Қылмыстық ниет ұғымы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 Криминогендік ниеттілік МӘСЕЛЕСІ
және қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуы
1.1 Қылмыстық мінез-құлық ниеттілігінің криминологиялық
маңызы ... ... .8
1.2 Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуындағы психиканың рөлі ... ... 18
1.3 Ұғынылмайтын ниеттердің қылмыстық мінез-құлыққа
әсері ... ... ... ... 32

2 Қылмыстық ниет ұғымының анықтамасы ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТАМА
2.1 Қылмыстық ниет туралы әртүрлі теориялық көзқарастар және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.2 Қылмыстық ниеттердің жекелеген түрлері және олардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

Пайдаланылған әдебиеттер
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .87

КІРІСПЕ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік
тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды Елімізде жылдан-жылға алға
өрлеушілік, дұниежұзілік деңгейгс көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс
тапты. Тәуелсіздіь алғаннан бері реформалар жұзеге асты. Елімізде екі мәрте
199: жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды[1] Мемлекетіміздің құқықтық
негізі берік қабылданды. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында
көптеген кодекстер қылмыстық, қылмыстық атқару, қылмыстық іс жұргізу және
т.б қабылданды. Осындай заңдылық актілердің қабылдануы құқык бұзушылықтың
алдын-алуға және ондай құбылыстармен пәрменді күрес жұргізуге құқықтық
негіз жасап берді. Елімізде орын алғак оңды жетістіктермен бірге қоғамның
одан әрі серпінді дамуыш кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар.
Сондай қоғамғс жат құбылыстардың бірі — қылмыстылық болып табылады
Қылмыстылық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде. Қылмыстылықпеи пәрменді күрес
жұргізуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылык шараларын іске қосуда.
Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылы 10 қыркүйекте қылмыспен
күрес мәселелері бойынша Республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде қылмыспен
күрес ортак іске ұлес қосқандық деп атап көрсете отырып, осы істі жұзеге
асырудың нақты он тұрін қадап айтты[2]. Дегенмен, қылмысқа қарсы күрестің
бірі — кінәлі адамды қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартып, оның іс-
әрекетін қоғамға қауіпті жасаған ниетіне байланысты дұрыс саралау және әділ
жаза тағайындау Золып табылады.
Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа қылмыстык кодекс қабылданды, осы
кодексте қылмыстық ниет институтына ерекше мән берілген. Бірақ, бұл мәселе
әлі кұнге дейін теориялык негізде зерттелмеген. Осыгай орай сот
практикасында қылмыстык ниетке байланысты біркелкі қағида қалыптаспаган.
Қазақста Республикасы Жоғары Соты осы мәселеге ерекше мән беріп келе жатыр.
Оның айғағы: Қазақстан Республикасы Жоғары Сотынын 30-сәуір 1999 жылғы
"Қылмыстық жаза тағайындаган кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы" №1
қаулысы; "Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты тұрде босату және жазаның
жаңа тұріне ауыстыру туралы"13 желтоқсан 2001 жылы №20 нормативтік қаулысы;
"Қылмыстық кодекстің 67 бабын қолдану жөніндеіі сот практикасы" туралы 21
маусым 2001 жылғы №4 және 2003 жылғы шілдедегі №б нормативтік қаулысы;
"Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы" 11
сәуір 200^ №7 нормативтік қаулысы; "Кәмелетке толмағандардык қылмыстары
және олардың қаулысы"; "Кәмелетке толмағандардын қылмыстары және оларды
қоғамға қарсы іс-әрееттер жасауға тарт жөніндегі істер бойынша сот
практикасы туралы" 11 сәуір 2002 жылғы №б нормативтік қаулысы; "Сот ұкімі
туралы" 15 тамыз 2002 жылғы №19 нормативтік қаулысы; "Қорғану құқығы
реттейтін қылмыстық іс жұргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" 6
желтоқсан 2002 жылғы №26 қаулысы; "Бөтеннің мұлкін заңсыз иемдену жөніндегі
істер бойынша сот тәжірибесі туралы" 11 шілде 2003 №8 қаулысы; "Сот
актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы" 19 желтоқсан 2003
жылғы №12 қаулысы; "Қылмыстық істерді аппеляциялық тәртіппен қарау
тәжірибесі туралы" 19 желтоқсан 2003 жылғы №13 қаулылары және тағы
басқалары.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949
жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат
тұжырымдамасында да" [3] соттардың қылмыстық жаза тайғайындау мәселесінде
басшылыққа алынған қылмыстық ниеттің ерекше мәні бар екендігі айтылған. Бұл
мәселе қылмыстық құқық теориясында көптен бері зерделеніп келе жатыр.
Қылмыстық ниет мәселесінде әр түрлі көзқарастар, ой пікірлер баршылық,
бірақ та осы мәселеге оның ішінде қылмыстық мінез-құлықтың пайда болуы,
қылмыстың ниеттің ұғымы, олардың қылмысты саралаудағы және жаза
тағайындаудағы, қылмыстылықпен нақты күрес жұргізудегі маңыздылығы, олардың
жұйелерін нақтылау институты арнайы, жан-жақты зерттеу объектісі болмаған.
Бұл мәселеге арналған бірлі-жарым ғылыми мақалалардан басқа, республика
көлемінде осы проблеманың зандылық табиғатын айқындайтын арнайы зерттелген
ғылыми-теориялық сұбелі, іргелі еңбектер жоқ.
Жоғарыдағы тұжырымдамадан туындайтыны — қылмыстық құқық саласында
қылмыстық, субъективтік жағының белгісі болып табылған қылмыстық ниет
мәселесі ерекше маңызға ие.
Қылмыстық заң әдебиеттерінде қылмыстық ниет туралы проблемалар әр
уақыттарда заңгер ғалымдардың еңбектерінде жылпылама жарияланды. Бұл
проблемалар Б.А., Викторов; Б.С. Волков; П.С.Дагель; И.Н.Даньшин,
Ө.С.Жекебаев, Н.А. Дремова., Л.Л.Дубовик., Г.Х. Евремов, К.Е.Игошев,
В.Н.Кудрявцев, Н.Ф Кузнецова., В.В. Лунеев, Г.М Миньковский., А.В. Наумов,
А.Р. Ратинов, С.А. Тарарухин, А.П. Тузов, Б.В. Харазашвили, А.Н. Ағыбаев,
Н.ААбдиров, Е.І.Қайыржанов., М.С.Нәрікбаев, Н.О.Дулатбеков, Д.С.Чукмайтов,
З.О.Ашитов, К.А.Беголиев, Б.Ж.Жұнісов, К.Ш.Құрманов, Л.Ч.Сыдыкова,
.А.Исаев және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.
Дегенмен, осы саладағы проблемалар толық шешімін тапты деп айту қиын.
Заман өзгерген сайын, заңда, қылмыстық ниетга де құрылымы өзгереді. Оларды
жаңаша бағалауды, саралауды өмір талап етеді. Осы айтылғандарға байланысты
криминогендіь ниеттілік проблемасы және қылмыстық мінез-құлық ниеттілігініь
криминогендік маңызы, қылмыстық ниет ұғымының анықтамасыь және олардың
жекелеген түрлерін талдау, қылмыстық ниеттің қылмыстық жауаптылықты
анықтаудағы және қылмыстардың алдын-алуға маңызын ғылыми ой елегінен өткізу
өте қажет зерттеу тақырыбының өзектілігінің мәні осындай күрделі
мәселелерді анықтауға байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: дипломдық жұмыстың басты мақсаты
қылмыстың субъективтік жагының бір элементі болып табылатын қылмыстық
ниетті анықтаудағы кешенді проблемаларын белгілеу, қылмыстық мінез-құлықтың
қалыптасу жолдарын белгілеу, ниетті дәлме-дәл анықтаудың қылмыстық құқықтық
теориясы және сот практикасы үшін заңдылықтың берік кепілі екендігін
анықтау болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей
міндеттерді шешу жолы қарастырылады:
✓ қылмыстық ниет ұғымының біркелкі теориялық анықтамасын белгілеу;
✓ қылмыстық ниеттің қылмысты саралау мен жаза тағайындаудагы
атқаратын маңызының теориялық аспектелерін қарау;
✓ қылмыстық ниетті анықтаудың қылмыспен қарсы күрес
шараларын жұзеге асырудағы маңызын анықтау;
✓ қылмыстық ниеттердің жекелеген түрлерін анықтау, олардың мәнін
талдау жұргізу;
Диплом жұмысында қылмыстық ниет пен мақсаттың ара қатынасы, қылмыс пен
жазаны белгілеудегі маңызы, олардың айырмашылықтары қарастырылды. Қылмыстық
мінез-құлықтың қалыптасуы, бұл мәселедегі ниеттіліктің пайда болу
кезеңдері, мінез-құлықтың дамуындагы психиканың рөлі туралы жеке көзқарас
ұсынылды. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті жұзеге асыру барысында пайда болған
әр түрлі ниеттердің ерекшелігіне байланысты қылмысты саралаудың теориялық
және практикалық мәні бар проблемалары арнайы қарастырылды.
Дипломдық еңбектің әдіснамалық негізін философияда, әлеуметтануда,
әлеуметтік психологияда, құқық тарихы және теориясында, қылмыстық,
қылмыстық іс жұргізу, қылмыстық атқарушы, азаматтық құқық салаларыңда,
криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары
құрады.

1 КРИМИНОГЕНДІК НИЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІ
ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1 Қылмыстық мінез-құлық ниеттілігінің криминологиялық маңызы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан Республикасы жаппай экономикалық
және әлеуметтік саяси дағдарыс жағдайында болды. Жұмыссыздық, инфляция,
товар дефициті, нарықтын күйреуі — бұлардың барлығы республика
тұрғындарының елеулі мөлш ерін қайыршылыққа дерлік жеткізді. Табыс деңгейі
бойынша халықтың бұрын кездеспеген таптарға бөлінуі орын алды. Мемлекеттің
меншікті "жекешелендіруінің" арқасында байыған жаңа ерекше таптар пайда
болды.
Бұлардың барлығы моральдық-идеологиялық вакуумның. дәстүрлі өнегелі
құндылықтардың қалпына келуінің заңға багынуы деңгейі төмендеуінің пайда
болуы, жастар санасына еліктеу меи теріс мінез-құлықтың ең дөрекі және
көргенсіз ұлгісін енгізу. құқықтық нигилизм сияқты құбылыстармен қатар
жұрді Қылмыстық әсерлердің көзі болып тек қана әлеуметтік өмірдін жеке
көздері, жеке микроорта мен микротоптар ғана емес, сонымен қатар кең
таралған әлеуметік-экономикалық процестер де болып табылды. Өзінен-өзі
танылған, белгіленген құбылыстар меи процестер дәстүрлі қылмыстық
факторларды кұшейтті. Осыгаи байланысты зорлық қылмыстарында елеулі
құрылымдық өзгерістер болды. Ол өзінің дәстүрлі — тұрмыстық сипатын
жоғалтты.
Қылмыстылық сапалы тұрде өзгереді. Оның негізінің мазмұны маманданған
рэкеттер, кісі өлтірушілер, есірткі сатушылар құрады Республикадаы
қылмыстың ең ауыр қауіпті түрі болып табылатын. ең алдымен қоғамның
экономикалық, саяси құқықтық, өнегел: салаларына сұқтанатын ұйымдасқан
қылмыстың қарқынды өсу: тіптен қиындатты. Ұйымдасқан қылмыспен тығыз
байланысқак қорқытып алушылық көп жағдайда басқа ауыр қылмыс жасаудың
тәсіліне айналды. Рэкетирлер мемлекеттік құрылымның осал тұстарын, лайықсыз
әрекеттерін біле отырып, оларға өз қызметін ұсынады. Олармен ынтымақтастық
жағдайда болуды қалайды Ұйымдасқан қылмыстық ұйым қызметімен ақша талап ет)
мақсатында азаматтарды кепілдікке ұстап алудың кеңінен таралуына тығыз
байланысты, террорлық жағдайлары да белгілі. Осылайша сөз қылмысты қол
сұғушылардың кейбір санаттарының қоғамдық қаупінің дейгейінің өсуі, олардың
салдарының ауырлығының өсуі қасақана, ерекше, қауіпті, арнайы багыттағы
қылмыскерлерді: үлесінің өсуі туралы болып отыр.
Осыған байланысты, кез-келген қылмыспен күресудің ғылыми негізделген
стратегиясын жұзеге асырудың мәселелері кешеніь: теориялық жасау маңызы
ерекше болып табылады. Осы тұрғыда қоғамга қолайсыз мінез-құлықтың пайда
болуы, сонан кейін оның нақты жағдайда жұзеге асырылуын анықтаушы жеке
сананың теріс қалыптасу мәселелері тек қана теориялық қана емес, сонымен
қатар тәжірибелік те мағынаға ие болады. Осы мәселе заң әдебиеттерінде
толығымен қарастырылмаган. Сол себепті жеке қылмыстық мінез-құлықтағы өз
орны мен ролі бойынша қылмыстық ниет басты интеграциялық мәселе болып
табылады. Оны зерттеу онтологиялық және гнесологиялық маңызға ие. Қылмыстық
мінез-құлықтың ниеттілік проблемаларының қазіргі жағдайы осы жұмыстың
негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды: жалпы және әлеуметтік
психология, социология міндеттерінің, нақты криминологиялық зерттеулер
материалдарының негізіндегі қылмыстық мінез-құлықтың, қылмыс ниетінің және
қылмыскердің жеке басының маңызын, ерекшелігін және өзара байланысын ашу:
психикалық көрінудің әртүрлі нысандарын көрсету, әсіресе батылдықты
қалыптастыруда қылмыстық тәсілмен әрекет етудің ниетін көрсету, тұлғалардың
ойланбай жасалған психикалық әрекеттерінің әсерінен анықтауға талпыну,
қылмыстық ниет пен ауыр қылмыс жасаған қылмыскердің жеке басының арасындағы
өзара байланысты қарастыру, талдау жеке және жалпы сақтандыру шараларын
қабылдау үшін қылмыстық мінез-құлықтың ниеті мен мақсатын зерттеу мен
қорытындылаудың қажеттілігін көрсету. Сонымен қатар, психикалық нормадан
ауытқумен ауыратын тұлғалардың қылмыстық мінез-құлықтық ниеттерінің
ерекшелігін қарастыру талпынысы болады. Криминологиялық зерттеулер
қылмыстық ниеттілікке маңызды фактор болып тұлғаның өзіндік қасиеттерін
танылатынын куәландырады. Соңғы кездері қылмыс жасаған тұлғалардың ерекше
психологиялық және психоәлеуметтік қасиеттеріне бірқатар зерттеулер
жұргізілді. Қылмыс жасаған адамдардың тұлғасына зерттеу жеткілікті тұрде
дамыған теорияға негізделуі қажет. Адамның мінез-құлқы мен қылмыстық мінез-
құлқы мотивациясы бойынша елеулі жұмыстардың барлығына қарамастан
әдибиеттерде мотивацияның жалпы теориясының әлі жеткілікті
қалыптаспағандығы және ниетттілік құрылымының біртұтас тұжырымының болмауы
әділетті көрсетілген. Оны теориялық тұрғыдан қалыптастыру мінез-құлық пен
қылмыскердің жеке басының қалыптасуының заңдылықтары мен ерекшіліктері
туралы ғылыми көзқарасты тереңдетуге және осы негізде жеке болжау мен
қылмыстың алдын-алу теориясын жасауға мұмкіндік береді.
Соңғы жылдары психологтар мен социологтар көп еңбектерінде қылмыстық мінез-
құлықтық криминалды ниеттілігін зерттелуіне көп көңіл бөлді. Ниет қылмыстық
мінез-құлықтың маңызды элементтерінің бірі болып табылады және оны айқындау
мен зерттеу осындай мінез-құлық ниеттері, қылмыскердің жеке тұлғасының
ерекшеліктерін тереңдеп түсінуге, қылмыстың алдын-алу шараларын белгілеуге
мұмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында қылмыстың ниеті мен мақсатын зерттей
отырып, нәтижесінде қылмыс субъектісінін қоғамға жат ұстанымдарының мәнін
білдіретін психологиялық және сипаттамалық белгілерін ашуға болады деп
көрсетілген[4]. Одан кейінгі көптеген зерттеулерде қылмыстық мінез-құлықтың
мотивациясын зерттеудің мұмкіндігі мен қажеттілігі көп жақты дамуға ие
болады және тәжірибеде көп пайдаланылды[5]. Қылмыстық мінез-құлықтың
криминалды ынталануын зерттеу әртүрлі ғылым салаларымен жұзеге асырылады:
криминология, криминалистика, қылмыстық процесс, психология және т.б.
Криминологиялық аспектідегі қылмыстық мінез-құлықтың ниеті мен оның
ниеттілік түсінігіне анықтама берудің қиындығы әр түрлі авторлардың
біркелкі түсінбегендігінен болып отыр. Ниет пен мақсат - психологиялық
феномендер болып табылатындықтан, психология ғылыми саласында қалыптасатын
түсініктерге сұйенуіміз керек, әрине, бұл жағдайда заң ғылыми пәнінің
ерекшелігін де ескере отырған жөн.[6] Бірақ, Бельгиялық психолог Ж.Нюттэн
айтып кеткендей, тіптен психологтардың өздері ниеттіліктің мінез-құлықты
түсіндірудегі алатын орнының қандай екендігі туралы мәселе шешілмеген.
Кейбір авторлардың пікірі бойынша ниеттілік түсінігі мұлдем артық және
ғайып болып кетуге жақын. Бірқатар психологтар мен социологтардың
еңбектерінде ниет туралы ол тұлғаның белсенділігінің, қайнар көзі және
бастамасы ретінде дамуының ережесі іспеттес делінген[7]. С.Т.Москичев: дәл
осы ниет категориясының адамдық мінез-құлықтың мәнін түсіндіруге арналған
басқа психологиялық түсініктердің арасында ең маңыздысы табылатынын атап
көрсетеді. Ниет белгілі бір мақсатқа бағытталған мінез-құлықты бідціретін
анагұрлым нақты ғана емес, сонымен қатар, неғұрлым қорытындыланған
компонент болып табылады.
Қылмыстық құқыққа қатысты А.А.Пионтковский мынандай анықтама береді: Ниет
бұл қылмыс жасауға тұлғаны итермелейтін кұш[8]. Біздің ойымызша ниет
тұлғаның белгілі бір әрекетті орындау батылдығын туындататын және басшылық
ететін ішкі қозғаушы кұш ретіндегі анықтамасы, тұлғалық мінез-құлықтың
механизміндегі ерекшеліктерді толығымен бейнелейтін құбылыс. Ниеттің
криминологиялық аспектісі біздің ойымызша К.Е.Игошевтің тұжырымында
анағұрлым толығырақ бейнеленген: "Қылмыстық мінез-құлықтың ниетті іс-
әрекеттің тікелей ішкі дәлелі болып табылатын және қылмыстық әрекеттің неге
бағытталатынына тұлғалық қатынасты бейнелейтін, әлеуметтік орта мен
тұлғаның өмірлік тәжірибесінің әсерінен қалыптасқан, тұртк болған кұш
ретінде анықтауға болады[9].
Әрине, ғылыми әдебиеттерде кездесетін осы және басқа да әрекетінің
ниетінің анықтамалары ниеттің мазмұнын толығымен жоққа шығармайды. Бірақ,
олар ниет адамның мінез-құлығы механизмінде орын алатын негізгі әрекетіне
ерекше көңіл бөледі және тұлғаның мінез-құлқының ниетпен байланысының әр
жақтылығын көрсетеді. К.Е.Игошевтің айтуынша: Қылмыстык ниет өзінің мазмұны
бойынша басқа да психологиялык құбылыстардың мазмұнының элементтеріне
сәйкес келеді, бірак олардан оның өзіндік ерекшелігі бар[10]. Ұлкен
криминологиялык маңызға қылмыстық мінез-құлықтағы ниет пен мақсаттың өзара
тығыз байланысының криминологиялық маңызы зор. Ниет пен мақсат іс-әрекеттің
әртүрлі жақтарын сипаттағанмен де, тек ниет пен мақсат арқылы ғана
қылмыстық мінез-құлық анықталады. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке
тәуелді, ал мақсат пайда болған ойды қалай жұзеге асыру керектігін
анықтайды. Криминология үшін ниет пен мақсатты айқындай және зерттей отырып
тұлғаның қоғамга жат ұстанымдарын анықтауға мұмкіндік беретін фактілерді
белгілеу маңызды болып табылады.
Қолайсыз өмірлік жағдай қылмыс жасаудың кілті ретінде ең алдымен адам
ниеті санасында бейнеленеді. Ниет ретінде санада бейнелене отырып нақты
жағдай субъект үшін қылмыс жасау мақсатын алға қоятын және ниетке жетудің
құралдарын анықтайтын мінез-құлықтың сыртқа шыққан көрінісі болады.
Қылмыстық ниет құқықтық маңызға тек қылмыскердің жеке басының,
психологиясының ерекшелігін, өмірінің нақты жағдайдарына байланысты пайда
болды.
Қылмыстық мінез-құлық мотивациясының түсінігі ниет сияқты анықталмаған.
Ғылыми әдебиеттерде ниеттіліктің кең де, тар да анықтамалары беріледі. Кең
мағынада мінез-құлықты мотивияция ретінде адам мінез-құлығының толығымен
анықталатын психологиялық мезеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Ниеттіліктің тар мағынасы анағұрлым кеңірек таралған. Оның негізінде
қылмыстық мінез-құлықтың генезисін негізгі ұш звеноға бөлу арқылы қылмыстық
мотивация, қылмыстық іс-әрекеттерді жоспарлау және қылмысты жұзеге асыру
және қоғамға қауіпті салдарының болуы қылмыстық мінез-құлық механизмі
белгіленеді. Бұл жағдай ниеттің пайда болу және қалыптасу процесі ретінде
немесе ниеттің (қажеттіліктің, мұдделердің, бағыттардың) жиынтығы ретінде
қарастырамыз[11]. Психологиялық әдебиеттерде ниеттілікті тұлғаның мінез-
құлығын барлық механизмін сипаттау үшін пайладанады. Мысалы, В.Г.Асеевтің
пікірінше: Ниет адамның мінез-құлыгының қозғаушы кұші, тұлғаның өзегі және
оның қалпын немесе сыртқы көрінісін құраушы жағы[12]. Д.Н.Узнадзенің
пікірінше адамының мінез-құлығын ниеттендіру теориясында ниеттілік мәні
адам өміріндегі негізгі және қалыптасқан бекітулерге сәйкес келетік іс-
әрекеттер[13]. Нерв жұйесінің немесе басқа да биологиялық жұйелердің туа
біткен қасиеті емес, ол қажеттіліктің өзара әрекеттеріне сәйкес сыртқы
жағдайлардың негізінде пайда болатын тұлғаның жағдайы болып табылады.
Д.Н.Узнадзенің мінез-құлықтың ниеттілігіне берілген анықтамасын бағалы деп
санап, Т.Г.Рахимов келесідей толықтыратын анықтама береді: Мінез-құлықтың
ниеттілігі өзекті қажеттілік тұрғысынан субъектіде қалыптасқан, оның
қажеттілігіне сәйкес келетін мінез-құлық тұрінің таңдап алынған
психологиялық көрінісі. Ниет тұлғаның өз мінез-құлығына деген ереьапе
қатынастарын білдіретін, тұлғаның қажеттілігі мен талаптарының жағдайының
детерминацияланған қалыптасуы[14]. В.Г.Асеев ниеттің мінез-құлықты қозғаушы
кұштер жұйесі ретінде баяндаған. Мінез-құлық әрекеті — психологиялық
категориялар. Бірақ, психологиялық ғылымдарда бұл түсініктер біркелкі
баяндалмайды. Кейбір авторлар мінез-құлықты әрекеттің бір тұрі ретінде, ал
басқалары әрекетті одан тыс кеңірек мағынада қарастырады. Мінез-құлық
тұлғаның өмір сұру тәсілі ретінде бейнеленеді. Әрекет түсінігі әр жақты. Ол
адамның белсенділігінің әртүрлі нысандарын қамтиды: материалдық,
интеллектуалды, рухани, сыртқы немесе ішкі. Осы жиынтық тұлганың
қасиеттерін шындыққа көзқарасын анықтайды. Ниеттілік іс-әрекетте нақты
жұзеге асырылады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше ниетсіз іс-әрекет — бұл ниеті
жоқ іс-әрекет емес, шынында ол субъективті және объективті жасырын ниеттері
бар іс-әрекет[15]. Әрекет әдетте, тек бір ниетпен ғана емес, ол ниеттің
жұйесі — яғни, тұлғаның мінез-құлық формасына тән (қарама-қайшы, өзгермелі,
қозғалмалы) ниет жиынтығы ретінде пайда болады. Осылайша, оның барлық
жұйелері тұлғаның келбетін бейнелейтін мәнді белгілердің жиынтығын
білдіреді. Криминология үшін маңызды мәселе тұлғаның қылмыстық мінез-құлық
ниеттілігінің қалыптасуының сыртқы әлеуметтік ортамен, қоғамның объективті
тарихта қалыптасқан шарттарымен тығыз және органикалық байланысы туралы
болып табылады. Олар бір-біріне әсер ете отырып бірігуді қалыптастырады.
Бұл кезде әрекеттің орта, яғни, объективті фактор болып табылатын алдыңғы
қатарлы жағы анықталады. Бірақ, тұлғаның мінез-құлықтың детерминациялайтын
ішкі факторларды ескермеуге болмайды. Қылмыстық мінез-құлықтың
мотивациясына сыртқы орта емес, ішкі жағдайлар — тұлғаның психикалық
қайшылықтары, оның көзқарастары және қажеттіліктері тікелей әсер етеді.
"Ниеттену— ол психика арқылы жұзеге асырылатын детерменация" деп жазды[16].
Қылмыстық мінез-құлықтың мотивациясын зерттеу тұлғаның психикасындағы сана
проблемаларын анықтаумен тығыз толық байланысты. Криминологияда сана
жөніндегі проблемалар толығымен қарастырылмайынша ниет ұғымын дұрыс
анықтауда қиындық туғызады. Қылмыстық мінез-қ\лықтъщ шижавдязии^даи. гааа
ролі кейбір мәселелері ғылыми әдебиеттерде жария көреді. Осылайша қылмыстық
мінез-құлық ниетінің пайда болуы, қ-ажшгасу тіродесі мен көрініс табуы
тікелей санамен байланысты. Көзқарастардың әртүрлілігіне қарамастан барлық
зерттеушілер мінез-құлық ниеті — нақты жағдайда сыртқы ортаның әсерінен
пайда болатын тұлғаның әртүрлі қажеттіліктермен, мұдделермен, сезімдермен
анықталатын қадам екендігін мойындайды. Ниетпен бірге белгілі бір мақсат
қалыптасады. Қоғамға қарсы әрекеттердің механизмін тереңірек зерттеу үшін
тұлғаның қажеттіліктері мен мінез-құлықты ниеттерін арасындағы байланысты
талдау қажет. Көптеген жағдайларда құқыққа қарсы мінез-құлық тұлғаның
ортамен қайшылығын туындатады. Мінез-құлық мақсаттарын қалыптастыру ісінде
қажеттілік зор маңызға ие болады және ол бағытталған мақсаттарда түсіну
үшін негіз болып табылады. Қажеттілік ниет ретінде тек саналы тұрде және
нақты бір мнез-құлықпен байланысқан кезде ғана көрініс табады[17].
Көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша заң бұзушылықтарға
төмендегілерге тән екендігі анықталады:
Әртүрлі қажеттіліктердің арасындағы тепе-тендіктің бұзылуы;
Қажеттілік пен мұдделердің жалпы қайшылығы;
Олардың өзара сәйкессіздігі;
Олардың қанағаттандыру тәсілдерінің құлықсыздығы.
Криминологтардың пікірінше тұлғаның тұрғылықты жері мен қылмыс деңгейі
тығыз байланысты. Алматы қаласы республикамыздың негізгі әлеуметтік-
экономикалық кұштердің жиынтығы болып табылады және бұл жерде әлеуметтік
дамудың негативтік және позитивті (жағымды және жағымсыз) құбылыстар анық
көрінеді. Алматыда жинақталған ішкі істердің негізгі кұштері мен қаражатына
қарамастан, қылмыс деңгейі басқа қалаларға қарағанда ең жоғарғы болып
есептеледі. Көшелерде, парктерде, басқа да қоғамдық орындарда да, ұйлерде,
пәтерлерде жасалатын қауіпті қылмыстардың саны өсіп келе жатыр.
Экономикалық-саяси дағдарыс адамдарды, әсіресе жастардың қалаға көшуге және
сонда қалуға мәжбұр етеді. Осындай ортада, мұліктік қылмыстар ұрлық, тонау,
автомашиналарды айдап кету және ұрлап кету және тұлғаларға қарсы кісі
өлтіру, зорлау, бұзақылық сияқты қылмыстар басымырақ болып келеді. Біздің
қылмыстың ниеттерін зерттеуіміз көрсеткендей қазіргі халықтың негізгі
бөлігінің әлеуметтік деңгейінің төмендеуі, сонымен қатар кұн көріс
қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесінің нашарлауы заңды бұзушылықтың
көзі болып отыр. Қылмыстық мінез-құлық мотивациясы динамикасының жастардың
өмірімен тұрақты тұрде байланысты болатындығын да атап өту керек. Жігіттер
мен жас өспірімдерге мысалы, көтеріңкі әсерленгіштік, ырықсыздық,
агрессивтілік тән, кейбіреулерінде қарама-қарсы белгілер "ұйлесіп кеткен"
көтеріңкі сезімталдық және қаталдық, тұрақсыздық және қыңырлық, бағалаудағы
кесімділік, дербестік көп кездеседі. Дәл осы жастар ортасынан салыстырмалы
тұрде ауыр зорлықты қылмыс жасайтын тұлғалар жиі шығады. Олар кейде
тұлгаларга қарсы өрескел, түсініксіз қатал қылмыстар жасайды (тіптен
психологтар үшін де), олардың көбісінің істейтін қылмыстары топтық сипатқа
ие. Олардың көпшілігі маскұнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа,
бұзақылыққа, азғындыққа бейім болып келеді. Осы ортадан агрессивті —
бағынбайтын азаматтар өсіп шығады. Осыған байланысты генезис қаталдыгын
арнайы зерттеген Л.Б.Филоновтың пікірінше қаталдық жағдайына жасөспірімдер
11-16 жас аралығына бейімделеді[18].
Криминологиялық зерттеулерде әртүрлі жастардағы тұлғалардың жасаған
қылмыстың ниеттілік ерекшелігіне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, жас
ерекшеліктері өздігінен қажеттіліктің, мұдделердің, тұлғаның қылмыстық
мінез-құлығының ниеті болып табылмайды. Әрине, жас мөлшерінің өзгеруімен
қатар тұлғаның әлеуметтік ортада, өзі де, оның қажеттілік мұдделері де,
сезімдері, дағдылары да өзгереді. Сонымен қатар, ниеттілік сыртқы және ішкі
жағдайларына да байланысты өзгереді. Г.М.Миньковскийдің пікірінше жас
ерекшеліктерін қылмыстық мінез-құлықтың пайда болып дамуындагы негізі
генезис факторы ретінде қарастыруга болмайды[19].
Кәмелетке толмагандар мен жастардың қылмыстық мінез-құлығының
қалыптасуының белгілі бір әлеуметтік-психологиялық жагдайымен де
ескеріледі. Ересек азаматтардың арасындағы қылмыстың интенсивтілігі
біртінтеп азаяды. Зорлау ниеттілігінің құрамы елеулі өзгереді, олармен
жасалатын ауыр қылмыстардың ұлесі азаяды. Олардың ішінде зорлықсыз
жасалатын қылмыстар басымырақ, ал көп жағдайда олар пайдақорлық қылмыстарды
жасайды. Жае ұлғайған сайын ересектер арасында кекшілдік және қызғаныш
ниеттері пайда болады. Сананың белгілі бір деңгейіне жету, өмірлік
тәжірибеге қарай және есеюге байланысты мінез-құлықтың өзі белгілі бір
қажеттілік пен мұдделердің жағымды өзгерістеріне қарай ауытқиды.
Криминологияда өмір салтының қалыптасуы да маңызды мәселе. Ғылыми
аппаратында "өмір салты" категориясын енгізу қылмыстық мінез-құлық
механизмін тану жолында алдыға бір қадам жасауға мұмкіндік береді, дәл осы
өмір салтында тұлға мен қоғамның барлық сан қырлы өзара қатынасы көрініс
береді. Өмір салты тіршілік әрекетінің объективті шарттары мен тұлғаның
қоршаған орта және оны құрайтын адамдардың өзара әрекеттерінің қалыптасқан
нысандарының жиынтық бірлігі. Іс-әрекеттің нысандары тікелей қоршаған орта,
тұрмыстық жағдай өмір салтын қалыптастырады. Сөз қолайсыз тұрғын ұй-
тұрмыстық қиындықтары туралы, жанұялық қатынастардағы анагурлым бейнеленген
қолайсыздықтар туралы болып отыр. Өмір салтындағы зорлықты қылмыс тұрінің
орын алуы көп жағдайда тұлғалардың осы категориясының кұнделікті өмір сұру
шартымен байланысты. Өмір салты адамның мінез-құлқының ниеттілігін құрайтын
нормаларды және тұтыныстарды бейнелейді. Осылайша, белгілі бір ниеттер
туындатушы маңызды шарттардың бірі сыртқы әлеуметтік орта болады. Сонымен
көрсетілген жағдайлар қылмыскерлердің өздерінің өмір салтымен және олардың
бұрынғы әлеуметтік жат мінез-құлығымен негізделеді. Бұгінде сыртқы ортаның
кез-келген криминогенді факторлардың көзі екендігінде ешкімнің кұмәні жоқ.
Мұндай қылмысты істердің біз жасаған талдауы мысалы, қасақана кісі өлтіру
мен денеге ауыр зақым келтіру қылмыстар бойынша жасалған 150 ұкімді
таңдамалы зерттеу олардың 50-нен көбі жанұялық тұрмыс саласына, ұштен
бірінен — туысқандар арасындағы қатынастарга келетінінін көрсетті. Осындай
қылмыстарды жасау кезінде негізгі ниет ретінде кек, қызғаныш, көре
алмаушылық, өш, реніш және басқа да тұлғалы — тұрмыстық
жақтырмаушылықтардың оянуы, сонымен қатар бұзықтық ниеттер көрінеді.
Криминогенді отбасылық жағдайдагы мінез-құлықтың ниеттілік процесі
қоғамдағы жанұялық қатынастардың нақты жағдайымен, әлеуметтік ортамен, онда
қалыптасқан жанұялық өмір нормаларымен, тұлғаның жанұядағы дәрежесімен
анықталады. Көптеген қылмыстық зорлықты әрекеттер мұдделерінің сәйкес
келмеуімен, қылмыскер мен жәбірленушінің көзқарастарының сәйкес келмеуі
арқылы негізделеді.
Аффект жагдайында жасалатын қылмыстың ниеті реніш, өз намысын қорғау, кек,
қызғаныш немесе басқа да көңілдік сезімдер тұріндегі ішкі сезімдік
қасіреттердің жиынтығы болып табылады. Аффектік әрекеттер қорқыныш, ашу
және т.б. қабаттасып жұреді. Осы себептің құрылымына кіретін барлық
сезімдер тең және олар қарастырылып отырған қылмыстардың жасалуының барлық
жағдайында біркелкі орын алады. Бұл қылмыскердің ниеттері толыгымен тек
жағымды сипатқа ие: ниеті, біріншіден, ол мемлекет және қоғаммен сыналатын
ниеттен туындайды: екіншіден, оның пайда болуы көп жағдайда оқиғаның арнайы
жагдайлармен және аффект күйімен шартталады.
Сонымен қылмыстық мінез-құлыққа тікелей және жанама қоршаған орта әсер
етеді. Қоғамға қарсы мінез-құлықтың тамыры тереңде, ол әлеуметтік
объективті аспектілермен тығыз байланысты.

1.2.Қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуындагы психиканың рөлі
Қылмыстық мінез-құлық пен қылмыстың атап айтқанда ниеті не болып табылады
деген сұрақ аса кұрделі сұрақтардың бірі.
Криминологтар әр түрлі кезеңдерде оған әр түрлі жауаптар да қайтарады[20].
Криминологияда ниетті сыртқы және ішкі мән-жайлардың, атап айтқанда,
әлеуметтік орта мен жеке адамның, объективтік және субъективтік
факторлардың өзара әрекеті ретінде түсіну неғұрлым кеңінен тарады.
Әлеуметтік орта адамның саналы әрекетіне қатысты бірінші болады және
әманда қажетті шарт ретінде қатысады, жеке адамның және мінез-құлықтың
бұдан тыс қалыптасуы мұмкін емес. Нақ осы мән-жайлар әлеуметтік ортаның
шешуші ролі туралы айтуға мұмкіндік береді. Әлеуметтік орта рөлін осы
тұрғыда ұғыну объективтік тұрде болатын мән-жайлар мен субъективтік
сипаттағы мән-жайлардың өзара әрекетінің мейлінше шектеулі маңызы болады
және жеке адамның қасиеттері емес, тек әлеуметтік орта гана адамның қоғамға
қарсы ұстанымдарының қалыптасуын немесе қалыптаспауын анықтайды[21].
Қазіргі кезде қылмыстық мінез-құлықтың ниеттерін түсіндіру жөнінде
"көпфакторлы" деп аталатын көзқарас та бар. Бұл ретте ниет деп болатын
салдардың қажеттілігі және жеткілікті шарттары, салдар орын алатын мән-
жайлардың жиынтығы ұғынылады[22]. Мысалы, Л.И.Спиридоновтың пікірі бойынша,
ғылыми зерттеуде "тәжірибеге негізделген деректер негізінде қоғамға қарсы
мінез-құлыққа қарсы ықпал ететін неғұрлым елеулі әлеуметтік және әлеуметтік-
психологиялық факторларды тану әрі көрсетілген факторларды олардың өзара
әсері мен өзара байланыстылыгында зерттеу керек"[23]. Нақ осындай
айқындаманы Б.С.Волков та қостайды. Ол былай деп жазады: "Нақты мінез-
құлықтың оебеп-салдарлық сипаттамасында міндет ниетті таңдауда, былайша
айтқанда, қоғамга қарсы ниеттері рөлін атқаратын, шешуші маңызы бар мән-
жайларды атап көрсетуге келіп саяды"[24]. Осыған ұқсас көзқарас
қылмыстардың (пайдакұнемдік, кұш қолдану, кәмелетке толмағандар және
т.с.с.) жекелеген түрлері ниеттерінің, қылмыстық мінез-құлыққа байланысты
мән-жайлар егжей-тегжейлі аталған кезде әлеуметтік өмірдің жекелеген
салаларында (тұрмысты, отбасын және т.б. қылмыстық зерттеу) орын алатын
қылмыстарды қарастыратын көптеген криминологтардың жұмыстарына сипатты
келеді. Қайсібір мән-жайлардың басқаларына ықпал ету тетігі біршама
дәрежеде белгілі бір салдардың сырттай ынталандыратын әсері болған кезде
назарға алынады. Мұндай әсер криминологияда тек табиғи кұш әсері ғана емес,
сонымен бірге психикалық әсер деп түсініледі[25].
Қарастырылып отырған көзқарас қылмыстардың, әсіресе, абайсызда жасалған
қылмыстардың жиі ретте жекелеген түрлеріне талдау жасау кезінде
пайдаланылады. Аталған жагдайда қылмыстық мінез-құлық тікелей ол жасалған
қолайсыз өмірлік жағдаймен, өзге де адамдардың әсерімен байланысты болады.
Мысалы, Г.М. Миньковский ересек қылмыскерлер тарапынан жасалатын
арандатушылықты "жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың тікелей ниеттерінің"
бірі деп атайды[26]. П.С.Дагель авиакөлік қылмыстарын жасаған кезде
көптеген жағдайларда қоғамдық қауіп салдары "субъектінің өзіне бағынышты
емес, оған байланысты емес факторлардың әсерімен анықталады" дейді.
А.М.Яковлев "Тек құқыққа қарсы мінез-құлықтың субъективтік байланыстылығы
туралы түсініктен бас тарта, оның объективтік өзара себеп-салдарларын
негізге ала отырып қана құқыққа қарсы мінез-құлықпен байланысты өзара
әрекеті нұсқасының нақты белгілері туралы айтуға болады" дейді[27]. Оның
пікірі бойынша мына мән-жайларға жеткілікті назар аударылмайды: объективтік
фактор қылмыстық мінез-құлыққа жанама тұрде — адамның қалыптасуы арқылы
ғана емес, сонымен бірге қылмыс жасаудың тиісті жағдайын анықтай отырып
тікелей ықпал етеді. Басқаша айтқанда, объективтік фактор тікелей сыртқы
итермелеу ролін атқара алады. Ол қылықтардың, оның ішінде қылмыстық
қылықтардың ниеттері деп әлеуметтік жат ниеттерді, қажеттіктерді,
нормаларды, дәстүрлерді, әдеттерді қалыптастыратын объективтік жағдайларды
есептейді.
Қарастырылып отырған айқындаманы негіздеуде субъект пен ортаны қылмыстық
мінез-құлқының ниеті туралы мәселеде қарсы қою болып табылатын
методологиялық қателік жатыр, сонымеь бірге, шын мәнінде әңгіме олардың
арасында пайда болатыь байланыстар мен тәуелділіктер туралы болуға тиіс,
өйткені адамныь жеке басы объективтік шындықтан тыс бола алмайды. Қазірг
уақытта мынадай неғұрлым кеңінен тараған тұжырымдама бар соған сәйкес
қылмыстық мінез-құлықтың анықтауыштары дег объективтік, сондай-ақ
субъективтік факторлар танылады В.Н.Кудрявцевтің пікірі бойынша, қылмыстың
тікелей ниеті дег психологиялық ерекшеліктер мен сыртқы ортаның өзара
әрекет нәтижесінде жеке адамның имандылық жағынан қолайсы: қалыптасуын,
сондай-ақ жеке тұлға мен адам қылмыс жасар алдында тікелей болатын нақты
өмірлік жағдайдың өзара әрекетіи есептеген жөн. Объективтік тұрде болатын,
оның ішінде. әлеуметтік-психологиялық факторларды қоса алғанда.
экономикалық сипаттағы ниеттер көптеген басқа ниеттер арқылы әрекет
етеді[28]. Бірде-бір қылмысты жасайтын жеке адамнын ерекшелігін теріске
шығара отырып, тек әлеуметтік ниеттермеи ғана дұрыс түсіндіру мұмкін
болмайды. Мұндай түсіндір} қылмыскерлерді жеке-дара "іріктеуге", белгілді
бір әлеуметтік топтардағы әлеуметтік ниеттер әрекетін тандап алуға
мұмкіндік бермейді, яғни "неліктен нақ осы адам қылмыс жасаган?", "неліктен
нақ осы адамға қылмыс жасауға итермелеген әлеуметтік ниеттер әсер еткен?"
деген сұрақтарға жауап беруге мұмкіндік туғызбайды. Қылмыс барлық уақытта
мінез-құлықтағы қажеттіліктердің, мұдделердің, құндылық бағдарларыньш
ұйлесімсіздіктерімен немесе бұзылуларымен байланысты жеке басының
айқындамасы мен жеке адам қасиеттері ерекшеліктерінін көрінуі. Өз кезігінде
жеке адамның қылмыстық ерекшеліктері дайын күйінде пайда болмады, қайта,
әдетте, қолайсыз ортадағы оның бұрыс дамуының ұзақ процесінің нәтижесі
болып табылады. Және де осы процестің өзі тек тікелей ғана емес, сонымен
бірге кері байланыс жұйесі арқылы дамиды. Жеке адамның әлеуметтік-келеңсіз
айқындамасымен бірге қалыптасуына қарай ол барган сайын қылмыстық
қылықтарды белсінді тұрде меңгереді, сөйтіп әлеуметтік кері бейімделуді
тереңдете тұседі. Біз ниет деп әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен
процестерді жеткілікті негізде танитын айқындамымен де келісеміз, ал ол
объективтік ниеттерді мінез-құлық жағдайларының қатарына жатқызады. Мысалы,
Н.Ф.Кузнецова былай деп жазады: "...қылмыстың ниетттеріне қоғамдық сананың
әр түрлі деңгейлеріндегі экономикалық, саяси, құқықтық элементтері бар
әлеуметтік-психологиялық анықтауыштарды да жатқызған жөн"[29]. Ол қылмыстық
мінез-құлыққа қылмыстық жағдай мен жеке адамның имандылық жағынан қалыптасу
шартын жатқызады. Осы айқындаманы А.Ратиннов та ұстанады, ол былай деп
көрсетеді: "Қылмыскерлер мінез-құлқының тікелей ниеттері мен көздері әр
уақытта да қылмыс жасаған адамның жеке басында болады... сыртқы мән-жайлар,
егер олар адам әрекетінің ішкі айқындауышына айналмайтын болса, ешқандай да
құқыққа қарсы әрекеттің айқындаушы ниеттері бола алмайды"[30]. Н.А.Стручков
былай деп дұрыс атап көрсетеді: тікелей ниеттерді сана саласынан
іздестірген жөн, өйткені "адам әрекетін туғызатын итермелеуші кұштің бәрі
оның миы арқылы өтуге тиіс, оның еркінің қоздырушысына айналуға тиіс"[31].
Жеке адамның әлеуметтік ортада қалыптасатын қоғамға жат қадір-қасиеттеріне
жататын көптеген мәселелерде көзқарастардың бірлігі болмайды: аса маңызды
мәселелердің бірі — нақты қылмыстарды туғызатын ниеттердің тізбегінде
субъективтік факторлардың алатын орыны ашық мәселе болып қалып отыр. Нақты
қылмыстарды туғызатын субъективтік факторларды қарауға ғалымдар әр түрлі
тұрғыдағы көзқарас білдіреді. АА.Герцензон нақты қылмыстардың тікелей
ниеттерін ұш топқа: материалдық, идеологиялық, және әлеуметтік-
психологиялық топтарға бөлінеді[32]. Ол қылмыскердің психологиялық
сипаттамасын — олардың зиянкерлік және моральдық дәрежесін, құқықтық
санасын, мінез-құлық ниеттерін зерттеудің маңыздылығын атап көрсетеді[33].
Қылмыскердің психологиялық мінездемесін, әсіресе оны дәлелдеуді зерттеудің
қажеттілігін басқа авторлар да атап көрсетеді[34].
Адам өзінің мінез-құлқын реттеу қабілетінің арқасында қоғамдық өмірдің
барлық жақтары мен процестері өзіне психологиялық кезді қамтиды. Адам
қылықтарының сыртқы әсерлермен өзара себеп-саддарлығы жеке адамның
шығармашылық белсенділігін, ерік жігерінің біршама еркіндігін жоққа
шығармайды және олар қылықтардың алдын-ала тура айқындалуын білдірмейді.
Сонымен бірге сыртқа да, ішкі де жағдайлар өздігінен әсер ету тиімділігін
де алдын-ала анықтамайды, өйткені ол "әсер етудің өзінің ғана емес, сонымен
бірге оны қабылдау жағдайларының сипатына да" байланысты болады[35]. Кұш
қолдану (оның ішінде тұрмыстық) қылмысын, қылмыстың қайталануын, кәмелетке
толмағандардың қылмыстарын, абайсызда қылмыс жасауды дұрыс түсіндіру
әлеуметтік-биологиялық және әлеуметтік-психологиялық проблематиканы
зерттеумен байланысты болады. Кеңестік криминологияда бұрынғы кезде қылмыс
пен нақты қылмыстар анықтаушы жұйесіндегі биологиялық факторларды қайта
бағалаумен, сондай-ақ теріске шығарумен байланысты қателіктер кеқінен
тадащщ..
Қылмыстылық өзінің шығу тегі, мазмұны, тағдыры жағынан әлеуметтік сипатта
болады[36]. Қылмысты, тіпті сөз жұзінде әлеуметтік проблемаларға артықшылық
бере отырып, әлеуметік, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан қарастыруға
ұмтылушылық сиыспайтын құбылыстарды біріктіруге және сайып келгенде
қоғамдық құбылыстарға биологиялық сипат беруге әкеп соқтырады.
Н.П.Дубининнің, И.И.Карпецтің және В.Н.Кудрявцевтің мына пікірлері бұтіндей
дұрыс болып табылады: психикалық ауытқу қылмыстың ниеттері емес, шарттары
ретінде көрінеді және бәрінен де жиі ретте кұш қолдану мен бейімделуін
бұзатын ауытқуларына жатады[37]. Ю.М.Антонян мен С.В.Бородин былай деп
ойлайды: психиканың ауытқулары (ниет емес, шарт ретінде) қылмыстық
әрекеттері фактісі мен олардың тұріне ықпал етеді[38]. Осы авторлар тағы да
былай деп пайымдайды: қылмыстың айқындаушылары арасынан психикалық
ауытқулардың орнын шынайы түсіну әлеуметтік және биологиялық ара қатынас
мәнісінде соншалықты мұмкін болса, психологиялық мәнісінде де соншалықты
мұмкін болады[39].
Қылмыстық мінез-құлықтың шығу тегіндегі адамның биологиялық және
психологиялық ерекшеліктері мен рөлі ескерілетін ғалымдардың пікірлері
дұрыс болып табылады. Осы ерекшеліктердің зиян келтіру рөлін, оның ішінде
қызу қандылығы мен мінезін теріске шығару іс жұзінде қылмыс ниеті болып
табылатын қажетті жағдайлар жиынтығынан қылмыскердің жеке басының
психологиялық негіздерін алып тастауға әкеп соғады. Мысалы, Г.Г.Зуйков
былай деп көрсетеді: "қылмыс жасаган адамның мінезі мен қызуқандылығының
ерекшеліктеріне олардың қылмыстың ниеті болғандықтан ғана емес, қайта осы
ерекшеліктерді білу нақ осы адамның неліктен қылмыс жасағанын және
адамдардың психикалық қасиеттері қылмыс жасауға жәрдемдесетінін анықтауға
мұмкіндік беретіндіктен де назарға алынуға тиіс..."[40] Мұндай пайымдау
қарсылық туғызады. Ол қисынға келмейді.
Өте кұрделі бір мәселеге — қылмыстық мінез-құлықтағы саналылық пен
санасыздықтың ара қатынасы мен өзара байланысы туралы мәселеге жұгініп
көрелік. Санасыздық мінез-құлық өмір салты мен мінез-құлыққа көп әсер
етеді, олардың ниеттерініь қалыптасуына белсенді тұрде қатысады.
В.С.Ротенбергтің пікірі бойынша, мыналай теориялык қағиданы негізге алады:
санасыз психикалық мінез-құлықтың әр түрлі нысандары санасыз психикалық
мінез-құлық пен сананын ара қатынасының әр түрлі нұсқалары болып
табылады[41]. Санасыз психикалық мінез-құлық туралы сананың дамуы кезінде
сөз болады. Сол арқылы санасыздық психикалық мінез-құлык дегеніміз
пихиканың ертеректегі саласының (яғни жануарлар мен жас балаларға тән
психикалық бейнелеу процесіндегі сананын болмауы) келеңсіз анықтамасы ғана
емес, қайта ол тек қана санамен қатар және онымен тығыз байланысты болатын
психикалық бейнелеудің адамға тән нысаны болып табылады.
Мінез-құлықтың ғылыми себеп-салдар ілімі тұрғысынан адамның мінез-құлқы
сыртқы факторлармен тура және тікелей емес, керісінше оның санасы мен еркі
арқылы ұғынылады және сонда өзгеріске ұшырай отырып анықталады. "Адамдарды
қозғалысқа келтіретіннің бәрі олардың миы арқылы өтуі тиіс,- деп жазды
К.Маркс,- бірақ оның осы мида қандай тұрге енетіні мейлінше көп дәрежеде
мән-жайларға байланысты болады"[42]. Мысалы, жәбірленушінің заңсыз
әрекеттерінен туъшдайтъш жан күйзелісі жай уақытта пайда болган
қажеттіліктерді ұгынуды ұғынудан өзгеше болады.
С.Л.Рубинштейн былай деп атап көрсетті: жан күйзелісі жай-күйі саналы
қызметтің кідіруіне, өзін бақылаудың бұзылуында, демек, шешімдер қабылдауда
көрініс табады, өйткені "ниеттер мен мақсаттарда пайда болатын сана мінез-
құлықтың мазмұнын өзгерте отырып, оның қоғамдық қаупін жеке-даралайды"[43].
Әлеуметтік-психологиялық процестер — бұл әр уақытта сананың гікелей қатысуы
жағдайында болатын процестер, сана "бір жағынан, болмыстың қызметі болып
табылады, ал екінші жағынан - адам қызметін реттеуші міндетін
атқарады"[44].
Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны жағынан адам-мінез-құлқының
айрықша ерекшелігі басқа құбылыстардан оның мақсатты бағытымен, таңдау
сипатының тән болуымен өзгешеленеді. Адам — әлеуметтік тіршілік иесі. Оның
қызметі сана мен еркінің, сондай-ақ ниеттерінің, мақсаттарының, сезімдері
мен сезімдік билеулерінің болуымен сипатталады, олар адам қызметі
әрекетінің кез-келген міндетті құрамды бөліктері болып табылады. Мән-
жайларға қарай мінез-құлықты тандап алу қажеттілігі алдында адам өзінің
болашақ әрекеттерінің және олардың тұпкі нәтижесінің әлеуметтік сипатын,
бағытын санамен қамтиды, бұл орайда өзінің жадынан өткендегі тәжірибені
алып, оны осы жағдаймен өлшеп салыстырады. Психология ерік ұғымын адамның
өзінің қызметін өзі реттеуімен байланыстырады. Еріктің пайда болуы — бұл
бірыңғай процесс, онда ниет, сана, ерік пен басқа да психологиялық белгілер
бірлікте және өзара байланыста қатысады. Бұл кез-келген адамынң мінез-
құлқына, оның ішінде заңға қарсы мінез-құлыққа да сипатты болады, өйткені
"ерік белсенділігінің жай-күйі әр уақытта кез-келген ойластырылған қызмет
жағдайында болады"[45]. Сана еріктен ажьірағысыз болады және накты еріктің
паддя болұынак тыа абсзі^кіьідьі-ті^^щ, өміс^ сі^^, здушзда^ ^вэи^ сұрмейщ
де, (жжент' г^ (қ&щщхг дң бгр дэрежеде ұгынылатын саналы әрекет қана
ерікті әрекеттер болуы мұмкін. Сөйтіп, ерік ақылға сыйымды белсенділік
бола отырып, мінез-құлық нұсқасын • таңцап алуға тікелей қатысады. Сана
арқылы айқындала отырып, срік саналы, мақсатты әрекеттерді реттеуші рөлінде
қатысады.
Сананың аса маңызды анықтаушылық рөліне әлеуметтік және * жалпы
психологтар, ешқашан да кұмән туғызған емес. Мысалы, К.К.Платонов мынаны
атап көрсетеді: "Бейнеленетін және бейнеленген нәрсе арасында бейнелейтін
жұйені көруге болады деуге барлық негіздер бар. Нақты осы жұйе бірдей
бейнеленген кездегі әр алуан бейнені анықтайды"[46]. Психология кез-келген
мінез-құлық әрекетін адам мінез-құлқының әлеуметтік бақылау деңгейінде
мақсаттылығы, басқарылуы белгілерімен байланыстырады, бұл кезде
психологиялық процестер сананың ең жоғары деңгейінде жұзеге асырылады, ал
кез-келген жагдайдағы әрекеттер туралы қабылданған шешім ойға алған
міндеттерді шешу болып табылады. Мақсаттылық — кез-келген адам қызметінің
ерекше белгісі. Адам қандай да бір әрекет жасамас бұрын осы әрекеттің
көмегімен қол жеткізуге ұмтылатын мақсатты
әрекет те болып табылады, бірақ оның мінез-құлқы әр алуан хаЕда&йа^да. й,
йдажика. жж^-да£?І ^анаіси. даж^йнын, шгаАұнй тлеа деңгейіне байланысты
болады. Талғаулылық — мінез-құлықтың негізгі қасиеті, оның аса сипатты
белгісі. Бұл қасиетке адамның кез-келген мінез-құлқы, оның ішінде заңға
қарсы мінез-құлық та ие болады. Мінез-құлықты талғай отырып, адам моралдық
және құқықтық нормаларда айтылатын өзінің қажеттіліктері мен мұдделерін,
қоғамдық талаптарын қанағаттандыру мұмкіндіктерін ескереді, бірақ ол өзінің
жеке-даралық қасиеттерінің нұсқауымен шешіп, әрекет етеді[47].
Адам — ерікті жеке тұлға. Жеке басының бостандығы өзінің еркіне, өзінің
қалауына қарай қылық, әрекет жасауы мұмкіндігінен көрінеді. Сана адамның
психикалық қызметін бақылайды. Оның әрбір қылығынан, оның ішінде қоғамға
жат қылығынан біз санасы бар мақсатты ойлайтын субъектінің мінез-құлқын
көреміз. Адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқындағы сезім билеуі мен
ұтымдық көріністері бірлікте болады. Адамның мінез-құлқындағы сезімдік және
ерік сәттерінің ара қатынасынан, онығ әрқайсысының адамның психикалық
қызметіне қандай рөі атқаруынан, сайып келгенде оның мінез-құлықтың
қайсібі^ нұсқаларын таңдап алу батылдығы байланысты болады. Бірак сезш
билеулерінің ерекшелігінің мәне сыртқы ортаның ықпалынаь белгілі бір
дербестікте, тәуелсіздікте болуы деп есептеледі. "Сезііу билеулерін тек
сыртқы әсер ғана емес,- деп жазады В.С.Дерябин,-сонымен бірге керісінше
сезім билеулері уақытша байланысы ба^ ойлау байламдарының барысына ықпал
етіп, осы байламдардь: туғызады"[48}. Демек, сезім билеулері адамның санасы
мен еркіш ғана емес, сонымен бірге адамның қайсібір қылықтар жаса
батылдығын ынталандыруға, мінез-құлық ниетін қалыптастыруғс бағыт беруге
ықпал етеді, сезім билеулері адамның мінез-құлқыш саналы тұрде ықпал ететін
мейлінше тұрақты, қауырт сезш билеулерінің жай-күйінің, жан күйзелісі
әрекеттерінің нысанына ие болуы мұмкін. Қылмыстық мінез-құлықтың шығу
тегіндегі құқыққа қарсы мінез-құлық пен сезім билеуі процестерінің ниетті
туғызушы негізі ретінде қажеттіліктер байланысының кұшті болатыны соншалық,
сезімдер, сезім билеу жай-күйлері мен сезш ниет туғызушы міндетін де
атқарады[49]. Адамның мінез-құлқындағы сезім билеулері әлеуметтік сезім
күйлерімен қоса жұретіндіктен, соңғылары тікелей адамның психикалык
қызметімен астасады, ол мінез-құлықты дәлелдеу мен мінез-құлықтың тиісті
нұсқасын таңдауға шешуші ықпал етеді.
Кейбір қылмыстардың істелу негізіндегі сезімдік процестердін маңызды рөлін
ескере отырып, заң шығарушы қылмыстық заңға жауапкершілікті жеңілдететін
мән-жайлар ретінде жәбірленушінін заңсыз әрекеттерінен туындайтын кұшті жан
күйзелісі ұғымьш енгізді (ҚР ҚК-нің 38-бабының 5-тармағы). Жан күйзелісі
нақты психологиялық ұғым болып табылады. Бұл "жәбірленуші тарапынан кұш
қолданумен немесе ауыр қорлаумен туындайтын ашулы өтетін сезім билеуі
әрекеті" (ҚР ҚК-нің 104 және 110-баптары). Т.Г.Шавгулидзенің дұрыс атап
көрсеткеніндей, жан күйзелісі "қиналыстың қатерлі нұктесі" болып
табылады[50]. "Жан күйзелісі кезінде сезімдік қызыну,- деп жазды
С.Л.Рубинштейн,-осы күйдің қозушы күшіне тікелей қол жеткізе отырып, оны
реттеудің қальшты жолдарын бұзып жіберуі мұмкін"[51].
Жан күйзелісінің пихлогиялық сипаттамасын және осы жай-күйдегі ерік мінез-
құлқының ерекшеліктеріне талдау жасай келіп, Б.В.Сидоров мынадай
қорытындыгы келеді: біріншіден, жан күйзелісі әрекеттері, сондай-ақ олардан
бұрынғы және олармен қоса жұретін психикалық қызмет ұғыну деңгейінде өтеді
және жан қиналуының қатерлі нұктесіне жақындай тұсуіне қарай ырықсыздық
ұрдісін ала отырып, оның ерікті сипаты болады екіншіден, жан күйзелісі жай-
күйінде ұғыну саласы недәуір тарылс тұседі және сана-ерік арқылы бақылау
нашарлайды, дегенмен де "жан күйзелісі қандай кұшті болғанымен де, біз
өзімізді әнтек әрекеттер жасаудан тежей аламыз"; үшіншіден, жан
күйзелісінде объективтік болмысты тұтастай қабылдау бұзылады, жеке адам
ендігі жерде біртұтас күйде бола алмайды, сондықтан субъектінін жан
күйзелісі әрекетінің осы әсерге сырттай әсері барабар және тұтастай ол үшін
тәнті сипаты болмайды, алайда мұның өзі тіпті қиын жағдайларда да еркін
таңдау мен мұмкіндікті, К.Маркстің сөзімен айтқанда, "өзінің шынайы жеке-
даралығын көрсету мұмкіндігін теріске шығармайды; төртіншіден, "жан
күйзелісінің сыртқы сылтауға әрекетінің мейлінше жеке бастық, көбінде
әлеуметтік сипаты болады және жан күйзелісі жағдайындағы психикалық
қызметінде "сана олқылықтары" қалай болғанда да тәжірибедегі жанама,
жекелеген, жоғары жұйке қызметінің ұғынылмаған нысандары есебінен санамен
толығады, соның нәтижесінде тұтастай алғанда адамның саналы-ерікті
әрекеттеріне автоматтандырылған қозғалыстар сипатын бере отырып, мінез-
құлықтың бастапқы нысандарының рөлі айтарлықтай артады[52]. Сондықтан
кейбір ғалымдардың пікірін мына тұрғыда қате деп таныған жөн: бұл пікірге
сәйкес аса масаңдық пен кұшті жан күйзелісі күйіндегі қоғамдық қауіпті
мінез-кұлық дегеніміз санасыз әрекеттің салдары болып табылады. Мыналарды
айыра білу керек: біріншіден, қоғамдық қауіпті қылықтар жасауын, олардың
шынайы ниет етулерінің көздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кінә нысандары
Кінә дәрежесі ұғымын зерттеу
Экологиялық зиян ұғымы
Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыс
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының элементтері және белгілері
Қылмыстың белгілері. Қылмыс ұғымы
Қылмыс субъектісі туралы
Қылмыстың ұғымы және белгілері
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР - дың
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Пәндер