іс- әрекеттер жасайды. Педагог- басқарушы
барлық жерде мұғалімнің басшылығын қажет етеді.
2. Педагог компьютер- яғни, бұл мұғалім жан- жақты: білімді, алғыр
яғни, адамның бойындағы барлық жақсы қасиеттер осы педагогтың бойынан
табылады. Мұндай педагог әр балаға сапалы білім, саналы тәрбие береді.
3.Педагог қайғырушы- яғни, бұл оқушылардың барлық қиыншылықтары үшін
жаны ауыратын, сондай қиыншылықтарда қол ұшын беретін, жанашыр, қайырымды
қайғырушы. Бір сөзбен айтқанда ең жаны жұмсақ адам.
4. Педагог дос- яғни, бұл мұғалім сырласың, досың. Сенің барлық
қуанышың мен қиыншылықтарыңа дос ретінде көмек беруге дайын.
2.2.Арнайы мектепте сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктері.
1. Арнайы мектептегі сабақтың міндеті.
2. Сабаққа қойылатын психологиялық, педагогикалық, гигиеналық,
ұйымдастырушылық талаптар.
3. Сабақтың құрылымдары мен типтері.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
5. Сабақты талдау.
Сабақ- оқу үрдісі логикалық ұйымдастырылған толық бірлік. Мұнда оқу
үрдісінің компоненттері ( мақсат, міндеттері, мазмұны, принциптері мен
әдістері) жүзеге асырылады.

Міндеттері:
1. Білімділік- ғылыми негіздегі теориялық білім мен мектеп бағдарламасы
көлеміндегі практикалық іскерліктері, дағдыларымен оқушыларды
қамтамасыздандыру. Сабақтың білімділік міндеті үнемі оқушыларға арналады.
Олар сабақта нені меңгеретінін, оқу жұмыстарының нәтижесі қандай болатынын
білуі тиіс. Мұғалім сабақтың білім, іскерлік көлемін ажыратуы тиіс, өткен
сабақ пен келесі сабақ материал арасындағы байланысты біліуі керек.
2. Тәрбиелік- жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық
қызығушылықтарын, қабілетін, шығармашылығын дамыту. Оқу үрдісіндегі
пәндердің өзінде тәрбиеге арналған мүмкіндіктер мол.
3. Түзетушілік міндеттер- арнайы мектептегі оқушылардың бойындағы
кемшілігін ескере отырып, түзету жұмыстарын жүргізеді.
Сабақтағы барлық міндеттер өзара байланыста жүзеге асырылады.
2. Арнайы мектепте сабаққа қойылатын талаптар- оқытудың жалпы
педагогикалық және арнайы принциптеріне сәйкес анықталды.
1. Сабақтың міндеттерін анықтау және оқу үрдісін құрастыру.
2. Мектеп бағдарламасының талаптарын оқушылардың ерекшелігіне сәйкес
сабақ мазмұнын жоспарлау.
3. Оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру.
4. Оқу тапсырмасының көлемі мен күрделі деңгейлерін анықтау.
5. Танымдық- қызығушылықты арттыру үшін оқытудың көрнекі құралдарын
іріктеу.
6. Тәрбие міндеттерін шешу.
7. Жеке дара фронтальды және топтық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беру.
8. Психологиялық талаптар- әр баланың психологиясын білуіміз керек. Бала
сабақта қандай көңіл- күймен отыр.
9. Гигиеналық талаптар- яғни баланың білім алуына қолайлы болу керек.
Мысалы: жарық жақсы болу керек, жарық баланың сол жағынан түсу керек,
отыратын партасы баланың жасына сәйкес болу керек.
10. Ұйымдастырушылық талаптар:
1. Бөлменің дайындығы.
2. Көрнекі құралдар дайын болуы керек.
3. Оқушылардың оқу- құралдары дайындығын қадағалау.
4. Міндетті түрде әр өтілетін сабақтан конспекті жазу керек.
3. Сабақтың түрі (типі) – белгілі бір сабақ тобына тән белгілердің
үйлесімділігі. Сабақтың әрбір тобының құрамында және оқушылардың оқу
әрекетін ұйымдастыруда өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы білім беретін және
арнайы сабақтар сабақтың типіне сәйкес құрылады.
1. Жаңа білім, іскерлік және дағдыны меңгеру сабағы.
Міндеті: оқу үрдісіне жаңа мәліметтерді енгізу, жаңа іскерліктерге
баулу және жаңа дағдыны қалыптастыру. Бұл типтегі сабақтың құрылымы:
1. Психологиялық- педагогикалық даярдық.
2. Жакңа материалды баяндау.
3. Игерілген материалды бекіту.
4. Үй тапсырмасы.
5. Сабақтың қорытындысы.
6. Бағалау.
2 тип. Білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағы. Бұл сабақта
оқушылар өздерінің білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайда практикалық
міндеттерді шешуге, пайдалана білуге үйретеді. Бұл сабақтың құрылымы деп
аталады.
2.3.Арнайы оқытудың қағидалары.
1. Қағида дегеніміз не?
2. Арнайы мектепте жалпы дидактикалық қағидаларды жүзеге асыру
ерекшеліктері.
3. Арнайы қағидалар.
1. Қағида дегеніміз- білім беру, түзету үрдісінің ұйымдастыру мен
ерекшелігін анықтайтын және ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың
танымдық әрекетін басқарады.
Арнайы педагогика- білім беру және танымдық әрекетті басқаруда,
ұйымдастыруда жалпы педагогика қағидасына сүйенеді, бірақ арнайы білім беру
жүйесінде оларды жүзеге асырудың өзіндік ерекшелігі бар. Арнайы
педагогиканың меншікті қағидасы: мүгедек, кемтар тұлғаларды оқытудың
маңызды жағдайын бейнелейді.
Оқыту қағидалары- оқыту үрдісіндегі заңдылықтармен анықталады және
оқытудың тиімділігін қамтамассыздандырады.
2. Оқытудағы саналылық пен белсенділік.
Білім мен икемділікті игерудегі саналылықты қамтамассыздандыру педагогика
ғылымындағы неғұрлым күрделі мәселе.
Арнайы мектептегі өзіндік ерекшелігі бар және спецификалық ортақ білімі
бар. Выготскийдің негізгі өзгеше ерекшеліктерін анықтау.
1. Түзету.
2. Әлеуметтік еңбекке жарамды ету.
3. Емдік сақтандыру және сауықтыру жұмысы.
2. 1 түрдегі арнайы мектеп.
Жалпы білім берудің бағдарламалық деңгейіне сай 3 білім беру деңгейлерін
жүргізеді.
1. Жалпы бастауыш білім 5-6 жыл.
2. Негізгі білім беру 5-6 жыл.
3. Толық орта білім беру. Бұл білім деңгейін тек кіші мектеп
негізінде 2 жыл ішінде алады, ал толық білім алу үшін 14 жыл қажет.
1- сыныпқа балалар 7- жастан қабылданады. Оқу әрекеті ауызша және жазбаша
сөйлеу тілін, қарым- қатынасты дамытуда, қоршаған адамның сөзін есту, көру
арқылы қабылдап түсіну іскерлігіне бағытталған. Балалар дыбыс күшейткіш
аппараттарының көмегімен сөзді естіп, есту, көру арқылы қабылдау үшін
естудің қалдығын пайдалануды үйренеді. Бұл үшін есту қабілеті және тілдің
дыбыстау формаларын дамытуға арналған топтық және жеке жұмыстар
жүргізіледі. Бұл мектеп құрамында қүрделі кемістігі бар балалар үшін арнайы
сыныптар бар. Әр сыныптағы балалар саны 6 адамнан аспау екрек. Күрделі
кемістік- 5 адамнан аспау керек.
2 түрдегі арнайы мектеп- типтік түрде.
Бұл мектепте нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар оқиды.
Бұл мектепте 2 бөлім бар:
1. Есту кемістігіне байланысты тілі бұзылған.
2. Есту кемістігіне байланысты тілінде күрделі ақауы бар балалар.
Жалпы білім беру деңгейі:
1. Жалпы бастауыш білім беру 1 бөлімінде 4-5 жыл, 2 бөлімінде 6-7 жыл
2. Негізгі білім беру 2 деңгейі де 6 жыл.
3. Толық орта білім беру- 2 жыл. Қажетті жағдайда 1- бөлімнен 2-
бөлімге ауыстыру ата- аналарының келісімімен және ПМПК ұсынысы бойынша
жүзеге асырылады.
3-4 түрдегі арнайы мектеп- бұл мектептер аз болғандықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Сөйлеу тілін түйсіну жағдайы
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Арнайы педагогика туралы
Есту қабілеті нашар балаларды арнайы мектептерде оқыту және тәрбиелеудің маңызы
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер